Іі нұсқа 1-билет Неолит ескерткіштері шоғырланған аймақтары, олардың негізгі белгілері


Патшалық Ресейдің Оңтүстік Қазақстанды жаулап алу жолындағы әскери қимылдары және оның зардаптары



бет4/4
Дата28.02.2020
өлшемі216,24 Kb.
#59270
1   2   3   4
Байланысты:
2 нусқа


2.Патшалық Ресейдің Оңтүстік Қазақстанды жаулап алу жолындағы әскери қимылдары және оның зардаптары

ХІХ ғасырдың 20-жылдары Ресей Орта жүз бен Кіші жүзде хандық билікті жойып, Ресейлік басқару жүйесін енгізгенімен, Ұлы жүз мәселесіне әлі де көңіл бөле қоймаған болатын. Жалпы, ХІХ ғ. 30-жылдарына дейін Ресей империясының “үлкен саясатынан” Орта Азия мәселесі де тыс қалды. Ресей ол тұста негізінен Түркия мен оның иеліктеріне көп көңіл бөлді. Ағылшын-орыс бақталастығында бұл үрдістердің белсенділігі арта түсті. Ресейдің Таяу Шығыстағы жетістіктері Англия қарсылығының күшеюіне әкелді. 1841 жылы Лондон конвенциясы Ресейдің Таяу Шығыс мәселесіндегі ірі дипломатиялық жеңілісі болды. Орта Азия мен Қазақстан біртіндеп ағылшын-орыс бақталастығының негізгі аймақтарының біріне айналды. Қазақстанның стратегиялық аймақ ретінде Орта Азия хандықтары мен Ресей және Қытай аралығында орналасуын патша әкімшілігі жақсы түсінді. Қазақстандағы өз ұстанымын нығайту үшін түрлі шаралар қарастыра бастады. Ресей Сыртқы Істер министрлігінің Азия департаментінің ұсынысымен ХІХ ғ. 30-жылдары Қоқан хандығына Н.Г.Потанин, Бұхар әмірлігіне П.И.Демезон мен И.В.Виткевич, Е.П.Ковалевский, Хиуаға Г.И.Данилевский бастаған дипломатиялық миссиялар жіберді. Бұл сапарлардың барысында Ресей Хиуа және Бұхарамен орыс-азия сауда мәселелері бойынша бірқатар келісімдерге қол жеткізіп, Орта Азия хандықтарының ішкі жағдайы мен Хиуа хандағының Сырдария бойындағы қазақтарға қатысты саясаты туралы бірқатар мәліметтер алып қайтты. 30-жылдардың аяғы мен 40-жылдардың басында патша үкіметі хиуалықтардың шекаралық аймақтардағы күш көрсету және тонаушылық әрекеттерін тоқтату, хиуалықтардың қолындағы орыс тұтқындарын босату, Хиуаның орыс-қазақ қатынастарына араласуын бейтараптандыру үшін Хиуаға әскери экспедиция ұйымдастыру туралы декларациясын жариялады. Ресейдің мұндай ресми мәлімдеме жасауына Англияның Орта Шығыстағы саяси ықпалын нығайту қаупінің күшеюі себеп болды.

1839 жылы қараша айының ортасында Орынбор губернаторы В.А.Перовский 12 зеңбірек, 4 мың жаяу әскер және 10 мың түйеге артқан жүгімен Хиуаға қарсы жорығын бастады. Қатты суық пен боранның салдарынан Перовский 2 мың түйесінен айырылып, үлкен шығынмен Ембі бекінісіне дейін ғана жете алды. 1840 жылы 1 ақпанда тағы да 5 мың түйе азық-түлікпен басқа да құрал-жабдықтарын жоғалтып Ақбұлаққа жетті. Ақпан айының ортасында Орынборға кері қайтты. Бірақ, жағдайдың бұлай шиеленісуіне қарамастан Хиуа жорықтың қайталануынан қауіптеніп Ресейге 124 орыс тұтқынын қайтарды және Петербургке елшілік жіберді. билігін мойындамаған қазақтарды бағындыруға және Орта Азия хандықтарының шекарасына орыс әскерін жақындату мақсатында Ресей Сырдарияның төменгі ағысының бойына әскери бекіністер сала бастады. 1847 жылы Райым бекінісі, 1848 жылы Қазалы форты салынды. Жаңа бекіністердің салынуы орыс әскерлеріне біртіндеп Сырдарияны бойлап жоғары жылжуға және қоқандықтардың ірі бекіністерінің бірі Ақмешітке жақындауға мүмкіндік берді. 1848-1849 жылдары утаковтың басшылығымен келген экспедиция Арал теңізін зерттеп, теңіздің картасын жасады. Арал теңізінде кеме айлағы ашылды. Оның болашақта Орталық Азия және Хорезммен сауда қарым-қатынасында, әскери мәселелерде маңызы зор болды. 12 күндік қоршаудан кейін 1853 жылы 28 маусымда орыс әскерлері Ақмешітті басып алды. Осыдан кейін Сырдарияның төменгі ағысында Сырдария шебі құрылды. Оған Райым бекінісінен Ақмешітке дейінгі аудандар кірді және 1864 жылы Түркістанды алғанға дейін сақталып тұрды. Ресей Қоқан және Хиуа хандықтарына саяси қысым көрсетуге мүмкіндік алды. ХІХ ғасырдың 50-жылдары Орталық Азия мен Оңтүстік Қазақстанның Ресейдің сыртқы саясатындағы маңызы арта түсті. 1854-1856 жж. Қырым соғысында Ресей жеңілуіне байланысты батыстағы рыногынан айырылып, енді оған шығыстан жаңа рынок іздестіру қажет болды. 1858 жылы Орталық Азия аймағындағы Хиуа мен Бұхараға Н.Игнатьев бастаған дипломатиялық елшілік, Шығыс Иранға көпес ретінде Ч.Ч.Ханыков бастаған экспедиция жіберді. Бұл аймақтан алынған материалдар патша үкіметіне Оңтүстік Қазақстан мен Орталық Азия хандықтарындағы әскери қимылдарын ұлғайтпаса, ол аймақта Англияның мүддесінің арта түсетіндігіне толық көзі жетті. Өйткені, Англияның бұл аймаққа қатысты кең көлемде жаулап алу жоспары бар екені дәлелденген болатын. 1860 жылы Қоқанға хандықтың билеушісі Маллабектің сеніміне кіріп, Үндістандағы Англия басшыларымен байланыс орнатуға ағылшын барлаушысы Абзал-Мажит жіберіледі. Біраз уақыттан кейін Қоқан хандығының басты тірек пункттеріне қару-жарақтар жеткізіліп, әскери нұсқаушылар мен қару жасайтын мамандар жіберіле бастады. Қоқан өкіметі өздерінің әскери қамалдары мен форттарын, әскери шептерін күшейтуге кіріседі

Ресейдің жалпы Оңтүстік Қазақстанды әскери жаулауы Ақмешіт, Түркістан, Әулиеата, Шымкент, Ташкент т.б. бекіністердің қорғаушыларына деген ерекше қатыгездікпен жүзеге асырылды. Орыс әскерлері мұсылмандардың қасиетті жерлерін (Қожа Ахмет Яссауи, т.б.) қорлап, оларды қиратты. Ақмешітті 25 күн қатарынан атқылап талқандады, Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне зеңбіректің 12 снаряды атылып, оның 11-і кесененің қабырғаларын ойып кетті. Шымкент қаласын қорғап, қаза тапқандардың саны 3170-ке дейін жетті, Сайрам қаласы жермен-жексен етіліп талқандалды. Шоқан Уәлиханов өзінің діндестері мен руластарына орыс әскерлерінің көрсеткен тағылық әрекеттеріне байланысты одан әрі жорыққа қатысудан бас тартуға мәжбүр болды. Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азия тұрғындары қарсылық көрсеткендері үшін қатыгездікпен, аяусыз басып-жанышталды. Ресей болса, бұл әрекеттерін үкіметтің, “өзіне бағынышты территориядағы елдерді көшпенділер шапқыншылығынан қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған үкіметтің Орталық Азиядағы саясатының қорғаныстық сипаты” деп мәлімдеді

Осылайша, ХІХ ғасырдың 60 жылдары Оңтүстік Қазақстанды жаулап алғаннан кейін Қазақстанның бүкіл территориясы ұзақ уақытқа Ресейдің отарына айналды. 1867-68 жылдары Түркістан және Далалық өлкені басқару туралы “Уақытша Ереженің” қабылдануымен Орта Азия және Қазақстан Ресей империясының отары ретінде заңдастырылды.

3.1930 жылғы Қазақстан аумағында орналасқан концентрациялық лагерьлерді карта бойынша көрсет.

20-билет.

1.Қазақ халқының мәдениеті (музыкалық аспаптар)

Қазақтың музыкалық аспаптар (домбыра, қобыз, сыбызғы,даңғара, үскірік, кепшік, шаңқобыз, жетіген т.б.) ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа ауысып келе жатқан мәдени мұра. Қазақстанда ұлттық музыкалық аспаптарды жетілдіру мақсатымен бірнеше шеберханалар ашылып (1932 ж. Алматыда, 1947 ж. Осакаровкада, 1957 ж. Алматы мемлекеттік консерваториясы жанында), осылардың негізінде А.Жұбановтың басшылығымен қазіргі Қазақтың мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі құрылды. Қ.Қасымов, А.Ермеков, Э.И. Романенко, О.Бейсенбаев, А.Ауқадиев, Д.Шоқпаров, т.б. шеберлер әр түрлі музыкалық аспаптар үлгілерін жасады.

Қазақтың музыка аспаптарын жалпы ұлттық және фольклорлық деп екі топқа бөлуге болады. Негізгі ұлттық музыка аспаптары:домбыра, қобыз және сыбызғы. .Домбыраның шанағы қырлы немесе жұмыр болып келеді.Оның мойнынан шанағының түбіне тартылған қос ішегі, бұл ішекті көтеріп тұратын екі кішкене ағаш тиегі болады.Мойнындағы тиек қозғалмайтын болып келсе, шанақтағы тиек жылжымалы болады.Мойнына перне байланады.Пернелердің саны әр түрлі:сегіз, он, он бір, он үш болады.Домбыраның ішегі қой мен ешкінің ащы ішегінен ширатылып жасалады.Домбыра – қазақ арасына кең жайылған, шертіліп ойналатын аспап. Қобыз – қазақ қауымына көп таралған ыспалы аспап.Қобыздың мойны имек, шанағы ожау тәрізді және қуыс, бет жағы ашық, ал түбі көнмен(терімен) қапталады.Екі ішегі және садақ тәріздес ысқыш жылқының қылынан жасалады. Сыбызғы – үрлеп тартатын аспап, оны қамыстан немесе жұмсақ ағаштың ішін үңгіп жасайды.Сыбызғыда саусақпен басып ойнайтын төрт тесік болады.Оның үні майда қоңыр, мұңды келеді.Сыбызғы да қазақ арасында ерте кезден таралған аспаптардың бірі.Ол үнемі алып жүруге ыңғайлы.Сыбызғыны ен далада мал жайып жүрген қазақ малшылары көп тартқан. Фольклорлық халық музыка аспаптарына уілдек, сазген, желбуаз, даңғыра, дабыл, дауылпаз, шыңдауыл, керней, дудыға, дүңгіршек, тоқылдақ, асатаяқ, адырна, шыртылдауық, сақпан жатады.Осымен бірге бұл топқа құрылысы, жасау әдісі, музыкалық үні, дыбыс шығару тәсілі көрші елдерден алынған сырнай, кепшік, жетіген, бұғышақ, шың, шаңқобыз, ауыз сырнай қосылады. Ұлттық музыка аспаптарының ішіндегі ең бастысы-домбыра.Домбыраның бір өзімен күй орындалады.Оны әнге қосып, сүйемелдеу үшін де тартады.Қазақтың Құрманғазы атындағы халық музыка аспаптары оркестрінің құрамында домбыра жетекші орын алды. Сонымен бірге оркестрде қазақ арасында бұрыннан тараған қобыз, сыбызғы, сырнай, дауылпаз сияқты аспаптар да кеңінен қолданылады.Құрманғазы атындағы халық музыка аспаптары оркестрі Қазақтың дәстүрлі күйлерімен қатар орыстың және Батыс Еуропаның классикалық және қазіргі кездегі музыкалық шығармаларын сазына келтіріп орындайды.

2.Кіші жүз Қазақтарының Е.И. Пугачев бастаған көтеріліске қатысуының тарихи маңызы

Осы көп ұлтты көтеріліске қазақтардыңда қатысуына түрткі болған бірнеше негізгі себеп бар еді. Біріншіден мал жайылымы жетіспеді.Патша қазақтар Ресейдің қол астына өтуді қабылдаған бойда-ақ олардың шекара шебінің ішкі шебіне өтуіне,сондай-ақ оған жақын көшіп қонуға тыйым салынды.Оның үстіне Ертіс өзенінің бойындағы шекара шебінде ені 10 шақырымдық алқаптың ұзына бойына өтуге тыйым салынды.1771 жылы Еділ мен Жайық арасындағы қалмақтардың үлкен бір бөлігі өздерінің тарихи отанына,Жоңғарияның қаңырап бос қалған жеріне жетуге көш бетін түзеді.Кіші жүз бен Орта жүз қазақтары,патша үкіметінің айдап салуы мен Жоңғарияны көшіп бара жатқан қалмақтарды тас-талқан етіп қыруға белсене ат салысты.Қалмақтардың Еділ мен Жайық арасындағы жайлаған жерледі иемденіп қалуға қазақтар толықтай құқығымыз бар деген талап қойды.Бірақ патша үкіметі бұған құлақ асқан жоқ. Екіншіден,қазақ халқы өздерінің жер аумағында әскери бекіністер салуға тіпті де келісе алмады.Өйткені бұл мал шаруашылығына елеулі түрде зиянын тигізді. Үшіншіден, патша үкіметі Орта жүз емін еркін малын жайып жүрген Жаңаесіл жерін 1752-1755 жылдары басып алды. Төртіншіден,патша үкіметі қазақ жеріне әскери іздестіру деген сылтаумен қазақ жеріне кіріп қазақтарды ашық түрде тонап кетті. Ресейдегі Е.Пугачев бастаған көтеріліс қатыгез басыбайлылық тәртіпке қарсы бағытталса да, оған үлкен ынта-жігермен және үмітпен Еділ-Жайық бойындағы башқұрт, татар және қазақтар да қатысты. Орта жүз, әсіресе Кіші жүз қазақтары патша үкіметінің жер мәселесіндегі отаршыл саясатына қарсылық танытып, шаруалар көтерілісіне қосылды. Пугачев үндеуінің Кіші жүзде таралуы қазақтарды стихиялы түрде көтеріліске тартты. Халық жасақтары билеуші топтардың қол астына шоғырлана бастады. Өйткені патша үкіметінің Жайық, Ертіс өзендерінің оң жағасындағы шұрайлы жерлерді орыс-қазақтарға беріп, қазақтардың бекіністер орналасқан өңірге жақындауына тыйым салуы халықтың ашу-ызасын тудырды. Ал Пугачев болса езілген халық бұқарасын «жермен қамтамасыз етуге» уәде берген еді.



A.Е.И. Пугачев18 ғасырдың 1-жартысында Ресей империясының Қазақстанда, әсіресе, Кіші жүзде отарлық саясаты үдей түсті. Осы тұста Орал мен Сібір бекіністерін салу, көшіп-қонудың дәстүрлі жүйесіне нұқсан келтірді. Ресей үкіметінің Жайық пен Еділаралығында, Ертістің арғы бетінде көшіп-қонуға тыйым салуы қазақ шаруашылығына кері әсер етті. Оған қоса Батыс Қазақстанда тұз иелігін жасап, оның өнімін Жайық казак-орыс әскеріне сатып алуға міндеттеуі – Кіші жүздің батыс аймағындағы малшылардың жағдайын ауырлатты. Ресей үкіметінің заңсыз әрекетіне наразылық білдірген қазақтардың шағымына ешкім құлақ аспады. Осындай жағдай қазақтардың 1773 – 75 жылы Е.И. Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысуына себепші болды. Көтеріліс жайындағы хабар қазақ ауылына тез тарады. Нұралы хан хатшысын Пугачевке астыртын жөнелтті. Нұралы Пугачевпен байланыс жасай отырып, бір жағынан Орынбор губернаторына көтерілісшілер отрядының орналасқан жерін, бет алысын мәлімдеп, әрі Пугачевке қарсы әскери көмек те ұсынып, екі жақты саясат ұстанды. Қазақтарды көтеріліске қатыстыруға Пугачев үлкен мән бергенімен, Нұралыны түпкілікті өз жағына қарата алмады. Сондықтан ол қазақтарға тікелей тіл қатуға ұйғарды. Орынборды қоршап тұрған кезінде оның адамдары шақыру “қағаздарын” алып, Кіші жүздің ауылдарын аралап жар салды. Пугачев оларға жер-су сыйлап, дін бостандығын беруге уәде етіп, Екатерина ІІ-нің үкіметіне қарсы бірігіп күресуге шақырды. Орынбор әкімш-нің мәлімдеуі бойынша тама, табын, жағалбайлы руларының кейбір бөліктері бірінші күннен-ақ Пугачевке қосылып, орыс бекіністеріне шабуыл жасады. 1773 жылы 7 қазанда Орынборға жасалған шабуылға 2 мың қазақ қатысып, үкімет әскеріне көп зиян шектірген. Беріш пен шеркеш руларының жасақтары Орал шебінің бекіністерінің гарнизондарына шабуыл жасаған. 1774 жылы қаңтарда А.Овчинников отрядының көтерілісшілері Гурьевті (қазіргі Атырау қаласы) алғаннан кейін, Кіші жүздің батыс жағының тұрғындарына шаруалар соғысының ықпалы күшейе түсті. Ресей әкімш. мен хандарға қарсы кейбір сұлтандар да көтерілісшілерге қосылды.Досалы сұлтан 200 адамдық қолмен баласы Сейдалыны Пугачевке аманатқа жіберді. Ол Орынбор түбіндегі соғысқа белсене қатысты. Сонымен қатар Орынбор қоршауына және Елек (Илецк) қорғанысына шабуыл жасауға Орта жүз қазақтары да араласты, Кіші жүз бен Орта жүз қазақтары Пугачев армиясына материалдық жағынан да жәрдем көрсетті. 1774 жылы 10 сәуірде Сакмара ауданындағы ұрыста Пугачевтің негізгі күші жеңіліс тапты. Көтерілісшілер армиясының қалған топтары таулы башқұрт жеріне ығысты. Олар Оңтүстік Оралға келісімен көтеріліске қайта қуат бітті. Көтеріліс орталығының Оңтүстік Оралға ығысуына байланысты қазақтардың Сібір қорғандарына шабуылы жиілей түсті. Пугачев Орта жүз қазақтарын өз жағына тартып, әскер әрі ат алу ниетімен оларға үндеу жазып, өкілдерін жіберді. 1774 жылы маусымның басында Сарыторғай маңында Орта жүз старшындары бас қосып, Пугачев үндеуіне келісетіндіктері туралы ұйғарымға келді. Сол жылы Кіші жүз қазақтары Жайық бекінісіне жиі-жиі шабуыл жасады. Жекелеген жасақтар Жаңаөзен уезі менЕділ жағалауына дейін барды. Қазақтар Пугачев армиясының әскери қимылдарымен ұйымдасқан түрде байланыста болмағанымен, олардың шабуылы Ресей үкіметі әскерінің күшіне қарсы тұра білді. Бұл соғыс қазақ халқының өміріне айтарлықтай әсер етіп, Ресей үкіметінің болашақтағы отаршылдық саясатына қарсы күресіне негіз қалады.

3.Қазақстанда ядролық сынақтар жүргізілген аумақтарды карта бойынша көрсетіңіз және оның зардаптарын талда.

21-билет.

1.Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресі.

1725 жылы шабуылын үдеткен жоңғарлар Түркістан мен Ташкентті басып алды. Оңтүстік ауданның елді мекендері мен дәстүрлі керуен саудасына нұқсан келді. Қазақ жерінің ұзақ жылдар бойы жоңғар қолында қалып қою қаупі төнді. Осындай жағдайда халық арасынан шыққан батырлар туған өлкені азат етуге шақырған жалынды үндеу тастады. Жан-жаққа алып қашқан рулардың басын біріктіріп, жоңғарларға қарсы біртұтас әскер ұйымдастыруда әсіресе қанжығалы Бөгенбай батыр ерекше көзге түсті. Қазақтың үш жүз жасақтарының басқыншыларға қарсы 1726 жылдан бастап біріккен қазақ жасақтары тізе қосып кимылдауға кірісті. 1726 жылы (кейбір деректерде 1728 жылы) Торғай даласында Сарысудың орта ағысы алқабында, Бұланты өзенінің жағасында біріккен қазақ жасағы жоңғарларға ойсырата соққы берді. Зеңбіректермен және мылтықпен қаруланған жоңғардың қалың қолы қазақ батырларының біріккен күшіне төтеп бере алмады. "Қара сиыр" деген жерде болған қанды шайқас қазақ-қырғыз және басқа халықтардың 60 мыңдық қолының толық жеңісімен аяқталды. Қалмақ жасақтары тас - талқан болған сол жер кейіннен "Қалмақ қырылған" деп аталып кетті. Бұл жеңістің қазақ халкының рухын көтеруде орасан зор маңызы болды. Жеңіске жігерленген қазақ руларының үш жүз біріккенде ғана жоңғар қаупінен құтылу мүмкіндігіне сенімі күшейді. Ендігі мақсат - қазақ жерін түгел жаудан тазартып, елдің тәуелсіздігін толық қалпына келтіру еді. "Қалмақ қырылған" шайқасы, негізінен, Қазақстанның солтүстік-батыс өңірін азат етті. Елдің бірқатар аудандарында, соның ішінде Жетісу өңірінде әлі де жоңғарлар үстем болатын. Қауіп-қатер әлі де жойылмады. Қазақ жерінің шетел басқыншыларынан түбегейлі тазаруы үшін әлі де болса табанды күрес қажет еді. Қазақ билеушілерінің шешімімен жоңғарларға қарсы шайқасқа қолбасшылык жасау Әбілқайырға жүктелді. Көрнекті ұйымдастырушы хан халыққа бас болып, белді батырларды өз туының астына шоғырландыра білді. Қазақстанның оңтүстігіндегі Ордабасы тауының етегіне барлық қазақ жасақтары жиналды. Осы жер жау қолындағы Жетісуды азат етуге аттануға жақын еді. Бұл мәліметтерге қарағанда, қазақ жасақтары жүздік негізінде ұйымдастырылған сияқты. 1730 жылдың көктемінде Балқаш көлінің оңтүстігінде, Аңырақай түбінде (калмақтардың аңырауы, боздауы), Әбілқайырдың басшылығымен үш жүздің ортақ әскері қалмақтарға күйрете соққы берді. Осы қырғын ұрысқа Әбілқайырдың қарсыластары Әбілмәмбет пен Барақ сұлтандар да белсене қатысты. Қазақ қолы үлкен жеңіске жетті.Тарихта "Аңырақай шайқасы" деп аталып кеткен бұл тарихи оқиға - қазақ халқының шеттен келген басқыншыларға қарсы күресінде ерекше орын алады. Қазақ әскерінің тегеурініне шыдамаған жоңғарлар Іле өзенін бойлап, еліне қарай шегінеді. Алайда осындай халық тағдырының жауапты кезеңінде қазақ хандары арасында туған алауыздық жоңғарларды толығынан талқандауға кері әсерін тигізді. Ұлы жүздің ханы Болаттың өлімінен кейін Әбілқайыр мен Сәмеке аға хан деген атаққа таласып, жаңа ғана түбірлі жеңіске жеткен халық жасағының ішінде іріткі туғызды. Әбілқайыр Кіші жүздің әскерін бастап Қазакстанның солтүстік-батысына қайтып оралса, Сәмеке Орта жүздің жасағын бөліп әкетті. Сырдария алқабына шегінген Ұлы жүздің әскері қайтып оралған жоңғардың жаңа қолына қарсылық көрсете алмады. Оңтүстік Қазақстанның осы өңірі уақытша жоңғар өктемдігінде қалып қойды. Сөйтіп, ірі феодалдардың арасындағы бақталастық жоңғар тепкісінен толық құтылуды кешеуілдетті. Халықтың бостандық үшін күресі аяғына дейін орындалмады. Әйтсе де қазақ елі өзінің дербестігін сақтап қала алды. Жоңғар қаупінің жойылмауы, ел билеушілерінен қазақ жерін сыртқы қауіптен құтқаратын басқа да дипломатиялық, саяси жолдарды іздеуді талап етті.

2.Тәуелсіз Қазақстанның мәдени өміріндегі негізгі өзгерістерді талдаңыз.

1992 жылы қыркүйек-қазан айларында Алматыда дүние жүзі қазақтарының тұңғыш құрылтайы өтті. Әлемнің 13 елінен келген отандастарымыз қатарында үлкен қазақ диаспорасы бар Өзбекстан (870 мың) мен Ресейден (660 мың) келушілер көп болды. Барлық қатысушылар саны 800 адам болды. Құрылтайда Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің 1992 жылғы 26 маусымда қабылдаған "Көшіп келу туралы” Заң негізінде қандастарымыздың елге оралуына мүмкіндік жасалғаны айтылды. Дүние жүзі қазақтарының құрылтайына қатысушылардың Қазақ халқына Үндеуі жарияланды. Онда: 30 қыркүйек – Ұлттық бірлік күні деп аталды. – Бүкіл әлемдегі отандастарымызды Қазақстанның экономикалық-әлеуметтік, мәдени-интеллектуалдық мүмкіншілігін молайтуға, бар қабілеті мен еңбегін туған ел игілігіне жұмсауға шақырды. 2002 жылғы 23 қазанда Түркістанда дүние жүзі қазақтарының екінші құрылтайы өтті. Оған 400-ге жуық адам қатысты. Бұл құрылтайда оралмандардың елге оралу мәселесі қаралып, көші-қон квотасының мөлшерін ұлғайту жоспары қарастырылды. 2003 жылы 5 мың отбасы, 2004 жылы 10 мың отбасы, 2005 жылы 15 мың отбасы елге көшіп келді, жылына 50-60 мың оралман оралады. 1993 жылы 17 желтоқсанда Қазақтардың дүние жүзілік қауымдастығының тұсау кесер салтанаты болды. Сол жылдың өзінде-ақ Қазақстанға Монғолиядан, Түркиядан, Ираннан және ТМД елдерінен 7,5 мың қазақ отбасы көшіп келді. 1992 жылғы 14 желтоқсанда Алматыда Қазақстан халықтарының тұңғыш форумы өткізілді. Форумда негізінен мынандай мәселелер қаралды: 1. Жаңа көзқарас тұрғысынан интернационализм мен тату көршілік қатынас жағдайлары талқыланды. 2. Президенттің Бейбітшілік пен рухани татулық сыйлығы алғаш рет академик М. Сүлейменовке, халық жазушысы Д. Снегинге, жазушы, аудармашы Г. Бельгерге тапсырылды. Қазақстандағы компартиялық жүйе. Қазақстанның егемендік алуы, КСРО диктатурасының құлайуы қоғамдық дамудың табиғи атрибуты боп саналатын көппартиялықтың өрістеуіне жол ашты. 1993 жылдың соңында Қазақстанда 4 саяси партия тіркелді. Олар – Социалистік партия, Қазақстанның республикалық партиясы, "Қазақстанның халық Конгресі” және Коммунистік партия. Қоғамдық қозғалыстардан – ядролық жарылысқа қарсы "Невада-Семей”, азаматтық "Азат” және "Қазақстанның халық бірлігі” одағы, 11 республикалық ұлттық мәдени топтар тіркелді.Сондай-ақ республикада 300-ден аса қоғамдық-саяси ұйымдар, 68 әр түрлі қорлар тіркеуге алынды. 1993 жылдың соңына қарай қоғамдық-саяси қозғалыстар берік саяси күшке айналды.



3.1950-1960 жж Шыңжаңмен сауда жасауда маңызды рөл атқарған Қазақстан қалалары карта бойынша көрсет және оның маңызын анықта.
22-билет.

1.Қазақ хандығының құрылуы. Керей мен Жәнібек

М. Х. Дулатидің «Тарихи Рашиди» еңбегіндегі деректерге сүйенсек, ХҮ ғасырдың 50-жылдарының аяғында Керей хан Жәнібек ханмен бірге Өзбек хандығы тайпаларының бір бөлігін басқарып, Моғолстанға қоныс аударған. Моғолдардың ханы Есенбұға (1432–1464) Шу өзенінің бойынан жер бөліп берген. Сонымен бірге, Есенбұға Әбілқайыр хан билеп отырған "Көшпенді өзбектер мемлекеті» тұрғындарының бір бөлігінің Керей мен Жәнібектің қол астына өтуіне қарсы болмады. Бұлтуралы тарих беттерінде былай делінген: Дешті-Қыпшақта шайбанид Әбілқайыр билікті қолына алғансоң, көшпелі халықтың Жәнібек пен Керей бастаған бір бөлігі Моғолстанға қоныс аударып, Шумен Қозыбасы өзендерінің аңғарында орын тепті. Моғолстан ханы өз қарсыластарымен болатын күресте көмектесер деген есеппен қазақ басшыларымен одақтас болды. Өзара қырқысулар мен соғыстардан жапа шеккен 200 мыңға жуық көшпенділер Жәнібек хан мен Керей ханның маңына топтасады. Осы тұста Әбілқайыр ханның кенеттен қайтыс болуына байланысты Моғолстанға қарсы әскери жорық тоқтатылды. Әбілқайырдың өлімінен кейін «Көшпенді өзбектер мемлекетінде» хан тағы үшін күрес басталды. Керей менЖәнібек қоластындағы тайпалар өзбек ұлысына қайта оралған соң тақ тартысының қарқыны үдей түсті. Соғыс басталды. Әбілқайыр ханның ұлы, хан тағының мұрагері Шейх-Хайдар қолбасшыларының бағынбауы салдарынан жеңіліске ұшырады. Шейх-Хайдар үзеңгілестерінің көпшілігінің көзі жойылды, тірі қалғандары жан-жаққа босып кетті. Осылайша, «Көшпенді өзбектер мемлекетіндегі» билік Әбілқайыр хан әулетінен Керей мен Жәнібектің қолына өтті. Олар тағыда отыз жыл бойы шайбанилықтармен табан тіресе шайқасты. Биліктің Орыс хан тұқымдарының қолына өтуі-де «Көшпелі өзбектер мемлекетіндегі» саяси жағдайды өзгерткен жоқ. Дегенмен, бұл оқиға"Көшпелі өзбектер мемлекеті» атының Дешті-Қыпшақболып өзгеруіне ықпал етті. Бір кездері Моғолстанға қоныс аударған адамдар Өзбек ұлысында «қазақтар» деп атала бастады және бұл атау бүкіл хандыққа тарады. Билік үшін күрес қазақтарды ңөзара бірігіп Қазақ хандығының құрылуына мұрындық болды. Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарихи Рашиди» еңбегінде Жәнібек пен Керей хандар 1465 жылы Шуөзенінің бойында Қозыбасы деген жерде қазақ хандығының іргесін қалады деп көрсетеді. Жәнібек хан - Жәнібек Әбусағит (туға нжылы мен өлген жылы белгісіз)- Қазақ хандығымен қазақ хандары әулетінің негізін қалаушы, Барақ ханның ұлы, Орыс ханның шөбересі. Керей хан- Болатұлы Керей хан (?-1473ж.)- қазақ хандығының негізін қалаушы, Көк Орданың ханы Өрістің (Орыстың) шөбересі.



2.Қазақстан Республикасы әлемдік қауымдастықта алатын орны мен қызметін талда

Тәуелсіз Қазақстан Республикасына өзіндік сыртқы саясаты ұстанымын қалыптастыру қажет болды. Сыртқы саясаттағы негізгі мақсат — елдің кауіпсіздігін сақтау, саяси және экономикалық қарым-катынастарда аймақтық, субрегионалдық құрылымдарға ену, тәуелсіз мемлекет есебінде елдің дамуы үшін сыртқы қолайлы жағдайларды қарастыру және оны тиянақтау.

«Азия мен Еуропаның түйіскен жерінде орналасқан геосаяси жағдайы, экономикалық және әскери-саяси мүдделері, сондай-ақ қол жеткен қуаты Қазақстанды қазіргі халықаралық қатынастарда өзінің айналасындағы елдермен қауіпсіздігін, егемендігін, аумақтық тұтастығын құрметтеу қағидаларына негізделген тату көршілік аймағын құруға мүдделі ірі аймақтык мемлекет ретінде танытты».

Бүгінгі әлем күрделі де жан-жақты. Бұрынғы кездегі идеологиялық қарама-қайшылық (социалистік жүйе — капиталистік жүйе) енді жекелей мемлекеттердің экономикалық және саяси беделіне ауысты.

1993 жылдың 13 желтоқсанында Үкімет қаулысына сөйкес, ядросыз мемлекеттер қатарында Қазақстан «Ядролық қаруды таратпау жөніндегі Келісімге» қосылды. Республика аумағында бірнеше жылдар бойы ядролық қару болып келді. Бірақ оны Қазақстан өз бақылауында ұстай алған жоқ. Ендігі бірден-бір шешім — ядролық қарудан бас тарту еді. 1994 жылы үш мемлекеттің — Еуропадағы қауіпсіздік пен өзара достық қарым-қатынастар жөніндегі Будапештте өткен Кеңесінде Қазақстанның қауіпсіздігін сақтауға Ұлыбритания, АҚШ және Ресей мемлекеттері өз кепілдіктерін берді. 1995 жылы оларға Қытай мен Франция қосылды. Сөйтіп, Қазақстанның төуелсіздігі, дербестігі, шекара біртұтастығы мен қауіпсіздігі басты-басты ядролық державалар тарапынан кепілдікке алынды.

Ядролық қаруды өз жерінен көшіру үшін республика 84 млм доллар алды. 1995 жылдың 26 мамырында ядролық қарудың соңғы бөлшектері республика аумағынан әкетілді. 1995 жылдың 30 мамырында Семей сынақ алаңында қалған ең сонғы ядролық заряд жойылды.

90-жылдары әлемде бірқатар аса маңызды геосаяси және экономикалық өзгерістер болды. КСРО-ның ыдырауы, бұдан кейінгі Ресей жағдайын анықтау, бірігуге бет алған Еуропа мен реформадан кейінгі Қытайдың күшейе түсуі, бірқатар Азия аумағы мемлекеттерінің пайда болуы, жаңа халықаралық экономикалық жүйенің қалыптасуы, т.б. Осы тұрғыдан алғанда, Қазақстан өзінің сыртқы саясатында мына төмендегі аймақтық саяси одақтарға сүйенеді:

АӨСШК — Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес — 1992 жылдың қазан айында болды. БҰҰ Бас Ассамблеясында Н.Назарбаев бұл ұйымды қолдап сөз сөйледі.

Еуразиялық Одақ 1994 жылдың наурыз айындавы Мәскеуге сапары кезінде Н. Назарбаев бұл одақты құру жөнінде мәселе көтерді.

1992 жылдан бері Қазақстан Экономикалық өзара қарым-қатынас ұйымына Иран, Пәкстан, Түркия, Әзірбайжан, Қазақстан, Ауганстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Турікменстан, Өзбекстан мүше болды.

Қазақстанның геостратегиялық басымдылығы үш бірдей әлеуметтік-экономикалық және әлемдік қатынастардың саяси орталығына негізделеді. Олар Солтүстік Америка, бірігу бағытындағы Еуропа және Тынық мұхит аймағы. Орталық Азияда орын тепкен жас мемлекетке дүниежүзілік экономикалық кеңістікке шығу әлдеқайда тиімді.

Қазақстанның геосаяси жағдайы, қазақстандық өнімдерді дүниежүзілік рынокқа шығару жолдарын іздестіру қажеттігі жан-жақты халықаралық байланыстар орнатуға қосымша негіз болды



3.«Қалмақ қырылған», «Аңырақай» шайқасы болған өңірлерді карта бойынша көрсет және жылдарын анықта.

23-билет

1.Әмір Темірдің басқыншылық жорықтарының зардаптары.

Әмір Темір 1336-1405 жылдар аралығында өмір сүрген. 1370-1405 жылдары Мәуереннахрда билік еткен. Әмір Темір Алтын Орданы басып алудан бұрын Ақ Орданы әлсіретуді көздеді. Тоқтамысты пайдаланып, оған әскер беріп, Ақ Ордадағы билікті алуға аттандырады. Ақ Орда хандары жеңіліс тапқан соң, Әмір Темір Тоқтамысты Сауранда таққа отырғызды. 1380 жылдан бастап Тоқтамыс Алтын Орданың көптеген жерлерін – Сарайды, Қажы-Тарханды, Қырымды, Мамай Ордасын басып алды. Тоқтамыс енді Алтын Орда мен Ақ Орданың бұрынғы қуатын қайта қалпына келтіруді ойлап, Әмір Темірге тәуелділіктен бас тартады. Алтын Орда Темір мен Тоқтамыс арасындағы ұрыс алаңына айналды. 1391 жылы Әмір Темір Құндызша деген жерде Тоқтамыс әскерін қирата жеңеді. 1395 жылғы шайқас Кавказ тауының солтүстігіндегі Терек өзенінің жағасында өтеді. Бұл жолы Тоқтамыс күйрей жеңіледі. Тоқтамысты жеңгеннен кейін Әмір Темір әскері Еділ бойына, Сарай-Беркеге дейін жетіп, шабуылдады.

Әмір Темірдің шабуылдары Алтын Орда экономикасына ұзақ жылдар бойы оңалмастай нұсқан келтірді. Әмір Темір Моғолстанға 1371 жылдан 1390 жылға дейін он шақты рет жорық жасаған. Ақ Орда мен Моғолстан билеушілері Әмір Темірге жеке-дара қарсы тұра алмайтындарын байқады. Олар 1380 жылдың аяғында одақ құруға әрекет жасады. Одақтың құрылып жатқанын білген Әмір Темір 1384-1391 жылдары Алтын Орда мен Моғол жеріне бірнеше рет жорық жасаған. 1390 жылдардағы жорықтардан кейін Моғолстан Темірге толық тәуелділікке түсті. Оның шапқыншылық жорықтарының ауыр зардаптары болған. Қазақ жерінің экономикасының, мәдениетінің дамуына көп зардабын тигізді. Шапқыншылықтың салдарынан бір жұрттың халық болып қалыптасу жүйесі бұзылды.птары

2.КСРОның ыдырауына әсер еткен негізгі себептерді анықта және ҚР тәуелсіздік жариялануының тарихи маңызын талда.

КСРО сияқты жер шарының алтыдан бір бөлігін алып жатқан империяның күйреп, тарих сахнасынан кетуі — ХХ ғасыр соңындағы әлем халықтары тарихының басты оқиғасы болды. КСРО-ның күйреуі, тек сол мемлекетті мекендеген халықтар тағдырына ғана емес, жалпы әлемдік даму үрдісіне де елеулі ықпал етті. Әлем “социалистік” және “капиталистік” деп аталған жүйелер арасындағы бәсекелестік пен текетірестен құтылып, халықтар мен мемлекеттер қатынасының жаңа кезеңіне аяқ басты. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің пайда болып, қалыптасуы да сол империяның күйреуімен тікелей байланысты. Сондықтан КСРО-ның күйреу тарихы, оның себептері мен салдары біздер үшін де өзекті мәселелердің бірі болып табылыды. Келешекте бұл мәселенің, тарихымыздың түйінді проблемаласы ретінде, арнайы да кешенді зерттелері күмәнсіз. Тәуелсіздігіміздің объективті алғышарттарының маңызды факторларының бірі ретінде, КСРО-ның күйреу себептерін талдауда Қазақстанның тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев еңбектерінің дерек көздері ретінде алар орны ерекше. 1980 жылдан Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің хатшысы, 1984 жылдан республика Министрлер Кеңесінің төрағасы болып жұмыс істеген, 1989 жылдың маусымында Қазақстан коммунистік партиясының Орталық комитетінің бірінші хатшысы,1990 жылдың 24 сәуірінде Қазақстан Президенті болып сайланған Н. Назарбаевқа қызмет жағдайына байланысты КСРО-ның күйреу процесін іштей бақылап, КСРО-ның күйреуін тездеткен Мәскеулік басшылардың тақ үшін таластарының куәгері болуына тура келді. Ол туралы Н. Назарбаевтың өзі: “Өзімнің қызмет жағдайыма орай осы жылдардың барлығында да, әрдайым оқиғалардың қалың ортасында жүріп, оларды талдауға және салыстыруға, қортындылар жасауға, шешімдер қабылдауға тура келгендіктен де, өзімнің жеке пікірімді айтуға барып отырмын”- деп жазды [114, 219 б.].

Бұл жерде ерекше көңіл аударатын нәрсе, ол Н. Назарбаевтың “өзінің жеке пікірін айтуға бару” себебі Одақты жаңарту арқылы сақтап қалу болғандығы. Оның өз кітабында: “Шындықтың бетіне қаймықпай тура қарайтын кездің келгеніне көп болды… Бізге керегі – қоғамдағы күштердің басын қосып, біріктіру, мұны құрғақ ұран деуге тіпті де болмайды. Бәрімізді біріктіре алатын қуатты күш ретінде дағдарысты жағдайдан шығу, адамдардың аман – саулығы, республикалардың гүлденуі, ұлы Одағымыздың жаңаруы мен нығайуы сияқты ортақ мақсаттарымыз күшті қызмет ете алады”- деп жазуы [114, 246-247 бб.], соның айқын дәлелі.

3.Тәуелсіз ҚР шектесетін мемлекеттерді карта бойынша көрсет.

24-билет.

1.Мезолит ададарының өміріндегі өзгерістерді анықта.

Мустье кезеңінде өмір сүрген адамдар неандерталь деп аталады. Ол Германия жерінен табылды. Оның бойы орташа, денесі мығым, белі еңкіштеу, маңдайы тайқы, қабақ сүйегі шығыңқы келді. Неандерталь баланың сүйегі Өзбекстанньщ Тесіктас деген үңгірінен де табылған. Неандертальдықтар жер бетінде бұдан 100- 35 мың жыл бүрын өмір сүрген. Олар тастан, сүйектен, ағаштан қүрал жасай білген. Отты өз керегіне пайдаланған.Мустье кезеңінде еңбек өнімділігі артып, алғашқы қауымдық құрылыстың белгілері байқалды. Адамдардың алғашқы ұжымы тұрақты қауымға айнала бастады. . Неандертальдықтар негізінен аңшылық және терімшілікпен айналысты. Ірі аңдардан бизон, мамонт, үңгір аюларын аулаған.

Адам уақыт өткен сайын өзгеріп отырды. Байқағыштығы жетіліп, өз білгендерін бір-біріне үйрете бастады. Еңбек құралдарын жетілдіре түсті, қол қашауын жасауды үйренді. Ол үшін қалақ тасты екі жағынан қашады, белгілі бір пішінге келтіріп, оны таяққа бекітті. Мұндай шомбал құралдардың ұзындығы 20 сантиметрге, салмағы 1 килограмға дейін жетті. Жануарлардың терісін тазалайтын, етін боршалайтын тас шапкылар мен қырғыштар жасалды.

Алғашқы еңбек кұралдарын дайындау тәжірибесі баяу жинакталды. Мустье кезеңінде құралға арналған тас жаңқалар домалак, үшбұрышты келген өзектастардан сындырылып алынды. Уақыт өткен сайын адамдар тастан үсақ әрі жұка кұралдарды жасап шығарды. Нәтижесінде теріні кесетін және тесетін өткір жүзді, үшбүрышты калақшалар, өлтірілген жануарлардың терісін сыдыратын пышақ тәрізді кескіштер пайда болды. Аң аулауға шокпарлармен катар найзалар да пайдаланылды. Сүйектен ине мен біз дайындалды. Сөйтіп адам бірте-бірте тастан пышак, найзаның ұштарын, бұрғы, қашау, балға, кескіш жасады.Адамдар біртіндеп тасты өңдеуді, оны бұрғылауды үйренді, еңбек құралдары үнемі жетілдіріліп отырылды. Қазақстанның орталык және шығыс аймақтарын адам баласы мустье заманының басында игере бастаған. Олардың осы аймактардағы Обалысай, Мұзбел, Қанай т.б. қоныстары табылды. Шығыс Қазақстан жеріндегі Қанай қонысынан табылған тас кұралдардың пайдаланылған уақыты 140-132 мың жыл бұрын екені анықталды.



2.Жартылай көшпелі және отырықшы мәдениеттердің өзара әсеріне талдау жасаңыз.

Көшпелілер мен отырықшылар арасындағы байланыс мәселесі тарих ғылымында әр түрлі пікірлер туғызып отыр. Біраз зерттеушілер көшпелілер мен отырықшылар қарым-қатынасын олардың арасындағы қырғи қабақ қақтығыстар, соғыстар, жаулап алу әрекеттерімен байланыстырады. Бұл ретте көшпелілер белсенді рөл атқарды деп есептейді. Енді бір топ зерттеушілер бұл қарым-қатынастағы көшпелілердің орнын төмендетіп көрсетуге тарысады. "Көшпелілер отырықшылардың мөдени жетістіктерін қиратушылар, не болмаса өздеріне қабылдап алушылар болды" деген пікірлер де жиі кездеседі.Көшпелі және отырықшы жұрттардың арасындағы қатынас әр заманда, әр түрлі аймақта әрқалай болды. Олардың карым-қатынасында кактығыс, соғыстармен қатар бейбіт сабақтастық, шаруашылық, сауда, мәдени өзара әсерлер аз болған жоқ. Мал өнімдеріне мамандандырылған көшпелі экономика егіншілік өнімдерін, қолөнер бұйымдарын отырықшылардан алса, отырықшылар мал өнімдерін, кейбір қолөнер заттарын, қолөнерге қажетті шикізаттарды көшпелілерден алып отырды. Мұндай сауда, айырбас қатынастары, әсіресе отырықшы халықтар мен көшпелі елдер көршілес орналасқан шекаралық, аймақтарда пәрменді түрде іске асып отырды.

Отырықшы елдерге жылқы малы, оны мініске, жегуге үйрету көшпелі малшы тайпалардан келді. Атты әскер дәстүрі, садақтың түрлері, қылыш, ат әбзелдері де көшпелілерден келген. Мысалы, VI ғасырда түркі тайпалары пайдаланған темір үзеңгілі ертоқым келесі ғасырларда бүкіл Еуропаға таралды. Отырықшы елдер көшпелілердің қару-жарағына, киіміне еліктеді. Мысалы, VII—VIII ғасырлардағы түркілердің кісе белдіктері Қытайдан Иракқа дейінгі аралықта пайдаланылған. Таң әулеті кезіндегі Қытайда көшпелілердің киімі кең таралды, Еуропада орыс, поляк, венгр ақсүйектері киім киісінде, шаш қоюында көшпелілер үлгісіне еліктеді. Көшпелілерде б.з.д. 1-мыңжылдықта пайда болған өнердегі "аң стилі" Қытайдан Дунайға дейінгі аралықтағы отырықшы елдерге де кең таралды.

Көшпелілердің өзіндік саяси мәдениеті болды. Олар ел басқарушыларын ерекше қасиетті адам, Тәңірдің жердегі өкілі деп түсінді, ерекше басқару жүйесі, империялық қызмет шендері, рәміздері, ел басқарудағы ерекше мұрагерлік дәстүрі болды. Осы мемлекеттік басқару тәртібін көшпелілер кейбір жаулап алған отырықшы елдердің саяси жүйесіне орнықтырып та отырды.

Көшпелілер отырықшы халықтардың бір-бірімен мәдениет алмасуына, олардың бірінен екіншісіне мәдени үдерістердің ауысуына себепші болды. Көшпелілер миграциясы, олардың бір отырықшы елдерден кейін келесі бір отырықшы халықтарды жаулап алуы арқылы мәдени диффузия іске асып отырды.

Ерте орта ғасырлар заманында көшпелілер отырықшылармен тек қана соғысып қойған жоқ, сонымен қатар өзара тығыз бейбіт байланыста болды. Көшпелілер отырықшы елдер шеберлеріне өздеріне қажетті құрал-сайман, жабдықтарға тапсырыс жасаумен қатар оларды кажетті шикізатпен қамтамасыз етіп отырды. Сонымен бірге көшпелілер отырықшылардан түрлі қолөнер түрін үйренді.



3.Қазақстанда тың игеру жүргізілген облыстарды карта бойынша көрсет.

25-билет.

1.Үйсіндер жайлы жазба деректер

Үйсіндер туралы жазба деректі қытайлар қалдырды. Б.д.д. 2 ғасырда Жетісуға Чжан Цянь бастапан елші келді. Ол көптеген мәліметтер әкелді. Үйсіндер туралы (усунь-го) «уйсін мемлекеті» деп айтты. Мемлекетте 630 мың адам, 188 мың әскер барын да көрсетті. Үйсін патшасы гуньмо деп аталды. Мықты ел болған. Орталық Азия аумағындағы ертедегі алғашқы таптық бірлестіктердің бірі. Егер VIII ғасырдағы жазушылардың Бесбалықты «Үйсін князінің шекарасы» деп атайтынын ескерсек, үйсіндердің шығыс шегі бір кездерде Бесбалық ауданы арқылы өткен деген қорытынды жасау керек. Үйсіндер иеліктерінің шекарасы батысында Шу және Талас өзендерінің бойымен өткен. Қаратаудың шығыс беткейлеріне дейін созылып жатса керек. Үйсіндер иеліктерінің орталығы — Іле аңғары, дегенмен олардың ордасы — «Қызыл Аңғар қаласы» Ыстықкөл мен Іле өзенінің оңтүстік жағалауы аралығында орналасты. Чжан Цянның (б. з. б. II г.) хабарлауына қарағанда, үйсіндердін «бұрын» мекендеген жері шығыстағы алыс бір жерде болған, мұның шындықка жанаспайтыны анық.

«Үйсін» терминінің мағынасы осы кезге дейін анықталмай отыр. Ол қытайдың иероглифтік жазбаларынан ғана мәлім, оның қазіргі айтылуы қазақ этнонимдерінің бірі — ұлы жүз қазақтарының басты этникалық компоненті болып табылатын тайпаның өзін атайтынындай «үйсін» сөзіне сәйкес келеді. Бірқатар зерттеушілер бұл транскрипцияны Орта Азия тарихынан мәлім асиан этнонимі деп білуге бейім. Алайда соңғы зерттеулерде асиан термині ятии этнонимінің диалектілік нұскалары- ның бірі болуы мүмкін деген басқаша түсініктеме айтылады, ал оның транс- крипциясының дәстүрлі ертедегі кытайша түрі казіргі қытай тілінде айтылатын (юечжи) иероглифтері болған.

Үйсін терминінің транскрипциясын түсіндірудің тағы бір нұсқасы бар. Қазір үйсіен деп айтылатын екі иероглиф ертедегі қытай тілінде асман, яғни асман, «аспан» делініп айтылған деп жорамалданады. Бұл айтылғандарды үйсінн гуньмосына күйеуге берілген қытай ханшасының хатындағы: «Менің үйім мені... Аспан Еліне... күйеуге берді» деген сездер растауы мүмкін. Бұл тұрғыдан алғанда, «көк тіреген таулар» дегенді білдіретін тянь-шань деген сөздің өзі де жергілікті атаудың аудармасы сияқты екенін атап өту маңызды.

Үйсіндердің ертедегі этникалық-саяси тарихына байланысты оқиғалар жеткілікті зерттелмеген.

2.Қазақстан тарихының әлемдік тарихтың құрамдас бөлігі екенін нақты мысалдармен дәлелде.

3.Түрік қағанатының орналасқан аумағы.

26-билет.

1.Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі жайлы баянда

Б.з.б. 530 жылы Кир бастаған парсы әскері Сырдарияға дейін келіп, сақтармен соғысты. Томирис патшайымның баласы Спаргапис парсылардың қолына түсіп, қаза табады.

Геродот өз жазбаларында сақтардың парсылармен соғысы туралы баяндайды:

“Басында әскерлер садақпен атысады. Садақ оғы біткеннен кейін жекпе-жекке шығып, қылыш және найзамен соғысады. Нәтижесінде массагеттер жеңіп шығады. Парсы жауынгерлерінің көбі қырылып, Кир өлтіріледі.”

Кир қайтыс болғаннан кейін 11 жыл өткен соң, парсылар сақтарға қайта шабуылдады. Бұл жорықты Дарий патша басқарған. “Мен әскеріммен сақ жеріне жорыққа шықтым” - деген Дарийдің сөздері Бехистун жазбаларында жазылған.

Б.з.б. 519 жылы Дарий бастаған парсылар сақ жеріне шабуылдады. Cақтардың көсемі Скунха жеңіліп, парсы әскері Сырдариядан өтеді.

Грек тарихшысы Полиэн: “Шырақ есімді сақ денесін өзі жаралап, парсыларға қашып барып, өзін сақ көсемдерінен жәбір көрген етіп көрсетеді. Парсы әскерлерін алдап, шөлге апарып қырады” - деп жазған.

Дарий көп әскерінен айырылып, Персияға қайтуға мәжбүр болды. Шырақтың ерлігі арқасында сақтар өз тәуелсіздігін сақтап қалды.

Парсы патшасы Кирмен келіссөз жүргізуден бас тартқан Томирис (б.з.б. 570-520 ж.ж.) парсылармен соғысады. “Әйел болса да, жау шапқыншылығынан қорыққан жоқ. Томирис көп әскермен Кирге қарсы аттанып, 200 мың парсыны жойып жібереді” - деп жазды Помпей Трог.

Б.з.б. IV ғасырда Александр Македонский (Ескендір Зұлқарнайын) бастаған гректер Орта Азияға басып кіріп, Сырдарияға аттанды. Ежелгі грек тарихшысы Арриан А.Македонскийдің Сырдариядан жүзіп өтіп, сақтармен соғысқанын жазған.

Сақ батыры Cпитамен 3 жыл бойы партизан соғысын жүргізіп, грек гарнизоны орналасқан Маракананы (Самарқан) қоршауға алды. Сақтар А.Македонскийдің ірі әскери бөлімін қоршауға алып, түгел қырып салды. “Скифтер мен Спитаменнің атты әскері оларды қоршауға алды да, садақпен атып, түгел қырып салды” - деп жазады Арриан. Кейбір деректерде осы соғыста Александрға сақ сарбазының жебесі тиіп, санынан жараланды деп көрсетеді. Cақтар гректердің Шығысқа жүретін жолын бөгеп тастады.

Б.з.б. 490 жылы Марафон шайқасында сақтар парсылардың құрамында болып, гректерге қарсы соғысты. Сақтар парсылармен бірігіп, Египеттегі және Грекиядағы соғыстарға қатысқан.



2.ҚР Конституциясы және оған соңғы жылдары енгізілген өзгертулер ментолықтыруларға талдау жаса

Қазақстан Республикасының Конституциясы — Қазақстан Республикасының Ата Заңы. Ағымдағы Конституция 1995 жылы 30 тамыз күні жалпыхалықтық Референдум негізінде қабылданды және 5 қыркүйек күні өз күшіне енді. Конституция 9 тараудан, 98 баптан тұрады.

Конституция мемлекеттік құрылыстың құқықтық негізін қалыптастырушы құжат болып табылады. Ол мемлекеттілік тетік, қоғамдық, саяси институттар ретінде қызметтің негізі боларлық принциптерін орнықтырды, адам мен азаматтың конституциялық мәртебесін белгіледі, экономикалық құрылыстың негіздерін айқындады. Бұл тәуелсіз Қазақстанның қабылдаған екінші конституциясы. Алдыңғы конституция 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданған болатын. Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда қабылданды.

1995 жылы 30 тамызда республикада бүкілхалықтық референдум өтті, нәтижесінде Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды. Дауыс беру еліміздің қалалары мен ауылдарындағы 10253 сайлау учаскелерінде жүрді. Бұл Конституцияның 1993 жылғы Конституциядан айырмашылығы оның мазмұнының сапасында еді. Жаңа Конституцияға алғаш рет азаматтың құқығына қатысты ғана емес, адам дүниеге келген сәттен одан ажырамас құқықтарына да қатысты нормалар енді. Ол бойынша Қазақстан Республикасының Президенті саяси жүйенің басты тұлғасы болып табылады, билік тармақтарынан жоғары тұрады. Бұл президенттік басқару жүйесіндегі мемлекетке сай келеді. Парламент туралы конституциялық бөлім өзгерістерге ұшырады.

1995 ж. желтоқсанда екі палаталы (жоғарғы палаталы — Сенат, төменгі палаталы —Мәжіліс) Парламентке сайлау өткізілді.

3.Батыс Түрік қағанатының орналасқан аумағын карта бойынша көрсет.


27-билет.

1.Қазақ халқының этникалық тарихының қалыптасу эвалюциясы мен даумын сипаттап жаз

Қазақ тілі түркі тілдерінің ішінде қыпшақ тіл тобына жатады. Бұл топтың ішінде қыпшақ-ноғай тармағына кіреді. Осы тіл тармағына қазақ, қарақалпақ, ноғай тілдері жатады. Қазақ тілі қазақ этносының негізімен бірге Қыпшақ конфедерациясы заманында қалыптасты.

Халықтың этностық, аумақтық, саяси жағынан біртұтас құрылымға айналуы үшін қажетті алғышарттың бірі — оның дербес мемлекеттілігінің болуы. Монғолдар жаулап алғаннан кейін Қазақстан аумағында пайда болған мемлекеттердің — әуелі монғол ұлыстарының, содан соң Ақ Орданың, Моғолстанның, Әбілхайыр хандығының, Ноғай ордасының құрылуы — қазақ мемлекеттілігінің, этностық аумағының қалыптасуына негіз болды. Сонымен қатар қазақ руларының аталған мемлекеттердің құрамында бөлшектенуі әрі қарай этностық топтасуына да кедергі болды. Қазақ рулары түрлі мемлекеттік құрылымдарға бөлініп кетсе де, бір тілде сөйледі. XIV—XV ғасырларда қазақ тілінің өзіндік ерекшеліктері қалыптаса бастады.

Қазақ халқының халық болып қалыптасуының аяқталуы XV ғасырдың екінші жартысы мен XVI ғасырдың басында дербес Қазақ хандығының құрылып, қалыптасуымен байланысты. Сонымен, халық болып қалыптасудың тағы бір шарты — өз мемлекеттілігінің болуы XV ғасырдың екінші жартысында іске асты. Қазақ хандығында бұрынғы кезде басымырақ болып келген рулықтайпалық сана бірте-бірте әлсіреп, барған сайын қазақ ұғымындағы ортақ халықтық этностық санаға ұласты. Сөйтіп, қазақ жері, қазақ елі, қазақ мемлекеті деген ұғымдар қалыптасты.

Этнос теориясымен айналысушы ғалымдардың пікірінше, этностық бірлестіктің әр заманда қалыптасатын үш түрі болады:

1. Ру-тайпа.

2. Халық.

3. Ұлт.


Осы этностық бірлестіктердің әрқайсысының өзіне тән этностық санасы болады. Этностық сана дегеніміз — адамның өзін-өзі белгілі бір этностық топтың мүшесімін деп түсінуі. Мысалы, "мен қазақпын" деген түсінік — этностық сананың көрінісі.

Рулық-тайпалық жіктелу дәстүрі халық болып қалыптасқанда да, тіпті ұлт болып қалыптасқанда да сақталып қалған қазақ сияқты этностарда этностық сананың осы аталған үш түрі әр замандарда орқалай көрініс тапқан. Әсіресе халық болып қалыптасудың бастапқы кезеңінде халықтық этностық санамен бірге рулық-тайпалық этностық сана басым орын алған. Мысалы, ескікөз қариялар "Қай елсің?" — деген сұраққа бірінші өз руының, одан соң тайпасының, жүзінің атын атаған. Әдетте, "қазақпын" деген атауды тек сырт жұртқа шыққанда ғана айтқан. Өйткені ру тайпасының аты-ақ оның қазақ екенін білдіреді деп есептеген



2.«Жылымық» жылдарындағы қоғамдық саяси және мәдени өмірге талдау жаз

50-жылдар мен 60-жылдардың ортасы Қеңес елінің өміріндегі маңызды кезең болды.

КСРО ОК-нің Бас секретары, КСРО министрлер Кеңесінің төрағасы И.В.Сталин 1953 жылы 5 наурызда қайтыс болды. Сталиннің өлімімен тұтас бір дәуір аяқталды. Сталин қайтыс болысымен-ақ елде болуы мүмкін өзгерістердің мәні туралы үш бағыт айқын көрінді: бірінші бағыт өкімет басына Берияның келуімен байланысты болса, екінші бағыт Молотов немесе Булганин, үшінші бағыт Хрущевтің өкімет басына келумен байланысты еді. Жағдай Хрущевтің пайдасына шешілді.

1953 жылы қыркүйекте Н.С.Хрущев КОКП Орталық комитетінің бірінші хатшылығына (1953-1964 жж.) сайланды. «Жылымық жылдары» аталған 50-жылдардың екінші жартысынан бастап елде игі істер атқарылды. 1953 жылғы шілдеде КОКП ОК-нің пленумында бұрынғы КСРО-ның Ішкі істер халық комиссариатының халық комиссары, КСРО Министрлер Кеңесі төрағасының бірінші орынбасары, қуғын-сұргінді ұйымдастырушы, саяси авантюрист Л.Берия (1899-1953 жж.) ісі қаралып, барлық лауазымды қызметтерінен босатылып, атылды. Осылай Кеңестер Одағында ширек ғасырға созылған тоталитарлық дәуір аяқталды.

Бюрократ көсемдер биліктен кеткенімен, олардан мұраға қалған әміршіл-әкімшіл жүйе жойылмады.

1956 жылғы ақпанда болған КОКП XX съезінде КОКП ОК-нің бірінші хатшысы Н.С.Хрущев «Жеке адамға табыну және оның зардаптары туралы» баяндама жасады. Баяндамада жеке адамның басына табынудың жай – жапсарды туралы айтылды. Баяндамашы И.В.Сталин, Л.Берия, Н.Ежовты қатты сынай отырып, саяси қуғын – сүргінді жүргізудегі өз жауапкершілігі туралы ештеңе айтпады. Молотов, Каганович, Ворошиловты қорғады. Съезде «Жеке адамға табыну және осының салдары туралы» қаулы қабылдап, ол 1956 жылы маусымда жарияланды, ал Съездін басқа құжаттары, талқыланған мәселелері көп уақытқа (33 жыл) дейін құпия түрде сақталды.

1953- 1955 жылдарда Н.С.Хрущевтің бастамасымен ГУЛАГ жойылды. Бүл кенес қоғамын сталинизмнен қутқарудағы адамгершілік акт, маңызды қадам еді. Лагерьлерге жазықсыз отырғызылған мыңдаған адамдарды босатып, белгілі партия қайраткерлері Я.Рудзудақты, А.Рыковты, В.Губарьды актағаннан кейін мемлекеттік аппарат реформаны жалғастыруды тағыда аяқсыз қалдырды. Әлі де болса, өз қызметтерінің әділетті бағасын алмады. Кәрістердың, немістердің, қырым татарларының, месхіт түріктерінің қүқықтары қалпына келтірілмеді. Мемлекеттік дәрежедегі көптеген маселелер тек қана бірінші адамның колында болды. Одақтас республикалардың құқығын кеңейтуге бағытталған реформа толық жүзеге асырылмады. Республикалардың құзырында ештеңе болмады.

Саяси көзқарасы үшін қудалау орын алып, халық жауы немесе үлтшіл айыптарының орнына өзгеше ойлайтындар айыбы тағылды. Мысалы, Шығыс Қазақстан облысы бір мектебінің мұғалімі М.Елікбаев Н.С.Хрущевке ашық хат жазады. Хатта Қазақстанның тәуелсіздігі жоқ екенін, қазақ мектептері, қазақ тіліндегі оқу кұралдары мен баспасөздің тым аз екені туралы айтылған. Осыдаң кейін М.Елікбаев МҚК тарапынан құғынға ұшырап, азап тартады. 1957 жылы М.Елікбаев партия қатырынан шығарылып, жындыханаға тығылды. Н.С.Хрущев басқарған кезде де бюрократиялық жүйе өзгермеді. 1959 жылы болған КОКП–ның XXI съезінде Н.Хрущев социализмның толық жеңгені, енді коммунизмге аяқ басқаны туралы өз баяндамасында айтты. Елде осындай қияли болжамға сүйенген утопиялық социализм сақталды, ал 1961 жылы өткен КОКП XXII съезде коммунизм 20 жылдық мерзімде орнайтындығы туралы тұжырым жасалды.



3.Шығыс Түрік қағанатының орналасқан аумағын картаға түсір.

28-билет.

1.Ерте орта ғасырлардың тарихи және мәдени ескерткіштеріне сипаттама бер

VI ғасырдың басында бүгінгі қазақ жерінде аса күрделі бетбұрыстар болған. Алтай-Сібір, Моңғолия жерінде түрік тайпаларының үстем тап өкілдері бірігіп, әскер күшіне сүйенген Түрік қағанаты атты ерте феодалдық мемлекет құрды. Олардың жері шығыс Кореядан бастап, Орта Азияның жерінде қамтылған. Қазақстанда бұл қағандықтың құрамына кірген.



Бұл мемлекет туралы жазба деректер түрік тайпаларының өз тілінде жазылған «Үлкен күлтегін», «Таныкөк» құлпытастарындағы жазуларынан белгілі. Махмұд Қашқари, Рашид-ад-диннің тарихи жазбаларынан көптеген құнды деректер алуға болады. Византия, Қытай тарихшылары да мол мәлімет береді. Қазақстанның тарихында бұл мерзім «Түрік дәуірі» (VI-XIII ғ.ғ.) деген атпен белгілі. Қазақ жерінде көрсетілген мерзімде бірнеше феодалдық мемлекеттер өздерінің саяси-әкімшілік биліктерін жүргізді. Қазақстанда алғашқы қауымдық құрылыстан кейін V ғасырдан феодалдық қатынастар орнай бастады (немісше феод- «жер», аль- «иесі», яғни жердің иесі деген ұғымды береді.). Ортағасырлық тайпалардың арасында негізгі екі тап: феодалдық табы мен шаруалар табы қалыптасады. Феодалдар мал мен жердің негізгі иесі болады. Феодалдық қатынастардың орнауы Қазақстанның оңтүстігінде басқа өңірлерге қарағанда жедел жүрді. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихының басты ерекшеліктерінің бірі осы феодалдық-патриархаттық қатынастардың орнауы болды.

2.Тың және тыңайған жерлерді игерудің кезеңдері, нәтижелері мен салдарын талдаңыз.

Тың игеру, тың және тыңайған жерлерді игеру — КСРО-да (Қазақстан, Сібір, Орал, т.б.) 1954 – 1960 ж. жүргізілген науқан. КСРО бойынша жалпы 41,8 млн га жер жыртылса, соның 25,5 млн га-сы қазақ жері болды. Тың игеру нәтижесінде Қазақстан КСРО-дағы ең ірі астықты республикаларының біріне айналды. Тың игеру. Кеңес үкіметі тұсында ең көп тәжірибе жасалған сала – ауыл шаруашылығы. Жасалған реформалар аграрлық саланы дамытудың орнына, көбінесе үлкен қиындықтарға алып келді. Ауыл шаруашылығымен қазақ халқы тығыз байланысты екені белгілі. Сондықтан қазақ халқының басым бөлігі ауылдарда тұрғандықтан реформалардың зардабы бірінші кезекте қазақтарға тиді. Ауыл шаруашылығындағы тәжірибелер 1950 жылдары өз жалғасын тапты. 1953 жылы қыркүйекте КОКП ОК пленумы ауыл шаруашылығында қалыптасқан жағдайды талқылады. Пленумда мемлекет басшысы Н.С.Хрущев баяндама жасады. Баяндамада аграрлық саланың артта қалу себептері талданды. Күштеп ұжымдастырудың зардаптары, миллиондаған шаруалардың ашаршылық пен саяси қуғын–сүргіннің құрбаны болғандығы атап көрсетілді. Сонымен бірге, өнеркәсіпті ауыл шаруашылығы есебінен дамыту ауыл тұрғындарының тұрмыс жағдайының төмендеуіне әкелді. Қыркүйек пленумы ауыл шаруалығының артта қалуын жою жөніндегі нақты шараларды белгілді. Мал шаруашылығының артта қалу себептері: матералдық-техникалық негізінің әлсіздігіне, жайылымдардың тың игеру кезінде егістікке айналуына тікелей байланысты болды. Ауыл шаруашылығындағы жағдайды жақсарту үшін жемдік дақылдар егісінің көлемін ұлғайту жүзеге асырылды. Техникамен жабдықтау және малшыларды материалдық тұрғыда ынталандыру жұмысы жүргізілді. Еліміздегі 47 колхоз бен 225 совхоз ет өндіруге бағытталып қайта құрылды. Осы шараларды жүзеге асыру нәтижесінде мал шаруашылығының жағдайы біршама жақсара бастады. 1950 ж. басында колхоздарды ірілендіру нәтижесінде олардың саны республикада екі есе қысқарды. Сол себепті Қазақстан колхоздары материалдық тұрғыда жарақтанған ірі шаруашылықтарға айналды.. Шаруашылықты нарықтық қатынастарға көшіру социализм идеологиясына қайшы келетін еді. Сондықтан, азық-түлік мәселесін шешуде Кеңес үкіметі осы екінші жолды таңдады. Қаулы бойынша тың игерілетін аймақтар: Қазақстан, Сібір, Орал және Солтүстік Кавказ, Еділ өңірі. Бұл аймақтарда егіс көлемін арттыру көзделді. Қазақстанда тың игерілетін аймақтарға солтүстік облыстар енді. Кеңес Одағы бойынша 1954 жылы 13,4 млн гектар тың жерлер жыртылды. Оның ішінде Қазақстанда 6,5 млн гектар, яғни барлық жыртылған жердің 50%. Ал жоспар бойынша Қазақстанда 1954-1957 жылдары егіс алқабының көлемі 2,5 млн га. артуы тиіс еді. Осылайша, жаппай тың игеру қозғалысы басталды. Тек 1954-1955 жылдары Қазақстанда жаңа 337 совхоз құрылды. Бұл совхоз атауларының өзі көп жәйтті аңғартып тұрса керек: «Москва», «Ленинград», «Киев», “Кантемировец”, “Тамановец” «Ростов», «Одесса» т.б. Жаңадан құрылған совхоздарда тұрғын үйлермен бірге жаңа мектептер, бала бақшалар, мәдениет үйлері, спорт алаңдары, кітапханалар салынды. Бұл республиканың әлеуметтік және мәдени дамуындағы оң істердің бірі еді. 1954 жылы тамызда КОКП ОК мен КСРО Министрлер Кеңесі «Астық өндіруді молайту үшін тың және тыңайған жерлерді одан әрі игеру туралы» жаңа қаулы қабылдады. Осы қаулыға сәйкес ауыл шаруашылығының техникалық базасын нығайту ісі қолға алынды. Қазақстан совхоздары сол кезеңде 169 мың трактор, 98 мың комбайн, 73 мың жүк машинасын және басқа да көптеген ауыл шаруашылық техникасын алды. КСРО Министрлер Кеңесі 1954 жылы қыркүйекте тың игерілген жерлерде темір жолдар мен автомобиль жолдарының құрылысын дамыту туралы қаулы қабылдады. Қаулы бойынша Қазақстанда 2.600 шақырым автомобиль жолы төселуге тиісті болды. Тың игеру барысында Тобыл–Жетіқара, Есіл–Арқалық темір жолдары іске қосылды. Тың және тыңайған жерлерді игерудің үлкен зардаптары да болды. Билік басындағылар ғалымдардың пікірімен санаспады. Экология мен жергілікті халықтың ерекшеліктерін ескермеуі үлкен зиян әкелді. Қазақстанның тың өлкелерінде жер эрозияға ұшырады. 1960 жылдарға қарай Қазақстанның тың өлкелерінде 9 млн га жер жел эрозиясына ұшырады. Тың игерудің рухани және демографиялық зардаптары да зор болды. Қазақстанға 1954-1962 ж. тың игеруге КСРО-ның еуропалық бөлігінен 2 млн адам келді. Сол себепті қазақ халқы өз жерінде азшылық жағдайына түсті. 1959 жылғы халық санағы бойынша республикада тұратын жергілікті ұлт өкілдерінің саны 2 миллион 787 мың, яғни барлық халықтың 29 % ғана құрады. Тың игерілген облыстарда 700 қазақ мектебі жабылды. Енді қазақ балалары мектеп–интернаттарда оқытыла бастады. Олардың басым көпшілігінде оқу орыс тілінде жүргізілді. Бұл біріншіден, қазақ жастарының ұлттық тілі мен мәдениетінен қол үзуіне әкеп соқтырды. Екіншіден, Қазақ елінің елді-мекендері мен жер–су атаулары орысша атала бастады. 1962 жылы Н.Хрущевтің бастамасымен Қазақстанның солтүстік облыстарын тың өлкесіне біріктіріп, Ақмола қаласы Целиноград деп өзгертілді. Тың игеру 1964 жылға дейін жалғасты. Оның негізгі нәтижесі: сол уақыттан осы кезге дейін Қазақстан халқын нанмен қамтамасыз ету мәселесі шешілді. Сонымен бірге, Қазақстан астықты шет елдерге экспорттаушы елге айналды. Тың игерудің экологиялық және рухани зардаптары болғанымен, ол XX ғасырдың аса ірі экономикалық жобаларының бірі болды.

3.Қарақытай мемлекетінің аумағын карта бойынша бейнеле.

29-билет.

1.Кейінгі ортағасырлық тарихи және мәдени ескерткіштеріне сипаттама бер.

Кең-байтақ Қазақстан даласында 4970-ке жуық археологиялық ескерткіш мемлекеттік есепте тұр. Орта ғасырлар кезеңінде тарихшылар мен географтар, саяхатшылар, ғалымдар ескі қоныстар мен қалалардың орны туралы мәліметтер қалдырған. 1707 жылы жарық көрген С.Ремезовтің «Сібір картасында» қазақ даласындағы археологиялық ескерткіштер туралы жазылған. 1733 жылы Г.Ф.Миллер бастаған бірінші академиялық экспедиция қазақ жерінде жұмыс істеді. 1774 жылғы жарық көрген П.И.Рычковтың «Орынбор топографиясы» атты еңбегінде ертедегі кеніштердің орны туралы мәліметтер бар. Бұл кездегі зерттеулер ғылыми негізде жүргізілмей, тек қана кездейсоқ табылған жәдігерлерді жинаумен айналысты. Ресейдегі археологиялық зерттеулердің кеңеюі Қазақстандағы көне ескерткіштерді ғылыми түрде зерттеуді қажет етті. Атақты қазақ ғалымы Ш.Уәлиханов өз қолжазбаларында ортағасырлық Талғар, Шеңгелді қалалары туралы кескіндеме қалдырған. Орыс шығыстанушысы В.Радлов Шығыс Қазақстандағы археологиялық ескерткіштерді бірінші рет тарихи кезеңдерге бөлді. Оның еңбектері Қазақстан археологиясының дамуында үлкен қадам болды. 1867 жылы ресейлік Археологиялық комиссияның шешімімен орыс шығыстанушысы П.Лерх Түркістан өлкесін зерттеуге кірісті. Сауран, Сығанақ, Тараз қалаларының жоспарын картаға түсіріп, Жаңакент қаласындағы археологиялық қазба жұмыстарын жүргізді. Ол ортағасырлық қалаларды зерттеудің ғылыми негізін қалады. 1862 жылдан бастап В.Радлов Шығыс Қазақстан жерінде археологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізді. Қазақстандағы археологияның дамуына 1893-1894 жылдардағы белгілі ғалым В.Бартольдтың Орта Азияға барған ғылыми сапары негіз болды. Оның ғылыми еңбегі әлі күнге дейін маңызын жоғалтқан жоқ. 1895 жылы академик В.Бартольд Ташкент қаласында алғашқы археологтар үйірмесін ашты. Осы үйірме мүшелері В.Кларе мен А.Черкасов 1904 жылы Отырар қаласында қазба жұмыстарын жүргізді. 1920 жылы Түркістан мәдени ескерткіштерді қорғау және мұражайлар комитеті ашылды. Комитеттің негізгі міндеті тарих ғылымының үлкен бір саласы – археологияны дамытуды қолға алу болды. Сайран, Тараз қалаларында археологиялық зерттеулер жүргізіліп, М.Массоның Түркістан туралы алғашқы ғылыми еңбектері жарық көрді. XX ғасырдың 30 жылдарында Қазақстан жерінде М.Грязнов, И.Синицын, С.Черников, О.Кривцова-Гракова бастаған экспедициялар республиканың орталық және шығыс аудандарында жұмыс істеді. 1936-1940 жылдар – А.Бернштам бастаған археологиялық зерттеулер ғылыми жағынан өте құнды болды. Экспедиция Оңтүстік Қазақстан, Жетісу жеріндегі сақ дәуірінен соңғы орта ғасырлардағы ескерткіштерге археологиялық зерттеулер жүргізд



2.1960 ж ортасындағы эканомикалық реформалар және олардың нәтижесіз аяқталуының себептерін талдаңыз.

1965 жылғы шаруашылық реформасы. 60-жылдардың ортасында кеңес экономикасын барынша нығайтуға тырысқан ел басшылығы жаңа шаруашылық реформаларын жүргізе бастады. Бұл бір уақытта бірнеше саланы - енеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығын қамтыған, соғыстан кейінгі кезеңдегі экономиканы қайта ұйымдастырудағы ең, ірі шаралар болды. Сол кездегі КСРО Министрлер Кеңесінің төрағасы A.Н.Косыгин бастаған реформашыл күштер экономиканы басқарудағы әкімшілдікті сынай отырып, өнеркәсіпті басқаруды салалық қағидамен, жузеге асыруды, өнеркәсіп салалары бойынша одақтық-республикалық министрліктер құруды ұсынды. Кәсіпорындарға дербестік берілді, оларға шаруашылық есеп әдісі кеңінен ене бастап, қызметкерлерді экономикалық жағынан ынталандыру мен материалдық жағынан марапаттау шаралары неғұрлым ойластырылған түрде қолданыла бастады. 1965 жылы алтыншы шақырылған КСРО Жоғарғы Кеңесінің сессиясы өнеркәсіпті басқару жүйесіне өзгерістер енгізу мен бірқатар мемлекеттік жоспарлау органдарын қайта құру жөнінде заң қабылдады. Мұның соңынан осындай қаулылар мен заңдарды республикалық басқару органдары қабылдады. Осыған сәйкес өзгерістер Қазақ КСР Конституциясының мәтініне де енді. Қабылданған шешімдерге сай Қазақ КСР халық шаруашылығы Кеңесі мен экономикалық аудандардың совнархоздары таратылды. Республикада бірқатар одақтық-республикалық салалық министрліктер (түсті металлургия, геология, мелиорация мен су шаруашылығы т. б.) құрылып, құрылыс материалдары, орман, целлюлоза-кағаз және ағаш өңдеу, тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары біріктірілді.



3.Шағатай ұлысының аумағын карта бойынша көрсет.

30-билет.

1. Дамыған орта ғасырлардың тарихи және мәдени ескерткіштеріне сипаттама бер

Дамыған орта ғасыр ескерткіштері тек төңірегі ормен қоршалған үлкен емес үйінділерден тұратын қорған зираттарымен көрінеді. Ағаш көмірі түріндегі алаулардың қалдығы, жанған бөренелер мен қақталған жерлер байқалады. Өлгендер тік бұрыш формалы, солтүстіктен оңтүстікке немесе батыстан шығысқа бағытталған грунт шұңқырларға, түпсіз астауға немесе ағаш «жәшіктерге» жерленген. Әйелдердің қабірлерінен темір пышақ, біз, қола өрнектелген айна, моншақ, білезік, алтын түйреуіш, моншақ пен жалпақ күмістен жасалған бас киімдердің қалдықтары табылды. Еркектердің зираттарында жебе, ат әбзелдері мен тұрмыс заттары бар. Бұл ескерткіштер Евразияның ортағасырлық тарихында елеуміз қалдырған қыпшақтарға, қимақтармен туыстас түркі тілді тайпаларға қатысты.

Павлодар облысында Х-ХІІІ ғасырлардағы қыпшақтардың зираттары Жданов, Леонтьев, Қашыр зираттарында, Кенжекөл ауылының маңынан, Ертістің сол жағалауында Тасмола ІV зиратының қорған 2-де табылды, даталары ХІV ғасыр. Осы кезеңге Шідерті 3 қонысына тақау қорған 1-гі монгол уақытының зираты жатады, датасы ХІІІ-ХІ ғасырлардың тоғысы.

2. «Қайта құру» жылдарындағы Қазақстанның саяси жағдайына талдау жаса.

1985 жылғы наурызда Н.У.Черненко қайтыс болғаннан кейін КОКП ОК-нің Бас хатшысы қызметіне М.С.Горбачев сайланды. 1985 жылы сәуірде КОКП ОК-тың пленумында әлеуметтік, экономикалық дамуды жеделдету мәселесіне сәйкес экономикалық құрылымды қайта құру бағыты жарияланды. М.С.Горбачев саясатының ұрандары: жариялылық жеделдету, қайта құру. Бұл қайта құру бағыты 1986 жылғы КОКП-ның XXVII съезінде мақұлданды. Сонымен партия елде жаңару бағытына бастауға міндет алды. Қайта құру ешқандай бағдарламасыз, ғылыми айқындамасыз жүргізілді. Бұл бағыттың қияли болжамдары көп болды. Қайта құру бағыты алғышқы кезден бастап сәтсіздікке ұшырай бастады. Бұған Москвада В.В.Гришин, Ленинградта Г.В.Романов, Қазақстанда Д.А.Қонаев, Әзірбайджанда Г.Әлиев сияқты басшылар кінәлі деп шешілді. Қайта құру бағыты мемлекетті сол кезде алғышарты қалыптасқан аса ірі дағдарыстан құтқара алмады. Қоғамдағы жағдай күннен күнге қиындай берді. Қайта құру бағытының қарама-қайшылығы. 1987 жылы қантар айында болып өткен КОКП ОК-нің Пленумында «Қайта құру және партияның кадр саясаты туралы» мәселе талқыланды. Қаулының кемшіліктері: 1. Дағдарыстың нақты себептерін көрсете алмады. 2. Жаппай өзгерістердің символына айналып, сөз жүзінде ғана салтанат құрды. 1987 жылғы маусым Пленумы басқару ісін түбірлі қайта құру мәселеріне арналды. Пленум әзірлеген құжаттар негізінде «Мемлекеттік кәсіпорын туралы заң» қабылданды. Бұл заңда товар-ақша қатынастарының ролі айқындалды. Мемлекеттік кәсіпорындар дербес товар өндірушілер ретінде қарастырылды. Шаруашылықты жүргізудің экономикалық әдістерін меңгеруге көшуге негіз жасалды. Ұзақ мерзімді жоспарлау орнына мемлекеттік тапсырыстар жүйесі енгізілді. Алайда, бұл шаралар іске асырылмады. Қоғымның саяси құрылымдарын жаңартпайынша, шаруашылықты жүргізудің жаңа әдістері нәтиже бермейтіндігі айқын болды. Халық шаруашылығындағы жағдай ауырлай түсті. Дүкен сөрелерінен күнделікті тұтынатын товарлар жоғала бастады, азық-түлік түрлері нашарлады. 1988 жылғы маусым айында болған КОКП XIX Букілодақтық конфернцияда қоғамның әлеуметтік экономикалық жүйесіне талдау жасалып мынандай шешімдер қабылдады: 1. Саяси жүйеге реформа жүргізбейінше әлеуметік – экономикалық өзгерістер жасау мүмкін еместегін мойындау.

2. Демократияландыру мен жариялылық.

3. Төрешілдікке қарсы күрес.

4. Халықтық реформа жүргізу.

5. Әлеуметтік әділеттік ұстанымдарын жүзеге асыру.



Осыдан кейін қайта құруды жүргізу үшін ең алдымен саяси жүйеге реформа еңгізу керек болды

3. Жошы ұлысының аумағын карта бойынша көрсет.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет