І. Фонетика. “Қазақ тіліне тән дыбыстар” тақырыбы бойынша тест сұрақтары



Дата11.01.2017
өлшемі246,36 Kb.
#7474


І. Фонетика.

Қазақ тіліне тән дыбыстар” тақырыбы бойынша тест сұрақтары.


1. Тек қазақ тіліне тән дыбыстарды көрсетіңіз.

а) ң, у, о, а, ...

в) о, а, һ, ғ ...

с) ә, ө, е, к ...

д) қ, ң, у, о...

е) ә, ғ, ұ, і ...

2. Қазақ тіліне тән дауысты дыбыстарды табыңыз.

а) һ, х, ц

в) с, р, ғ

с) і, ұ, ү

д) а, ы, с

е) б, д, у

3. Тек үнді дауыссыз дыбыстардан тұратын сөзді көрсетіңіз.

а) өнер


в) әңгіме

с) тілек

д) ұстаз


е) елтаңба

4.Қатаң дауыссыз дыбыстар санын көрсетіңіз.

а) 25

в) 7


с) 6

д) 11


е) 18

5. Қазақ тілінде неше үнді дыбыс бар?

а) 9

в) 8


с) 6

д) 7


е) 5

6. Қатаң дыбыстары бар сөзді табыңыз.

а) із

в) біз


с) май

д) лаң


е) қыс

7. Үнді дауыссыздарды көрсетіңіз.

а) р, л, м, и ...

в) с, у, ш, ң ...

с) қ, л, м, н ...

д) и, ң, в, т ...

е) ң, р, л, м ...

8. Қай дауысты дыбыс әрі жуан, әрі жіңішке дауыстыға жатады?

а) у

в) ү


с) о

д) а


е) е
9. Тек қатаң дауыссыздарды табыңыз:

а) ы, с, х, м, ң

в) с, т, п, к, қ

с) б, в, ғ, г, з

д) а, м, р, т, н

е) қ, ш, ғ, д, г

10. Дауыстылардың тілдің қатысына қарай түрлерін белгілеңіз:

а) жуан, жіңішке

в) қатаң, ұяң

с) езулік, еріндік

д) үнді, қатаң

е) ашық, қысаң

11. “О” қандай дыбыс екенін анықтаңыз.

а) дауыссыз

в) қысаң

с) езулік

д) жіңішке

е) жуан


12. Ұяңнан басталып, ұяңға аяқталған сөзді табыңыз.

а) нүкте


в) жалғыз

с) жеңіс


д) белес

е) жомарт

13. Дыбыстарға жатпайтын әріптерді анықтаңыз.

а) у, й


в) ю, я

с) ы, э


д) һ, ш

е) ъ, ь


14. Жіңішке дауысты сөзді табыңыз.

а) қара


в) кілем

с) сауысқан

д) қауырсын

е) базар


15. Көп нүктенің орнына қойылатын ұяң дауыссыз дыбыстарды белгілеңіз.

Ба...а, ...аз, ...ерек

а) ж, ғ, з

в) д, ғ, з

с) б, з, в

д) ғ, ж, з

е) д, ғ, в

16. Дауысты дыбыстар ерін қатысына қарай қандай түрлерге бөлінеді.

а) жуан, жіңішке

в) шұғыл, ызың

с) еріндік, езулік

д) ашық, қысаң

е) тіл алды, тіл арты

17. Тіл дыбыстарын зерттейтін ғылым қалай аталатынын көрсетіңіз

а) грамматика

в) лексика

с) морфология

д) синтаксис

е) фонетика

18. Дұрыс әріпті табыңыз: “ Қазақ тілін ме...геру қажет”

а) н

в) й


с) ң

д) и


е) м

19. Буын үндестігін құрайтын дауысты дыбыстарды көрсетіңіз.

а) жуан, жіңішке

в) ұяң, қатаң

с) қатаң, жуан

д) үнді, ұяң

е) дауыссыз, қатаң

20. Қазақ тілінің төл дыбыстары нешеу екенін көрсетіңіз.

а) 8

в) 13


с) 10

д) 11


е) 9

21. “ Әуендері ” сөзіндегі дауысты дыбыс санын анықтаңыз.

а) 4

в) 6


с) 5

д) 3


е) 2


Сөз таптары.

Зат есім ” тақырыбы бойынша тест сұрақтры.

1. Негізгі зат есімді анықтаңыз.

а) жақсылық

в) адам

с) қойшы


д) бұрғы

е) білім


2. Жалқы есім қатарын анықтаңыз.

а) қала, көше

в) Сәуле, Қазыбек би

с) мектеп, көше

д) экономика, саясат

е) әңгіме, мысал

3. Негізгі зат есімді белгілеңіз.

а) оқушы


в) достық

с) күнделік

д) қол

е) білім


4. Туынды зат есімді көрсетіңіз.

а) балық


в) жазушы

с) көр


д) көлік

е) таулы


5. Дара жалпы есімді табыңыз.

а) қара-қара

в) ақсақал

с) балалық

д) бақа-шаян

е) шекара

6. Тау, тас, дақыл - сөздерін қай қатарға жатқызуға болатынын анықтаңыз.

а) туынды

в) дерексіз

с) күрделі

д) жалқы есім

е) жалпы есім

7. Зат есімді табыңыз.

а) қуырдақ

в) қуыр

с) қуыру


д) қуырдым

е) қуырған

8. Сөйлемдегі жалқы зат есімді табыңыз. Әжем Дәурен екеумізге қолғап тоқыды.

а) Дәурен

в) тоқыды

с) қолғап

д) екеумізге

е) әжем
9. Негізгі зат есімді көрсетіңіз.

а) теңізші

в) балталы

с) көңілшек

д) ар


е) арбакеш

10. Күрделі зат есімдерді көрсетіңіз.

а) Жетісу, баспасөз, Алатау

в) пікір, астық, арыстан

с) тырна, боран, қар

д) жігіт, дәптер, қалам

е) ана, ауыл, машина

11. Дерексіз зат есімді белгілеңіз.

а) алтыбақан

в) жер


с) даңқ

д) дария


е) жусан

12. Берілген сөзден туынды зат есім жасайиын жұрнақты көрсетіңіз.

Адам...

а) –дар


в) –ға

с) –ша


д) –шылық

е) –дікі


13. Жіктік жалғауы дұрыс жалғанған зат есімді табыңыз.

а) аспанбыз

в) мектепке

с) шәкіртпіз

д) оқулықтарымыз

е) тіліміз

14. Сөйлемдегі зат есім қай сөз табынан жасалып тұрғанын анықтаңыз. Мен кеше күрегімді жоғалтып алдым.

а) сын есім

в) зат есім

с) үстеу


д) етістік

е) еліктеу

15. Деректі зат есімді анықтаңыз.

а) ар


в) шабуыл

с) Дәулет

д) тас

е) ақыл


16. Тырнақшаға алынып жазылатын зат есімді табыңыз.

а) Отырар

в) М. Әуезов

с) Есіл


д) Өскемен

е) Балдырған журналы

17. Туынды зат есімдерді көрсеіңіз.

а) су, от, жан

в) есік, еден, қабырға

с) ел, ер, кітап

д) білім, оқушы, бөлме

е) ауыл, бала, жел

18. Жатыс септігіндегі зат есімді табыңыз.

а) жазғы


в) батыста

с) өзеннің

д) шығыстан

е) көлдер

19. Көптік жалғаулы зат есімді табыңыз.

а) қабырға

в) сабақ

с) дос


д) ағаштар

е) ақыл


20. Жалпы есімді табыңыз.

а) “ Ұлан ”

в) “ Парасат ”

с) “ Қостанай таңы ”

д) “ Балдырған ”

е) Газет


21.Негізгі зат есімді көрсетіңіз.

А. Жылы


В. Тау

С. Көтер


Д. Ақырын

Е. Айт


22. Сөз тудырушы жұрнақ арқылы жасалған зат есімді табыңыз.

А. Балгер, өнерпаз

В. Атай, әжей

С. Көрпеше, түйіршік

Д. Айиқалы, жаза

Е. Көрсе, естір

23. Жалқы есімі бар сөйлемді табыңыз.

А. Мұражай ауласында сирек кездесетін ағаштар өседі.

В. Ішкі қабырғаларинтетьері түрлі түсті бояумен боялған.

С. Іші-сырты шығыс халықтарының өнер үлгілерімен өрнектелген.

Д. Панфилов қаласында сәулет-көркемөнер мұражайы бар.

Е. Көне шамдар көз тартады.

24. Туынды зат есім тізбегін көрсетіңіз.

А. Гүлді, күлгін

В. Мол, жігер

С. Білім, жамандық

Д. Алыстау, ардақты

Е. Білгіш, өнерлі


Сын есім тақырыбы бойынша тест сұрақтары.


1. Сын есімнің сұрағын табыңыз.

а) Қанша?

в) Кім? Не?

с) Қайда?

д) Не істеді?

е) Қандай? Қай?

2. Сын есімді сөз тіркесін табыңыз.

а) Ойын ойнады.

в) Ұзақ жол.

с) Сөз сөйлеу.

д) Тез ойлану.

е) Гүрс – гүрс естілу.

3. Сын есімді табыңыз.

а) Естігенді.

в) Дәптерді.

с) Әйелді.

д) Дәмді.

е) Кеткенді.

4. Сапалық сын есімді анықтаңыз.

а) Мақтаншақ адам.

в) Түнгі аспан.

с) Биік ғимарат.

д) Көтеріңкі көңіл.

е) Ақылды бала.

5. Заттың сапасын білдіретін сөз табын табыңыз.

а) Зат есім.

в) Сын есім.

с) Одағай.

д) Шылау.

е) Етістік.

6. Сын есімді табыңыз.

а) Қышқыл.

в) Найза.

с) Мезгіл.

д) Өнер.

е) Сырт.


7. Күрделі сын есімді табыңыз.

а) Жасылдау.

в) Көкшіл.

с) Сары ала.

д) Қызықтырақ.

е) Сұлу.


8. Салыстырмалы шырайда тұрған сөзді көрсетіңіз.

а) Жақсылық.

в) Жақсымен.

с) Жақсырақ.

д) Жап – жақсы.

е) Жақсыда.

9. Күрделі сын есімнің дұрыс жазылу жолын көрсетіңіз.

а) Аппақ көйлек.

в) Әппақ көйлек.

с) Ап – ақ көйлек.

д) Әп – ақ көйлек.

е) Апақ көйлек.

10.Заттың түсін білдіретін сын есімді көрсетіңіз.

а) Зейінді, ынталы.

в) Жас, кәрі.

с) Қара, көк.

д) Үлкен, биік.

е) Жақсы, ақылды.

11.Сын есімнің түрін көрсетіңіз.

а) Реттік, жинақтық.

в) Сапалық, жинақтық.

с) Сапалық, қатыстық.

д) Сапалық, реттік.

е) Реттік, қатыстық.

12. Зат есімнен сын есім жасап тұрған жұрнақты табыңыз.

а) Баспахана үйі.

в) Сыпайы бала.

с) Биіктеу адам.

д) Малды ауыл.

е) Кішкене төбешік.

13.Жай шырай сын есімді табыңыз.

а) Әп - әдемі.

в) Жақсы.

с) Қызғылт.

д) Ең биік.

е) Үлкендеу.

14.Дара сын есімді көрсетіңіз.

а) Ақ ала.

в) Ақ.

с) Қара ала.



д) Қара көк.

е) Қызыл сары.

15.Күшейтпелі шырайдағы сөзді табыңыз.

а) Жаман.

в) Үлкендеу.

с) Қып – қысқа.

д) Жақсы.

е) Жарық.

16.Сын есімі бар сөйлемді табыңыз.

а) Бала тілі – бал.

в) Еңбек ер атандырады.

с) Балалы үй – базар.

д) Ұрлық түбі қорлық.

е) Оқу – білім бұлағы.

17.Туынды сын есім қалай жасалынатынын көрсетіңіз.

а) Көптік жалғау арқылы.

в) Жұрнақ арқылы.

с) Шылау арқылы.

д) Септік жалғауы арқылы.

е) Ешбір қосымшасыз.

18.Сын есімді табыңыз.

а) Қырық.

в) Жарық.

с) Бұйрық.

д) Қайық.

е) Бұрын.

19.Сапалық сын есімді табыңыз.

а) Қайырымды.

в) Қорқақ.

с) Білгіш.

д) Ыстық.

е) Ашушаң.

20.Қатыстық сын есімді табыңыз.

а) Биік.


в) Ақ сары.

с) Өнегелі.

д) Ап – аласа.

е) Биік – биік.

21.Шырай категориясына қай сөз табында болатынын белгілеңіз.

а) Етістік.

в) Сан есім.

с) Сын есім.

д) Зат есім.

е) Есімдік.

Сан есім” тақырыбы бойынша тест сұрақтары.

1. Сан есімді табыңыз.

а) мың

в) алтын


с) теңге

д) дүкен


е) ақша

2. Топтау сан есімді табыңыз.

а) тоқсандай

в) тоқсаныншы

с) тоқсандарда

д) тоқсаннан

е) тоқсан

3. Реттік сан есімнің жұрнақтарын көрсетіңіз.

а) – дан, -ден

в) –лық, -лік

с) –ншы, -нші

д) –шы, -ші

е) –ау, -еу

4. Сөйлемдегі сан есімді табыңыз. Қазақ тілі үйірмесіне сағат төртте барамын.

а) үйірмесіне

в) төртте

с) барамын

д) Қазақ тілі

е) сағат

5. Есептік сан есім нені білдіретінін белгілеңіз.

а) Заттың санын топтап көрсетеді

в) Заттың реттік санын білдіреді

с) Заттың санын болжап, шамалап көрсетеді

д) Заттың санын жинақтап көрсетеді

е) Заттың санын білдіреді

6. Бөлшектік сан есімі бар сөз тіркесін табыңыз.

а) досым жетеу

в) жиырма төрт сағат

с) екі бүтін оннан бес пайыз

д) он екі ай

е) алтыншы сынып

7. Күрделі сан есімді анықтаңыз.

а) үшінші

в) тоғыз жүз елу

с) мың

д) алтау


е) жетілерде

8. Реттік сан есімді көрсетіңіз.

а) ондаған

в) он - оннан

с) он екі

д) оннан


е) оныншы

9. Болжалдық сан есімнің жұрнақтарын көрсетіңіз.

а) –ыншы, -інші

в) қосымшасыз

с) –ау, -еу

д) –дан, -ден

е) –дай, -дей

10. Жинақтық сан есімді анықтаңыз.

а) үшеу

в) кітап


с) ащы

д) жоғары

е) оқыды

11. Жетіге саналатын сан есімнің тобын анықтаңыз.

а) топтау

в) болжалдық

с) реттік

д) болжалдық

е) жинақтық

12. Дара сан есімді көсетіңіз.

а) екі жүз сегіз

в) жиырма бес

с) он төрт

д) бестен үш

е) жиырма

13. Сан есім нені білдіретінін белгілеңіз.

а) Заттың сапасын, түр – түсін

в) Іс – қимылының мезгілін

с) Заттың санын, мөлшерін

д) Заттың қимыл - әрекетін

е) Заттың атын

14. Көмектес септігінде тұрған сан есімді табыңыз.

а) екінің

в) екіні


с) екіден

д) екімен

е) екіде

15. Сан есімге қандай тыныс белгісі керек, анықтаңыз. Мен 11 інші сыныпта оқимын.

а) тире

в) дефис


с) үтір

д) қос нүкте

е) нүкте

16. Сан есімді тіркесті табыңыз.

а) Үйдің іші

в) Ондаған адам

с) Данагөй қар ия

д) Әлденеше күн

е) Қызыл алма

17. Есептік сан есмнің сұрақтарын белгілеңіз

а) Кімге? Қайда?

в) Қанша? Неше?

с) Нешінші? Қандай?

д) Қандай? Неше?

е) Неге? Кім?

18. –ау, -еу қосымшалары арқылы сан есімнің қай түрі жасалатыны анықтаңыз.

а) реттік

в) болжалдық

с) жинақтық

д) бөлшектік

е) есептік

19. Сан есім сөйлемде қандай қызмет атқарып тұрғанын белгілеңіз. Биыл оның жасы он бесте.

а) бастауыш

в) толықтауыш

с) пысықтауыш

д) баяндауыш

е) анықтауыш

20. Сан есім мағынасына қарай неше топқа бөлінетінін анықтаңыз.

а) 4

в) 5


с) 6

д) 7


е) 8

.” Есімдік ” тақырыбы бойынша тест сұрақтары.

1. Жалпылау есімдігін көрсетіңіз.

а) бұған, анаған

в) барлығына, түгеліне

с) өзіме, өзіңе

д) ешкімге, ешқайда

е) маған, бізге

2. Сілтеу есімдігі бар мақал – мәтелді белгілеңіз.

а) Еңбек түбі – береке.

в) Бұдан кір қорқады, судан бұл қорқады.

с) Сөздің көркі – мақал.

д) Өнер алды – қызыл тіл.

е) Жақсы сөз – жарым ырыс.

3. Өздік есімдігі бар сөйлемді табыңыз.

а) Ол жайлы сурет салыңдар.

в) Бұл жайлы әңгіме құраңдар.

с) Өз пікірлеріңді айтыңдар.

д) Сендер толық мәлімет беріңдер.

е) Жануарлардың мінезін сипаттаңдар.

4. Шығыс септігінде тұрған болымсыз есімдікті табыңыз.

а) Ешкімді

в) Ешкімнен

с) Ешкімсіз

д) Ешкіммен

е) Ешкімге

5. Сұрау есімдіктер тобын көрсетіңіз.

а) Өзім, өзің, өзі

в) Біз, сіз, ол

с) Қандай? Қанша? Неше?

д) Біреу, кейбіреу, әркім

е) Анау, мынау, осынау

6. Анау, әне, міне, осы есімдіктің қай түрі екенін белгілеңіз.

а) Жалпылау

в) Жіктеу

с) Болымсыздық

д) Сілтеу

е) Өздік

7. Сұрау есімдіктер тобын көрсетіңіз.

а) Біз, сіз, ол

в) Өзім, өзің, өзі

с) Біреу, кейбіреу, әркім

д) Қандай? Қанша? Неше?

е) Анау, мынау, осынау

8. Есімдікті табыңыз.

а) Қызыл, көк

в) Белсенді, басшы

с) Бәрекелді, пәлі

д) Әрине, мүмкін

е) Сонау, мына

9. Бәрі, бүкіл, түгел, барлық, күллі есімдіктің қай түріне жататынын белгілеңіз.

а) Сілтеу

в) Жіктеу

с) Сұрау

д) Өздік


е) Жалпылау

10.Жатыс септігінде тұрған жіктеу есімдігін табыңыз.

а) Одан

в) Оған


с) Онда

д) Оны


е) Ол

11.Сілтеу есімдігі бар сөз тіркесін табыңыз.

а) Ұлттық театр

в) Осы сахна

с) Өз көрермендері

д) Алғаш рет

е) Қандай тамаша!

12.Синонимдес шылауларды табыңыз.

а) Және, бірақ

в) Сондықтан, сол себепті

с) Алайда, демек

д) Туралы, да, де

е) Себебі, секілді

13.Өздік есімдігі бар тіркесті табыңыз.

а) Шөптің басы

в) Ел ырысы

с) Өз заты

д) Күзгі түн

е) Жарық күн

14.Белгісіздік есімдігін табыңыз.

а) Күллі

в) Біреу


с) Бәрі

д) Бәріміз

е) Барша

15.Өздік есімдігінің септелген түрін көрсетіңіз.

а) Өлке, өгіз

в) Өзімізде, өзімізді

с) Бестей, ондай

д) Өзің, өзі

е) Өзара, өзге

16.Тиісті есімдікті қойыңыз. ... сабақ оқыдым.

а) Ол

в) Біреу


с) Олар

д) Мен


е) Кім

17.Есімдік мағынасына қарай нешеге бөлінетінін белгілеңіз.

а) 8

в) 2


с) 3

д) 6


е) 7

18.Дара есімдікті табыңыз.

а) Әр түрлі

в) Әлденеше

с) Өзіміз

д) Бірін – бір

е) Бір мезгілде

19.Бірге жазылатын есімдікті табыңыз.

а) Әр адам

в) Әр уақытта

с) Әр түрлі

д) Әр қалай

е) Әр кезде

20.Дұрыс септелген есімдікті табыңыз.

а) Менге

в) Сенмен

с) Сода

д) Бұдан


е) Сеннің

Етістік ” тақырыбы бойынша тест сұрақтары.


1. Етістікті табыңыз.

а) Терезе.

в) Мереке.

с) Бөдене.

д) Шегеле.

е) Шағала.

2. Түбір етістікті табыңыз.

а) Келгелі.

в) Келіп.

с) Кел.


д) Келіпті.

е) Келу.


3. Болымсыз етістікті табыңыз.

а) Қызғанды.

в) Жылады.

с) Күлді.

д) Жуынды.

е) Алмады.

4. Көп нүктенің орнына тиісті етістікті жазыңыз: Мен кітапханаға жиі ... .

а) Барды.

в) Барасың.

с) Барамын.

д) Бармақшымын.

е) Барады.

5. Бұйрық райдың ІІІ жағын табыңыз.

а) Түсініңіздер.

в) Жетсін.

с) Ұнатты.

д) Табыңдар.

е) Үйренгісі келеді.

6. Қалау райды табыңыз.

а) Менікі емес.

в) Бара жатыр.

с) Көргім келеді.

д) Көрдім.

е) Кездесетін болдық.

7. Ашық райды табыңыз.

а) Ойнады.

в) Ойнайтын.

с) Ойнаса.

д) Ойнаған.

е) Ойнағысы келеді.

8. Шартты райдың І жақ көпше түрдегі нұсқасын көрсетіңіз.

а) Оқымасаңдар.

в) Оқымасақ.

с) Жазбасам.

д) Дайындалса.

е) Келсеңіз.

9. Болымды етістікті табыңыз.

а) Күреспеу.

в) Бала.

с) Би билеу.

д) Әркім.

е) Қаншама.

10.Етістіктің сұрақтарын табыңыз.

а) Не істеді? Қайтті?

в) Кім? Не?

с) Қашан? Қайда?

д) Қанша? Неше?

е) Неше? Нешінші?

11.Өткен шақтағы етістікті табыңыз.

а) Ақша.


в) Көрмеу.

с) Ақшыл.

д) Келе жатыр.

е) Бітірді.

12.Етістікті сөз тіркесін табыңыз.

а) Көлдің сәны.

в) Сол жақта.

с) Бір уыс.

д) Демалып жатыр.

е) Елуге тарта.

13.Дара етістікті табыңыз.

а) Аяқта.

в) Жазып отыр.

с) Алып кел.

д) Барғысы келді.

е) Сатып алды.

14.Туынды етістікті табыңыз.

а) Сыр.


в) Сылдыр.

с) Түне.


д) Келмек.

е) Жаңа.


15.Нақ осы шақ етістігі бар сөйлемді белгілеңіз.

а) Қыздар ағаштарды отырғызды.

в) Мектеп ауласында ағаштардың саны артты.

с) Кішкентай балалар ағаштарды санап тұр.

д) Балалар шелекпен су әкелді.

е) Ұлдар әр жерден шұңқыр қазды.

16.Тұйық етістікті анықтаңыз.

а) Айтыс.

в) Көрсет.

с) Қу.


д) Жу.

е) Ұнау.


17.Сөйлемдегі етістіктің шағын көрсетіңіз:Асқар өлеңді мәнерлеп оқып отыр.

а) Ауыспалы келер шақ.

в) Осы шақ.

с) Өткен шақ.

д) Жедел өткен шақ.

е) Келер шақ.

18.Мақсатты келер шақтағы етістікті табыңыз.

а) Отырмаған.

в) Бейнелейді.

с) Айтады.

д) Жасамақпын.

е) Жазбайды.

19.ІІ жақтағы етістікті табыңыз.

а) Келе жатыр.

в) Айттым.

с) Отыр.


д) Көрсеттің.

е) Салды.

20.Бұйрық райлы етістікті көрсетіңіз.

а) Көрсетеді.

в) Көрсетейік.

с) Көрсетпеді.

д) Көрсетпейікші.

е) Көрсет.

Үстеу ” тақырыбы бойынша тест сұрақтары.
1. Себеп – салдар үстеулі тіркесті көрсетіңіз.

а) Тез келді.

в) Етпетінен жығылды.

с) Амалсыздан көнді.

д) Дереу жетті.

е) Жорта сөйледі.

2. Мекен үстеулі тіркесті көрсетіңіз.

а) Ала жаздай ән салды.

в) Ілгері жылжыды.

с) Ән айтты.

д) Былтыр көрген.

е) Тағы да келді.

3. Үстеудің сөйлемде негізінен қандай қызмет атқаратынын табыңыз.

а) Пысықтауыш.

в) Анықтауыш.

с) Бастауыш.

д) Толықтауыш.

е) Баяндауыш.

4. Үстеуді табыңыз.

а) Сыбырла.

в) Қараңғы.

с) Күндіз.

д) Аһ.

е) Жарқ – жұрқ.



5. Үстеуден жасалып тұрған туынды үстеуді табыңыз.

а) Қазақша, орысша.

в) Кешкісін, ертеңгісін.

с) Бармайынша, келмейінше.

д) Жөнімен, ретімен.

е) Ілгері.

6. Мезгіл үстеулі тіркесті көрсетіңіз.

а) Жоғары өрледі.

в) Ышқына соғады.

с) Қысы – жазы үзілмейді.

д) Ілгері кетті.

е) Сабақ бітті.

7. Үстеу дегеніміз не?

а) Іс - әрекет, қимылды білдіреді.

в) Қимылға, іс - әрекетке еліктеуді білдіреді.

с) Заттың сапасын, көлемін білдіреді.

д) Қимылдың мезгілін, белгісін, себебін, мақсатын білдіреді.

е) Сөз бен сөзді байланыстырады.

8. Мақсат үстеуін табыңыз.

а) Әлгінде, емін – еркін.

в) Орасан, әжептәуір.

с) Жорта, әдейі.

д) Тысқары, мұнда.

е) Амалсыздан, бекерге.

9. Қай үстеу асырмалы шырай жасауға қатысады?

а) Мөлшер.

в) Мезгіл.

с) Мақсат.

д) Күшейткіш.

е) Себеп – салдар.

10.Мөлшер үстеуін табыңыз.

а) Әжептәуір.

в) Әрең.

с) Ілгері.

д) Кеше.

е) Тым.


11.Дефис арқылы жазылатын үстеуді табыңыз.

а) Қыстыгүні.

в) Құр босқа

с) Емін – еркін.

д) Биыл.

12.Үстеуден жасалған етістікті табыңыз.

а) Сылтаурат.

в) Тездет.

с) Жылтырат.

д) Қарайт.

е) Келген.

13.Күрделі үстеуді көрсетіңіз.

а) Бүгін келдім.

в) Кеше бардым.

с) Әрең көрдім.

д) Балаша сайрады.

е) Шикілей әкелді.

14.Туынды үстеуді табыңыз.

а) Шалқасынан.

в) Кеше.


с) Кейде.

д) Зорға.

е) Орасан.

15.Үстеу бастауыш қызметін атқарып тұрған сөйлемді табыңыз.

а) Бірі – қартаң, бірі – жас қонақ.

в) Қасына қайта отырғызды.

с) Тезірек қимылда.

д) Ел ертеңі білімді жастар қолында.

е) Ары таза болмаған адам бұрын қағады кірпігін.

Шылаулар ” тақырыбы бойынша тест сұрақтары.


1. Жалғаулық шылауды табыңыз.

а) Үшін.


в) Екеш.

с) Ақ.


д) Бірақ.

е) Кейін.

2. Септеулік шылауды табыңыз.

а) Өйткені.

в) Және.

с) Егер.


д) Үшін.

е) Мен.


3. Жалғаулық шылауды табыңыз.

а) Тірі ме?

в) Өмір – ай.

с) Жақсылық туралы.

д) Қыз және ұл.

е) Мектептен соң.

4. Сұраулық демеуліктерді анықтаңыз.

а) Әлде, немесе.

в) Және, әрі.

с) Ма, ме.

д) – мыс, -міс.

е) Пен, бен.

5. Кезектес жалғаулық шылауын табыңыз.

а) Арқылы.

в) Түгіл.

с) Туралы.

д) Бірде.

е) Және.


6. Көп нүктенің орнына кезекті демеулікті қойыңыз

а) Ма.


в) Бе.

с) Ба.


д) Ақ.

е) Ме.


7. Септеулік шылауды белгілеңіз.

а) Досым туралы жақсы хабар естідім.

в) Кеше ғана ол ауылдан келді.

с) Өмірден өз орнын тапқан – ды.

д) Қоңырау соғылды, бірақ сабақ басталған жоқ.

е) Атам және әкем алыс сапарға аттанды.

8. Жалғаулықтардың түрін анықтаңыз: Я, яки, не, немесе.

а) Талғаулықты.

в) Қарсылықты.

с) Іліктес.

д) Ыңғайластық.

е) Себеп - салдар.

9. Демеулікті көрсетіңіз.

а) Бірақ, сондықтан.

в) Мен, бен, пен.

с) Бірақ, немесе.

д) – ақ, - ау.

е) Арқылы, туралы.

10.Үшін, туралы, жайлы шылулары қай септіктен кейін келетінін көрсетіңіз.

а) Барыс.

в) Ілік.

с) Жатыс.

д) Табыс.

е) Атау.


11.Жалғаулық шылауды табыңыз.

а) Әрі.


в) Қатар.

с) Екеш.


д) Кейін.

е) Да, де.

12.Шығыс септігін қажет ететін шылауларды көрсетіңіз.

а) Кейін, соң.

в) Бірге, қатар.

с) Үшін, дейін.

д) Кейін, үшін.

е) Дейін, кейін.

13.Қарсылықты жалғаулық шылауды көрсетіңіз.

а) Өйткені, себебі.

в) Не, немесе, әлде.

с) Бірақ, алайда, дегенмен.

д) Сондықтан, сол үшін.

е) Мен, бен, пен.

14.Көп нүктенің орнына тиісті шылауды қойыңыз.: Маған өнер адамдары ... кітаптар ұнайды.

а) Сияқты.

в) Бірге.

с) Үшін.


д) Ғана.

е) Туралы.

15.Сөйлемнен күшейткіш демеулікті табыңыз.

а) Кеше тек қана Айман болды.

в) Күн жылы болады – ау.

с) Ол келді ме?

д) Ол келіпті ғой.

е) Асан мен Айман орманнан саңырауқұлақ терді.

16.Ыңғайлас жалғаулықты сөйлемді табыңыз.

а) Аман ауылға барды.

в) Егер демалыс ұзақ болса, мен театрға барамын.

с) Ол жазда ауылға барды, Алматыға да барды.

д) Автобус келмеді, сондықтан мен кешіктім.

е) Бірде Арман келеді, бірде Марат келеді.

17.Жалғаулық шылауды табыңыз.

а) –мыс.


в) -ай.

с) Соң.


д) Туралы.

е) Өйткені.

18.Бірыңғай септеулік шылаулар қатарын көрсетіңіз.

а) Әрі, бері, гөрі.

в) Не, я, да.

с) –ды, -мыс, -ау.

д) Мен, бен, пен.

е) Қой, ғана, ше.

19.Шылау сөздердің түрлерін көрсетіңіз.

а) Демеулік, септеулік, жалғаулық.

в) Анықтауыш, жалғаулық.

с) Бастауыш, баяндауыш.

д) Етістік, есімдік,

е) Септік жалғаулар.

20.Көмектес септігіне қатысты септеулікті табыңыз.

а) Кейін.

в) Шейін.

с) Соң.


д) Бірге.

е) Үшін.

Еліктеу сөз ” тақырыбы бойынша тест сұрақтары.
1. Сөйлемнен еліктеу сөзді табыңыз; Ол аяқ астынан шақ – шақ еткен көп

дауыстардан сескене қалды.

а) Сескене қалды.

в) Аяқ астынан.

с) Дауыстардан сескене қалды.

д) Көп дауыстардан.

е) Шақ – шақ еткен.

2. Бастауыш қызметін атқарып тұрған еліктеу сөзді табыңыз.

а) Дүрсілдетіп, жерге тұяқтарын қадай басып, желе аяңдайды.

в) Хамиттің екі құлағы шың ете түсті.

с) Дыз етіп оқ Хамиттің жанынан өтті.

д) Дабыр – дүбір молайды.

е) Ағаштар сарт – сарт түсіп жатыр.

3. Еліктеуіштен жасалған зат есімді табыңыз.

а) Жазыл.

в) Масыл.

с) Түйіл.

д) Гүріл.

е) Сейіл.

4. Еліктеу сөзден тұрған етістікті табыңыз.

а) Қуды.

в) Балқылдады.

с) Жүгірді.

д) Барды.

е) Ойлады.

5. Негізгі еліктеу сөзді табыңыз.

а) Елпең.

в) Қыңқ.


с) Шұбалаң.

д) Сырыл.

е) Күркіре.

6. Бейнелеуіш сөзді табыңыз.

а) Тым – тырыс.

в) Апыл – ғұпыл.

с) Салдыр – гүлдір.

д) Мырс – мырс.

е) Тасыр – тұсыр.

7. Еліктеу сөзді тіркесті табыңыз.

а) Сылқ – сылқ күлді.

в) Емін – еркін отырды.

с) Мыңға жуық.

д) Әттең естімедім - ау.

е) Ақырындап аттады.

8. Еліктеуіш сөзбен байланысып тұрған тіркесті көрсетіңіз.

а) Елең ете қалды.

в) Жұлқи тартты.

с) Енді – енді таныды.

д) Ерте келді.

е) Үлкен – кіші.

9. Еліктеуіш сөзден жасалған қос сөзді табыңыз.

а) Ат – мат.

в) Әке - шеше.

с) Жалт - жұлт.

д) Қап - қара.

е) Бала - шаға.

10.Жұрнақ арқылы жасалып тұрған еліктеуіш сөзді көрсетіңіз.

а) Бұраң.

в) Күліп сөйледі.

с) Екі аттады.

д) Қанат жайды.

е) Кеш келді.

Одағай ” тақырыбы бойынша тест сұрақтары.


1. Көңіл – күй одағайын табыңыз.

а) Тәйт.


в) Тек.

с) Алақай.

д) Шөре – шөре.

е) Жә.


2. Одағай сөзді табыңыз.

а) Паһ – паһ.

в) Мырс.

с) Талапты.

д) Жеңіс.

е) Ұлдың.

3. Жекіру одағайын көрсетіңіз.

а) Дейін.

в) Тек.

с) Ой.


д) Бәсе.

е) Соң.


4. Одағайдың тыныс белгісін табыңыз.

а) Нүкте.

в) Сызықша.

с) Дефис.

д) Нүктелі үтір.

е) Үтір, леп белгісі.

5. Көңіл – күй одағайын табыңыз.

а) Аухау – аухау.

в) Рақмет.

с) Тек.


д) Тәйт.

е) Ойпырмай.

6. Одағай қатысқан сөйлемді табыңыз.

а) Далада жаңбыр жауып тұр.

в) Аспанды бұлт басқан.

с) Гүрс – гүрс еткен мылтықтың даусы естілді.

д) Көрсетпе! Тый көзіңнің жасын!

е) Қап, автобус кетіп қалды – ау!

7. Жекіру одавайын көрсетіңіз.

а) Дейін.

в) Тек.

с) Ой.


д) Бәсе.

е) Соң.


8. Шақыру одағайын көрсетіңіз.

а) Цып – цып.

в) Алақай.

с) Қап.


д) Бәрекелді.

е) Тек.


9. Одағай қандай сөздер қатарына жататынын белгілеңіз.

а) Еліктеу сөз.

в) Шылау сөз.

с) Мағыналы сөз.

д) Омоним сөз.

е) Оқшау сөз.

10.Өкіну мәнін білдіретін одағайды табыңыз.

а) Пай – пай.

в) Әттең.

с) Әне.


д) Қане.

е) Моһ – моһ.

11.Дефис қойылуы тиіс одағай сөзді табыңыз.

а) Ойбай, ай.

в) Пәлі, ойбай

с) Ойбай, пәлі.

д) Әттең.

е) Тәйт.


12.Одағай қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.

а) Содан бері ол біздің үйге кірген жоқ еді.

в) Қымыз ішіп болған соң, үй ішінде Абай екінші бір сөзін бастады.

с) “ Ойбай – ай, тағы да біліп қойып масқара болмайық ”, - деп Айзада

тартыншақтай берді.

д) Балам, арыңды жасыңнан сақта.

е) Біраз жер жүргеннен кейін демалдық.

13.Жекіру одағайы бар сөйлемді табыңыз.

а) Япырым – ау, келгенің жақсы болды ғой!

в) Тәйт, ондай сөзді айтпа!

с) Бүгін менің туған күнім, ой бәле – ай!

д) Мәссаған, Беріктің бет – аузын қара!

е) Е, бәрекелді, үйірімен үш тоғыз!

14.Шақыру одағайын табыңыз.

а) Ойпырай.

в) Түу.


с) Шөре – шөре.

д) Беу.


е) Тәйт.

15.Одағайға тән ерекшелікті табыңыз.

а) Басқа сөздермен байланысқа түспейді.

в) Сөз бен сөзді байланыстырады.

с) Қимыл, іс - әрекеттің белгісін білдіреді.

д) Заттардың қозғалысын, күйін көру арқылы бейнелейді.



е) Өзінен бұрын тұрған сөзді айқындайды, дәлелдейді.
Каталог: uploads -> doc -> 0aba
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0aba -> Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 4В,г тақырыбы: «Ең ақылды » зияткерлік ойыны Мақсаты
0aba -> Сабақ реті: №58. Сабақтың өтетін орны: Стадион. Сабақтың тақырыбы: Жеңіл атлетика
0aba -> Тәрбие сағатының тақырыбы: Кітап – сарқылмас рухани қазына


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет