Химия және биология сабақтарында модульді оқыту технологиясы арқылы оқушылардың интелектуалды-ақпараттық Қабілеттерін арттыру



бет1/5
Дата03.02.2017
өлшемі1,04 Mb.
#8618
  1   2   3   4   5
Қазақстан Респуликасы Білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Колледж


ХИМИЯ ЖӘНЕ БИОЛОГИЯ САБАҚТАРЫНДА МОДУЛЬДІ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ИНТЕЛЕКТУАЛДЫ-АҚПАРАТТЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН АРТТЫРУ
Барлық мамандықтардың колледж оқытушыларына арналған

әдістемелік нұсқау

Павлодар

Кереку


2011

Қазақстан Респуликасы Білім және ғылым министрлігі


С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Колледж


ХИМИЯ ЖӘНЕ БИОЛОГИЯ САБАҚТАРЫНДА МОДУЛЬДІ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ИНТЕЛЕКТУАЛДЫ-АҚПАРАТТЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН АРТТЫРУ
Барлық мамандықтардың колледж оқытушыларына арналған

әдістемелік нұсқау


Павлодар
УДК 372.8.001.76(075)

ББК 74.202.4я73

Д13
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті колледжінің ғылыми-әдістемелік кеңесімен басылымға ұсынылды



Пікірсарапшылар:

Р. К. Ержанова – С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, колледжінің директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты;

А. Т. Толеужанова С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, биология және экология кафедрасының доценті, биология ғылымдарының кандидаты.
Құрастырушы: Н. К. Давлеткулова
Д13 Химия және биология сабақтарында модульді оқыту

технологиясы арқылы оқушылардың интелектуалды-ақпараттық

қабілеттерін арттыру : барлық мамандықтардың колледж

оқытушыларына арналған әдістемелік нұсқау / құраст.

Н. К. Давлеткулова. – Павлодар : Кереку, 2011. – 51 б.

Әдістемелік құралда химия және биологиядан модульдік технологияға негізделген бірнеше сабақтардың үлгілері берілген.

Әдістемелік құрал білім стандарты мен оқу бағдарламасына сәйкес құрастырылған. Оқу процесіне дайындалғанда пайдалануға болады.

УДК372.8.001.76(075)

ББК 74.202.4я73
© Давлеткулова Н. К., 2011

© С.Торайғыров атындағы ПМУ, 2011

Материалдың дурыс болуына, грамматикалық және орфографиялық қателерге авторлар мен құрастырушылар жауапты

Кіріспе
Оқу орындарының басты міндеттерінің бірі - болашақ маманды өз бетімен ойлауға және жұмыс істеуге дағдыландыру. Қазіргі кезеңдегі педагогикалық оқу-тәрбие процесінің негізгі үлгісі, оқушыларды өздігінен білім алуға, оқуға және өз бетінше жұмыс істеуге бейімдеу болып табылады. Оқыту – оқытушының білім берудегі жетекші әрекеті болса, оқу - оқушылардың өзіндік білім алудағы іс-әрекетін көрсетеді.

Өзіндік жұмысының негізгі белгісі оқушылардың жинақталған біліміне сүйеніп жұмыс істеуі болып табылады. Оқушылардың өз бетімен білім алудағы әзірлігін екі тәсілмен анықтауға болады.

Бірінші, білімді меңгеру қажеттігінің дамуы. Екінші, білімді өздігінен қабылдаудағы іскерлігі.

Өз бетімен білім алудың ең басты жетістігі, оқушылардың білім алуын қадағалау және соңғы нәтижесін біліп отыру болып табылады. Оқушыларды өз бетімен ойлауға және жұмыс істеуге төменгі курстардан бастап баулу қажет. Берілген тапсырманы бұлжытпай орындау ерікті іс-әрекет жасауға мәжбүр етеді. Жаттанды, көшіріп алу сияқты оқу түрлерінің күні өтті. Жаңа әдіс-тәсілді пайдалана отырып, оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін ұйымдастыру жан-жақты талдау жасау, терең зерттеуді қажет етеді. Бұл сабақтар жаңа технология бойынша өткізіліп, тақырыптың мазмұны модуль түрінде беріле отырып, модульдік оқытудың тиімділігі және оның басқа оқу жүйесінен айырмашылығын көрсетеді.

Модуль - мазмұнды мөлшерлеп оқушылардың ойын жүйелейді, қөзқарасты қалыптастырады. Мұғалім мен оқушының оқу үрдісіндегі өзара әрекеті модуль көмегімен іс жүзіне асырылып, нәтижесінде оқушы белгілі деңгейге өздігінен қол жеткізгендігін жете түсінуімен құнды.Осы мақсатпен бірнеше жылдан бергі химия және биология пәндерінен сабақ беруде жинақталған тәжірибемнің үлгілерін ұсынуды жөн көрдім.

1 Оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге баулу
Тәуелсіз мемлекетіміздің өркениетке жету жолында әр талабына тұғыр боларлықтай ұрпақ оқыту, тәрбиелеу ісі жаңа сапалық деңгейге көтерілуі үшін оқыту мазмұны жаңартылып, әдіс тәсілдердің озығы өмірге енгізілуде. Бүгінде тек сауатты, білімді, тапсырманы жақсы орындаушылар оқытып, тәрбиелеп шығару жеткіліксіз. Колледж қабырғасынан өз бетінше өмір сүре алатын, шығармашыл азаматтар шығару – басты мақсат.

Көрнекті психолог Л.С. Выгодский оқыту мен дамытудың арасында тығыз байланыс бар екенін дәлелдеп «жақсы оқыту» деп баланың дамуын ілгерілететін оқытуды атаған. Бүгінгі оқыту жасөспірімдердің ертеңгі күніне қызмет етуі керек екенін баса көрсеткен. Колледждің жаңашыл (инновациялық) үрдіс сатысынан өтпей, дамуы мүмкін емес.

Ғалым-педагогтар оқу үрдісін өзгертетін жаңалықтарды ашуда: В.З. Дьяченконың ұжымдық оқыту әдісі, П.М. Эрдниевтің ірілендірілген дидактикалық бірліктері, К.Я. Вазиннің ұжым болып ойлау қызметі, сондай-ақ тілді оқытудың кейбір проблемалары, оқу құралдарын жасау, тест құрастыру және басқалары. Осыны іс жүзіне асыру факторлары - технология деп аталады.

Технология латын сөзінен «техне» шеберлік, кәсіп, өнер. «Логос» – ғылым. Оқыту технологиясы туралы түсінік басымдары 1995 жылдардан бастап кездеседі.

Алғашқы педагогикалық технологияны Б.П. Беспалько, жеке аспектерін оқытудың модульдіқ технологиясын Монахов В.М. зерттеген. Технологияның психологиялық – педагогикалық негізі С.Л. Рубенштеин, Л.С. Выгодскийден алынған. Мұнда дамудың өзекті зонасынан, дамуға жақын зонасына көзделген, яғни репродуктивтік деңгейден шығармашылық деңгейге қарай көтеру жоспарланған.

Сондықтан – басты мақсатымыз: колледж қабырғасынан өз бетінше өмір сүре алатын шығармашыл жан-жақты дамыған азаматтар шығару болса, әрине ұстаз, оқытушы өзінің шығармашылық дамуын әрқашанда арттырып отыру керек. Адам туғаннан - өлгенге дейін қоршаған әлемді, белгілі бір дәрежеде зерттей отырып меншіктенеді, яғни дамиды. Адам кеңістікте дамиды, кеңістік шексіз.



1-сурет – Адамның кеңістігі

Адам меңгерген ғарыштық кеңістігін ноосфера деп атайды. Әр адамның өзінің білім деңгейі бар. Әр сәт сайын адам табиғаттың керемет құпиясын білуге құштарлықта болады. Бұл әр адамның қажеттілігі. Адамды дамыту үлгісі: Ә (әрекет) Мт (мақсат)

Мн (мазмұн) Ә/қ (әдіс құрал) Д адам/ұжым (даму адам/ұжым)

R (рефлексия). Адамды әрекетке бағыттайтын, қажетін өтеуге талпындыратын түрткі болады. Бұл - мотив (мотивация) деп аталады. Даму үшін адам әрекетке түсу керек.

Ә (әрекет) дегеніміз түрлі қажеттілікті өтеуге байланысты белгілі мақсатқа жетуге бағытталған процесс. Әрекет ол адамдар арасында өз ара байланысты дамытуға қоршаған орта мен белсенді қатынасқа түсуге, әлемді және өзін өзгертуге, ойды дамытуға мүмкіндік беретін құрал. Әрекеттің қызметі адамдарды заттар әлеміне бағыттау.




2-сурет – Әрекет
Өмір сүру барысында, адам өзінің психикасын түрлі жол мен әр түрлі әрекеттер арқылы жарыққа шығарады.

3-сурет – Әрекет түрлері
Ішкі әрекеттен сыртқы әрекет туады. Әрекет теориясының негізгі кезеңдерін зерттеген ғалымдар Леонтьев, Рубенштейн, Выгодский...

Сонымен оқушы өздігінен, белсенді оқып, қоршаған ортада өмір сүрсін десек, әлеммен кеңістікпен ғылыми тұрғыда әрекеттессін десек, оған кеңістік туғызып жағдай жасау керек. Өзара қарым қатынастың құралы - әрекет. Мұғалім оқушыны әрекетке үйрету үшін өзі педагогикалық білімді меңгеріп, баланың рефлексиялық қабілетін дамуына ерекше көңіл бөлу керек.

Мақсат – Мт – ойластырылған және көзделген, нәтижеге жеткізер жол. Мақсат - әрекеттің жобаланған нәтижесі. Мақсат - қажеттілік вектор, адамның позициясы. Мақсат әрекеттің бірінші буыны. Адамның нақтылы мақсаты объективті және субъективті кезеңдермен анықталады.

Объективті – табиғат және қоғам дамуының заңдары, адам өмір сүріп тұрған ортаның мәдени деңгейі.Субъективті – адамның қабілетімен сапалы қасиет жиыны.


4-сурет – Мақсат түрлері


Ішкі мақсат жеке бастың тәжірибесімен жалпы көз қарасының даму деңгейін анықтайды. Сыртқы - адамдар әрекетінің тарихи іс тәжірибесінің көрінісі.

Оқыту процессінде: сыртқы мақсаты ішкі мақсатқа ауысып, нәтижесінде қоғамдық мәні бар, қажеттіліктер мен қабілеттер туындайды.




5-сурет – Әрекеттер әдісін қатынастыры

Әрекеттер әдісін алгоритмдары
М-т 1. Таным әрекет мақсаты (3 алгоритм):

1) Нені түсіну;

2) Нені білу;

3) Не жөнінде екенін ұғыну;


М-т 2. Қарым –қатынас әрекет мақсаты (5 алгоритм):

1) Басқаға қатынастар (төзімділік, адалдық, сыпайылық, тілектестік т.б.);

2) Өз позицияңды хабарлай біл;

3) Оны қорғай біл;

4) Басқаның позициясын қабылдай біл;

5) Өзіңді ұстай біл;


М-т 3 Ойлау әрекетінің мақсаты (5 алгоритм):

1) Тыңдай біл;

2) Салыстыра біл;

3) Ең негізгісін бөле біл;

4) Дәлелдей біл:

5) Салыстыра біл;


М-т 4 Ситуация әрекет мақсаты. (4 алгоритм):

1) Өз орныңды анықта (қай рөльді атқарасың?);

2) Әрекетіңе мақсат қой;

3) Оған бағдарлама жасап, шешім қабылдай біл;

4) Өзіңе өзің баға бер;
М-т 5 Педагогикалық әрекет мақсаты. (4 алгоритм):

1) Зерттеу;

2) Жоспарлау;

3) Орналастыру;



4) Басқару.
Сонымен мақсат қажеттілікті анықтап оны іс жүзіне асырып адамның қабілетіне жеткізеді.

6-сурет – Менің қоршаған ортамды қоршап тұр

Адам біртұтас жүйе, ендеше ол әлемді тұтас жүйе ретінде қабылдау керек. Колледжде оқушылар әлем туралы мазмұнды оқулықтан алады, ал пәндер арасында байланыс жоқ, ендеше оқушы әлемдегі жүйелерді байланыста деп түсінік алып жатқан жоқ, бұл оқушының дамуына кедергі болып, оның қорғаусыз, еш жәрдемсіз күн кешуіне әкеліп соқтырады. Байланыссыз мазмұн, оқушының дамуының кежегіші болады. Мұғалім - Мн (мазмұн) – Оқушы. Мұғаліммен оқушы мазмұн арқылы әрекетке түсіп тұр. Мазмұнды әр оқушы өз қабілетіне қарай әкетеді. Бұл технологияда мазмұн модуль арқылы беріледі. Модуль латын тілінен қазақшаға аударғанда белгілі бір қызмет атқаратын түйін деген мағынаны білдіреді. Модуль жүйенің өзіне тән жалпы белгілерін сақтай отырып және оның өзіне тән белгілерін анықтауға мүмкіндік беретін мөлшер.

Модуль мазмұнды мөлшерлеп, ойымызды жүйелейді. Ойдың жүйеленуі сананы жүйелеп ғылыми көзқарасты қалыптастырады. Модульдік оқытуда дамыту кеңістігін жасауда негізгі екі проблеманы шешу керек:

1) мазмұн проблемасы, яғни оның жүйелілігі, ұйымдастырылуы, нақты мөлшері;

2) мұғалім мен оқушының өзара әрекет технологиясының мөлшері.

Модульдік оқытудың басқа оқу жүйесінен айырмашылығы:

- оқытудың мазмұны модуль түрінде беріледі;

- мұғалім мен оқушының оқу үрдісіндегі өзара әрекеті модуль көмегімен іс жүзіне асырылып, нәтижесінде оқушы белгілі деңгейге өздігінен қол жеткізгенін жете түсінеді;

- оқу үрдісінде оқушы мен мұғалім арасындағы өзара әрекеттің тепе-теңдігін сақтауды қамтамасыз етеді.
1-кесте – Модульдың құрылымы «қалам»

Жүйе

қалам

1 Жүйенің

элементі


сауыт


стержень


қалпақ


2 Жүйе

элементінің

қызметі


қорғау

жазу

бекіту

3 Жүйе

элементінің байланысы





4 Байланыс қызметі

тұрақты қалпын сақтау

5 Жүйенің қызметі

жазу

6 Норма

химиялық, физикалық, механикалық заңдарына бағыну

7 Жүйе қызметінің әдісі

өзара әсер

8 Нәтиже

дұрыс, анық жазу

9 Проблема

Сыяның ағып кетуі және суықта қатыпқалуы

Каталог: fulltext -> buuk
buuk -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі жүсіпов нартай қуандықҰЛЫ
buuk -> Мамандыққа кіріспе «Музыкалық білім»
buuk -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
buuk -> Кітаптану және кітап тарихы 050418 «Кітапханатану және библиография»
buuk -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
buuk -> Психотерапия технологиялары
buuk -> ДӘСТҮР – ДӘріс қазақ тілі пәнінен студенттерге арналған оқу құралы Павлодар Кереку 2010 Т. Х. Сматаев ДӘСТҮР – ДӘріс
buuk -> Ашимбетова Р. Д. Журналистің тіл мәдениеті Оқу құралы 050504 «Журналистика» мамандығының студенттеріне арналған Павлодар


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет