Іазаістан республикасы



бет1/46
Дата07.02.2022
өлшемі438,5 Kb.
#87716
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46
Байланысты:
Лекция РИМ ҚҰҚЫҒЫ
Лекция РИМ ҚҰҚЫҒЫ, Мамандық таңдау

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


М.ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

«ЗАҢТАНУ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР» ФАКУЛЬТЕТІ


«МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫ» кафедрасы


«Рим құқығы” пәнінен


ЛЕКЦИЯ ТЕЗИСТЕРІ

Құрастырған: құқық магистрі Жаманқараева Ғ.С.,Жұманова Қ.Т.

Шымкент 2020 ж.

Лекция1(2-сағат)


Рим азаматтық құқығының пәні.



  1. Рим азаматтық құқығының ұғымы.

  2. Рим жеке құқығының ұғымы жёне оның көпшілік қҰқықтан айырмашылығы.

  3. Рим қҰқығының тарихи мёні.

1.Римдік құқық терминімен көне Рим құқығы Рим мемлекетінің құл иелену тұсындағы құқығымен айқындалады.Рим мемлектінің даму тарихы және Рим құқығының барлық жүйесі шет мемлекттердің тарихи құқығы курсында оқытылады.Римнің азаматтық құқық негіздері пәні мүліктік құқықтың маңызды мәселеллерімен,сонымен бірге отбасылық құқықтың қағидаларын Абсолюттік монархия тұсындағы мезгілін қамтиды.Біздің қазіргі қоғамда Азаматтық құқық термині құқықтың мүліктік қатынастарын реттейтін аумағында қолданылады.


Латын тілінде Азаматтық деген сөзге cіvіles.Алайда іus cіvіle қазіргі азаматтық құқыққа толығымен сәйкес келмейді.Бұл терминмен бірден Еж. Римнің ұлттық құқығы сипатталады.Бұл құқықтың тек Рим азаматтарына –квириттерге ғана таралған.Сондықтан,ол кейде Квириттік құқық деп аталады.Бұл жағдайда іus cіvіle халық құқығына,яғни іus gentіum-ге қарсы шығады. іus gentіum Римнің барлық тұрғындарына тән,соның ішінде перегриндерге тән құқық болатын. іus gentіum прегриндермен Рим азаматтарының арасындағы туындайтын мүліктік құқықты реттейтін болғандықтан,ол Рим азаматтарының құқықтарының бірі болып табылатын.Рим құқығы терминімен Рим заңгерлері кең философиялық категорияны қамтитын ,жалпы барлық халыққа тән,олардың табиғи құқығын айқындайтын құқық деп есептеген-іus naturale-табиғи құқық. іus cіvіle-кей жағдайда құқықтың кей жүйесіне қарсы шығады.Олар преторлардың тәжрибесінде және магистраттардың тәжрибесінде қалыптасқан құқық,,кейде преторлық құқық деп аталады.Бұл қарсылықта іus cіvіle – халық жиналысында ,кейіннен сенаттан шыққан құқық нормаларын белгілейді.Сонымен азаматтық құқықа бүгінгі түсінік бойынша Римде 3 аталған жүйе кірген:

  1. Цивильдік құқық (қарапайым құқық)

  2. Халық құқығы.

  3. Преторлар құқығы.



2.Бұл үш түсінікке жалпы термині ретінде іus prіvatіum ,яғни жеке құқық деген мағынаны білдіреді.Жеке құқық көпшілік құқыққа қарсы қарсы қойылады.Римнің классикалық мерзімдегі Ульпиан атты заңгері құқықтың осы 2 саласын былай бөлектейді:Көпшілік құқық -бұл Рим мемлекетінің мәртебесіне және жағдайына қатысты құқық ,ал Жеке құқық жеке тұлғалардың мүдделері мен пайдасына қатысты құқық.Сонымен жеке және көпшілік құқықтарды ажырататын жағдай Ульпианның ойы бойынша құқықтық қорғаудағы сипаты:Көпшілік құқық саласына жеке тұлғалардың мүдделерін қорғайтын нормалар,ал жеке құқық саласына мемлекет мүдделерін қорғайтын нормалар жатады.
Рим заңгерлерінің құқықты көпшілік және жеке құқыққа бөлуі тәжірибесі бүгінгі күнгі көпшілік құқық жүйелерінде де кейбір елдерде қабылданған Мысалы:Франция мен Германияда,азаматтық құқықты бөлуді талап етеді.Субъектілердің өзара мүліктік қатынастарын реттеу.сауда жағдайындағы қатынастардан бөліп шығарады.Сауда қатынастары арқылы реттеледі. Азаматтық құқық ссуда құқығымен бірігіп жеке құқықты қарастырады, ол азаматтық құқық синонимі сипатында қолданылады. Жоғарыда көрсетілген көпшілік мүдделер мен жеке мүдделер құқығын бөлектеу өзінің сипаты арқылы да айырмашылықта болады. Жеке қоғамдық қатынастарды реттеуде көпшілік құқыққа келесі принциптер тән:

  1. Көпшілік құқықтың мәселелері жеке тұлғалардың келісімі арқылы өзгертілмейді.

  2. Ққұқықтық нормаларды қандай да жағдайда жеке тұлғалар өзгерте алмайды.

Міне осы көрсетілген жағдайларда көпшілік құқық мәселерінің 2 жақтың келісімі арқылы өзгертілуге болмайтындығы дәлелденеді. Бұндай жағдайда бүгінгі күнгі теорияда императивтік, әміршілдік міндетті түрде орындалуы қажет деп аталады.Императивтік нормалар жеке азаматтық құқықта кездеседі. Мысалы, Римдегі қамқоршылыққа алу институты жеке азаматтық құқық институты болып табылады. Дегенмен,құқық институтына қатысты мәселелер мысалы, қамқоршының қамқорлықтағы тұлғаның мүлкін өз қарамағына алуы императивтік нормалармен реттеледі. Жеке азаматтық құқыққа тән емес бұл құқық саласына бір жағынана екі жақ өз еріктерімен келісімге келуі тән болса, 12 кесте заңдарында көзделген.

  1. Бір кезде рим құқығын “Жазылған ақы” деп атаған.
    Әрине бүгінгі күні жеке құқығы мүліктік қатынастардың, әсіресе сауда айналымында күрделі аумағын шектеуде көп алға кеткен. Дегенмен көптеген жаңа заңды құрылымдар рим құқығында қалыптасқан элементарлық түсініктер мен категориялардан тұрады. Рим жеке құқығы азаматтық жёне сауда заңдылықтарын оқып ұйренуде жёне кёсіби заңгерлерді дайындаудың негізгі базасы болып табылады.Рим құқығының мәні оның келешек құқықтың дамуына ғана емес,мәдениеттің дамуына да үлкен әсерін тигізді.Рим құқығы қарапайым тауар иелерінің құқықтық қатынастарын (сатушы ,сатып алушы,несие беруші,несие алушуы,келісім шарт,міндеттеме және т.с.с) өте жоғарғы дәлдікпен сипаттайды.Бұл жайында Ф.Энгельс былай деген: “Рим құқығы жеке меншік тұсындағы өмір жағдайларын және қоғам қайшылықтарын классикалық заң ретінде өте жоғары дәрежеде реттейді, сондықтан да кейінгі заңдар оған айтарлықтай жақсартулар енгізе алмады”.

Рим құқығының бұл ерекшеліктері орта ғасырдағы Европаның дамып келе жатқан өнеркәсібі мен саудасы әрі қарай жетілген құқықтық базаны талап етуі қарапайым құқықтық феодалдық нормалары өмір талабын қанағаттандыра алмаған жағдайда- рим құқығының рецепциясы деген өте қызық процестің туындауына әсер етті.
Рецепция арқылы ортағасыр мемлекеті тәжірибесіне еніп, Рим құқығы кейінірек басқа да азаматтық құқықтық нормаларды қамтиды. Рим құқығы өз әсерін азаматтық құқыққа да тигізді. Сондықтан да азаматтық құқықты терең түсіну рим құқығын білмей мүмкін емес. Заң теориясы мен тәжірибесінде тұрақталған кейбір терминдер мен түсініктерді ( Мыс: реституция, вендикация, универсалдық,, мирасқорлық,, мұрагерлік және т.б) өзінің туындаған жерінен бастап оқып білмесе, оларды жақсы түсіну мүмкін емес.
Рим құқығы өзінің айқындылығымен, атап айтсақ жақсы заңдылық технологиясымен ерекшеленеді.
Сондықтан да, олар бүгінгі заңгерлерге заң категорияларын айқын бөлектеп тұжырымдауға жақсы мүмкіндік береді. Заң технологиясын игеру заң шығару жұмысында және заңды дұрыс қолдану істерінде де өте қажет. Заңдар әркімге түсінікті тілмен ғана баяндалып қоймай, олардың редакциясы және мәтіні заң шығарушының нені айтқысы келгеніне сай болуы тиіс. Заң жалпы норма, ал жалпылық барлық мүмкіндіктерді дамытуы қажет. Заң шығарушыға қоятын осы талаптарды іске асыру заң технологиясын жоғарғы деңгейде игеруді талап етеді. Заңды қолданушы заңгер заңның жалпы нормаларын және өмірдегі нақты жағдайлардың құрамын жақсы талдай біліп, олардан дұрыс қорытынды шығаруы тиіс. Рим құқығы өзінің нақтылығы және айқындылығымен талаптарға жауапты үлгісі ретінде айқындалады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет