ІІ. Соғыс кезіндегі мәдениет (1941-45)



бет1/3
Дата02.07.2018
өлшемі64,22 Kb.
#45617
  1   2   3
І. §16. 1920-1930 ж-ғы өнер

Этнография

Кино, сурет өнері

Театр және музыка

Затаевич 2300 күй жазып алды. 2 жинақ шығарды: «500 күй», «1000 күй». 1932 жылы оған Қазақстанның Халық әртісі деген атақ берілді. Асафьев деген ғалым «Қазақтың 1000 әнін» ғасырлық, мыңжылдық мәдениеттің аса құнды ескерткіші деп бағалады. 1922 жылы Қарқаралыда халық жыршылары бәйгесі өткізілді. 1925 жылы Ә.Қашаубаев Еуропа көрермендерін таңғалдырды (Парижде). 1927 жылы Франкфурт қаласындағы музыка көрмесіне қатысты.

Кино өнері бастау алады 1930 ж.ж. 1934 жылы хроникалы фильмдер студиясы пайда болды.

1938 ж. І-ші дыбысты фильм: «Амангелді». Түсірген: «Ленфильм». Хлудовтың шеберханасы кәсіби кескіндеме өнерінің орталығына айналды. Оның дарынды шәкірті Қастеев.



1930 ж. 290 кітапхана болды. 1939 ж. 3304 кітапхана болды. 1939 ж. мемлекеттік кітапхана ашылды (Алматыда). Пушкин атындағы.


1926 жылы Қазақ ұлттық театры ашылды – Қызылордада. Алғашқы актерлер: Өмірзақов, Қожимқұлов, Бадыров, Жандарбеков, Байзақов. І-ші режиссер: Ж.Шанин. І-ші пьеса: «Еңлік - Кебек». Шетелдік классика: Гоголь - «Үйлену», «Ревизор», Шекспир «Отелло», 1937 жылы қазақ театрының атауы өзгереді: Қазақ академиялық драма театры. Басқа қалалардағы театрлар: Шымкент, Семей, Қарағанды. 1933 ж. ұйғыр театры ашылды (Алматыда). Алғашқы пьесасы: «Анархан». 1937 ж. корей театры ашылды (Қызылордада). Алғашқы пьесасы: «Чуа Хин Дон». 1934 ж. Қазақ мемлекеттік музыка театры, мемлекеттік оркестр ашылды. 1936 ж. мемлекеттік филармония ашылды.

ІІ. Соғыс кезіндегі мәдениет (1941-45)

Өнер

Кино

Әдебиет

Қазақстанға көшіп келген жазушылар: Маршак, Паустовский, Зощенко, Михалков, Панферов, Форш, Толстой, «Иван Грозный» диологиясын жазды. 23 көркемөнер ұжымы көшірілді. Сазгерлер: Прокофьев, Туликов келді. Қазақстан өнер қайраткерлерінен екі концерт бригадасы құрылды. 1942-44 жж. Қазақстанға майданнан 22 делегация келді.

Ресейден келген үздік шеберлер. Эйзенштейн, Трауберг, Орлова, Черкасов, Эрмлер, Жаров. 1941 ж. Ленфильм, Мосфильм студиялары көшірілді. Алматы киностудиясымен бірігіп біріккен орталық киностудия құрылды. 4 жылдық қазақ киноактерлер мектебі пайда болды. Қазақстанда түсірілген кино: «8-ші гвардиялық», «Абай әндері», «Жауынгер ұлы», «Саған, майдан».

100 ақын-жазушы соғысқа қатысты. Әуезов «Абай» эпопеясын І кітабын аяқтады. С.Мұқанов «Өмір мектебі», Ғ.Мүсірепов «Қазақ солдаты», Ғ.Мұстафин «Шығанақ». Майдангер –офицер Б.Бұлқышев. Бүкіл Одақтық дәрежеге көтерілген шығарма: «Ленинградтық өренім» (Ж.Жабаев), Майданда жүріп жыр жазғандар: Сайн Қ.Аманжолов.


§ 22. 40-60 жылдардағы мәдениеттің дамуы

Ғылым

Әдебиет

Өнер

1946 ж. – Ғылым академиясы құрылды. Алғашқы президент: Сатпаев. Ұйымдастырушылық көмек көрсеткендер: Вавилов, Бардин, Панкратова. Нақты дамыған ғылым сала: жаратылыстану. Ғылыми - зерттеу институт саны өсті: 38-ден 84-ке дейін. Ірі ғылыми орталықтар пайда болды: Өскемен, Қарағанды, Шымкент. 1946-1949 ж.ж 900 ғылыми ұсыныс жасалды. Сатпаев Ленин сыйлығын алды. 1958 ж. философия және құқық институты құрылды. 1961 ж. Тіл, әдебиет, өнер институты құрылды, «Қазақ КСР тарихының» ІІ томы шықты. (1957-1959) Вуздарда ең негізгі пән: коммунистік партия тарихы

«Абай» романы үшін М.Әуезов Мемлекеттік сыйлыққа ие болды (1947 ж.). 1955 ж. «Абай жолы» дүниеге келді. 1959 ж. Ленин сыйлығын алды. Ғ.Мүсірепов (1950 ж.) «Өянған өлке». Тақырыбы: қазақ даласындағы өзгерістерді сипаттады. С.Мұқанов 2 шығарма жазды. «Сырдария», «Өмір мектебі». Мазмұны: Өмірбаяндық әңгіме дәстүрін жалғастыра отырып туған халқының тарихын өзінше баға берді. Ғ.Мұстафин өзіне көңіл аудартты. Оның 2 шығармасы орыс тіліне аударылды. «Шығанақ», «Миллионер». Тарихи романдар жазды: «Қарағанды», «Дауылдан кейін». Ерғалиев «Біздің ауылдың қызы», «Құрманғазы». Қ.Бекхожин «Мәриям Жағорқызы», Т.Молдағалиев: «Жыр туралы жыр». Осылардың бәрі қазақ кеңес әдебиетінің алтын қоры деп саналады. Шухов «Тың игерушілер». Ұйғыр жазушысы Абдуллин жазды: «Гүлстан». ХХ съезден кейін (1956 ж.) ақталғандар: Сейфуллин, Майлин, Жансүгіров (3 бәйтерек)

1952 ж. Қазақ драма театры Әуезовтың «Абай» драмасын қойды. Режисер: Голубович. Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылды. Жасөспірімдер театры жұмыс істеді. Режисері: Наталья Сац. 1950-60 жж. театр сахнасында берік орын алған пьесалар: Әбішев – «Достық пен махаббат», Тәжібаев – «Жалғыз ағам орман емес». 1916 ж. опера қойылды: «Біржан - Сара». Авторы М.Төлебаев. Осы опера үшін ол 1949 ж. Мемлекеттік сыйлыққа ие болды. Брусиловский Төлебаевпен бірігіп «Амангелді» операсын жазды. 1954 ж. «Ризвангүл» симфониялық поэма мемлекеттік сыйлыққа ұсынылды. Тұңғыш ұйғыр операсы: «Наугум». Суретшілер: Телжанов – «Жамал», «Атамекен»; Кенбаев – «Шопан әні», «Сұхбат». Портрет жанырын дамытқандар: Степанов, Ғалымбаева. Тарихи-революциялық тақырыпқа сурет салғандар: Таңсықбаев, Қастеев.


§ 44-45. Тәуелсіздік жылдарындағы мәдениет

Әдебиет, өнер

Рухани өмірдегі өзгерістер

О.Сулейменов дүниежүзі тілдерінің даму заңдылықтарын саралаған көлемді еңбек жазды: «Жазу тілі». М.Шахановтың кітабы республикадан тыс жерлерге әйгілі болды: «Өркениеттің адасуы». Ә.Нұрпейісовтың романы Арал тағдыры туралы: «Соңғы парыз». Ш.Мұртаза: «Қызыл жебе». М.Мағауин: «Мен» деген философиялық толғау. Қ.Жүмәділов: «Дарабоз». (Қабанбай туралы)«Абылай хан» деген опера жанр табысы деп саналды. Композитор: Е.Рахмадиев. Классикалық музыкада жетістікке жеткендер: Әубәкірова, М.Мұхамедқызы, Н.Үсенбаева, Мұсахаджаева.

Білім беру: ХХІ ғасырдың басында 8 мың мектеп жұмыс істеді. 3 млн. оқушы болды.



1997 ж.- «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы»

1998 ж. – «Тарих» жылы

1999 ж. – «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы»

2000 ж. – «Мәдениет жылы»

2003-2005 жж. – «Ауыл жылдары»

2002 ж. – «Денсаулық жылы»

1998 ж. – «Отан тарихы» деген журнал шыға бастады. Тарихқа жаңа көзқарас қалыптастырды: «Қазақ тарихы», «Хабаршы» деген журналдар. Н.Назарбаевтың кітабы: «Тарих толқынында» (1999ж.).Абай мен Жамбылдың 150 жылдығы (1995,1996). Әуезов пен Сәтпаевтың 100 жылдығы (1997,1999)

дүниежүзілік ауқымда айтарлықтай оқиға болды. 1995 ж. салтанатты жиналыс болды (Абай 150). Назарбаев баяндама жасады. ЮНЕСКО делегациясы қатысты.

Ж.Жабаев- «ХХ ғасырдың Гамері». М.Әуезов: «50 томдық» шығармалар жинағы шыға бастады. 1999 ж Парижде Сәтбаевқа арналған көрме жұмыс істеді. Тақырыбы: «Қазақстан ғылымы кешегіден бүгінгге». Еңбек жарияланды: Сәрсеке - «Қазақтың Қанышы», «Сәтпаев әлемі». Алматы, Жезқазғанда Сәтпаевқа ескерткіштер орнатылды.

2004 ж. «Қазақстан» деген энциклопедия шықты (5 томдық). Тәуелсіздіктің 10 жылдығына орай «КР-сы» деген энциклопедиялық анықтама шықты (2 тілде).

2003 ж. Ғылым академиясы қоғамдық бірлестік болып қайта құрылды.


§ 29. Тоқырау жылдарындағы әдебиет пен өнер (1960-1980 жж.)

Әдебиет

Өнер

Ә.Нүрпейісов «Қан мен тер» трилогиясы үшін Мемл.сыйлық алды: Ғ.Мүсірепов Социалистік Еңбек Ері атағын алды (1976 ж.): Есенберлин Кенесары туралы тарихи шындықты жазды; Фараби туралы роман-«Ұстаздың оралуы». Осы шығарма үшін Әлімжанов Дж. Неру атындағы халықаралық сыйлық алды. Сулейменов 1961 ж. поэма жазды. «Адамға табын, жер енді» (Одаққа танымал болды). Басқа жазушылар: Жұмаділов, Мағауин, Ә.Кекілбаев, Ахтанов. Орыс жазушылары: Шухов, Снегин, Щеголихин, Анов. Неміс жазушсы: Бельгер. Ұйғыр жазушысы: Самеди.

Классикалық музыка: Рахмадиев, Жұбанова, Күмісбеков. Классикалық әншілер: Дінішов (әлемге әйгілі) Халықтық музыка - Тілендиев; Шетелге танылды Досмұқасан, Рымбаева, Екалиева. Жылы ілтипатпен қабылдаған фильмдер: «Қыз Жібек» (Қожықов), «Атаманның ақыры»(Айманов). 19000 кітапхана болды.(1978 ж.). 160 миллион кітап жиналды. Баспалар: «Қайнар», «Жалын», «Өнер». «Қазақ халқының энциклопедиясы» шықты, 12 том, 1978 ж.. 4-ші республикалық телевизиялық бағдарлама болды. Тойланды: «Фарабидің 1100 жылдығы (1970).

§ 5. Қазақстанда Кеңес билігінің орнауы.

Орнады:



  1. 1917 ж. қазан – 1918 ж. наурыз

  2. Ең алдымен теміржол бойындағы қалаларда орнады

І.

Қала

Қашан орнады?

Перовск

1917 ж. қазан (Қызылорда)

Әулиеата, Черняев

1917ж. қараша (Тараз, Шымкент)

Бөкей ордасы

1917 ж. желтоқсан

Павлодар, Қостанай

1918 ж. қаңтар.

Семей, Өскемен

1918 ж. ақпан

Верный, Жетісу облысы

1918 ж. наурыз

ІІ. Большивектердің алғашқы шаралары:

1917 ж, күз-1918 ж,көктем

Атаулары:

а) Шабуыл мен тегеурін

б) Капиталға қызыл гвардиялық шабуыл

Шара

Сипаттама

Саяси

«Қазақ газеті» жабылды. (Орынборда Торғай Кеңесінің шешімімен)

Ақмола уездік съезі Алаш автономиясын теріске шығаратын қаулы қабылдады. (1918,наурыз)

Орынборда Торғай облыстық Кеңестерінің 1-ші съезі (1918, наурыз-сәуір)


Экономикалық

  1. Кәсіпорындар мемлекеттік меншікке алынды.(Екібастұз, Қарағанды, Риддер, Ембі, Спасск, Арал)-1918 ж, көктем

  2. 8 сағаттық жұмыс күні (шахталарда 6 сағат)

  3. Шаруаларға 3,5 млн десятина жер берілді.

  4. Азық диктатурасы

а) Азық отрядттары жіберілді (Ақмола, Семей, Қостанай)

б) Петроградқа 6 млн пұт астық жіберілді, Түркістанға 200 вагон астық жіберілді (1918 ж. қаңтар-наурыз).





§ 3. Ақпан революциясындағы Қазақстан

І. 1917 ж. 28 ақпан

Қос өкімет

Уақытша өкімет Кеңестер

2 наурыз наурыз-сәуір

Буржуазия, помещик Жұмысшы, шаруа,солдат

Торғай комиссары – Ә.Бөкейханов.

Жетісу комиссары – Тынышбаев



ІІ. Уақытша өкіметтің шаралары:

  1. 1917 ж.20 наурыз – Ресей азаматтарының құқықтарын шектеуді жойды.

  2. Тыл жұмысшылары қайтарылды.

ІІІ. Кеңестердің шаралары:

  1. 8 сағаттық жұмыс күні (Верный, Семей, Екібастұз)

  2. Помещиктердің жерін тәркілеу

IV.

Партия

Бағдарламасы, қызметі:

Алаш

Алаш қозғалысы 1905 ж. пайда болды. 1917 ж. Алаш партиясы құрылды. Алаштың облыстық съездері:

  1. Жетісу съезі;сәуір: Қытайдан қазақтарды қайтару, қоныстандыруға жол бермеу, аграрлық мәселе.

  2. Семей съезі; көктем: ұлттық автономия. 1917 ж.шілдеде: бірінші жалпықазақ съезі – (Орынборда) автономия, жер мәселесі, білім беру, сот, дін. Шешімдері: парламенттік республика, 83000 қазақты,Қытайдан қайтару, Жетісудың ашыққан халқына көмек көрсету.

Мұсылман қозғалысы

Ресейде 30 млн. мұсылман болды. 1917 ж. мамыр-бүкілмұсылмандық съезд болды. Шешімдері: федерациялық негізінде демократиялық республика, соғысты тоқтату (І дүниежүзілік), әйелдерді теңестіру. Көп әйелдік пен қалың малға қарсы болды. 8 сағаттық жұмыс күні, ана тілінде білім, міндетті бастауыш білім. Нәтижесі: партия құрылды - Түркістан федералистер партиясы (1917 ж.қыркүйек)

Кадеттер (Конституциялық демократтар)

Солтүстік обл-да құрылды. Семейде «Свободная речь» газетін шығарды. Бағдарламасы – біртұтас Ресей, қоныстандыру саясаты, конституциялық монархия. Салдары: Бөкейханов осы партиядан шықты.

Эсерлер (СР) Социалист-революционерлер

Бағдарламасы-жер бүкіл халықтың байлығы «Кім жерді өңдейді, соған берілсін». Нәтижесі бүкіл Кеңестер эсерлер қолында болды. (Черняев Кеңесінен басқа)


V. Қазақ жеріндегі алғашқы үкіметтер: 1917 қараша-1918 сәуір

Үкімет

Сипаттама

«Түркістан Халық Комиссарлар Кеңесі»

1917 ж. 15-22 қарашада Ташкентте құрылды. 14 мүшеден тұрды. Бірде бір мұсылман өкілі болған жоқ. Төрағасы – Колесов.

«Түркістан автономиясы Басқаша: Түркістан мухтариаты, Қоқан автономиясы

1917 ж. 22 қарашада Қоқанда құрылды. 4 съезд құрды. Үкіметі: Уақытша Кеңес. Министр-төраға:

  1. Тынышбаев

  2. Мұстафа Шоқай

Ислам мемлекеттік дін. 1918 ж.ақпанда жойылды.Ташкент Кеңесі жойды. Армян милициясы, «Дашнакцутюнмен» бірігіп.

«Алашорда өкіметі»

2-ші жалпықазақ съезінде құрылды,Орынбор, 1917 ж.желтоқсан. Жерлері: Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Жетісу, Сырдария, Бөкей Ордасы. Астанасы: Семей. Үкіметі: Уақытша Халық Кеңесі . (25 мүше, 10-ы орыстар), Жер-мемлекеттік меншік. «Алаш» партиясы дауыс жинады: Жетісу- 57%, Семей - 85,6%,Торғай,Орал-75% Тағдыры: 1919 ж. 4 сәуір – кешірім алды. (амнистия). 1920 жылы 9 наурыз – Алашты тарату туралы шешім қабылданды. Алашорданың төрағасы: Бөкейханов.

«Түркістан автономиялы Кеңестік, Социалистік Республикасы» Түрік АКСР-і

1918 сәуір , Ташкентте құрылды. (5-ші съез). Кеңестік Шығыстағы тұңғыш кеңестік ұлттық мемлекеттік құрылым. Құрамы: Сырдария, Жетісу облыстары Қазақ АКСР-ін құруға кірісті. Бірақ ол іс тоқтап қалды. Себебі: азамат соғысының басталуы.

§ 7. Қазақ ұлттық мемлекеттілігін қайта қалпына келтіру.

І.


Үкімет

Сипаттама

Қазақ революциялық комитеті (Қазревком)

1919 ж.10 шілдеде құрылды. Әсери-азаматтық билігі болды. Құрамы: Орал, Торғай, Ақмола, Семей облыстары. Басшысы-Пестковский. Органы – «Ұшқын». Мақсаты: контрреволюциямен күресу, мемлекеттік шаруашылық, мәдениет құрылыс үшін жағдай жасау. (Қазақ АКСР-ін құру)

ҚазАКСР

Құру туралы декрет шықты: 1920 ж. 20 тамыз. Құрылды: 1920 ж. 4 қазан(Орынбор қаласында). Жоғарғы өкімет органдары: Орталық Атқару Комитет (С.Мендешев) және Халық Комиссарлар Кеңесі (Радус-Зенкович). Қабылданған құжат: «ҚазақАКСР еңбекшілері құқықтарының Декларациясы.»

Маңызы: Отаршылдыққа қарсы, ғасырларға созылған күрестің нәтижесі, ұлттық қайта өрлеу жолындағы алғашқы қадам.

ІІ. Қазақ жерлерінің АКСР-ға бірігуі


Қосылған жерлер

Қашан?

Кім дәлелдеді?

Орынбор

1919 ж. қыркүйек. Алғашқы астанасы (1920-1924)

Байтұрсынұлы, Сералин.

Қостанай уезі




Байтұрсынұлы, Бөкейханов, Сералин.

Ақмола, Семей облыстары

1921 ж.




Торғай, Орал







Жайық, Ертіс өзендерінің 10 шақырымдық өңірі

1921 ж.




Орта Азия жерлерін межелеу. Нәтижесінде Сырдария, Жетісу, Самарқан облыстары қосылды.

1925 – 26 жж.




Қазақ жерлері бірігуінің нәтижелері:

1926 жылғы санақ бойынша Қазақстанның аумағы 1/3 кеңейді, 2,7 млн шаршы шақырымға жетті. Халқы 1 млн 468 мың адамға көбейді. Жалпы халық саны: 5 млн 230 мың адам. Қазақтар үлесі: 61,3 %

§ 6. Қазақстан Азамат соғысы жылдарында

(1918-1920 жж.)

Басты майдан: Шығыс майдан

Одан басқа майдандар: Орал, Жетісу.


І. Азамат соғысы жылдарындағы әскери қимылдар

Жыл

Оқиғалар

1918 ж. мамыр-маусым

Азамат соғысы басталды. Чехословак корпусы (Ақ легионерлер) Петропавл, Көкшетау, Ақмола,Семей, Павлодар, Омбы, Қостанайды басып алды.Дутов Орынборды алды.

1918ж, қараша

Анненков әскері Ташкентті басып алу мақсатымен Жетісуға келді. Черкасск қорғанысы басталды. (1918 ж., маусым-1919, қазан). Орталығы: Мариновка селосы

1919 ж., қаңтар

Қызыл Армия Орынбор мен Оралды алды

1919 ж., көктем

Антанта жорық бастады. Басты соққыны Колчак берді.

1919 ж., сәуір

Колчак тылындағы шаруалар Қостанайды басып алды. Бірақ та Колчак тез арада оны қайтарды.

1919 ж., маусым

Фрунзенің Оңтүстік тобы Колчактан Уфаны азат етті.

1919 ж, күз

Қызылдардың 5-ші армиясы(Тухачевский) Петропавл, Ақмоланы азат етті.

1919 ж., қараша

Колчактан Семей азат етілді.

1919 ж. соңы

Орал облысы Колчактан толығымен азат етілді.

1920 ж., 5 қаңтар

Қызылдар Атырауды алды. Орал майданы жойылды.

1920 ж., наурыз

Жетісу облысы азат етілді. Жетісу майданы жойылды. Азамат соғысы аяқталды.



ІІ. Кеңестердің алғашқы әскери шаралары

Жыл

Шара

1918 ж.,мамыр

Міндетті әскери борыш енгізілді.

1920ж.

Түркістанда байырғы халықты әскерге күштеп жинады. Бөкей Ордасында, Орал мен Торғайда 37 әскери бөлімше құрылды.



ІІІ. Азамат соғысы жылдарында әскери іс ұйымдастырушылар.

Есімі

Қызметі

Жангелдин

Дала өлкесінің төтенше комиссары

А.Иманов

Торғай уезінің әскери комиссары

Қаратаев

Атты әскер бригадасы саяси бөлімінің меңгерушісі

Басқалар: Алманов, А.Асылбеков, Масанчи, Розыбакиев, Исаев, Оразбаева, т.б.


IV. Партизан соғысының ұйымдастырушылары (1918-20)

Есімі

Қай жерде?

Өтеп Ыбыраев

Кеңарал болысында

Кәкімжан Саркин

Ой болысында

Летунов, Муляр, Миронов, Иноземцев,Эльбе

Қостанай уезінде


§ 8. 1920 жылдарындағы саяси-қоғамдық өмір

І.


Қозғалыстар

Сипаттама

Партия қозғалысы

1925ж. Қырғыз-облыстық партия ұйымы өлкелік партия ұйымы деп өзгертілді. 1921 ж. декрет қабылданды: «Қырғыз(қазақ) және орыс тілдерін қолдану тәртібі туралы». 1923 ж. декрет қабылданды: «Қырғыз(қазақ) тілінде іс жүргізуді енгізу туралы».

Әйелдер қозғалысы

Көрнекті қайраткерлер: Оразбаева, Құлжанова, Есова, Иманбаева.

Жастар қозғалысы

1921 ж. Орынборда Қазақстан комсомолының І-ші съезі өтті. Дарынды ұйымдастырушысы: Ғ.Мұратбаев.(1902-1924).



Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет