Қиындығы жоғары және стандартты емес есептерді физика үрдісінде модельдеу Бағдарламаның түсінік хаты



Дата22.01.2020
өлшемі22,67 Kb.
#56337
Байланысты:
9 сынып модел

Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандартына сәйкес әзірленген.

31.08.18 ж. қалалық ғылыми-әдістемелік советте қарастырылған №1 хаттама



Қиындығы жоғары және стандартты емес есептерді физика үрдісінде модельдеу

Бағдарламаның түсінік хаты: Физика жаратылыстану жөніндегі білімдердің қоршаған дүниені түсіндіру үшін ғана емес, сонымен бірге табиғат күштерін адамның еркіне бағындырып, оны практикалық іс-әрекетінде пайдалану үшін де қажет екендігін білдіреді.

Сондықтан, бұл курста табиғат құбылыстары мен олар бағынатын заңдылықтар ғана қарастырылмайды. Сонымен бірге, физикалық білімдердің басқа ғылымдарда, өндірісте, тұрмыста қолданылуының көптеген мысалдары қарастырылады.



Өндіріс пен ғылымның, техниканың әр саласында (ауыл шаруашылығы, энергетика, медицина, металлургия) өзіндік маңызы бар физикалық құбылыстар мен заңдылықтардың практикалық іс-әрекетте қолданылуын жүйелі түрде қарастыру арқылы ғана қолданбалы физиканың мазмұнын анықтауға болады және де баланы ғылымға бейімдеу амалының төрт жолы осы болмақ.

Курстың мақсаты:

  1. Оқушыларды әр түрлі физикалық заңдардың өндірісте, техникада, басқа да ғылымдарда, өсімдік пен жануарлар дүниесінде, тұрмыста байқалуымен таныстыру.

  2. Физикалық білімді сапалы игерту, оқушыларды жаратылыстану ғылымдарының өзара байланыстылығына сендіру.

  3. Көзқарасы, дүниетанымы кең тұлға қалыптастыру.

Оқушылардың дайындығына қойылатын талаптар (күтілетін нәтиже)

Оқушы нені біледі:

  1. Физикалық есептерді қиындық дәрежесіне сәйкес топқа бөлу: а) жаттығу есептерін шығара алу; ә)шығармашылық есептерге нақты жауап таба білу.

  2. Негізінен шығармашылық есептерді практикада қолдана білуге үйрену, яғни неліктен және қалай істеу керек деген сұрақтарға жауап іздену.

  3. Есептердің құрылымы мен құрылысын және ондағы физикалық шамалардың таңбасы мен өлшем бірліктерін білу.

Оқушы нені жасай алады:

  1. Жауаптары еркін түрде берілетін есептерге теориялық білімін қолдануға мүмкіндік алады және шешен тілмен сөйлеу дағдысы қалыптасады.

  2. Әр тарауды қорытындылауда планшеттер құрастыра алады.

Пәнаралық байланыс: Химия, математика,
Бөлінетін уақыт мөлшері: барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағаттан.
Курсты ұйымдастыру формасы: топпен жұмыс, практикалық жұмыс, лекция, реферат, конференция сабақ, ойын сабақ.

Оқушылардың оқу жетістігін бағалау

  1. Есептер жинақтау (шығармашылық есептер)

  2. Қорытынды сынақ алу (жауаптары еркін түрде берілетін есептерден)

  3. Билет сұрақтарына жауап беру

  4. Тарау бойынша планшет қорғау

9 сынып

Барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағ.



Тақырып

Сағат саны

Мерзімі

Ескерту




Кинематика негіздері

5







1.

Бірқалыпты түзу сызықты қозғалыс

1







2.

Түзу сызықты теңайнымалы қозғалыс.

1







3.

Стандартты емес есептерді шығару

1







4.

Еркін түсу.

1







5.

Қисық сызықты қозғалыс

1










Динамика негіздері

6







6.

Бірнеше күш әсер еткен кездегі дененің қозғалысы (Горизонталь және вертикаль бағыттағы)

1







7.

Бірнеше күш әсер еткен кездегі дененің қозғалысы (Көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дене)

1







8.

Қиындатылған есептер шығару

1







9.

Стандартты емес есептерді шығару

1







10.

Бірнеше күш әсер еткен кездегі дененің қозғалысы (Байланысқан денелер қозғалысы)

1







11.

Есептер шығару

1










Сақталу заңдары

5







12.

Импульс. Дене импульсі. Күш импульсі

1







13.

Импульстің сақталу заңы

1







14.

Механикалық энергия.

1







15.

Энергияның айналу және сақталу заңы

1







16.

Механикалық жұмыс және қуат. ПӘК

1










Механикалық тербелістер және толқындар

7







17.

Механикалық тербеліс. Тербелістің ортада таралуы.

1







18.

Графикалық есептер шығару

1







19.

Математикалық және серпімді маятник

1







20.

Дыбыстық толқындар

1







21.

Дыбыстық толқындар

1







22.

Электромагниттік тербелістер

1







23.

Электромагниттік толқындар

1










Атом құрылысы. Атомдық құбылыстар

4







24.

Планк формуласы.

1







25.

Фотоэффект құбылысы.

1







26.

Фотоэффект құбылысына стандартты емес есептерді шығару

1







27.

Фотоэффект құбылысына

1










Атом ядросы

5







28.

Атом ядросының құрамы

1







29.

Атом ядросының байланыс энергиясы

1







30.

Радиоактивті ыдырау заңы

1







31.

Ядролық реакциялар.

1







32.

Термоядролық реакция

1










Қайталау

2







33.

Кинематика және динамика негіздері

1







34.

САқталу заңдары

1








Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет