Ііі-семестр 1- тақырып. Геометриялық нивелирлеу әдісімен топографиялық түсіріс. Беттерді нивелирлеу әдісі (1 сағат)



бет1/14
Дата27.09.2022
өлшемі1,18 Mb.
#150988
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
ЛЕКЦИИ ПО ИНЖЕНЕРНОЙ ГЕОДЕЗИИ


ІІІ-семестр
1- тақырып. Геометриялық нивелирлеу әдісімен топографиялық түсіріс. Беттерді нивелирлеу әдісі (1 сағат)

Дәрістер жоспары:


1.Ірі масштабты түсірістер
2.Жер бетін нивелирлеу әдістері
3.Магистарльды әдіс
4. Параллель сызықтар әдісі

Ірімасшаты түсірістер 1:5000, 1:2000, 1:1000, 1:500 масштабтарда орындалады және жобалы мен құрылыс кәсіпорындарды топографиялық пландармен қамтамасыз ету үшін арналған. Қалалардың топографиялық пландары қалалар мен елді мекендерді салу жобалары, өнеркәсіп мекемелерін жобалау үшін графикалық мәліметтер түрінде қолданылады және бөлу жұмыстарын жүргізу үшін негіз болып саналады. Қалалық пландарды квадраттық бөлудің шартты координаталар жүйесінде құрастырады. Квадраттық бөлудің негізі ретінде рамка көлемі 40 см-ге тең 1:5000 масштабты қабылдайды және арап сандарымен белгілейді. Нөмірлеу тәртібін қаланың бас сәулетші бекітеді.


Топографиялық түсірістерді қамтамысз ету үшін мемлекеттік геодезиялық тор пунктерінің тығыздығы келесі шамаларға ие болу керек: 1:2000 масштаб және одан ірі масштабтар үшін 15 кв. км-де 1 пункт, салынған аймақта - 5 кв. км-де 1 пункт. Жұмыстарды жүргізу үшін тірек геодезиялық пунктердің тығыздығы құрылыс салынған аймақтың 1 кв. км-де триангуляция және полигонометрия жүйелернің 4 пунктінен аз емес және құрылыс салынмаған 1 кв. км-де – 1 пункт.
Нивелирлік жүйе пунктерінің тығыздығы 1:5000 масштабтағы планшетте 1 реперден аз емес.
Егер жер бетінің нақты жер бедері өткізіліп жатқан жұмысқа керек болса, жер бетін нивелирлейді.
Жер бетінің жер бедеріне байланысты нивелирлеудің әдістері: квадрат бойынша, параллел сызықты, магистральды.
Тау-кен кәсіпорнының өнеркәсіптік алаңының, ірі ғимараттар салынатын аудандарының нақты рельефтерінің кескінін алу үшін, жер бетін нивелирлейді.
Керекті дәлдікке, жергілікті жердің жағдайына байланысты жер бетін нивелирлеудің: магистральды, параллель сызықты, тұйықталған полигонды, квадраттар бойынша нивелирлеу сияқты әдістері бар.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет