Ххі ғасыр маманын даярлау- ғылым, Әдістеме, практика. Химия сабақтарында интербелсенді әдіс- тәсілдерді қолдану



Дата07.05.2017
өлшемі215,4 Kb.
#16136
ХХІ ҒАСЫР МАМАНЫН ДАЯРЛАУ- ҒЫЛЫМ, ӘДІСТЕМЕ, ПРАКТИКА.

ХИМИЯ САБАҚТАРЫНДА ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ӘДІС- ТӘСІЛДЕРДІ ҚОЛДАНУ.
Талдықорған өнеркәсіптік индустрия және жаңа технологиялар колледжі

Жакупбекова Гульнар Оразалиновна
Жоғарғы санаттағы химия және биология пәнінің оқытушысы
Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алуда. Бұл педагогика тарихы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі, білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды.

Мұғалімдердің алдына қойылып отырған басты міндеттердің бірі- оқытудың әдіс- тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияны меңгеру. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басым міндеттерінің бірі-оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсетілген.

Педагогикалық технология - мұғалімнің кәсіби қызметін жаңартушы және сатыланып жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс - әрекеттер жиынтығы.Педагогикалық технологиядағы басты міндет - оқушының оқу - танымдық әрекетін жандандыра отырып, алға қойған мақсатқа толықтай жету. Ал бұдан педагогикалық технологияның тиімділігі шығады.

Оқытудың жаңа педагогикалық технологиясын меңгеру мұғалімнен орасан зор іскерлік пен шығармашылыққа негізделген ізденістерді қажет етеді. Осындай мақсат көздеген жүйелі ізденістер мұғалімнің жаңа технологияны, әдіс - тәсілдерді меңгеріп, инновациялық жетілуіне әкеледі.

Жаңа педагогикалық технологияны меңгеру барысында оқыту міндеттері жаңаша сипат алады.Олар мына төмендегідей:


  • педагогикалық қызметтің өзекті мәселелерін білу;

  • оқу бағдарламасының түрлендірілген нұсқауларын құрастыру;

  • оқу жобаларының мазмұнын анықтау, әр оқушыға арналған тапсырмалар құрастыру;

  • оқушылардың жаңа материалды меңгеруі бойынша деңгейленген жаттығулар жүйесін жасау;

  • оқу әрекетінің бағалау көрсеткіштерін анықтау;

  • жетіспейтін дидактикалық құралдарды жасау дағдысын қалыптастыру.

Педагогикалық технологияны игеруге қойылатын жаңа міндеттерді меңгеру оқытудың ең жоғары нәтижесіне жетуге мүмкіндік беретін оқу - тәрбие үрдісін ұтымды әрі үйлесімді жобалап, ұйымдастырып басқаруды жүзеге асыруға тікелей байланысты.

Жаңа педагогикалық жүйе жобасында оқытудың мазмұны, әдісі және түрі оқушының өзіндік танымдық іс - әрекет ерекшелігін есепке алып анықтауды қажет етеді. Оқытудың жаңа әдіс - тәсілдерін пайдалану жағдайындағы әдістемелік жүйеге толықтай қойылатын жаңа талаптар анықталады.



1. Әдістемелік жүйені жетілдірудің қажеттілігі:

- оқытудың жаңа әдістерін дұрыс таңдау;

- оқытуды ұйымдастырудың формасын дәл анықтау.

2. Оқу мотивациясы мен белсенділігін қалыптастыру:

- оқушылардың танымдық қызығуын тудыра алу;

- оқушылардың ізденімпаздығын, шығармашылығын қалыптастыру.

3. Оқу іс - әрекетін басқару үрдісін жетілдіру:

- оқушының өзін - өзі басқаруы;

- оқушының өз әрекетіне өзіндік баға беруі.

Сонымен жаңа педагогикалық технологияны меңгеруге қатысты оқытудың әдістері төмендегідей болмақшы:



  • іскерлік ойын; - педагогикалық оқулар;

  • ре флексивті - мәселелік рөлдік ойын; - педагогикалық ринг;

  • педагогикалық шеберханалар; - педагогикалық идеялар, аукцион;

  • панарамалық сабақ; - сынақ мерзімін өткізу;

  • дәріс; - бейнетаспаға түсірілген сабақтар көру;

  • семинар; - ашық сабақтарға кіру, талдау;

  • тәжірибелік сабақтар; - педагогикалық тренинг.

Біздің қазіргі «жаңа технология» деп жүргеніміз де бұрыннан қолданылып келе жатқан оқыту әдістерінен бастау алып, жалғасын тапқан, толықтырылып өнделген педагогикалық технологиялардың жаңа үлгісі. Мысалы: деңгейлеп оқыту, дамыта оқыту, топтық—ұжымдық оқыту белгілі әдістер. Сондықтан қазіргі қолданылып жүрген оқыту әдістерін озық технология үлгілері деп атаған жөн.

Қазіргі шәкірттерді ұстаздар қауымы өзінің балалық дәуірінің көшірмесі деп қарап, сол кезде өзіне берген ұстаздарының оқыту әдістерін қолданып жүрсе, қатты қателескені. Бүгінгі ұрпақтың сана—сезімі, жан дүниесі, ой-өрісі біз ойлағаннан әлдеқайда күрделі. Олар заман ағымына қарай ерте жетілген және ең соңғы технакалық және электрондық ақпарат құралдары арқылы жан—жақты мағлұматтар жинақтаған. әдетте олардың қоғамдық көз—қарасы , моральдық ұстанымы мұғалімнің талабы мен талғамына сай келмей жатады. Жаттанды дәстүрге айналған сабақтар оларды қызықтыра қоймайды. Оның үстіне оқулық материалдары, (мен күнделікті ақпараттар арасындағы үйлесім болмайды) оқу бағдарламасы ескі, оқушылар ұғымына қиындық келтіреді және заман талабына сай келе бермейді. Содан барып оқу материалдары мен күнделікті ақпараттар арасындағы үйлесім болмайды, оқыту әдістерінің біркелкілігі, жаттандылығы және өмірден алшақтығы сезіліп тұрады. Нәтижеде шәкірттің сабаққа деген құлшынысы төмендеп, белсенділігі жоғалады. Балалардың сабаққа ықылассыз қатысуы, келмей қалуы, тастап кетуі немесе ұстазға деген құрметінің жойылып, ол қойған талаптарға да мойынсұнбауы да осы жағдайда байланысты.

Мұндай қайшылықтар біздің елімізде бұдан жиырма шақты жыл алдын-ала сезіле бастаған еді. Оқытудың дәстүрлі емес әдістерін қолдану сол кездерден бастап қолға алына бастады. Дәстүрлі емес оқытудың ұстанымдарына сүйенсек, біз оқушылар бойындағы сан қырлы қасиеттер мен ерекшеліктерді ескере отырып, олардың әрбіріне тұлға ретінде қарауымыз керек, әрқайсысының жеке мүмкіндіктерін жетілдіру, шындау арқылы барлық оқушыны ортақ мақсатқа ие, ұлттық мүддемізге сай тәрбиеленген ұйымшыл ұжым ретінде қалыптастыруымыз керек болады.

Бұл орайда бізге ақпараттар алмасу арқылы, шәкірттердің өзін-өзі, бірін-бірі оқытуын, өзіндік ой-пікір қалыптастырып, қорытынды жасай алуын, ізденгіштін, логикалық ойлау қабілетін қалыптастыратын интербелсенді оқыту әдістері «ақылға қозғау салу», «ой қозғау», «топтық жұмыс түрлері», «брейн-ринг», « пікір-сайыс» т.б. өте тиімді деп санаймын. Мұндай сабақтарды мұғалімді әдеттегідей тек ақпарат беруші және жинақтаушы тұлға деп емес, оқуға үйретуге, ізденуге, ақпарат алмасуға итермелеуші, бейімдеуші жан деп есептеу керек. Оқушылар мұғаліммен тең дәрежеде белсендік көрсететін мұндай сабақтарда оқу материалы 90%-дейін игеріледі.

Мен өз сабағымда оқытудың интербелсенді әдістерінің бірі—топтық жұмыс түрін пайдаланамын. Сондай сабақтардың бірінен мысал келтірейін.

Жалпы саны жиырма бес оқушы қатысқан химия пәні бойынша 101—топта өткізілген сабақтың құрылымы төмендегіше болды.

«Молекуласында үш байланысы бар көмірсутектердің өкілі—ацителен» тақырыбында өткізілген сабақтың мақсаты— көмірсутектер жөнінде алған теориялық білімін нақтылау, ізденіс, өзіндік жұмыстар арқылы тексеру, бекіту, тақырыпқа байланысты дүниетанымын кеңейту, іздену жолымен мақсатқа жетуге баулу, бір-біріне түсіндіру, жәрдем беру, ықпал ету арқылы топтасып жұмыс істеуге, өз білімін өзі бағалап, тексере білу дағдыларын қалыптастыру.

Сабақтың дайындық кезіңінде оқушылар алтыдан бөлініп төрт топ құрып отырды. Әр топтың жұмысына басшылық жасаушы топ жетекшілерін анықтау үшін бес сұрақтан тұратын тест жұмысы ұсынылды. Бес минуттың ішінде сол сұрақтардың дұрыс жауаптарын тапқан оқушылар жетекші болып сайланды, әр топқа бекітілді.

Олар берілген тапсырмалардың орындалуына басшылық жасап, жұмыс нәтижесін тақтаға жазып көрсету үшін, жекелеген оқушыларды кезекпен шығарып отырды. Жауаптарды дұрыс тапқан оқушылар саны көп болса, олардың төртеуін әр топтың орындаған жұмысын тексеріп, бағалап отыру үшін жәрдемші етіп алуға болады.

Әр топқа белгілі уақыт ішінде орындаған жұмысы тексеріліп кезекпен тақтаға жазылады. Бағалау үшін төмендегі карта пайдаланылады. Бұл картаның ерекшелігі әр топтың тапсырмаларды орындауын жинақтап, ортақ балл шығару арқылы мұғалім өз еңбегінің нәтижесінде анықтай алады.

Бағалау картасы негізінде оқушы да, мұғалім де белгілі бір тақырыптар бойынша есеп және жаттығу түрлері бойынша өз кемшілік және жетістіктерін анықтап, ізденіп толықтыруға әрекет жасауға мүмкіндігі бар.


Тапсырма

1

2

3

4

5

орта балл

бағасы

І топ

3

5

4

4

5

4,2

4

ІІ топ

3

4

5

4

3

3,8

4

ІІІ топ

3

3

5

3

3

3,4

3

IV топ

4

5

5

5

4

4,8

5

орта балл

3,2

4,5

4,7

4

3,7

4

4

мұғалімнің бағасы

3

5

5

4

4

4

4

Сабаққа қойылатын қазіргі талаптар мұғалімнен зор шеберлігі қажет етеді. Мұғалім сабақ үрдісінде материалды дайын күйінде бермей оқушы ізденісіне жол ашатындай әдіс-тәсілдерді таңдап алуы қажет. Сонда ғана оқушы шын мәнінде өзіндік ойлау қабілеті бар жеке адам болып қалыптасады. Ұлы ойшыл, қытай философы Конфуцийдің «Естігенді ұмытпаймын, көргенді есте сақтаймын, ал өз ақыл—ойыммен істеген ісімді түсінемін» деген даналық сөздері осы айтылғандарды дәлелдей түседі.

Соңғы кездерде «педагогикалық технология» жөнінде жиі сөз қозғалып жүр. Педагогикалық технология оқытудың тың әдістемесі немесе мүлде жаңаша жолдарын қарастырады деп түсінбеу керек. Оқыту мен тәрбие ешқандай «науқандық» өтпелілікті көтере алмайтыны белгілі. «Педагогикалық технология» дегеніміз не? Технология қарапайым тілмен айтқанда жүзеге асатын мақсаттардың алдын ала ойластырылған, нақты жобасы, яғни белгілі педагогикалық жүйенің тәжірибеде жүзеге асатын жобасы. Ал, педагогикалық жүйе—педагогикалық технология негізі.

Қазіргі таңда оқытылатын пәндердің балалардың болашақта таңдайтын мамандығына қарай бағатталуына, яғни мақсатты білім беру ісіне ерекше назар аударылуда. Сондай-ақ жеке тұлға дарынды, шығармашылық тұлға қалыптастыру білім мен тәрбие берудегі мемлекеттік істің ең маңыздысы болып отыр. Педагогикалық технология оқыту мақсатына жетудің тиімді, нақты жолдарын көрсетеді.

Сабақ мақсатын айқындау, оған қойылатын талап жаңалық емес. Ал педагогикалық технология ерекшелігі, оның талабы, осы мақсатқа жету, оқушының өзі арқылы, оның оқу іс—әрекетін ұйымдастыру арқылы ойлау дағдыларын дамыта отырып жүзеге асыруды қарастырады. Оқушылардың оқудағы іс—әрекеті арқылы олардың ойлау дағдыларын жетілдіре отырып, мақсат қою технологиясын былайша көрсетуге болады ( білімнің жүйесі).
Білім жүйесі

Дағдылар

Анықтама

Оқушы іс-әрекеті

Білім

(Знание)


Берілген жаңа түсінікті ұғу, есте ұстау, бұрынғы білімді еске түсіреді

Таңдайды, қабылдайды, еске сақтайды, ойлайды

Түсінік

(Понимание)



Жаңа материалда берілетін білімді түсіну, өзінше түсіндіру немесе болжам жасау

Түсіндіреді, айтады, көрсетеді, жазады

Қолдану

(Применение)



Жаңа білімді тәжірибеде, яғни жаңа нақты жағдайда пайдалану

Бұрынғы білім негізін пайдалана отырып жаңа проблема шешіледі

Талдау

(Анализ)


Алған білімді жіктеу, саралау, ең негізгі түйінді мәселені бәліп ала білу. Яғни бүтінді бөліктерге жіктеу арасындағы байланысты айқындау

Ойланады, салыстырады, табады, талқылайды, ашады, ізденеді

Синтез

(Бір нәрсе жасайды, жинақтайды)



Жеке бөлшектерден, дара ұғымдардан тұтас дүние жасау /жалқыдан жалпыға/

Ойлап табады6 09растырады6 шы5арады6 байланыстырады

Баға

(Сын, пайдалану)



Жаңа ұғым жаңа материалдың құндылығын, керектігін анықтау

Бағалайды, талқылайды, өз талабын айтады

Бұл жүйені ары қарай түсіну үшін қандай тірек ұғымдағы сөздерді пайдалануы мүмкін, соған көз жүгіртейік.

Тәжірибеде осы жүйе бойынша қалай мақсатқа жетуге болады келесі кесте көрсетілген.



Білім

Айтыңдар, жазыңдар, атап беріңдер, орнына қойыңдар

Түсіну, ұғыну


Өз ойларынды айтыңдар, түсіндіріңдер, ұқсастық айырмашылықтарын көрсетіңдер, мәнін түсіндіріңдер

Қолдану

Қолданыңдар, табыңдар, пайдаланыңдар

Анализ

Былай қарағанда, салыстырғанда, басқаша ойластырғанда, басқаша ерекшелігін табыңдар, негізгі қасиеттерін дәлелдеңдер

Синтез

Құрайық, ойланайық (жаңа нәрсе) керісінше мүмкін

Баға


Бәрінен жақсы, бәрінен жаман, неге солай, пікірдің біреуіне келісімін, сын айтыңдар

Зер сала қарасақ, оқушының білімді меңгеру деңгейі анализден бастап синтез бағанда жоғарылай түседі. Егер білім түсінік, қолдану, берілген білімді ұғу,меңгеру, пайдалану дәрежесінде ғана болса (репродуктивтік қызмет), ол анализден бастап іздену, проблема шешу, жаңа хабар алу, өнімді, жемісті әдістер, іс—әрекеттер арқылы жүзеге асады екен.

Оқушының білімді меңгеру сатысы төмендегі үлгіде былай көрсетілген сызба.




Бұл кестеде жоғарыда біз сөз еткен мақсатты қою технологиясы білімнің бастапқы оқушы деңгейінің шығармашылыққа дейінгі жобасы айқын көрсетілген. Бірінші сатыда (оқушы деңгейі) мұғалімнің көмегімен оқушы алдындағы мақсатты шешеді, орындайды, оқушыға бұрынғы білімі көмекке келуі мүмкін болса, екінші сатыда (көмексіз, ақыл—кеңессіз) оқушы мақсатқа өз бетінше жетеді (алдыға қойған мақсат, ситуация анық болған жағдайда).

Ал мақсат айқын, ситуация түсініксіз болса, оны оқушы өздері шешсе, өз еңбектерімен жаңа мәлімет, білім алса, ол эвристикалық саты болмақ. IV—саты ең жоғарғы шығармашылық саты. Мақсат нақты емес, жалпылама, оқушы мақсатты айқындап, сол арқылы шешуге кіріседі, жаңа білім игеріледі, тың мәлімет шешіледі. Іс-әрекеттің ең өнімдісі осы ІІІ— IVсаты. Оның технологиясы бойынша оқушының өзі шығармашылық сатыға жету жолдары тек мұғалім арқылы емес, оқушының өз әрекеті іс-әрекеті арқылы жүзеге асады. Технологияның негізгі ерекшелігі де, тиімділігі де осында. Бала білімін оқушы деңгейінен шығармашылық деңгейге жетелеуде дамыта оқытудың, проблемалық оқытудың атқарар орны ерекше. Оқыту әдістерін төмендегідей жүйелеуге болады:

Түсіндірмелі-иллюстративтік

Программалық

Эвристикалық

проблемалық

Модульдік

Бұлар—мұғалімдерге жете таныс, тәжірибеде жиі пайдаланып, өнімді нәтижелер беріп жүрген әдістер. Модульдік әдістерге іскерлік ойындар, сабақ түрлері (баспасөз сабағы, сот сабағы т.б.) жатады. Бұл әдіс оқушылардың өз бетінше дербес ізденуіне жол ашады, шығармашылық жұмыстарға баулиды, қиялын, ойын ұштайды. Дамыта оқыту үрдісінде оқушы белсенді субъектіге айналады да, ал мұғалім көмек беруші, бағыт беруші деңгейінде болады.

Дамыта оқыту ең алдымен өтілгелі отырған оқу материалының негізінде, оның басты ерекшелігіне байланысты жүзеге асады.

Оқу мақсатын шешу кезінде, яғни мұғалім мен оқушы іс—әрекетінің негізінде жүзеге асады.

Осы үлгідегі өтілетін сабақта оқыту технологиясының ойын, жарыс түріндегі элементтерін, тест жұмысын, деңгейлік тапсырмаларды қолдану, оқушылардың бір—біріне жәрдем беруі, ықпал жасауы арқылы ақпараттар алмасуы мүмкіндігін тудыру, жылдамдықты талап ететін жұмысқа дағдыландыру сияқты талаптарын жүзеге асыруға болады. Сол сияқты топтық жұмыс арқылы оқушылардың ұйымшылығы анықталып, өзара түсіністігі мол жекелеген ұжымдарды қалыптастыруға болады.

А. Эйнштейн айтқандай, қоршаған орта туралы білімді тек ойлау арқылы ғана меңгеру мүмкін емес,нақты әлем туралы білім тәжірибеден басталып, тәжірибемемен аяқталуы тиіс.

Мектеппен байланысты көп жылғы тәжірибе педагогикалық экспериментті төмендегі бағытта жүргізудің қажеттігн байқатты. Әрине, алдымен химия эксперименталдық ғылым болғандықтан, эксперимент баяндау арқылы түсіндіріліп, отырған құбылыстың көрнекілік құралына айналып кетпеуі керек.Мұғалім оқушының сабақтағы әрбір әрекетін алдын ала жоспарлау арқылы оның ойлау, болжау, тұжырымдау секілді оқытудың негізгі зерделік көрсеткіштерін де қалыптастырады. Сабақтың нәтижесінен мейлінше жоғарғы көрсеткішпен шығу үшін оны бастамас бұрын оқушы қандай мәселеге жете көңіл аударуы қажет, нені біліп, нені игеріп шығатыны туралы толық мағлұмат беріледі. Сабаққа осындай дайындықпен келген оқушы одан көптеген жаңалықты қызықты химиялық құбылыстарды күтеді. Мұғалімнің міндеті - оқушының осы үмітін ақтау, оның маздап жануына қажетті бағыт беру. Ендеше сабақтың қызықты да тартымды және тиімді түрде өтуінің арқауы болып табылатын, алдағы уақытта оны бұдан да терең білім жолдары күтіп тұрғанын сезіндіріп, перспективасы айқын көрінетін оқытудың бір тиімді әдісі болып қала береді.

Әрбір жаңа сабақ өткен сабақың материалымен байланыстырудан басталады. Бұл әдіс оқушының назарын бірден сабаққа белсенді түрде араласуға аударады, қайшылығы бар ұсыныстар мен сұрақтар қою арқылы ділгірлік жағдайлар туғызып, оның шешімі пікір таластыра отырып ақиқатты іздеумен жалғастырылады. Оқытудың осы бөлімінің сабақ мерзіміндегі үлесі 10 пайыздан аспауы керек. Бұдан кейін жаңа тақырып талданады. Оқушы оның мақсатын орындау әдістерін ұғып меңгергеннен кейін тақырыптың мазмұны толығымен ашылады. Сонымен бірге тақырыптағы бұған дейін кездеспеген жаңа ұғымдар мен атаулардың мағынасы, қолдану аясы айқындалып, оқушылардың санасында олар туралы түсініктің берік орнауы қадағаланады. Бір тақырыпты топ болып бірге талдап, бірге орындаудың нәтижесінде, ақиқатты бірге іздеудің арқасында оқушылардың санасында ұйымшылдықтың нышандары қалыптасады, терең ізденістің нәтижесінде білімді өз бетінше иг

еруге ұмтылудың қажетттілігіне көз жеткізіледі. Оқытудың бұл бөлімінің үлесі сабақ мерзімінің 30 пайызын құрауға шақталып дайындалады.

Сабақтың шешуші мәселелері үшінші бөлімде орындалады. Бұл жерде қолданбалы бағдарламаны пайдаланып, тақырыптың мазмұны соңғы рет шолудан өткізіліп, тестілік сұрақтарға жауаптар ойластырылып, оқушының тақырыпты қаншалықты түсінгені бағаланады. Қажет болған жағдайда оған қосымша талқылау,қайталау ұсынылады.Зерттеу нәтижелерін пайымдап талдау арқылы оқушы өзінің ойын тұжырымдауға, химиялық өзгерістердің себебін, олардың арасындағы заңдылықтарды анықтауға бейімделеді.Осы тұста мұғалім оқушыны әрбір істі тиянақты орындап, бұған дейін кездеспеген құбылысты байқауға, сол арқылы өз әрекетіне шығармашыл түрде қарауға баулиды. Бұл бөлімнің үлесі сабақ мерзімінің 50 пайызын құрайтындай болып ұйымдастылады. Уақыттың қалған 10 пайызы өтілген материалды бекітуге арналады. Мұғалім бұл уақытты да мейлінше тиімді түрде пайдаланып, оқушының белсенділігі мен танымдылығын жетілдіруге тырысады және әрбір оқушының жұмыс туралы пікірі сараланып, қаншалықты мағыналы екені бағаланады.

Оқушылардың білім деңгейін жоғарыда көрсетілген 5 түрлі құндылықпен анықтау үшін бағалаудың балдық жүйесін қолдану жақсы нәтиже береді және оның ең жоғарғы шамасы (бірыңғай ұлттық тестілеу жүйесіндегідей) 30 балмен шектеледі.Алғашқы төрт құндылықты анықтауға негіз болып табылатын оқушының зейінділігінің қалыптасу дәрежесін бағалаудың құрылымы мен мазмұны төмендегі кестеде берілген.Соның негізінде сабаққа қатынасқан оқушылардың білім деңгейінің өзгерісі әрбір сабақ сайын анықталып отырады.


Зейінділікті анықтаудың балдық жүйесі


Р/С

Деңгейдің сипаттық мазмұны

Балдық баға

Дәстүрлі баға

1.

Оқу материалын толық меңгеру, өз бетінше білімін жетілдіру, пысықтау сұрақтарына тиянақты жауаптар дайындау, үй тапсырмасын еркін орындау, шығармашылық түрде ойлау, пікір сайысына белсенді қатынасу, әрбір мәселе туралы пікірінің болуы.

30 - 25

үздік

2.

Оқу материалының негізін толық игеру, сабақтан тыс әдебиеттерге жүгіну, пысықтау сұрақтары мен үй тапсырмасын орындауға аса қиналмау, пікір сайысына қатынасу, өз ойын дәлелдей білу.

25 - 20

өте жақсы

3.

Оқу материалының көлемінде жеткілікті білім қорының болмауы, пысықтау сұрақтарын, үй тапсырмасын орындауға қиналу, пікір сайысында белсенділік таныта алмау, химиялық құбылыстар жөнінде білімінің тиянақсыздығы, басқаның пікрін жиі мақұлдауы.

15 - 20

жақсы

4.

Оқу материалы туралы ұғымы төменгі дәрежеде қалыптасқан, өз бетінше ешбір тапсырманы орындай алмайды, химиялық құбылыстар туралы түсінігі жоқ, баяндау, дәлелдеу қабілеті толық қалыптаспаған.

10 - 15

қанағаттанарлық

5.

Оқу материалы туралы ұғымы төмен, сұрақтарға жауап беру, ойлау және ұққанын айтып беру қабілеті жетілмеген.

10балдан төмен

нашар

Сабақтың тиімділгін және оқушылардың зерделік еңбегінің өнімділігін көтеру мақсатымен сабақты жүргізу барысында дамыта оқытудың жетілдірілген қағидалары жетекшілікке алынды. Бұл төмендегідей қағидалар:



- оқу үрдісі оқушыны материалды игеруге ынталандыра түсетіндей болып ұйымдастырылса;

- оқыту барысында оқушыға берілетін бүгінгі тапсырма кешегіге қарағанда қиындау болып, оны қосымша ізденуге жетелесе;

- әрбір тапсырма еңбектену барысында оқушыны аз болса да жеңіске жетелейтіндей, қол жеткен табысқа мақтанатындай болып берілсе;

- оқушының еңбегі орындау нәтижесі үшін емес, орындау тәсілін шешкені үшін бағаланса;

- оқцшыны білімді игерудегі табысын қатарындағы құрдасымен емес, өзінің бұған дейінгі деңгейімен салыстыру арқылы бағаланса;

- пікір сайысына (диспут)қатысу, шығармашылық бағыттағы баяндама жасау, конструкторлық тапсырмалар орындау арқылы «сыртқы» ғылым оқушының ішкі біліміне тасымалдану шараларыескерілсе, сонда ғана оқыту ісі нәтижелі болмақ.

Г.С.Селевконың анықтамасы бойынша, мәселелік оқыту дегеніміз - мұғалімнің басшылығыментүрлі жағдаяттарды анықтай білуге, оқушыларды оны шешуге белсенді жұмылдыруға, соның нәтижесінде оларда білім, білік, дағды және ойлау қабілетін дамытуға негізделіп ұйымдастырылатыноқыту үрдісі.

Мәселелік және дамыта оқыту технологиялары бойынша оқытудың нәтижелілігінің шарттары:


  • оқу материалының өзектілігі;

  • оқушылардың белсенділігі;

  • оқытудың өмірмен, ойынмен, еңбекпен байланысы.

Мәселелік жағдаяттарды туындатудың әдістері:

  • мұғалім қарама - қайшылықты өзі анықтап, оны оқушыларға шешуге ұсынады;

  • бір мәселеге байланысты әр түрлі көзқарастармен, пікірлермен таныстырады;

  • оқушыларды жағдаяттардан қорытынды, тұжырым, салыстырулар жасай білуге қызықтырады;

  • мәселелік жағдаяттарды мұғалімнің басшылығымен немесе ұжымдасып анықтай алады.

Соңғы уақытта мемлекеттік білім беру стандартының талабымен оқыту үрдісінің нәтижесін бағалауда, оқушылардың оқу үлгерімін талдауда педагогикалық мониторинг қолданыла бастады. Жалпы мониторинг дегеніміз - «мұғалім - оқушы» жүйесінде оқушыларды дамытуда, оқыту мен тәрбиелеуде сапалы нәтижеге жету үшін жүргізілетін жүйелі түрдегі үздіксіз бақылау әрекеті.

Педагогикалық мониторингті ендірудің тиімділігі ең алдымен анықталатын нысанның өзара байланысына, оның құрылымы мен психологиялық ерекшеліктеріне қатысты. Пәндер бойынша мониторинг жүйесі төмендегі бағытта жүргізіледі.

1. Білім беру сапасын диагностикалау.

2. Білім беру мазмұнын талдау.

3. Сабаққа қатысу көрсеткіші, оқушылардың толық қамтылуы.

4. Сабақтың әдістемелік сапасын диагностикалау.

Білім беру үрдісін құруда педагогикалық мониторинг ақпараттық, қозғаушы, ынталандырушы, қалыптастырушы,түзетушілік қызметтер атқарады.

Мониторингтің қозғаушы, ынталандырушы қызметі мұғалімнің оқушыларды оқытуға, тәрбиелеуге қызығуларын дамыту, балаларға терең білудіүйренуге түрткі болады.Мұғалімді өзінің педагогикалық еңбегіне өзіндік талдау жасауға машықтандырады және мұғалім әрекетінің зерттеушілік бағытын күшейтеді.

Мониторингтің қалыптастырушы қызметі нәтижесінде оқушы тұлғасының әлсіз және күшті жақтарын анықтауға, әрбір оқушыға қозғау салу әрекетінің әдістері мен тәсілдерін таңдап алуға әсер етеді. Ал оқу үрдісінде болжанбаған кездейсоқ нәтижелерді анықтау және белгілеу, оқушылардың жат әрекеттеріне әсерді күшейту мониторингтің түзетушілік қызметі арқылы жүзеге асады.

Мониторингті жүргізудің өзіндік реттілік, белгілі кезеңдері болады. Алғашқы кезеңде мониторингтің міндеттері мен мақсаттары, келесі кезеңде негізгі көрсеткіштері мен критерийлері анықталады. Мониторингтің екінші талдау - диагностикалық кезеңінде ақпараттар жиналып, сандық және сапалық өңдеуден өтеді. Соңғы қорытынды кезеңінде мониторингтік нысан жағдайына баға беріліп, алынған нәтиже алғашқысымен салыстырылады. Мониторингтің толық жүйесін асыру мұғалім - оқушы жүйесіндегі педагогикалық үрдістің нәтижесін көтеруге мүмкіндік береді.

Мониторингтік зерттеу арқылы мұғалімнің іс - әрекетінің динамикасын қадағалауға , оқушыларды оқытудағы жүйелілік пен кемшіліктерді анықтауға және оқушылар білімінің себептерін түсінуге жол ашады.

Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда ақыл - ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту мұғалімнің басты міндеті болып отыр. Ол бүгінгі білім кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару мұғалімнің қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылығының жемісімен келмек. Сондықтан да әрбір оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеріп, жаңашыл әдіс - тәсілдерді пайдалануымыз қажет. Өйкені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді.


Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Президент Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2004.

2. Беспалько В.П . Слогаемые педагогические технологий. М., Педагогика, 1989.

3. Қараев Ж.., Қуанбаев Б.Жетілдірілген педагогикалық жүйені жобалаудың дидактикалық шарттары. // Ізденіс №1, 2004.

4. Бұзаубақова К.Ж. Жаңа педагогикалық технология. 2003.

5.Александрова Г. Н. Управление самообразованием педагогов в условиях внедрения новой технологии учебной и педагогической деятельности.Директор школы, 2002.



6. керимбаева м. С. Инновационные процессыв школе: проблемы, перспективы, поиск. Алматы, 1995.

7. Әмір Ш., Құраманов М. Педагогикалық инновацияны іске асырудың жолдары. // «Қазақстан мектебі» №6, 2001, 32 - 34 б.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет