І. ӘДебиетті оқытудың ТӘрбиелік мәНІ



бет1/7
Дата07.05.2020
өлшемі190 Kb.
#66550
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Абай шығармалары


ЖОСПАР

КІРІСПЕ....................................................................................................................3

І. ӘДЕБИЕТТІ ОҚЫТУДЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ...............................................5

1.1 Әдебиетті оқытудың мақсаты..........................................................................5

1.2 Көркем әдебиеттің тәрбиелік мәні.................................................................6

ІІ. ӘДЕБИЕТТІК ОҚУ САБАҚТАРЫНДА АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ................................................................................................13

2.1 Абай- ғылым, білім насихаттаушысы..........................................................13

2.2 Абайдың шығармаларындағы табиғат лирикасы......................................20

2.3 Абайдың қара сөздерінің философиялық астары.....................................22
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................29

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................................................30



КІРІСПЕ
Эстетикалық тәрбиенің басты құралдарының бірі көркемөнер туындылары болса, ол адамдарды жақсыға еліктетіп, кез келген істердің, құбылыстардың жақсы жағын көре білуге, оны байытып, дамытуға жұмылдырылған. Олай болса Абай Құнанбаев шығармаларындағы эстетикалық тәрбиелік ойлар туралы сөз қозғамас бұрын, оның көркемдік талғам парасатының қалыптасуына ықпал еткен факторлар туралы айтқан орынды. Ақын медреседе оқып жүрген кезінде, көбінесе, шығыс ақындарының шығармаларын көп оқығаны туралы оның өмірбаянын зерттеушілер М.Әуезов, С.Мұқанов, Р.Сыздықова, Қ.Жұмалиев, Х.Сүйіншәлиев, З.Қабдолов, т.б. жеткілікті айтқан. Бұны олар Абайдың алғашқы ақындық жолына түсуінің еліктеуден басталғанын, ізденіс кезеңі ретінде қарастырады. Зерттеуші ғалымдар жалпы ақынның қалыптасуына үш бұлақ – Шығыс поэзиясы мен қазақ ауыз әдебиеті, орыс әдебиеті және Еуропалық әдебиеттің ықпалы болғанын айтып келеді. Кейін келе ақын поэзияны еркін меңгерген кезде өз жолын анық бейнелейтін шығармалар жазып, қазақ әдеби тілінің бай қорын емін-еркін пайдалануы және тіл тазалығынан көруге болады. Осы орайда ғұлама, ақын, философ Абай Құнанбаев шығармаларындағы эстетикалық ой-пікірлерін студент жастарға эстетикалық тәрбие беру мақсатында тиімді пайдалану.

Еліміздің көркейіп өркениетті елдер қатарына, әсіресе, халықаралық деңгейге көтерілуіне осы заманғы жас ұрпақтың бет-бейнесі және олардың тәрбиелік деңгейіне де тікелей байланысты. Олай болса, бүгінгі жоғары оқу орындарындағы студент жастар бойында жаһандану заманына лайық, әлемдік мәдениет пен өзге тілдерді меңгеру және тіл арқылы өз мәдениетінің жетістігін дамыту мүмкіндіктерін қарастыруды қажет етеді. Бұны қайтадан жандандырудың көп жолдарының бірі – халқымыздың көркемдік тәрбиеге байланысты ертеден келе жатқан ой-пікірлеріне сүйене отырып, солардың ішінен қазіргі заманғы эстетикалық тәрбие беруді шешуге іргетасы болатын ұрымтал ойларды бүгінгі күн талаптарына сай пайдалану. Бүгінде еліміздің білім беру ұйымдарында Абай шығармаларын оқыту мен оларды тәрбие үдерісінде пайдалану жұмыстары жанданып келеді. Ақын шығармалары арқылы эстетикалық тәрбие беруді қарастырғанда алдымен шығармаларын философияның эстетикалық талабы тұрғысынан қарастыру, содан соң ғана солар арқылы эстетикалық тәрбие беру мәселелеріне назар аудару керек деген ойдамын. 

Курстық жұмыстың мақсаты: Әдебиеттік оқу сабақтарында Абай шығармаларының тәрбиелік мәнінің идеяларын ашып тәрбиелік жағына ерекше көңіл бөлу.

Міндеттері:

1.  А.Құнанбаевтың  өмірі мен шығармашылығына ғылыми  талдау  жасау. 

2.  А.Құнанбаевтың  педагогикалық және ағартушылық идеяларын бүгінгі қоғамдық-әлеуметтік талаптарына байланысты ғылыми тұрғыдан зерттеу . 

 
 
 


 
 
 
 
 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет