Ii сәбилер тобына арналған оқу-тәрбие жоспары 27 сағат



бет1/4
Дата04.12.2016
өлшемі0,88 Mb.
#3131
  1   2   3   4
II сәбилер тобына арналған оқу-тәрбие жоспары

27 сағат

Тақырыбы

Мақсаты

1. «Күз» (өлең)

Ілияс Жансүгіров



Күз туралы білімдерін тиянақтау. Күз айындағы адамдар еңбегіне құрмет сезімін тәрбиелеу: ырыс, құт, береке, молшылық сөздерінің мағынасын түсіндіру, сөздік қорын молайту. Байланыстырып сөйлеу тілін, көркемдік талғамын, қимыл-қозғалысын дамыту.

2. «Жұмыстың бәрі жақсы» (өлең) Мұзафар Әлімбаев

Қоршаған ортаның жан-жақтылығы жайлы түсініктерін көркем туындылар (мамандық) арқылы кеңейту. Туынды кейіпкерлерінің іс-әрекетін бағалау, алған өсерлерін өз ойларымен айтып беру білігін дамыту.

3. «Шалқан»

(орыс халың ертегісі)



Балаларды әдеби кейіпкерлердің әрекеттерін, жүріс-тұрысын талдауға, оларға қабылданған ережелерге сәйкес баға беруге үйрету.




4. «Алтын дән» (өлең)

Күләш Ахметова



Еңбекке қызығушылықты қалыптастыру және оның нәтижелерін қадірлеуге үйрету, адамгершілікке тәрбиелеу.




5. «Арыстан мен тышқан»

(латыш ертегісі)



«Арыстан мен тышқан» ертегісінің мазмұнымен таныстыру, ертегіні оқып беру, тіл байлықтарын молайту, қызығушылықтарын арттыру, ойлау қабілеттерін дамыту. Арыстан мен тышқанның айырмашылығын айту.

6. «Қайырымдылық» (әңгіме) Д. Данабеков

Адамның жүріс-тұрыс ерекшеліктерін бағалауға үйренуді жалғастыру, өзге адамға мейірімділікті, қамқорлық қатынасты білдіруге ниеттерін ояту.

7. «Айлакер түлкі»

(орыс халың ертегісі)



Балаларды халың ауыз әдебиетінің шығармаларындағы кейіпкер бейнесі арқылы адамгершілік қарым-қатынас әлемімен таныстыру. Шығарма мағынасын түсінуге, кейіпкерлер іс-әрекетін бағалауға, олар жайлы айтуға, кейбір адамгершілік қасиеттерге (түлкі - қу) сипаттама бере білуге үйрету. Көркем сөйлеу қабілеттерін дамыту.

8. «Маша мен Аю»

(орыс халық ертегі)



Ертегінің мазмұнын түсінуге, кейіпкерлердің әрекеттерін бағалауға көмектесу.

9. «Қасқыр мен жеті лақ» (ертегі)

Ертегіні оқу, тіл байлықтарын молайту, ертегінің мазмұнын, дауыс ырғағын келтіре айтуға жаттықтыру, қиын кезде достарына көмектесе білуге тәрбиелеу.

10. «Суретші қыс»

(өлең)


К. Нүсіпов

Өлеңді көрнекі құралдар көмегінсіз жатқа айтуға, оны дауыс ырғағымен мәнерлеп оқуға үйрету. Балаларды шығарма мазмұнын өз іс-тәжірибесімен салыстыра отырып, өзінің күнделікті өмірімен және қоршаған ортамен байланыстыра білуіне үйрету.

11. «Отан» (өлең) Ермек

Өтетілеуұлы



Отан туралы шығармаларды оқып беру арқылы әдебиетке деген құштарлыққа баулу, өлеңді мәнерлеп оқуға үйрету. Өз Отанын сүюге жетелеу.

12. «Әке мен бала» (әңгіме) Ыбырай Алтынсарин

Ересектермен қарым-қатынас ережелерін сақтауға үйрету, еңбекке деген қызығушылықтарын қалыптастыру және оның нәтижесін құрметтеуге жетелеу.

13. «Дәрігер Айболит» (ертегі) Корней Иванович Чуковский

Балаларды мейірімділікке, өзге адамдарға, жануарларға қамқорлық қатынасты білдіруге талаптандыруды жалғастыру.

14. «Сыпайылық сабақтары» (өлең) Мұзафар Әлімбаев

Балаларды адамдар арасындағы адамгершілік қарым-қатынас нормаларымен таныстыруды, әлеуметтік ортадағы жүріс-тұрыс ережелеріне, сыпайылықтың қарапайым дағдыларына тәрбиелеуді жалғастыру.

15. «Жақсы деген немене, жаман деген немене»

(өлең)


Владимир

Маяковский



Қоршаған ортадағы жақсы, жаман нәрселер туралы түсіндіру. Адам бойындағы жақсы қасиеттерді дамыту. Әдептілікке тәрбиелеу.

16. «Қызыл телпекті қыз» (ертегі) Шарль Перро

Ертегінің мазмұнын түсінуге, кейіпкерлердің әрекеттерін бағалауға көмектесу.

17. «Айна» (ертегі)

Балаларды ертегіні түсініп, мазмұнын мәнерлі айтуға үйрету. Сөйлесуге, әңгімелей білуге жетелеу. Балаларды ертегі желісі арқылы адамгершілікке баулу.

18. «Құлыншақ»

(өлең)


Мүбарак

Жаманбалинов



Балалар көркем әдебиетіндегі адамгершілік әлемімен таныстыру. Туынды мағынасын түсінуге, кейіпкерлер іс-әрекетін бағалауға, олар жайлы айтуға, кейбір адамгершілік қасиеттерге жақсы қарым-қатынасты үлгі ету.

19. «Ана» (өлең)

Өтебай


Тұрманжанов

Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы білім қалыптастыру, анаға деген құрметін, балалық сезімдерін сөз арқылы жеткізе білуді дамыту. Аналар еңбегін қадірлеуге тәрбиелеу.

20. «Наурызым, армысың!» (өлең) Оразақын Асқар

Шығыс күнтізбесі жайлы білімдерін жетілдіру. Шығыс күнтізбесі бойынша жаңа жыл 22 наурыздан басталатынын, күн мен түн теңелетінін түсіндіру. Наурыз мейрамының басқа мейрамдардан айырмашылығын ажырата білуге үйрету.

21. «Бәріміз үшін бәрі де» (өлең) Юлиан Тувим

Құрдастарымен қатынастың және өзара әрекеттесудің ережелерін сақтауға үйрету. Келіспеушілікті шешудің тәсілдерін таба білу қабілетін қалыптастыру.

22. «Үш жолдас»

(әңгіме)


В. Осеева

Балаларды ағайын арасындағы қарым-қатынастың адамгершілік жайттарымен таныстыру, бір-бірімен сыйластыққа, татулыққа, достыққа тәрбиелеу.

23. «Өкпелеме» (өлең)

Мұзафар Әлімбаев



Шығарма мағынасын түсінуге, кейіпкерлердің қарапайым іс-әрекетін бағалауға, кейбір адамгершілік қасиеттерге сипаттама бере білуге үйрету. Балаларды шығарма мазмұнын өз іс-тәжірибесімен салыстыра отырып, өзінің күнделікті өмірімен және қоршаған ортамен байланыстыра білуіне үйрету.

24. «Түлкі мен Тырна»

(ертегі)


Балаларды әдеби кейіпкерлердің әрекеттерін, жүріс-тұрысын талдауға, оларға қабылданған ережелерге сәйкес баға беруге үйрету.

25. «Аққу-қаздар» ойыны

Қарым-қатынас ережелерін сақтауға үйрету, өзге адамға мейірімділікті, қамқорлық қатынас білдіруді ниеттеуді жалғастыру.

26. «Жаз» (өлең) Абай Құнанбаев

Балалардың жаз мезгілі туралы білімдерін тиянақтау. Көктем мезгіліндегі ерекшеліктермен таныстыра отырып, табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

27. «Жайлау» (өлең) Нұрқасым Қазыбеков

Шығарма кейіпкерлерінің жүріс-тұрысына эмоциялық ықыластық танытуға талаптандыру, ұқсас жағдайда кейіпкерлердің әрекеттерін және өзінің жүріс-тұрысын бағалауға үйрету.


Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік орта

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Күз» (өлең)

Мақсаты: күз туралы білімдерін тиянақтау. Адамдар еңбегіне құрмет сезімін тәрбиелеу. Ырыс, құт-береке, молшылық сөздерінің мағынасын түсіндіру, сөздік қорын мо­лайту. Байланыстырып сөйлеу тілін, көркемдік талғамын, қимыл-қозғалысын дамыту.

Қолданылатын көрнекі құралдар: күз мезгілінің суреттері, хрестоматия, себет.

Сөздік жұмыс: күз, ырыс, құт-береке, молшылық.


Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық

Ұйымдастыру кезеңі Балалар шеңбер бойына тұрып, педагогпен бірге Ж.Қалжанованың

«Күз келгенде» әнін орындайды.



Күз келгенде

Күз келіпті, көңілсіз

Десек те, десек те,

Күздің берер жемісі

Есепте, есепте.

Қайырмасы:

Түрлі түсті бояуын

Жер бетіне кестелеп.

Күз келгенде, егінші

Егін жинар дестелеп.

Күз келіпті, көңілсіз

Десек те, десек те,

Бау-бақшаның пісері

Есепте, есепте.

Қайырмасы.

Күз келіпті, көңілсіз

Десек те, десек те,

Мақта теру маусымы

Есепте, есепте.

Музыка


жетекшісімен бірге орындайды.

Ұйымдастырушылық – ізденістік

Кіріспе әңгіме.

Жұмбақ жасыру:

Ұзын мұртты сарылар,

Қойынында наны бар.


Қызыл, сары немелер

Су бетінде қалқиды.

Соқса егер салқын жел

Ырғалады, толқиды.


Жиын-терін болатын,

Қамбаға астық толатын.

«Қызыл қырман» ойнайтын

Қай мезгіл деп ойлайсың?


Аспай піскен,

Қайнамай түскен.


Бақшада өседі,

Көп өнімін береді.


Сурет бойынша әңгімелеу: «Күз мезгілі»

- Суретте жылдың қай мезгілі бейнеленген?

- Күз туралы қандай өлең, тақпақ білесіңдер?

«Күз» өлеңін оқып беру.


Бидай


Жапырақ

Күз

Жеміс
Көкөніс

Күз


Рефлексиялық - түзетушілік

Қорытындылау:

«Жеміс жинау» ойыны.

«Күз - жомарт» әні орындалады.





Күтілетін нәтиже:

Біледі: жыл мезгілдерін.

Игереді: жаңа сөздерді.

Меңгереді: өлең арқылы күз мезгіліндегі табиғат құбылыстарын.

Білім беру саласы: Қатынас.

Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Жұмыстың бәрі жақсы» (өлең)

Мақсаты: қоршаған ортаның жан-жақтылығы жайлы түсініктерін көркем туындылар, мамандық арқылы кеңейту.

Туынды кейіпкерлерінің іс-әрекетін бағалау, өз ойлары мен алған әсерлерін айта білу білігін дамыту.

Қолданылатын көрнекі құралдар: суреттер, хрестоматия.

Сөздік жұмыс: қалаң, сарай, кен, шахтер, ғарыш.


Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық

Ұйымдастыру кезеңі.

-Балалар, бөріміз ортаға шығып,

«Шаттык, шеңберін» қүрайың.

Шеңбер болып түрайық жылы жүзбен,

Бізге келген қуаныш нүр іздеген.

Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз,

Үлгі алсын керген жан мына бізден.

- Ал енді мен сендерді ыңғайланып отыруға шаңырамын.

- Бүгінгі оқу іс-әрекетімізде ақын Мұзафар Әлімбаевтың «Жұмыстың бәрі жақсы» өлеңімен танысамыз.





Өлең


жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.

Жайғасып отырады.



Ұйымдастырушылық – ізденістік

Кіріспе әңгіме.

Құрылысшы:

Қолда темір қалағым,

Содан сарай қаладым.

Алматыдан аумайтын

Әсем ңала саламын.

Шахтер:

Орны бөлек елдегі,



Шахтердің көп еңбегі.

Тау-тау болып үйілген,

Оның қазған кендері.

Ұстаз:


Оқу-білім ордасы,

Ұстаз оның арнасы.

Ұстаздың деген ұлы іс,

Адамдардың айнасы.

Ғарышкер:

Тұңғышты - ғарышты,

Тұнып тұрған алысты,

Орындалып арманы

Ғарышкерлер шарлады.

Сұрақ-жауап.

- Өлең шумағында не жайлы айтылған?

- Кім білім береді?

- Автобусты кім айдайды?

- Тұрғын үйлерді кім салады?

- Балаларды кім емдейді?

Дидактикалық ойын: «Кім болам?»

Мақсаты: мамандық туралы білімдерін бекіту.

Шарты: бала өзі қалаған мамандығын (сурет) алады да, сол мамандың туралы әңгімелейді.



Мұқият тыңдайды.

Ұстаз


Жүргізуші

Құрылысшы

Дәрігер

Ойын ойнайды



Рефлексиялық - түзетушілік

Қорытындылау (сурет арқылы):

- Балалар, мына суреттерге назар аударыңдар. Кімдерді көріп тұрсыңдар?

- Суретте қандай мамандың иелері бейнеленген?

- Тағы қандай мамандың түрлерін білесіңдер?

- Сендер өскенде кім болғыларың келеді?


Балалардың жауабы.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: мамандық туралы білімдерін кеңейту.

Игереді: болашақ мамандыққа байланысты ұғымын тереңдетуді.

Меңгереді: өлең мазмұнына қарай мамандық түрлерін ажыратуды.

Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік орта

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: Шалқан (орыс халың ертегісі)

Мақсаты: балаларды әдеби кейіпкерлердің әрекеттерін, жүріс-тұрысын талдауға, оларға қабылданған ережелерге сәйкес баға беруге үйрету.

Қолданылатын көрнекі құралдар: атрибуттар, хресто­матия.

Сөздік жұмыс: шалқан.


Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық

Ұйымдастыру кезеңі.

Шаттық шеңбері:

Достар, достар, жүрсің қайда,

Бірге еді ғой жанымыз.

Көмек сұрап бір-бірінен

Жеңіп шықтық бөріміз.




Балалар шеңбер бойына тұрып орындайды.

Ұйымдастырушылық – ізденістік

Кіріспе әңгіме.

- Балалар, бүгін біз оқу іс-әрекетінде «Шалқан» ертегісін алдымен оқып, одан кейін мазмұнын талдап, әрбір бала осы ертегіні, өз ойларын, қаншалықты түсінгенін жеткізеді. Ертегіні оқып беру.



Сұрақ-жауап арқылы әңгімелеу.

- Балалар қандай кейіпкерлерді естеріңде сақтай алдыңдар?

- Шалқан қайда өседі?

- Атай көмекке кімді шақырды?

- Әжей кімді шақырды?

- Немере қыз кімді шақырды?

- Күшік кімді шақырды?

- Мысық кімді шақырды?

- Сонымен, бәрі бірігіп не істеді?

- Ендеше, балалар, осы ертегідегі кейіпкерлердің атрибуттарын алып, ойынды сахналаймыз.



Зейін қойып

тыңдайды.


Балалардың

жауабы.
Әжейді

Немере қызды

Күшікті

Мысықты

Тышқанды


Рефлексиялық - түзетушілік

Ертегіні сахналау. Қорытындылау.

Қазақтың мақал-мәтелдерін айтқыза отырып, оқу іс-әрекетін аяқтау.

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл»

демекші, бірліктің арқасында

шалқанды жұлып алды.

Жақсы бала еңбекшіл

Ер азамат болады,

Қиындықты жеңсе кім,

Құшағы гүлге толады.

Еңбекшіл осындай

Болайықшы, досым-ай.


Рөлге бөлініп сахналайды.

Мұқият тыңдайды.



Күтілетін нәтиже:

Біледі: ертегінің мазмұнын.

Игереді: кейіпкерлердің іс-әрекеттеріне талдау жасауды.

Меңгереді: сахналау арқылы ертегіні көрсете білуді.

Білім беру саласы: Қатынас.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Алтын дән» (өлең)

Мақсаты: еңбекке қызығушылықты қалыптастыру және оның нәтижелерін қадірлеуге үйрету, адамгершілікке тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: хрестоматия, суреттер.

Сөздік жұмыс: алтын дән.


Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық

Жылулық шеңбері.

Тәрбиешімен бірге шеңбер бойы­на тұрып, төмендегі өлең жолдарын орындайды.

Алақанды ашайық,

Күннің нұрын салайық,

Таза ауадан салайық,

Достың мейірін салайық,

Жүрек жылуын салайық,

Осы жақсы лебіздерді

Бір-бірімізге сыйлайық.


Балалар шеңбер бойына тұрып, қимылдар жасап, өлең жолдарын қайталайды.



Ұйымдастырушылық – ізденістік

Кіріспе әңгіме. - Ал енді, балалар, бәріміз орнымызға жайғасып отырайық. Бүгін біз ақын Күләш Ахметованың «Алтын дән» өлеңін мәнерлеп оңып, оның мазмұнын ашатын бірнеше сұрақтарға жауап беруге тырысайық.

Өлеңді мәнерлеп оқу.

Алтын дән

Жатыр дала жалтылдап,

Жаз шуағын мол құйды.

Күн астында алтын дән

Тербеледі, толқиды.

Толықсыған тасқындай

Көкжиекпен ұштасып,

Күн астында аң бидай

Билейді қол ұстасып.

Сұрақ-жауап арқылы әңгімелеу.

- Осы оқыған өлең шумағында не жайлы айтылған?

- Өлеңнің авторы кім?

- Сендерге өлең ұнады ма?

- «Алтын дән» дегенді қалай түсінесіңдер?

Сергіту сәті

Кел, балақан, балақан,

Шапалақта алақан:

жай - жай - жай.

Қозғап барлық денені,

Қаттырақ соқ қолды енді:

сарт - сарт -сарт.

Айтқан кезде өлеңді,

Ақырын бас еденді:

жай - жай - жай.

Өлеңді қайталап, мәнерлеп оқу, жаттап алу.



Орындарына жайғасып отырады.

Мұқият тыңдайды.

Жауап береді.

Өлең шумағына байланысты дауыс ырғағын келтіріп, қимыл жасайды.



Рефлексиялық - түзетушілік

Қорытындылау:

Қазақтың нақыл сөздері арқылы оқу іс-әрекетін аяқтау.

Ас атасы – нан.

Нан болса – ән де болады




Каталог: uploads -> doc -> 0687
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0687 -> ОҚо шардара ауданы Шардара қаласы №1. М. Әуезов атындағы жом
0687 -> Сабақтың барысы : Заттың тығыздығы деп нені айтамыз?
0687 -> Сабақ сандары I тоқсан 27 сағат II тоқсан 21 сағат III тоқсан 30 сағат
0687 -> Біз оқушы атандық


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет