І. Қазақ тілі – мемлекеттік тіл



бет1/5
Дата29.01.2018
өлшемі0,8 Mb.
#36009
  1   2   3   4   5
І.

1. Қазақ тілі – мемлекеттік тіл.

ХХІ ғасырға тәуелсіз ел ретінде енген республикамыздың әлеуметтік, экономикалық, мәдени өмірінде үлкен өзгерістер болып жатыр. Қазақстан Республикасының Конститутциясы (1995), «Тіл туралы» Заң (1997), «Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» (1998) республикадағы тіл мәселелерін реформалауды жүзеге асыруға негіз болады әрі мүмкіндік береді. Сондықтан бұл реформаны жүзеге асыру үшін ір министрлік, әрбір мекеме, ұйымдар, жеке адамдар өздерінің нақты істерін көрететін шаралар белгілеп, соны жүзеге асыруы тиіс. Солардың шіндегі ең өзектісі, ең алдымен қолға алынатыны –қазақ тілінің конститутиялық мәртебесін мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық саласында жүзеге асыру.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген «Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» тіл саясатын іске асырудың алғашқы кезеңінде негізгі төрт бағытта іс-шаралар жүргізеді. Соның бірі –ресми іс жүргізуді мемлекеттік тілге кезең-кезеңмен көшірудің нақты негізін жасау.

Іс қағаздарын қазақша жүргізу – мемлекеттік тілдің жүзеге асуының нақты көрсеткіші.



1. ІС ҚАҒАЗДАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ

Іс қағаздарының түрлері


өмірбаян Заң

түйіндеме үкім, өкім

жеке іс парағы Жарғы, жарлық

визит карточкасы Ереже

өтініш хабарлама



арыз бұйрық

мінездеме нұсқау

кепілдеме ресми хаттар

кеден мағлұмдамасы хаттама

жеделхат жарнама

хабарландыру

қолхат


сенімхат

кепілхат


өтінім

тапсырыс


келісімшарт

еңбек шарты

шарт

еңбек келісімі


Іс-қағаздарының қызметтері:

- жеке тұлғалар арасындағы қатынасты реттеуші;

- жеке адам мен қоғам арасындағы қатынасты реттеуші;

- әр түрлі мекеме, ұйымдардың өзара байланысын реттеуші;

- мекеме, ұйым жұмысын ұйымдастыру тәртібін негіздеуші;

- жеке адам мен қоғам өміріне қатысты оқиғаларды айғақтаушы;

- мемлекеттік басқару ісін жүйелеуші;

- тарихи құбылыстарды зерттеудің қайнар көзі;

- мекеме мен ұйымның атқарған істерінің көрсеткіші;

- мемлекеттік тілдің жүзеге асуының нақты көрсеткіші.


Іс қағаздарының сипаттары:

- саяси ( мемлекетішілік, мемлекетаралық, халықаралық қатынастарда);

- әлеуметтік ( қоғамдық-әлеуметтік қатынастарда);

- ұйымдастырушылық ( басқару қызметі жүйесінде);

- құқықтық ( заңдық және жеке тұлғалар арасындағы қатынастарда);

- тарихи ( әр дәуірдің, қоғамдық сатының өзіндік ерекшеліктеріне сай қатынастарда).

- ресмилік ( міндетті түрде заңдық тұрғыда тіркелуінде).


Құжаттау үрдісі элементтері:

  • құжаттарды дайындау;

  • құжаттарды жолдау, тіркеу;

  • сырттан келген құжаттарды қабылдау, тіркеу;

  • құжаттарды қолдануға дайындау;

  • құжаттардың жүзеге асырылуын бақылау;

- құжаттарды мұрағат қорына дайындау.

Іс қағаздарын зерттеу нысанасына алатын ғылым салалары








Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізуге қатысты ресми құжаттар мен арнайы ұйымдар:

І кезеңде



  • Қазақ АССР Халық комиссарлар комитетінің 1921 жылы 2 ақпанда жарық көрген «Республиканың мемлекеттік мекемелерінде қазақ және орыс тілдерін қолдану туралы» декреті;

  • Қазақ АССР ОАК-нің 1923 жылғы қарашадағы «Қазақ тілінде іс қағаздарын жүргізуді ендіру туралы» декреті

  • Қазақ АССР ОАК Президиумының «Қазақ тілінде іс қағаздарын енгізу жөніндегі орталық комиссия туралы ережені бекіту туралы» қаулысы.

  • Қазақ АССР Еңбек Халық Комиссириатының 1924 жылғы 21 июльдегі «Қазақ тілінде іс жүргізуді енгізуге байланысты қызметкерлерді жұмыстан босату және оларды қазақ тілінде сөйлеп, жаза алатын қызметкерлермен алмастырудың тәртібі жөніндегі» қаулысы.

ІІ кезеңде



  • 1989 жылғы Қазақ ССР-інің Тіл туралы Заңы;

  • 1990 жылғы «Қазақ тілін және Қазақ ССР-індегі басқа да ұлт тілдерін дамытудың

2000 жылға дейінгі кезеңдерге арналған мемлекеттік бағдарлама»;

- 1993,1995 жылдардағы ҚР Конституциясы;

- 1989 жылы құрылған Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы;

- 1993 жылы Қазақстан Үкіметі жанынан құрылған Тіл комитеті



2. РЕСМИ ІС ҚАҒАЗДАР СТИЛІ

Стиль – латын сөзі, қазақ тіліне аударғанда «жазу мәнері» дегенді білдіреді.

Стилистика – тілдің қолданылу заңдылықтарын зерттейтін ғылым, ол тілдік белгілердің дұрыс қолданылу нормасын көздейді.

Қазақ әдеби тіл стильдері:


  1. ауызекі сөйлеу стилі

  2. көркем-әдебиет стилі

  3. публицистикалық стиль

  4. ресми іс қағаздар стилі

  5. ғылыми стиль

Ресми немесе іс қағаздар стилінің ерекшелігі, онда акт дәл көрсетіліп, бір ізбен жүйелі жазуға айрықша мән беріледі.

Қазақ тілінде қолданылып жүрген қалыптасқан сөз орамдарының көпшілігі орыс тілінің ықпалымен жасалған : қызу мақұлдау, қызу қарқын, тұрмыстық қызмет, қызмет көрсету, жүзеге асыру, қамтамасыз ету, өз күшінде қалдыру, қол жеткен табыс, кең жол ашу, іске қосу, мәселе көтеру, алғыс жариялау, сөгіс жариялау.

Көптеген сөздер белгілі стильге телулі болады, қолданылу жағынан шектеліп отырады. Мысалы: тағайындалсын, міндеттелсін, осы анықтама берілді, қаулы етеді, жарлық етеді т.б.

Ресми іс қағаздарында кейде бір заттың я ұғымның атауы қолданылу орнына қарай әр түрлі аталады. Мысалы, адам деген сөз ресми құжаттарда – азамат, жолдас, телефон станциясында – абонент, ательеде – заказ беруші, шаштаразда – клиент, ауруханада – науқас, санаторииде – демалушы, тынығушы, транспортта – жолаушы т.б. болып табылады.

Іс қағаздары стиліне әр түрлі мекемелерде жүргізілетін жазу үлгілері болады.
Ресми құжат стильдеріне тән белгілер:


  • мазмұнының қысқа әрі тұжырымды баяндалуы;

  • тұжырымдардың дәл, нақты болуы;

  • сөздер мен терминдердің нақты, тура мағынасында пайдаланылуы;

  • терминдер мен тұрақты орамдардың бірегейлігі;

  • терминнің ең қолданылу жиілігі жоғары, Мемлекеттік терминология комиссиясы бекіткен нұсқасының пайдаланылуы;

  • қалыптасқан мазмұндық-құрылымдық нормалардың қатаң сақталуы.


ІІ. Жеке адам өміріне қатысты құжаттар.

1. Өмірбаян.

Өмірбаян – жеке адамның өмір жолы хронологиялық тәртіпте қысқаша жасалған ресми құжат. Әдетте оқуға түсу, жаңа қызметке орналасу кезінде жазылады. Онда азаматтың аты-жөні, туған жылы, күні, айы және туған жері, ұлты, отбасы жағдайы, білімі, бітірген оқу орындары, қызметі мен жұмыс тәжірибесі туралы және т.б. қосымша мәліметтер көрсетіледі.

. Тәжірибеде өмірбаян үш түрлі болып жазылады. Бірі-адамның өз өмірі мен қызметі туралы баяндауы. Бұл көбінесе қызметке орналасу кезіндегі жеке іс қағазына қоса тігілу үшін жазылады. Онда адам өзінің аты-жөнін, туған күнін, толық көрсетеді. Одан кейін жаңа жолдан нақты деректермен санамалап жазады. Өмірбаянның бұл түрі көбінесе ресми түрде жазылады да, көлемі жағынан шағын болады.

Өмірбаянның екінші түрі — мемуарлар, яғни акын, жазушылардың, өнер, қоғам қайраткерлерінің өз өмірін қоғам өмірімен байланыстыра баяндауы. Мұндай өмірбаяндар көркем шығармаға жақын, әдеби тілмен, шебер жазылғандығымен оқырманды тартады және ол оқырманды жеке адам өмірімен ғана емес, қоғам дамуымен таныстырады. Мұндай шығармалар кай тілде болмасын өте көп және қара сөзбен де, өлең сөзбен де жазылған түрі кездеседі. Мысалы, Қ.Байсейітовтың "Құштар көңіл"(1977) Ш. Жиенқүлованың «Өмірім менің - өнерім» (1983) кітаптары өмірбаянның осы түріне жатады.

Өмірбаянның үшінші түрінде қоғамға белгілі қайраткерлердің өмірі мен шығармашылық, саяси қызметтері өз тарапынан емес, басқа біреулер тарапынан баяндалады. Мәселен, ұлы жазушылар мен ақындар-А.Құнанбаев, Ш.Уәлиханов, А.С. Пушкин өмірлері туралы шығармалар осындай өмірбаян түріне жатады. Мысалы, С.Мүқанов - «Аққан жүлдыз»,

М. Әуезов «Абай жолы». Өмірбаянның мұндай түрі көркем шығарманың әр түрлі жанрлары ыңғайында очерктен бастап роман-эпопеяға дейін жазыла береді.

Күнделікті өмірде ең жиі қолданылатын құжаттың біріншісі - өмірбаян. Өмірбаян әркімнің өз қолымен, таза, жүйелі түрде, сиямен жазылады. Арнайы қағазға жазылуы да мүмкін.


Өмірбаянның мазмұндық-құрылымдық жүйесі:

1. Құжаттың аты (өмірбаян)

2. Аты-жөні (толық жазылады), туған жылы, айы, күні, туған жері

3. Ұлты


4. Білімі, оқыған оқу орындары

5. Қоғамдық-саяси қызметі

6. Ата-анасы, жұбайы, балалары туралы мәлімет

7. Қазіргі жұмысы, мекен-жайы

Өмірбаянның мазмұны автордың өмір жолын, іскерлік қасиеттерін жан-жақты баяндап беруге тиіс.
Өмірбаян үлгілері.

Өмірбаян
Мен, Мақсат Ахметұлы Нүсіпбеков, 1983 жылы, 14 қаңтарда Алматы обылысы, Панфилов ауданы, Үшарал ауылында тудым. Менің ұлтым - қазақ. Алматы каласы, Бостандық ауданындағы №81 орта мектебін 2000 жылы бітірдім.

2004 жылы Қазақстан-Британ техникалық университетінің 1 курсына оқуға түстім.

Ата-анам бар; әкем — Ахмет Абимолдаұлы Нүсіпбеков циркте жұмыс істейді. Анам — Салтанат1 Әріпжанқызы Алпысбекова, ауруханада жұмыс істейді. Мен үйленбегенмін.

Қазір осы жоғары оқу орнының 2-курсында оқып жүрмін. Мақсатым - жоғары білім алып, маман болып шығу.

Мекен жайым: Алматы қаласы, "Орбита-3" ықшамауданы, 26-үй, 48-пәтер, тел. 29-48-56.

Өмірбаян
Мен, Серік Жүмаділұлы Қалымбетов, 1984 жылы Оңтүстік Қазақстан обылысы, Бәйдібек би ауданы, Боралдай ауылында қызметкерлер отбасында тудым.

1990-2001 жылдар аралығында Шымкент қаласындағы 3. Шүкіров атындағы №20 орта мектепте оқыдым. Мектепте оқып жүргенде үздік окушы екенімді көрсете білдім. Әр түрлі қоғамдық жүмыстарды атқардым, спортпен шұғылдандым.

Ата-анам бар: әкем - Ж. Қалымбетов Шымкент қаласында жекеменшік кәсіпорнында жұмыс істейді. Шешем ~ 3. Қалымбетова Шымкент қаласындағы №20 орта мектепте орыс тілінен сабақ береді.

2001 жылы аталған мектепті бітірген соң, Қазақстан-Британ техникалық университетіне мұнайшы-инженер мамандығын алу үшін окуға түстім.

Бүгінгі таңда осы оқу орнының 2-курс студентімін, мен үйленбегенмін. Ағылшын тілімен шүғылданамын, компьютерлік курсқа барып жүрмін. Алдыма қойған мақсатым: білімді маман болып шығу.

Мекен -жайым: Алматы қаласы, Тастақ-1 ықшамауданы, 9-үй, 53-пәтер, тел.40-02-05.


Өмірбаян

Мен, Куаныш Өмірбекұлы Қасенов, 1963 жылы 1 мамырда Семей облысы, Аягөз ауданы, Баршатас ауылында тудым. Ұлтым - қазақ. 1970-1980 жылдар аралығында «Баршатас» орта мектебінде оқыдым.

1980 жылы 1 қырқүйекте Қазақ политехника институтының металлургия өнеркәсібі кафедрасына ауыстым. Қазір осы кафедраның аға оқытушысымын.

Ата-анам бар: Әкем - Өмірбек Қасенов -Ұлы Отан соғысының ардагері; қүрметті зейнеткер, анам - Хадиша Қасымова - ұзақ жылдар бойы Баршатас орта мектебінде мүғалім болып істеді, қазір зейнеткер. Отбасым бар: жұбайым - Жазира Дүйсенқызы, жоғары білімді маман, дәрігер.

Үш балам бар, олар мектепте оқиды.

Әскери қызметке міндеттімін. Аға лейтенант атағым бар.

Қосымша мәліметтер: казақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік білемін, ЭЕМ (ЭВМ) бағдарламаларын толық меңгергенмін. Интернетте жұмыс істеймін.

Мекен- жайым: Алматы қаласы, "Қазақфильм" ықшамауданы, 47-үй, 18-пәтер.



Каталог: ld
ld -> Шпаргалка на казахском языке по истории Казахстана 100 м қашықтыққа ұшатын, орақ тәрәздә құрал-бумеранг
ld -> Қош келдіңіздер!
ld -> Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары
ld -> Сабақ: ана тілі Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпенің атасы»
ld -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
ld -> Ақтқбе облысы Байғанин ауданы №3 Қарауылкелді орта мектебі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Өзен" Мұғалімі: 3 "
ld -> Әнші- ақындар шығармашылығы
ld -> Есмағамбет Ысмайлов Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияным жоқ жүрген жанмын
ld -> Өмірбаяны Хронология Қорытынды пайдаланған әдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет