Іім төтенше жағдайлар комитеті Көкшетау техникалық институты Жедел-тактикалық пәндер кафедрасы Бекітілді



бет1/5
Дата01.04.2017
өлшемі1,08 Mb.
#13125
  1   2   3   4   5


ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті

Көкшетау техникалық институты

Жедел-тактикалық пәндер кафедрасы
Бекітілді

Көкшетау техникалық институтының

Ғылыми кеңесі шешімімен

___ _________2016 ж. хаттама №__

Төраға___________ С.Д. Шәріпханов

Өрт сөндіру бөлімі (Мамандырылған өрт сөндіру бөлімі)

ҚАРАУЫЛ БАСТЫҒЫ (АҒА ИНЖЕНЕРІ)

ЛАУАЗЫМЫНДАҒЫ ӨНДІРІСТІК ПРАКТИКА

СОБА және КҚДФ 5-ші курс курсанттарына арналған әдістемелік нұсқаулары

Көкшетау, 2016
Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институты 5В100100 «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша курсанттарға арналған әдістемелік ұысыныстары.

Құрастырғандар:



Р.С. Баймағанбетов – ҚР ІІМ ТЖК КТИ жедел-тактикалық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, магистр, азаматтық қорғау подполковнигі;

Д. Аманкешұлы - ҚР ІІМ ТЖК КТИ жедел-тактикалық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, магистр, азаматтық қорғау майоры.

Р.Е. Сакенов - ҚР ІІМ ТЖК КТИ жедел-тактикалық пәндер кафедрасының оқытушысы, азаматтық қорғау аға лейтенанты.

Жедел-тактикалық пәндер кафедрасының отырысында қарастырылған,

Хаттама №_5_ __07__ ____12____ 2015 ж.

ҚР ІІМ ТЖК КТИ ОӘК басылымға ұсынылған

Хаттама №_2_ __08__ ____12____ 2015 ж.

©Көкшетау техникалық институты

Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК, 2016



Қысқартулар тізімі

ІІМ – Ішкі істер министрлігі;

ТЖК – Төтенше жағдайлар комитеті;

МӨҚҚ - Мемлекеттік өртке қарсы қызметі;

ТЖД - Төтенше жағдайлар департаменті;

«ӨС және АҚЖҚ» ММ - «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі;

МӨҚҚОЖЖ - Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының жауынгерлік жарғысы;

МӨҚҚОҚЖ - Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызмет жарғысы;

МЖМБС - Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты;

МӨСБ - Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі;

ӨСБ - Өрт сөндіру бөлімі.

Мазмұны


1.

Жалпы ережелерді

5

2.

Өндірістік практиканы ұйымдасмтыру және өткізу

7

3.

Практика тапсырмаларының мазмұны

9

4.

Қарауыл бастыкғының міндеттері (кезекші ауысыым жетекшісі)

10

5.

Қарауыл қызметі кезіндегі қауіпсіздік талаптары

12

6.


Өрт сөндіру және әзірлік, қызметті ұйымдастыру бойынша өртке қарсы қызмет бөлімшелерін регламенттайтын құжаттардың тізімі

13

7.

Жедел жоспарлар мен өрт сөндіру карточкаларын құрастыру

27

8.

Өрт сорғыштары мен ӨТЖ сынау

34


9.

ӨТЖ мен өрт автомобильдеріне техникалық қызмет көрсету

34

10.

ЖЖМ есебі

35

11.


Аса маңызды және өрт қауіпті объекттерге қажетті күш пен құралдарды, техниканы және жеке құрамды есептеу

35

12.

Жеке құраммен сабақтар өткізу

35

13.

Өртті сипаттау

35

14.

Құжаттар үлгілері

37

15.

Өндірістік практикаға қорытынды жасау

51




Әдебиеттер тізімі

56



  1. Жалпы ережелерді.

Өндірістік практика оқу процесінің ажырамас бөлігі және теориялық білімнің практикалық қосымшасын жетілдірудің мақсаты болып табылады. Практика кезінде курсанттар ҚР ІІМ ТЖК териториялық органдарында өртті сөндіру қызметін ұйымдастырумен танысады.



Өндірістік практика – практиканың мақсаты өрт қауіпсіздігі саласында өрт техникалық, апаттан – құтқару жабдықтарымен, қолданбалы компьюттерлік программалармен, жұмыс істеу дағдыларын игеру болып табылады. Практика өту орындары болып Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті мемлекеттік өртке қарсы қызметінің бөлімдері мен аппараттары табылады.

Өндірістік практикадан өту кезінде курсанттарға келесі тапсырмалар қойылады:



  • өрт сөндіру бөлімінің шығу аудандарын білу;

  • бөлім жеке құрамының тәрбие жұмыстарының ұйымдастырылуы (жоспарлау, барынша әрекетті формалар мен тәрбиелеу тәсілдері, сабақтар мен жеке жұмыстарды ұйымдастыру, қоғамдық ұйымдар жұмыстары және т.б.);

  • бөлімнің кезекші қарауылының (кезекші ауысым) қызметін, гарнизон қызметін және өрт сөндіру бөлімдерінің шығу кестесін ұйымдастыру;

  • бөлімнің материалды-техникалық қамтамасыз етілуі;

  • бөлімнің іс-қағаздарының жүргізілуі;

  • жеңдердің, ӨТЖ және өрт техникасының сақталуы мен қолданылуы, арнайы өрт техникасын қолдану;

  • өрт автомобильдеріне есепті-қолданбалы құжаттар жүргізу, бөлімнің ӨТЖ мен байланыс құралдары;

  • ТОЖҚҚ(тыныс алу органдарының жекелей қорғау құралдары) сақталуы мен қолданылуы;

  • өндірістік практика кезінде жетекшілері бекіткен тапсырмаларды әрқашан орындап жүру

Практикадан өтуші курсанттың ұсыныстары мен сұрақтарын жетекшілері практика бағдарламасына байланысты анықтайды.

1.1. «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» (бұдан әрі-«ӨС және АҚЖҚ») мемлекеттік мекеме териториялық бөлімшелерде, облыстар ТЖД, Астана және Алматы қалаларында курсанттардың өндірістік практикасы оқу-тәрбиелік процесстің бір бөлігі және оқу процесстері кезінде алған білімдерін арттыру үшін бағытталған. Олардың теориялық білімді тереңдетуі, кәсіптік біліктілік пен білімді жетілдіруі, таңдаған мамандыққа қызығушылықты арттыруы, ұйымдастырушылық қасиетті жалпылауы.

1.2. Өндірістік практика «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілденің № 319-III Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабы 11 тармақшасынан, «Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен және «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарында білім алушылардың кәсіптік практикасымен тағылымдамасын ұйымдастыру және одан өту қағидалары» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 80 бұйрығымен сәйкес ұйымдастырылып өткізіледі.

1.3. Өндірістік практика ағымдағы оқу жылында оқу процессі кестесінде өндірістік практикаға бару және кері қайту жолын ескеріле анықталған уақытта, «ӨС және АҚЖҚ» ММ территориялық бөлімшелерінде жүзеге асырылады. Бағдарлама көлемі қараул бастығы (кезекші ауысым жетекшісі) көлемі 150 сағат ( 2 кредит, 5 апта) лауазымында практикадан өтуге есептелген, оның ішінде:

- әр аптада бір кезекшілік, барлығы 5 апта 120 сағат;

- қызметтік міндеттерді орындау, өндірістік практика бағдарламасына байланысты - 5 күн 6 сағаттық жұмыс уақытымен, барлығы 30 сағатты құрау керек.

Тағылымдама жетекшілері өндірістік практикадан өтуші курсанттардың жұмыс жоспарын құру кезінде өндірістік практикаға бөлінген сағаттардың көлеміне байланысты жасалуы тиіс.

1.4. Өндірістік практика кезінде курсанттар қаланың (ауданның) өрт сөндіру бөлімі (бұдан әрі -ӨСБ), мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі (бұдан әрі -МӨСБ) бастығына тікелей бағынышты болады және қызмет бойынша тәжірибелі де дайындық дәрежелері жоғары қызметкерлерге өндірістік практиканы өтуге бекітіледі және өндірістік практика бағдарламасына сәйкес өздеріне артылған қызметтік міндеттерді толығымен орындайды.

1.5. Өндірістік практиканы ұйымдастырып өткізуге жауапкершілік курсанттар өндірістік практиканы өтіп жатқан «ӨС және АҚЖҚ» ММ территориялық орган және оқу мекемесінің басшыларына жүктеледі.

1.6 Өндірістік практика өту мерзімінде курсанттар статистикалық материалдар жинап, төтенше жағдайлар органдарының қызметтік құжаттарынан керекті мағлұматтарды жазып, дипломдық жобаның тақырыбы бойынша мәліметтерімен танысып, графикалық сызба материалдарды жинап, дайындауы қажет.

Диплом жазушыға тек ескі әдебиеттермен ғана емес, сонымен қоса қазіргі заманғы төтенге жағдайлар органдары жұмыс тәжірбиелері келтірілген әдебиеттермен танысуы қажет.

Әдістемелерді, нормативтік құжаттарды, қаулы, қазіргі уақытта азаматтық қорғау органдарында қолданатын регламенттік жұмыстарды оқып алу керек.

Дипломдық жоба жазуға жиналатын материалдар жеке мінездемелер алып жүріп курсанттың дипломдық жоба тақырыбынан асып ұйымдастырылады.

Ғылыми-әдiстемелiк басқару дипломдық жобалаудың жетекшiсi, шығаратын кафедраның оқытушысын жүзеге асырады.



Ортақ басқару мiндетіне Астана, Алматы қалалары, облыстардағы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ аумақтық органдарына қажеттi құжаттарды (бұйрықтар, практика бағдарламасынан үзінді көшірме) әзiрлеулерi кiретiн күндізгі оқу факультетінің басшысымен iске асады.

Қорытынды бөлімінде курсант өндірістік практика өту мерзімінде жинаған материалдарды қорыту керек, оның сенімділігіне және жететіндігіне көз жеткізіп, есепті дайындайды

Дипломдық жоба жетекшісі:

- курсанттармен өндiрiстiк практикадан өту мерзiмінде дипломдық жоба жазуына материалдың жинақтау сұрақтары бойынша жиналыстарының өткiзуiн әзiрлеудi және ұйымдастыруды жүзеге асырады, шығарушы кафедралардың пәндері бойынша тiзiм негiзiнде әдiстемелiк ұсыныстардағы дипломдық жобалаудың жазуы үшiн берiлген материалдардың жиыны бойынша iске асады;

-  жеке жоспарға сәйкес тапсырманы бередi;

- практика мерзiмiнде курсанттары үшiн консультацияны ұйымдастырады;

- жеке консультациялар өткiзедi;

- ғылыми-әдiстемелiк көмек көрсетеді;

- практика өту мерзiмінде дипломдық жобалауға материалдың жиыны бойынша бақылауды iске асырады;

- курсанттардың есептеу нәтижелерiнiң қорғауын ұйымдастырады, қорғаудың есептеу нәтижелерi графигiн өндейдi;



Курсанттың практика өту мерзiмiне әдебиеттi таңдайды, сынау зертханаларының есептеу нәтижесiмен танысады, өрттердiң сипаттамасы үйренедi. Демек, материалдармен танысу объектіні талқылауға ондағы өрттi даму ерекшелiгі және өрттi сөндiруге қатысты толық мүмкiндiк бередi.

Практика мерзiмiндегі материалдар және сұрақтар, жататын зерттеулер, таңдаулы пәннің мазмұнымен және тақырыптың сипаттамаларымен анықталады.


  1. Өндірістік практиканы ұйымдастыру және өткізу.

2.1. 3-курс курсанттарының өндірістік практикадан өтуі ӨСБ (МӨСБ) қарауыл бастығы (аға инженері) қызметінде өткізіледі.

2.2. Практиканы әдістемелік басқаруды ұйымдастыру үшін оның бүкіл кезеңіне институт бастығының бұйрығымен оқытушылар - өндірістік практика жетешілері болып тағайындалады, олардың міндеттеріне кіреді:

2.2.1 практикаға дайындалу бойынша ұйымдастыру-әдістемелік жұмыстарды өткізу;

2.2.2 өндірістік практика өту орнына практиканттардың практика аяқталғаннан кейін оқу орындарына қайтадан уақытында қайтуларын қамтамасыз ету;

2.2.3 өндірістік практиканы өтуін бақылау және практиканттарды ӨСБ (МӨСБ) «ӨС және АҚЖҚ» ММ бөлуге қатысу;

2.2.4 практиканттар қызметтік міндеттерін атқару барысында туындаған сұрақтарына жауап табуға әдістемелік көмек;

2.2.5 практиканттардың есеп берулерін қарастыру;

2.2.6 өндірістік практика қорытындысы жайлы есеп беруді әзірлеу.

2.3. Курсанттардың өндірістік практикасын ұйымдастырып қорытынды жасау облыс (қала) «ӨС және АҚЖҚ» ММ териториялық орган басшыларына жүктеледі, олардың міндеттеріне кіреді:

2.3.1.өндірістік практика өтуге нақты өрт бөлімдерін анықтау және оларда курсанттардың тұруына жағадай жасау;

2.3.2 практикаға келген курсанттардың кездесуін ұйымдастыру, оларға нұсқама жасау, бөлу және бөлімшелер бойынша бағыттау. Өндірістік практиканы өту мерзімі және ұйымдастыру тәртібі бұйрықпен анықталады.

2.3.3.өндірістік практика кезеңіне курсанттардың нақты бір қызметте қызмет атқарып жатқанына куә жеке бас куәліктеріне вкладыштардың уақытында берілуін және толтырылуын (қосымша № 1);

2.3.4.өндірістік практиканың ұйымдастырылып, өткізілуіне периодтық түрде бақылау жасау;

2.3.5.қорытынды жасау, өндірістік практика қорытындысын жалпылау және сараптама жасау, оны жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау және сәйкесінше құжатты (анықтаманы) оқу орнына жіберу;

2.4. Практикант-курсанттар өндірістік практиканың жетекшісі болатын және өндірістік практиканың бағдарламасының сапалы жүзеге асырылуына жауапты ӨСБ (МӨСБ) бастығының қарамығында болады.

2.5. ӨСБ (МӨСБ) бастығы міндетті:

2.5.1. өндірістік практиканың бағдарламасымен танысуға;

2.5.2. курсанттардың өндірістік практиканы өтуін ұйымдастыру және жүзеге асырудағы барлық мәселелері бойынша ӨСБ (МӨСБ) қарауыл бастықтарына нұсқама;

2.5.3. практиканттардың күн тәртібін құруға және қарауылда (кезекші ауысымда) қызмет атқару ретін түсіндіруге;

2.5.4.бұйрықпен практикант-курсанттар өндірістік практикасының жетекшісі болатын және практиканы өту барысында жетекшілік жасайтын тәжірибелі, жұмыс жасау тәжірибесі 2-3 жылдан кем емес ӨСБ (МӨСБ) қарауыл бастықтарының ішінен жетекші тағайындау;

2.5.5. курсанттармен кіріспе нұсқама жұмыстарын жасау, жедел жағдаймен, ішкі күн тәртібімен, техника қауіпсіздігі ережелерімен таныстыру;

2.5.6.өндірістік практика кезеңіне курсанттардың жоспардарын бекіту;

2.5.7.практикаға берілген тапсырма бойынша жұмыстардың сапалы орындалуын бақылау;

2.5.8.курсанттарға қорытынды баға қою, олардың есептерін және мінездемелерін бекіту (мөрмен);

2.5.9.практиканттар тапсырмаларды орындау үшін өндірістік практиканың бағдарлмасында қарастырылмағандарына жол бермеу;

2.6. Курсанттарға бекітілген «ӨС және АҚЖҚ» ММ териториялық бөлімше қызметкерлері міндетті:

2.6.1.өндірістік практика мазмұнымен танысу;

2.6.2.жұмыс жоспарларын орындау үшін қажетті уақыт бюджетін анықтау;

2.6.3.өндірістік практика жұмыс жоспарындағы әр жұмыс түрін орындау алдында курсанттарға әдістемелік нұсқама жасау;

2.6.4.жұмыстардың орындалу процесінің сапалылығын бақылау және қызметтік құжаттарды толтырған кезде әдістемелік көмек көрсету;

2.6.5.заңдылықлықтар бұзушылықтардың алдын алу шаралары;

2.6.6.практикадан өткен курсанттарға мінездеме жазу және бөлім басшыларының бекітуіне анықтау.

2.7. Практикант-курсанттардың міндеттері:

2.7.1.тапсырмаға сәйкес 3 күннің ішінде жұмыс жоспарын құру (қосымша №2) және бөлімше бастығына бекітуге ұсыну;

2.7.2.тапсырмада және де бөлімше бастығы бұйрықтарында қарастырылған барлық жұмыстарды уақытында және спалы атқару;

2.7.3.курсант жұмыстарының күнделігін толтырып отыру;

2.7.4.заңдылықтар, жарғылар, тәлімдемелер, бұйрықтар, киім үлгісін кию ережелері, тәртіп және ішкі тәртіп талаптарын сақтауға;

2.7.5.өндірістік практика аяқталар алдында «ӨС және АҚЖҚ» ММ териториялық бөлімше ӨСБ (МӨСБ) бастығымен бекітілген және мөр қойылған есеп беруге әзірленуі керек (№4,5 қосымша).

2.8. Практикант-курсанттардың құқықтары:

2.8.1. программамен және жеке жоспармен анықталған нормотивтік актілермен, қызметтік құжаттармен және басқада құжаттармен танысуға;

2.8.2. жетекшінің тапсырмасы бойынша өндірістік практика құжаттарына өз атынан қол қоюға. Өндірістік практика жетекшісі тәлімгер құрастырған және қол қойған құжаттараға жауапты;

2.8.3. «ӨС және АҚЖҚ» ММ териториялық бөлімшелерінде бар арнаулы техникалармен және басқа құралдармен бекітілген тәртіпте қолдануға;

2.8.4. «ӨС және АҚЖҚ» ММ териториялық бөлімшелеріне және институт басшылығына практиканың өту барысын жетілдіру және ұйымдастыру бойынша ұсыныстар жасауға.



3. Практикаға берілген тапсырмалардың мазмұны.
3.1. ӨСБ (МӨСБ) қарауыл бастығы лауазымында.

3.1.1. Жарғыларға, тәлімдемелерге, бөлім жеке құрамының әскери және қызметтік дайындық бағдарламасына сәйкес ӨСБ (МӨСБ) қарауыл бастығы лауазымық міндеттерін орындау, соның ішінде:

а) кезекші қарауылдың (кезекші ауысым) қызметіне, сонымен қатар өрт сөндіру кезіндегі қарауыл жұмысы мен шаруашылық жұмыстардың орындалуына жетекшілік жасау;

b) бөлімнің келісілген сабақ кестесі бойынша жеке құраммен әскери дайындық сабақтарын өткізу;

c) қарауылда тәрбие жұмыстары бойынша іс-шаралар өткізу (әңгімелесу, ақпараттар, әскери парақтар шығару және т.б.);

d) кезекші қарауылдың жеке құрамымен спорттық жарыстарды ұйымдастыру және өткізу;

3.1.2. Жұмыстар өткізу:

а) ӨТЖ мен өрт сорғыштарды сынақтан өткізу;

b) өрт автомобильдері мен ӨТЖ техникалық қызмет көрсетуді орындау;

c) өрт автомобильдерінің багында орналасқан көбікараластырғыш пен көбіктүзгіш сапасының тарировкасын тексеру;

d) өрт туралы хабар беру құралдары мен өрт сөндіру қондырғыларының техникалық күйін тексеру;

3.1.3. ӨСБ (МӨСБ) жұмыс жоспарының орындалуын қамтамасыз ету жұмыстарына қатысу;

3.1.4. Рәсімдеу керек:

а) өте маңызды және өрт қауіпті нысандарда өрт сөндіру үшін қажетті күш пен құралдар, техника мен жеке құрам санын есептеу;

b) бір айға ЖЖМ жұмсалуының есебі;

c) өрт кезінде көшіру жоспары (балалар мекемесіне);

d) барынша сипатты өрт сипаттамасы;

е) бөлім бастығының тапсырмасы бойынша су көзінен алшақ орналасқан, қажетті күш пен құралдарға суды қотару немесе жеткізу есебімен бір объектіге, өрт жағдайын бағалау бойынша бір категориялы объектіге өрт сқндіру жедел карточкаларын.

3.1.5. Ерекшеліктерді оқу:

a) бөлім жеке құрамының тәрбие жұмыстарының ұйымдастырылуы (жоспарлау, барынша әрекетті формалар мен тәрбиелеу тәсілдері, сабақтар мен жеке жұмыстарды ұйымдастыру, қоғамдық ұйымдар жұмыстары және т.б.);

b) байланыс және сигнализация құралдары, және де олардың қолданылуы мен бақылауының ерекшеліктері;

c) бөлімнің спорттық жұмыстары;

d) бөлімнің кезекші қарауылының (кезекші ауысым) қызметін, гарнизон қызметін және өрт сөндіру бөлімдерінің шығу кестесін ұйымдастыру;

e) бөлімнің материалды-техникалық қамтамасыз етілуі;

f) бөлімнің іс-қағаздарының жүргізілуі;

g) жеңдердің, ӨТЖ және өрт техникасының сақталуы мен қолданылуы, арнайы өрт техникасын қолдану;

h) өрт автомобильдеріне есепті-қолданбалы құжаттар жүргізу;

i) бөлімнің ӨТЖ мен байланыс құралдары;

j) ТОЖҚҚ сақталуы мен қолданылуы;

k) өрт депосы ғимараттарының құрылысы мен жөнделуі;

3.1.6. Бөлімнің рационализаторлық жұмысымен танысу. Барынша тиімді ұсыныстар сипаттамалары мен эскиздерін институтқа әкелу.

Ескерту:

Курсанттардың ӨСБ (МӨСБ) қарауыл бастығы лауазымындағы өндірістік практикасының жұмыс кестесі құрылады:



  1. бірінші күн – қарауылда (кезекші ауысым) кезекшілік;

  2. екінші күн – кезекшіліктен кейін түскі ас уақытына дейін демалыс, одан кейін жұмыс кестесі бойынша;

  3. үшінші күн – түскі ас уақытына дейін бөлім бастығы мен қарауыл бастығының (кезекші ауысым жетекшісі) тапсырмаларын орындау, одан кейін кезекшілікке түсуге дайындалу.



4. Қарауыл бастығының міндеттері
Қарауыл бастығы, қарауылдың жеке құрамының тiкелей бастығы болып табылады және штат бойынша бөлім жетекшілеріне бағынады.

Қарауыл бастығы:



  • жеке құрамның қарауылдағы қызметін бақылауға және ұйымдастыруға, оның ішінде ішкі қызметтің кезекшiлiгiн тексеруге;

  • жауынгерлік кезекшiлiкте жеке құрамның жауынгерлік дайындығын жоспар бойынша орындалуын ұйымдастыруға және сабақты өзі өткізуге;

  • өрт сөндіру техникасының, өрт-техникалық жарақтар мен жабдықтарды, өрт сөндiргiш заттарды жауынгерлiк әрекет жүргiзуге дайындау шараларын, сонымен қатар бөлімнің шығу ауданындағы өрт сөндіру гидранттарының, су қоймаларының, өткелдердiң, кiрер жолдардың жағдайын қадағалауға, анықталған кемшiлiктер мен ақаулар туралы бөлiм жетекшілеріне немесе шұғыл кезекшiге баяндауға;

  • жеке құрамның еңбектi қорғау, техника және өрт қауiпсiздiгi ережелерiн орындауын қамтамасыз етуге;

  • қарауылдың жеке құрамының тәртiп сақтауын қадағалауға;

  • ТАМЖҚҚ техникалық қызмет көрсетуін бақылауды жүзеге асыруға (№2 тексеру) және ГТҚҚ құжаттарының дұрыс жүргiзiлуiн қадағалауға;

  • күн тәртiбiнде көрсетiлген iс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етуге;

  • түнгі мезгілде балалар және емдеу мекемелерінде, басқа объектiлерде адамдардың болуын және мәліметтердің жинақталуын қадағалауға;

  • қарауылдың жеке құрамынан кенеттен ауырған адамдарды жақын орналасқан емдеу орынына жiберуге және ол жөнiнде бөлiм жетекшілеріне, шұғыл кезекшiге баяндауға;

  • мамандығына сәйкес бөлімнің шұғыл-қызметінің бір бағытында жұмыс атқаруға;

  • осы Жарғыда көрсетілген қызметтiк бөлмелерге құқықтылардан басқа бөгде адамдарды жібермеуге;

  • бөлiмнiң жұмыс жоспары бойынша қарауыл қызметiн ұйымдастыруды регламенттейтінк құжаттарын әзірлеуге және түзету енгiзуге;

  • өтінішті тіркеу және қарау кезінде қажетті қатаң есеп беру бланкісі болып табылатын ескерту талондарын қабылдау міндетті.

Қарауыл бастығына:

  • қарауылдың қарамағынан кетуге, осы Жарғыда көрсетiлген жағдайдан басқа;

  • қарауыл құрамынан ауыстыруға, жiберуге (қарауыл қызметiн атқарудан басқа жағдайда);

  • осы Жарғыда көрсетiлген жағдайдан басқа өрт сөндіру автокөлiктерiн жауынгерлiк есептен шығаруға тиым салынады.

Қарауыл бастығы:

  • белгіленген тәртіп бойынша бөлiмнiң жеке құрамының қарауыл қызметiн атқаруын тексеруге;

  • қарауылдың жеке құрамынан лауазымды мiндеттерiн орындауын талап етуге;

  • өз құзреті шегінде қарауылдың жеке құрамына бұйрық беруге және орындалуын талап етуге;

  • тәртiп және техника қауiпсiздiгi ережесiн бұзған қатардағы құрам тұлғаларын қарауыл қызметiн атқарудан босатуға;

  • белгіленген тәртіп бойынша бөлім бастығына қарауылдың жеке құрамын мадақтау және шара қолдану туралы ұсыныстар жасауға;

  • бөлім жетекшілерінен жеке құрамының қарауыл қызметiн атқаруына барлық жағдайды жасауды талап етуге;

  • шығу ауданындағы шұғыл жағдай туралы қажетті ақпаратты сұратып алуға, қарауыл қызметiн ұйымдастыру жөнiндегi өкiмiмен және басқа құжаттармен танысуға құқылы.

  • Өрт-техникалық институнда көлемiнде толық дайындығы және өрт сөндіруден практикалық жұмыс тәжірибесі бар, белгіленген тәртіп бойынша қарауыл басында өздігінше кезекшілік атқаруға жіберілген орта және жоғарғы басшы құрамның қызметкерлеріне ғана қарауыл бастығын ауыстыруға рұқсат етіледі.

Бөлім жетекшісі (шұғыл кезекші), қарауыл бастығы кенеттен ауырған жағдайыда, оны жақын маңдағы емдеу орнына жiберу туралы шешiм қабылдайды. Қарауыл бастығының мiндетiн атқару, бөлiм жетекшілерінің бiрiне немесе дайындығы бар басқа лауазымды тұлғаға жүктеледi.
Каталог: public -> uploads -> OBNOVLENIE SAITA 2015
OBNOVLENIE SAITA 2015 -> Қр іім тжк мөҚҚ бөлімшелері жылына сан-алуан шығулар атқарады
OBNOVLENIE SAITA 2015 -> Дипломдық ЖҰмыс (жоба) Күндізгі оқу бөлімінің курсанты Ж. Н. Жолдасбеков
OBNOVLENIE SAITA 2015 -> Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар камитеті «Көкшетау техникалық институты» рмм
OBNOVLENIE SAITA 2015 -> Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің «Көкшетау техникалық институты» рмм
OBNOVLENIE SAITA 2015 -> «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Көкшетау техникалық институты» рмм
OBNOVLENIE SAITA 2015 -> Өрт кезінде аса қауіп палаталар орналасқан қабаттардан төнеді, өйткені онда тәулік бойымен әртүрлі жағдайдағы науқастар болады
OBNOVLENIE SAITA 2015 -> К. К. Карменов 5В100100 «Өрт қауіпсіздігі» мамандығына арналған «Қызметті және дайындықты ұйымдастыру» пәні бойынша дәріс курсы
OBNOVLENIE SAITA 2015 -> Мазмұны кіріспе 4 1БӨлім. ҚАланың ҚЫСҚаша сипаттамасы
OBNOVLENIE SAITA 2015 -> Қр іім тжк мөҚҚ бөлімшелері жылына сан-алуан шығулар атқарады
OBNOVLENIE SAITA 2015 -> Мазмұны кіріспе 4 1БӨлім. ҚАланың ҚЫСҚаша сипаттамасы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет