I кезең «Бәйге» II кезең



Дата19.11.2019
өлшемі119,75 Kb.
#52065
Байланысты:
сайыс саб0

«Не? Қайда? Қашан?» атты сайыс сабақ

Сайыс  сабағының мақсаты: ойынға қатысушылар арасынан лидерді анықтау,оларды тез ойлауға, алғырлыққа, тапқырлыққа, ізденуге баулу. Сайыс VI кезеңнен  тұрады.



I кезең «Бәйге»

II кезең«Құрастыр »

III кезең  «Артық сөзді тап»

IV кезең "Жұмбақтар шешу»

V кезең"Толысу"

VI кезең"Қорытынды"

Әділқазылар мен таныстыру .

Халық айтса қалт айтпайды ,

 Әрқашанда нанымды ,-дей келе сайысымызды бағалайтын әділқазылар алқасымен танысыңыздар .

Білім деген биік шың.

 Бақытқа сені жеткізер.

Білімді деген ақылшың

 Қиындықтан өткізер , – деп сайысымыздың алғашқы шарты «Бәйге» кезеңін бастаймыз.

I кезең «Бәйге»

20 Сұрақ (әр дұрыс жауапқа 10ұпай)

1.Қазіргі жер шарындағы халық саны ?

 Жауабы :6млрд

2. Қай елдің халық саны 1 млрд 300 млн адам?

 Жауабы :Қытай

3. Үндістер байырғы қай елдің халқы ?

Жауабы : Американың

4.Дүние жүзінде кең таралған тіл?

Жауабы :ағылшын

5.Қой өсірудің негізгі аймағы?

 Жауабы :Аустралия

6.Халқы тек бір ұлттан тұратын мемлекет?

 Жауабы :Жапония

7.Барлық мередиандар түіскен материк ?

Жауабы :Антарктида

8.Жер бетінің қанша пайызын дүние жүзілік мұхит сулары алып жатыр?

Жауабы:71

9.Африка неше мұхитпен шектеседі ?

Жауабы:2


10.Аустралия материгінде ғана мекендейтін жануар?

Жауабы: кенгуру

11. Дүниежүзілік мұхиттың жалпы ауданы қанша млн км кв?

Жауабы: 361 млн кл кв

12. Африка материгі неше мұхитпен шектеседі?

Жауабы:2 мұхитпен

13.Тынық мұхитының Оңтүстік-Шығыс Азияға жақын бөлігінде жазда және күзде пайда болатын жойқын жел атауы ?

Жауабы:тайфун

14. Толысу мен қайту құбылысы ненің әсерінен болады?

Жауабы: Айдың тартылыс күшінің әсерінен

15. Мадагаскар аралы қай мұхитта орналасқан?

Жауабы:Үнді мұхитында

16. Ұлы географиялық ашылудың басталған кезеңі

Жауабы:ІX – ғасыр

17. Орталық Азияға бірінші өтіп, оның батыс бөлігі-Қашғарияның табиғат жағдайлары, халқы, тарихы жайында мәлімет жинаған ғалым кім ?

Жауабы:Ш.Уәлиханов

18. Қай материкте 16 ел ғлыми стансаларын орнатып, оны табиғаттың жан-жақты зерттейді?

Жауабы:Антрактидада

19.Ауданы аралдарымен қосып есептегенде 30,3млн км;-ты құрайтын материк?

Жауабы:Африка

20 Жапония елі қай материкте орналасқан?

Жауабы:Еуразия

1 кезеңнен  кейін ұпайы аз екі оқушы ойыннан шығады.

II кезең

 «Құрастыр» Бұл кезеңде тақтаға алфавит бойынша 25 әріп беріледі. Сол әріптерден география пәніне байланысты  сөздер құрау.(10 сөз)



а б в г ғ д е ж з и к л м н о ө ұ ү п р с т ш х я
ІІІ кезең “Артық сөзді тап”

1.Аустралия, Америка, Еуразия, Азия, Антариктида.

2.Тынық, Үнді, Қызыл, Атлант, Солтүстік мұзды мұхит.

3.Мантия, ядро, жер қыртысы, гранит.
1.Бекіре, алабұға, итбалық, базальт.

2.Жер, топырақ, құм, су.

3.Гидросфера, атмосфера, литосфера, тропосфера.
IV кезең. «Жұмбақтар жасыру». Әрбір жауапқа 10 ұпайдан. Мұнда табиғат туралы болуы тиіс. Ең бірінші болып ұпайы аз команда бастайды.
1. Қаласы бар, үйі жоқ
Өзені бар, суы жоқ
Орманы бар, түбі жоқ
Бақшасы бар, гүлі жоқ
(карта)
2. Ешбір тіреусіз күмбез,
Ешбір сүйеусіз күмбез
Ешкім көтере алмайды
Ешкім төңкере алмайды
( аспан)
3. Жер бетінің кескінін
Түрлі – түспен көрсеткен
Болса да өзі құрметті
Тиіпті орын ең шеттен
(шартты белгі)
4. Жалғыз бағыт білері
Бұрғаныңа көнбейді
Жол көрсетіп береді
Өзі бірақ көрмейді
(тұсбағдар)
5. Бар ма жоқ па
Оны анық білмейміз
Ол жоқ жерде
Өмір сүріп жүрмейміз
(ауа)
 V кезең " Қалталы пошта "
Жайып салып алдымызға картаны . Келесі кезеңіміз " қалталы пошта " деп аталады. Қағаз қиындысына құрлық кескіндерін орналастыра отырып, " адасқан әріптер "бойынша берілген әріптерді құрай отырып, сол обьектілерді картадан табу.

VI кезең."Қорытынды"

 Сайыс өз мәресіне жеткен соң, әділ қазы алқалары барлық  ұпайларды  есептеп, жеңімпаз оқушыны анықтайды.

Осымен біздің бүгінгі "Не? Қайда? Қашан?" атты сайысымыз аяқталды. Бүгінгі жеңімпаздарымызды  құттықтаймыз! География пәніне қызығушылығын одан  әрі арттыруға көмек болды деп есептеймін.

Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге рахмет!


Көрермендермен сайыс Ең, ең, ең,....
1. Дүние жүзіндегі ең биік тау - Гималай
2. Дүние жүзіндегі ең үлкен арал - Гренландия
3. Дүние жүзіндегі ең үлкен көл - Каспий
4. Дүние жүзіндегі ең кішкентай материк - Аустралия
5. Дүние жүзіндегі ең биік сарқырама - Анхель
6. Дүние жүзіндегі ең үлкен шөл - Сахара
7. Дүние жүзіндегі ең ұзын өзен - Ніл
8. Дүние жүзіндегі ең кішкентай мемлекет - Ватикан
9. Дүние жүзіндегі ең терең шұңғыма - Мариан
10. Дүние жүзіндегі ең терең көл - Байкал
11. Дүние жүзіндегі ең тұзды теңіз - Қызыл теңіз
12. Дүние жүзіндегі ең суық материк - Антарктида
13. Дүние жүзіндегі ең үлкен түбек - Арабия
14. Дүние жүзіндегі ең үлкен мұхит - Тынық мұхит
15. Дүние жүзіндегі ең үлкен ел - Ресей Федерациясы
16. Дүние жүзіндегі ең кіші мұхит - Солтүстік Мұзды мұхит
17. Дүние жүзінде ең биікте орналасқан астана - Ла-Пас
18. Дүние жүзіндегі ең кішкентай құс - Калибри
19. Дүние жүзіндегі ең қуатты жылы ағыс – Гольфстрим

Бесқоспа КММ





(5,6,7 сыныптар арасында)



География пәні мұғалімі

Мамбетбаева А.Б.

2018 жыл

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет