I. Темперамент ұғымы II. Темперамент туралы теориялар III. Темперамент түрлері



Дата28.01.2018
өлшемі14,87 Kb.
#34306
  • ТЕМПЕРАМЕНТ

I. Темперамент ұғымы II. Темперамент туралы теориялар III.Темперамент түрлері

  • жоспар

Темперамент – 25 ғасылдан бері ғылыми ойды қызықтырған мәселелердің бірі. Оған деген қызығушылықтың төркіні – адамдар бойында болатын дара өзгешеліктер. Әр адамның жан дүниесі өз алдына бір болмыс. Оның қайталанбастығы, бір жағынан, адам тінінің биологиялық және физиологиялық құрылымымен дамуына байланысты болса, екіншіден - әлеуметтік ерекше байланыстар мен қатынастарға негіз бола алуында. Темперамент адамның биологиялық сипатынан көрінеді. Адамдар арасындағы көптеген психикалық айырмашылықтар: эмоция тереңдігі, қарқындылығы, тұрақтылығы, ауыспалы-қозғалғыштығы – бәрі осы темперамент табиғатымен түсіндіріледі. Темперамент көбіне адамға тума берілген әрекет-қылығының ұдайы қозғалыстағы сипатын бейнелейді. Сондықтан, темпераменттік қасиеттер басқа психикалық құбылыстарға қарағанда тұрақтанған, өзгеріске келе бермейді. Сонымен, темперамент – адамның психикалық әрекетінің нақты динамикасын айқындайтын психиканың дара қасиеттерінің жиынтығы.

  • Темпераменттер жөніндегі ғылымның ірге тасын қалаған ежелгі грек дәрігері – Гиппократ(б.э.д. V ғасыр). Оның тұжырымы бойынша, адамдар төрт “дене шырындарының” – қан, шырыш, өт, запыран - өзара қатынасымен ажыратылады.

Осы психологиялық тағылымды арқау ете отырып, ежелгі дүние дәрігері Клавдий Гален (б,э,д, II) алғашқы рет темперамент түрлеріне ғылымдық сипат берді. Гален темперамент түрін денеде жоғарыда аталған шырындардың бірінің басымдылығымен байланыстырды. Ол біздің заманымызға дейін жеткен темперамент атауларын белгіледі:

  • Осы психологиялық тағылымды арқау ете отырып, ежелгі дүние дәрігері Клавдий Гален (б,э,д, II) алғашқы рет темперамент түрлеріне ғылымдық сипат берді. Гален темперамент түрін денеде жоғарыда аталған шырындардың бірінің басымдылығымен байланыстырды. Ол біздің заманымызға дейін жеткен темперамент атауларын белгіледі:
  • Сангвиник(sangius-қан)
  • Флегматик(phlegma-шырыш)
  • Холерик(chole-өт)
  • Меланхолик(melanchole-запыран)
  • Гален ендірген бұл ғажайып жаңалық кейінгі жүз жылдықтар желісінде көптеген ғалымдар ізденісіне күшті ықпалын тигізді

Адамның дене құрылымына байланысты дараланып, тума темперамент қасиеттеріне негізделген – конституциялық типология. Бұл теорияның негізін қалаған – Э.Кречмер.Бұл теорияның мәні: әр адам өз дене құрылымына орай өзіндік психикалық ерекшелікке ие. Осыдан, дене мүшелерінің өлшемдеріне байланысты төрт конституционалды психикалық тип белгіленген:

  • Конституциялық
  • типология
  • Лептосоматик-
  • бойшаң,нәзік,
  • тар иықты,
  • қол-аяғы ұзын,
  • сидыйған
  • Пикник
  • мығым, семізшең,
  • кіші бойлы
  • қарны қампиған,
  • қысқа мойын
  • Атлетик –
  • бұлшықеттері күшті
  • дамыған, денесі
  • мығым, берік
  • Диспластик –
  • дене бітімі
  • қыйсынсыз, қауға
  • бас, тума аяқ-қолы
  • кемістер

  • шизофрения
  • аурулар
  • психопатия
  • денсаулық
  • циклоидты тұлға
  • шизоид-ты тұлға
  • циклотимия
  • шизотимия
  • истеротимия
  • Эпилепто-
  • тимия
  • истероидты тұлға
  • эпилептойдты
  • тұлға
  • циркулярлы
  • психоз
  • эпилепсия
  • истерия
  • Э.Кречмер ұсынған темперамент классификациясы
  • И.П. Павлов темперамент типінің жүйке қасиеттері ретінде қозу мен тежелу күшін, тепе- теңдігін және қозғалмалылығын атап көрсетті. Осы үш қасиетті негізге ала отырып, И.П. Павлов жүйке жүйесінің төрт негізгі типін ажыратты:
  • күшті, қозу мен тежелуі теңдей, қозғалмалы – сангвиник;
  • күшті, қозу мен тежелуі теңдей, салғырт – флегматик;
  • күшті, қозуы басым – холерик;
  • әлсіз тип – меланхолик.
  • Темпераменттер
  • әлсіз
  • күшті
  • теңдесті емес
  • теңдесті
  • салғырт
  • қозғалмалы
  • меланхолик
  • холерик
  • флегматик
  • сангвиник
  • Сонымен, И.П. Павлов түсінігінде, жүйке жүйесінің типі тума беріледі, тәрбие мен қоршаған орта ықпалынан өзгеріске келе бермейді. Осыдан жүйке жүйесінің қасиеттері – жүйке жүйесінің жалпы психикалық көрінісі болған темпераменттің физиологиялық негізін қалайды, яғни адам темпераменті – жоғарғы жүйке жүйесінің сырттай әрекет қарқынында танылатын психикалық бейнесі.
  • Қазіргі кезеңде психология ғылымы белгілі жүйеде темперамент типтернің бәріне толық психологиялық сипаттама беруге негіз боларлықтай деректер топтаған. Алайда, дәстүрлі қабылданған темпераменттің төрт түрінің психологиялық сипатын түзу үшін төмендегі аталған негізгі темперамент қасиеттері қолдануда:
  • Сезімталдық
  • Жауап-әрекетке келу
  • Белсенділік
  • Жауап-әрекетке келу мен белсенділік қатынасы
  • Икемділік
  • Жауап-әрекет қарқыны
  • Экстраверсия, интраверсия
  • Сезімдік қызбалық

  • Аталған қасиеттерді ескерумен қазіргі заман психологиясында темпераменттің барша ғылыми қауым қабылдаған төрт типінің сипаттамасы төмендегіше:

Сангвиник Жоғары дәрежелі әрекетшең адам, дегенмен, бұл әрекетшеңдік оның белсенділік қасиетіне сай, қозу мен тежелуі тепе-тең. Назарын тартқанның бәріне араласа кетеді, ым-ишарасы мен қозғалыс қимылдары мәнерлі, шапшаң. Сәл нәрседен қарқылдап күледі, болмашы себептен көңілі қалып, мұңаяды. Әдетте бұл типті адам өткені мен болашағын болжастыруда өзінің субьектив пайымдауларының жетегінде қалып қоймай, көбірек сыртқы әсерлерді обьектив бағамдауға бейім, экстраверт

  • Холерик
  • Сангвиник сияқты жай әсерлерге берілмейді, әрекетшең және белсенді. Бірақ холериктің әрекетшеңдігі белсенділіктен басымдау, сондықтан ол ұстамсыз, шыдамсыз, қызба, экстраверт

Флегматик Әрекеті енжар, сезімталдығы мен көңіл шарпулары кем көріністі. Оны күлдіру де, мұңайтуда оңай емес, төңіректің бәрі күлкіден жығылып жатқанда, ол міз бақпас. Жаңа адмдармен араласып кете бермейді, сырттай әсерге төзімді, интраверт

  • Меланхолик
  • Өте сезімтал, бірақ әрекетшеңдігі кем адам. Болмашы нәрседен көзіне жас үйіріліп, өкпелегіш, сырттай әсерді күйзеліспен қабылдайды. Көпшілік меланхоликтердің өздерінің тұйықтығы мен адамдардан оқшаулануынан ішіне түйгені көп – толық интраверт.
  • Х.Бидструп ұсынған сурет. Төрт темперамент

Сонымен, темперамент – бұл адамның психикалық әрекетінің динамикасын айқындайтын дара қасиеттерінің жиынтығы.

  • Назарларыңызға көп-көп рахмет
  • Орындаған:
  • Байматаева Назым 143-топ

Каталог: ebook -> umm
umm -> ПОӘК 042-18-29 8/03-2013 №1 басылым 05. 09. 2013
umm -> Жалпы және заң психологиясы терминдерінің қысқаша сөздігі. І бөлім. Жалпы психология пәнінің терминдері
umm -> 6М 011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы» Магистранттарға арналған
umm -> ПОӘК 042-14-5-05. 02. 20. 22/2013 № басылым
umm -> 6М 011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы» Магистранттарға арналған
umm -> «Ежелгі дәуір әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5В012100- Қазақ тілінде
umm -> Оқытушы үшін «Қазақстан тарихы»
umm -> Әбікенова Гүлнафис Төкенқызы Қазақ тіліндегі эпистолярлық стильдің лингвистикалық сипаты
umm -> Педагогика кафедрасы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет