І тарау. ҰЖым туралы түсінік 7 1 Ұжым- тәрбие құралы 7


І ТАРАУ. ҰЖЫМ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК 1.1 Ұжым- тәрбие құралы



бет2/9
Дата11.01.2017
өлшемі1,38 Mb.
#7282
1   2   3   4   5   6   7   8   9

І ТАРАУ. ҰЖЫМ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК

1.1 Ұжым- тәрбие құралы


Класс ұжымы - бастауыш ұжымның бір түрі. Мектептегі бастауыш ұжымның негізгі түрі - класс, оқушылар ұйымы, оқушылардың өндірістік бригадалары, әртүрлі спорт және көркемөнерпаздар ұйымы.

Бастауыш ұжымның ерекшелігі - ондағы барлық мүшелердің жеке байланысы, олардың арасындағы күнделікті істер және жолдастық өзара қарым-қатынас.



8 Мектепте педагогикалық тұрғыда ойластырылып шешілген оқу-тәрбие процесін шебер жүзеге асыру үшін әрбір мұғалімнің, тәрбиешінің, мектеп директорының, кластан тыс және мектептен тыс жұмысты ұйымдасты-рушылардың мектеп коллективінің тәрбиесі жөніндегі негізгі принциптерді практикалық қызметте басшылыққа алатын ғылыми негіздерді табуы керек.

Көп жылғы практика мектеп коллективінің тәрбиесі негізіне мыналар жататындығына көз жеткізеді:



Коммунистік идеялық. Сан қырлы қарым-қатынастарда, еңбекте, ой-пікірде мектеп коллективі коммунистік мұраттарды бейнелеуге, совет халқымен бірге тыныстауға тиіс. Коммунистік идеялық бірлік болғанда ғана, іс-әрекет, ой-пікір, сана-сөзім орынды үйлескенде ғана коллективтің қозғаушы күшіне айналады. Осы бірлік — коллективтің және әрбір адамның табанды идеялық сенімдерін қалыптастырудың түп негізі және ең маңызды ұйтқысы.

Мектеп коллективгніц идеялың және ұйымдық негіздерінің бірлігі. Бұл мектеп коллективі жұмысының мазмұны мен формаларын айқындаудағы комсомол және пионер ұйымдарының бірлескен қызметі, партия ұйымының, коммунистердің басшылық ролі. Мектеп коллективін тәрбиелеу, шын мәнінде, мынадан тұрады: мектепте идеялық жағынан табанды, рухани бай, өмір тәжірибесі арқылы көреген болған адамдар — аға ұрпақтың өкілдері, сенімі жағынан коммунистер-жас ұрпаңты өмір сүруге үйретеді. Өмір сүруге үйрету - бұл өте күрделі және өте нәзік ғылым. Оның әліппелік ақиқаты: әрбір тәрбиеленуші күні ертең ғана емес, сонымен бірге бір жылдан кейін, бес жылдан кейін не істейтін болады; адам мен адамның араласуының негізінде не жатқанын, адамның коллективте қандай рухани байлық алатынын және коллективке қандай рухани байлың әкелетінін білу.

Коммунист-педагогтың басшылық ролі. Коллектив, өз ішінде аға жолдастардың бағыттаушы, басшылық етуші — коммунистік ізгі мұраттармен рухтанған кө-регендігі болғандықтан ғана тәрбиелеуші күш ретінде өмір сүреді. Егер коллектив мектеп басшысы — директордың моральдық байлығымен, интеллектуалдық көп қырлы қасиетімен, тұрмыстың көрегендігімен, комму-нистік сеніммен рухтанған жағдайда ғана, міне осындай жағдайда ғана ол тәрбиелеуші күшке айналады. Директор мектепте бір-екі-ақ жыл істеген жерде коллективті тәрбиелеуші күш ретінде әңгіме етуге де болмайды. Педагогика мәдениетінің, бүкіл оқу және тәрбие жұмысының дәрежесі төмен болған жерде де коллективтің болуы мүмкін емес. Коллективке басшылық ету үшін және оның жұмысына дұрыс бағыт беру үшін мектеп басшысы және барлық тәрбиешілер әрбір баланың психикалық, рухани, интеллектуалдык, ерекшелік-терін жақсы білуге міндетті.

Оқушылар мен педагогтардың арасындағы, оқушылардың өз арасыпдағы, педагогтардың өз арасындағы қарым-қатынастардың байлығы. Тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің араласып жатқан мүдделерінің сан алуандығы, бірлігі, рухани қажеттіліктердің ортақ қанағаттандырылуы, рухани байлықтарды өзара байыту және үнемі алмасу — мектеп коллективінің міндетті белгілері міне осылар. Мектепте баланың тек оқып қана қоймайтынын ұмытпау керек. Мектепте ол өмір сүреді. Егер тәрбиешілер осы ақиқатты ұмытса, оқушы үшін оқу ауыр азапқа айналады. Оқу — сан қырлы рухани өмірдің тек бір ғана құрамды бөлегі болған жерде — оқу бала үшін жақсы да тартымды болады. Коллектив ішінде идеялық, азаматтық, интеллектуалдық, еңбектік, эстетикалық қарым-қатынастар болған жағдайда, коллектив бай, толық мәнді рухани өмір сүреді. Қайталап айтамын: қарым-қатынастар. Мектеп өзінің қызғылықты, мазмұнды өмірімен оқушыларды магнитше тартуға тиісті. Тек осындай жағдайда оқу магнитше тарта алады.

Тәрбиеленушілер мен тәрбиешілердің рухани өмірінің айқын білінген азаматтың өрісі. Мұғалім мен оқушылар тек класта ғана кездесіп қоймауы тиіс: оқушы — партада (ол білім алады, мұғалімнің сұрақтарына жауап береді, баға алады), педагог — мұғалім стол басында (ол білім береді, оқушыға сұрақ қояды, баға қояды). Егер қарым-қатынастардың өрісі осы ғана болатын болса, онда мектеп коллективі тәрбиелеуші күш бола алмайды. Мұғалім мен оқушы екі азамат ретінде де бір-біріне әсер етуі тиіс, міне сонда ғана олар тәрбиеші және тәрбиеленуші бола алады. Мектеп өмірі мынадай болуға тиіс, онда адам үшін адамның жауапкершілік, адамның қоғам алдындағы жауапкершілік жүйесі әрдайым болуға тиіс. Адам - коллектив - қоғам - өзара қарым-қатынастардың жүйесі міне осы, осының арқасында коллектив қоғамның белсенді қайраткерін, азаматтың, қоғамдық проблемаларға өте сергек қарайтын, ел мүддесімен, ел тілегімен өмір сүретін азаматты тәрбиелейтін күшке айналады. Дұрыс ұйымдастырылған азаматтық қарым-қатынастар жақсы коллективке тән белгі, бұл бар жерде жеке адам, өзін қоғаммен бетпе-бет тұрғандай сөзінеді, қоғамдық мүдделердің, проблемалардың нақты, айқын көрінісін көреді, сөйтіп сол мүдделерді жүзеге асыру үшін күрес жолын саналы түрде таңдап алады. Нақ осындай күрес қоғамдық қызметтің өзі болып табылады, бұл қызмет тәрбиеші мен тәрбиеленушінің арасындағы жоғарғы, ерекше өзара қарым-қатынастарды — идеялың бірыңғай ой-пікір қатынасын, одақтастар мен туысқандардың ортақ күрестегі қатынасын тудырады.

Өзіндік ынта, творчество, инициатива коллектив мүшелері арасындағы әр түрлі қарым-қатынаетар көрінісінің ерекше қырлары іспетті. Былайша түсіндірейік: өзіндік ынта — стихия емес. Мақсатқа бағытталған, идеялық педагогикалық, ата-аналар басшылығы болмайынша, коллективте нағыз өзіндік ынта болуы мүмкін емес. Өзіндік ынтаның мәні басқа адамға ықпал ету үшін өзіне идеялық, рухани, моральдың интеллектуалдық байлық жинақтауда. Коллективтің әрбір мүшесі тәрбие процесіне белсенді қатысқанда ғана нағыз өзіндік ынта, творчество, инициатива мүмкін болады.

Рухани байлықтарды, әсіресе идеялық және интеллектуалдық байлықтарды үнемі көбейте беру керек. Бұл, біздің пікірімізше, жалпы оқу мен тәрбие ұштасқан тәрбие жұмысы саласының ең нәзік проблемаларының бірі.

Ойдың, сенімнің байлығы, затында, оқу көзінде алған білім мөлшеріне байланысты болады. Ал егер бұл байлық оқушының сабақ пен оқулықтан алған білімімен ғана шектелсе, оның рухани дүниесі мол болмайды. Ол ең алдымен коллектив пен жеке адамның қоғамдық белсенді қызметіне араласқанда ғана идеялық жағынан байиды. Идеялық өресі білім өресінен олқы түспеуге тиіс, қайта, керісінше, әрдайым одан асып түсуі тиіс.

Басқаша айтқанда, интеллектуалдық байлықтарды үздіксіз молайта беру мектеп коллективін баулудың маңызды шарты болып табылады. Түлектердің ой-арма-ны, оларды толғантатын мүдделер, білімге деген құштарлықтың бекіп, жетілуі, коллектив өмірінде интеллектуалдық байланысқа негізделген қарым-қаты-настардың алатын орны — мектеп өмірінің рухы, коллективтің тәрбиелік күші міне осыған байланысты. Өйткені, мектеп өмірінің бүкіл мәні — бұл өздігінен ойлау, ойлану қабілетін баулу. Үнемі терең интеллектуалдық, рухани өмір сүру, сенім күшіне берік болу, өзін-өзі білімді құрметтеу рухында баулу — міне осының бәрі адамнан үлкен күш-жігерді талап етеді. Бұл күш-жігердің қайнар көзі коллективтің интеллектуалдық өмірі екендігіне, оқушылар мен оқушылардың арасындағы, мұғалімдер мен оқушылардың арасындағы қарым-қатынастарда, сабақтардың, оқулықтардың шеңберінен шығатын қарым-қатынастарда ақыл-ой байлығын үздіксіз молайта беру екендігіне тәжірибе көз жеткізеді.

Асқақ, ізгі мүдделердің, қажеттіліктің, тілек-ниеттің үйлесімі. Коллективтің тәрбиелік күші көп ретте мектеп оқушыларының қандай мүдделері мен талап-талғамының қалыптасуына және осылар мектеп оқушыларының тілек-ниеттерімен, әсіресе жас өспірімдер мен жоғары кластағы жеткіншектердің тілек-ниеттерімен қалай үйлесетініне байланысты. Кластарда, үйірмелерде, пионер отрядтары мен комсомол ұйымдарында оқушылардың ынтасы мен қажетін баулуға бағытталған, жеке адамның жан-жақты жетілуіне қажетті қажырлы жұмыс жүргізу керек, тілектің қанағаттандырылуы бұл адамды да, қоғамды да бақытты етеді.

Жалпы мектеп коллективі — бұл ондаған бастауыш коллективтер, олар мейлінше әр түрлі қарым-қатынастар арқылы, рухани өмірдің, тұтынудың, мүдденің мейлінше бай сарындары арқылы құрылады.

Тәжірибе жалпы мектеп коллективінің рухани байлығы едәуір дәрежеде кластар коллективтерінің арасындағы өзара байланыстың қаншалыңты әр түрлі және сан қырлы екендігіне байланысты болатындығын көрсетеді. Жоғары кластарда тәрбиеленушілер мен төменгі класс оқушылары коллективтерінің арасындағы өзара қарым-қатынастар адамның адамға деген азаматтық жауапкершілігінің бастапқы мектебі болып табылады.

Мектеп практикасында азаматтың жауапкершілікті дамытушы және орнықтырушы мынадай әр түрлі өзара қарым-қатынастар болады:

Интеллектуалдъщ өзара қарым-қатынастар. Сегізінші-тоғызыншы (кейде тіпті алтыншы және жетінші) кластардың оқушылары пәндік үйірмелерді басқарады, бұларда екінші-бесінші кластардың оқушылары оқиды. Балаларды бәрінен гөрі әдеби-творчестволық, жас өлке танушылар, көркем сөз үйірмелері, ертек үйренуі үйірмесі қызықтырады. Жекелеген жоғары класс оқушыларына, жас математиктер, жас тарихшылар, жас натуралистер үйірмелерін басқаруды тапсыруға болады.

Интеллектуалдың өзара қарым-қатынастар — жоғары және төменгі класс оқушылары арасындағы нағыз берік, нағыз ұзақ мерзімдік қарым-қатынастар. Осындай қарым-қатынаетардың арңасында коллективтің рухани өмірі байытылады, ақыл-ой мүдделері достың, жолдастаң мүдделерімен ұштастырылады. Біздің пікірімізше, оқудың, ғылымның коллективтік өзара қарым-қатынастардың, мүдделердің, байланыстардың негізіне айналуы — тәрбие жұмысының ең қиын салаларының бірі болып табылады. Танып білуге аңыл-ой жұмсамайынша, ақылмен ынталанбайынша, талпынбайынша коллективтік бай өзара қарым-қатынастар болуы мүмкін емес. Біз тәрбие шеберлігі мынада — әрбір жоғары класс оқушысын, әрбір жас өспірімді өз білімін кіші жолдастарына беруге, сөйтіп өздерінің интеллектуалдың баюына үйретуде деп білеміз. Тек осының арқасында ғана білімге нағыз құштарлық, танып білуге қажеттілік қалыптасады.

Әдебиеттің, тарихтың, географияның және басқа пәндердің таңдаулы білімпаздары - жоғары класс оқушылары — бесінші-жетінші класс оқушыларының алдында баяндамалар жасап, әңгіме-кеңестер өткізеді.; Мұның өзі де жалпы мектеп коллективінің рухани өмірін байытудың аса маңызды тәсілдерінің бірі екендігін тәжірибе көрсетіп отыр. Көп оқып, көп білетін жас өспірімнің өзінің жасы кіші жолдастарының алдында сөйлеуге құштарлығы пайда болады. Осы құштарлықты баулу — педагогтың күрделі міндеттерінің бірі. Біздің мектепте жоғары кластарда оқыған жылдар ішінде өздерінің жасы кіші жолдастарының алдында әлденеше реттен баяндамалар жасап, лекциялар оқыған оныншы класс оқушылары бар. Бұл өте бағалы істің тәрбиелік маңызы мынада: осындай бірліктің негізінде оқушылар коллективінде интеллектуалдық мүдделер бірлігі орнығады, аса берік достың қатынастар қалыптасады. Жаңа үйірмелер пайда болады, ең басты рухани байлықты — кітапты құрметтеу сөзімі тәрбиеленеді.

Жоғары класс оқушылары төменгі және орта буындағы кластарда саяси информациялар жасайды. Біздің елімізде және шетелде не болып жатқанын әңгімелей келе, комсомолецтер тек фактілерді ғана айтып қоймайды, олар жасы кіші жолдастарға өздерінің көзқарастарын да жеткізуге тырысады.

Идеялық-тәрбие қатынастары. Бұл қатынастар интеллектуалдың қатынастармен тығыз байланысты, бірақ бұл арада қоғамдық белсенділік жөніндегі, азаматтың қасиетті орнықтыруға бағытталған азаматтың қызмет жөніндегі қамқорлық бірінші кезекке қойылады. Біз әрбір түлектің өзінің идеялық, азаматтың қаси-еттерін жасы кіші жолдастарға беруіне, оның қоғамдық өмірге қатысуы, сонымен бірге басқа адамдардың рухани байлығына қамқорлығы болуына күш саламыз.

Пионерлер октябрят топтарына, комсомолецтер пионер отрядтарына басшылық етеді. Саяси, қоғамдық идея балалардың, жас өспірімдердің, жастардың күн-делікті, нақты қызметінің өзегі болуы тиіс. Біздің көз-қарасымыз бойынша октябрят, пионер және комсомол жұмысына педагогикалық басшылық, етудегі шеберлік негізі — осы болып табылады. Идеялық сенім ең алдымен адам бір нәрсе үшін күрескен кезде, бір нәрсені жақтаған кезде орнығады. Бір пікірлес адамдардың коммунистік идея жолындағы күресі коллективтік өзара қарым-қатынастардың жоғары формасы болып табылады. Мектеп коллективін басқарудағы педагогикалық шеберлік мынадай қызметті таба білуден көрінеді: бұл қызметте күнделікті, қарапайым, ә дегенде ешқандай тартымдылығы жоқ жұмысқа қатысушылардың саяси бір пікірлес адамдарға айналатындай болуы керек, өзінің еңбегі мен мінез-құлқын бағалаудағы жоғары өлшем — қоғамның, халықтың мүдделері екендігін көз алдына елестететіндей болуы керек. Қарапайым жұмысты Отанға қызмет етудің жоғары мәнімен жандандыру — коммунизмнің жас құрылыс-шыларының идеялық өзара қарым-қатынастарын орнықтыру деген сөз.

Кәдімгі ауыл шаруашылығы жұмысын — астық өсіруді мысалға алайық. Білгір тәрбиеші балаларға жекелеген еңбек операцияларын орындау жөнінде жай ғана тапсырма беріп қоймайды, қайта олардың қызметіне қоғамдық зор мән береді, оқушылар өздерінің колхоздың көптеген гектар жеріне себетін арнайы тұқым өсіріп жатқанын біледі, колхозда егіншілікті өркендету жөніндегі жауапкершілік сөзімі оларды жігерлендіреді. Ал азаматтық жауапкершілік сөзімі — бұл идеялық-тәрбие қатынастарының айқын көрінісі деген сөз. Республикамыздың жекелеген селолық мектептерінде ғылыми білімдердің комсомол-пионер лекторийлары бар. Жас өспірімдер мен жастар ғылым мен техниканың жетістіктері туралы лекциялар даярлайды, сол лекцияларын колхозшылар мен жұмысшылардың алдында оқиды. Бұл жұмыстың мақсаты қартаң адамдарға ғылыми-атеистік тәрбие беру болып табылады.

Оқу-еңбек қатынастары. Бастауыш коллективтер үлкен роль атқарады, оларда ересек тәрбиеленушілер өздерінің кіші жолдастарына еңбек іскерліктері мен дағдыларын үйретеді. Біздің мектепте жас өспірімдер, жас жігіттер мен қыздар — кіші және орта буындағы мектеп оқушыларының (үшінші жетінші класс оқушыларының) техникалың және ауыл шаруашылығы үйірмелеріне басшылық етеді. Бізде жас конструкторлар, слесарьлар, токарьлар, радиотехниктер, электротехниктер, тракторшылар, өсімдік өсірушілер, бағбандар, омарташылар үйірмелері бар. Жас бағбандар үйірмесінде үшінші-бесінші класс оқушылары ойдағыдай жұмыс істеп жүр. Жас еңбеккерлер үйірмесін басқару жоғары класс оқушылары үшін өзін көрсетудің, өзін орнықтырудың, өзін тәрбиелеудің мейлінше айқын формасы болып табылады. Өзінің бойындағы бар бүкіл тәуір қасиетті өзінің жолдастарына беруге тырыса келе, үйірме жетекшісі тәрбиешіге, адамды жасаушыға айналады.

Мектеп тәрбиесін ұйымдастырудың топтық формасы ұжымдық деп аталады. Тек ұжымда ғана тұлға өзінің жан-жақты даму мүмкіншілігіне ие, сонымен бірге тек ұжымда ғана жекелей еркіндік болуы мүмкін. Мектеп тәрбиесі жүйесінің өзгешілігі – тұлға дамытудағы ұжымның атқаратын қызметінің жетекші болып саналуында. Ұжым тәрбиелік талпыныстар орталығына айналады, оны қалыптастыру- мектептің негізгі міндеті ретінде қабылданады. Мектеп тәрбиесіндегі жетекші идеяны дамытқан зерттеуші педагогтар Н.К.Крупская, А.С. Макаренко, В.А Сухомлинский және т.б

Латынның “коллективус” деген сөзі “жиын”, “ұжым” “топ” дегенді білдіреді.

“Ұжым” түсінігінің екі мәні қолданылады:



  1. Ұжым- кез-келген адамдар тобы;

  2. Ұжым-жоғары ұйымдасқан топ.

Мектеп ұжымы негізгі әлеуметтік орта болып табылады, осы ортада адамның тұтыну қажеттілігі тәрбиеленіп, талап тілегі ашылып, жеке басының қабілеттілігі қалыптасады. Мектеп ұжымында, оның сан қырлы қарым-қатынастары мен бірге ұжым мүшелерінің жалпы қызметі арқасында жеке адамның жан-жақты жетілуі балалар мен жастардың өндірістік еңбекке қоғам өміріне Отан қоғацға белсенді қатысуының тиісті әзірлігі қамтамасыз етіледі.

А.С. Макаренко ұжымға былай деп сипаттама берді:

“Біздің пікірімізше, ұжым бірігудің социалистік принципіне негізделген контактылы жиынтық.

Жеке адам жөнінде ұжым бүтіндей ұжымның суверендігін білдіреді. Жеке адамның өз еркімен ұжымға кіруі правосын білдіре отырып , ұжым бұл адамнан ол ұжымда тұрғанда оған сөзсіз бағынуды талап етеді, мұның өзі ұжым суверендігінен келіп шығады. Ұжым адамдарды қоғам үшін анық пайдалы қызмет міндеттері негізінде біріктірген жағдайда ғана ұжым болуы мүмкін ”.

Балалар ұжымы туралы айта келіп, А.С.Макаренко тәрбиенің жүйесі жүйе болғандықтан бздің тәрбиелеуші ұйымымызда ұжым түрінде болады деп ескертті. “Біз тәрбиелейтін адамдар ұжымы- деп атап көрсетті Антон Семенович,- тек жастардың ғана жиналысы емес, бұл ең алдымен Кеңес Үкіметіндегі басқа да барлық ұжымның бүкіл ерекшеліктеріне , құқықтары мен міндеттеріне ие болатын қоғамның ұясы болып табылады”.

Мектеп ұжымы- бұл тек мектеп оқушылары ғана емес. Ол өзінің құрамына сондай-ақ педагогикалық персональды да қамтиды. Оқушы және педагог ұжымы- өзінше өмір сүретін жеке бірлестіктер, олардың әрқайсысының қалыптасуы мен дамуының өз заңдылықтары бар. Олардың арасына қандай да бір айқын шек қоюға болмайды, олар бір-бірінен белгілі бір дуалмен бөлінбеген, олар өзінің бірегейлігімен мектеп ұжымы болып табылады.

Біз мектеп ұжымын ұжымшыл өзара қатынастардың жоғарғы , неғұрлым күрделі формасы ретінде қараймыз. Мектеп ұжымы- бұл азаматтық мектеп, белсенді қатысушының сапа қасиеті осында қалыптасады, бейнелеп айтқанда, бұл балапанның қанаттанып, өздігінен ұшуға аттанатын ұясы.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2013 -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
2013 -> Мазмұны Кіріспе Тарау -I. Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы калыптасуының бастапқы кезеңІ
2013 -> Жанғабыл Қабақбаев, Қазақстан Республикасы журналистер Одағының
2013 -> Әл Фараби дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған. Ол данышпан философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші ақын, математик. Әл Фараби 870 ж
2013 -> Өмірбаяны ІІ негізгі бөлім
2013 -> Ф 15-07 Қазақстан Республикасының білім ЖӘне ғылым министрлігі
2013 -> Кіріспе. Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмысының өзектілігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет