I-тарау. Түркістан өлкесіндегі алғашқы басылымдар



бет1/4
Дата28.01.2018
өлшемі0,61 Mb.
#34721
  1   2   3   4
Мазмұны

Кіріспе ...........................................................................................................

2-4

I-Тарау. Түркістан өлкесіндегі алғашқы басылымдар (1870-1925 ж.ж.)




1.1.

Түркістан өлкесінен шыққан мерзімдік басылымдар ..............

5-14

1.2.

Өлкеде алғашқы кітап басу ісі .......................................................

15-18










II -Тарау. Түркістан өлкесіндегі ұлттық баспасөз дамуының проблемалары.



2.1.

Қазақ тілінде шыққан алғашқы басылымдар ............................

19-29

2.2.

Ұлттық басылымдардағы оқу-ағарту мәселесі ..........................

30-38

2.3.

Қазақ зиялыларының басапасөздегі мақалаларының деректік құндылығы ........................................................................

39-48










Қорытынды .................................................................................................

49-50

Пайдаланылған әдебиетер тізімі .............................................................

51-53

Қосымшалар ................................................................................................

54


Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Бір өзі бірнеше ғасырға татырлық ХХ ғасыр да белгілі обьективті себептерге байланысты, тек соңғы жылдары ғана жалпы адамзат тарихы контексінде, ұлттық мүдде тұрғысынан зерттеле бастағандығы белгілі. Бұл ретте тарих ғылымы үшін ғасыр айнасы іспетті болған мерзімдік басылымның деректік орны ерекше. Негізінен ғасыр басында дүниеге келіп, ғасырмен бірге дамыған қазақ баспасөзінің деректік маңызын,олардың өзіндік ерекшеліктерінін, олармен жұмыс істеу тәсілдерін білу үшін алдымен ұлттық мерзімді басылымның тарихын зерттелу жағдайын білу қажет. Себебі, біріншіден, тоталитарлық жүйе, коммунистік идеология қазақ халқының тағдыры сияқты, баспасөз тағдырында да шешуші роль атқарды. Оның тарихының зерттеуіне, өрескел бұрмалауына өз ықпалын тигізді. Екіншіден, қазақ мерзімі басылымның өз дәрежесінде ұлт мүддесі тұрғысынан зерттелуі, оның деректік маңызын ашуға, ондағы салынған ақпараттардың шынайлық дәрежесін айқындауға, сол арқылы халық тарихын жазуға көмектеседі. Баспасөз беттерінде жарық көрген көптеген материалдарды «Қазірігі жағдайға сай келмейтін жат идеяларды таратқан, ұлтшыл кертартпа көзқараста болған», деп фактологиялық тұрғыдан жеткілікті талданбай, біржақты зерттеудің салдарынанан барымызды жоқ деуге шейін жеткен кезеңде, ол газет-журналдардың тігінділерін өртеп, құрытып, жойып жіберілген еді. Қиын-қыстау заманда қыруар қиындықпен дүниеге келген екі көрсеткішпен қатар қазақтың төңкерістен бұрынғы газет-журанлдарының тарихына, шығарушы редакторларына арналған азды көпті ғылыми еңбектер де жарық көріпті. Олардың ішінде Б.Кенжебаевтың, Х.Бекхожиннің, Ә.Жиреншиннің, Т.Кәкішевтің, З.Тұрарбековтың, Б.Әбілқасымовтың, С.Зимановтың, К.Идрисовтың, З.Бисенгалиевтің зерттеулерін ерекше атаған жөн.

Мәселенің зерттелу деңгейі. Баспасөз тарихы көптеген еңбектерде арнайы зерттелді. Дегенмен олардың бәрінде дерлік қазақ баспасөзінің қалыптасу және даму тарихы негізінен таптық тұрғыдан қаралды. Зерттеушілердің әрбір сөзі, басқан адымы үнемі бақылауда болды. Лениндік сара жолдан сәл де болса ауытқушылық қатал айыпталынды. Мәселен 1951ж 17қарашада «Социалистік Қазақстан» газетінде «Қазақ баспасөзінің тарихын зерттеудегі өрескел қателіктері» деген мақалада ұлттық баспасөз тарихын зерттеушілер Х.Бекхожин мен Б.Кенжебаев «идеологиялық бұрмалаушы-лықтар мен өрескел саяси қателіктері» үшін қатаң сынға алынған. Еңбектері «...халқымыздың таңдау талғауына сай емес, тарихи шындықты бұрмалаған, бұқпа-жалтағы көп, маркстік-лениндік тұрғыдан баяндалып жазылмаған құнсыз еңбектер»-деген, баға берген. Міне осындан кейін мерзімдік баспасөз тарихын зерттеу ісі ұзақ жылдарға шегеріліп, тек ХХ ғасырдың соңынан бастап қана баспасөз тарихының шындықтары ашылып, зерттеле бастады.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері.

Баспасөз тарихын зерттеудің негізгі бағыттары мен кезеңдері туралы зерттеудегі негізгі мақсат-міндеттерімізді, яғни өз пікірімізді айтсақ, олар:



  • өмір айнасы аталған мерзімді басылым тарихын еліміз тарихының контексінде қарау;

  • әр тарихи кезеңнің өзгешелігінен шыға отырып, баспасөздің негізігі мақсатын, бағыт-бағдарын, сол уақытқа тән ерекшеліктерін анықтау;

  • мерзімді басылымға әр түрлі дәрежеде әсер ететін факторларды анықтау;

  • әрбір нақты газет не журналдардың шығарушыларын авторларын анықтау;

  • нақты мақала авторы туралы мәліметтеріді толық білуге ұмтылу;

  • нақты деректің дүниеге келуінің обьективті алғы шарттарын, себептерін анықтау;

  • егер мүмкіндік болса құнды деректік маңызы бар түп нұсқасымен салыстыру, сол арқылы автор айтқысы келген, бірақ баспасөз бетінде жарияланбаған мағұлматтарды табу;

  • әр түрлі жағдайларға байланысты автор ашып айта алмаған, бірақ меңзеген нәрселерді анықтау т.б. Мұның бәрі зерттеушіге баспасөздегі деректердің шынайлық дәрежесін, оның ғылыми құндылығын анықтауға көмектеседі.

Зерттеу жұмысының деректік негізі. Мерзімді басылым жазба деректердің басқа түрілерінен тек өзіне ғана тән сипаттарымен ерекшеленеді. Сондықтан оларда сақталынған мәліметтерден обьективті мағұламт алу мақсатында зерттеушілер баспасөзді тарихи дерек көзі ретінде арнайы қарастыру қажет.

Соңғы жылдары еліміздің тәуелсіздік алып, алып өз тарихын обьективті жазуға мүмкіндік тууына байланысты ұлттық деректерге, оның ішінде қазақ тіліндегі басылымдарға деген жаппай қызығушылық, оларды ел тарихының дерегі ретінде ғылыми айналымға молынан тарту, қазақ баспасөзінің тарихын зерделу мен қазақ баспасөзін өзіндік ерекшеліктері бар тарихи дерек ретінде кешенді талдаудың қажеттілігін күннен-күнге арттырып отыр.



Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы.Диплом жұмысының негізгі практикалық маңызы сол, оның тұжырымдары, сарапталған, мәліметтері жаңаша көзқарастық түсініктердің қалыптасуына үлкен көмек береді және мектеп оқушылары мен студенттердің өзінің білімділік қажеттігін одан әрі дамытады деп сенеміз.Себебі бұл жұмыста көптеген мерзімді басылымдар мәселен: «Ақжол», «Шолпан», «Сана» газет-журналдарының негізгі түп нұсқаларымен қатар,мұрағат құжаттары да көптеп қолданылды.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Кіріспеден, екі тараудан, қорытынды, қолданылған әдебиеттер, мұрағаттық құжаттар мен мерзімдік басылымдар мәліметтерінен құралған.

I-ТАРАУ. ТҮРКІСТАН ӨЛКЕСІНДЕГІ АЛҒАШҚЫ БАСЫЛЫМДАР (1870-1925 ж.ж.)

1.1.Түркістан өлкесінен шыққан мерзімдік басылымдар.
Х1Х ғасырдың II-ші ширегі Түркістан өлкесінің мәдени тарихы үшін маңызды кезеңдердің бірі болып саналады. 1868 жылы Ташкент қаласында кітапхана, бір қатар мұражайлар мен мәдени орталықтар, сонымен қатар орыс-түземдік мектептер, кино және театр, почта, телеграф, ауруханалар мен ғылыми орталықтар ашылды.

Қоғамда болып жатқан әр алуан, ірілі-ұсақты уақиғалар туралы дер кезінде оқырмандарына мәлімет жеткізу міндетін атқаратын мерзімді басылым, уақыт өте келе баға жетпес құнды деректер көзіне айналды.

Халыққа болған уақиға туралы жедел ақпарат таратқан мерзімді басылым, сол оқиға туралы өз бойына қажетті мағұлматтарды да жинайды, сөйтіп уақыт өте келе өзі де тарихи дерек көзі ретінде ғылымға қызмет етіп,оқиғалардың кейбір қырларын ашуға көмектеседі.

Өткенді саралап, баспасөзді түбегейлі зерттеу ісінде белгілі ғалым,библиограф Ү.Субханбердинаның - "газет-журнал беттерінде жарық көрген материалдар архив қазынасымен қосылып бір дәуірде болған қауым тіршілігін,оның маңызды елеулі жақтарын толық сипаттайтын бағалы деректердің бірі"[1].-деп көрсетеді. Баспасөз тарихын зерттеуде және оны танып білуде үлкенді-кішілі еңбектердің елімізде әр жылдары жарық көргені белгілі.ХХ ғасырдың екінші жартысында Т.Амандосов, Х.Бекхожин, С.Имашев, М.Фетисов, Б.Кенжебаев, Т.Қожакеев сияқты белгілі ғалымдар кеңестік баспасөздің тарихын зерделеді. Заман талабына сай бұл ғалымдардың зерттеулерінде кеңестік газеттер тарихы партия мен кеңес өкіметінің көзқарасы тұрғысынан қарастырылды, дегенмен қазақ басапсөзінің қалыптасуы және даму тарихы құнды деректер негізінде жүйелі түрде сарапталғанын жоққа шығаруға болмайды.

Бұхараның санасын уландыру, жергілікті мұсылман халықтарының дінінен, тілінен, ділінен айыру, түптеп келгенде орыстандыру мақсатында патша өкіметі Орта Азияда ресми баспасөзді тимді пайдалануға әрекеттенді. Мәселен, «Түркістанские ведомости» газетінің бірінші санында жарияланған мақала патша өкіметінің Түркістан өлкесін отарлаудағы мақсатын,алдарында тұрған міндеттерін еш бүкпесіз көрсетеді: «Біздің пайымдауымзша,Түркістан өлкесінің қазіргі әкімшіліктің міндеті мынандай:орыс өкіметіне бағынған халықтарды жеңу, бірақ оларды қара күшпен емес, ақылмен және рухани басымдықпен жеңіп шығу, орыстардың Орта Азияға әкелген қоғамдық және әкімшілік құрылымы жергілікті жұрт бұған дейін бірнеше ғасырлар бойы тікелей мойынұсынып келген құрылымнан әлдеқайда жоғары және жемісті екендігі сезінуге мәжбүр етту. Бұл басымдылық түземдіктердің көз алдында және өздігінен айқындала салады деп күтіп отырмау керек. Ескі әдет-ғұрыптар өміршең,оларды түбегейлі жою үшін бірте-бірте әрекет жасау өмірдің жағдайларына тәрбиелеу керек. Түркістан өлкесінің қазіргі әкімшілігі алдына қойып отырған басты және негізгі міндетті осы. Осы мақсатқа жету өте-мөте қажет,өйтпеген жағдайда Түркістан өлкесіне орыс элементтерін енгізу-тек өзара күшпен ғана жаулап алу дәрежесінде қалып қояды.Егер орыс халқының рухани орасан зор күш-қуатына жәрдемдеспесе, Орта Азияға орныға бастаған орыс элементі де жойылып кетуі мүмкін. [2]. Құрамына Сырдария мен Жетісу облыстары кірген Түркістан генерал-губернаторлығы 1867 жылы құрылып,оның тұңғыш генерал-губернаторы болып К.фон-Кауфман тағайындалған болатын.Қасиеті Түркістан жеріне орналасып,оның шексіз байлығын иеленудің бірден-бір жолы-жергілікті халықтарды рухани жеңу екендігін жақсы сезінген патша өкіметі өз мақсатына жету үшін өлкелік басылымның қажеттілігін де жақсы түсінді.Сондықтанда газет шығару ісімен айналысты. Түркістан жерінде Х1Х ғасырдың II-ші ширегінде "баспасөз ісі" орыс мемлекетінің идеологиялық, саяси күресте шешімін табатын жаңа мықты қару ретінде қолданды. [3] мұны газетте басылып отырған Түркістан генерал-губернаторлығы бойынша өкіметтің шығарған ресми бұйырықтары мен жарлықтарынан, орыс мемлекетінің патшаларының қысқаша өмірі, орыс халықы мен басқада мемлекеттерде болып жатқан жаңалықтарға тоқталған мәліметтерінен көруімізге болады. 28 көкек (10 мамыр) 1870ж Түркістан өлкесінің мерзімдік басылымдар туған күні ретінде қаралса, бұл күн «Түркістанские ведомости» газетінің ресми алғашқы нөмері шыққан күн болып саналады, газеттің алғашқы бес жыл мерзім ішіндегі негізгі редакторы болып өлке басшысы К.П.фон-Кауфман саналды.

1870 жылдан -1892 жылдары алғашқы арнайы редакторы болып штабс-капитан Орта Азияның географиясы мен этнологиясын зерттеуші ғалым Н.А.Маев тағайындалған. Ал 20 қараша 1892 жылдан -17желтоқсан 1899 жылға дейін редактор А.П.Романович оның қазасынан кейін офицер С.А.Геппенер (1899 жылғы 22 сәуір -1901жылдың 29мамыр), бұдан кейінгі редакторынан К.Г.Мальинцкийді атауға болады. Аталған газет 1917 жылдың 15 желтоқсанына дейін шығып тұрды. [4] «Түркестанские ведмости» газетінде көрнекті шығыстанушы - оқымыстылар академик В.В.Бартольд, Л.С.Берг, Н.А.Северцов, А.Н.Федченко, И.В.Мушкетов жұмыс істеді. Газеттің Петербург, Москва, Қиыр Шығыс және Ресей империясының басқа да қалаларында корреспонденттері болды. Газет Орта Азия халықтарының қоғамдық пікіріне, тарихи дамуы мен мәдениетіне, экономикасына, өлкетанушылық саласында көптеген зерттеулер жүргізді. «Тұркестанские ведмости» негізгі мақсаты Түркістан өлкесін жан-жақты зерттеу болды. Мәселен өлкедегі мақта өсіру жайында газеттің бірінші нөмірінде «Түркістан өлкесінде мақта өсіру» мақаласында өлкедегі орыс өнеркәсібі мен саудасының дамуына. «....мы будем говорить исключительно о культуре хлопка в городах и кишлаках Туркестанского края»-деп көп көңіл бөлген. Бұдан басқада өлке мәдениеті мен халықтары туралы мәліметтерді Түркістан генереал-губернаторына үнемі хабарлап,мәлімдеп отырды.

Х1Х ғасырдың II-ші жартысында қазақтың ұлттық баспасөзі дүниеге келді. Қазақ мәдениетінің тарихында өзіндік орны бар, халықтың саяси-әлеуметтік,әдеби-мәдени және эстетикалық ой-пікірін оятуға септігін тигізген қазақ баспасөзінің тұңғышы 1870-1882 жылыдарда Ташкентте шыққан «Түркістан уәлаяты газеті» [5]. Ол алғашқыда 500 дана таралымен шыққан «Түркістанские ведомостиге» қосымша ретінде шығып, кейінен дербес органга айналды. Алғашқыда айын төрт рет, екі саны өзбек тілінде, екі саны қазақша шыққан. Газеттің редакторы Ш.М.Ибрагимов кейінірек Х.Чанышев редакциялады [6]. Бұл екуі де алғашқы да генерал-губернаторлықта тілмаш болып, кейінірек газеттің жергілікті әкімшілк өкімдерін аударумен айналысты. Газеттің бас редакторы болып 1883жылы Н.П. Остроумов, Н.Г.Малицкий болды. Шартты басылымның негізгі патша әкімшілігінің әр түрлі өкімдері мен нұсқауларын тарату болды.Сонымен бірге, өлкенің әр түрлі жерлеріне сипаттама берілді. Саяхаттар, егінннің шығымы, ауыл шаруашылығының жай-күйі, мал аурулары, эрозия, су пайдалану туралы жекелеген мәліметтер айтылды.Газет беттерінде кеніштердің ашылуы,өңдеуші өнеркәсіптің жай-күйі,телеграф жүргізу, әйел мәселесі және этнография жөніндегі әр түрлі мәліметтер көрініп отырды. Газеттің редакторы Н.П.Остроумов Түркістан генерал-губернаторының канцеляриясына берген редакция есебінде мына жағдайларды ескерілгендігін және баспадан шығарылғандығын айтады:

1.Ресей патшалығы мен оның өмірбаяндарының қысқаша тарихы;

2.Түркістан генерал-губернаторының жергілікті әкімшіліке байланысты шығарған өкімдері мен нұсқаулары;

3.Жергілікті халыққа қатысты Сырдария облысының әскери губернаторының бұрық ,өкім мен нұсқауларын хабарландыру;

4.Жоғарғы әкімшіліктің жаңа өкімдерінен түсініктеме;

5.Тарихи және этнографиялық мақалалармен бірге,жергілікті халықтың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстұрі,ғылым,білім,өнер,сауда т.б

6.Өлкедегі кейбір маңызды оқиғаларды;

7.Жергілікті почтаның хабарландыруларын;

8.Газет редакциясының жарнамалары мен кейбір өлке мекемелерінің өкіметтік хабарландырулары; туралы мәлімет берілгендігі айтылады.Мұны мен қатар әр уақытта кеткен шығын мен оларды қайда жұмсап жатқандығы туралы да мәлімет беріп отырған [7]. 1883 жылы Түркістан генерал-губернаторының бұйырығы бойынша газетті қазақ тілінде шығару тоқтатылып, аптасына бір шығатын өзбек газетіне айналдырды. Біраз уақыттан кейін, 1885 жылдан бастап газет өзбек және орыс тілдерінде шықты. Жалпы газет 47 жыл бойы, 1918 жылға дейін шығып тұрған. [8] Жалпы алғанда, қазақ баспасөзінің қарлығашы «Түркістан уәлаяты газеті» кезінде қазақ халқының саяси, шаруашылық және мәдени өмірінде,сондай-ақ қазақтың мерзімді баспасөзінің тууы мен қалыптасуында айтарлықтай зор үлес қосты.Қазақ баспасөзіінің ірге тасын қалаған «Түркістан уәлаяты газетінің» соңын ала Орта Азия халықтарының тілдерінде газет-журналдар шыға бастады.

Түркістанда 80-90 жылдары бұдан әрі баспасөздің дамуына өз үлестерін қосқан газеттер: «Закаспииское обозрение» (1895-1913жж),«Русский Туркестан»(1898 ж сентябрінен 1907ж), «Асхабад» (1899-1918жж), «Окраина» (1890-1898 жж), журналдар: «Среднеазиатский вестник» (1896-1907жж), «Средняя Азия» (1895-1896 жж). Көптеген қалаларда әсіресе Ташкентте жеке меншік типографиялар мен газеттер жарық көре бастады. Алғашқы жеке меншік типографиясы Ташкентте 1877 жылы, Самаркандта 1880 жылы, Қоқанда 1887 жылы, Наманган уездінде 1882 жылдары пайда болды.

Бұл типография мен литография орталықтарынан жеке меншік газеттер мен орыс буржуазиясының газеттері басылды.Осыған байланысты Түркістан өлкесінде цензуралық мекеме комитеттері мен телеграфа агентігі де пайда болды.1882 жылы баспасөздегі мақала өкіметке зиян келтіретін болса шығартпау туралы заң шығарып, Министрліктер бұл редакцияны және редакторын жауып бұдан былай газет немесе журнал шығару құқығынан айырды.

1916 жылы Ташкентке Көлбай Төгісов келіп, 26 қарашадан бастап «Туркестанский курьер» баспаханасынан Мәриям Төгісовамен бірлесіп «Алаш» газетін аптасына бір рет шығара бастады.Патша үкімет «Алаш» газетінің шығуына бірден көңіл аударып,оның қандай мақсат ұстанғанын анықтауды Түркістан өлкелік қорғау бөлімінің бастығына жүктеген.Газетке жан-жақты талдау жасалынып,оның мақсаты туралы Түркістан генерал-губернаторлығына арнайы хат түскен. Хатта сол жылдың 16 шілдесінде Сырдария облысының әскери губернаторының Мәриям Төгісоваға Түркістан өлкесінде қазақ тілінде бірінші бейресми «Алаш» газетін шығаруға №21329 куәлік берілгендігі айтылады. [9] Тоғысовтың айтуынша Түркістан қазақтарын білімге шақырған, қазақ халқының ұлттық мәдени дамуын көздеген газет жарыққа келді. Газетте қазақ халқы үшін өткір әрі ауыр проблеманың бірі отырықшылдыққа көшіру, одан кейін халық ағарту ісі, әскери жағдай, жер мәселесі, Думадағы өкілдік, сот мәселесі, әйел теңдігі, экономикалық жағдайлар ерекше көрсетілген. Газеттің шығуына қазақ қыз-келіншектері де атсалысқан. Мұны олардың мақалаларынан,. «Келіңдер, апалар, кішкене сіңлілер, Алашқа сөз жазып, мұңдарымызды сөйлесейік, бізде адам екенімізді білдірейік» - деп қазақ қыздарын газетке ат салысып, араласып тұруға шақырғандығы дәлелдейді. Түркістан өлкесінің барлық оқыған саналы қазақ азаматтары газетке мақала ғана жазып қоймай сонымен қатар, газетті кеңінен таратуға, мәдени ағарту ісін және барлық қазақтардың бірігу қажетігін де насихаттаған. Алаш 1917 жылдың екінші жартысынан бастап тоқтатылды.

1917 жылы Ташкентте «Бірлік туы» газеті жарық көрді [10]. Осы жылдың тамыз айында исламның және Түркістан жадидизмнің ықпалындағы Сырдария қазақтары мен Ташкентте аймақтық конференция өткізіп, ұлттық автономия жобасын жасады. Конференция делегаттары апталық «Бірілк туы» газетін шығаруға шешім қабылдады. Бұл газет сол кездегі өзге қазақ газеттеріне қарағанда ислам дінін көбірек уағыздады.Айта кететін жай, газет «Құрама газеті» деп аталады. Себебі, ол өлкенің көпшілік халқына түсінікті өзбек жіне қазақ тілінде ортақ тілде жазылды. Қарастырып отырған кезеңде Түркістан қазақтары Орта Азия мен Қазақстан халықтарының рухани дамуына жетекші роль атқарады.

1917 жылғы Қазан төңкерісінен кейін жаңа өмірді дәріптейтін газет-журналдар шығарыла бастады. Соларға тоқтала кетсек: 1920 жылы сәуір айында Ташкентте «Қырғыз-қазақша» жетісіне екі рет шығатын, сыпайы тілдегі саяси һәм шаруашылық «Жаңа Өріс» газеті жарыққа келді.

Ол Ресейлік еншілестер табының кеңесімен Түркістандық кіндік Атқару Кеңесі һәм Түркістан соғыс майдандарының саяси бөлімі атынан шығады деп жарияланды. «Жаңа Өріс» алғаш тегін таратылды. Оның шет елдерде, Кеңестер ішінде, аймақ хабарлары деген бөлімдері болды. Яғни ол өз оқушыларын ішкі, сыртқы жаңалықтармен таныстырып отырды.1920 жылғы 27 шілдеге дейін «Жаңа Өрістің» 14 нөмері жарық көрді. Ал 1920 жылдың желтоқсанынан бастап «Жаңа Өрі»с негізінде Түркістан орталық партия комитетінің тілі «Ақ жол» газеті шығарылды.

Түркістан Компартиясының Орталық Комитетінің Атқару бюросының № 20-шы 1920 жылғы 19 қазандағы хаттамасының көшірмесі [11].

Слушали: О киргизской газете. Постановили:


  1. газету издавать под названием «Ак-жол» (Светлый путь) как орган ЦК КПТ и ТуркЦИКа.

  2. газете выходить не менее 2-х раз в неделю в размере пол печатного листа.

  3. тираж 18 000 экз.

  4. ответственным редактором назначить тов. Султанбека Ходжанова, ответственным секретарем Мир-Якуб Дулатова.

  5. Штат: Редактор, секретарь, Заведующий редакцией, делопроизво-дитель, Архивариус, конторщик, бухгалтер, казначей, экспедитор, рассыль-ный, кучер, сторож, уборщица.

  6. Все служащие редакции должны пользоваться пайком и обмундированием наравне с работниками ударно-производительных предприятий.

  7. По представлении сметы открыть кредит при народном банке.

  8. На средства редакции определить открытые курсы для подготовки наборщиков 10 из киргиз.

Отв. Секретарь ЦК Компартии Туркестана. Подпись Н. Тюрякулов

Алғашқы редакторы болып С.Қожанов сайланды. Мұнда негізгі қаралған мәселере ішкі және сыртқы хабарлар мен сауатсыздық, оқу-білім, әдебиет, мәдениет, әйел мәселесі, бұйрық-жарлықтар, партия талаптары, шаруашылық жағдайынан мәліметтер берді. Мәселен мынандай; Қазақстанда (Әдебиет оқу кітаптарын шығару туралы). «Ақ жол» (Ташкент), 1921, 17 февраль Келден. Қазақ –қырғыз білім комиссиясы- «Ақ жол» 1921ж №122,123 декабрь; 1922ж №126,128,129 январь Оспанов.С. Әубәкір Ахметжан ұлы Диваевтың 40-жылдық юбилейі. «Ақ жол» (Ташкент), 1923, №288, 29март. Ташкентде «Талап» төңірегінде.(Ы.Алтынсарин һәм Абай туралы). «Ақ жол» Ташкент1923, №288.29- март. Саади.А, (Абдурахман).Абай «Ақ жол» 1923ж №355, 356, 359, 363, 369, 372. Сәрсенби Ж.(Жакен). Театр керек. .«Ақ жол» Ташкент 1923, №377,378. Білім комиссиясының бір мүшесі қисынсыз жала. (Сәкен жолдасқа жауап). «Ақ жол» (Ташкент). 1924 №417, 22март. Темірбай. Қазақ әдебиеті тарихынан әңгіме. «Ақ жол» Ташкент 1924 №412, 5 март. Тоқпақ (С.Ходжанов). жақындық па, жалақорлық па? («Еңбек» қазақтың №128, 19 февральда шыққан «Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы» деген мақалға сын). «Ақ жол» (Ташкент). 1924. 421. б.3-4. деген мақалалар «Ақ жол» газеті бетінен жарық көрген. Түркістан өлкесінде шығып отырған мерзімдік басылымдарға мынандай анкеталар да толтырып отырған. [12]

Мерзімдік басылымдар анкетасы: «Ақ-жол» газеті- қазақ тілінде.

Адресі: Ташкент қаласы. К.Маркс көшесі 41.

1920 жылдың 7 желтоқсанан бастап, үзілістер 8 тамыз 1923 жылдан 28-не дейін себебі: қаржының жетіспеуінен.

Бағадарламасы-париялық-саяси,экономикалық және ғылыми әдебиеттер.

Мерзімділік уақыты - аптасына 3 рет Тираж - 1800 дана

Қызметкерелері:

1.Тохтыбаев Иса Тоқтыбаевич-жауапты редактор

2.Алиев Хасан Шаяхметович

3.Байтасов Абдулла Баитасович

4.Ходжиков Кангиркожа Ходжикович

5.Илаев Хади Илаевич

6.Алпаров Гибат

Жетісу мен Сырдария облыстары Қазақ АССР-іне қосылады, осыдан кейін Ақ жол газеті 1925-1927 жылдары Қазақстанның Сырдария облыстық партия, кеңес мекемлерінің органы болып Шымкентте шығып тұрды.



Ақ жол газетінің 1921 жылғы 22 ақпанындағы нөмірінде "Шолпан" журналы деген хабар шықты. Октябрьден бастап Ташкентте қырғыз-қазақ тілінде Шолпан атты жаңадан айлық журнал шыға бастады. Журналда саясат, әдебиет, білім һәм шаруашылық жайынан сөздер жазылып тұратын көрінеді. Бас шығарушылар: Рысқұлов, Қожанов, Төреқұлов, Тоқтыбаев, Досмұхаммедов, Ә.Диваев, Жандосов, Бөриев һәм басқалар. [13]. "Шолпан" журналы Түркістан Орталық партия комитетінің органы болып Ташкентте шығарылды, қазақ тілінде айын бір рет шығатын саясат, шаруашылқ, білім, әдебиет журналы деп аталды.Ол 1922 жылдың қазанынан 1923 жылдың мамыр айына дейін шығарылып тұрды. Журнал 58 беттік болып, 25 беті қазақ-қырғыз, 24 беті өзбек, 8 беті түркімен тілінде болмақ.

1923 жылы қаңтарда Ташкентте "Сана" журналы шығарылды. Ол Түркістан Мемлекет Білім Кеңесінің білім-әдебиет журналы деп аталды.1 қазан 1923 жылдан - 1 қазан 1924 жылға дейінгі қазақ тілінде шыққан Сана журналының тиражы 2000 дана. 8 басап табақ. Жылына 4 нөмері немесе 32 баспа табақ [14]. деп мәлімдейді. "Сана" журналында медереселер жай- күйін, өнер-білім,өкіметтің ғылым мен білім туралы бұйырық-жарлықтарын, нұсқауларын жариялап, сын бөлімінде қазақ-қырғыз тіліндегі және қазақ –қырғыз туралы шыққан кітапттарды таныстырып отырды; Мәселен; Арқа. (Әуезұлы Мұхтар) Жаңа кітаптарға сын. Журнал «Сана» (Ташкент)1924 №2-3,112-117 бет Қорғансыздар (М.Әуезұлының «бәбіше-тоқалының» тексеру). Журнал «Сана»,1924.№2-37 Сол жылдардағы кітап баспасына келетін болсақ мынандай мәліметтер көреміз [15]. 1922жылғы Түркістанның мемлекеттік баспасының есебінен: Бір жылдың ішінде, 1922ж Ташкенттегі Түркістанның мемлекеттік баспасында 622 кітап пен брошюралар шығарылды. Оның 36,3% өзбек тілінде, 33,7% қазақ тілінде басылыды. М.Тынышбаев, Х.Досмұхамедовтің ерекше ынтызарлығы, көп күш жұмсауының арқасында шыққан "Сана" атты ғылыми-көпшілік, әдеби-көркем, тарихи-этнографиялық, қоғамдық-саяси, яғни ."аңсаған елге алақтаған мұғалімдерге, жас өспірім шәкірттерге " көмек бола алатын журналға автор ретінде өзіндік үлес қосады. 1923 жылы журналдың алғашқы нөмері жарық көріп: "Сананың" бағдарламасы жарияланады. Онда: Математика (арфиметика алгебра, геометрия, тригонометрия); 2) астрономия; 3) жаратылыстану тарихы (зоология, ботаника, геология, минерология, топырақ тану); 4) гигиена және медицина; 5) ветеринария; 6) мәдениет тарихы, этнография, археология; 7) қырғыздардың (қазақтардың) және түркі-монғолдардың тарихы; 8) география 9) отан тану (Қазақстан, Түркістан); 10) статистика; 11) халық әдебиеті; 12) көркем әдебиет; 13) ғылыми әдебиеттер, оқулықтар, терминология; 14) театр, музыка, ән-күй; 15) қырғыз (қазақ) ойын-сауықтары; 16) мектеп ісі (тарихы бағдарламасы, жоспар жасау,статистика т.б; 17) педагогика; 18) баспа ісі, Типо-литография (терушілер, корректорлар); 19) рефераттар және рецензиялар; 20) хроника (мектеп өмірнің маңызды хабарлары, Халық ағарту коиссариатының, Ғылыми Кеңестің, Қырғыз Білім Комиссиясының, Қазақ Халық Ағарту институтының қызметі туралы жаңалықтары; 21)қырғыз тілінде және қырғыздарға (қазақтарға) қатысты басқа тілде шыққан кітаптардың тізімі және т.б көптеген мәселелерді қамтыды. [16] Бұл газет –журналдарды республикаға таралуы бірге жастарды бұл материалдармен таныстыру мәселесіде қаралып отырған,оған мына сұраныс куә, ғылыми Кеңестің №1123 24 мамыр күні отырысында «Мемлекетік баспадан Сана журналының 50 данасын босатуыңызды сұранамын, Инпрос тыңдаушылары жазғы каникулға кетуіне байланысты солар арқылы республика тұрғындарына таратылуы қажет». Директор Іс жүргізуші: А.Горская. 1924 жылы шығуын тоқтатқан. Осы тұстағы қазақ жастарының баспасөз тарихына келетін болсақ, жалпы баспасөздің тарихы Түркістан жерінен басталды. Солардың бірі Ташкентте шыққан жастар журналы "Кедей айнасы." [17]. Бұл Ленин атындағы Орта Азия Комунистік Университетінің қазақ студенттерінің жылдық журналы еді. Кедей айнасында жастарарасындағы саяси жұмыстар Орта Азия университетінің тіршілік тынысы,оқытушылар мен студент өмірі көп сөз болатын, сонымен қатар әдебиет бөлімінде әңгімелер, жаңа жиналған мақал-мәтелдер берілетін. 1929 жылы қаржы тапшылығына байланысты журнал жабылған болатын. Журналдың бары-жоғы бес нөмері ғана шыққан.

№428 14 қазанда 1923ж Түркістанда регистрацияға алынған мерзімдік басылымдар мен баспалар: [18]



Аты

баспа

Жауапты редактор

1.Ақ- жол газеті

айына 3 рет



Ц.К.К.П.Т

Ходжанов

2.Шолпан журналы

айына 1 рет



П/отд печати ЦККПТ

Тохтыбаев

3.Жас қайрат газеті

айына 3 рет



ЦККСМТ

Алянгаров

4.Сана журнал

айсайын журнал



Гос.уч.совет.

Досмухамедов

ХХ ғасырдың бас кезінде демократиялық бағыт ұстанған қазақ тіліндегі газет-журналдар яғни осы Түркістан өлкесінде де шыға бастады. Мұнда ел болашағына алаңдаған көптеген мақалалар шығып, қазақ тарихына байланысты және қазақ тілінде шығып отырған басылымдарға тоқталуға тырыстық. Бұл басылымдар әлі де болса толық зерттеуді қажет ететін қазақ тарихының бір тұсы екені анық.



Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2013 -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
2013 -> Мазмұны Кіріспе Тарау -I. Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы калыптасуының бастапқы кезеңІ
2013 -> Жанғабыл Қабақбаев, Қазақстан Республикасы журналистер Одағының
2013 -> Әл Фараби дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған. Ол данышпан философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші ақын, математик. Әл Фараби 870 ж
2013 -> Өмірбаяны ІІ негізгі бөлім
2013 -> Ф 15-07 Қазақстан Республикасының білім ЖӘне ғылым министрлігі
2013 -> Кіріспе. Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмысының өзектілігі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет