Игенбаева Динара Маратовна


Игенбаева Динара Маратовна



бет2/5
Дата26.06.2018
өлшемі0,57 Mb.
#44647
1   2   3   4   5

Игенбаева Динара Маратовна,


№83 А. Байтұрсынов атындағы

жалпы орта мектебінің

тарих, құқық пәндерінің

1 (ілгері) деңгейлі мұғалімі

Оңтүстік Қазақстан облысы,

Сайрам ауданы, Қарасу ауылы


Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеттері (1-сабақ)

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 5.1A Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі

Сынып: 5 «в»










Осы сaбaқ aрқылы жүзеге aсaтын оқу мaқсaттaры

5.2.2.2 - археологиялық деректерге сүйене отырып, Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеттерінің белгілерін анықтау;



Сaбaқ мaқсaттaры

Бaрлық оқушылaр орындaй aлaды: Деректер арқылы Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеттерінің белгілерін анықтайды.

Оқушылaрдың көпшілігі орындaй aлaды: Археологиялық деректерге сүйеніп, Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеттерінің белгілерін ажыратып, талдайды.

Кейбір оқушылaр орындaй aлaды: Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеттерінің белгілерін салыстыра отырып, нақты мысалдар келтіру арқылы айқын тұжырымдайды.

Бaғaлaу критерийі

  • Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеттерінің белгілерін анықтайды.

  • Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеттерінің белгілерін ажыратып, талдайды.

  • Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеттерінің белгілерін салыстыра отырып, нақты мысалдар келтіру арқылы тұжырымдайды.

Тілдік мaқсaт

Оқушылaр орындaй aлaды: Оқушылар:

- Оқыған ақпаратты өз сөзімен айтып, баяндайды;

- Тақырып бойынша мәтінмен жұмыс жүргізіп, мысалдар айтады;

- Өз білімін кестеге жазып түсіре алады.



Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Андронов мәдениеті, Беғазы-Дәндібай мәдениеті, жертөле, абыз, кремация сөздерін еске түсіреді.



Оқытудың тілдік мақсаты:

Бейне материал көріп, Андронов мәдениеті туралы әңгімелейді(тыңдалым және айтылым дағдысы);

Тақырып бойынша мәтінмен жұмыс жасайды (оқылым дағдысы).


Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеттері басты ерекшеліктері...

Қола дәуірін адамдарының тұрмыс тіршілігінде өзгерістер орын алды...

Біздің анықтағанымыз...



Қорытындысында...

Біздің тобымыздың ойынша...

Келесі себептер/факторлар....

Ең басты жетістіктер ...



Тaлқылaуғa aрнaлғaн сұрaқтaр:

  1. Қазақстандағы қола дәуірі ескерткіштерінің қандай ерекшеліктері бар?

  2. Қола дәуірінде адам өмірінің сапасы қалай өзгерді?

Құндылықтaр-

ғa бaулу

«Мәңгілік ел»

2) Қоғамымыздағы ұлттық бірлік,бейбітшілік пен келісім

3) Зайырлы қоғам және рухани мәдениет


Пән aрaлық бaйлaныс

Жаратылыстану, технология.



Ойлaу дaғдысының деңгейі

Білу, түсіну,қолдaну

Aлдыңғы оқу:

Қола дәуірінің еңбек құралдарын, кәсіп түрлерін біледі.

Жоспaр

Жоспaрлaнғaн уaқыт

Жоспaрлaнғaн жaттығу түрлері

Ресурстaр


Бaсы

2 минут


5 минут

Ортaсы
3 минут

8минут



7 минут

10 минут

Соңы

5 мин


Сыныпта психологиялық ахуал қалыптастыру:

«Тамаша екен!» әдісі

Топқa бірігу:



Суреттер арқылы сынып 3 топқa бірігеді
Б. «Серпілген сауал» әдісімен үй тапсырмасы тексеріледі:

1. Мыс кенінің ежелгі орталығын атаңыз? Жезқазған.

2. Ғалымдар Жезқазған өңірінен неше тонна мыс өндіретінін айтқан? 100 мың.

3. 48 мың тонна мыс өндірілгенін қалай анықтаған? Имантау кен орнындағы қалдықтарға қарап.

4. Мыс пен қалайы кені қандай құралдармен қазып алынған? Қайла, балта, тесе.

5. Тау жыныстары қызған кезде үстіне не құйған?Су.

6. Шахталардағы төтенше, қайғылы жағдайлардың орын алғанына қандай дәлел келтіресің? Кен толтырылған тері қап арқалаған адам қаңқаларының табылуы.

7. Қолөнер кәсібінің ең дамыған түрі? Зергерлік бұйым жасау ісі.

8. Шеберханалар қайда орналасты? Қоныстарда.

9. Әшекей бұйымдары негізінен қандай әдіспен дайындалды? Қақтау, сығымдау, шеку.

10. Ерте металл дәуірінің тұрғындары қандай шаруашылықпен айналысты? Мал шаруашылығы, балық және аң аулау.


(Б) Түрткі сұрақ

Ширaту жaттығуы:

Іс-әрекет: «Қоныстың» суретін тақтадан көрсетіп, оқушыларға:

  • Бұл не?

  • Қандай мақсатта жасалған?

  • Кімдер жасаған?

  • Қазіргі адамдар қолдана ма? Неліктен?

  • Ал алғашқы адамдар қолданды ма?

  • Олардың не қолданғаны туралы білгілерің келе ме?-деген сұрақтар арқылы сыныптық талқылау ұйымдастыру.

Мақсаты:

  • сыныпта ынтымақтастық атмосферасын құру;

  • оқушылардың қызыгушылығын оятып, зейінін сабаққа аудару;

  • жаңа сабақтың тақырыбын ашу.

Ширaту жaттығу aрқылы сaбaқтың тaқырыбын aштым және мақсатын таныстырып өттім:
Тыңдaлым бaрысындaғы тaпсырмa:

(Б) «Саусақ ұшы» әдісі

Іс-әрекет: Интерактивті тақтаға Андронов және Беғазы-Дәндібай терминдері жазылған алақандардың суретін ұсынып, оқушыларға екі мәдениеттің ерекшеліктерін саусақ ұштарына жазуды ұсыну.

Дескриптор

  • Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеттерінің негізгі ерекшеліктерін анықтайды.

  • Екі мәдениеттің белгілеріне сипаттама жасайды.


ҚБ «Бас бармақ» әдісімен оқушылар өзін-өзі бағалау.
Тыңдалымнан кейін:

Ж/Т Мәтінмен жұмыс. Графикалық органайзер «Ақпаратты сүзу» әдісі.

1-топ «Қазақстанның солтүстік-батысынан табылған артефактілер»

2-топ «Қазақстанның орталығынан табылған артефактілер»

3-топ «Қазақстанның оңтүстік-шығысынан табылған артефактілер»

Графикалық кескін-суреттер жапсырылған кестемен жұмыс жасап, осы суреттер негізінде Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеттеріне сипаттама жасауды ұсыну.
Дескриптор

1. Тақырыпқа қатысты кескін суреттермен жұмыс жaсaйды.

2. Андронов пен Беғазы-Дәндібай мәдениетінің ерекшеліктерін дәлелдейді.

3. Дәлелдер келтіріп, талдау жасайды.


ҚБ «Бағдаршам» әдісімен топтағы оқушылар көршілес топтарды бағалау.
Б/Т «МИКС» әдісі арқылы 3 топқа 3 түрлі тапсырмалар беріледі.
Т 1- топ: Тапсырма. Картамен жұмыс.

-Тақырыптық картаны пайдалана отырып, 1-контур картаға Андронов мәдениетінің ескерткіштерін белгілеп көрсетіңіз;



-2-контур картаға Беғазы-Дәндібай мәдениетінің ескерткіштерін белгілеп көрсетіңіз;



Дескриптор:

1. Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеттерінің орналасқан жерін картада көрсетеді;

2. Қола дәуірі тұсындағы басқа мәдени ескерткіштерді картада белгілейді.



Т 2- топ: Тапсырма. Кестемен жұмыс.

Андронов мәдениеті мен Беғазы-Дәндібай мәдениетін салыстырады, ерекшеліктерін анықтайды. Өз жауаптарын дәйектер келтіре отырып қорытындылайды.





Андронов мәдениеті

ұқсастығы

Беғазы-Дәндібай мәдениеті

Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет