І тарау. ХалықТЫҚ педагогика және оның ТӘрбиелік мәНІ


Оқушыларға экономикалық тәрбие беру бүгінгі заман талабы



бет9/14
Дата23.05.2020
өлшемі52,42 Kb.
#70807
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
Айтолқын курстық жұмыс
dsf5fd2s
2.2. Оқушыларға экономикалық тәрбие беру бүгінгі заман талабы..

Халқымыз жастарға экономикалық тәрбие және білім беру ісіне зор көңіл аударуда. Қазіргі халық шаруашылығына өз еркімен еңбектенетін, өз еңбегінің мәніне түсінетін мақсатқа сәйкес экономикалық шешім қабылдай

алатын экономикалық біліммен қаруланған құнтты, ыждағатты, шаруақор жас мамандар керек.

Осы тұрғыдан қарастырсақ оқу мектепте экономикалық тәрбие мәселелеріне байланыста теориялық және практикалық біліммен оқушыларды таныстыру қажет. Ол үшін мынадай көрсеткіштер еске алынады:



  • қазіргі кезеңдегі мемлекеттің экономикалық саясатының негізгі міндеттері мен бағыттары;

  • жас ерекшелігіне сәйкес оқушылардың экономикалық түсініктерді, ережелерді, заңдарды меңгеру деңгейі;

  • жұмысты жоспарлау, материалдарды, құралдарды, жабдықтарды тиімді пайдалану, жұмыс орнын тәртіпке келтіру, уақытты бағалай білу, өзінің және жолдастарының жұмыс процесін, оның нәтижесін талдай білу және сапасын көтерудің мүмкіндігін табу, еңбек өнімділігін арттыру.

Мұның бәрі оқушылардың ұқыптылық, ұйымдастырушылық, іскерлік, тәртіптілік, жауапкершілік сияқты қасиеттерін қалыптастырады.

Жалпы орта білім беретін мектептер жағдайында оқушыларға экономикалық тәрбие және білім беруді ұйымдастырудың негізгі формалары: сабақ, факультатив, саяхат, үй оқу тапмасы, қоғамдық пайдалы және өнімді еңбек т.б. Экономикалық тәрбиенің оқудан тыс қолданылатын формалары да бар. Олар: қоғамдық пайдалы және өнімді еңбек, әр түрлі пәндер, үйірмелері, пікірталастар, конференциялар, сұрақ-жауап кештері.

Бұл ұйымдастыру формалары әдетте оқу және тәрбие саласында жиі қолданылады. Бірақ әрбір бағытта жүргізілетін іс-әрекеттерінің маңызы мен мақсатының өзіндік ерекшеліктері бар. Мысалы, экономикалық тәрбиенің

көздейтін мақсаты экономикалық нақты мәселелермен оқушыларды таныстыру, қанағаттандыру. Осыған сәйкес экономикалық тәрбиеге байланысты тақырыптарды іріктеп алу және оларды пайдалану мұғалімнен сауаттылықты, білімдарлықты талап етеді. Экономикалық тәрбиенің, білімнің өзіне тән әдістері бар. Білімді бекіту, іскерлікті қалыптастыру үшін мынадай әдістерді қолдануға болады.



  1. Жаттықтыру – бұл әр түрлі іс-әрекеттерін істей білуге машықтандыру, жұмыс орнын тиімді ұйымдастыру, уақыт және өндіру нормаларын анықтау, материалдарды, электроэнергияны, суды, газды үнемді пайдалану т.б.



  2. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет