Қиын жол қияметтің тарды дейді, Бір жағы су, бір жағы жар-ды дейді



Дата10.12.2019
өлшемі22,81 Kb.
#53332
Байланысты:
БОЗТОРҒАЙ
Doc12
БОЗТОРҒАЙ

Қиын жол қияметтің тарды дейді,

Бір жағы су, бір жағы жар-ды дейді.

Әзірет Әли Пайғамбар заманында

Маңайында бір мүсәпір барды дейді.

Көңілінде ол мүсәпір аласы жоқ,

Ерді-қатын екеуі, баласы жоқ.

Жарлығы Жаратқанның сондай қатты,

Бір жалғыз тым болмаса қарасы жоқ.

Құдай береді екен есіне алып,

10. Асы жоқ ішеріне жазған кәріп.

Күнінен амалы жоқ ол бейшара

Суға жүреді екен қармақ салып.

Ұшқан құс, жүгірген аң – бәрі тамақ,

Шәкірті ұстазынан алар сабақ.

Өзі де күнде қармақ салса дағы,

Ілінер қармағына жалғыз шабақ.

Ол жарлы қармақ салып қайтады екен,

Кедейлік мүсәпірге батады екен.

Екеуі бір шабақты қорек қылып,

20. Сонымен екі байғұс жатады екен.

Ол жарлы бұрынғыдай бола алмады,

Қөңілі күндегідей тола алмады.

Бір күні күніменен қармақ салып,

Еш нәрсе қармағымен ала алмады.

Қиын жол қияметтің тар-ды дейді,

Бір жағы су, бір жағы жар-ды дейді.

Ол күн аш болған соң жазған кәріп,

Кәпірге тамақ сұрай барды дейді.

Жоқтықта қинар нәпсі кәріп жанды,

30. Көреді ол мүсәпір атпас таңды.

Не берсін тегін тамақ ол кәпірдар,

Бір теңгенің тамағын қарызға алды.

Пайғамбар бізден бұрын өтті дейді,

Кәмелеге тілеулі арыстан жетті дейді.

Пәлен күні кепіл тауып беремін деп,

Бір күнде бұлар айтып кетті дейді.

Ол жарлы бұрынғыдай бола алмады,

Көңілі күндегідей тола алмады.

Болжаукүні болғанда барып еді,

40. Берерге жалғыз тиын таба алмады.

Жоқтықта қинар нәпсі кәріп жанды,

Көреді ол мүсәпір атпас таңды.

Күнінде ол теңгесін өтей алмай,

Енді жарлы мойнына өсім салды.

Жоқтықта қинар нәпсі кәріп жанды,

Көреді ол мүсәпір атпас таңды.

Күнінде ол теңгесін өтей алмай,

Мың қылып бір теңгесін хатқа салды.

Жарлыға мың теңге ақша түсті дейді,

50. Кедейлік бәрінен де күшті дейді,

Ақшасы мыңға жетіп кеткеннен соң,

Жарлыны “ақшам бер” деп қысты дейді.

– Қайдан тауып берейін саған, – дейді,

Аз ғана аял берші маған, – дейді.

Саған берер бір тиын еш нәрсем жоқ,

Барайын Мұхамбетке тамам, – дейді.

Ол жарлы бір Аллаға тілеп келді,

Қоймасын ол кәпірдің танып келді.

Өзінен берер нәрсе жоқ болған соң,

60. Сасқаннан Мұхамбетке алып барды.

Енгенде Мұхамбетке күліп келді,

Болғанын бір сұмдықтың біліп келді.

Мұхамбет сахабалармен отырғанда,

Ол жарлы сәлем беріп кіріп келді.

– Уағалейкүмассалам, мүсәпір,

Бұл қалай, қасыңдағы сенің кәпір.

Екі көзің жылауда, ей, мүсәпір,

Қай жаққа алып сені бара жатыр?

– Сиынсаң бір Аллаға бұрын сиын,

70. Іс өткен соң сиыну болар қиын.

Бар еді бұл кәпірдің мың ақшасы,

Берерге таба алмадым жалғыз тиын.

– Жаратқан бәрімізді бір Құдай-ды,

Жаратты жарық қылып күн мен айды.

Өзіңнен беретұғын бір тиын жоқ,

Мұны үзгелі барасың енді қайда?

– Жаратқан бәрімізді бір Құдай-ды,

Жаратты жарлық қылып күн мен айды.

Он сегіз мың әлемнің патшасысыз,

80. Бір пайдаңыз тиер ме екен осындайда.

Өзіне мал жимады ол Пайғамбар,

Малы көп сахабалар бейілі тар.

Жан-жағынан отырған сахабалар

Қараса, Мұхамбетім жерге қарар.

Ашуы ер Әлидің енді келді,

Көңілін жаратқан шалқар көлдей.

– Бабам жерге қарайды, – деп әзірет Әли,

Батаң бер, мен үземін, – деп түрегелді.

“Батаң бер, мен үземін” деп түрегелді,

90. Ашуы ер Әлидің қатты келді.

Адамның бойына біткен түгі

Киімнен найзадай боп шыға келді.

Ол Мұхамбет пайғамбар бата берді,

Әлидің айтқан сөзін қабыл көрді.

Бабасынан бата алып, әзірет Әли

Ертіп ол мүсәпірді алып келді.

Шүкір қылдым Құдайының бұл ісіне,

Тағы тәубе қылайын әр ісіне.

“Ақша бар ма кәпірге бергелі” деп,

100. Үйінің ішін тінттірді бұл ісіне.

Аузына пұлы жоқ деп ала алмады,

Көңілі күндегідей бола алмады.

Үйінің ішін ақтарып қараса да,

Берерге жалғыз тиын таба алмады.

Қайғысыз әзірет Әли ер-ді дейді,

Берер нәрсе таппады енді дейді.

“Бұл ақшаңды мен тауып үземін” деп,

Екі ұлын кепілге берді дейді.

Асан менен Үсенді алды дейді,

110. Қуанып ол үйіне барды дейді.

Екі етегін беліне түріп алып,

Әзірет Әли бір сапарға жүрді дейді.

Жолында әзірет Әли жалғыз жүрді,

Жалғыз жүріп далада бір мола көрді.

Ол моланың басына келді жетіп,

Отырып әзірет Әли дұға қылды.

Молада бір торғай отыр, көзін салды,

Торғайды көремін деп көңіліне алды.

Ер Әли айналдырып көріп еді,

120. Сол жерде көріскеніне қайран қалды.

– Ұстап алып торғайды көрсем, – деді,

Асан менен Үсенге берсем, – деді.

Еріккенде ермек қылып жүрер еді,–

Ер Әли ұстайын деп еңкейді енді.

Не күшті бұл дүниеде, Құдай күшті,

Аузыма айтып едім Құдай түсті.

Шап етіп аяғынан ұстап еді,

Торғай құс жұдырықтай алды, ұшты.

Ер Әли бір Аллаға нанып кетті,

130. Болғанын бір сұмдықтың танып кетті.

Маған енді не бар деп жүрген Әли,

Жұдырықтай торғай құс алып кетті.

Жаратқан жер мен көкті жексенбі күн,

Қараңғы өлгендерге болады түн.

“Әзірет Әли, торғайдан айырылма” деп,

Артынан ащы дауыс, шығады үн.

Ол торғай аспанға кетті, қайырылмады,

Сөйтсе де әзірет Әли қайғырмады.

Серілікпенен торғай тұтты әуел,

140. Ақырында еркінен айрылады.

Хайла қылып әзірет Әли саспайды енді,

Бір жолға Құдай Тағала бастайды енді.

Ол торғай аспанменен алып келіп,

Әлиді бір сапарға бастайды енді.

Ер Әли бұрынғыдай күле алмады,

Қалды жаяу, астына ат міне алмады.

Әлиге уайым енді түсті,

Қайсы жақтан келгенін біле алмады.

Ер Әли тәубе қылып күлді дейді,

150. Болғанын бір сұмдықтың білді дейді.

“Иә, Құдай, өзің оңда” дейді дағы,

Жаңа келген жағына жүре берді.

Жүре-жүре бір асқар белге келді,

Өзі тауып келмеген елге келді.

Әр жолға Құдайымның өзі бастар,

Бір көп жөнсіз елге келді енді.

Ер Әли елге қарай жүрді дейді,

Бір шәрдің ішіне кірді дейді.

Өңкей-ақ ұрғашы бар, еркегі жоқ,

160. Бір кішкене қараша үйге келді дейді.

Келді де қараша үйге сөйлес қылды,

Сөйлес қылса, бір жаман кемпір келді.

– Кемпір, тірі еркегің еліңде жоқ,

Сұраймын жөніңді, не елсің? – дейді.

– Айтайын жөнімізді сізге, батыр,

Сұрасаң, жөніміздің өзі – кәпір.

Бар еркегі жиылып тойға кетті,

Патшамыз осы жақта той қып жатыр.

Әлидің ауады енді тентек ойы,

170. Кемпірдің қозғалды енді тұла бойы,

– Қимылдаған еркегіңнің бәрі кетіп,

Ол қылғаны патшаның ненің тойы?

– Бір жерге тамам кісім құралатұғын,

Мойнын бөтен жаққа бұрмайтұғын.

Патшаның мәжілісі бар жұма сайын,

Сауық қылып, кеңес қылып жырлайтұғын.

– Кетіпті тірі еркегің тамам, – дейді,

Не болды онда бармай саған, – дейді.

Мұсылманның дініне кіргізейін,

180. Ол тойды тура сілте маған, – дейді.

– Барар болсаң, көп тұрма мұнда, – дейді,

Менің айтқан сөзімді тыңда, – дейді.

Сонау шәрге барғанда дауысы шығар,

Той қылып дауыстап жатқан сонда,– дейді.

– Бір жақсылық қылайын, кемпір, – дейді,

Тіліңді кәлимаға келтір, – дейді.

Мұсылманның дініне кіргізейін,

“Лә иләһа илла Алла”, келтір! – дейді.

– Дінімді бермен, тілімді берсем дағы,

190. Көңілім бермен, сөзіңе ерсем дағы.

Тілімді кәлимаға келтірмеймін,

Өз дінімнен шықпаймын өлсем дағы.

Сонан соң әзірет Әли састы дейді,

Кемпір жаман ол қорқып қашты дейді.

Кемпірдің бір ашуын алды дейді,

Кемпір пақыр тырайып қалды дейді.

Екі етегін беліне түріп алып,

Ер Әли тойға қарай жүрді дейді.

Сол тойға келді жаяу Әли батыр,

200. Бұрынғы пайғамбардың бәрі батыр.

Самсаған сары қолға келді жетіп,

Той қылып шуылдап жатыр тамам кәпір.

Әзірет Әли сол тойға келді жайнап,

Кәпірлер шуылдап жатыр күліп-ойнап.

Кіріп барып отырды ортасына,

Сансыз құлдың бәрінің көзін байлап.

Сиынды әзірет Әли Алласына,

Кіріп барып отырды ортасына.

Мас болған арақ ішіп, сауық қылып,

210. Енді кеңес айттырды молдасына.

Кәпірлер өз есінен шықты дейді,

Бір-біріне арақ беріп жықты дейді.

Сол азан салдырған соң молдасына,

Басына мұнараның шықты дейді.

Жігіттер, ал тыңдайық, кідіріңізші,

Тыңдасаңыз құлақ салып “е” деңізші.

Мұнараның басына шыққаннан соң,

Азанды айтатұғын не деңізші?!

Боқтады ораза, намаз, әуелі иман,

220. Боқтады тағы онан соң кітап Құран.

Жүз жиырма төрт пайғамбардың бәрін боқтап,

Қоймады боқтамаған әулиеден.

Ол молда бұрынғыдай бола алмады,

Көңілі күндегідей тола алмады.

Айтайын деп ентігіп келсе дағы,

Үлгіден бір ауыз сөз таба алмады.

Аруағы ер Әлидің күшті дейді,

Молда бақыр көтінен пысты дейді.

Күндегі айтқан сөздің біреуі жоқ,

230. Молданы тамам кәпір қысты дейді.

– Қиын жол қияметтің тар, білемін,

Төрт шәриар, пайғамбар бар, білемін.

Күндегі айтқан сөзім біреуі жоқ,

Бір адам пайғамбардан бар, білемін.

Молданың көңілі болды күпті дейді,

Бір ауыз сөз таппады тіпті дейді.

“Пайғамбардан кім бар екен?” деп,

Кәпірлер тұс-тұс жақтан тінтті дейді.

Ол молда бұрынғыдай күле алмады,

240. Көңілі күндегідей бола алмады.

Кәпірлер тұс-тұс жақтан тінтсе дағы,

Әлиді ішіндегі таба алмады.

Ер Әли ортасында отыр жайнап,

Кәпірлер дулап жатыр күліп-ойнап.

Әлиді ішіндегі қайдан тапсын,

Бәрінің қойғаннан соң көзін байлап.

Аруағы Әлидің күшті дейді,

Молда батыр көтінен пысты дейді.

“Сен өтірік айтасың, адам жоқ” деп,

250. Молданы өлтіремін деп қысты дейді.

Ойласам, бисмилланың бірі тәуір-ді,

Көңілге бисмилладан себеп кірді.

“Пайғамбардан кейінгі мен бармын” деп,

Ер Әли ерлігімен түрегелді.

Әулиенің үлкені ашуланады,

Қиямет қайым болғанда тас жанады.

“Мінеки, мен бармын” деп түрегелді,

Жиылған тамам кәпір бас салады.

Ер Әли бір Аллаға налыс қылды,

260. Бір сұмдықтың болғанын танып білді.

“Өзі жаяу бір адам жүр екен” деп,

Ертіп оны патшаға алып келді.

Қылышын жасауылдар қайрайды-мыс,

Мылтығын жасауылдар сайлайды-мыс.

“Бұл кісіні қалай қылып өлтіремін” деп,

Патша молдаменен ойлайды-мыс.

Молда айтты: – Жүр екен мұны қылып,

Тәлкектеп өлтірейін ыза қылып.

Бұл кісіні Аллалап өлтірейік,

270. Бойына бір нәрсені күнә қылып.

– Иә, молда, сіз айтсаңыз олай қылып,

Құдайым берді бізге ыңғай қылып.

Бұл кісінің міндетін сізге бердім,

Сіз мұны өлтірерсіз қалай қылып?

Бір адам әлдеқалай қылыпты кез,

Жігіттер, шамаң келсе қимылда тез.

– Тапсаң сен, таба алмасаң өлтірейік,

Жұмбақ қылып айтайық он ауыз сөз.

Молда айтты Әлиге: – Нанармысың,

280. Менің айтқан тілімді алармысың?

Жұмбақ қылып айтамын он ауыз сөз,

Бір аузын қалдырмай табармысың?

Әли айтты молдаға: – Нанармысың,

Менің айтқан сөзімді алармысың?

Тапсам таптым, таппасам өлемін ғой,

Тапсам, үш ауыз сөз айтайын, табармысың?

– Сөйлейін, сөйле десең, Жаппар Құдай,

Шарапаты Мәдиненің тұрар былай.

Өлтірермін, ойламай тапшы жылдам,

290. Біреу, екеу болмақ жоқ, оның қалай?

– Сөйлейін, сөйле десең, Жаппар Құдай,

Шарапаты Мәдиненің тұрар былай.

Дереу басын кесермін, тапшы жылдам,

Екеу, үшеу болмақ жоқ, оным қалай?

– Үндерде не үн жақсы – Құран үні,

Түндерде не түн жақсы – Қадір түні.

Ол неге үшеу болсын, кәпір дұшпан,

Жаратқан бір Құдайдың ай мен күні.

– Сөйлейін, сөйле десең, Жаппар Құдай,

300. Шарапаты Мәдиненің тұрар былай.

Өлтірермін, ойламай тапшы жылдам,

Үшеу, төртеу болмақ жоқ, оным қалай?

– Айтайын білгенімді, жиылған көп,

Мен айтсам осылай қып, болар ма дөп.

Ол неге төртеу болсын, кәпір дұшпан,

Құптанның аяғында отыр уәжіп.

– Сөйлейін, сөйле десең, Жаппар Құдай,

Шарапаты Мәдиненің тұрар былай.

Өлтірермін, ойламай тапшы жылдам,

310. Төртеу, бесеу болмақ жоқ, оным қалай?

– Төрт шәриар: екеуі – Омар, Оспан,

Біреуі – әзірет Әли елден босқан.

Біреуі Әбубәкір Сыдық болар,

Ол неге бесеу болсын, кәпір дұшпан.

– Сөйлейін, сөйле десең, Жаппар Құдай,

Шарапаты Мәдиненің тұрар былай.

Өлтірермін, ойламай тапшы жылдам,

Бесеу, алтау болмақ жоқ, оным қалай?

– Шырақтың алды менен арты болмас,

320. Кітаптан шыққан сөздің қалты болмас.

Дәретімен бес уақыт намаз болар,

Шұнамыр құл, осы бесеу, алтау болмас.

– Сөйлейін, сөйле десең, Жаппар Құдай,

Шарапаты Мәдиненің тұрар былай.

Өлтірермін, ойламай тапшы жылдам,

Алтау, жетеу болмақ жоқ, оным қалай?

– Қияметтің қыл көпірі қиын жер ме,

Ысрапыл, сірә деген, қызыл жел ме?

Ол неге жетеу болсын, кәпір дұшпан,

330. Жаратқан имандыға алты кәлима.

– Сөйлейін, сөйле десең, Жаппар Құдай,

Шарапаты Мәдиненің тұрар былай.

Өлтірермін, ойламай тапшы жылдам,

Жеті, сегіз болмақ жоқ, оным қалай?

– Сенің айтқан сөзіңнің бәрі анық,

Менің айтқан сөзімді қылма танық.

Ол неге сегіз болсын, кәпір дұшпан,

Қылмысты құл орыны тұр – жеті тамұқ.

– Сөйлейін, сөйле десең, Жаппар Құдай,

340. Шарапаты Мәдиненің тұрар былай.

Дереу басыңды алармын, тапшы жылдам,

Сегіз, тоғыз болмақ жоқ, оным қалай?

– Қылмыссыз құлға – ұжмақтан тақ,

Он екі имам көңілімде болады нақ.

Ол неге тоғыз болсын, шұнамыр құл,

Қылмыссыздың орны тұр – сегіз ұжмақ.

– Сөйлейін, сөйле десең, Жаппар Құдай,

Шарапаты Мәдиненің тұрар былай.

Өлтірермін, ойламай тапшы жылдам,

350. Тоғыз, он болмақ жоқ, оным қалай?

– Ай, кәпірлер, мен айтайын сөздің жайын,

Пайдасы жоқ сөзіңді не қылайын?

Ол неге он болсын, шұнамыр құл,

Тоғыз ұлды пайғамбар Ыбраһым.

– Сөйлейін, сөйле десең, Жаппар Құдай,

Шарапаты Мәдиненің тұрар былай.

Өлтіремін, ойламай тапшы жылдам,

Он, он бір болмақ жоқ, оным қалай?

– Жеті қабат жер мен көктей әлем,

360. Бар дейді пейіште қылмыссыз адам.

Ол неге он бір болсын, шұнамыр құл,

Он ай құрсақ көтерген ұрғашы адам.

Ол дүние бұл дүниеден қатты дейді,

Қызығы бұл дүниенің тәтті дейді.

Ол молда он ауыз сөз айтып еді,

Бір аузын қалдырмай тапты дейді.

Әли айтты: – Тіліме нанармысың,

Менің айтқан тілімді алармысың?

Он ауыз сөз айтып едің, бәрін таптым,

370. Мен үш ауыз сөз айтайын, табармысың?

– Көп сөзің бар ішінде сенің,– дейді,

Ашуыма көп тимеші менің,– дейді.

Әли, не деп айтасың маған,– дейді,

Ол сөзіңді айтпаймын сенің,– дейді.

Әруағы ер Әлидің күшті дейді,

Көтінен молда бақыр пысты дейді.

“Бұл айтқан соң,[сен] неге айтпайсың” деп,

Молданы тамам кәпір қысты дейді.

– Қоймадың, е, падиша, халімізге,

380. Келді бір зор қайғы шәрімізге.

Мұның айтқыш үш сөзін мен де айтармын,

Мен айтсам, айтармысыз бәріңіз де.

– Өтерсің бір нәрсені көңіліңе алып,

Таппасаң, байғұс молда, болдың кәріп.

Сенің айтқан сөзіңді біз де айтармыз,

Бұл жерде не болармыз сізден қалып.

– Айтайын солай болса мен, – дейді-міс,

Менің айтқан сөзіме көн, – дейді-міс.

Айтатұғын сөзіңізді сөз еді,

390. Сөзіңді айтшы, білейік, сен, – дейді-міс.

– Ойласам, бисмилланың бірі затты,

Болғанда тілім сәждеде, көңілім қатты.

Бұл сөзімді ойламай, жылдам тапшы,

Ұжмақтың есігінде не жаратты?

– Қияметте қыл көпір жол бар, – дейді,

Ұзындығы мұның жылдық мол бар, – дейді.

Ұжмақтың есігінде, есіткенім,

“Бисмилла рахманир рахим” – сол бар, – дейді.

– Ойласам, бисмилланың бірі затты,

400. Болғанда тілім сәждеде, көңілім қатты.

Бұл сөзімді ойламай, тапшы жылдам,

Ұжмақтың тап төрінде не жаратты?

– Қияметтің қыл көпір жолы бар, – дейді.

Ұзындығы мұның жылдық мол бар, – дейді.

Ұжмақтың тап төрінде, есіткенім,

“Лә иләһа илла Алла” – сол бар, – дейді.

– Ойласам, бисмилланың бірі затты,

Болғанда тілім сәждеде, көңілім қатты.

Бұл сөзімді ойламай тапшы жылдам,

410. Ұжмақтың миуасында не жаратты?

– Қыл көпір қияметте жол бар, – дейді,

Ұзындығы мұның жылдық мол бар, – дейді.

Ұжмақтың миуасында, есіткенім,

“Лә иләһа илла Алла” – сол бар, – дейді.

Ол молда үшеуін білді дейді,

Тілдері кәлимаға келді дейді.

Молданың айтқан сөзін бәрі айтып,

Бәрі бірдей мұсылман болды дейді.

Бәрі бірдей діндерін берді дейді,

420. Тілдері кәлимаға келді дейді.

– Бәрімізге ұстаз болып имам болдың,

Не аларсыз біздерден енді, – дейді.

– Жеткізген мұнда мені бір торғай құс,

Мені үйден шығарған жарлы байғұс.

Не берерсіз біздерге, не бермессіз,

Керек еді біздерге алтын-күміс.

Тамам кәпір мұсылман болды дейді,

Шайтан қашты, періште толды дейді.

Алтын менен күміс жидылар,

430. Үлкендігі бір таудай болды дейді.

Ер Әли енді ойлайды ойды дейді,

Алтын менен күміске тойды дейді.

Арқасына көтеріп салып еді,

Ер Әли көтере алмай қойды дейді.

Ер Әли бір адамға налып кетті,

Болғанын бір сұмдықтың танып кетті.

Екіншіде арқадан көтергенде,

Бозторғай құс оны алып кетті.

Ер Әли сабыр қылып саспайды енді,

Алла Тағала бір жолға бастайды енді.

Ол торғай аспанменен алып кетіп,

Әлиді өз үйіне тастайды енді.

Алып келіп кедейге берді дейді,

Кедей байғұс қуанып алды дейді.

Кедей кәпірдің борышын төлеп,



446. Жарлы байғұс сонымен қалды дейді.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет