«ххі ғасыр көшбасшысы» атты интеллектуалды ойын Мақсаты: Қазақтың «Үш бәйтерегінің»



Дата29.01.2018
өлшемі113,17 Kb.
#35871
«ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты интеллектуалды ойын

Мақсаты: Қазақтың «Үш бәйтерегінің» өмір жолын кейінгі жас ұрпаққа таныстыру оқушыларды шығаршалыққа баулу, оларды марапаттау.

Жүргізуші сөзі: Армысыздар құрметті қонақтар, армысыздар ұлағатты ұстаздар,оқушылар.Биыл қазақтың ұлы қайраткерлері «Үш бәйтерегі» 120 жасқа толып отыр.Бүгінгі «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты интеллектуалдық ойынымызды қазақ халқының «Үш бәтерегі» – көп ұлтты кеңес әдебиетінің негізін салушы, Қазақстанның қоғамдық тарихында абыройлы орын алатын, революционер-коммунист Сәкен Сейфуллинге, Қазақ кеңес әдебиетінің ірге тасын қалаған “алыптар тобындағы” ірі ақын, іргелі прозаик және драматург Бейімбет Майлинге, Қазақ кеңес әдебиетінің бастау қайнарында тұрған құдіретті талант иесі, ақын, драматург, прозаик Ілияс Жансүгіровке арналады.

Отырмын жоқтап сендерді,

Ілияс, Сәкен, Бейімбет.

Жойылып қашан кей індет,

Қайғысы елдің сейілмек?

“Халық жауы” боп атылды – ау

Ілияс, Сәкен, Бейімбет?!


Алаулап ерен бойымда от,

Бермейтін тыным ойым көп

Қиды екен қалай өлімге - 

Ілияс, Сәкен, Бейімбет?!

Ұлы көш қалмас кейіндеп,

Алға асқан сайын тойың көп.

Ұмытпас ел үшін арысын – 

Ілияс, Сәкен, Бейімбет!

Ойын 5 кезеңнен тұрады.Қатысушылардың әр кезеңдегі бағасы ереже бойынша бағаланады.Енді сол байқаулар кезеңдерімен таныстырып өтсем

1-кезең «Бәйге»

2-кезең «Жорға»

3-кезең «Дода»

4-кезең «Полиглот»

5-кезең «Көкпар»

Ал ендеше, «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» демекші, бұл ойынға қытысушылар білімді, талапты, оқушылар.Ендеше ойынға қатысушыларға сәттілік тілей отырып ортаға шақырайық.

Ал шықты білікті озат оқушылар ,

Қамын ойлап, болашақтың алаңдар.

Өншең жайсаң қатысады сайысқа,

Қошеметпен қарсы алайық жарандар



1

Асқарова Динара

10 “А”

2

Ахметова Эльмира

10 “А”

3

Қоңтай Нұрбол

10 “А”

4

Алтынбекова Раушан

10 “Б”

5

Аймағамбет Малика

10 “Б”

6

Әбдірахманова Жазира

10 “Б”

Жұрт көңіліне жетсін әрбір сөздерің,

Көпшіліктің жеткізіңдер көздерін

Дәстүрлі бүгін үлкен сайыста,

Әрбір ойыншы таныстырсын өздерін.

(Әрбір ойыншы өздерін таныстырады)Ойын болғаннан кейіен біреуі жеңуі, біреуі жеңілуі бұл заңдылық.Сондай–ақ бүгінгі ойынымызда оқушылар білімін ақиқат таразысына салып, әділ болу үшін әділетсіздікті болдырмау мақсатында әділ қазылар алқасын сайлап алсақ.

Демек,бүгінгі ойынымыздағы ақиқат таразысындағы,яғни әділқазылар алқасымен танысып алсақ.


Әділқазылар алқасының төрағасы:

1.Қуандықова Күміс апай

2.Балданбаева Гүлмира апай

3.Жақыпова Қарлығаш апай

4.Зұлпыхарова Ақтолқын апай

Міне, Әділқазылар алқасымен де танысып алдық

Әділетті қолдайтын адам болса,

Мен одан қай ұлтсың деп сұрамаспын.

Әділіетті әрбір жан бауыр болса,

Онсыз мен бұл жалғанда тұра алмаспын.

Әділ жан әрқашанда елден ерек,

Адамға жылы сөзбен шындық керек.

Дүние шолақ екен дегенменен,

Аз ғұмырды сыйластықпен бірге өткізсек.

Деп ойынымызды ду қол шапалақпен бастайық, ағайын!

1-кезең «Бәйге»

1-кезең шартын мұқият тындаңыздар бұл кезеңде тест сұрақтары оқылады.Әрбір дұрыс жауапқа 10 ұпайдан беріледі.

Тест сұрақтары:



1.Ілияс Жансүгіровтің туған жылы?

а)1854 ә)1893 б)1894 в)1892



2. Бейімбеттің шын есімі?

а) Жармағанбет в) Бейімбет с) Бимағамбет д) Бейбіт



3.Сәкен Сейфуллиннің шын есімі?

а)Сәттібай б)Сәкен в)Сәдуақас г)Сейфулла



4. «Шұғаның белгісі» шығармасы қандай үлгіде жазылған?

а) драма б) проза в) поэзия г)Поэма



5.Сәкен Сейфуллин қандай революциялық ұйым құрды?

А) “Жас алаш”ұйымы Б) “Алаш тобы”ұйымы



В ) “Жас қазақ ”ұйымы Г) “Оян қазақ”ұйымы

6.І.Жансүгіровтің прозасы

А) “Жолдастар” Б) “Әншіге” В) “Түрксіб” Г) “Күйші”

7.С.Сейфуллин кай күні туылған?

А) 15 қараша Б) 15 қазан В)15 қаңтар Г)15 қыркүйек



8.«Мырқымбай», «Түйебай», «Даудың басы-Дайрабайдың көк сиыры» кімнің әңгімелері?

а) Б. Майлин б) М. Дулатов в) С. Көбеев г)С.Сейфуллин

9.І.Жансүгіров үш айлық мұғалімдер курсын қашан бітірді

А)1920 Б)1929 В)1921 Г)1934

10.С.Сейфуллиннің тұңғыш өлеңдер жинағы қашан шықты?

А)1918 Б)1915 В)1917 Г)1914



11. «Үш бәйтеректі» ата:

а) А. Құнанбаев, Ы. Алтынсарин, Ш. Уәлиханов

в) І. Жансүгіров, Б. Майлин, С. Сейфуллин

с) Ш. Қонайұлы, Д. Бабатайұлы, М. Мөңкеұлы



12.Сәкен Сейфуллин қай өңірде туылған?

А)Өскемен Б)Қызылорда В)Жезқазған Г)Семей

Енді сөз кезегін әділқазыларға берсек 1-кезең бойынша оқушылардың жұмысын сарапқа салсақ.

2- кезең «Жорға»



География

1.Ірі қаланың маңына елді мекендердің шоғырлануы не деп аталады?

        (агломерация)

2.Мұхит суы тұздылығының өлшем бірлігі (промилле )


Биология

1.     Қызыл, сары немесе қызылсары бояутекті – каротиноидтары бар органойд

(хромопласт )

2.Әлемдегі тіршілік иелері қандай жолдармен көбейеді?             



(жынысты және жыныссыз )

Физика

1.     Энергия дегеніміз не?      

(дененің жұмыс істей алу қабілеті)

2.Электр тогының неше тегі бар?               

   (екі тегі: оң және теріс)
  

Қазақ әдебиеті

Гүлмира апайдың сұрағы


Математика

1.Үстелдің 4 бұрышы бар. Бір бұрышын кесіп тастағанда неше бұрышы қалады?



(5 бұрыш болады )

2.Жасы жүзге келген бір қарт болыпты. Бүкіл өмір бойы ол өзінің туған күнін тек 25 рет қана атап өтіпті. Бұлай болуы мүмкін бе?             (ия, қарт 29 ақпанда дүниеге келген)


Енді сөз кезегін әділқазыларға берсек 2-кезең бойынша оқушылардың жұмысын сарапқа салсақ.2-кезеннен кейін ұпайы аз 2 оқушы ойыннан шығады.

Келесі 3-кезең «Дода»



Жол басы «20»

Ілиястың туып өскен жері



(Талдықорған облысы Ақсу ауылы)

Жол басы «30»

Сәкен неше жасында жетім қалды?



(4 жас )

Жол басы «40»

І.Жансүгіров атында қандай университет бар?



(Талдықорған қаласында І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті)

Жол басы «50»

Үш бәйтерек қашан,калай қайтыс болды?



(1938 жылы репрессияға ұшырап ,опат болды)

Ғасырлық туынды «20»

І.Жансүгіровтің қандай поэмалары бар?



(«Күйші», «Күй»)

Ғасырлық туынды «30»

С.Сейфуллин қандай журналдың редакторы болды?



(«Әдебиет майданы» журналының редакторы)

Ғасырлық туынды «40»

Суреттегі қай ақын?



Ғасырлық туынды «50»

С.Сейфуллин қандай орденмен марапатталды?



(Еңбек Қызыл Ту орденімен)

Баспалдақтар «20»

«Байдың қызы», «Рәзия қызы», «Қашқын келіншек», «Зайкүл»,

«Маржан», «Өтірікке бәйге», «Хан күйеуі»

«Кемпірдің ертегісі», «Бөліс», «Мырқымбай» кімнің поэмалары?



(Б.Майлин)

Баспалдақтар «30»

С.Сейфуллин 1934 жылы қандай поэма жазды?



(«Көкшетау» поэмасы)

Баспалдақтар «40»

Б.Майлин қайда оқыды?



(Уфадағы «Ғалия»медресесінде)

Баспалдақтар «50»

1917 жылы Ойқұдық жайлауында Абайдың жары Әйгерімнің киіз үйінде тұңғыш жарық көрген туындысы



("Еңлік- Кебек" пьесасы)

Сегіз қырлы- бір сырлы «20»

Ілияс Жансүгіров қашан қайтыс болды?



(Ілияс Жансүгіров 1938жылы 26 ақпанда қайтыс болды.)

Сегіз қырлы- бір сырлы «30»

І.Жансүгіров қандай ақын деген атқа ие болған?



(Ақындықтың Құлагері атанған)

Сегіз қырлы- бір сырлы «40»

Сәкен кімнің ақындығына тәнті болған?



(Абай )

Сегіз қырлы- бір сырлы «50»

Б.Майлиннің алғашқы прозалық туындысы



(“Шұғаның белгісі”)

4-кезең Жеті жұрттың тілін біл (5 ұпайдан)
Жеті жұрттың тілін біл атадық. Мұнда сіздер қазақша, орысша, ағылшынша тілде дұрыс сөйлеумен қатар, қатесіз айтылуы ескеріледі,

Ендеше бастайық
1. Күн мен түн теңелетін жыл мезгілі.
(Көктем - весна - spring)


2. Мұрты бар, иегінде сақал жок,
Тон бар, киетін шапаны жок,
Пайдасы үй ішінекн табылған соң,
Далаға кіріп шығар сапар жоқ.
(Мысық - кот - cat)

3. Футболшының алаңдағы ойын заты
(Доп - мяч - ball)
4. Жеті қазынаның бірі, адамды қорып жүретін досы
(Ит - сабака - dog)

5. Әр адамның шағын отаны
( Жанұя - семья - family)

6. Қалқиып ұзын құлағы
Елеңдеп қорқып тұрады
(Қоян - заяц - carrot)

7. Ер қанаты(Ат)
(Ат - конь - horse)

8. Ердің(екі) сөйлегені өлгені
(екі - два - two)
Ұпай санын білсек. Ұпайы 2 аз оқушы ойыннан шығады.
Ендігі кезең - Ақтық мәре «Көкпар» көшбасшыны анықтайтын кезең.


«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарды» анықтау үшін әділқазылар алқасына сөз береміз. 



Каталог: doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> 6 Хромтау гимназиясы тәрбие жұмысының жылдық жұмыс жоспары Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
doc -> Қазақстанның театр режиссурасы: сабақтастық және жаңашылдық
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет