Қылмыстық iс бойынша адвокаттардың қорғауға қатысуы


Қылмыстық iс бойынша адвокаттардың қорғауға қатысуы



бет3/4
Дата12.09.2020
өлшемі31,71 Kb.
#78347
1   2   3   4
Байланысты:
Адвокаттар көрсететiн заң көмегiнiң түрлерi

1.2 Қылмыстық iс бойынша адвокаттардың қорғауға қатысуы


Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының қорғануына үлкен әсер ететiн қылмыстық iс жүргiзу принциптерiнiң бiрi – ол сезiктiнiң, айыпталушының қорғануға құқығын қамтамасыз ету болып табылады. Қылмыстық iс жүргiзу жүйесiнде бұл принцип ерекше орында тұрады. Сезiктiнiң, айыпталушының қорғануға құқығын қамтамасыз ету принципi қылмыстық iс жүргiзу принциптерiмен тығыз байланысты болады және оның бiрқатар элементтерi басқа принциптерiнiң құрамдас бөлiгiне кiредi. Мысалы, заңдылық сот iсiн тараптардың бәсекелестiгi мен тең құқықтылыны негiзiнде жүргiзу, жариялылық, кiнәсiздiк призумпциясы және т.б. Аталған принциптердiң сезiктiнiң, айыпталушының қорғануға құқығын қамтамасыз етуi прниципiмен бiрге қызмет жасау арқылы ғана сот төрелiгiн жүргiзе аламыз.

Дегенмен, сезiктiнiң, айыпталушының қорғануға құқығын қамтамасыз ету принципiнiң өзiндiк маңызы және оны қылмыстық iс жүргiзудiң басқа принциптерiнен ерекшелендiрiп тұратын нақты белгiлерi бар. Олардың iшiндегi ең бастысы, ол сезiктiнiң, айыпталушының қорғануға құқығын қамтамасыз ету принципi қылмыстық iс жүргiзудiң маңызды бiр функциясы «қылмыстық iс жүргiзудегi қорғау функциясы алдымен айыпты жоққа шығару мен оны жеңiлдетуге бағытталады.»

Егер айыптау функциясы тұлғаның кiнәлiлiгiн көрсететiн дәлелдерге негiзделсе, онда қорғау функциясы айыпты жоққа шығаруға немесе жеңiлдетуге бағытталған материалдарға негiзделедi. Сондықтан бiз былай айта аламыз. Айыптаушы мен қорғаушының қызметтерi бiр мақсатты орындауға бағытталады – ол қылмыстық iс бойынша шындықты ақиқатты анықтау болып табылады.

Қорғау қылмыстық iс жүргiзудiң функциясы ретiнде алдымен айыпталушыға қызмет жасайды, сөйтiп, ол сот төрелiгiне көмек көрсетедi. Сонымен бiрге, қорғаудың бiрқатар элементтерi айыптау функциясында да болады. Айыптау бiр жақты не тек айыптау материалдарына ғана негiзделiп отырса, онда бұл функция дұрыс қалыптаспайды, әрi нәтижесiз болады. Сондықтан, айыптау функциясы тек айыптау дәлелдерiне сүйенiп қоймай, сондай-ақ қорғау тарабы ұсынған барлық тұжырымдарын да ескерiп отырса ғана айыптау берiк болады. Бұл жағынан айыптау мен қорғау бiр-бiрiмен өзара байланысты құқықтық институт. Бұларсыз бiрде-бiр қылмыстық iс қаралмайды, сондықтан бұл екеуi қатаң түрде өз орнын табуы тиiс.

Қазақстан Республикасының ҚIЖК-нiң 26 бабының 1 бөлiгiне сәйкес сезiктiнiң, айыпталушының қорғану құқығы бар. Олар бұл құқығын ҚIЖК-де белгiленген тәртiппен жеке өзi де, қорғаушының, заңды өкiлiнiң көмегiмен де жүзеге асыра алады. Яғни сезiктiнiң, айыпталушының құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепiлдiктерiнiң iшiнде, қорғаушының көмегiн алу құқығы ерекше орында тұратындығын көремiз. Алайда, жүргiзiлген сауалшылардың қорытындысына жүгiнсек, iс жүзiнде сезiктiнiң, айыпталушының қорғану құқығы әлi жеткiлiктi қорғалмай отыр. Мәселен, сезiктi мен айыпталушыларға ұстау кезiнде қорғаушы алу құқығы,қамауға алу кезiнде қорғаушы алу құқығы, айыпталушыларға айып тағу кезiнде қорғаушы алу құқықтарын түсiндiрiлмейдi. Өкiнiшке орай айыпталушының қорғану құқығын елемейдi.

Қорғану құқығын дұрыс бағаламау ойландыратын құбылыс. Бұл келеңсiз жағдайды жою үшiн сезiктiге, айыпталушыға қорғаушы алу құқығын ұсынып қоймай, керiсiнше оны тиiмдi қолданудың нақты мүмкiндiгiн қамтамасыз етiп отырылуы қажет.

Сезiктiнiң, айыпталушының қорғануға құқығын қамтамасыз ету арқылы олардың құқықтары мен бостандықтарын толық орындауға болады. Ал, қорғаушы арқылы көп жағдайда мына мәселелер шешiледi:

1. айыпталушының толық ақталуы;

2. қылмыстық жауапкершiлiктi жеңiлдету;

3. iс жүргiзу мәжбүрлеудiң жеңiл шараларын қолдануға жағдай жасау. Осыны ескере отырып, бiз былай айта аламыз, қорғаушының қызметi – сезiктi мен айыпталушыға заң көмектерiн көрсету оларды ақтайтын,не олардың жауапкершiлiгiнжеңiлдететiн дәлелдер ұсыну әрi заңда рұқсат етiлген әдiстер мен құралдарды пайдалана отырып, олардың тағдарларын жеңiлдетуге барлық шаралар жасау. Яғни қорғаушының қызметiн көрiп отырсақ, сот төрелiгiне қайшы келмейдi. Демек, қорғаушының қылмыстық iс жүргiзудегi алатын орны туралы, адвокат азаматтарға заң көмегiн көрсетiп қоймай, сондай-ақ, Конституцияның негiзiн қорғауды жүзеге асырады, яғни азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепiлi болып табылады деп айтуымызға толық негiз бар.

Бұл принциптi қатаң сақтау арқылы қылмыстық iс жүргiзуде заң бұзушылыққа жол бермеуге, кiнәсiз тұлғаны жазықсыз соттатпауға қол жеткiзуге болады.

Сезiктiнiң, айыпталушының қорғануға құқығын қамтамасыз ету принципi, ең алдымен қылмыс жасаған тұлғаға қатысты әдiл жаза тағайындалуына қызмет жасайды. Кiнәсiз адамды соттау, тек өрескел заң бұзушылық қана емес. Сондай-ақ ол әшкерленбеген қылмыскер жазасыз қалып қылмыстардың ашылғанына және барлық кiнәлi тұлғалар әшкерленiп, әдiл жаза алынуына және бiрде-бiр кiнәсiз тұлға қылмыстық жауапқа тартылмауына әрқашанда мүдделi болады. Сезiктiнiң, айыпталушының қорғануға құқығын қамтамасыз ету принципi арқылы қылмыстық iстiң мән-жайларын жан-жақты, толық және объективтi зерттей аламыз. Бұл принцип сонымен бiрге, айыпталушыға қатысты негiзсiз шешiмге алып келетiн айыптау сипатына қарсы бағытталып отырады.

Ал, 1997 жылғы Қазақстан Республикасының ҚIЖК-не сәйкес қорғаушы қылмыстық iс жүргiзудiң кез келген сатысына қатысуға құқылы. Қазақстан Республикасының Конституциясының 16 бабының 3 бөлiгiне сәйкес ұсталған тұтқындалған, қылмыс жасады деп айып тағылған әрбiр адам сол ұсталған, тұтқындалған немесе оған айып тағылған кезден бастап қорғаушының көмегiн алуға құқылы.

Қылмыстық iстер бойынша ҚIЖК-нiң 70 бабына сәйкес, мына тұлғалар қорғаушы бола алады.

1. Адвокаттар, адвокаттар алқасының мүшесi болып табылатын тұлғалар.

2. Айыпталушының жақын туыстары (жұбайы, ата-анасы, балалары, туған бауырлары мен әпке, қарындастары, атасы, апасы, немерелерi қорғаушылары мен қамқоршылары).

3. Айыпталушы мен сезiктi жұмыс жасаған мекеме мен ұйымның өкiлдерi.

4. Кәсiподақтың және қоғамдық ұйымдардың өкiлдерi, осы ұйымдардың мүшлеренiе қатысты iс болса.

5. шетел адвокаттары, егер ол iс халықаралық шарттарда көрсетiлген негiзде қаралса.

Қылмыстық iс бойынша қорғаушы - әрекет қабiлетi бар, кәмелет жасқа толған, қорғаушы мiндетiн атқара алатын және қорғаушы болуға келiсiм берген тұлға.

Қорғаушылардың категорияларына қарамастан, барлықтарының құқықтары бiрдей.

Айырмашылығы iске қорғаушының мiндеттi қатысуы – бұл тек қана адвокаттың мiндетi. Басқа қорғаушылар айыпталушының, басқа тұлғалардың шақыртуымен iске қатысады, бiрақ iске шақыртқанда мiндеттi түрде айыпталушының қорғаушыны шақырту тапсырмасы мен келiсiмi қажет.

Барлық қорғаушылардың iшiнде тек қана адвокат өзiне қабылданған сезiктiнi немесе айыпталушыны қорғаудан бас тартуға құқығы жоқ. Басқа қорғаушылар бас тарта алады және бас арту себептерiн, негiздерiне түсiнiк бермеуге құқылы.

Қылмыстық iс бойынша адвокаттың қорғаушы болып қатысуы – кәсiби заңды қызметi және бұл мiндетiн орындаудан бас тартуына құқығы жоқ.

Адвокаттың iске тағайындалып немесе келiсiммен қатысуына қарамастан оның нақты iстi жүргiзуге өкiлеттiгiн куәландыратын құжат заң консультациясының ордерi.

Қазақстан Республикасының 74 бабы 1 бөлiгi негiзiнде адвокат сезiктiнiң, айыпталушының айыбын жоққа шығара алатын немесе жауаптылығын жеңiлдететiн жағдайларды анықтау мақсатында барлық заңды құралдармен қорғау тәсiлдерiн пайдалануға және оларға қажеттi заңгерлiк көмек көрсетуге мiндеттi.

Азаматтық сот iсiн жүргiзуден айырмашылығы қылмыстық iс жүргiзуде мына төменде көрсетiлген негiздерде адвокат сезiктiнiң, айыпталушының, айыпкердiң, сотталушының өкiлi емес:

- қолданылып жүрген ҚIЖК-сi қорғаушыны сезiктiнiң, айыпталушының, сотталушының өкiлi деп қарастырмайды;

- қорғау көп жағдайда тағайындау арқылы жүзеге асады;

- адвокаттың өзiне қабылдаған сезiктiнi, айыпталушыны, сотталушыны қорғаудан бас тартуға құқығы жоқ;

- ҚIЖК 71 бабында көрсетiлген жағдайларда сот, прокурор, тергеушi сотталушыға қорғаушының қатысуын қамтамасыз етуге мiндеттi;

- адвокаттар сотталушының мүдделерiн қорғауды екi жағдайда жүзеге асыруға тура келедi:

1. Сотталушы Қазақстан Республикасының тыс жерлерiнде болса және сотқа келуден жалтарған жағдайда;

2. Қылмысты жасағаннан кейiн психикасының бұзылуы және жүйке ауруына душар болған жағдайда.

Осындай себептерден адвокат айыпталушыға тағылған айыптан айыпталушыны қорғайды, бiрақ өкiлi бола алмайды.

Заңда бiр сезiктiнi, айыпталушыны, сотталушыны бiрнеше адвокаттың қорғауына тыйым салынбаған. Сонымен қатар бiр қорғаушы екi сезiктiнiң, айыпталушының, сотталушының қорғаушысы бола алмайды, себебi бiр сезiктi мен екiншi сезiктiнiң мүдделерi қайшы келуi мүмкiн.

- бiр адам, егер сезiктiнiң айыпталушының бiреуiнiң мүддесi екiншiсiнiң мүддесiне қайшы келетiн болса, олардың екеуiне бiрдей қорғауш болуға тыйым салынады.

- кәмелет жасқа толмаған айыпталушы мен қылмыстық iске тартқан кәмелет жасқа жеткен қылмысқа қатысушыны қорғауға тыйым салынған.

Сезiктiнiң, айыпталушының сотталушының қорғаушыға жүгiну құқығын бұзу, ҚIЖ Заңының елеулi белгiленген тәртiппен жеке өзi немесе қорғаушының көмегiмен жүзеге асыра алады.

Қылмыстық процестi жүргiзушi орган сезiктiге, айыпталушыға олардың құққытарын түсiндiруге және олардың айыптаудан заңмен тыйым салынбаған барлық құралдармен қорғану мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге, сондай-ақ олардың жеке және мүлiктiк құқықтарын қорғауға шаралар қолдануға мiндеттi, сонымен қатар сезiктi, айыпталушының қорғаушысының iске қатысуын қамтамасыз етедi.

Қорғаушының қатысуы сезiктi мен айыпталушының құқықтарын шектемейдi.

Адвокат қылмыстық iс бойынша қорғаушы болып төмендегi жағдайларда мiндеттi түрде қатысады:

- қорғаушының қатысуы туралы сезiктi немесе айыпталушы өтiнiш жасаса;

- сезiктi немесе айыпталушы кәмелетке толмаса;

- сезiктi немесе айыпталушы дене немесе психикалық кемiстiгiнен өзiнiң қорғану құқығын өз бетiнше жүзеге асыра алмаса;

- сезiктi немесе айыпталушы сот iсi жүргiзiлетiн тiлдi бiлмесе;

- адам жазалау шарасы ретiнде он жылдан астам мерзiмге ба с бостандығынан айырылу, не өлiм жазасы тағайындалуы мүмкiн болатын қылмысты жасағаны үшiн айыпталса;

- айыпталушыға бұлтартпау шарасы ретiнде қамауға алу қолданылса немесе мәжбүр етiлiп стационарлық сот-психиятриялық сараптамаға жiберiлсе.

ҚIЖК-нiң 71 бабында көзделген өзге де жағдайларда адвокат қылмыстық iске мiндеттi түрде қорғаушы болып табылады.

Қорғаушыны, яғни адвокатты сезiктi немесе айыпталушы, олардың заңды өкiлдерi, сондай-ақ сезiктiнiң, айыпталушының келiсiмiмен, тапсырмасы бойынша басқа да адамдар шақырады. Сезiктi немесе айыпталушы, сотталушы қорғану үшiн бiрнеше адвокаттарды шақыруға құқылы.

Сезiктiнi, айыпталушының, сотталушының сұрауы бойынша адвокаттың қатысуын қылмыстық процестi жүргiзушi орган қамтамасыз етедi.

Айыпталушы мен сезiктiнiң таңдап алған немесе тағайындалған адвокат бес күн мерзiм iшiнде келмесе iс жүргiзiп отырған орган сезiктi мен айыпталушыға, сотталушыға басқа адвокатты шақыруды ұсынуға немесе адвокаттардың кәсiптiк ұйымы немесе оның құрылымдық бөлiмшелерi арқылы қорғаушы тағайындауға шаралар қолданады.

Қазақстанның қылмыстық iс жүргiзу заңдылығы әрқашанда сезiктiнiң айыпталушының қорғануға құқығын дамытып жетiлдiрiп келедi. Мысалы, 1864 жылғы Қылмыстық iс жүргiзу заңы бойынша қорғаушы алдын ала тергеуге қатыспаған болса, 1959 жылғы Қаз ССР ҚIЖК-сi бойынша қорғаушы бiрiншi рет алдын ала тергеуге қатысты.

Ал, 1997 жылы Қазақстан Республикасының ҚIЖК-не сәйкес қорғаушы қылмыстық iс жүргiзудiң кез келген сатысына қатысуға құқылы. Қазақстан Республикасының Конституциясының 16-бабының 3 бөлiгiне сәйкес ұсталған, тұтқындалған, қылмыс жасады деп айып тағылған әрбiр адам, сол ұсталған, тұтқындалған кезден бастап қорғаушының көмегiн алуға құқылы.

Қорыта айтқанда сезiктiнiң, айыпталушының қорғану құқығы мынадай бөлiктерден тұрады:

- заңда тыйым салынбаған әдiстер мен құралдарды қолдана отырып айыпталушы, сезiктi, сотталушы өзiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау үшiн кез келген дәлелдемелердi ұсынуға құқылы;

- сезiктi, айыпталушы, сотталушы өзiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау үшiн адвокаттық көмек алуға құқылы.

- анықтау органдары, тергеушi, прокурор мен сот сезiктiге, айыпталушыға құқықтарын түсiндiруге және олардың айыптаудан заңмен тыйым салынбаған барлық құралдарымен қорғану мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге, сонымен бiрге олардың жеке мүлiктiк құқықтарын қорғауға шаралар қолдануға мiндеттi.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет