І тарау ҚытайТүркі мифтерінің ұқсастықтары. 1 Тотемдік тұрпаттың ұқсастығы



бет1/4
Дата26.10.2019
өлшемі331 Kb.
#50684
  1   2   3   4
Байланысты:
0BD9~1

Кіріспе..................................................................................................................3


Негізгі бөлім........................................................................................................7
І тарау ҚытайТүркі мифтерінің ұқсастықтары.
1.1 Тотемдік тұрпаттың ұқсастығы
2.2 Дүниетанымдық түйсіктердің тұтастығы

ІІ тарау Қытай – Түркі мифтерінің ерекшеліктері.
2.1 Тұлпарды ұлық тұтқан - Түркі елі
2.2 Қытай еліне ғана тән танымдық мифтер

Қорытынды.......................................................................................................40
Пайдаланылған әдебиеттер............................................................................56

Кіріспе
Миф дегеніміз не? Бұл сұраққа жауап беру оңай емес. Жалпы ежелгі заманғы әлем әдебиетінде "миф" деген ұғым болған жоқ, ол тек жаңа дәуірде пайда болды. "Миф" деген сөз - тылсым құпия тереңіне оңай бойлататын, таңданыс пен өзгеше әсерге бөлейтін ұғым. Көптеген ғалымдар, зерттеуші мамандар "мифті"-нақтылы іс-әрекетке еш қатысы жоқ, адамзат қиялының жемісі деп есептейді. Бұл үлкен адасушылық. Біздің елімізде мифология туралы жарық көрген еңбектер аз емес. Сондықтан да "Миф" дегеніміз не деген сұрақты айқындап алу үшін, алдымен ол жайлы айтып кеткен ғалымдардың пікіріне сүйенейік. Ұлы орыс елінің жазушысы М. Горькийдің мифология туралы сөзін мысалға келтірсек: "мифология – табиғатпен күрестің, табиғи құбылыстың - бейнесі және көркем тілмен өрнектелген әлеуметтік өмірдің - көрінісі. " Бұл мифтің шығу тегін ғана емес, сонымен қатар оның негізінде шынайы өмірдің жатқанын, тектен – тек тумаған ой екенін дәлелдейді.

Шынайы өмір мен мифтің тығыз байланыста екенін Горький тағы да былайша түсіндіреді: "Өзінің бар күшін тек өмір сүруге ғана жұмсайтын төрт аяқты жануар мен адамды елестету тым қиын. Саналы адам өзінің еңбек етуі арқасында, туылу әрі ұрпақ өсіру сауалына ойланумен ерекшеленеді. Сондықтан да мифтің шығу тегін, қайнар көзін зерттеуде шынайы өмірден алшақтата қарау негізге жатпайды, олардың еңбегі мен күресі ешқандай мәнге ие емес деп айтуға мүлде болмайды. /2, 7б/

Горькиймен сабақтастыра отырып профессор М. Ғабдулиннің сөзін де келтіре кетсек: « ...қиял ғажайып ертегілер ертедегі адамдардың болмыс жайындағы сезімінен, әртүрлі қауіп-қатерлерден құтылу, тіршілік ету, табиғат сырларын танып-білу және оны өзіне бағындыру жайындағы арман-қиялынан туған. Сондықтан да бұл ертегілерде ертедегі адамдардың еңбек процесінде аңсаған арман – мүддесі, жақсылықты болашақтан күтуі, оптимистік көзқарасы да көрініп отырады. Олар ауыр еңбекті жеңілдетсек екен, жақсы шат өмірге жетсек екен деп арман қылған, соны көксеген. Ал бұған олар өзінің қиялы арқылы жеткен. Сол қиялдарын ертегі - әңгімелерге, аңыз-мифтерге айналдырған», дейді

Мифтің шығу тегіне тоқталсақ, бірден үстірт тоқтамға келмес бұрын, мына бір жайтты ескергеніміз дұрыс. Қоғам дамуының тарихы көрсеткендей, бастапқыда алғашқы адамдар тарихта жартылай жабайы жануарлар, табиғат күшінің алдында дәрменсіз, қорғансыз, өздерінің күштерін әлі толық сезінбеуші жандар ретте сипатталады. Сондықтан да олар жануарлар сияқты, әлсіз, қорғансыз, санасыз, бірақ өздерінің жаратылу өзгешеліктерімен ғана ерекшеленді. "/2, 11б/



Мұндай жағдайда алғашқы адамдар қауымы өздерін табиғаттың құлы ретінде ғана түсінді. Сол бір ежелгі уақытта, өмір үшін күрестің қиындығы мен қажеттілігінде олар әлі де болса өздерін қоршаған ортадан бөлектей алмаған болатын. Ұзақ уақыттан бері олар не өздері жайлы, не қоршаған орта жайлы, олармен арадағы байланыс туралы ешнәрсені ұға қоймады, тек кейін-келе, олардың санасында өздерін қоршаған әлем туралы барынша шектеулі, аңқау түсініктер қалыптасты. Әлеуметтік және мәдени даму үрдісі бойынша, алғашқы адамдар өздерінің ойлау түсініктерімен қоршаған әлемде құдіретті күштің, қайырымды рух пен жын-шайтанның барын түсіне бастады.

Табиғат құбылысының әр түрлілігі, жел, жауын, найзағай, күннің күркіреуі, үлкен ормандардағы өрт, күннің батуы мен шығуы, кемпірқосақ, бұлт, таң шуағы, т. б. сияқтылардың барлығы алғашқы адамдардың терең таңданысын тудырды. Мұндай құбылыстардың тереңіне бойлай алмаған алғашқы адамдар оларды тірі жан-рухтар деп есептеді. Рухтардың қатарына тек күн, ай, жерді ғана емес, сонымен қатар өсімдіктер мен жануарларды, тіпті жәндіктерді де жатқызды. Бұл "анимизм" деп аталады. Осындай қараңғы түсініктен алғашқы мифтер мен діндер пайда бола бастады. Бұлар өз кезегінде адамдар санасында еңбек негізінде туу арқылы, сол кездегі қоғамның өнімдік күшінің төменгі деңгейде екенін айшықты түрде бейнеледі.

Алғашқы адамдар өмір сүру қиындықтарын жеңу үшін, өзара бөлісу немесе ұмыту үшін, еңбекті, еңбек ерлерін, отты, жалынды әндермен шарықтата отырып мадақтады. Олар тылсым күштің барын сезіну арқылы, қорқу және сену түйсіктері арқылы жаман мен жақсыны ажырата бастады. Топ арасында жөн білетін, жол бастаушы, ақылы асқан жандарды ұлықтай отырып, жырға қосып дәріптеді. /1, 11б/

Жалпы мифтерден біз, адамдарға жер өңдеу құралдары арқылы еңбек етуді үйретуші, қайық, ат –арба, оқ жасаушы көптеген танымал тұлғаларды танимыз. Олар өлең, би, музыкалық аспаптарды ойлап тапты. Соларды дәріптеудің негізінде, күнделікті тұрмыстық өмірден басқа, келешекті одан да жақсы елестету армандары ұлғая түсті. Оған түрлі себептер мен салдарлар ықпал етті. Аңыздарда айтылатын бұл өнертабыстар мен жаңалықтар - біздің ата-бабаларымыздың қандай болғанын айғақтайды.

Өте ерте заманда-ақ, адамдар ауада ұшуды армандады. Нәтижесінде "Ұшатын кілем" ертегісі пайда болды. Құрлықта тез жүруді аңсаудан, "тез жүретін етік" аңыз ертегісі туындады. Мұндай мифтер сол кездегі көптеген алып елдердің барлығында дерлік кездесті. Ежелгі Қытай мифтеріндегі Чжун вей /Қиыр солтүстік елі/ деген жерде тұратын тұрғындар, қасиетті тауда орналасқан Шэнь-Фэннен/сиқырлы бұлақтан/су ішкен адамдардың көйлегі көк, көңілі тоқ, уайымы жоқ болады деп сенген.

Жеке меншік мүліктің пайда болуы, алғашқы қоғамда жікшілдіктің тууына себеп болды. Қоғам тапқа бөлінген соң, басқарушы таптың әділетсіздігі-әлсіз елдің арман-мұратын күшейтті. Қандай қоғамда болмасын, бұл-қашып құтылмайтын құрық. Қытай елінде-Шань ди, мысырда- перғауын, араб елінде-шейх, сұлтан, ал түбі бір түркі елінде-қаған. Бұлардың барлығын әділетсіз еді деп айтуға болмайды. Десе де, қарама-қайшылықсыз қоғамды елестету мүмкін емес. Сол кездегі шытырман оқиғалар, қазіргі күнгі шынға бергісіз шығармалар аңыз, ертегілер мен мифтердің басты сюжетіне айналып отыр. Осылайша, алғашқы адамдардың ой-қиялының жемісі ретінде, әлем әдебиетінің алғашқы діңгегі - мифологияның негізі қаланды.



Зерттеудің мақсаты: Біз мифология туралы жазған көптеген ғалымдар мен филологтардың еңбектеріне сүйене отырып, бұл еңбегімізде келешектен тек жақсылықты күтетін жалпы адамзат қауымының арман қиялымен ұштасқан әлем мифтерін, соның ішінде шығыстың алыбы – Қытай мен тарихы терең Түркі елінің дүниетанымдық, ғарыштық және тотемдік түсініктерін салыстыра отырып зерттеуді, сан жылдар бұрынғы ата-бабаларымыздың ізгі тілектерімен, игі ойларын саралауды мақсат еттік. Бес мың жылдан астам тарихы бар Қытай елінің әдебиеті ауқымды, тартымды туындыларға толы. Сондай-ақ, тұрмыстық өмірдің көшпенді жолын таңдаған Түркі еліндегі тайпа, рулардың да ауыз әдебиеті аса құнды мұралардан кенде емес. Шығыстың тірегі, әлем әдебиетінің іргелі бөлігі - Қытай мен Түркі елінің мифтерін салыстыруды мақсат еткен бұл жұмысымыздың барысында екі ел әдебиетінің тарихына терең бойлап, тың ойларын топтастырсақ деп шештік.

Зерттеудің міндеті: Ғалымдар мифті зерттеу барысында түрлі топтарға бөліп қарастырады, десе де зерттеуші мамандардың көпшілігі мифтің үш түрін негізге алады. Олар: ғарыштық мифтер, дүниетанымдық мифтер және тотемдік түсініктегі мифтер. Біз де осы көпшілік ден қойған мифтің үш түрінің жетегінде, екі елдің мифтерінің ұқсастықтары мен ерекшеліктерін сараптап шығуды міндет етіп қойдық. Зерттеу жұмысымыздың барысы үш түрлі міндеттен тұрады:

  1. Екі ел мифтерінің ғарыштық түсініктерін талдау;

  2. Дүниетанымдық көзқарастарының сәйкестіктерін саралау;

  3. Тотемдік ұғымның тұтастықтарын түсіндіру;

Осы үш міндетті алға қою арқылы, ғылыми деректер мен көне қолжазбаларға сүйене отырып, Қытай- Түркі елі мифтерінің ұқсастықтары мен ерекшеліктерін оқырмандарға барынша айқындап бере алсақ та игі еді.

Зерттеудің жаңалығы: Қайбір халық, қайсыбір ұлт болмасын, ол қай даму сатысында тұрса, соған сай ауыз және жазба әдебиеті болады. Ал әдебиет бар жерде, сөзсіз, мифология да бар. Қазіргідей жоғарғы интеллектілі қазақ әдебиетінң мифологиясы да биік дәрежеде тұрмауы мүмкін емес. Бүгінде әлем кеңістігінің түкпір – түкпіріне сан алуан космос аппараттарын өз төсінен ұшырып жатқан елдің қиял-арманы сонау арыдан, халықтың ауыздан ауызға тараған сөз өнерінен көптеп танылса керек. Түркі елінің мифтерін топтастырып қана қоймай, оны алып ел -Қытаймен салыстыра зерттеудің өзі тың бастама, әдебиет үрдісіндегі жаңалықтардың есігі болмақ. Өйткені мифтің өзі тылсым тірлікке, сырлы дүниеге толы. Ал екі елдің құпиясына бір уақытта, бірдей бойлау - ауыр, әрі жауапты іс.

Зерттеудің өзектілігі: Сонау көне заманнан бүгінгі таңға келіп жеткен қолда бар мифтер – тұтас бір Қытай мифологиясының үштен бір бөлігі ғана. Әрине бес мың жылдық тарихы бар елдің басынан сан түрлі сындардың өткені баршаға аян. Қуантарлығы, жазудың өте ерте заманда-ақ Қытайда пайда болғаны, көптеген деректердің түбірінен өзгермей, сол қалпында жетуіне үлкен ықпал етті. Ал түбі бір түркі еліндегі әдебиеттің ауызша түрі өте жақсы дамығаны мәлім. Ауыздан ауызға таралған аңыздар, ертегілер, мифтер, айтушының жадында жатталып, ұрпақтан-ұрпаққа таралып, жаңғырып, жаңарып отырды. Өзге елден ерекше, жадында сақтау қабілеті өте жақсы дамыған түркі елінің бұл табиғаты талай жұртты тамсандырып, таң қалдырғаны да рас. Осындай екі түрлі бағытта өмір сүрген алып елдерді байланыстыратын, жақын туыс, жақсы көрші ететін көпірдің бірі - әдеби, мәдени селбестік еді. Тамыры тереңде жатқан ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің тарихына жеке шолудан жалпы қарау, топтастырып, ұштыстыра саралау – екі ел үшін де тиімді, пайдалы мәселе. Әр елдің өзінше зерттелген дүнелері аз емес, бірақ олардың ұқсастықтары мен ерекшеліктерін топтастырып, қарастырып жатқан еңбектер жоқтың қасы. Тілін оқитын елдің тарихын тануды құрмет деп танысақ, туған елдің тархын жатқа білу – міндет. Дәл қазіргі таңда, түп-тамыры түркі елінен шыққан тәуелсіз Қазақстан мен Қытай елінің сенімді серіктестік, тату көршілік қарым-қатынастан басқа әдеби, рухани байланыстары да аса маңызды. Ендеше екі елдің аңсаған армандарын, ынтымақтастық, достастық, татулық және бейбітшілік көксеген ізгі тілектерін танып білу үшін екі елдің салыстыра зерттелген мифтерін оқу да қажеттілік деп білеміз. Бұл әсіресе, Шанхай ынтымақтастығы ұйымының аясындағы халықаралық ынтымақтастық пен тікелей екі жақты қарым-қатынастардың болашақта қазіргіден де тығыз деңгейге көтерілуі айқын болып тұрған кезде көрші елмен алыс-беріс, байланыстарды тиімді құру ұмтылыстарына ғылыми негіз болуы да мүмкін деген ойдан туындады. Зерттеу жұмысымыздың өзектілігі де, осында жатқандай.

Зерттеудің практикалығы: Бізге ежелгі өркениеттің бірнеше түрі таныс: қытай, үнді, грек және мысыр (египет). Олардың әрқайсысы мифологияға бай. Әсіресе, гректер мен үнділерде мифтер толығымен сақталған. Өкінішке қарай, қытай мифтерінің көп бөлігі жоғалып, оның тек бір сынығы ғана сақталды. Бұл туралы Лу Синь өзінің "Краткой историй китайской повестовательной прозы" деген еңбегінде, қытай мифологиясының неге тек аз ғана бөлігі сақталды деген сұрақтың себебіне тоқталады: Біріншіден Қытай елінің ата – бабасы Хуаңхы өзенінің аңғарында тұрды. Бұл – табиғат өзінің тосын сыйлығын көрсететін аймағы деген сөз. Жергілікті тұрғындар өте ерте заманда –ақ жер жыртып, егін салуды игерді. Олар үшін ойлаудан гөрі, еңбек маңызды болды. Екіншіден, Куңзі дәуірінде этика: отбасы, мемлекетті басқару, тәңірге табыну сияқты принциптер ғана үйретілді. Ал ежелгі құдіретті билеуші жайындағы мифтер Куңзі ілімінен кері айналды. Үшіншіден, қайырымды және мейірімсіз рухтар нақтылы айқындалмады. Пір тұтқан адамдары мен табынар құдайларын шатастырып ала берді, өйткені, олардың түсінігінше, пірлер бір-біріне айнала алатын болды. Нәтижесінде, ескі түсініктегі кейіпкерлер көнеріп, жаңа ұғымдар келіп жатты./1,13б/ Бізге келіп жеткен ежелгі мифтер туралы салмақты шығармалар санаулы болса да тұшымды ойға толы деректерге бай. Солардың бірегейі – "Тау және теңіз " туралы кітап. Кітап 18 цзюань-нан тұрады. Ертеде оны Юи мен оның көмекшісі Бо И құрастырған. Авторы жоқ. Ол әр түрлі уақытта, әртүрлі адамдар арқылы жазылды. Мифтер туралы көптеген мәліметтер беретін тағы бір құнды мұра "Тау кітабы" деп аталады. Онда өсімдіктер мен жануарлар, танымал тау мен ұлы өзендер туралы, сонымен қатар оларды мекен еткен мейірімсіз, әрі қайырымды рухтар жайлы баяндалған. Ежелгі екі мифтен сыр тартатын бұл кітаптан басқа, жаңа дәуірдің ғалымдары зерттеген еңбектер де жетерлік. Мысалға, қытай мифтерін Георгиевскй С. М., Юань Кэ, Федоренко Н. Т.,Чжау Нюлань.,Мацокин Н. П. т.б зерттеген. Бізге қытай елінің мифтерінен неғұрлым тілге жеңіл, түсінуге оңай Юань Кэнің "Мифы древнего Китая" деген еңбегі зерттеу жұмысымыздың негізгі арқау еткен тақырыбына айналды. Бұл тізімдегілер тек біз қарастырған, Қытай елі мифтеріне қатысты ғалымдар еңбегінің бір көрінісі ғана.

Жалпы мифологияны зерттеуге деген қызығушылық сонау XIX ғасырдан бастау алады. Ш. Уәлиханов пен Г. Потанин, орыс ғалымдары С. И. Руденко, Л. И. Гумилев, Н.С. Раевский және басқа да көне мәдениет зерттеушілері ежелгі түркілердің ертегі – аңыздарын, мифтерін жинап, жазып алған. "Алтын адамды" зерттеген К. Ақышев бастаған археологтар да осыған дейін жұмбақ болып келген көптеген жайттарға көзімізді ашты. Кейінгі жылдары археолог З. Самашев ашқан жаңалықтар бізді өткенімізге, Қазақстан тарихы мен жалпы мәдениет тарихына, соның ішінде мифологиясына да жаңаша зер салып қарауға ынталандырады. Соңғы кездері жарық көрген О. Жанайдаровтың "Ежелгі Қазақстан мифтері" атты кітабы бізге сонау көне заманнан бергі түркі елінің тарихынан көп сыр шертетін құнды мұра болып отыр.


Негізгі бөлім
І тарау ҚытайТүркі мифтерінің ұқсастықтары

1.1 Тотемдік тұрпаттың ұқсастығы
Миф - нақты бір тарихи уақытта, географиялық кеңістікте, нақты бір саяси- әлеуметтік, мәдени, шаруашылық жағдайларда тіршілік етіп отырған адамзат қоғамының өзі өмір сүріп отырған (уақыт пен кеңістіктегі) орта туралы, ғалам туралы, оның қалай пайда болғаны туралы, орны, дәрежесі туралы түсініктердің жиынтығы, дәлірек айтқанда, «түсіндім» деген сөздің стереотипі. Бізге белгілі мифтің үш түрі бар: тотемдік мифтер, ғарыштық мифтер, дүниетанымдық мифтер. Қытай елі мен Түркі елінің мифтерін зерттеу барысында біріншіден, олар табынған тұлғаларға немесе жануарларға зер салуды мақсат еттік. Сондықтан да, тақырыпшамыз таныстырып тұрған тотемдік түсініктің түбіне үңілсек. Қандай жағдай болмасын тарихта да, өмірде де, анасыз жанды, әйелсіз қоғамды елестету мүмкін емес. Сонау ежелгі дәуірде, әлі толық дүниені танып, білмеген алғашқы адамдардың санасында да «Ана» деген ұғым асқақ болған екен. Әлем мифтеріндегі ана бейнесі жақсылықты жасаушы, қайырымды жан ретінде ғана сипатталмайды, сонымен қатар, ол дүниені жаратушы, ұрпақ таратушы тұлға түрінде дәріптеледі. Ана – Ұлы Тәңір – Ұмай Ана – көне түркілік мифтік дәстүрде тек Тәңірдің қосағы ретінде қарастырылады. Көне түркі мифтерінен Ұмайдың, шын аты Майдың ғана есімін көре аламыз. Ұмай ананың қызметі, немесе келбеті былайша суреттелген:

Біріншіден, ол- ғаламды жасау қызметіне ие;

Екіншіден, тірі пендені жасаушы бейне;

Үшіншіден, ол кейде құбыжық кейпінде де, көріне алатын қасиетке ие;

Төртіншіден, әр түрлі емдік шөптердің сырын білетін, әйелдердің құтқарушысы ретінде сипатталады;

Ол туралы әлі күнге дейін үзілмей келе жатқан мына бір табыну дұғасын дәйек етсек болады. Түркі елінде әйелдер жаны ауырып қиналса, Бибі Фатиманың аруағына табынған. Бұл Ұмай Анаға деген сенімнен туады.



Ежелгі Қытай мифтеріндегі Си ван му, түркі елі мифіндегі дәл осы Ұмай ана кейпімен келбеттес, екеуінің де қызметтері ұқсас. Қытай мифтерінде кездесетін Си ван му, Кунь лунь тауының шыңдарын мекен еткен. Ол -батыстың ана патшасы. Енді осы Қытай елі ұлық тұтқан Си ван мудың тұрпаты мен қызметіне тоқталсақ. Си ван мудың тұрағы - өлілер дүниесінің жанында орналасқан. Ол - өлілердің күнәсін анықтап, оларға тиісті бес жазаны қолданған. Си ван му ұйқы-тұйқы шашына түрлі-түсті шаншулар қыстырып жүретін және табиғат апаттары мен түрлі ауруларды, індеттерді, жіберетін тәңірше. Сондай-ақ, ажалсыздық ішірткісінің иесі. Си ван му - төрт тараптың, яғни батыс, шығыс, солтүстік, оңтүстіктің ішіндегі батысты тұлғалайтын әйел. Сол себепті де Қытай мифтерінде Си ван му батыстың қожайыны ретінде сипатталады. Кейбір деректерде Си ван му ерекше ысқыра алатын қабілетке ие болған. Оның тұрпаты былайша суреттеледі: құйрығы - барыс, тісі – жолбарыс, ұзын шашты. Қазіргі таңда оның қай жыныста болғанын анықтау қиын, дей тұрғанымен, ұзын шашқа таққан қыстырғыштар әйел тектес екенін дәлелдейді. Миф бойынша, Си ван му қараңғы жартасты мекен еткен, оның алдында үш көк түсті құстар күзетіп отырған. Бұл құстар тек күзетіп қана қоймай, Си ван муға тамақ тасып қызмет еткен. Ван му деген иероглифтің өзі «патшайым» деген мағынаны береді, шаш қыстырғыштар мен құстар да әйел затына тән атрибуттар. Си ван муды күзетуші үш құстың үш түрлі аты болды. Олар үш шыңды мекен етті. Осы үш құс ерекше ұшу жылдамдығына ие. Олар күн сайын Си ван муға даланың түрлі жерінен сүйек пен терілерді әкеп беріп тұрды. Егер Си ван му көңілді болса, ол қараңғы жартастан шығып, ысқыратын болған. Ол ысқырған кезде дауысы дүниенің төрт тарабына жетіп, аң-құс біткеннің барлығы тығылып қалған. Си ван му өмір бере алатындығы сияқты, жанды да ала алатын болған. Өйткені Си ван муда мәңгілік өмірдің ағашы болды. Мәңгілік өмірдің ағашы Қытай мифтері бойынша Кунь лунь тауында ғана өседі. Ал Кунь лунь тауы батыста, батыстың қожайыны – Си ван му. Сол себепті де Қытай елі Си ван муға сыйынған. Хань династиясы кезінде Си ван му қолына ағаш бұтағын ұстап тұрған бейнеде сипатталады. Кейбіреулер оны бақыттың дәні десе, басқалар үш маржан ағашы деп санады./1,156б/ Бұл ағаш тек мың жылда бір гүлдейтін, дәні мәңігілік өмірді сыйлайтын емдік ағаш. Әрине, кім мәңгілік өмірді аңсамайды дейсіз? Бірақ оған жетудің жолы ауыр, қиыншылығы мол еді. Барлық мифтерде кездесетіндегідей, Си ван мудың оңай табылуы мүмкін емес. Ол бір кезде Кунь лунь тауының батысына, бірде шығысына, ал бірде тіпті ұшар басына шығып алады. Көбінесе, жердің шеті, күннің батар тұсы – батыста болады. /1,158/ Қытай мифологиясындағы деректер бойынша дәл осы Си ван муға батылы барып, мекенін тауып, одан мәңгілік өмірдің дәнін сұраған батыр ретінде И сипатталады. Қытай еліндегі ана тұлғасын сомдаудағы мифтік бейненің ең үлкені Ню ва. Ню ва туралы естелікті біз, ең алдымен, Цюй Юанның «Аспанға сұрақ» деген еңбегінен көреміз. Цюй Юань Ню ва-ны адамдарды жасаушы деп суреттейді. Алайда, егер адамды Ню ва жасаса, онда Ню ваны кім жасады деген сұрақтың туатыны айқын. Цюй Юанның еңбегіне түсініктеме берген Ван И Ню ваның басы адам, ал денесі жылан кейпінде болған деп сипаттайды. Ертедегі қытай иероглифі бойынша Ва- әйел рухы деген ұғымды берген. Олардың түсінігінше ва -әлемді жаратушы. Ендеше, Ню ваның есімі айтып тұрғандай, ол-әйелдер құдайы./1,48б/ Бұл деректер бойынша сол бір ежелгі дәуірде, аспан мен жер бөлектенген тұста, мейлі тау, өзен, ағаш, шөп, тіпті, балықтар мен аңдар, құстар мен жәндіктер болғанның өзінде, адамдар әлі болмаған кезеңде, Ню ваның іші қатты пысады. Жалғыздық жанын жеген Ню ва жерді тірілту үшңн тағы бір нәрсе ойлап табу керек екенін түсінеді. Теңіз жағасынан саз балшықты алып, суға шылап, дөңгелете берді, нәтижесінде, ол кішкентай қыздың бейнесін сомдап шығарды. Жерге қалай оны қойды, солай оған жан бітті. Ню ва оны Адам деп атады. Жалпы, осы сияқты аңыз - әңгімелердің түрлі варианттары көп. Енді бір мифтер бойынша Ню ва әлемді топан судан алып қалған батыр кейпінде суреттелсе, енді бірде ол жер мен аспанды бөлген адамдарды құтқару жолында мерт болған ана бейнесінде баяндалады.

Біз енді дәл осы тектес түркі мифтеріне тоқталсақ. Жалпы ежелгі түркі елінде От – ана, Ұмай ана, Бибі Фатима деген аттар мифте жиі кездеседі. Бұл тұлғалардың барлығы өз кезінде біздің ата – бабаларымыздың құтқарушысы, адамзаттың жаратушысы ретінде сипатталған. Әсіресе, әйел бейнесі олар үшін өмірдің бастау көзі болған. Солардың біразына тоқталсақ. Түркі елінің табынары, яғни олардың құдайы –Тәңір деп есептелген. Сол ең жоғарғы Құдай - Тәңір, көк пен жерді бөлген соң, өмірге ұрпақ келтіру үшін өзін еркек пен әйелге бөледі. Құдай әйелді - Ұмай Тәңір деп атап, оны Сумер тауының ұшар басына, сүтті көлі бар Аспан тауының қия шыңына қондырады.

От – Ана құдайы Ұмай Тәңір ананың табанынан жаралған. От ана адамның үйінде, ошағында өмір сүреді. Адамдардың жаратылып, өмірге келуі От- ананың желеп-жебеуімен болады. Түркі халықтарында әйелдер балаларының өмірін сақтап, отбасын бақытсыздықтан қарғап-қоршап жүруі үшін От – анаға сыйынып, жалбарынатыны осыған байланысты.

Адам тән мен жаннан тұрады. Адам жанының тіршілік етуі үшін төрт қасиет қажет. Бұл қасиеттер құт, юла, тын және сұр болып табылады. Құт - адамның болмысы басталатын ұрық, адамның тіршілігіне нәр беретін өмірлік қуат. Құт аспанның тоғызыншы қабатында, Үлкен Тәңір мен оның балаларының қасиетті қайыңының бұтақтарында жапырақтар сияқты салбырап тұрады. Біреу туатын кезде құт Тәңірдің еркімен қасиетті қайыңнан үзіліп, мұржа арқылы үйге кіреді. Сол уақытта Тәңір жаратылатын адамның болашақ тағдырын айқындап қояды.

Адамның құтын көкте жаратушы – Ұмай ана. Ұмай жаратқан құт От ананың көмегімен әйел – ана құрсағына еніп, қызыл құрттың кейпіне кіреді. Содан бастап ұрық табиғи өсу жолымен кәдімгі адам кейпіне ауысады. Құтпен бірге жерге Ұмай ана да түсіп, оны тіпті ананың құрсағында жатқаннан бастап, жарық дүниеге келгенге дейін желеп-жебейді. Толғақ кезінде де баланы өзіне қарай тартып, тууына бөгет жасаушы ібілістің жын-шайтандарымен айқасқа түсіп, нәрестенің өмірге келуіне жәрдемдеседі. Одан кейін де Ұмай ана баланы күзетіп қана қоймай, оны күтеді, бетін жуады, кірпіктерін тазалайды. Оны ойнатып тәрбиелейді, өзінше сөйлеседі. Олар бір-бірін жақсы түсінеді. Ұмай ана ұдайы баланың қасында болып, ол жүріп, жүгіріп, ең бастысы, сөзді түсіне бастағанға дейін, яғни бес-алты жасқа келгенше, қамқорлығына алады. Содан соң барып баланың Ұмаймен қатынасы үзіліп, әрі қарай ол өз бетімен өмір сүреді.

Жануарлар мен өсімдіктердің жан-ұрығы да құт кейпінде және одан әрі оның тіршілігінде нәр беретін өмірлік қуат ретінде қабылданады. Юла дегеніміз де құт сияқты адамның тіршілігі үшін қажетті қасиеттің бірі. Оның адам тәнінен шығып, адасып, қайтып бармайтын кезі де болады. Адамнан ажырағаннан кейін, ол кеңістікте, еркіндікте өмір сүреді. Бұл уақытта оның иесі ұйқы ауруынан азап шегеді, қайда болса, сонда ұйықтап кетеді. Дүниені кезіп жүргенде юла жын-шайтандардың қолына түсіп қалады, мұндай жағдайда, оның иесі – адамдар түрлі ауруға шалдығады. Ал тын- рухани қасиет. Тыныстау қабілеті. Ол адамға, малға, аң-құсқа тән. Ал өсімдік әлемінде тын өсу қабылеті ретінде қабылданады. Сұр - дегеніміз адамның бет-бейнесі, келбет – кейпі. Бейнелеу, кескіндеу мағынасындағы сурет сөзі сұр сөзінен шыққан. Сұр - жануарларға да тән. Сұрдың адамнан ажырауы Ұмай ананың еркімен болады. Өзінің мұндай ерік – қалауын Ұмай Үлкен Тәңірдің «Савбыр битиг» кітабына жазады. Егер сұр адамдардан ажырауға тиіс болса, онда кітаптағы жазу қараға айналады. Сұрды адамдардан ажырату арқылы Ұмай оның жердегі тіршілігінің тәмамдалуына жол ашады. Сұр енді адамнан тысқары өмір сүріп, құдды оның ажалының көлеңкесіндей өмір сүреді. /3,20б/ Осы деректерді қорыта отырып Ана бейнесіндегі екі елдің сомдауындағы сәйкестіктерге жеке –жеке тоқталсақ. Қытай еліндегі атақты мифтік тұлға - Си ван мудың да, түркі әлеміндегі әйелдердің табынушысы Бибі Фатиманың да мекен еткен тұрағы – батыс. Си ван му - мәңгілік өмірдің иесі, адамдарға жан бітіруші де, олардан жан алушы да -өзі. Ұмай ана- ұрпақ таратушы, барлық балалар мен әйелдердің табынар пірі. Ню ва -өмірге адам әкелуші, адамзаттың құтқарушысы. Ұмай ана да адамға жан беру және жан алу қабылетіне ие мифтік бейне. Түркі еліндегі ана, әйел бейнесі жартылай жылан, жартылай адам ретінде суреттелсе, жоғарыда келтірген деректер бойынша, қытай мифтеріндегі батыстың қожайыны - Си ван му да жылан, барыс, келбетті болып келеді. Және олардың мекен еткен тұрақтары да биік таудың шыңы болған.

Ендігі кезекте, Қытайдың сонау көне заманынан бері, әлі күнге дейін дәріптеліп келе жатқан тотемдік түсініктегі айдаһар бейнесіне ден қойсақ. Қазіргі Қытайдың дамыған мифологиясында айдаһардың бес түрі бар. Хуаңлуң-орталықтың сары айдаһары, цинлуң-шығыстың жас айдаһары, чилуң-оңтүстіктің қызыл айдаһары, байлуң-батыстың ақ айдаһары. Жалпы Луң сөзі айдаһар деген ұғымды білдіреді. Ол - Қытай императорының сипаты. Оның көзқарас оңдылығындағы сәйкестікке байланысты осылай атайды. Ол жағымды сипатқа ие, қайырымды мақұлық. Оның үй үстінде, аспан астында, түсінде көрінуі - жақсылықтың нышаны. Зерттеушілер Қытайдың шығыс жағалауын мекендеген Юэ тайпасының адамдары өз денелеріне Луң түріндегі бедерлерді салған дейді. Бұл тотемдік танымға байланысты болса керек. Ал ежелгі түркі елінде де айдаһар мен жыланның тотемдік маңызға ие болғанына дау тудырмасақ та болады. Ал жалпы Луңның жылан, айдаһар тұрпатына тән жерлерін көрсететін жер тұңғиығымен, сумен, жаңбыр, бұлтпен, қазына сақталған құдықтарды күзетумен болатын тұстары Қытай мифологиясында жақсы сақталған. Осындай сипаттардың барлығы, жалпы еуразиялық мифтердің дәстүрінде біркелкі таралған. Айдаһар мен жыланға тотемдік жақсы сипатты тек қытай елі ғана емес, сонымен қатар онымен жапсарлас орналасқан корей, жапон, т. б. елдердің мифтік дәстүрінен де көре аламыз. Біз түркі елінің мифтерін зерттеушілердің пікіріне сүйене отырып, ежелгі түркі елінде де айдаһар мен жыланға қатысты жақсы көзқарастардың болғанын аңғарамыз. Жалпы мифтік тұрпатқа деген көзқарастың ұқсастығы – аса маңызды жайт. Сонымен жазу дәстүрінің, мемлекет сабақтастығының үздіксіз болуының нәтижесінде, Луң тұрпаты қытай санасында, танымында, сезімінде, мәдениеті мен өнерінде, әдебиеті мен салт-дәстүрінде кең көлемде дамыған. Содан да болар, бүгінгі заманда да Қытай елін бейнелеп айтқанда, оны айдаһарға шендестіру жиі қолданылады.

Луң тұрпаты Қытай мифтік дәстүрінде өте ертеректе қалыптасқан. Ұзын денелі, басында мүйізі бар, мақұлық бейнесіндегі пиктограмма сияқты иероглифтік таңбалар б.з.д. XIV ғасырдан бастап, яғни Инь дәуірінің балгерлік, жору сүйектерінде кездескен. Бұл дегеніміз - Қытай елінде Луң-айдаһар тұрпатының пайда болу уақытын б.з.д. 2 мың жылдықтың ортасы деп есептеуге болады деген сөз. Ал бұл- біздің ежелгі түркі елі мифологиясының даму тарихын, дей-түркілік тілдің тарихи-географиялық таралу маршрутын көрсетуге қажетті аса маңызды дата болып табылады.

Анықтамалық мақалаларда Луң-айдаһар бейнеленген пиктограммасының прообразының қайдан шыққаны жөнінде бірнеше тұспал айтылыпты: Қытайдың зерттеушісі Лю Чэнь Хуай және басқалар дей түркілердің де, қытайдың да тотемдік тұрпаты болған айдаһардың бастапқы прообразы-кесіртке десе, голландық зерттеуші Гроот Тимсок крокодилді алға тартады. Ал жору сүйегіндегі жазу кескіндемесіндегі Луңның бүгінгі Хэнань аймағының батыс және орталық бөлігін мекендеген Цянь тайпасының атауына байланысты оны тибеттік бастау деп атайды. Міне, Луң тұрпатының генезисіне байланысты тұспалдардың ала-құлалығына орай біз осы тұрпаттың дей-түркілік бастау екенін дәлелдеуге жаңа ұсыныстар енгізбекпіз:

Біріншіден, ежелгі түркі елі мен қытайдағы айдаһар тұрпатыың жалпылыма сәйкестігі; екіншіден, этноргафиялық сәйкестік; үшіншіден, лингвистикалық сәйкестік.

Бүгінгі Қытайдағы бізге танымал мерекелер кезінде аспанға атылған петардалар ұшқыны мен түтініне, шуына ілесіп, айдаһардың кескінінде жасалған маска тұлыпты киген бірнеше адамдардың көшеде, алаңда билеп, айдаһардың қозғалыстарын имитациялауын, сондай-ақ бірнеше таяқшаларға бекітілген айдаһар қуыршақтарын ұстап, билеп жүрген адамдарды теледидардан, кинофильмдерден біршама жиі көреміз. Осы айдаһар қуыршақтар мен тұлыптар – ежелгі мифтік бейне - Луң – айдаһардың күнделікті өмірдегі карнавалдық кескіні. Осы кескінге қарап отырғанда есіңе ең алдымен ежелгі скифтік айдаһар кейпіндегі жалау белгілермен, «Парпария», «Орақ машай» жырларындағы айдаһар кейпінде ысқырған, шаңдатқан Баба – түкті шашты Әзиздің бейнесі, сондай-ақ ежелгі түркі еліндегі бақсылардың қимыл-қозғалыстары еске түседі. Скифтерде болатын, мәдени-шаруашылық типінің сәйкестігіне сай, сол скифтер арқылы олардан тұтас сақтар мен массагеттердің әскери мифтік этнографиялық дәстүрінде болды деп тұспалданатын айдаһар пішінді сырыққа ілінген түрлі-түсті мата қиындыларынан тігілген, іші қуыс жалаушалардың осы қытай карнавалдарындағы Луң-айдаһар бейнесінен несі кем? Ештеңесі де. Өйткені мәдени даму деңгейі мен шаруашылық мүмкіндіктеріне қарай, әр түрлі материалдардардан жасау пешенесіне жазылған қытайлық және көшпенді түркі елінің айдаһар кескінді нәрселерінің қайнары ортақ сияқты. Тек қытай елі оны мерекелік атрибутқа айналдырса, көшпенді түркі елі оны –әскери мақсатта пайдаланған. Айдаһар бейнесі түркі елі үшін жауынгерлік рух беретін, жаудың мысын басатын айбарлы туға айналған. Екі ел үшін де айдаһар бейнесі тотемдік тұрпатта, тәңірлік келбетте суреттеледі. Ал бақсының киіміне келер болсақ, тувалық бақсы жайында этнографиялық деректер бар. Потаниннің айтуы бойынша, тува бақсыларының киімі әртүрлі жолақ матадан тігілген жылан бейнесін береді. Жоғарыдан ортасына дейінгі қос мүйізді белдік – ол алтын басты Амырға жыланы деген атақ береді. Шошақты бас киімдерінде қос мүйіз бейнеленген дейді. Қарап отырсаңыз тувалық бақсының киіміндегі өрнектерден жыландық, айдаһарлық кескінді аңғаруға болады. Түрлі –түсті мата құрақтарынан тігілген киім, қос мүйіз – жай жыланның ғана емес, мүйізді шұбар жыланның немесе айдаһардың келбетін бейнелейді. Ертедегі түркі еліндегі бақсылықтың бұл түрін шаманизм деп атаған. Дәл осы шаман киіміндегі өрнектердің жылан бейнесін беретіндігін ескерсек, тувалық бақсылардың сыртқы келбетінің ежелгі түркілік жылан –айдаһар культінен бастау алғанына сенуге болады. Сонымен қатар түрлі –түсті таспа құрақ маталардан тігілген киім, бір жағынан Қытайда өтетін мерекелік шерулердегі айдаһарды еске салса, екінші жағынан, скифтік жауынгерлік жалау белгіні көрсетеді. Жылан киімді тувалық бақсының ар жағында, дей-түркілік әскери жорық тұрпаты, іс-әрекеті жатыр деп жорамалдар болсақ, онда бақсы киімі мен көшпелілік жалау белгінің де негізгі бір бастаудан шыққанын болжауға болады. Қытай карнавалдарындағы айдаһардың негізінде де нақ осындай әскери магия идеясы жатуы ықтимал.

Екінші сәйкестік – лингвистикалық, яғни сөздердің сәйкестігі. Қытай тіліндегі Луң –айдаһар сөзінің шығу төркіні қандай? Осы сөздің ежелгі түркі тілінен ауысуы мүмкін бе? Көпшілік жамағат мұндайдың болуы мүмкін емес дер еді. «Бес мың жылдық тарихы бар мәдениеті зор, өркениетті ел, халықтардың ішіндегі мәдени жетістіктерден жалпы адамзаттық қорға қосылуы жөнінен алғашқы орындардың бірін алатын Қытайдың қайдағы бір қаңғыған Еуразиялық даланың кеңістігінде мыңдаған жылдар бойы тентіреп жүрген, ұшарын жел, қонарын сай білетін, көшпелілерден бірнәрсе үйренуі мүмкін» дегенге сендіретін бірдеңе тауып алу әрине мүмкін емес. Бірақ біз Қытайларға да түркілерден сөз ауысқан деген жорамал жасауға бел будық. Оның да өз себебі бар. Қытай тілінде «р» дыбысының қолданбайтындығын ескерер болсақ, ежелгі бір құрылымдарда кездесетін «р» дыбысы бар әлдебір сөздерді қытайлық пенде қалай айтқан болар еді? Ең қарапайым қисын бойынша «р» дыбысын не «л», не «и» деп айтар еді. Егер Луң сөзін қытайдың бөгде сөздерді өз тілдерінің заңдылықтарына сай, өзгертіп айтқан сөзі деп есептесек, онда Луң сөзінің бастапқы айтылу нұсқасының «рун» болғанын жорамалдар едік. Енді Луң сөзін түрлі буындық заңдылықтарға сай салып айтып көрейік. Луң-ды «руң», «улун», «урун» деп оқысақ, ежелгі түркі елінің сөзінен бірақ шығады екенбіз. Осылайша біз оның қайдан пайда болғанын көре аламыз. Қараңыз, абақ таңба, яғни шеңбер мен оның ортасындағы нүктеден тұратын кескін «урунг» /ұрұңғ, урұңғ, оронг/ деп оқылады. Урунг деген сөз -ор, шеңбер деген ұғымды берсе, ұрұңғ- нүктені, ал оронг – абақ таңба, шеңбер мен нүктенің қосылуын береді. Жалпы түсінуіміз керек нәрсе ол- әлемнің алғашқы нүктесі - ғаламды шеңбер бойымен қоршап жатқан жылан деген мағынаны береді. «Ур» деген сөз құрсақты білдірсе, «ұрұңғ»- құрсақ ішіндегі ұрықты, ал «оронг» жыланның басы және оның ұрпағы деген түсінікті береді. Луң сөзінің шығу тегі - жылан-ана құрсағындағы ұрпақ дейтін тотемдік түсініктен туындаған.

Яғни Қытайдың «луң» сөзінің тегі дей – түркілік «урунг» сөзінде жатыр дей аламыз. Олай болса Қытай мифологиясы мен мәдениетіндегі Луң-айдаһар тұрпатының бастапқыда қалыптасуына да б.з.д. 2 мың жылдықтың ортасына дейін қытайлар қоныстанған ареалға жетіп үлгерген дей-түркілік тайпалардың алғашқы легі ықпал етті немесе шешуші үлес қосты деп пайымдауға толық негіз бар. Бұл қытайлар біздің ата-бабаларымыздан бірнәрсе үйренген деген құр мақтаныш сезімді білдіруден туындаған ой емес, бұл б.з.д. 5-3 мың жылдар бойына Гипербориядан шығатын Ауғанстан мен Иран арқылы Орталық Азияға, Қазақстан мен оңтүстік Сібір бағытына жылжыған дей-түркілердің алғашқы легінің б.з.д. 2 мың жылдықтың ортасына таман тарихи Қытай ареалына дейін жеткенін көре алатын аса маңызды айғақ болып табылады. Қытай тіліне дей-түркі тіліндегі сөз ұғымдарының ену мысалы тек осы «урунг» , «луң» сөздерімен ғана шектелмейді. Дей түркілердің «тәңір» сөзі – «танг» Қытай тіліне «тиань» түрінде енгені жөнінде де тұспал айтуға болады. Сонымен айдаһардың шығу тегі –жыланнан бастау алады деген тоқтамға келер болсақ, жалпы скифтерде, жылан культі өте ежелден болған. Жылан бейнесі қытай мифтеріндегі сияқты, скифтерде де әйел тұлғасымен сипатталады. Көп басты айдаһарға байланысты түркілерде мынандай мифтік сюжет бар:
«Алты басым аман болса, алты күнде тірілем

Жез құмайым аман болса, жеті күнде тірілем

Ортан белім аман болса, отыз күнде тірілем..»
Айдаһар жайлы қазақта «Айдаһар бөрік» деген аңыз бар:

«Бағанағы он сегіз жасар жас бала

Айдаһар бөрік басында,

Қара арғымақ астында

Екі қолында егіз оқ ...»

деп кете береді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет