Хаттама №1 Жетіген ауылы №11 орта мектеп 2 «б» сыныбында өткізілген жалпы ата-аналар жиналысының хаттамасы



Дата08.09.2017
өлшемі83,28 Kb.
#30644
Хаттама №1

Жетіген ауылы № 11 орта мектеп 2 «б» сыныбында өткізілген жалпы ата-аналар жиналысының хаттамасы.

Жалпы ата-аналар саны – 28

Қатысқаны – 26

Қатыспағаны – 1

Себептісі – 1

І.Ұйымдасыру.

Қаралған мәселелер:

1.     Баяндама . Баланың басты ұстазы ата –ана.

2.    Жаңа оқу жылының басталуы. Ата-аналар комитетін сайлау.

3.     Ағымдағы мәселелер.

1-    Мәселе


  1. Баяндама « Баланың басты ұстазы ата –ана» .

Жас ұрпақ біздің өміріміздің тікелей жалғастырушы ғана емес, еліміздің тірегі, мызғымас болашағы. Адамзаттың өмірдегі ең қымбаттысы, көз қуанышы – бала. Бала – дербес тұлға. Оның бойындағы табиғи қасиеттер, адамгершілік құндылықтары отбасында, мектепте, әлеуметтік ортада нәрленеді. Баланың бас ұстазы – ата – анасы. Тәрбие үрдісінің бір тарауы отбасымен жұмыс десек, отбасынан басталатын тәрбие мектеп өмірінен жалғасын табады. Қазақтың отбасында өмірге келген әр бала ес біліп, етек жыйғанша, негізінен әке мен ананың тәрбиесінде болады. Бүгінгі мақсат - әрбір бала түбегейлі біліммен мәдениеттің негіздерін білу және олардың жан - жақты дамуына ата - ана, мектеп жағдай жасауы керек.

Сондықтан сіздерге балаларыңыздың мектептен барлық мүмкіндіктерді пайдаланып білім алу мен тәрбие жұмыстарына қатыстырып өзін - өзі басқаратын азамат болуына ат салысу қажет.
Бала тәрбиесі отбасынан басталады. Мектепке келгеннен кейін ол мінез отбасында қалыптасқан тәрбие одан әрі жалғасады. Бір тәуліктің яғни 24 сағаттың 5 сағаты мектепте, қалғаны тәрбие ордасы, үнемі ата - ана болып қала береді. Баланың сабаққа саналы қарап озат оқушы болып өсуі, ол мұғалім мен ата - ананың бірігіп өсірген жеміс ағашы, немесе ұшқыр ұшақ жасаумен тең десем артық емес. Дұрыс өспеген жеміс ағашы, дұрыс жеміс бермесе қуануға бола ма?

Топтық тапсырма:

1-топ:  Жеке тұлға деген кім?

2- топ: Жеке тұлға қалыптастыруда мұғалімнің рөлі қандай?

3- топ. Жеке тұлға қалыптастыруда ата-ананың рөлі қандай?

деген сұрақтарға ой бөлісіп, постер құрастырады. Тұжырымды ойларын ортаға салады.

Ендеше психологиялық - педагогикалық тұрғыдан берілетін төмендегі кеңеске құлақ түріңіз:
1. Таңертең (не түсте) сабаққа барарында баланы жайлап қана оятыңыз. Сіздің биязы үніңіз бен күлкіңіз - ақ ұйқысын ашуы тиіс. Кешегі бір теріс қылықтарын айтып, басқа түкке тұрмайтын нәрсеге жүйкесін жұқартпаңыз. Тамағын ішпей жатып ұрыс - керіс ұйымдастырмаңыз.

2. Егер балаңыз сабақтан кешігетіндей болып жатса, онда «Бол да болдың!» астына алып айғайламаңыз. Оны ертерек оятпаған өзіңіз кінәлісіз.
3. Баланы сабаққа (әсіресе таңертен) ашқұрсақ жібермеңіз;
4. «Бұзық болма!», «Қисалаңдамай тыныш жүр!», «Бүгін 2 алсаң құртамын!» деген ескертулерді жиі айта бермеңіз. Керісінше, оған жылу сыйлап, жақсы баға алып келуіне тілектестік білдіріңіз;
5. Есіктен кірмей жатып, «Бүгін қандай баға алдың?» деп бас салып балыңызды сұрақтың астына алмаңыз. Мектептен келген балаңызды көңілді қарсы алыңыз, оның сабақтан шаршап келгенін ескеріңіз. Егер бала әлденеге ренжіп келсе, бірдеңені айтпақшы болса, «сені тындауға уақытым жоқ» демей, арнайы көңіл бөліп, мұқият тыңдаңыз;
6. Бала бірдеңеге ашуланып жүрсе, үндемеңіз. Сабасына түскен соң, ол болған жайды өзі - ақ айтады;
7. Баланың бір қылығы үшін мұғалім сізді шақыртып алса, өзара әңгімеге баланы қатыстырмаңыз;
2-мәселе:   Ата-аналар комитетін сайлау.

3- мәселе: Ағымдағы мәселер

а) Сабақтан себепсіз қалмау,қалған жағдайда анықтама әкелу.

ә) дене шынықтыру киімін өздерімен алып келу

б)форма міндетті түрде киеді,ақ бантик ,қара туфли , т.б

в) Мектеп мүлкін бүлдірмеу.Г) Оқу -құралдарын таза ұстау .

Д) Қауіпсіздік шарасы бойынша ата –ана тарапын жауапкершіліктерімен таныстыру



Қаулысы:

1.    «Баланың басты ұстазы ата –ана» атты баяндама тыңдалды.



2.      Ата-аналар комитеті төмендегі құрамда сайланды.Басшысы : Уалбекова Мадина Көмекшілері: Мұсахметова Толқын, Алияскарова Нұршаш,Кахарманова Арай.Хатшысы Мұсахметова Толқын

Ағымдағы мәселелер бойынша ата-аналар тарапынан қарсылықтар болған жоқ.

ІІ Қорытынды .  Бүгінгі көтерілген   мәселелер бойынша бірауыздан қабылданып ,барлығы тарапынан ризашылық білдірілді.

Хатшы : Мұсахметова Т

Ата-аналар жиналысының хаттамасы №2
2016-2017 оқу жылының _2016жылдың_14 қараша күні, 2 «б» сыныбында ата-аналар жиналысы өтті.
Жиналысқа қатысуға тиісті: 26...
Қатысқаны – 20
Қатыспағаны – 6
Себептісі – 6
Сынып жетекшісі: Есжан А.М

Тақырыбы: І- тоқсан білім көрсеткіштері


Мақсаты:1. Ата - ананың өмірге деген көзқарасын өзгерту.
2. Ата - аналарды балаларға жауапкершілікпен қарауға шақыру.
3. Баланың бүгінгі істеген қадамы ертеңгі тұлға ретінде қалыптасуына үлкен әсер ететінін атап өту.
Міндеті:
1. Балаларды адамгершілікке тәрбиелеудегі ата - ананың жауапкершілігі.
2. Мектепте ата - ананың оқу - тәрбие саласындағы рөлі.
3. Алдағы уақытта оқушыларды тәрбиелеуде мұғалім мен ата - ананың бірігіп жұмыс жасауы.
Әдіс - тәсілдер: Пікірлесу, сұрақ – жауап

Күн тәртібінде:


1.Баяндама « Құқық бұзушылықтың алдын алу»
2.Екінші оқу тоқсанының қорытындысы
3. Ағылшын тілі пәні оқулығы мен тапсырмалар деңгейі
Магамбетова Дина ,
Жиналыс барысы
1. Кіріспе:
2. Жиналыс мақсатын айту
Кіріспе сөз. Мұғалім:
Ардақты ата - аналар! Жел бесіктен, жер бесікке дейінгі адам өміріндегі тәрбиенің ұйытқысы ата - ана мен мектеп. Болашақ десек те, келешек десе де бала - ұрпақ деген мағынаны білдіреді.
Адамның өзге тіршілік иесінен айырмашылығы – дүниеге перзент әкелген соң, оның болашағын ойлау, адам етіп тәрбиелеу.
Бала тәрбиесі – бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның мемлекеттік абыройлы міндеті. Кезінде Әл Фараби бабамыз «Ғылым емес, ең алдымен тәрбиеге көңіл бөлу керек, тәрбиесіз адамға ғылым баянды болмайды» - демеп пе еді. Осыған орай бүкіл ата - ана тәрбиеге бет бұруы керек. Ұрпақ тәрбиесіне мүдделі екендігін ата - аналар іс - жүзінде дәлелдеп отырулары тиіс. Міне осындай ынтымақ бірлігінде ғана ойдағыдай нәтиже берері ақиқат.
3. Қызығушылығын ояту.

Ата - аналар бір біріне жүрекше сыйлау арқылы ыстық лебізін білдіреді.


4. Баяндама. «Құқық бұзушылықтың алдын алу»
Құрметті ата - аналар ұлтымыздың қанындағы ізеттілік – дөрекілікке, қайырымдылық - қатыгездікке, жомарттық - тоғышарлыққа, адалдық - арамдыққа, парасаттылық - парықсыздыққа ауыспасын деген үлкен үміт тұр.
Өмірдің өтпелі қиын кезеңінде ұл - қыздарымыздың саналы тәрбие мен нақты білім алуларына күш салайық. Балаға жауапкершілікпен қарап, оқыту мен адамгершілікке тәрбиелеуде отбасының басым рөлін мойындап, бірлесе, ынтымақтаса әрекет етуіміз қажет деп ойлаймын

2-мәселе бойынша екінші оқу тоқсанының қорытындысы


бірінші оқу тоқсанының қорытындысы бойынша сапа 72%



















Үздіктер _12 Қызы_5




























Айтбек Айназ, Қалмет Парасат,







Бахтиярұлы Мұхамеджан, Белгібаева Айна




,Найманғазы Олжас, Бимырза Шерхан







Шынуарбек Нұршат ,Мананкова Дарья, Чаймұрат Дарын

Шарахмед Жансая, Шыныбаев Әділет,Қосан Мұхамед



















Оқу екпінділері 8 қызы -5






















Анияр Жәдігер Карлеутова Айзада, Бидайбек Дархан

Қалибек Амина,Ақан Жанерке










Ерғосай Аружан, Оразбек Аружан







Қызайбай Нұрдаулет










Үштіктер 8

қызы -3




























Асанұлы Айқын,Қахарманова Талшын, Қайратұлы




Елжас, Абиш Назерке










Қосан Мұхамед,Оразбай Арайлым







Шаймардан Бауыржан Құмар Ұлан

























3 -мәселе бойынша ағылшын тілі пәні оқулығы мен тапсырмалар деңгейі туралы ағылшын тілі пәні мұғалімдері Магамбетова Д.Б ата-аналар сұрақтарын тыңдап , түсіндірме жұмысын жүргізді.
Қаулы :
Ата-аналар жиналысы төмендегідей қаулы қабылдады:
1. «Құқық бұзушылықтың алдын алу» атты баяндама тыңдалды.
2. бірінші оқу тоқсанының қорытындысы бойынша табельдерге қол қойылып,балалардың сабағын үздіксіз қадағалау .
3. Ағылшын тілі пәні оқулығы мен тапсырмалар деңгейі таныстырылды
Сынып жетекші Есжан А.М
Ата-аналар жиналысының төрайымы: Уалбекова М
Ата-аналар жиналысының хатшысы: Мұсахметова

Ата-аналар жиналысының хаттамасы № 3

2012-2013 оқу жылының 2014жылдың_18 қаңтар күні, ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын техникалық гимназияның 2 «б» сыныбында өтті.
Жиналысқа қатысуға тиісті: ...30...
Қатысқаны – 26
Қатыспағаны – 4
Себептісі – 3
Сынып жетекшісі: ШахшаеваЛ.Н.
Тақырыбы
« Отбасындағы сыйластық - әдептілік бастауы»
Мақсаты:
1. Ата - аналарды балаларға жауапкершілікпен қарауға шақыру.
2. Баланың бүгінгі істеген қадамы ертеңгі тұлға ретінде қалыптасуына үлкен әсер ететінін атап өту.

Күн тәртібінде:


1.Баяндама « Отбасындағы сыйластық - әдептілік бастауы»
2. Екінші оқу тоқсанының қорытындысы
3.Ағымдағы мәселелер.

Тыңдалды:


1.Мәселе
Баяндама « Отбасындағы сыйластық - әдептілік бастауы»
Мақсаты: әлпештеген әке мен аялаған ана арқылы өрбіген туыстар сыйластығы, жанұядағы үлгі тұтар ата - ана тәрбиесі берген әдептілік, ізет, құрмет туралы пікір қозғаймыз.
Нақыл сөздер:
1. Қызың өссе, гүлдей болсын деп тіле.
2. Отбасының қос шынары: ата мен әже.
3. Ана - жараға жапырақ.
4. Қарындасың сыйламағанның қары сынсын.
2-мәселе бойынша екінші оқу тоқсанының қорытындысы
Екінші оқу тоқсанының қорытындысы бойынша сапа 76%
Оқу озаты -2.
Молдашев Мұхамед,
Тлеулес Айбану.
Екпінділер-21.
«3» бағамен 7 оқушы.
Амангелді Дария
Дуйсенбай Ділназ
Джексенова Инкар
Инамат Хасан
Набиш Бексұлтан
Сабурова Меруерт
Сабурова Меруерт
3- мәселе
Сынып жетекшісі Лиза Нагимбековна Шахшаева оқу бағдарламасы, оқулықтар, кітап, дәптермен жұмыс жүргізілуі туралы айтылды.
Қаулы :
Ата-аналар жиналысы төмендегідей қаулы қабылдады:
1. « Отбасындағы сыйластық - әдептілік бастауы»
атты баяндама тыңдалды.
2. Екінші оқу тоқсанының қорытындысы бойынша үлгерім қорытыдысы басшылыққа алынсын
3. Ағымдағы мәселелер ата-аналар тарапынан қарсылықтар болған жоқ.
Ата-аналар жиналысының төрайымы: ШахшаеваЛ.Н.
Ата-аналар жиналысының хатшысы: Жанетова Асыл Тәрбие.орг сайтынан Ата-аналар жиналысының хаттамасы Ата-аналармен жұмыс материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес
Каталог: uploads -> doc -> 0a65
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0a65 -> Сабақтың атауы Пайдалы қазбалардың түрлері. Мақсаты Күтілетін нәтиже


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет