Іі нұсқа 1-билет Неолит ескерткіштері шоғырланған аймақтары, олардың негізгі белгілері


Қазақстан Республикасын нарықтық қатынастарға көшірудегі орын алған қиыншылықтарға сипаттама беріңіз



бет3/4
Дата28.02.2020
өлшемі216,24 Kb.
#59270
1   2   3   4
Байланысты:
2 нусқа


2.Қазақстан Республикасын нарықтық қатынастарға көшірудегі орын алған қиыншылықтарға сипаттама беріңіз.

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін нарықтық экономикаға көшу жолына түсті. Осы бағытта 1992 жылы қаңтарда бағаны ырықтандыруға, мемлекеттік меншікті оның иелігінен алып жекешелендіруге кірісті.Қазақстанда нарықтық экономикаға көшудің алғашқы кезде үш кезеңі белгіленді. Бірінші кезең – 1991,1992 жылдар, екінші кезең – 1993-1995 жылдар.Үшінші кезең 1996-1998 жылдар болып белгіленді. Нарықтық қатынастарға көшу барысында көптеген қиыншылықтарға кездестік. Атап айтқанда, жекешелендіру барысында қателіктер жіберілді, бағаны ырықтау оңай болмады. Сонымен бірге индустрияландыру жылдары Қазақстанда өндіруші кәсіпорындардың салынбауы, ел экономикасын дамытуда үлкен қиыншылықтар туғызды



11-билет

1.Қазақ хандығының құрылуына байланысты жазылған ортағасырлық деректерді талдаңыз.

Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарих-и-Рашиди» атты еңбегінде былай дейді: «Ол кезде Дешті Қыпшақты Әбілхайыр хан биледі. Ол Жошы әулетінен шыққан сұлтандарға күн көрсетпеді. Нәтижесінде Жәнібек хан мен Керей Моғолстанға көшіп барды. Есенбұға хан оларды құшақ жая қарсы алып, Моғолстанның батыс шегіндегі Шу мен Қозыбасы аймақтарын берді. Олар барып орналасқан соң, Әбілхайыр хан дүние салды да, өзбек ұлысының шаңырағы шайқалды. Ірі-ірі шиеленістер басталды. Оның үлкен бөлігі Керей хан, Жәнібек ханға көшіп кетті. Сөйтіп, олардың маңына жиналғандардың саны 200 мыңға жетті. Оларды өзбектер - «қазақтар» деп атады. Қазақ сұлтандары 870 жылдары  (1465—1466)  билей бастады...».



2. Ф.И.Голощекиннің Қазақстандағы партия ұйымының басшылығына тағайындалуы және оның «Кіші Қазан» идеясы.

Қазақстандағы тоталитарлық жүйенің күшеюі Ф.Голощекин есімімен байланысты болды. 1925-1933ж.ж. өлкелік партия комитетінің басшысы болған Ф.И.Голощекин ауыл Қазан төңкерісін сезген жоқ деп «Кіші Қазан» төңкерісі идеясын ұсынды. И.В.Сталин Голощекиннің саясатын «бірден-бір» саясат деп қолдады. Голощекин «ауылды кеңестендіру»ұранымен Қазақстанда «жаңа революция» жүргізудің идеялық-саяси негізін жасады. 1926 жылдың өзінде-ақ Голощекиннің бағытына наразы болған қазақ зиялылары С.Сәдуақасов пен С.Қожановқа «ұлтшыл» деген айып тағылды.

С.Сейфуллин,М.Мырзағалиев,Н.Нұрмақов,С.Меңдешев және т.б қуғынға ұшырады. Олардың көбі республикадан қуылып,С.Сәдуақасов,Ж.Мыңбаев қызметтен босатылды. 1928 жылдың аяғында Голощекиннің саяси қарсыластары алғаш рет тұтқындалды. Олардың қатарында А.Байтұрсынов,М.Дулатов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаевтар болды. Екі жылдан кейін М.Тынышбаев,Ж.Досмұхамедов және ұлт зиялыларының басқа да көптеген өкілдері тұтқындалды.

Голощекин ауылдарға 4800 уәкіл жіберді, астық дайындау барысында 31 мыңдай шаруа жазаланды, 277 шаруа атылды. 1928 ж «Аса ірі бай шаруашылықтар мен жартылай феодалдарды компескелеу(тәркілеу) туралы» декрет қабылданды.

Бай-феодалдар өздерінің мүліктік және қоғамдық ықпалымен ауылды Кеңестендіруге кедергі жасайды деген ұстаным негізге алынды.

657 бай жер аударылды.

145 мың мал тартып алынды. Бай-кулактардың ауыл шаруашылық құралдары 877 ұжымшарға,24491 жеке шаруашылыққа бөлініп берілді. Тәркілеу заңды бұзу арқылы жүзеге асырылды.

Республика Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы О.Исаев қазақ халқының мүшкіл жағдайы жөнінде Сталинге жазған хатында хабарлады. Онда қазақтардың басқа аймақтар мен республикаларға жаппай қоныс аударуының кшейіп,қазақ халқы жағдайының ауырлай түскені, адамдардың аштық пен жұқпалы аурулардан қырыла бастағаны, қазақ халқының іс жүзіндегі жағдайын боямалап көрсетіп отырғаны айтылды. О.Исаев өз хатында Қазақ өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы Ф.И.Голощекинді орнынан босатуды ұсынды. Сталиген 1933 ж.Т.Рысқұлов та хат жазған.Көрнекті қазақстандық мәдени қайраткерлердің 1932ж.жазда жазған «Бесеудің хаты» атанған хаты да Қазақстан тарихында ерекше орын алады.



12-билет

1.Қазақ хандығындағы билердің рөлі мен атқарған қызметіне жан-жақты баға беріңіз

Қазақ даласындағы құқықтық ережелердің қолданылу тарихы тереңде жатыр және оның өзіндік қайталанбас ерекшеліктері бар. Онда туындаған әдет-ғұрып нормалары ұлттық сана-сезімнің көрінісі әрі құқықтық мәдениеттің іргетасы. Қазақтарға ар-ождан қашанда қымбат, «малым жанымның садағасы, жаным арымның садағасы» деген сөзге бас иген.

Хандықтағы билер кеңесінің беделі күшті болғаны соншалық, хандар кеңестің келісімі мен қолдауынсыз мемлекеттік маңызы бар мәселелерді шеше алмаған. Ханның қолында негізінен атқарушы билік шоғырланса, заң шығарушылық қызмет пен сот билігін билер кеңесі атқарған. Билер кеңесі ханның қызметіндегі кейбір мәселелер бойынша таласқа түсіп, оны қайта қарауға құқылы болды. Дәстүр бойынша хандық билік мұрагерлік жолмен беріліп отырса да (оның өзінде халық ақ киізге көтеріп сайлауы тиіс), мемлекеттік маңызды мәселелер билер кеңесісіз шешілмеген. Біз бұдан қазақ даласында атам заманнан ақ билік бөлінісі принципінің болғанын көреміз.Ұлы билер Төле, Қазыбек, Әйтеке өмір сүрген кезең – тарихымыздың тәлімі көп, ел үшін үлгі болатын ерекше кезеңі. Олар жаугершіліктің кесірінен ыдыраған халқының есін жиған, әділетті билік шешімдерінен айнымай, келешекке көз салып, үміт отын жағу арқылы көрегендік пен ұйымдастырушылық көрсете білген. Билердің оқығаны көп болмаса да, тоқығаны мол, парасатты, азаматтық тұғырлары биік қасиеттерін, рухани мол қазынасын жария ететін аңыздар мен шежірелер бүгінгі күнге де жеткен.Тарихи деректерге сүйене отырып, зерттеушілер қазақ билерінің іс қарауы қоғамдық іс-шара ретінде қаралып, қандай дау болса да билердің шешімі бүкіл жұртшылықты қанағаттандырғанын көрсетеді.

Қазақтар еркін өмір сүрген халық. Бізде сөз бостандығы да болған, және де ол басты құндылық ретінде бағаланған: «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ» деген аталы сөзге жүгінген халықпыз. Тіптен жаны қысылғанда ханның өзіне де «Дат, тақсыр!» – деп қарапайым адамдар да өз ойларын еркін білдіре алған. Қазіргі заманғы демократияның басты құндылығында – адам мен азаматтың саяси құқықтары мен бостандықтарында бұл аталған мәселелердің шоқтығы биік.

Қазақ халқы үшін әділдіктің тең таразысы бола білген билер қоғам өмірінің саяси-құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, әскери-дипломатиялық салаларына тығыз араласып, ел бірлігі мен ынтымағын нығайтуға үлестерін қосты.
2.Қазақстандағы социалистік индустриаландыру саясатының мазмұны,нәтижелері мен салдарын ашып көрсетіңіз

Партияның 1925 жылы өткен 14 съезі елді социалистік индустрияландыру жоспарын жүзеге асыру міндетін қойды. Алайда большевиктер партиясының басшылығымен жүзеге асырылған елді индустрияландыру аясаты ұлттық аймақтар, оның ішінде Қазақстан үшін отаршыл бағытта болды. Жалпы қазақстанда индустрияландыру саясатының бағыты қандай болу керек деген мәселе сол кездің өзінде үлкен пікір таластар тудырды. Бір топ өлкедегі кеңес және партия қызметкерлері көшпелі халық бірден социализмге өте алмайды деп есептеді. Бұл бағытты большевиктер «уклонистер» деп атады. Келесі бір топтың өкілі С.Садуақасов өнеркәсіптің дамуы қазақ халқын ауыл шаруашылығынан алыстатып, қазақтың дәстүрлі мал шаруашылығының құлдырауына әкеледі деп есептеді. Бірақ ол индустрияландыру саясатына қарсы болмады. Оның пікірі бойынша Қазақстанның өндірістік бағытта алға жылжуы үшін республикада индустриялық өнеркәсіптерді көптеп салып, оны әрі қарай дамыту керек болды. С.Садуақасов шикізат қоры көзіне өнеркәсіптерді жақындатуды көздеді. Қазақстанға өнеркәсіпті күштеп кіргізу мүмкін емес деген пікірлер де болды.Қазақстанда индустрияландыру саясатын жүзеге асыру барысы елдің орталық аудандарымен салыстырғанда өте ауыр болды. Қазақстанда индустрияландыру барысында кеңес үкіметі түсті металлургия, көмір және мұнай өндіріс орындарына үлкен мән берді. Екінші бесжылдық кезінде Қарағанды көмір бассейні мен Балқаш мыс қорыту комбинатын салу жоспарланды. Бұл өндіріс орындары тез қарқынмен салынды. Қазақстанда индустрияландыру барысында Текелі полиметалл және Жезқазған мыс қорыту комбинаттары салынды. Бұлар бүкіл елді өніммен қамтамасыз етті. 1933 жылы Ақтөбе химия комбинаты мен Аралсульфат комбинаттары салынды. 4.Қазақстан 20-30 жылдары аграрлы елден индустриялы елге айналды. Алайда қазақстанда өндірілген шикізаттарды өңдейтін өнеркәсіп орындары салынбады. Осындай сипатта жүргізілген саясаттың қазақ халқы үшін зардабы зор болды. Біріншіден, өлкенің экономикалық дәстүрі толығымен өзгерді, екіншіден, хала қалқының саны өсті. Үшіншіден, бұл жағдай демографиялық өзгерістерге әкелді.



13-билет

1.«Анимизм», «тотемизм», «фетишизм» терминдерінің мағынасына түсінік беріңіздер.

Ертедегі адамдар табиғаттан бөлініп шыққаннан кейін, қоршаған табиғаттан өздерінің қандай айырмашылықтары бар екенін түсінбеді. Олар табиғат алдында дәрменсіз еді, дүние туралы наным-сенімі – анимизм болды.

Анимизм (латын тілінен animus-жан, рух). Жан мен рухты тірі және өлі табиғаттың сезіммен қабылданатын барлық заттары мен құбылыстарында жасырынып жататын, оларды басқарып отыратын жаратылыстан тыс күш деп санайды. Анимистік ұғымда егер жан жеке затпен яки оның бір бөлігімен байланысты болса, онда рух дербес тіршілік етеді, белгілі бір затқа дари алады. Ол алғашқы қауымдық құрылыста пайда болған құбылыс. Мұнда дуализм мен антропоморфизм негізге алынған. Әлем бұ дүние және о дүние болып бөлінеді. О дүниеде рухтар мекен етеді. Бастапқы бұл рухтар осы дүниедегі қасиеттердің бәріне ие болып келген. Бертін келе рух, жан дегендер материалдық емес денелер ұғым орныққан.

Фетишизм («ерекше қасиеті бар зат»). Жансыз заттардың ерекше құдіретті күштеріне сену, мысалы, үңгірлер, тастар, ағаштар, белгілі бір еңбек құралдары мен тұрмысқа қажетті заттар, т.б. Фетишистік түсініктер – жансыз денелерді жанды дүние ретінде қабылдау. Мысалы, адамдарды өлімнен сақтап қалушы үңгір немесе ашаршылықта адамдар жемісін қорек еткен ағаш, аң аулағанда қолданылған садақ т.б. – фетиш болып саналды. 


Тотемизм ( оның тегі). Тотемизм құбылысын зерттеген ғалым дін социологиясының негізін салушы Э.Дюркгейм діннің көне наным нысандары және олардың бертінгі көріністері әлеуметтік интеграция факторы болып табылады деген тұжырым жасайды. Тотем белгілі бір әлеуметтік топ үшін оның генеологиялық бастауы әрі желеп-жебеушісі, рәміз әрі ең басты құндылық. Сондықтан ол (құс, аң н/е өсімдік) құлшылық объектісі, осымен бірге сол топты біріктіруші, рулық, тайпалық тұтастығын сақтаушы. Көне заманда тотем зооантропоморфты (адам және хайуан кескінді) бейнеленіп келді. Біртіндеп реинкарнация, яғни адамның өлген соң тотем бейнесінде дүниеге қайта оралуы туралы ұғым қалыптасты. Осыдан тотемдік жануарды, өсімдікті т.б. өздерінің бұрынғы ата-баба аруағы санап, оларды асқа пайдаланбау, ерекше қадірлеу салты орнықты. 

2.Қазақстандағы ұжымдастыру саясаты және оған қарсы көтерілістерді талдаңыз.

1927 жылы 13-15 қарашада өткен Бүкілқазақтық 6 партия конференциясында қазақ шаруаларын жермен қамтамасыз ету мәселесі қаралды. Бұл мәселе аясында қазақ байларын тәркілеу саясатын Ф.И.Голощекин ұсынды. 1928 жылы наурызда Қазақстан Өлкелік комитетінің бюросы қазақ байларын тәркілеу туралы заңды нақтылады. Заң бойынша малы, дүние- мүлкі тәркіленіп, өзі жер аударылуға тиісті ірі байларға: көшпелі аудандардаірі қараға шаққанда 400-ден астам малы бар, жартылай көшпелі аудандарда 300-ден астам малы бар, отырықшы аудандарда 150-ден астам малы барлар және бұрынғы сұлтандар мен хандардың ұрпақтары жатқызылды. 1928 жылы тамыздың 30-да Қазақ АКСР ХКК-нің «Қазақстанның көшпелі және отырықшы аудандарын белгілеу туралы» арнайы қаулысы қабылданды. Науқанды 1928 жылдың 1-қарашасында аяқтау жоспарланды. Науқан төтенше әдістермен іске асырылды. Қазақ АКСР әкімшілік ұйымдарының қызметкерлері жер-жерге уәкіл ретінде аттанды. Үлкен асыра сілтеушіліктер орын алды. Алдын-ала жасалған жоспар бойынша үкімет байлардың 225972 бас малын тәркілейміз деп үміттенген еді. Бірақ бұл үміттері орындалмады. Іс жүзінде 144474 бас мал ғана тәркіленді. Тәркіленген малдың 118919 басы жеке шаруашылықтарға және колхоздарға таратылып берілді. Тәркіленген малдар негізінде 292 колхоз құрылды. Қазақстанда большевиктер ауыл шаруашылығын социалистік жолмен қайта құру тәжірибесінде тәркілеу саясатымен шектелмеді. Шаруа қожалықтарын біртіндеп, ерікті түрде кооперативтендіру арқылы социалистік ірі ауыл шаруашылық ұжымына біріктіру туралы 1927 жылдың желтоқсанында өткен партияның 15 съезінің шешімдерін жүзеге асыруға кірісті. Алайда үкімет біртіндеп құрылып жатқан колхоздарға материалдық жағынан көмекті күшейту орнына, керісінше, нұсқаулар беру арқылы күштеу әдістерінің кең етек алуына жол ашты. Қазақстанда ұжымдастыруды 1932 жылдың көктемінде аяқтау жоспарланды. Бұл науқан да қарқынды жүргізілді. Асыра сілтеулер кеңінен етек алды. Қазақстанда 1928 жылы шаруа қожалықтарының тек 2 проценті ғана ұжымдастырылса, 1930 жылы 50 проценті, 1931 жылы 65 проценті ұжымдастырылды. Құрылған колхоздардың жағдайлары нашар болды. Большевиктер жүргізген ұжымдастыру қазақ ауылына үлкен соққы болды. Мал шаруашылығы қатты күйзеліске ұшырады. 1929 жылы Қазақстанда 40 млн. мал болса, 1933 жылы 4 млн. Қалды. Ұжымдастыру саясатының зардаптары қазақ халқының басына үлкен апат әкелді.Күшпен ұжымдастырылған және материалдық жағынан өте әлсіз шаруашылықтар күйзеліске ұшырап, нәтижесінде 1932-33 жылдары халық аштыққа ұшырады. Екінші бесжылдық жоспарын орындау кезінде 1933-37 жылдары кеңес үкіметі ауыл шаруашылығын ұжымдастыруды аяқтап, ауыл шаруашылығын қайта құру, нығайту міндеттерін белгіледі. 1935 жылы үкімет колхоздарға жерді мәңгі пайдалануға берді. 1939 жылы 8 шілдеде БК(б(П Орталық комитеті «Колхоздарда қоғамдық малды дамыту шаралары туралы» қаулы қабылдады.Қаулы негізінде колхоздарды екі-үш товарлы фермалар құру жоспарланды.



14-билет

1.«Андронов» мәдениеті мен «Беғазы-Дәндібай» мәдениетін салыстыра отырып,талдау жасаңыз.

Қола дәуірінде Қазақстан жерінде бірінен соң бірі жалғасып келетін екі мәдениет болған. Оның көнесі –Андронов мәдениеті (б.з.б.ХVІІІ-ХІІғғ.). Ал б.з.б. ХІІ-VІІІғғ. яғни соңғы қола дәуірінде Беғазы-Дәндібай мәдениеті қалыптасты. Қазақстанның қола дәуірі ескерткіштерінің ең көп таралған және жақсы зерттелген аймағы – Орталық Қазақстан. Ә.Х.Марғұланның кезеңдеуі бойынша Орталық Қазақстанның қола дәуірі ескерткіштері екі мәдениетке - Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеттеріне жатады.

Андронов мәдениеті екі кезеңге бөлінеді: а) алдыңғысы –Нұра кезеңі; ә)кейінгісі –Атасу кезеңі. Нұра, Атасу өзендері атымен аталады. Андронов мәдениеті алғашқы ескерткіші Оңтүстік Сібірдегі Ачинск қаласының маңындағы Андроново селосынан табылған, сондықтан осы селоның атымен аталады.

Беғазы-Дәндібай мәдениеті: Орталық Қазақстандағы Беғазы және Дәндібай мекеніндегі обаларға байланысты қойылған.

Андронов мәдениетіндегі жерлеу орындары: а) Нұра кезеңінің жерлеу орындары кішігірім қазандай жалпақ тастарды жерге жартылай батырып орнатқан қоршау түрінде болып келеді. Қоршау пішімі әртүрлі-дөңгелек, тік төртбұрышты, шаршы түрінде кездеседі.Қабір қабырғалары кішігірім жалпақ тастардан қаланған тас сандық сияқты, тас сандықты –циста деп атайды.

ә)Атасу кезеңінің жерлеу орындары да Нұранікіндей дөңгелек, төрт бұрышты қоршаулар болып келеді.Қабірлері, негізінен, үлкен қақпатастардан салынған, тас сандықтар-циста жоқ.Кейде жер қабір, кейде ағаш рама түрінде де кездеседі.Бұл кезеңде қос қабір(бір қоршау ішіне) немесе көп адамды бір зиратқа жерлеу кездеседі.

Беғазы-Дәндібай мәдениетінің жерлеу орындары: үйлердің, жерлеу орындарының құрылыстары өте ірілігімен, тас қашау, тас қалау өнерінің жетілгендігімен ерекшеленеді. Қабырғаларына екі қатар болып қаланған тастар бір-бірімен иленген балшық арқылы байланыстырылып, ішкі, сыртқы жақтарына тастың тегіс бетін қаратып қалаған.

Андронов мәдениетіндегі адамды жерлеу ғұрпы: а) Нұра кезеңінде көбінесе адамның сүйегін жартылай өртеп қойған, кейбірзираттарда адамды өртемей қою ғұрпы да кездеседі.ә) Атасу кезеңінде адамды сол күйінде жерлеген, өртеу ғұрпы сирек кездеседі.

Беғазы-Дәндібай мәдениетінің адамды жерлеу ғұрпы: үлкен патриархалды отбасыларға арналған, көп адам жерленген зираттардың орнына бір-ақ адам жерленген үлкен жерлеу құрылыстары кездеседі. Бұл- осы кезеңдегі ру, тайпа көсемдерінің, беделді бай адамдардың зираты.

Ыдыс жасау ерекшеліктері: Андронов мәдениетінің Нұра кезеңі қыш ыдыстарының иіні дөңгеленіп келсе, Атасу кезеңі ыдыстарының мойнынан бүйіріне ауысар тұсы тіктеу болып келеді. Нұра кезеңі ыдыстарындағы өрнек мойнынан бүйіріне дейін біртұтас, Атасу кезеңі ыдыстарында өрнек мойнында, ортан белінде, кейде түп жағына да бедерленген.

Беғазы-Дәндібай мәдениетінің ыдыс жасау ерекшеліктері:ернеуі тік, бүйірі шар тәріздес болып томпайып келген, түбі тегіс.Құмыра өрнектері –тарақ жүзді, үзік сызықты үш бұрышты, ұштаған таяқшамен салынған және батырып салынған таға сияқты, моншақ, түйін өрнектер кездеседі.
2.1920-1930 ж.ж. Кеңес өкіметінің мәдениет пен ғылым саласындағы жетістіктері мен қайшылықтарына талдау жасаңыз.

20-шы жылдардың екінші жартысынан бастап қазақстанда әкімшіл- әміршіл жүйе қалыптасты. Бұл жағдай коммунистік партияның билік тармақтарын қолына шоғырлануынан көрінді. Осы жылдары жүргізілген саяси-экономикалық науқандар партияның басшылығымен жүргізілді. Ал кеңестік Конституцияда тәуелсіз деп көрсетілген сот-прокуратура ұйымдары партияның қолшоқпарына айналды. Нәтижесінде мемлекетте тоталитарлық тәртіп орнады. Республиканың қоғамдық-саяси өмірдегі толғағы жеткен мәселелерді шеше алатын, жергілікті халыққа түсінікті және жақын кеңестік аппарат құру қиын болды.Жаңа кеңестік аппаратқа тартатын қазақ қоғамында сауатты адам аз болды. Алашордалықтарды кеңес үкіметі биліктен алшақтатты, сенімсіздікпен қарады.Әкімшілік органдардағы европалық ұлт өкілдерінің көбі шовинистік пиғылда болды. Кеңес үкіметі өлкеде сауатсыздықты жою, яғни халықтың сауатын ашу мәселесін көтерді.Әсіресе ол үкіметтің 1929 жылы «Сауатсыздықты жою жөніндегі жұмыс туралы» қаулысынан кейін өріс алды. Алайда қаржы мен мұғалімдердің жетіспеуі науқан барысында қиындықтар туғызды. 1926 жылы мектеп жасындағы балалардың 16 пайызы тартылса, 1935 жылы 91 пайызы тартылды. Кеңес үкіметі қазақстанда кеңестік ғылымның қалыптасуына жол ашты. Алғашқы ашылған ғылыми-зерттеу мекемелер:1922 жылы- Денсаулық халкомының қасынан өлкелік химия-бактериологиялық лаборатория, 1924 жылы - өлкелік өсімдікті қорғау станциясы т.б. ашылды. 1932 жылы қазақстанда 12 ғылыми-зерттеу институттары, 15 тәжірибе станциялары, 15- 86 лаборатория мен т.б. ғылыми орталықтар жұмыс істеді. 20-30 жылдары Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев шығармалары кеңінен қолданылды. Сонымен бірге кеңестік әдебиет пен өнердің қалыптасуына жағдай жасалды.Осы кезде социалистік әдебиеттің негізі қаланды.С.Сейфуллин, С.Торайғыров, Б.Майлин, И.Жансүгіров, М.Әуезов, С.Мұқанов, М.Әуезов т.б. қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері қалыптасты. Алайда кеңес саясаты таптық мүддені ұлттық мүддеден жоғары қойды.Мәдениетті екіге бөлді: буржуазиялық және пролетарлық. Сондықтан да қазақ мәдениетінің қалыптасқан тұстары ескі феодалдық құрылыстың қалдықтары ретінде қаралды. Кеңес үкіметінің өлкедегі айыптау науқаны жаппай саяси қуғын- сүргінге ұласты.Қуғын-сүргінді ұйымдастыру кезеңі 1920 жылдың аяғы мен 1930 жылдың ортасына келеді. Қуғын-сүргін саясаты нәтижесінде қазақ халқының таңдаулы азаматтары атылып кетті.



15-билет

1.«Протекторат», «геосаясат», «экспансия», «еуроцентризм» терминдерінің мағынасына түсінік беріңіз.

Протекторат – (лат. protector - қорғаушы, қамқоршы) - күшті мемлекеттің әлсіз елге ресми қамқорлық жасауы. Геосаясат- адамдардың белгілі бір мақсатқа жету үшін билікті қалайша тудырып оны сақтауын бейнелеу үшін қолданылатын әдіс болып табылады. Мемлекет деңгейінде бұл әдіс мемлекеттің мүдделеріне жету және қызметін атқаруда саясат, экономика және әскери күшті қалайша қолданатынын көрсетеді. Бұл пікірлер алғашында аймақтың жалпы географиялық және тарихи жағдайын қарастырады, және сонымен қатар бес мемлекеттің саяси, экономикалық және әлеуметтік дамуын жеке-жеке қарастырады.Евразия континентінің төрінде орналасқан Орталық Азия көне Жібек жолындағы ең маңызды жерге ие болып, бірнеше ғасырлар бойы стратегиялық маңыздылыққа ие болды. Орталық Азия аймағының үш тарапында мықты мемлекеттер орналасқан – солтүстікте – Ресей, шығыста – Қытай және батыста – ЕуропаОрталық Азия бұл мемлекеттер арасындағы қатынас жолы және сонымен қатар бұларды бір-бірінен қорғайтын аймақ ретінде пайдаланылды. Атақты Британ ғалымы сэр Хэлфорд Маккиндер (1861-1947), геосаясаттың маманы келесідей пікір ұсынған болатын. Кімде кім Орталық Азияға билік орнатса, Евразия континентіне билік етеді, ал кім Евразия континетіне билік орнатса, онда ол әлемді билеуге мүмкіндік алады. Бұл Орталық азияның ғаламдық геосаяси қатынастардағы маңыздылығын көрсетеді. 1991 жылы Кеңес үкіметінің ыдырауы нәтижесінде ҚазақстанҚырғызстанТәжікстанТүркменстан және 

Өзбекстан мемлекеттері тәуелсіздікке қауышты. Дегенмен, бұлардың халықаралық саяси және экономикалық қатынастардағы орны қырғи-қабақ соғысының аяқталғанына қарамастан әлсіз болатын. Олардың бай мәдениеті мен түрлі-түсті дәстүрлері басқа мықты мәдениеттер тарапынан қабылданбады. Алайда, жағдай Америкадағы 11-і қыркүйек лаңкестік шабуылдарынан соң өзгерді. Бұл шабуылдан соң АҚШ Ауғанстанға әскер енгізді, нәтижеде Орталық Азия аймағы анти-террористік шаралардың базасына айналып, халықаралық қауымдастықтың назарын өздеріне аударды.

Экспансия- (лат. expansіo – таралу, тарату) – монополистік бірлестіктердің, мемлекеттердің, әлеуметтік топтардың экономикалық әдістермен де, басқа әдістермен де (аумақтарды қарулы күшпен басып алу, дипломатиялық қысым жасау, т.б.) ықпал ету аясын кеңейтуі.[

Еуроцентризм- ғылым, білім, мәдениет, әдебиет, өнер   және  т.б. нағыз   жетістіктері  тек  Еуропада  ғана  дамыды  деп  дәлелдеуге  тырысатын   ғылыми тұжырым. Бастауыш кәсіпкерлерге көмек

2.1867 ж. «Жетісу және Сырдария облыстарын басқару туралы Уақытша Ереженің» мақсаты мен міндеттерін анықтаңыз.

1822-24 ж.ж. қабылданған реформалар ХІХ ғ. 60 жылдарына қарай жарамсыз болып қалды. Сондықтан,реформа қабылдаудың бірнеше себептері болды:

-Сұлтандардың билігі патша үкіметінң отарлау саясатына кедергі болды;

-Жаңа аумақтардың қосылуына байланысты әкімшілік-аумақтық бөліністерге өзгеріс енгізу қажет болды;

-Арзан шикізат пен жұмысшы күші қажет болды;

-Бірыңғай салық жүйесін енгізу керек болды;

-Ресейдегі жері жоқ шаруаларды Қазақстанға көшіру көзделді;

Өлкенің ерекшеліктерін зерттеп,оны басқару туралы ережені дайындау үшін 1865 жылы Ішкі Істер Министрі Гирстің басшылығымен «Дала комиссиясы» құрылды.

1867ж 11 шілдеде ІІ Александр «Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару» туралы Ереже бекітілді.

1868 ж. 21 қазанда «Торғай,Орал,Ақмола және Семей облыстарын басқару туралы» уақытша Ережеге қол қойылды.

Реформа бойынша қазақ жері 3 генерал-губернаторлықтың құрамына кірді:

-Орынбор генерал-губ-на- Торғай мен Орынбор

-Батыс-Сібір ген-губ-на- Ақмола мен Семей

-Түркістан ген-губ-на – Сырдария мен Жетісу облыстары енді.

Түркістан генерал-губернаторлығына Иранмен,Қытаймен дипломатиялық келіссөз жүргізуге рұқсат берілді.

Сырдария облысына енген уездер: Қазалы,Шымкент,Ташкент,Әулиеата,Перовск,Түркістан,Ходжент және Жизақ;

Жетісу облысына енген уездер:

Сергиополь,Қапал,Верный,Ыстықкөл және Тоқмақ;

Реформа бойынша 5 сатылы басқару жүйесі құрылды:

1.Ауыл-ауыл старшыны (100-200 шаңырақ)

2.Болыс-болыс сұлтаны (1000-2000 шаңырақ)

3.Уезд-аға сұлтан

4.Облыс-әскери –губернатор

5.Генерал-губернаторлық- генерал-губернатор басқарды.

Реформа бойынша Қазақстанның бүкіл аумағында міндетті «түтін салығы» енгізілді. Түркістан ген-губ.. қазақтар 2 сом 75 тиыннан, басқа ген-губ.. 3 сомнан төлеуге тиісті болды.

Реформаның ең түйінді жері әскери-азаматтық билік генерал-губернаторлықтардың қолына шоғырланды. Қазақ жері Ресей үкіметінің меншігі болып жарияланды. Құнарлы жерлер Ресейден қоныс аударған шаруаларға бөлінді. Қазақстан қазба байлықтарын патша үкіметі еркін пайдалануға жол ашылды,өлке арзан шикізат көзіне айналды.



Уақытша Ереженің мақсаты-отарлық басқаруды, билікті күшейту;

16-билет.

1. Сақтардың мәдениеті, дінинанымдары мен әдет ғұрыптары туралы түсінік

Сақ мәдениеті — ерте темір дәуірінде Қазақстан мен оған жапсарлас өлкелерді мекендеген тайпалар қалдырған археологиялық ескерткіштер жиынтығы. Бұл тайпалардың тарихы бізге сақ атауы негізінде көне парсы және грек жазба деректерінен жеткен. Археологиялық зерттеулер Қазақстандағы Сақ мәдениеті жөнінде (б.з.б. 7 — 3 ғ-лар) неғұрлым толығырақ деректер береді. 1930 жылдардың соңында басталған зерттеу жұмыстары іс жүзінде 1946 жылдан кейін ғана кеңінен өрістеді. Жетісу, Төменгі Сырдария, Орталық, Солтүстік, Шығыс Қазақстанда Сақ мәдениеті ескерткіштері ашылды, көптеген қорымдар, ғұрыптық орындар, т.б. жәдігерлер қазылып, зерттелді. Жетісудағы Есік (Алтын адам) Бесшатыр обалары мен көптеген көмбелер, Сырдың төменгі ағысындағы Үйғарақ қорымы, Орталық және Солтүстік Қазақстандағы Тасмола мәдениетінің обалары, Шығыс Қазақстандағы Берел, Шілікті қорымдары, т.б. көптеген нысандар көне сақтардың тамаша ескерткіштері ретінде танымал. Кең байтақ аумақтарға тарағандықтан, әр өлкенің мәдениетін зерттеудің өзіндік жүйелері қалыптасқан. Олардың жерлеу ғұрпы, мүліктік мәдениеттегі жергілікті ерекшеліктері мен өзара жақындығы да анықтала бастады. Беріге дейін сақтар тек қана бақташы, көшпелі тайпалар болған деген ескі көзқарастың әсерімен көп уақыт бойы бұлардың отырықшы орындары, яғни қоныстық мекендері зерттеулер аясынан тыс қалған. Ондаған жылдар бойы зерттелген жерлеу ескерткіштерімен (обалар) қатар, қазір жер-жерлерде сақ дәуірінің көптеген қоныстары да ашылды. Талғар өңірінде ашылған 50-ге жуық қоныстың деректері мұнда сақ тайпалары егіншілікті де кеңінен өрістеткенін көрсетті. Қарқаралы өңіріндегі Қарақуыс, Едірей тауларымаңынан табылған 20-дан астам сақ қоныстары осы пікірді дәлелдей түседі. Мұндағы беткейлерде тау ықтасындарында орналасқан қоныстар кейінгі қазақ қыстауларына топографиялық тұрғыдан өте жақын орналасқан. Қазбалар барысында көптеп табылған тас кетпендер мен дәнүккіштер Орталық Қазақстан сақтары егіншіліктің қыстақ маңында орналасқан түрін ұстанған деген пікірді негіздеді. Сақ ескерткіштерін зерттеуде әлемдік ғылымның бүгінгі қол жеткен әдіс-тәсілдерін қолданудың маңызы зор. Қазақ Алтайынан ашылып отырған Берел обаларындағы жасанды тоң қабатында сақталған жылқы денелері, шірімей жеткен ағаш бұйымдар, сондай-ақ бальзамдалған адам мәйітін зерттеу маңызды мәліметтер береді. Сақ мәдениеті ескерткіштерін тек зерттеу ғана емес, оларды сақтап қалу, қалпына келтіру мен консервациялау, музейлендіру шаралары қолға алынды. Б.з.б. 7 — 6 ғ-ларда қалыптасқан сақ өнерінің хайуанаттық нақышы дүниежүзілік адамзат өркениетінің тамаша жетістіктеріне жатады. Осындай атаумен белгілі болып отырған сақ қолданбалы өнерінің бұйымдары Қазақстанда, Сібір, Орталық Азия өлкелерінде, Еуропаның оңтүстігінде кеңінен тараған. Нақыштың негізгі құрамын жыртқыш аңдар мен басқадай жануарлар, сондай-ақ мифол. зооморфтық құбыжықтар түрінде жасалған бейнелер түзеді. Бұлар жекелеген бұйымдар немесе бұйымдар мен беттердегі бейнелер, аралас тұрған күрделі композициялар арқылы беріледі. Мазмұны бойынша мифологиялық, пішімі бойынша реалистік деп атауға болатын хайуанаттық нақышты қолдану бағыты бойынша декоративтік өнер болып табылады. Хайуанаттық нақыш дәстүрімен берілген қолдану тәсілдері көбіне металл қазандар мен құрбандық ыдыстарды, қанжарлар мен семсерлерді, қорамсақтар мен айбалталарды, ат әбзелдері мен айналарды, сондай-ақ тулар мен түрлі киімдерді әшекейлеуде пайдаланылған. Табиғат аясын ерекше құрметтеп, оны астарлы мағынада қабылдай білген сақтар арқар, таутеке, жолбарыс, қабан, бұғы, марал, түйе, жылқы, бұлан, бүркіт, сайғақ, қасқыр, қоян сияқты жануарлардың өздеріне етене таныс тұлғаларын тамаша шеберлікпен бейнелеген. Бізге жеткен бұйымдар, ең алдымен, қола, алтын сияқты металдардан, ішінара сүйек, мүйіз, темірден жасалған. Ағаш, тері, киізден жасалған аң бейнелері де бар. Сақ мәдениеті дәуірінен жеткен сәнді бұйымдардағы асқақ дүниетанымдық рухта берілген бейнелер мен әшекейлер Қазақстанның мемлекеттік рәміздерінде, бүгінгі өнерде, ел өмірінің басқа да салаларында қолданылады. Ғылымда С. м-нің мемл. қалыптасу деңгейінде тұрғандығы жайлы мәселе айқындалып келеді. Есік обасынан табылған тостағандағы жазу сақтардың әліпби қолданғандығынан хабардар етеді. Сақ мәдениетіне байланысты “Далалық өркениет” деген ғылыми ұғым тарих, археология салаларында кеңінен қалыптасты

2.Тың және тыңайған жерлерді игерудің кезеңдері, нәтижелері мен салдарын жаз

Одақ ведомстволары қабылдаған «Елімізде астық өндіруді одан әрі арттыру туралы, тың және тыңайған жерлерді игеру туралы» қаулы бойынша Қазақстанның солтүстік аудандарында, Сібірде, Оралда және Солтүстік Кавказда дәнді дақылдар егуді шұғыл арада арттыру туралы шешім шығарылды. Жаңа жерлерді игеру есебінен 1954-1955 жылдарда 13 млн гектар жер жыртылып, 1955 жылы одан 1100-1200 млн пұт астық алу жоспарланды.

КСРО-да тың көтеруге байланысты белгіленген тапсырма 1954 жылғы тамыздың басына қарай орындалды: 13,4 млн гектар жер немесе жоспар бойынша 103,2%, оның ішінде Қазақстанда 6,5 млн гектардан аса тың жер жыртылды. Тамызда «Астық өндіруді молайту үшін тың және тыңайған жерлерді одан әрі қарай игеру туралы» жаңа қаулы қабылданды. Онда 1956 жылы тың жерлердегі дәнді дақылдар егуге арналған аудан көлемін 28-30 млн гектарға дейін жеткізу міндеті қойылды. Ғалымдардың тың жерлерді осыншама кең көлемде игеру өзін-өзі ақтамайтындығы туралы пікірлерін ешкім есепке алмады. 1955 жылы тың жерлерде жоспарланған 7,5 млн гектардың орнына 9,4 млн гектар жер жыртылды. Тың жерлерді игерудің басым көпшілігі негізінен Қазақстанның солтустігіндегі алты облыста - Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Көкшетау, Торғай және Павлодар облыстарында жузеге асырылды.

Республика еңбекшілерінің алдында 6,3 млн гектар тың және тыңайған жерді игеру арқылы дәнді дақылдар өнімін арттыру міндеті тұрды.

Партия комитеттерінің қысымымен жалпы жиындарда жоғарылатылған міндеттемелер қабылданды, олар әрдайым орындала бермеді және жүзеге аспады. Нәтижесінде тек 1954 жылдың өзінде қосьмша 636 мың гектар тың және тыңайған жерлер жыртылды. Тек сол жылы ғана колхоздар және МТС-тap 4847 мың, ал совхоздар 3 684 мың гектар жаңа жерлерді игерді. Осылайша, тың және тыңайған жерлерді көтеру туралы екі жылға есептелген мемлекеттік жоспар елеулі қарқынмен бір жыл ішінде жүзеге асты. Республикада жаппай жолдар салынып, жаңа елді мекендер тұрғызылды.

3.1891ж ереже бойынша қазақ жерінде құрылған генерал губернаторлық және оның құрамына кірген облыстарды картағабейнеле.
1891 жылғы ереже бойынша қазақ жерінде құрылған генерал губернаторлықтар: Дала генерал-губернаторлығы, Түркістан генерал-губернаторлығы, Батыс-сібір генерал-губернаторлығы.
Дала генерал-губернаторлығына кірген облыстар: Ақмола, Семей, Жетісу.

Түркістан генерал-губернаторлығына: Сырдария, Ферғана, Самарқанд.

Батыс-сібір генерал-губернаторлығына: Тобыл, Томск губерниялары мен Омбы облысы.

17-билет

1.Сарматтардың шаруашылығы мен тұрмысы

Сарматтар — көне дәуірде Қазақстанның батыс өлкелерін, Оңт. Орал алқаптарын мекендеген, үлкен тобы Еділден батысқа қарай өтіп, Солт. Қара т. өңірлерін жайлаған тайпалардың шартты атауы. “Сарматтар”, “Сарматия” сияқты атаулар антик дәуірінің жазба деректерінен келген және көптеген тайпалар мен олардың одақтарына таңылатын жалпылама ұғым болып табылады. шікті жайға айналды. Осы реформаның куәсі болған Абай Қүнанбайүлы, Ыбырай Алтынсарыүлы сияқты алдыңғы қатарлы ойшылдар, оның отаршыл, теріс жақтарын өз шы- ғармаларында талай рет сынап, мысқылдаған еді.Сарматтар қыс кезінде қысқа тон киіп, қайыс белбеу таққан, аяқтарына қысқа қонышты етік киген, кең шалбарының балағын етіктің қоншына салған. Әйелдері де ерлерше киінген, алайда олардың киімдері әртүрлі әшекейлермен безендірілген. Сарматтардың ыдыстары қыштан және металдан жасалған. Қыш құмыралардың түбін шұңғыл әрі жайпақ етіп жасаған. Тамақ пісіретін қазандарды темірден құйып жасаған. Обаларда шыныдан жасалған ыдыстар да кездескен, бірақ оларды өздері жасамаған, шығыс елдерінен алғызған. Сарматтар кейбір торсық, саба, көнек, мес сияқты ыдыстарды теріден жасап пайдаланған



2.Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың ерліггін ашып көрсетіңіз.

Отан соғысына Қазақстан біртұтас елдің бір бөлігі ретінде қатысты.Қазақ КСР-і КСРО Қорғаныс Халық Комиссариатының нарядтары бойынша және еріктілердің қатарынан майданға 1,9 млн адам,яғни әрбір бесінші қазақстандық аттанды,сондай-ақ еңбек армиясының құрылыс батальондары мен жұмысшы саптарына 700 мыңнан астам адам аттандырды.Бұлардан бөлек 178мыңға жуық адам соғыс басталар алдында Кеңес қарулы күштерінің қатарында қызмет етті.Сонымен, барлығы 1374 мың қазақстандықтар қолына қару алып сапқа тұрды.Республикада 2 млн-нан астам адам әскери даярлықтан өтті және соғыстың алғашқы кезеңінде 14атқыштар және атты әскер дивизиясы,6 бригада құрылып,майданға жіберілді.Қазақстандық 36-жеке атқыштар бригадасы 30-дан астам ұлттан құралды.Соғыс жылдары майданға жақын өңірлерден көшіріліп әкелінген 27әскери оқу орны 16мың офицер даярлап шығарды.Соғыстан оралмаған қазақстандықтар саны 601 мыңға жетіп отыр, оның ішіндегі қазақтар саны 350 мың.

Ұлы Отан соғысы жылдарында барлығы 11 600 жауынгер мен офицерлерге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді,солардың 520-сы қазақстандықтар.Олардың ішінде 100-ден астамы қазақтар.Ұлы Отан соғысының батыры атағы алғаш рет 1941жылғы 22шілдеде 19-танк дивизиясының командирі,генерал-майор К.А.Семенченкоға берілді.Соңғы Кеңес Одағының Батыры атағы 1991жылы 11желтоқсанда аты аңызға айналған ержүрек жауынгер Б.Момышұлына берілді.Кеңес Одағының Батыры атағын алған қазақтар:Т.Тоқтаров,М.Ғабдуллин,С.Баймағамбетов,Қ.Сыпатаев,А.Үсенов,С.Нұрмағамбетов,Ә.Нұрмағамбетқызы,М.Мәметова,А.Үсенов,А.С.Егоров,З.У.Құсайынов сынды батырларымыз.Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атағын алғандар-Т.Бигелдинов.Л.Беда,И.Павлов,С.Луганский.Әрқайсысы 200-ден астам ұшу сапарына шығып,10-нан астам жау ұшағын,көптеген соғыс техникасын,100-деген фашистерді жойған.Үш мәрте Кеңес Одағының Батыры атағын алған Шымкентте орналасқан Чугуев әскери авиация училищесінің түлегі-И.Н.Кожедуб.

Соғыстағы ірі шайқастардың бірі Мәскеу түбіндегі шайқас (1941жылдың 30 қыркүйегінен 1941жылдың 6 желтоқсанына дейін).Күзге қарай дұшпан Балтық жағалауын,Белоруссия,Молдаваны,Украинаның едәуір бөлігін жаулап алып,Ленинградт пен Қырымды қоршады.Мәскеуді алу үшін арнайы « Тайфун» операциясын ойлап тапты.Шабуылға есе,танк бойынша 1,7 есе,қару-жарақ пен миноменттер бойынша 1,8 есе,ұшақтар бойынша 2 есе асып түсті.Мәскеу түбінде ерлік көрсеткен қазақстандықтар:Б.Момышұлы,Т.Тоқтаров,М.Ғабдуллин,Р.Амангелдиев,Е.П.Рыков,К.А.Семеченко,Б.Бейсекбаев,Л.А.Владимирский,В.Г.Клочков,И.В.Панфилов,П.Б.Вихрев,И.В.Карпов.Мәскеу шайқасының тарихи маңызы-гитлерлік армия жеңіліп,кеңес армиясы стратегиялық бастаманы қолға алды.Ұлы Отан соғысының алғашқы күнінен,Батыс шекараларында жаумен айқасқандар арасында қазақстандықтар болды.Шекарашылар К.Әбдірахманов,В.Лобанов,атқыш К.Иманқұлов,пулеметші Е.Качанов,минометші В.Фурсов,зеңбірекші Ғ.Жұматов және басқа да Қазақстаннан әскер қатарына алынған жауынгерлер Брест қамалын қорғады.Сталинград түбіндегі шайқас 1942жылдың шілдесінен 1943 жылдың ақпанына дейін жалғасты.Сталинград шайқасына қатысқан қазақстандық әскер құрамалар:17-гвардиялық танк полкі, 19-гвардиялық атты әскер полкі, 27,29,38,72,73,116-гвардиялық атқыштар дивизиялары,74-теңіз атқыштар бригадасы,81-атты әскер дивизиясы, 129-миномет полкі, 152,565-атқыштар бригадасы, 156-жеке көпір құрылысы батальоны, 292,387-атқыштар дивизиясы.Сталинград шайқасында ерлік көрсеткен қазақтар:Н.Әдбіров,А.Жамбылұлы,Ғ.Сафиуллин,Қ.Аманжолов,Т.Мырзаев,Қ.Сыпатаев,М.А.Баскаков.Ленинград шайқасы-1941жылдың қыркүйегінен 1943 қаңтарына дейін созылды.Қазақстандық әскери құрамалардың үштен бірі Ленинград түбінде соғысты.Қоршау жылдарында 850 мыңғ жуық бейбіт тұрғын қаза тапты және қаланы 900 күн әскерлер ерлікпен қорғап тұрды.Ерлік көрсеткет қазақстандықтар:С.Баймағамбетов,Қойбағаров,С.Жылқышев,Д.Шыныбеков,Г.П.Зубков.Ленинград шайқасында Гитлершіл Германия ірі жеңіліске ұшырады,халықтар достастығы мен ерлігінің көрінісі болды.



3. Қазақстан Республикасындағы 14 облысты карта бойынша көрсет.

18-билет.

1.Көшпелілер өркениетінің әлем мәдениетіне қосқан үлесі.

Көшпелілік — көшпелі халықтардың тарихи қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық даму жүйесі, шаруашылық-мәдени типі. Біздің заманымыздан бұрынғы екі мыңыншы жылдықта еуразиялық және афроазиялық аридтік аймақта қалыптасты. Көшпелілік тайпалық одақтар құрылған кезден-ақ өнім өндіру шаруашылығы ретінде орнығып, эволюциялық жолмен дами бастады. Көшпелілер мал жаюдың тәсілдерін жетілдіре отырып, игерілмей жатқан жерлерді пайдаға асыруға қолайлы жағдай туғызды. Әрдайым көшіп-қонуға дайын отырған дала көшпелілері үшін мал күзету, аң, балық аулау, егін егу тұрмыстың дағдылы машығына айналды. Көшпелілік отырықшылар мәдениетімен тікелей өзара байланысты болды, өйткені олар Шығыс пен Батыс елдері арасында делдалдық рөл атқарды. Еуропалық қоғамда зат иелену мен азаматтық қатынастар шешуші қызмет атқарса, көшпелілерде туысқандық, рулық байланыстар аса құнды болып есептелінді. “Ата қоныс” ұғымы көшпелілер үшін қасиетті болды. Қоршаған орта киелі таулардан, өзендер мен көлдерден, аруақтар жатқан молалардан, т.б. тұрды. Көшпелілер уақыт пен кеңістікті игере отырып, климат ерекшеліктерін ұтымды қолданады. Мысалы, Қазақстанда ерте заманнан бері Арқаның теріскейіндегі орманды-далалы алқапты, оңтүстік-шығыстағы таулы өңірді — жайлау, ал оңтүстік және орталық аймақты қыстау ретінде пайдаланды. “Құрғақ даланы, — дейді ағылшын тарихшысы, социолог Арнольд Джозеф Тойнби — тек бақташы ғана меңгере алады, бірақ сол далада тіршілік етіп, табыстарға жету үшін ол өзінің шеберлігін тынбай жетілдіре беруге міндетті, ол ерекше адамгершілік және парасаттылық қасиеттерді қалыптастырады”. Көшпелі өмір, төрт түлік мал, жер-ана барлығы жинала келе көшпелілердің материалдық игілігін, дүниетанымын қалыптастырып, төл мәдениетін жасады. Көшпелі өмір тіршілігіне сай қара күшке мығым, қиыншылыққа төзімді, құбылмалы табиғат жағдайына тез икемделгіш, ат үстіндегі алыс сапарларды қайыспай көтеретін дала перзенттері, жан-жақты жетілген адамдар қалыптасты. Дала көшпелілерінің ақынжанды болуы, ой-қиялының жүйрік болып келетіні көшпелі тіршіліктің арқасы еді. 19 — 20-ғасырларда, әсіресе еуропалық зерттеушілер арасында көшпелі халықтардың рухани өмірі мен дүниетанымы жүйесіз деп танылып, олардың адамзат өркениетінің дамуына қосқан рөлі төмендетіліп, оған қатысты жабайылық, тағылық секілді орынсыз пайымдаулар айтылды. Алайда, ғылыми негізделген дәйектер көшпеліліктің отырықшы өркениет елдерінің шаруашылығынан, қоғамдық билік жүйесінен, мәдени бітімінен ешбір кем емес екендігін дәлелдеп отыр


2.Бөкей хандығының құрылуы (экономикалық, саяси және әлеуметтік жағдайы)

ХІХ ғасырдың бас кезінде Кіші жүз қазақтары өздерінің ата-қонысы Жайықтың оң жағына көшуге, жайылымдық жерлерін қайта алуға тырысты. Әкімшілік басқарылуы жағынан Ішкі Орда Орынбор шекара комиссиясына бағындырылды, орналасқан аумағы Астрахан губерниясына қарайтын. Еділ мен Жайық арасын, Каспий теңізінің солтүстігінен Ырғыз өзеніне дейінгі жазықты бірнеше жыл Еділ Қалмақтары мекендеді.Олардан бұрын да бұл далада қазақ рулары көшіп-қонып жүрді. Бертін келе патша үкіметі Орал казак әскери басшылары қазақ ауылдарына Жайықтан өтуге әлденеше рет тыйым салып көрді.Ол үшін әскер күшін де пайдаланды.Бірақ оған қарамай жеке рулар, ауылдар көшіп келіп, қоныстанып жүрді. 1771 жылы Еділдің бойын мекендеген қалмақтар Жоңғарияға қарай көшіп, Еділ мен Жайық арасындағы дала босап қалды. Бұл жерді Кіші жүз рулары мекендеді. Орал казак әскері қазақтарға маза бермеген соң,қоныстануға жоғарыдан ресми құжат қажет болды. Осыны алдына мақсат етіп отырған Бөкей сұлтаны Ресей императорына 1799 жылы хат жазып, өзінің қол астындағы қазақтарымен Жайықтың оң жағына өтіп қоныстануға рұқсат сұрайды. 1801жылы 11 наурызда патша Еділ мен Жайық арасын Бөкей сұлтанға қарауындағы елімен түгелдей иеленуге ресми рұқсат берді.Шын мәнінде,рұқсат беруге төмендегідей жайттар себеп болған. Қазақтарды Жайықтан өткізбеуге тосқауыл қоя алмайтынына өкіметтің көзі жетті. Қалмақтардың көшіп кетуіне байланысты орнында қалған аз қалмақ-ноғайдың Жайық бойындағы орыс-казактармен бірігіп қонысты қорғауға күші жетпеді. Ал шеп бойында қазақтардың көптеп жиналуының салдарынан казактармен қақтығыстар жиілей түсті. Ресей үкіметі бұдан ұтылған жоқ. Біріншіден, Кіші жүз екі иелікке бөлінді. Екіншіден Еділ мен Жайық аралығындағы сауда жолдары қауіпсіздендірілді. Осыдан Ресей үкіметінің Қазақстанға ықпалы күшейе түсетін болды. Ордабасы Мемлекеттік мүлік министрлігіне, кейіннен Сыртқы істер министрлігіне қарады. Патша жарлығында Бөкей қарамағындағы Еділ-Жайық арасындағы даланың солтүстікке Қараөзен, Сарыөзендерден, оңтүстіккте Каспий жағалауына дейінгі жайлауы көрсетілді. Қоныстанған аймақта Бөкей сұлтан басқарған Ішкі Орда құрылды. Аумағы 70 мың шаршы шақырым, Батысы Астрахан, Солтүстігі мен шығысы Саратов, Орынбор губернияларымен, оңтүстік және оңтүстік шығысы Каспий теңізі және Жайық шекара шебіне дейін жетті. Жалпы саны 5 мыңға жуық отбасы көшіп барды. Жер көлемі 6 млн. десятинаны құрады. Олардың көпшілігі кедейлер еді. 1812 жылы Бөкей сұлтанға хан лауазымы берілді. Бөкей 1815 жылы 12 мамырда қайтыс болады, тақты мұрагерлікпен иелену құқығы бойынша ұлы Жәңгір отырады. Бірақ жас (14 жас) болуы себепті, ол кәмелеттік жасқа толғанша елді Шығай сұлтан биледі. Ішкі орда немесе Бөкей хандығының саяси-экономикалық жағдайының,географиялық және тарихи жағдайларға байланысты өзгешеліктер болды. Алғашқы жылдары мал саны аз ауылдар Нарын құмында Қараөзен, Сарыөзен бойында еркін көшіп жүрді. Бірте-бірте көшіп келушілер саны 1812-1814 жылдар аралығында көбейе түсті. Жерге құныққан әскербасылары 1813 жылы Бөкей ордасының солтүстігін түгел иемденіп, әскери шептерін көшіріп, қос өзен аралығындағы шұрайлы жайылымды Қамыс-Самар көлдерімен қоса тартып алды. Сол жерлерге бекіністер салып (Таловка, Абинск, Вербовск, т.б.), казак-орыстарды көшіріп әкелді. Қыстауларынан айырылған қазақтар күйзеліске ұшырап,елдің бірқатары бөкейліктерді тастап бері өте бастады. 1824 жылы Жәңгір хан Орал қаласында хан болып жарияланады. 1827 жылы ол Нарын құмының батыс бөлігіне хан ордасын салғызады. Елді басқару осы жерден жүргізіледі. Хан ордасында хан үлгісімен билер, сұлтандар, старшындар да үй салғыза бастайды. Жәңгір хан саяси-экономикалық дамуға бірқатар өзгерістер енгізді. Барлық жерде іс-қағаздарын енгізу тәртібін енгізді. Денсаулық сақтау саласында жұқпалы ауруларға қарсы егу тәжрибесін енгізді. Қару-жарақ палатасын ашу жөнінде бастама көтерді. Оны толық қалыпқа келтіру біршама уақытқа созылды. Хан ордасы жанынан мектептер ашып, оқушылардан өзі емтихан қабылдаған кездері де болған. Мал шаруашылығы саласына, әсіресе мал тұқымын асылдандыруға ерекше көңіл бөлді. Ағаш өсіру, шөп шабу мәселелеріне қатты көңіл аударды. Оның дәлелі бір кездердегі құм басқан даланы гүлденген алқапқа айналдырды. Міне, осы жасаған еңбегі, прогресшіл мемлекет қайраткері ретінде І-дәрежелі Қасиетті Анна орденімен марапатталды. Билікті дербес басқарды, қолында әкімшілік және сот билігі болды. Билер сотының өкілдігіне едәуір шек қойды. Жер өз туыстарының арасында бөлінді. Жер жалға берілді. Халық отырықшылыққа көше бастады. Сауда-саттық дамыды. Саудагерлерді тарту үшін баж салығының ең төменгі мөлшері белгіленді. Іс қағаздарын жүргізу тәртібін енгізді, аурухана және дәріхана ашылды. Мал тұқымын асылдандырды, ағаш егу ісіне көңіл бөлді. Жәңгір хан 1845 жылы қайтыс болды. Шығайдың заманында елдің қонысы едәуір тарылды. Қазақ шаруалары жайылым, өзендер бойындағы бос жерлерді жайлауға,не суаттарды офицерлерден жалдап алуға мәжбүр болды және оған байлардың ғана мүмкіндігі болатын. Шаруа арыздарын жергілікті патша әкімшілігі тыңдамады, дау-жанжалды ылғи өз пайдасына шешіп отырды. Қыста бекініс тұрғындары шаруаларға сатып,әрбір шана шөпті 6-20 сомға дейін қымбат бағамен өткізді. Сол кездегі патша офицерлерінң мойындауынша, қазақ шаруалары екі оттың ортасында қалды. Отарлық әкімшіліктің өз үстемдігін іске асырып,бұратана елге қысым-зорлық, озбырлық күш көрсетуі тоқталмады. Жайылым,суат, орман,қыстауға қолайлы өңір мәселесі қазақ шаруалары үшін шешілмес іс болып, олардың шаруашылық, тұрмыс жағдайын күйзелтіп,қайыршылыққа әкелді. Мұнымен шектелмей,орал әскерінің атаманы қазақ шаруаларына егін салуға, үй салуға, ағаш шабуға, балық алауға, сордан тұз алуға да тыйым салды. Осы тұста патша үкіметі Ішкі Орданы Ресейдің отаршылық басқару жүйесіне беру саясвтын жүргізген болатын. 1846 жылы Ішкі Орданы басқару үшін Әділ сұлтан (Бөкейдің ұлы) төрағасы болып бекіткен Уақытша Кеңес құрылды. Құрамында сұлтандар тобынан екі өкіл, мемлекеттік мүлік министрлігінен бір кеңесші кірді. Соңынан Уақытша кеңесті басқару үшін Ресей шенеулігі бекітілді. 1872 жылы Ішкі Орда Астрахан губерниясы құрамына берілді. Бөкей хандығының Қазақстан тарихындағы алатын орны ерекше.Кіші жүз қазақтарының күш-жігер жұмсауымен қазақтар Жайвқ өзенінің оң жақ бетіндегі өздерінің ежелгі атамекеніне қайта оралып, қоныстануы, кейінірек дәстүрлі қазақ жерінің бір бөлігін біржола иемденуге мүмкіндік тудырды. Жәңгір ханның ағартушылық және реформаторлық қызметінің арқасында Еділ-Жайық арасындағы қазақтар өздерінің әлеуметтік-экономикалық және мәдени ағарту салаларында ерекше табыстарға қол жеткізе алды. Ал жер мәселесінің шиеленісуі И.Тайманов, М.Өтемісов бастаған ұлт-азаттық көтеріліске ұласты
3.Ұлы Отан соғысы жылдары Қазақстанға көшіріліп әкелінген кәсіпорындар орналасқан облыс.

19-билет.

1.XVI-XVIIғ Қазақ халқының материалдық мәдениеті

Қазақ хандығы (XVI-XVII ғасырларда) — Моңғол шапқыншылығынан кейін барлық қазақ рулары мен тайпалары Жетісуда алғаш рет бір мемлекетке біріктірілді. XVI-XVII ғ. Қазақ хандығының шекарасы едәуір ұлғая түсті. Өз кезінде “Жерді біріктіру” процесін жедел жүзеге асырып, неғұрлым көзге түскен қазақ хандарының бірі – Жәнібек ханның ұлы Қасым. Қасым ханның тұсында (1511-1523) феодал ақсүйектердің қарсылығы әлсіреп, әскери қуаты артты. “Тарихи-Рашиди”, “Шайбанинама”, т.б. деректерге қарағанда, қазақтардың этникалық территориясының негізгі аудандары қазақ хандығына Қасым хан тұсында біріктірілген

Қазақ хандығы – көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан феодалдық мемлекет болды.Оның көшпелі және жартылай көшпелі далалық өңірінде патриархалдық – феодалдық қатынас басым болды, ал отырықшы, егінші аймақтарда феодалдық қатынас қалыптасты. Қазақ хандығында облыстық басқару жүйесі емес, ұлттық (ру-рулар бойынша) басқару жүйесі қолданылды. Басқару жүйесінде ру-тайпалық тәртіп сақталып отырды. Туыстығы жақын он шақты түтін бір ауыл, ал жеті атадан тараған бірнеше ауыл бір ата (аймақ) болды. 13-15 атадан қосылатын аймақтар бір ру болды. Осы рулардан тайпа құралды. Қазақ қауымы үш жүзге бөлінді. Ол қазақ хандығына бағынды. Хан – қазақ хандығының азаматтық, әскери, әкімшілік және сот құқын қолына ұстады.

Жүздерді кіші хандар, ұлыстарды сұлтандар, тайпаларды билер, руларды ру басылары, аймақтарды (аталар) ақсақалдар, ауылдарды ауыл ағалары басқарды. Бұл жеті сатылы басқару жүйесі көшпелі екінші қазақ қоғамында тым ертеден келе жатқан тәртіп болатын.

Мал шаруашылығымен айналысқан қазақтар далалық өңірлерде қой, жылқы, түйе және сиыр өсірді. Мал – жылдың төрт маусымында табиғи жайылымдарда бағылды. Талай ғасырлық тәжірибеден туған шаруашылық басқару тәсілі жайылымдарды маусымға қарай пайдалану тәртібін қалыптастырды.

Бұл: жаздағы жайлау, қыстағы қыстау, көктемдегі көктеу, күздегі күзеу.[5]

Көшіп-қону өрісі түрліше болды, малы көп, әсіресе түйесі мен жылқысы бай малшылар алысқа көше алды (кіші және орта жүз жерінде жылына 700-1000 шақырым артық жерге көшіп отырды), 200-300 шақырым жерде әр түрлі жайылым жерлер кездесіп отыратын Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанда көшіп-қону әлдеқайда шағын болды. Әрбір рудың өзінің көш жолдары болды. Басқа рулар қол сұға алмады. Малдың дені қой мен жылқы болды. Қазақтар көбінесе еті семіз, қылшық жүнді, құйрықты қойлар өсірді. Қой еті негізгі тамақ болды. Қойдың сүтінен құрт, ірімшік, сүзбе, айран, сары май алды. Қой ең бағалы шикізат – жүн, тері, елтірі өнімдерін берді.

Оңтүстік Қазақстан өңірі ертеден бері егіншілік мәдениетінің бесігі болған орын. Қазақ хандығы тұсында бұл аймақтардың дәстүрлі егін шаруашылығы үздіксіз өркендеп отырды.

Сырдария Арыс, Шу, Талас өзендерінің алқабында суармалы егін шаруашылығы жақсы жолға қойылды. Өзен суларын тартып жер суландыратын каналдар мен арықтар болды. Қазақ егіншілері арпа, бидай, жүгері екті. Егіншілік саймандары тесе, кетпен, қарапайым соқа, тіс ағаш, тырма, қол орақ болды.

XV-XVII ғасырларда қазақтар арасында ислам діні тарады. Алайда, ислам діні еңбекші халық арасында терең тамыр жойған жоқ. Оған себеп дүркін-дүркін жүргізіліп отырған қақтығыстар, соғыстар т.б. Сондықтан халықтың бір бөлігі ислам дінін көпке дейін қабылдамай, тәңірге табынуға негізделген нанымды ұстады. Қазақтар өмірінде отты қасиеттеу үлкен рөл атқарды.

XVI-XVII ғасырларда ауыз әдебиеті кең өріс алды. Ауыз әдебиетінің асыл қазыналарын жасаған, оны ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырған халық арасынан шыққан дарынды-ақындар, сал, серілер, жыраулар еді.

Сол кездегі қазақ поэзиясының аса ірі тұлғалары – Шалкиіз (XV ғ.), Доспамбет (XVI ғ.), Жиембет (XVII), т.б. жыраулар. Қазақтың батырлар жыры мысалы: Қобыланды, Алпамыс, Ер Тарғын, Ер Сайын, Қамбар дастандары тарих шындығымен қабысып келе жатқан шығармалар. Қазақтың әлеуметтік – тұрмыстық дастандары да (Қозы Көрпеш-Баян сұлу, Қыз-Жібек т.б.) феодалдық-рулық қоғамның өмірін үлкен шеберлікпен көрсетеді.

Халық арасында ана тіліндегі жазба әдебиет діни және тарихи мазмұндағы кітап түрінде тарады.

“Тарихи-и Рашиди” – Орта Азия мен Қазақстанның XIV ғ. II-жартысынан XVI ғ. басына дейінгі тарихы баяндалған шығарма. Бұл шығарма 1541-1546 жылдары жазылған. Оның қолжазбасы екі дәптерден құралған. Бірінші дәптерде Шағатай әулетінің тарихы баяндалады, екіншісінде XV-XVI ғ. Шынжаң өлкесінде, Орталық Азияда, Үндістан мен Ауғанстанда өткен тарихи оқиғалар баяндалады. Онда қазақ тарихына қатысты құнды деректер бар. XV ғасырырдың ортасында батыс Жетісуда қазақ хандығының құрылуы, қазақ-қырғыз, өзбек халықтарының қатынасы. Шығыс Қазақстанның қоғамдық шаруашылық жағдайы берілген.

Ол еңбекті жазған Мұхаммед Хайдар Дулати (1499-1551) тарихшы, әдебиетші. Ол араб, парсы тілдерін жетік білген. Хан сарайында сақталған құжаттарды пайдаланған.

“Жамих ат-тауарих” (Жылнамалар жинағы) – ерте кездегі қазақ тілінде жазылған тарихи шығарма. Онда: ерте кезден бері қазақ даласын мекендеген қаңлы, жалайыр, қыпшақ, найман, керей, қоңырат, алшын, т.б. тайпаларының шежіресі беріледі.

XI ғ. Орта Азия мен Қазақстан территориясында өмір сүрген қарахандар әулетінің, оғыз-қыпшақ тайпалар одағының дәуірінен бастап 1600 жылға дейінгі тарихы баяндалады.

Әсіресе XIII ғ. мен XVI ғ. арасындағы қазақ жерінде болған ірі тарихи оқиғалар баяндалады.

Қазақ қоныстанған жерлердің жағдайы, ондағы қалалар, қазақ хандығы мен хандардың өмірбаяны, қазақ хандығының заңды ережелері жайында деректер берілген.

“Жамих ат-тауарих” кітабыныің жазушысы Қадырғали Қосынұлы Жалайыр (1530-1605) Сырдария бойын мекендеген жалайыр тайпасынан шыққан, сол себептен “Жалайыр” аталған.

Ол қазақ хандығының орда-сарайында ханның ақылшысы және ханзадалардың тәрбиешісі болып қызмет істеген. Бұл еңбек алғаш рет 1854 ж. Қазанда жарық көрген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет