И терезелер. Терезе элементтері. Сабақтың көрнекліктерін және жоспарын көшіріп алыңыз



Дата12.03.2018
өлшемі54,31 Kb.
#38762
И-7. Терезелер. Терезе элементтері.

Сабақтың көрнекліктерін және жоспарын көшіріп алыңыз

Сабақтың тақырыбы:

Сабақтың мақсаты:

1. Windows терезелерімен, терезелерді көрсету нұсқаларымен және терезелерді басқару тәсілдерімен, терезелердің менюімен, Windows оқулығымен жұмыс істеу мүмкіндіктерімен таныстыру

2. Оқушылардың Windows терезесі ұғымын, меню қасиеттері мен анықтамасын, терезенің негізгі элементтерін білу қабілеттерін дамыту.

3. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың типі: Практикум элементтері бар, көрсете – түсіндіру Білім – біліктілікке

Оқушылар білуі тиіс:

- Windows терезесі ұғымын;

- терезелерді көрсету нұсқаларын;

- активті терезе ұғымын;

- меню қасиеттері мен анықтамасын;

- қолданбалармен жұмыс істеу негіздерін;

- терезенің негізгі элементтерін;

- активті терезе белгілерін;

- команданың активтілігінің белгілерін.

Оқушылар үйренуі тиіс:

- терезелерді экранда үш түрде көрсетуді;

- активті терезені анықтауды және терезені активтеуді;

- терезелердің көлбеу созылған менюін қолдануды;

- Windows оқулығымен жұмыс жасауды;

- тышқанның көмегімен қолданбаларды іске қосуды;

- айналу жолағын қолдануды.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, оқушы ноутбуктері, электронды оқулық

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі

II. Үй тапсырмасын тексеру

1. WindowsХР операциялық жүйесі дегеніміз не?

2. Компьютермен жұмыс істеуді бастау әрекеттерінің тізбегін көрсет.

3. Компьютермен жұмысты аяқтау әрекеттерінің тізбегін көрсет.

4. Тышқанның қандай батырмасы негізгі, ал қайсысы қосымша болып табылады?

5. Тышқанның көмегімен не істеуге болады?

6. Жұмыс үстелінің (орнының) негізгі элементтерін атап жаз.

Сабақтың жоспары:

1. Білім – оқу анасы (жаңа тақырыпты түсіндіру).

2. Кім жылдам? (компьютермен жұмыс).

3. Қызықты сұрақтар (тапсырма орындау).

4. Білсең де тексер (сөзжұмбақ шешу).

5. Оқыған жетер мұратқа (тест жұмысы).

6. Білім – оқу анасы (жаңа тақырыпты түсіндіру).

Windows операциялық жүйесінің негізгі объектісі терезе болып табылады. Windows операциялық жүйесінің бұлай аталуы тегін емес, оның қазақша аудармасы «терезелер» дегенді білдіреді. Терезе – Windows ортасының негізгі ұғымы.

Терезе дегеніміз – бұл жақтаулармен шектелген экрандағы төртбұрышты аймақ. Әрбір терезенің оны басқаруға арналған элементтері мен жұмыс аймағы болады. Windows жүйесінде жұмыс істеу барысында бірнеше терезені бір мезгілде ашуға және терезелер арасында таптырмалар тақтасындағы батырмалардың көмегімен ауыса отырып олардың әрқайсысында кезекпен жұмыс істеуге болады.

10-слайд

Терезе элементтері

Компьютер қапшығының терезесін мысалға ала отырып, біз терезелердің негізгі элементтерін қарастырайық.

11…-слайд

Шекаралар. Терезелерді төрт жағынан тұрған жақтауларды шекаралар деп атайды. Олардың көбінің өлшемдерін өзгертуге болады. Терезелердің өлшемдерін өзгерту үшін, тышқан нұсқағышын шекараның біреуіне орналастырып, нұсқағыш қос бағдаршаға айналуын күтеміз, содан соң тышқанды қажетті бағытқа тартамыз (оңға, солға, жоғары, төмен). Мысалы, терезенің енін өзгерту үшін, оның оң немесе сол жақ шекарасын бір жағына қарай тартамыз. Егер терезенің ені мен биіктігін қатар өзгерткіміз келсе, онда оның бұрыштарының бірін соза тартамыз.

Тақырып жолы. Терезенің ең жоғарғы шекарасының астында бірден терезенің аты көрсетілген төртбұрыш орналасқан, оны Тақырып жолы деп атайды.

Жүйелік меню белгішесі. Тақырып жолының сол жағында жүйелік меню белгішесі орналасқан. Оны шертсеңдер, терезені басқарудың қарапайым командаларының тізімі ашылады, олардың көмегімен терезені жылжытуға және өлшемін өзгертуге болады.

Жабу батырмасы. Тақырып жолының оң жақ шекарасында айқасқан сызық (крестик) суреті бар батырма орналасқан. Бұл батырма бойынша шерту құжатты (қапшықты) жабады немесе қолданбаның (бағдарламаның) жұмысын аяқтайды.

Жабу батырмасының сол жағында келесі батырмалар орналасқан: жималау (свернуть), жаймалау (развернуть), қалпына келтіру (восстановить).

Жималау батырмасы. Жималау батырмасында шерту, Тапсырмалар тақтасында тек қана батырмасын қалдырып, терезені Жұмыс орнынан алып тастайды. Бұл жағдайда қолданба ашық қалпында қалып, орындала береді. Тапсырмалар тақтасындағы оған сәйкес батырманы басып немесе Alt+Tab пернелерінің көмегімен терезені қайтадан жаюға болады.

Жаймалау батырмасы. Бұл батырма терезені экран өлшеміне дейін үлкейтеді.

Қалпына келтіру батырмасы. Осы батырма терезені аралық қалыпқа келтіреді, яғни терезе экранда болады, бірақ оның өлшемі экран өлшемінен кіші болады. Батырма экранға бірнеше терезені бір уақытта орналастыру үшін пайдаланылады.

Меню жолы. Тақырыптың төменгі жағында командалар аты жазылған көлденең (горизанталь) жолақ бар. Бұл – меню жолы, онда берілген қолданбаның негізгі командалары бар.

Меню дегеніміз – берілген терезеде орындауға болатын командалардың тізімі.

Меню жолының командаларының бірін шақыру үшін, тышқанмен оның атын шерту керек, сонда созылған меню пайда болады. Бұл менюден қажетті команданы тышқанмен шертіп таңдаймыз.

Жұмыс аймағы. Бұл объектілер орналасқан терезенің ішкі аймағы. Қапшықтар терезелерінің жұмыс аймағында белгішелер, қапшықтар, файлдар, таңбашалар орналасады. Колданбалардың терезелерінің жұмыс аймағында мәтіндер, суреттер, кестелер, слайдтар т.б. жасауға болады.

Қапшықтың терезесінің жұмыс аймағындағы объектілірді әр түрде көрсетуге болады:

• Үлкен белгішелер түрінде (крупные значки)

• Кіші белгішелер түрінде (мелкие значки)

• Тізім (список)

• Кесте (таблица)

• Тақта (плитка) түрінде

Айналдыру жолақтары. Егер терезенің биіктігі мен ені оның мазмұнын толық көрсетуге мүмкіндігі болмаса, Windows мұндай терезеге тік және көлденең айналдыру жолақтарын қосады. Айналдыру жолағының ішінде тіктөртбұрышты сырғытпалар (ползунок) болады.

Терезелерді көрсету нұсқалары

Терезелерді экранда көрсетудің үш тәсілі бар:

- толық экранды – терезе жайылған және тұтас экран бетін алады (жұмыс үстелі);

- қалыпты – терезе экранның бір бөлігінде орналасады;

- белгіше – терезе белгіше түрінде «жинаулы» болады;

Активті терезе

Қай уақытта болсын бір ғана тереземен жұмыс істеуге болады, ол активті деп аталады. Активті терезе әрқашан басқа терезелерден жоғары орналасады және оның тақырыбы түспен ерекшеленген. Егер экранда активті емес терезенің ең болмаса бір бөлігі көрінсе, оны тышқанмен шерту арқылы активті қалыпқа келтіруге болады.

Қолданбалармен жұмыс істеу.

Кез келген қолданба бөлек терезеде орындалады, ол экранның жартысын немесе экранды толығымен алуы мүмкін. Бір уақытта бірнеше қолданбаларды қатар орындауға болады және пайдаланушы тышқанның көмегімен бір терезеден екінші терезеге оп-оңай ауыса алады.

2. Кім жылдам? (компьютермен жұмыс). 18…-слайд

3. Қызықты сұрақтар (тапсырма орындау). 20…-слайд

4. Электронды оқулықпен жұмыс

Білсең де тексер (сөзжұмбақ шешу). 21…-слайд

ТЕРЕЗЕ ЭЛЕМЕНТТЕРІ 10

ш е к а р а л а р

қ а п ш ы қ қ а 9 а у ы с у

қ а л ы п - к ү й 8 ж о л ы

а й н а л д ы р у 7 ж о л а ғ ы

б а с қ а р у 6 б а т ы р м а л а р ы

к о м п ь ю т е р д е н 5 і з д е у

ж ұ м ы с 4 а й м а ғ ы

т а қ ы р ы п 3 ж о л ы

ж ү й е л і к м е н ю 2 б е л г і ш е с і

м е н ю 1 ж о л ы

4. Оқыған жетер мұратқа (тест жұмысы).

1. Windows дегеніміз?

А. қолданбалы программа

В. операциялық жүйе *

С. компьютер

2. Windows-тың негізгі объектісі

А. терезе *

В. тапсырмалар тақтасы

С. белгі


3. Терезелер неше түрге бөлінеді?

А. 2


В. 3

С. 4 *


4. Windows терезелері көлемін өзгертуге бола ма?

А. болмайды

В. барлық бағытта өзгертуге болады *

С. болады, тек оңға қарай

5. Терезелерді төрт жағынан қоршап тұрған жақтауларды не деп атайды?

А. шекаралар *

В. қапшықтар

С. таңбашалар

6. Айналдыру жолағының ішінде тікбұрышты . . . болады.

А. тапсырмалар тақтасы

В. х, жабу батырмасы

С. сырғытпалар *

БҮҮ стратегиясыБілетінім Үйренгенім Үйренгім келеді

Оқушыларды бағалау



Үйге тапсырма : §3.2 Терезелер. Терезе элементтері.
Каталог: wp-content -> files
files -> Астрономия Мазмұны
files -> Реферат 15-16 ғасырлардағы Қазақ-Қырғыз қарым-қатынасы реферат
files -> Ілияс жансүгіров
files -> Ахмет Жұбанов Ахмет Қуанұлы Жұбанов
files -> Мерекелер мен атаулы күндер Қазақстан республикасының мемлекеттік және ұлттық мейрамдары
files -> Өмірбаяны туралы білімдерін жинақтап, кеңейтіп, пысықтайды, толықтырады
files -> Лекция мақсаты: Шалкиіз жыраудың шығармашылығымен таныстыру, толғауларының мәнін көрсету. Жоспар
files -> Мәдениеттану
files -> Шу мен Арал аралығында Қазақ ордасы құрылған кезде Асанқайғы жаңа мемлекеттің ұраншысына айналады


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет