ІІ. Негізгі бөлім



бет1/4
Дата06.04.2020
өлшемі114,97 Kb.
#61666
  1   2   3   4
Байланысты:
Әдебиеттік оқыту
9каз, 9каз, 9каз, 9каз, Әдебиеттік оқыту, 469918064
Жоспар


Кіріспе

3







ІІ. Негізгі бөлім

5







1.1 2 сынып «Әдебиеттік оқу» құралының құрылымы мен құрылысы

5

1.2 Оқулықтағы халық ауыз әдебиетін оқыту

8







2.1 3-сынып «Әдебиеттік оқу» құралына енген материалдар мен оқулықтағы көркем шығармаларды оқытудың әдіс-тәсілдері

12

2.2 Оқулықтағы қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілерін оқыту туралы

18







3.1 4 сынып «Әдебиеттік оқу» құралына енген материалдар

21

3.2 4 сынып «Әдебиеттік оқу» сабағында оқушылардың сөздік қорын дамыту

25







Қорытынды

29







Пайдаланған әдебиеттер тізімі

31







Қосымшалар





Кіріспе
Қазақстан Республикасың президенті Н.Ә.Назарбаев «Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан» атты жолдауының он жетінші бағытында: бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз үшін оқытудың әр оқушының білімі мен қабілет деңгейінің тиімділігін бағалаудың біртұтас жүйесін жасау керек», -деп көрсетті.

Қазақстан Республикасы Заңының 4 – тараудың 16 – бабын қарастырып өтсек: Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдармалары баланың жеке қабілеттерін оқу ісіндегі оң талпынысы мен алғырлығын, негізгі мектептің білім беру бағдарламаларын кеңінен меңгерту үшін оқудың, жазудың, есептеудің, тілдік қатынастың, шығармашылық тұрғыдан өзін - өзі көрсетудің, мінез – құлық мәдениетінің берік дағдыларын дамытуға бағытталған.



Зерттеудің көкейкестілігі: Бастауыш сыныптарда оқу программасы көркем әдеби шығармаларды қамтыған. Әдеби шығарма, түрлi бейнелер, олардың iс - әрекетi арқылы өмiрдi түсiнуге көмектеседi. Жазушының идеясы, көңiл-күйi шығарманың мазмұны арқылы оқушыға берiледi, сөйтiп оларда алуан түрлi сезiм, ой туғызады, дүниеге көз-қарасын қалыптастырады. Көркем әдеби шығармалардың мұндай ерекшелiктерi бастауыш сыныптарда олардың өзiндiк әдiстемесiн қажет етедi. Бүгiнгi жас ұрпаққа жан-жақты бiлiм беру, тәрбиелеу - әрбiр ұстаздың басты мiндетi.

«Қазақ әдебиеті» пәнін оқытудың мақсаты - қазіргі өзгермелі қоғам жағдайында өзіндік белсенділік көрсете алатын, халқымыздың тарихын, дәстүрін, өнерін, әдебиеті мен мәдениетін ұлттық құндылық ретінде бағалап, құрметтей білетін, әдеби көркем туындыда бейнеленген құбылысты эстетикалық тұрғыда қабылдауға қажетті білім, білік, дағдыларымен қаруланған, оқырмандық талғамы терең, жан-жақты дамыған дара тұлға қалыптастыру.



Зерттеу жұмысының объектісі: Әдебиеттік оқу пәнін оқыту барасында оқушылардың оқу танымдық қызығушылығын арттыру мәселелері.

Зерттеу пәні: бастауыш сыныпта әдебиеттік оқу сабағындағы оқу үрдісі.

Зерттеу жұмысының мақаты: бастауыш сыныптың «Әдебиеттік оқу» құралын талдау, құрылымы мен құрылысын қарастырып, әрқайсысына жеке тоқталу болып табылады. Сонымен қатар бастауыш сыныпта әдебиеттік оқу пәнін оқыту барысында оқушылардың оқу-танымдық қызығушылығын дамытуға бағытталған теориялық ережелерді зерттеу мен іс-тәжірибелер арқылы іске асыру жолдарын анықтау.

Курстық жұмыстың міндеттері:

  • бастауыш мектепте оқушылардың оқу-танымдық қызығушылық қабілеттерін дамытудың теориялық негіздерін анықтау.

  • 2,3,4 сынып әдебиеттік оқу құралынының құрылымы мен құрылысын, мазмұнын зерттеу.

  • бастауыш сыныптың әдебиеттік оқу сабағында оқушылардың сөздік қорын, сөз мәдениетін дамытып, қалыптастырудың тиімді жолдарын құру.

  • өмірдегі кездесетін жағдаяттардағы мәселені шешуде қазақ әдебиетінен алған білім мен тәрбиенің игі нәтижесін пайдалануға, өз өмірлеріне қолдануға үйрету;

  • ойын еркін, шешен жеткізе алу, әдеби-теориялық білімін жазба жұмыстарда сауатты қолдана алу біліктілігін қалыптастыру немесе ауызша айтылғанды қабылдай алуын, ойын ауызша жеткізе алуын, жазылған мәтінді, ақпаратты, түсіне алуын және өз ойын жазбаша жеткізе алу қабілетін дамыту.

Зерттеудің әдісі: зерттеудің алға қойған мақсат, міндттерін шешу мақсатында педагогикалық, ғылыми-әдістемелік, теориялық әдебиеттерге шолу жасау, шығармашылық және дидактикалық материалдарды іріктеу, педагогикалық озық іс-тәжірибелерді жинақтау және талдау әдістері қолданылды.

Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен тұрады.


ІІ. Негізгі бөлім
1.1 2 сынып «Әдебиеттік оқу» құралының құрылымы мен құрылысы
Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген. 

«Әдебиеттік оқу» пәні – бастауыш сынып оқушыларының ауызша және жазбаша тілін дамытуды, яғни сөздік қорын байытуды, байланыстыра және грамматикалық тұрғыдан жүйелі сөйлеуге үйретуді, сөйлеу мәдениетін қалыптастыруды көздейді. Ұлттық тәрбие, рухани-мәдени құндылықтар, ана тілі және қазақ халқының салт-дәстүрі негізінде сусындаған жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал етеді. Адамның ішкі рухани жан дүниесі байлығын ашуға, адамгершілікке тәрбиелеуге, тілі мен қиялын дамытуға мүмкіндік береді. 

Пәнінің мақсаты – дұрыс, мәнерлеп және шапшаң оқуды меңгерту, оқушыны шығарма авторының көзқарасын түсінуге жетелеу және мәтінді қабылдаушы оқырман ретінде тәрбиелеу, көркем-шығармашылық және танымдық қабілеттерін дамыту, сөз өнеріне деген қызығушылығы мен эстетикалық талғамын қалыптастыру, сөйлеу әрекетінің барлық түрін жетілдіру, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылық пен рухани-адамгершілік тәрбие беру. 

Пәнінің міндеттері: 

1) оқу сапасын (дұрыс, түсініп, шапшаң, мәнерлеп) жетілдіру; 

2) ауыз әдебиетінің жанрларымен, отандық және әлемдік балалар әдебиетінің озық үлгілерімен таныстыру; 

3) ақын-жазушылардың балаларға арналған шығармаларының басты тақырыбын, басты кейіпкерлерін және негізгі мазмұнын айқындау; 

4) талданып отырған мәтіннің жанрлық сипатын анықтау; 

5) әдеби-теориялық білім негіздерін қалыптастыру; 

6) адамгершілік және эстетикалық құндылықтар жүйесі негіздерін қалыптастыру; 

7) оқылған шығарма сюжеті ізімен немесе еркін тақырыпта әртүрлі әдеби шығармашылық жұмыс түрлерін (өлең, әңгіме құрастыру, мәтінді сахналау, мәтін бойынша сурет салу, мақала жазу, шағын үзіндіге сценарий жазу т.б.) орындауға машықтандыру; 

8) әдеби функционалдық сауаттылыққа баулу және әдеби тілде еркін сөйлеуді меңгерту; 

9) тұлғалық оқырмандық мәдениетін қалыптастыруда ана тілінде ауызша және жазбаша дұрыс сөйлеу, өз ойын анық (тіл байлығын арттыра отырып), нақты баяндау білігі мен дағдысын қалыптастыру; 

10) кітап және анықтамалықтармен, библиографиялық әдебиеттер және сөздіктермен жұмыс істей білуге дағдыландыру. 

Әдебиеттік оқу пәнінің басқа пәндермен пәнаралық байланысы оқушылардың ауызша және жазбаша сөйлеу тілін, көркем-шығармашылық, танымдық қабілеттерін дамыту, сөз өнеріне деген қызығушылығын, эстетикалық талғамын арттыру, ұлттық сананы қалыптастыру, сөйлеу әрекетінің барлық түрін жетілдіру, рухани-мәдени, ұлттық-әлемдік құндылықтарды барынша бағалап, құрметпен қарауға үйрету мақсатында жүзеге асырылады. «Әдебиеттік оқу» пәнінің сөздік қорын басқа пән терминдері арқылы байытылып, кеңейтіледі және ол пәндердің мазмұнын толық ұғынуға ықпалын тигізеді. 

Оқу материалдары төмендегі тараулар бойынша топтастырылады:

1) білім керек бәріне (17 сағ.); 

2) атадан қалған асыл мұра (19 сағ.); 

3) неткен сұлу, неткен көркем, осы менің туған өлкем (12 сағ.); 

4) қыста талай қызық бар (16 сағ.); 

5) қадірлі әкелерім, мейірімді аналарым (18 сағ.); 

6) адам болам десеңіз (19 сағ.); 

7) бабалар өмірі-ұрпаққа өнеге (19 сағ.); 

8) туған өлке табиғатын қастерлейік (16 сағ.). 

Әр тоқсан бойынша екі үлкен тараудан топтастырылған материалдарды оқыту көзделген. Әр бөлімге бөлінген сағаттар санында ауызша және жазбаша тіл дамыту, қайталау сабақтары қоса есептеледі. 

Ауыз әдебиеті үлгілері:

1) балаларға арналған тақпақтар, ойын өлеңдер, төрт түлік жырлары, бесік жыры, өтірік өлеңдер (үзінділер), мақал-мәтелдер (әртүрлі тақырыптағы), жұмбақ-жаңылтпаштар (әртүрлі тақырыптағы);

2) ертегілер: хайуанаттар жайындағы, қиял-ғажайып оқиғалы, шыншыл ертегілер;

3) бата, айтыс үлгілері, аңыз-әңгімелер, мысалдар, күлдіргі әңгімелер, шешендік сөздер.

Жазба балалар әдебиеті үлгілері:

1) қазақ ақындарының балаларға арналған өлеңдері (А.Құнанбаев (қосымша А), Ш.Құдайбердиев, Ж.Жабаев, М.Жұмабаев, М.Дулатов, С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, А.Тоқмағамбетов, Қ.Аманжолов, М.Мақатаев, Ө.Тұрманжанов, М.Әлімбаев, Қ.Мырза Әлі, Б.Ысқақов, Қ.Баянбай, С.Қалиев, Ж.Смақов, Т.Молдағалиев, С.Мәуленов, Ә.Дүйсенбиев, Ф.Оңғарсынова, Ө.Ақыпбеков, Ғ.Қайырбеков, О.Әубәкіров, Ш.Смаханұлы, Е.Өтетілеу, Е.Елубаев, Н.Айтов және т.б.), қазақ жазушылары (Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынұлы, Ж.Аймауытов, М.Әуезов, С.Көбеев, С.Сарғасқаев, С.Мұқанов, Ш.Мұртаза, С.Бегалин, Б.Соқпақбаев және т.б.), орыс және әлем классиктері (Л.Толстой, И.Крылов және т.б.) мен орыс педагогі К.Д.Ушинскийдің шығармалары (қосымша Ә);

2) жазушылар өмірбаяны мен шығармашылығы туралы қысқаша мәліметтер;

3) ғылыми-танымдық шығармалардан: мақала, естелік, өмірбаян, күнделік (аспан әлемі, су асты тіршілігі, табиғат құбылыстары, жаратылыс құпиялары, халықтық әдет-ғұрып, салт-дәстүр туралы шығармалар).

Әдеби-теориялық білім:

1) халық ауыз әдебиеті жанрлары жөнінде (ертегі, өтірік өлең, жыр, жұмбақ, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар, аңыз-әңгіме және т.б.) өлеңнің ұйқасқа құрылатыны, ақынның көңіл-күйі туралы түсінік (өлең түрлері: табиғат лирикасы, арнау өлеңдер, мысал өлеңдер, сықақ өлеңдер және т.б.), мәтіндегі көркем сөз жөнінде практикалық түрде түсінік, мәтін түрлері, мәтіндегі негізгі ой туралы қарапайым мағлұмат;

2) диалог туралы балалардың түсінігіне сай анықтама.

Мәтінмен жұмыс: 

1) мәтіндегі негізгі ойды, оның басталуын, жалғасуын, шарықтау шегін, аяқталуын анықтау, мәтінді әңгімелеу, мәтін кейіпкерлерін атау;

2) мәтін соңындағы сұрақтарға жауап беру және сұрақ қоя білу;

3) мәтінге берілген суреттермен жұмыс жасау, мәтін мазмұны бойынша сурет салу;

4) сөздік жұмысын жүргізуге қатысу, түсіндірілетін сөздермен жұмыс;

5) жазбаша шығармашылық жұмыстар жүргізу: шығарма, хат, құттықтаулар жазу және т.б. 

Шығарма атауын, оның шығарма мазмұны және шығарманың басты идеясымен байланысын түсіну. Атау нұсқауларын ойластыру, неғұрлым сәйкес атауды таңдау. Тақырып атауы, иллюстрация және түйін сөздер негізінде мәтін мазмұнын болжау. Мәтіннен түйін сөздерді, айтылған ойды дәлелдейтін сөйлемді, сөз тіркестерін табу. Мәтін кейіпкерін ауызша сипаттау. Мәтінді бөлімдерге бөлу, өздігінен бөлімдерге атау беру. Мәтіннің (мәтін бөлімдері бойынша) негізгі ойын анықтау, мәтіндегі негізгі ойды мәтін атауымен сәйкестендіру. 

Оқу дағдысы. 2-сыныпта оқушылардың мәтіндерді дұрыс, түсініп оқуына баса көңіл бөлінеді. Шапшаң, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастырып, жетілдіру жұмыстары жүргізіледі. Оқу түрі: дауыстап оқу, іштей оқу.

2-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар. Пәндік нәтиже бойынша 2-сыныптың соңында оқушылар білуі қажет:

1) мәтінді саналы оқуды; 

2) шығармаларды өздігінен дауыстап, іштей оқуды; 

3) мәтінді рөлдерге бөліп, мәнерлеп оқуды; 

4) мәтіндегі негізгі ойдың басталуын, жалғасуы мен аяқталуын табуды; 

5) көлемі 150–200 сөзден тұратын мәтін мазмұнын толық, қысқаша және жоспар бойынша таңдау мен әңгімелеуді; 

6) мәтіннің азат жолдарынан басталатын бөліктеріндегі ойды анықтау және оған атауы қоюды; 

7) мәтіннің мамұнына қатысты тірек сөздерді табуды; 

8) тыңдаған мәтіндері бойынша сұрақтарға жауап беруді; 

9) ертегілерді түрлеріне қарай топтауды; 

10) халық ауыз әдебиетінің шағын жанрларын (жұмбақ, жаңылтпаш, қаламақ, сұрамақ, санамақ) ажыратуды; 

11) өлеңнің басты ерекшеліктерін (ұйқасқа құралады, шумақтан тұрады және т.б.); 

12) өлеңді мысалдан, әңгімеден ажыратуды; 

13) оқулықпен жұмыс атқаруды (мәтін, сұрақ–тапсырмалар берілген беттерді көрсету және т.б.); 

14) шығарманың авторы мен тақырыбын атауды. 

2-сыныптың соңында оқушылар меңгеруі қажет:

1) сурет бойынша диалог құруды; 

2) тыңдаған ән-күйлерінің мәтінмен байланысын анықтауды; 

3) ғылыми-танымдық мәтіндерден өзіне қажетті мәліметті табуды және оны берілген үлгіге (кестеге, сызбаға, т.б.) сай өңдеу мен жүйелеуді; 

4) сызба бойынша өлең құрастыруды; 

5) өзі байқаған және көрген іс-әрекеттер мен оқиғалар бойынша шығарма–суреттемелер жазуды; 

6) мәтін кейіпкерлеріне, туысқандары мен достарына хатпен құттықтау жазуды; 

7) халық ауыз әдебиет үлгілерін және 2-3 өтірік өлеңді, 10-15 мақал-мәтел мен жұмбақ, жаңылтпашты жатқа айтуды; 

8) 2-3 өлеңді жатқа айтуды; 

9) мазмұндама мен шығарма жазуды (25-30 сөзден тұратын); 

10) 2-сыныптың бірінші жарты жылдығында минутына сөздер мен тыныс белгілерін қоса есептегенде 40-45 сөз оқуды; екінші жарты жылдықта – 50-55 сөз оқуды.



1.2 Оқулықтағы халық ауыз әдебиетін оқыту
Пән баланың көркем сөзді түсінуінде «сезімдік» саналарын пайдалану, яғни «сезімге әсер еткен шығарма ғана түсінікті болады» идеясы басшылыққа алынып, мәтінді түсінуде музыка, көркемөнер, сурет туындыларының мүмкіндіктерін пайдалану алдыңғы орынға қойылды.

2-сыныптағы оқытудың басты міндеті - баланы оқуға төселдіру үшін оның жанына жақын, танымына сай ұлттық құндылықтардарды үйрету.

Қазіргі кезде барлық ақпарат құралдарында адамгершілік құндылықтар азайып, қатігездік белең алып отырғаны жаппай жазылып та, айтылып жатқаны белгілі. Әсіресе сондай жат қылықтардың бірегейі - қазақ отбасындағы балалардың ата-анасына деген мейірімділігі азайып, қарттар үйіндегі қазақ аталары мен апаларының санының артуы - дұрыс шешімін табуы тиісті әлеуметтік маңызды мәселе. Осындай күрделі істе оқулықтың, соның ішінде көркем сөздің құдіретін пайдалануға мүмкіндік беретін «Әдебиеттік оқу» пәніндегі көркем шығармалардың мәні өте күшті тәрбие құралы екендігін ескерілген. «Адам болам десеңіз» жалпы бөлімнен басқа жастайынан балалардың бойына ата-анасына, үлкендерге мейірімділік, қамқорлық көрсету мақсатында арнайы «Қадірлі әкелерім, мейірімді аналарым» атты бөлім қосылды.

Халық ауыз әдебиеті үлгілерін бастауыш сыныптарда жүйелі түрде оқыту барысында оқушылардың сөз өнеріне деген қызығушылығы оянады, дүниетанымы артады, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиеленеді. Осы күнге дейін «Ана тілі» оқулықтарында ауыз әдебиеті үлгілері үш түрлі жағдайда оқыту қарастырылып келді. Айталық, жеке бөлім ретінде, әр бөлімнің жалпы мазмұнына сәйкес және ауыз әдебиеті үлгілерінің әрбір жанры жеке тақырып ретінде алынған. Дей тұрғанмен кейбір жанрлардың ішкі жанрлық жіктелуі тұрғысынан алғанда жүйелілік ұстанымы сақтала бермеді. Тек соңғы жылдары жаңа буынның стандарты мен бағдарламасын дайындауда (Авторлары: С.Рахметова, П.Жаманқұл), «Ана тілі» оқулықтарын жасау барысында ауыз әдебиеті үлгілері біршама жүйеленіп берілді. Бұл игі бастама соңғы жылдары мектептің бастауыш сатысындағы қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілерінің жанрлық түрлерін төмендегідей жүйелеуге жол ашты:

Балаларға арналған салт жырлары – Бесік жыры, Тұсау кесу жыры, Төрт түлік жырлары, Жарапазан, Арнау – тілек өлеңдері;

Фольклорлық өлең – тақпақтар – Өтірік өлең, Ойын өлеңдері, Санамақ, Қаламақ, Сұрамақ, Мазақтама;

Жаңылтпаштар;

Мақал – мәтелдер;

Ертегілер: хайуанаттар туралы ертегілер, тұрмыс – салт ертегілер, қиял – ғажайып ертегілер;

Аңыздар: Қорқыт ата, Асанқайғы, Жиренше шешен, Қожанасыр, Алдар көсе туралы аңыз әңгімелер;

Жұмбақтар;

Батырлық ертегілер мен батырлар жырынан үзінділер: Ер Төсік, Алпамыс батыр, Қамбар батыр, Ер Тарғын туралы жыр үзінділері.

Соңғы жылдары шығармашылықпен ізденетін мұғалімдер ауыз әдебиеті үлгілерін модульдік оқыту технологиясы бойынша жүргізудің тиімділігін көрсетуде. Онда ауыз әдебиеті жанрларын жеке – жеке модельдеп оқыту ұсынылады. Мысалы:

1 – модель. Жаңылтпаш.

1.Жаңылтпаш туралы мұғалімнің түсінік беруі.

2.Жаңылтпашты мұғалімнің оқып беруі.

3.Жаңылтпашты оқушылардың жеке және топта оқуы, айтып жаттығуы.

4.Жаңылтпашты жаттау, оны жатқа айту.

5.Сөздік жұмысын жүргізу.

6.Жаңылтпаш айту жарысын өткізу.

2 – модель. Аңыз әңгімелер.

1.Аңыз әңгімелер туралы түсінік.

2.Аңыз әңгімелерді мұғалімнің оқуы немесе әңгімелеп айтып беруі.

3.Аңыз әңгімелерді оқушылардың өз бетінше оқуы.

4.Аңыз әңгімелердің мәтінімен жұмыс (аңыз әңгіменің негізгі идеясы, тәрбиелік мәні туралы әңгімелесу).

5.Сөздік жұмысын жүргізу.

6.Дидактикалық материалдармен жұмыс жасау.

7.Аңыз әңгімелер бойынша шығармашылық жұмыстар орындау (аңыз кейіпкерлеріне баға беру, оларды сипаттап жазу,аңыз – әңгімелерді жатқа айту).

8.Өзін – өзі бағалауы, өзгені бағалау.

Мұндай модельді ауыз әдебиетінің басқа да жанрларын өткенде оқу техникалық құралдарды (компьютер, слайдтық таспалар, т.с.с), интеративті тақтаны пайдалана отырып жүргізуге де болады. Оқушының дамуын қамтамасыз ететін шығармашылық іс – әрекетін дамытатын технологиялық әдістер баланың жүйелі білім алуына, өзі жинақтаған білімнің нәтижесін көруге, өзін – өзі бағалауға үйренеді.

Оқулықтағы көркем шығармалардың кейбір түрлерін оқыту.

Жазба балалар әдебиеті үлгілері – баланың дүниетанымын қалыптастыруға, ұлттық философияны түсінуге, халқымыздың сөз өнерін бойына сіңіріп, ана тілін сүюге баулитын, ұлтжандылық пен Отансүйгіштікке тәрбиелейтін көркем шығармалар болып табылады. Қазақтың біртуар ғалымы Ж.Аймауытұлы «Тәрбиеге жетекші» атты еңбегінде ана тілінің адам жан танымының қалыптасуында ерекше орын алатынын баса айтады және ана тілін оқытудың негізгі мәнін «халық болып жасағаннан бергі жан дүниесінің айнасы» деп, жас ұрпақ тәрбиесіндегі орнын: «Бала оқуды тілден бастайды. Бастауыш мектептің көбінесе айналдыратын оқуы – тілдің мүшелерін анық білдіріп, баланың тілін байыту» деп көрсетті. Бұл ретте жас буынның дұрыс ойлап, еркін сөйлеуіне ата – ана мен мұғалім бірден – бір жауапты екенін, ең негізгісі «Сөз ойдың анасы, ойсыз сөз жоқ» деген түйінді тұжырымдайды.

Көркем шығармаларды оқушыларға проблемалық оқыту (тақырыпқа сай оқушы алдына жағдаят туғызу), дәстүрлі оқыту (сыныптық – сабақтық жүйе), бағдарламалық (берілетін оқу материалы бөліктерге бөлініп, оқушыларға олардың жас және дербес ерекшеліктеріне сай беріледі), дамыта оқыту (мүмкіндік деңгейдегі логикалық тапсырмаларды беру) арқылы меңгертіледі. Көркем шығармаларды деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту мектептің бастауыш сатысында кең өріс алып, оқушылардың терең білім алуы мен біліктілігін арттыруға, шығармашыл мұғалімдердің кәсіби өресін танытуына, тәжірибе алмасуына толық мүмкіндік береді.

Әдебиеттік оқу сабақтарында дамыта оқытуды әдістеме ғылымында төмендегі кесте бойынша жүйелі жүргізу ұсынылады:



Әдебиеттік оқу сабақтарында мұғалімдер ізгілендіре оқыту, сын тұрғысынан ойлау, модульдік оқыту сияқты жаңа технологияларды да шебер пайдалану үстінде. Алайда бір ескертетін нәрсе, сол технологиялар баланың көркем шығармаларды қабылдауына тікелей қатысы болуы, ең бастысы оның оның сөйлеу тілін дамытуға, сөз мәдениетін қалыптастыруға жұмыс жасауы тиіс.

Қазіргі оқу бағдарламалары мен ана тілін оқыту технологиялары оқушының өзіндік әрекетін ұйымдастыруды, өзіндік сана, ой – пікір қалыптастыруды алға тартады. Соған сәйкес бастауыш сыныптарда көркем шығармаларды оқу сабақтарының оқушының әдеби сауаттылығы мен теориялық білімді коммуникативтік біліктілікпен ұштастыра білуіне, ұлттық құндылықтарды бойына сіңіруі мен ұлтжандылық қасиет қалыптастыруына орай ұйымдастырылуына мән беріледі.

Батауыш сыныпта оқушылардың оқу дағдыларын қалыптастыру күрделі жұмыстардың біріне жатады. Әңгімені мәнерлеп оқу үшін бала сөзді буындамай, ұластырып тұтас оқуы, шапшаң оқи білуі тиіс. Екінші сыныпта мұғалім көбінесе оқушылардың оқу сапасын күшейту жұмыстарына күш салады. Бұл жұмыстарға – дауыстап оқыту, суреттеулер мен сипаттауларды тапқызып оқыту, оқиға желісін бөліп оқыту сияқты әдіс – тәсілдер жатқызылады. Шығармашылыққа негізделген мұндай тапсырмаларды мұғалім біріңғай топтық жұмыстар арқылы да жүргізуіне болады. Топтық жұмыстар оқушының топ алдындағы жауапкершілігін, топ басшы бола білу, бірлесе шешім қабылдай білу, жеке – дара шешім қабылдай білу сияқты қабілеттерін қалыптастырады.

Оқу сабақтарында ойын әдістерін пайдаланудың да мәні зор. 1 – 2 сынып оқушысы ойнай отырып әрекет жасауға, ойнай отырып ойлануға, ойнап оытырып еркін сөйлеуге дағдыланады. Ойын сондай – ақ баланың ақыл – ойын, қиялын дамытуға әсер етеді. Әдебиеттік оқу сабақтарында көбінесе ұлттық ойындар (жұмбақ, айтыс ойындары, т.б.) мен дидактикалық ойындарды түрлендіріп өткізудің пайдасы зор. Дидактикалық ойындар, әсіресе, сабақты бекіту, оқушыларды сергіту кезінде жиі пайдаланылады.

Қазіргі кезде мектептің барлық сатысында оқытудың жаңа технологиялары өріс алып келеді. Оларға дамыта оқыту, проблемалық оқыту, модульдік оқыту сияқты оқытудың дамытушылық қызметі білімді игеру үрдісінде оқушылардың ақыл – ой, логикалық іс - әрекетін ұйымдастыруға шығармашылық белсенділігін арттыруға бағытталды. Жаңа технологияларды игеру мұғалімнің кәсіби – интеллектуалдық, рухани – адамгершілік, азаматтық келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізіп, өзін – өзі шығармашылық ізденістер арқылы дамытып, оқу – тәрбие үрдісін ұйымдастырудың тиімді жолдарын табуына көмектеседі. Ал оқушының жеке басын дамыту – іс – әрекет пен оқыту үрдісінде ған іске асады және барлық әлеуметтік әрекеттердің (ойын, оқу, еңбек, танымдық, коммуникативтік) үйлесуі арқылы жүзеге асырылады.

Оқулықтағы мәтін бойынша оқушылар орындайтын тапсырмаларды деңгейге бөліп беруге болады. Ең алдымен, шығарманы қабылдауға бағытталған «шығарманы дұрыс, түсініп, шапшаң, мәнерлеп оқы», немесе «мәтінді рөлге бөліп оқы», «өлеңді жаттап ал»сияқты міндетті деңгейдің тапсырмалары беріледі.

Екінші алгоритмдік деңгей бойынша оқылып отырған шығарманы реттеу және жүйелеу үшін берілген тапсырмалар. Олар «Отан сөзінің мағынасын ашып айт», «Қаланың Астана аталуының себебі неде?», «Туған жерің туралы не білесің?» сияқты сұрақ – тапсырмалардан тұрады.

Үшінші эвристикалық деңгейдің тапсырмалары. Мұнда оқушы пәннен алған білімдерін тиісті жерде қолдана алуға бағытталады. Белгілі бір үлгі бойынша жұмыс істей отырып, оқушы берілген мәліметтерді пайдаланудың өз нұсқасын ұсынады. Айталық, «Мәтіндерге қандай тақырып ортақ», «Мысалдан өзіңе қандай сабақ алдың?», т.б.

Төртінші шығармашылық деңгейдің тапсырмалары бойынша оқушы өнімді әрекет жасауға ұмтылады, яғни өлең құрастыру, мәтін құрастыру, шығарманың мазмұнын өзгертіп әңгімелеу, кейіпкерге мінездеме беру, мәтін бойынша сурет салу, шығарманы сахналау, т.б.шығармашылық жұмыстар орындайды.

Мектептің бастауыш сатысында ана тілін оқытуда, әсіресе, эвристикалық әдісті, шығармашылықпен оқу әдісін, оқушы білімін тексеруде тестілеу әдісін қолдану тиімді.



2.1 3-сынып «Әдебиеттік оқу» құралына енген материалдар мен оқулықтағы көркем шығармаларды оқытудың әдіс-тәсілдері
Оқулықтың құрылымы мен мазмұны «Әдебиеттік оқу» пәнінің мемлекеттік стандартына сәйкес дайындалған «Әдебиеттік оқу бағдарламалары» 2-4 сынып құрылымына сәйкес жүйеленген. Оқу материалдары тақырыбы мен мазмұны жағынан көркем және ғылыми-танымдық мәтіндер атты екі бөлімнен таратылады. Көркем мәтіндер ауыз әдебиеті үлгілері мен жазба балалар әдебиеті үлгілерін қамтиды. Оқулықтағы материалдар қүрылымы жағынан маусымдық-тақырыптық, танымдың-эстетикалық ұстанымдарға, мазмұны жағынан адамгершілік, имандылық, ізгілік тәрбиесі ұстанымдарына негізделе орналастырылды. Осыған орай оқулық материалдары 9 тарау бойынша жүйеленді.

«Әдебиеттік оку» пәні аптасына 4 сағаттан, жылына 136 сағат болып белгіленген. Соған орай пән бойынша сабақтың күнтізбелік үлгісі жасалды және сабақ тақырыптарының көлемі мен мазмұнына сай сағаттары көрсетілді. Күнтізбеде сондай-ақ, қайталау сабағы, мазмұндама мен шығарма жазу сабақтарына да сағаттар бағдарламаға сай бөлініп берілді.

Оқу мәтіндері 3-сынып оқушысының жасына сай таңдалып алынды. Оқулықтағы шығармалар балалар өдебиетінің негізгі жанр түрлерін және публицистикалық шығармалар үлгілерін қамтиды. Көркем шығармалар мазмұны оқушы қабылдауына сай танымдық, әдеби білім негіздері мен әдеби, шығармашылық біліктілік пен іскерлік қабілеттер қалыптастыруды көздейді. Сондай-ақ оқулықта қазақ халқының перзенті, ұлт болашағы - оқушыларды ұлттың тәрбие негізінде адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеуді мақсат ететін шығармалар топтастырылды. Бұл шығармаларды оқушылар тарау мазмұнында жүйеленіп берілген балалар әдебиетінің озық үлгідегі шығармалары арқылы оқи алады. Оқулықтағы әдістемелік жұмыстар оқушыны дамыту принциптеріне негізделген оқыту технологиялары мен интерактивті әдістер негізінде жүзеге асырылады. Соған сәйкес оқулыққа дара түлға қалыптастыратын оқытудың шығармашылық әдістері, дидактикалық материалдар, сюжетті-иллюстрациялың суреттер, сөздіктер, жұмбақ-жаңылтпаштар, мақал-мәтелдер пайдаланылды.

Ғұлама ғалым А. Байтүрсынұлы жазбаша жазу үғымына сәйкес «сөздің жүйесін, қисынын келтіріп жаза білуге» үйрету мақсатын өз жүмыстарына тірек еткен. Ғалымның оқушыларды жазбаша шығармашылыққа үйрету ңегізінде тіл дамыту мақсатын көздегенін әдістемелік еңбектерінен, оқу ққралында үсынған жаттығу үлгілерінен де байқауға болады. Айталық, «Қайсысын қайда қою» (берілген бірнеше сөйлемдерді дұрыс орналастыра отырып, сөйлеу, яғни мәтін құру жүмысы), «Қолайына қарай қос сөйлеммен қою», «Ермек-еңбек», «Қисындау» (өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар құрастыру жұмыстары), «Сұраққа жауап», «Жауап жазу», «Құрастыру» сияқты тапсырмалар түрінің бәрі де оқушыларды жазбаша шығармашылыққа үйрететін жұмыстар мазмұнын құрайды.

Ғалым «Тіл жүмсар» атты әдістемелік еңбегінде: «Бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алу керек. Мүғалімнің қызметі - оның білімінің, шеберлігінің керек орны өздігінен алатын тәжірибелі білімінің ұзақ жолын қысқарту үшін, ол жолдан балалар қиналмай оңай өту үшін, керек білімін кешікпей кезінде алып отыру үшін, балаға жұмысты шағындап беру мен бетін белгілеген мақсатқа қарай түзеп отыру керек» деген пікіріне бүгін де мойынсұнуға тура келеді.

Оқушыларды жазбаша шығармашылыққа үйретуде әдіскер ғалым Т. Шонановтың «Тіл дамыту» атты кітабының мазмұнын оқушыларды жазбаша шығармашылыққа үйрету мақсатын көздейтін «Мәтін», «Мәтінге жоспар құрғызу», «Дайын жоспар бойынша мәтін құру», «Берілген суретке қарап әңгіме жазу», т.б тақырыптарды қамтиды. Мұндай жұмыс түрлері де қазіргі уақытта кеңінен пайдаланылып, шығармашыл мұғалімдердің ойына қозғау салып жүргенін айту керек.Көрнекті әдіскер ғалым Ғ. Бегалиев шығарма, мазмұндама жұмыстарының түрлерін жан-жақты талдап, бұл жұмыстардың негізгі мақсаты - «ойындағысын жазуша тиянақты етіп» білдіру екенін дөлелдейді. Қазақ ғалымдарының өз зерттеу жұмыстарында қолданған «қисынын келтіріп жазу» (А. Байтұрсынұлы), «салалы сөз сөйлеу» (С. Жиенбаев), «ойын-дағысын жазуша тиянақты түрде жеткізу» (Ғ. Бегалиев) тіл дамытудың негіздері болып табылады. Бастауыш сынып оңушыларына меңгертуге болатын тағы бір мәселе - мәтіннің тиянақтылығы, ягни аяқталған ойды білдіретіндігі. Оны тақырыптың ішкі мазмұнын ашу деп қана түсінуге болмайды. Мәтіннің аяқталған ойды білдіруі оның құрылымдық бөлімдерінің түгел қамтылуымен де, білдіргісі келген негізгі ойдың толық тиянакты жеткізілуімен де түсіндіріледі.

Оқушыларға меңгертуге қажетті екінші мәселе - мәтіннің құрылымдық біртұтастығы. Оқушыларға мәтіннің құрылысы туралы түсінік қалыптастыру үшін, ең алдымен, мәтін «бірнеше сөйлемнен құралатындығы» жайында белгілі дәрежеде білім берілуі тиіс. Оның себебі, лингвистердің айтуынша, коммуникативтік қарым-қатынастың тілдегі ең кіші бірлігі сөйлем болып табылады және сөйлеу әрекетінің қайсысы болсын, сөйлем құрау арқылы, яғни кез келген ойды сөйлеммен білдіру арқылы іске асады.

Алайда бастауыш сынып оқушылары алуан түрлі синтаксистік құрылымдарды дүрыс құрастыруға тек тәжірибе жүзінде ғана жаттығады. Дегенмен грамматика сабақтарында карастырылатын тілдік мәселелер оқушыны мәтін түзуге үйрету үшін жеткіліксіз болып табылады. Сондықтан, ең алдымен, бастауыш сынып окушыларын мәтін түзуге дағдыландыру барысында айтылатын ойдың жігін сөйлемдерден дүрыс ажыратып, әрбір ойды (күрделі ойдың бір тармағын) жеке, даралап жеткізуге үйрету және сөйлемдерді орналастырудың ретін, оның заңдылығын білдіру қажет. Бүл жөнінде белгілі ғалым С. Рахметова: «Балаларды өз ойларын, білімдерін белгілі бір жүйемен мазмұндауға, пікірлерін негіздей білуге дағдыландырудың маңызы зор», -дей келіп, мұндағы назар аударатын маңызды нәрсе - «бір пікір алдыңғы пікірден туындап, ал оған жалғас келесі пікір ойды онан әрі кеңейте түсіп, жаңа фактілер білдіруге тиіс» екенін атап көрсетеді.

Жалпы орта мектептің бастауыш сатысында білім беру технологияларының бірнеше түрлері қолданылады. Жаңа технологиялардың бірқатарын «Әдебиеттік оқу» пәні бойынша да қазақстандық шығармашыл мұғалімдер тиімді пайдаланып келеді.

Дамыта оқытудың бір әдісі - деңгейлеп оқыту технологиясы. Деңгейлеп оқыту - оқылатын ақпараттың азаюы емес, окушыларға қойылатын талаптардың әртүрлілігі арқылы жүзеге асырылады.

Деңгейлеп оқыту технологиясының басты идеялары:

а) деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін барынша пайдаланып, білім алуына жағдай жасайды;

ә) деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балаларға бірдей көңіл аударып, олармен саралай жүмыс істеуге мүмкіндік береді;

б) деңгейлеп оқыту мүғалімнің жеке тәжірибесіне негізделеді. Сондыктан да деңгейлеп оқытуда оқушының жеке тұлға ерекшелігіне, психикалық даму ерекшелігіне, пән бо­йынша білімді игеру деңгейіне, оқушының білімі мен іс-әрекет тәсіліне назар аудару керек;

в) деңгейлеп-саралап оқытуда білімді игерудің негізгі төрт деңгейі (міндетті, алгоритмдік, эвристикалық, шығармашылық) қарастырылады.

Деңгейлеп-саралап оқыту 3-сыныптың «Әдебиеттік оку» оқулығында берілген білім мазмұнын оқушылардың танымдық қызығушылығын ояту, мағынаны тану, шығармашылық іс-әрекетін үйымдастыруды көздей отырып, тапсырмалар төрт деңгейге болініп беріліп отыр.

Дамыта оқытудың негізгі бағыттарының бірі - жобалап оқыту технологиясы.

Жобалап оқыту технологиясының негізгі идеясы:

- бала өзі таңдаған іс-әрекетті жоғары қызығушылықпен орындайды;

- балада пайда болған қызығушылықтың пайда болған сәтін қалт жібермеу, соған сүйену;

- іс-әрекет тек оку пәнінің саласында ғана құрылмайды;

- шынайы оқыту ешқашанда біржақты болмайды, қосымша берілетін мәліметтердің де маңыздылырына байланысты болады.

Ескеретін бір жай - бастауыш саты оқушысын шамадан тыс ақпараттандыру оның пәнге деген сүйіспеншілігін жоюы мүмкін, сондықтан да мүғалімдер керісінше пән мазмұнына тікелей қатысты, баланың талап-тілегін қанағаттандыратын, рухани дамуына ықпал ететін материалдарды саралап ала білуі тиіс.

Дамыта оқытудың бір түрі - модульдік оқыту технология­сы. Модуль - адамның өзін-өзі дамытуының тәсілі, мөлшері. Модульдік оқыту білім мазмұнын, білімді игеру карқынын, өздігінен жүмыс істей алу мүмкіндігін, оқытудың әдістері мен тәсілдері арқылы оку әрекетінің дербестігін қамтамасыз етеді.

Модульдік оқыту технологиясының негізгі идеялары:

- модульдік оқыту іс-әрекет принципіне негізделген, оқушының белсенді іс-әрекеті жүйелі болғанда ғана білім мазмұны саналы меңгеріледі;

- тапсырмалар оқушыларды оқу мақсатына бағыттап, оның жаңа білімді қабылдауына жағдай жасайды;

- модульдік оқыту мұғалім мен оқушының қарым-қатынасын жекелеуге мүмкіндік береді.

Бастауыш сыныптарда білімнің маңызды міндеттерінің бірі - шығармашылық қабілеттер мен шығармашылық іс-әрекет сапаларының дамуына жағдай туғызу. Бүл мүғалімнен әдебиеттік оку сабағында проблемалық ситуацияны, технологияны, техникалық құралдарды, әдіс-тәсілдерді таңдай білу, талдау-жинақтау қабілеті, жүйелі ойлауы, өз шешімін сауатты негіздеумен байланыстыруды талап етеді.

Бүгінгі таңда «шығармашылық қабілет», «көркем шығармашылық», «жазбаша шығармашылық», т.б. ұғымдар пайда болып, мектеп тәжірибесінде кеңінен өріс алуда.

Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық кабілетін дамыту мәселесі ғалым Б.А. Тұрғынбаеваның, оқушылардың көркем шығармашылық қабілетін дамыту мәселесі ғалым Қ.Ә. Жаманбаеваның, т.б. ғалымдардың еңбектерінде қарастырылды.

Көрнекті психолог Л.С. Выготский шығармашылық деп жаңа дүниелер жасауды түсіндірген. Ғалымның зерттеулерінде «шығармашылық» ұғымы «жаңалық», «жаңа дүние жасау», «жаңалық ашу» ұғымдарына жақын қолданылып жүр.

Ұлт ұрпағын өз ана тілінде дұрыс сөйлеп, жазуға үйрету мәселесі қиын да күрделі екені баршаға мәлім. Бүл әдебиеттік оқу сабақтарында оқушыларды жазбаша шығармашылыққа баулу барысындағы әдістемелік жұмыстар жүйесінде іске асырылады. Мәтінмен (үлгімен) жүргізілетін жүмыстың мақсаты — сабактың тақырыбы мен мақсатына орай мәтінді талдау бары-сында қажетті білім-түсінікті игерту. Мәтінмен жүмыс:

- дайын мәтінді талдау;

- оқушылардың өздері қүраған мәтіндерін талдау;

- мәтіннің жеке элементтерін (тақырыбына, негізгі ойына, жоспарына, т.с.с. байланысты) талдау жұмыстары арқылы іске асырылады.

Дайын мәтінді талдау жүмысының маңызды бір бөлігі -мәтінге тілдік талдау жасау. Тілдік талдау жазушының белгілі бір сөздер мен сөз тіркестерін немесе сөйлемдерді қолдану мақсатын, олардың қолдану орны мен тәртібін түсіндіру, киын сөздермен сөздік жұмысын жүргізу, сөздік қорын байыту, мәтіннің түрлеріне қатысты, стиліне қатысты тілдік құралдарды, тілдік ерекшеліктерді байқатып, ажыратқызу мақсатын көздейді.

Оқушылардың өздері жазған мәтіндеріне талдау жасау жүмысы оларды шығарманың тақырыбын ашуда, құрылымын бұзбай, жүйелілігін сақтауда, сөз тіркестері мен сөйлемдерін сауатты құрып, дүрыс байланыстыруда жіберген қателерін ашып корсете отырып, алдағы уақытта кате жібермеуге үйрету, сақтандыру үшін жүргізіледі. Тақырыбы, жанры жағынан бірдей шығармаларды салыстыра отырып талдау оқушылардың өз қателерін өздері табуларына, өз шығармасын өз күшімен жөндеп, жетілдіруіне көмектеседі.

Мәтіннің жеке элементтерін талдау жүмысына шығарманың тақырыбын түсіну, жазатын ойының жоспарын жасау, ойын қалай бастап, қалай аяқтайтынын жобалау, негізгі ойын анықтау сияқты жұмыстар жатады. Мысалы, мәтіннің әрбір бөлімін жеке талдай отырып, оқушылар ол бөлімде жалпы не туралы айтылатыны, қандай тілдік құралдар қолданылатыны жайлы, әрбір бөлімнің ерекшеліктері мен ңызметі туралы түсініп, өз шығармасын түзуге қажетті бағыт-бағдар алады.

Жазбаша шығармашылыкқа негізделген тіл дамыту жұмысы оқушының мәтін туралы, оның негізгі қасиеттері, түрлері, құрастыру заңдылықтары мен тілдік ерекшеліктері туралы меңгерген білім-түсініктеріне және мәтінді қүрылымдық, стильдік, логикалық жағынан дүрыс құрастыра білу біліктілігіне сүйенеді.

Бастауыш сатыдағы жазбаша шығармашылыққа негізделген жұмыстарға өздігінен ертегі, өлең, жұмбақ, диафильм құрастыруға баулу, үйрету, жатады. Жазбаша шығармашылыққа негізделген тіл дамыту жүмысы, оқушыны өз ойын тұтас мәтін түрінде жеткізе білуге дағдыландыру:


  • оқушының ойы мен тілін, қиялын дамытады;

  • жазбаша шығармашылыққа қызығушылығын, ынтасын арттырады;

  • қоршаған ортаға сын көзбен қарап, өздігінен ізденуге, өмірді өзінше танып білуге құштарлығын күшейтеді;

  • ой-өрісін кеңейтіп, дүниеге өзіндік көзкарасын қалыптастырады;

  • әдемілікке, әсемдікті сезе білуге, мәдениеттілікке тәрбиелейді;

  • халықтың рухани және мәдени асыл қазыналарына жақындатып, баланың рухани дүниесін байытады;

  • тапқырлықңа, алғырлыққа, бақылағыштықка, тиянақтылыққа баулиды;

  • өз-өзіне сенімін қалыптастырып, өз ойын, өз пікірін толық, тиянақты, жүйелі жеткізе білуге, өз бағасын бере білуге бейімдейді;

  • сөз таңдау, сөз қолдану, көркем, бейнелегіш құралдарды, тілдік амал-тәсілдерді дұрыс пайдалану шеберліктерін жетілдіреді.

«Әдебиеттік оқу» пәнінен оқушыларға сапалы білім қалыптастыруда шығармашылық әдістерге мұғалімдердің қызғушылығы артып, оның тиімділігіне көз жеткізіп, әдістемелік іс-әректтерінде қолдау табуда. Шығармашылық әдістер оқушылардың өзіндік білім жемісін жасау мүмкіндігін камтамасыз етеді. Шығармашылық әдістерді пайдалану мынан-дай міндеттерді шешеді:

- жеке дара білімдік бағдарламаларды іске асырудағы оқушының өзін-өзі үйымдастыруы;

- оқушылардың топтарда немесе ұжымдық сабақтарда мұғалімнің қызметін атқаруы;

- жолдасының білімдегі жетістігіне, оқулықтағы материалға сын көзбен қарау біліктілігі;

- оқулықтағы мәтінді немесе мақаланы талдау, оған өзінің көзқарасын білдіруі, т.б.

Бүгінде ізденгіш мұғалімдер «Әдебиеттік оқу» пәнінен шығармашылық әдістерді тиімді пайдаланып жүр. Солардың бірі «Миға шабуыл» әдісі:

«Миға шабуыл» әдісі және оның ережесі:

1. «Миға шабуыл» әдісі бойынша үйымдастырылған сабақта басшы, бағыныштылар жоқ. Жүргізуші мен қатысушылар бар.

2. «Миға шабуыл» үлгімен ойлауды қажет етпейді. Қалыптасқан дәстүрден тыс өзін еркін ұстайды.

3. Қиялыңды қанаттандыр. Қатысушылардың біреуінің идеясы киял-ғажайып, орындалмайтын болса да, оны қолда.

4. Жаныңдағыларды қолдап отыр, койған сұрақтарына толық жауап беруге тырыс.

5. Талқылау кезеңінде ештеңені алып тастауға болмайды. Өзара сыни пікірлерге, бағалауға тыйым салынады.

6. Өз ойыңды қысқа да нұсқа жеткіз. Идеялардың неғұрлым көп болғаны тиімді.

7. Ынта мен сенімділік адамның ойлау энергиясын (қуатын) нығайтады.

Соңғы жылдары бастауыш саты оқушыларына мүғалімдер пікірсайыс, пікірталас әдістерін де тиімді пайдаланып, оқушылардың тілін байыту, сөз өнеріне баулу әрекеттерінде нәтижелі жұмыстар атқарып жүр. Пікірсайыс белгілі шешім, қаулы қабылдауды талап етпейді. Бірақ ол теріс, қате көзқараспен күресуге, қажетті дәлелдер мен пікірлерін талдауға, кемшілігі мен әлсіз жағын табуға мүкіндік жасайдьі. Пікірталас әдісінің негізгі міндеті - белгілі адамгершілік нормалары мен ережелердің әділдігіне оқушылардың көзін жеткізу, дұрыс моральдық көзқарас қалыптастыру. Мұғалімнің міндеті - оқушыларға, дайын адамгершілік категорияларды ұсыну ғана емес, оларды ойлануға, ізденуге жетелеу, дұрыс шешім табуға жол корсету.

Білім берудің жаңа парадигмасы жеке тұлғаға бағдарланған оқыту парадигмасының негізінде әрбір оқушының бірегей мәнін және оның оқу өрісінің даралығын тану ниеті жатыр. Мұғалімнің рөлі білім беру, біліктіліктер мен дағдыларды сіңіруде ғана емес, оқушы өзінің жеке әлеуетіне сүйенетін және оқытудың жаңа технологиясын пайдаланатын тиісті білім беру ортасын құруда болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет