І. Түріктердің Қазақстанға еріксіз көшірілу тарихы мен қазіргі таңдағы жағдайы



Дата15.09.2017
өлшемі68,89 Kb.
І.Түріктердің Қазақстанға еріксіз көшірілу

тарихы мен қазіргі таңдағы жағдайы

Қазақстан – тарихи тағдыры ортақ этностардан құралған унитарлы мемлекет. Оларды ортақ құрылымның аясына біріктірудің сара жолы – Қазақстан халқы Ассамблеясын құру болды. Ел Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылына арналған Қазақстан халқының бірінші форумында жариялады. 1995 жылдың 1 наурызында Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган - Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Бұл тарихи күн Тәуелсіз Қазақстанның құрылуының, қазіргі мемлекеттік құрылымның орнығуының, түпкілікті әлеуметтік-экономикалық жаңғыртулар жүргізудің, бейбітшілік, бірлік пен Қазақстан халқының қоғамдық келісім идеясын іске асырудың бастапқы нүктесіне айналды.

Асамблеяның басты мақсаты ретінде Қазақстандағы барлық этностардың рухани тұрғыда қайта жанғыруы мен дамуын қамтамасыз ету; өркениеттік және демократиялық ұстанымдарға, мемлекеттік ұлттық саясатта барлық этностардың мүддесіне деген құрметке негізделген ұлтаралық қатынас мәдениетін қалыптастыру болатындығы айқындалды.

Түріктердің этногенезі екі негізгі компоненттен тұрады: Азия мен Кавказ өңірінде жаппай пайда болуы ІІ ғасырда басталған месхтардың грузиндік тайпалары және түріктер. Месхет жотасы ауданы грузин патшалары мен түрік сұлтандарының билік ету аясын бөліп тұратын шекралық аймаққа айналды. 1555 жылы Самцхе-Саатабагоның Осман империясы құрамына енгеннен кейін Месхетия аумақтары түрік этносының әсер ететін аймағында қалып, Ахыска патшалығы деп аталды. Грузия құрамындағы Ахалцих ауданының Ресейге қосылу уақытына қарай (1829) мұсылман-месхитиндер сол аймақтың саны жағынан ең аз тұрғындары болды, бірақ 19 ғасыр бойы және 20 ғасырдың 1-ші ширегінде олардың үлесі бірте-бірте өсті. 1944 жылы қыста Ахыска түріктері Грузияның Ахалцих, Алиген, Адиген, Аспиндз, Ахалкалак және Богданов сияқты оңтүстік және оңтүстік батыс шекаралық аудандарынан Орта Азия мен Қазақстанға күштеп көшірілді. Барлығы 115,5 мың адам депортацияланды. Олар негізінен әйелдер, балалар және қарттар. Олардың 17 мыңы жолда қырылып кетті. Ахыска түріктері Қазақстан, Үзбекстан және Қырғызстанның әртүрлі облыстары мен жекелеген кенттеріне «ерекше жер аударылғандар» ретінде шоғырландырылды.

Қазақстанда тұратын түрік халқының 38,6%, соның ішінде 37,3% ауылдық және 45,5% қалалық тұрғындар. (Алматы қаласы бойынша есепке алынбаған түріктер, барлық отандастарының санының 1,7% құрады). Республика көлемінде, Түрік халқының аймақтық орналасуы жағынан екінші орында Жамбыл облысы болып табылады. Мұнда Қазақстандағы барлық түріктің 34,6% шоғырланады, соның ішінде 36,6% ауылдықтар және 24,6% қала тұрғындары. Егер ауылдықтарды алатын болсақ, онда олардың басым бөлігі осы облыстың Жамбыл, Меркі, Байзақ аудандарында тұрады. Келесі кезекте Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша орналасуы жағынан түріктердің халық санағы өзіндік орын алады. Бұл мынаған 22,3,-20,2,-12,8% сәйкес келеді. Егер олардың аудандарға орналасуын алатын болсақ, түріктер Сайрам, Төле-би, Сарыағаш және Мақтарал аудандарында шоғырланған және бұл жерде олар қазақ-өзбек халқымен көршілес орналасқан. Соңғы кезекте түріктердің халық санағы бойынша орналасуы Қызылорда облысы болып табылады. Жалпы түрік халқы мұнда не бары 1,7% құрайды, соның ішінде 1,5% ауыл және 2,4% қала тұрғындары. Олар негізінен Қызылорда қаласында және Байқоңыр қалаларында, Қармақшы ауданының III Интернационал ауылында, топталып орналасқан.

ІІ. Түріктердің этномәдени және этнотілдік жағдайы

Кеңестік дәуірдің ықпалы оның территориясында тұрып жатқан жүздеген этностардың, соның ішінде түріктердің дәстүрлі мәдениетінің бастауларын жүйелі түрде түбірімен күйретті. Жер аударылған халықтар өздерінің этномәдени дамуында үлкен қиындықтарды басынан өткізді. Күштеп қоныс аудару адамгершілік тұрғыдан ғана зиян емес, шаруашылықтың, кәсіпкерліктің біраз дәстүрлі түрлерін жоғалтуға алып келді. Саяси науқан жылдары өзге ұлттардың ешқандай негізсіз барлық жоғалтып алғандарын қайта дамытуға, сол халықтың ұлттық-мәдени құндылығын жандандыруға бағытталған шағын этностардың орталықтарын құру туралы пікірлер қалыптасты. Осының барысында 1991 ж. ақпан айында Алматы қаласында Қазақстандағы түрік қауымдастығының мәселелерін талқылап, жұмыстарына бағыт беретін «Түркия» ұлттық-мәдени орталығы құрылды.

Абай атындағы Алматы Мемлекеттік университетінде 1991-1992 оқу жылында «Түрік тілі және әдебиеті» мамандығы ашылды. Сонымен қатар, «Түрік әлемін зерттеу» қоғамы мен Қорқыт ата университеті арасында 1992 ж. қабылданып қол қойылған хаттамаға сай, Қызылорда қаласында Түркия тарапының көмегімен 1992-1993 оқу жылында «Түрік тілі» мамандығы ашылды.1993-1994 жылы Қызылорда қаласының әкімшілігінң 267 санды шешіміне сәйкес 1993 жылы мамыр айында "Қазақ-түрік ер балалар лицейі" ашылған . Қызылорда облысы әкімдігінің 2004 жылғы 20 желтоқсандағы №245 қаулысымен"№9 дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицей-интернаты" мемлекеттік мекемесі болып аталады.

1996 жылы “Ахыска” қоғамдық ұйымы Түрік ұлттық орталығы ретінде қайта аталып, қайта тіркелді (ТҰО), оның төрағасы болып Қурдаев Тофик Ашимұлы сайланды. 2004жылы желтоқсанда Қызылордада Қызылорда қоғамдық Түрік Ұлттық-мәдени орталығы құрылды.2013 жылы Қызылорда облыстық этномәдени орталық болып өзгертілді.Этномәдени орталықтың төрайымы – Гейдарова Гулшен Ансеровна. Этномәдени орталықтың өкілдері облыстық және қалалық іс-шараларға белсене атсалысады.«Бахар» би тобы құрылып жұмыс жасауда. Түрік этносы өкілдерінің арасынан облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуында білім және ғылым саласына, денсаулық сақтау және ауыл шаруашылығы салаларына үлкен үлес қосты. Олар Дямиршаев Т.А., Набиев С.В., Арифов М.Ш., Мададаов К.Т., ауылшаруашылығы ғылымдарының докторы – Гейдаров М.М., еңбек сіңірген ұстаз – Раждабова М.Д. және т.б. Жастар мемлекеттік тіл қазақ тілін үйренуге белсене атсалысуда. ЖОО-да оқитын студенттердің көпшілігі қазақша білім алуда. Республикалық және облыстық деңгейдегі қазақ тілінен олимпиадаларда жүлделі орындарды иеленуде.



ІІІ. Ахыска түріктерінің ұлттық құндылықтары мен

әдет- ғұрыптары

Әр халыхтың өзіндік салт-дәстүрлері әдет-ғұрыптары болады.Түріктердің салт-дәстүрлеріне тоқталсақ. Түріктердің қазақ халқымен ұқсастықтары өте көп. Осындай ұқсастықтарға бесік тойын айтсақ болады. Отбасында баланың дүниеге келуі – мерекелі, қуанышты оқиға болғандықтан,баланы бесікке бөлеу рәсімі де үлкен сатнаттпен жасалады. Барлық мұсылмандар сияқты бала бес жастан асқанда міндетті түрде сүндетке отырғызу салты болады.  Отбасы мүшелері үшін бұл ең маңызды күндердің бірі болып саналады. Осы қуанышқа орай сүннет дүүнү, яғни сундетке отырғызу тойын жасап, үйлеріне ақ дастархан жайып, қонақ шақырады. Қазақтар сияқты түріктерде де құда түсу салты бар. Қыздың келісім беру, бермеуі жігіт үшін үлкен сынақ. Сол себепті жігіт қыздың ойын білу үшін алдын ала алма беріп жібереді. Қыз көнген болса, жауап ретінде өз орамалын салып жібереді. Алайда екі жастың қосылуы тікелей әкенің қолында. Ұлдың әкесі туыстары арасынан екі-үш сыйлы азаматты ертіп, қыздың әкесіне жолығып, дастарқан басында келген шаруасын айтады. Үйлену тойына дейін жігіт қызға жүзік, сақина, орамал, тағы да басқа сыйлы сыйлықтар жіберіп тұрады. Қалыңдық жігіттің сыйлаған жүзігін саусағына салып «нишанлы», яғни некесі қиылған болып саналады.. Той болардың алдында қалыңдықтың қол-аяғын қынамен бояйды, қыз «хналы» аталады. Қалыңдықты жігіттің үйіне келгеннен кейін отбасына таныстыру салты «Бет ашар» рәсімін өткізеді. Үйлену тойына байланысты мерекенің өзіндік ерекшеліктерін былайша талдап түсіндіруге болады. Оларды жүйелеп айтатын болсақ: құда түсу, елшілік (кыз истеме), келісімге келу (сөз кесімі), атастыру (нишан дейшмек), шарт жасау (кесім кесмек), хына түні (хна геджесі), қалыңдықты күйеу жігіттің үйіне әкелу рәсімін қарастыру (меслехет), келін түсіру тойы (гелин гетирмек), келіннің бетіндегі орамалды алу ( дувак ачымы), күйеу бала болу (эинштелие гитмек), құдалық немесе екі жақ бірін-бірі шақырып сыйлау (аяқдөнді).

Түріктердің киімдері салмақты түсімен, ешбір тоқымамен, желбіршекпен сәнделмейтіндігімен ерекшеленеді. Оларда ашық-шашық киіну деген ұғым жоқ және биік өкшелі аяқ киімдер өте аз киіледі. Сонымен түріктердің негізгі киімдері: қолпылдақ келетін дамбал (шельвар деп аталады), жейде (гёмлек), құрылымы өте күрделі белдемше (ючетек), желетке (йелек), белдік (кушак), бас киім (колав). Кең келетін шалбар мен жейдені әйелдер де, ерлер де кие береді. Олар қара түсті материалдан тігіледі, яғни, бұл жұмыс істеуге өте ыңғайлы. Әйелдердің ұзын көйлектері «энта-ри» -деп аталады. Бұл киім башпайдан бастап, барлық жерді жауып тұрады. Кейде оның сыртынан «инчик» деген түймесіз желетке киіледі. Бас киім ретінде орамал немесе үшкіл орамал тағады оны «гатха» және «ячек» деп атайды Бірімен шашын жапса, екіншісімен иекті жабады екен.

Ахыска түріктерінің ешбір мерекесі ән мен бисіз өтпеген. Ахыска түріктерінің ұлттық биі-« Бар» деп аталады.Бұл биді әйелдер мен ерлер бөлек екі жақтан топтасып билейді. Көбінесе әйелдер тек бесік жырланын орныдаса, ерлері батырлық әндер және үйлену тойларда ән айтады. Бұл түріктердің ұлттық аспаптары дауыл, зурна және саз. Мерекелерде , тойларда, салт жоралғыларда орындалады.

Асүй — бұл кез-келген халықтың ұлттық мәдениетінің маңызды бөлігі. Түріктердің дәстүрлі тағамдары әр түрлі және өте бай. Түрік дәмінде сиыр және қой еті көп қолданылады. Ең дәмді ұлттық тағамдарына: хинкали және долма жатады. Келін түскеннен кейін екінші күні жақын туыстарына хинкали тағамын жасап жақындарының батасын алуы қажет. Катмер - бұл көп қатпарлы қамыр қабаттарынан жасалған асыха түріктерінің ұлттық наны. Ұлттық сусуындары «шербет» деп аталады, ол тәтті деген мағынаны білдіреді. Шербет ичмах салты бойынша қалыңдықтын отбасымен танысқанда орындалады..

Пайдаланылған әдебиеттер:

1 Алиев Ф. У нас общая история, общие цели: [О турках-месхетинцах] // Агитатор Казахстана. – 1989. – № 15. – С. 19-21.

2 Абулкадыров Ш.Д. Турки-месхетинцы. – Алма-Ата, 1990. – 20 с.

3. Турки из Месхетии: долгий путь реабилитации / Сост. Н.Ф. Бугай – М., 1994. – 162 с.



4. Курдаев Т.А. Книга народной памяти: (о турках). – Алматы: Казахстан, 1996. – 104 с.

5. Шәлекенов У.Х., Шәлекенов М.У. Әлем халықтарының этнологиясы. – Алматы: Алтын мұра, 2002. – 302 б.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет