Имам абу ханифаның Өмірі және сенімі абу Ханифаның туылуы, толық аты және нисбасы



бет1/3
Дата02.07.2018
өлшемі4,53 Mb.
#46152
  1   2   3

Group 19Group 1



ИМАМ АБУ ХАНИФАНЫҢ ӨМІРІ ЖӘНЕ СЕНІМІ

الإمام أبو حنيفة حياته واعتقاده


< Қазақ тілі – Kazakh – كازاخي >

Islamic.kz сайтынан

Islamic.kz من موقع



ИМАМ АБУ ХАНИФАНЫҢ ӨМІРІ ЖӘНЕ СЕНІМІ



Абу Ханифаның туылуы, толық аты және нисбасы1

Ән-Нуғман бин Сабит бин әл-Мәрзубан әл-Куфи атақты парсы әулетінен шыққан және Ауғанстанның астанасы Кабулда дүниеге келген. Оның атасы әл-Мәрзубан екінші салиқалы халифа Умар ибн әл-Хаттабтың, Аллаһ Тағала оған разы болсын, билік құруы кезінде Исламды қабылдады және Куфаға көшіп барды.

Ең кең таралған пікірге сәйкес, Абу Ханифа, Аллаһ оны рахым етсін, хижраның 80 жылы Куфа қаласында дүниеге келді. Сол кезде халифалық билік Абд әл-Мәлик бин Мәруанның, Аллаһ оны рахым етсін, қолында еді.

Имамның білім алу жолына түсуі

Имам Абу Ханифа, Аллаһ оны рахым етсін, Куфада, бай, ауқатты, салиқалы және атақты отбасыда тәрбиеленді және ол өз ата-анасының жалғыз ұлы болған болуы көбірек ықтимал. Оның әкесі Куфада өз дүкенінде жібек сататын еді, ол қайтыс болғаннан кейін дүкен баласына мұрагерлік бойынша өтті. Басқа да білімді және салиқалы адамдар сияқты Абу Ханифа бала кезінде-ақ Құранды толығымен жаттап алған еді. Ол сахабалардың ізбасарларының қатарынан болған әш-Шәғби деген ғалыммен кездеспейінше ешбір ғалымдардан білім алмаған және өз әкесінің дүкенінде отырған болуы көбірек ықтимал. Бұл кездесу имам үшін, Аллаһ оны рахым етсін, ұлы игілікке жол ашты.

Ол он алты жасты толтырған кезде әкесі оны өзімен бірге қажылыққа және Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қаласын зиярат жасауға Меккеге және Мәдинаға алып барды.

Ғылымдарды игеру ол үшін діннің негізін үйренуден және құдайсыздар мен адасушылыққа түскендермен пікірталас жүргізуден басталды. Осы мақсатпен ол жиырма жеті реттен көбірек Басраға келіп, сол жерде шариғатты күмәндардан және адасқандар Исламға телігісі келген нәрселерден қорғап, пікір-таластар жүргізді. –Абу Ханифа үлкен атақтылыққа ие болғанша осылайша жалғаса берді, ал сол кезде ол тек жиырма жаста болатын. Сол кезден бастап Куфа мешітінде оның шәкірттерінің осындай ғылымдарды зерттеумен айналысатын үйірмесі жинала бастады.

Аллаһ Абу Ханифаның өзін, Аллаһ Тағала оны рахым етсін, және сонымен бірге барлық мұсылмандарды ұлы игілікке келтіруді қалағандықтан, имам фиқһты үйренумен айналысты. Мұның себебі Зуфардың ол Абу Ханифаның, Аллаһ Тағала оны рахым етсін, былай деп айтқаны туралы жеткізген дерегінде айтылады: “Мен үлкен танымалдылыққа ие болғанымша кәламмен2 айналысатынмын. Бірде біз Хәммад ибн Абу Сулайманның үйірмесіне жақын отырғанымызда маған бір әйел келді де, былай деді: «Бір ер кісі әйелімен Сүннетке сәйкес ажырасқысы келеді. Ол әйеліне қанша рет талақ беруі керек?», - деп сұрады. Мен оған мұны Хәммадтан сұрауын және кейін маған қайта келіп, бәрін айтып беруін бұйырдым. Ол бұл сұрақты Хәммадқа қойды, ал ол: «Ол әйеліне талақты бір-ақ рет оның етеккірі біткен соң беруі керек және онымен жыныстық қатынасқа бармауы керек. Кейін ол тағы екі етеккірдің аяқталуын күтуі керек, бірінші хайызы мен барлығы үшеу болғанға дейін, кейін тұрмысқа шығуына болады», - деп жауап берді. Оны тыңдап болып, әлгі әйел қайтып келіп, Хәммадтың сөздерін маған жеткізді. Ал мен: «Кәламның маған қажеті жоқ», - дедім де, содан соң кебістерімді қолыма алып, Хәммадтың алдына барып отырып, ол талдаған мәселелерді тыңдауға кірісіп, оны айтқандарын есте сақтай бастадым. Келесі күні ол тағы да мен есте сақтап қалған сол мәселелермен айналысты, ал оның оқушылары қателесті, сонда ол: «Шеңбердің ортасына менің жаныма Абу Ханифадан басқа ешкім отырмасын!», - деді”.

Имам Абу Ханифаның, Аллаһ оны рахым етсін, шейхтары

Сол кезден бастап Абу Ханифа, Аллаһ Тағала оны рахым етсін, өзінің шейхы Хәммадқа қалмай ілесті, ал ол оны Абу Ханифа есте сақтауымен және жақсы тәрбиесімен өз құрдастарын және шейхтың үйірмесіне өзінен бұрынырақ қосылғандардан асып түскенше фиқһқа үйретті, осы себепті шейх оны өзіне жақындатты да, оны мәжілістің ортасына отырғызатын болды. Оның өз шейхына деген қатынасы таң қалдырады. Мысалы, ол шейхтың үйіне келетін және ол намазға немесе қандай да бір істермен шыққанынша оны есігінің алдында күтетін, ал ол шыққан соң Абу Ханифа оған сұрақтарын қойып, оның жанында жүретін. Шейх өзінің жұмыстарымен шыққан кезде, ол оған қызмет жасайтын, ал Абу Ханифа өз үйінде отырған кезде тіпті шейхының үйіне қарата аяғын созудан тартынатын. Абу Ханифа намаз оқығанда, ол Аллаһқа өзінің шейхы және оның ата-анасы үшін де дұға ететін.

Осы күйінде ол шейх Хәммадтың, Аллаһ оны рахым етсін, өліміне дейін он сегіз жыл жүрді, ал шейх дүниеден өткен соң оның шәкірттері шейх Хәммадтың орнын Абу Ханифа басады және әрі қарай олар білімді содан алады деген бірауызды шешімге келді, сөйтіп ол керемет сәлафтың ең жақсы мирасқоры болды.

Имам Абу Ханифаның, Аллаһ оны рахым етсін, шейхтары өте көп еді. Олардың кейбіреулері төменде аталған:

1. Ибраһим бин Мухаммад әл-Мунташир әл-Куфи.

2. Ибраһим бин Йазид ән-Нәха‘и әл-Куфи.

3. Исма‘ил бин Хәммад бин Абу Сулайман әл-Куфи.

4. Аййуб әс-Сихтийяни әл-Басри.

5. Абу Хинд әл-Харис бин Абд әр-Рахман әл-Хамадани әл-Куфи.

6. Раби‘а бин Абд әр-Рахман әл-Мәдани.

7. Салим бин Абдуллаһ бин Умар бин әл-Хаттаб.

Ол ижтиһад жасауға арналған мәселелерді қалайша құрастыратыны және жазып алатыны туралы

Имам Абу Ханифа, Аллаһ Тағала оны рахым етсін, ижтиһад3 жасауға арналған мәселелерді құрастырудың өз әдістемесін жасап шығарды, ал ол төмендегідей еді. Өз шәкірттерімен кездескенде, ол олардың ішіндегі білгірлеріне белгілі бір мәселені қарап шығуды ұсынатын, осы орайда олардың әрбірі өздерінің дәлелдерін ұсынуға және өзінің көзқарасын қолдауға арналған, оның пікіріне сәйкес қажет болған дәйектер келтіруге тиіс еді. Содан соң Абу Ханифа шәкірттерінің айтқандарына пікірін білдіретін, оларды Құран мен Сүннетке немесе ақылдың дәйектеріне жасалған сілтемелермен нығайтатын және дұрыс шешім тапқандарының пікірлерін мақұлдайтын. Кейде осындай бір сұрақты құрастыру үшін бірнеше күн кететін. Мұндай білім беру еркін сипатқа ие болатын, отырғанның барлығының пікірлері тиісті құрметпен тыңдалатын, ал талқылау шәкірттердің зердесіне қажетті қорек болатын және сонымен бірге ұстаздың білімдері мен мәртебесін сызып көрсететін және осындай әдіспен фиқһ саласынан белгілі бір мәселе шешілген соң, оны жарамсыз деп айту түгілі, сынға алудың өзі қиынға түсетін, ал тура жолға салып, игілікке жеткізуші тек Аллаһ.

Әл-Мууаффақ әл-Мәкки былай деген: «Өз мәзһабының4 ережелерін жасап шығаруда Абу Ханифа, Аллаһ Тағала оны рахым етсін, өзінің шәкірттерімен және ізбасарларымен кеңесетін және тек қана өзінің ұйғарымымен ғана әрекет жасамайтын. Бір мәселеден соң басқа мәселені қарап, ол олардың әрбірін жан-жақты талқылайтын, өз ізбасарларының пікірін тыңдайтын, өзі пікір білдіретін және олармен пікір сайыстар жасап, белгілі бір тұжырым толығымен анық болмайынша оларды бір айға дейін және одан да көбірек уақытқа созатын, ал содан соң оны қады Абу Йусуф жазып алатын. Ал егер қандай да бір мәселе Абу Ханифаға, Аллаһ оны рахым етсін, қиын болып көрінсе, ол өзінің ізбасарларына: «Себеп тек менің қандай да бір күнә жасағанымда болып тұр», - деп айтатын және Аллаһтан кешірім тілей бастайтайтын, ал кейде бірден намазға кірісетін де, сол арқылы шешімді табатын және содан соң: «Менің тәубем қабыл етілген деп үміттенемін», - деп айтатын.

Бұл жөнінде әл-Фудәйл бин Ийяд естіген кезде қатты жылап, ал соңынан: «Бұл онда күнәлар аз болғандығынан, ал басқалар бұған көңіл бөлмейді!», - деп айтқан екен».

Абу Ханифаның ең көрнекті шәкірттері

Аллаһ Тағала Өзінің қалауымен Абу Ханифаны, Аллаһ оны рахым етсін, ұлы шәкірттердің болуымен де құрметтеді. Имам олармен бірге фиқһ мәселелерін шешіп, оның негіздерін жасап шығаратын, ал бұл оған қателік жасауға таяу қалған сәттерінде оны жасаудан құтылуға мүмкіндік беретін.

Шейх Абд әл-Қадир әл-Қурашидің «әл-Жәуәхир әл-мудийя» атты кітабында келтірілген Йахйя бин Закарийя бин Абу Зәидтің өмірбаянында Әсад бин әл-Фураттың былай дегені келтіріледі: «Абу Ханифаның жазу жазатын ізбасарларының саны қырық адамға жететін, ал олардың ең танымал ондығының құрамына Абу Йусуф, Зуфар, Дауд әт-Та’и, Әсад бин Амр, Йусуф бин Халид әс-Самти және Йахйа бин Закарийя кіретін».

Шейх Ахмад әл-Мәкки әл-Хорезми ірі ғалымдардың санатынан болған имамның сөздерін жеткізушілердің саны жеті жүзге жеткен және олардың әрқайсысы мұсылмандардың шейхы саналған, бұл адамдардың барлығы жердің түкпір-түкпіріне имамның риуаят еткен сөздерін жеткізген.

Абу Ханифаның, Аллаһ оны рахым етсін, ең танымал шәкірттеріне мына ғалымдар жатады:

1. Абу Йусуф Йакуб ибн Ибраһим әл-Куфи (113-182). Аббасилердің халифасы Харун әр-Рашидтің билік құруы тұсында жоғарғы қады болған. Ханафи мәзһабының құрылуында және дамуында үлкен рөл атқарған.

2. Мухаммад ибн Хасан әш-Шәйбани (132-189). Уәситте туылған. Соңынан Куфада және Бағдадта өмір сүрді. Райда қайтыс болды. Абу Ханифадан және Абу Йусуфтан тәлім алды. Ирак мектебінің Абу Йусуфтан кейінгі ең көрнекті құқықтанушысы болды. Ханафи мәзһабының құрылуында және дамуында үлкен рөл атқарды. Оның кітаптары ханафи мәзһабындағы ең атақты кітаптардың (Захир әр-Риуаййа) бірі болып табылады.

3. Абу әл-Хузайл Зуфар ибн Хузайл ибн Каус әл-Куфи (110-158). Исфаханда туып, Бәсрада қайтыс болған. Құқықты жеткізуші болған, кейіннен құқықтанумен айналысқан. Абу Ханифаның қиястағы ең қабілетті оқушысы болған. Ханафи мәзһабының қалыптасуында үлкен рөл атқарған.

4. Хасан ибн Зияд әл-Лулу (х. 204 ж. қайтыс болған). Фиқһты Абу Ханифадан, кейін Абу Йусуфтан және Мухаммад әш-Шәйбаниден оқып үйренді. Сондай-ақ хадис жеткізуші болған. Өзінің ұстазы Абу Ханифаның дүниетанымын баяндап жазған. Алайда ханафи мәзһабындағы атақтылық дәрежесі бойынша оның кітаптары «Захир әр-Риуайяның» құрамына кірген Мухаммад әш-Шәйбанидің кітаптарынан қалады.

Имамның сыртқы бейнесі және адамгершілік сипаттары

Имам Абу Ханифа, Аллаһ Тағала оны рахым етсін, орта бойдан биіктеу, қараторы адам болған. Ол ұнамды және жылы жүзді келбетке ие еді, ұзын сақалы бар болатын, әдемі киім, сәлде және кебістер киетін. Оның дауысы әдемі еді, ол сөзге шешен болатын, хош иістерді жиі пайдаланатын және олардың иістерінен оның келгенін білуге болатын. Ол ерекше арық еді, өйткені оның Аллаһтан қорыққандығынан және ұзақ ғибадаттарынан сүйектерінде май түгілі, ет те қалмауға жақын еді.

Әдетте адамның адамгершілік сипаттары оның иманының жемісі болып табылады және оның жүрегін қандай дәрежеде иман, салиқалылық және тақуалық толтырғанына нұсқайды. Иман қаншалықты күшті болса, ол жүректе қаншалықты мығым орнықса және оны өзінің нұрымен қаншалықты толтырса – соншалықты адамның адамгершілік сипаттары да жоғары болады, ал бұл оның өмірінің барлық жақтарына әсерін тигізеді, өйткені кез келген ыдыстан оның ішінде болған нәрсе ғана төгіледі.

Біздің салиқалы алдынғы буынымыздың өкілдері (салиқалы сәлафтарымыз) – сенімдер мен ниеттердің тазалығының, тақуалық пен ықыластылықтың үлгісі.

Абу Ханифа, Аллаһ Тағала оны рахым етсін, Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ең жақсы ғасырлар деп атаған Исламның алғашқы үш ғасырының ғұламаларына жатады және сондықтан да оның Аллаһпен және адамдармен болған қатынасын ескерсек, ол – біздің салиқалы сәлафтармыздың ішіндегі ең құрметтілерінің бірі екендігі таң қаларлық нәрсе емес.

Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқан: «Ең жақсы буын (ұрпақ) – менің кезімдегі буын (ұрпақ). Ал содан соң – олардан кейін келетіндер, содан соң – олардан кейінгілер». Әл-Бухари 3651, Муслим 2533.

Осы орайда, біз бірнеше мысалдарды келтіруді және оларды екіге бөлуді пайдалы деп санадық. Бірінші топқа жататын мысалдар Абу Ханифаның, Аллаһ Тағала оны рахым етсін, Аллаһ Тағалаға қалайша құлшылық еткенін және қалайша Одан қорыққанын көрсетеді. Ал өзге мысалдарға келер болсақ, олар оның жомарттығы, кішіпейілдігі, сабырлылығы және адамдарға ықыластылығы туралы куәлік етеді.

Имамның Аллаһ Тағалаға құлшылық етуі

Хафс бин Абд әр-Рахманның былай дегені жеткізіледі: «Мен Абу Ханифамен отыз жыл бойы іскерлік қатынаста болдым. Ол Құранды әр үш күн сайын оқып бітіретін және күнде садақа беретін».

Әл-Мууаффақ Букайр бин Мә‘руфтың былай деп айтқанын жеткізеді: «Мен Абу Ханифамен оның сапарлары кезінде де, ол қалада болған кезде де ажырамай жүрдім, оның түнде өз үйінде немен айналысатынын көрдім, әрі маған жасырын болып қалған нәрселер аз болды. Мен одан артық ыждағаттылықпен ерекшеленетін адам кездестірмеппін! Ол күндіз ораза ұстайтын, ал түнде намазда тұратын және Құран оқитын. Ол айырықша бойсұнушылықпен ерекшеленетін, ешқашан Аллаһқа мойынсұнудан шықпайтын және адамдарға түсіну қиын болған нәрселерде олардың сауатын ашатын. Аллаһ Тағала оған Өзінің ұлы рахымын нәсіп етсін!»

Аллаһқа құлшылық етуші және мойынсұнушы, түнделетіп Құран оқушы және оны өзінің сұхбаттасы етуші, Аллаһтан қорқушы және осының барлығын адамдардың назарынан жасырушы, ұзағынан күндер бойы ораза ұстаушы5, әкесі оны алғаш рет қажылыққа алып барған жылдан бастап жыл сайын қажылық жасайтын және күнде садақа тарататын имам Абу Ханифа осындай еді.

Жоғарыда айтылғандардың барлығын ескергенде, ғалымдар оған жиі мақтау айтқаны ғажап емес. Әл-Фәдл бин Сууайд Куфаға келгенде және адамдар одан Абу Ханифа туралы сұраған кезде, ол: «Біз жиі онымен бірге жүретінбіз және оның жиі ораза ұстайтынын және түнделетіп намаз оқитынын көретінбіз», - деп жауап берді.

Абу Муқатил былай деп айтқан: «Мен ұзақ уақыт бойы Абу Ханифамен, оның сапарларында да, ол өзінің үйінде тұрғанда да ажырамай жүрдім және мен Аллаһқа одан көп құлшылық жасайтын және намаз оқитын, одан артық салиқалылықпен ерекшеленетін адамды, ал фиқһқа келер болсақ, бұл салада одан артық хабардар болған адамды көрмеппін».

Ата бин Жәбала былай деген: «Абу Ханифа фиқһ мәселелерін баршадан жақсырақ игергендігіне, (сол кездегі) адамдардың арасында ең салиқалы, Аллаһқа баршадан көбірек құлшылық ететін және баршадан көп намаз оқитын адам болғанына қарсы болатын бірде-бір ғалым-ғұламаны кездестірмеппін».

«Абу Ханифа, Аллаһ Тағала оны рахым етсін, бірде түнде Құран оқып отырып «әт-Тур» сүресінің «...бірақ Аллаһ бізге рахым көрсетті және (бізді) жалынды боранның азабынан қорғады!» деген 27-аятына келген кезінде, бұл аятты муәззін (азаншы) таң намазына азан шақыра бастағанға дейін қайталай берді» деген хабар жеткізіледі. Ал тағы бірде ол түн бойы намаз оқып тұрып, Аллаһ Тағаланың «Әлбетте оларға уәде етілген Қиямет, ол - үрейлі, тым ащы бір мезгіл» («әл-Қамар» сүресі, 46-аят) деген сөздерін қайталап тұрды. Абу Ханифаның ұлының шешесі болған оның күңі былай деген: «Мен оны білгелі бері, ол ешқашан жайлы төсекте ұйықтамайтын, ал ұйқыға уақытты жаз мезгілінде бесін мен екінті намазының аралығында бөлетін; қыс мезгілінде ол әдетте намаз оқитын жерінде түннің бас жағында ұйықтайтын».

Әл-Кардари Йахйя бин Са‘ид әл-Қаттанның былай деп айтқанын жеткізген: «Біз Абу Ханифамен бірге уақыт өткізетінбіз және оны тыңдайтынбыз. Аллаһпен ант етемін, мен оған қарағанымда, оның жүзінен ол Ұлы Аллаһ Тағаладан қорқатыны байқалатын».

Әл-Кардари Ибн әл-Мубарактың да былай деп айтқанын жеткізген: «Мен Куфаға келіп, адамдардан фиқһ мәселелері бойынша кім ең жақсы хабардар деп сұрадым және маған: «Абу Ханифа», - деп айтылды. Кейін мен олардан кім бұл дүниеден барынша алшақтауға тырысады деп сұрағанымда, маған: «Абу Ханифа», - делінді. Ал кейін мен олардан кім ең көбірек салиқалылықпен ерекшеленеді деп сұрадым және олар: «Абу Ханифа», - деп жауап берді».

Әл-Мууаффақ Мис‘ар бин Қудамның былай дегенін жеткізген: «Бірде мен Абу Ханифамен бірге көшемен жүріп бара жатқанымызда, ол абайсыздықпен бір баланың аяғын басып кетті, ал ол: «Уа, шейх, сен Қиямет күні тең мөлшерде болатын жазалаудан қорықпайсың ба?», - деді және осы сөздерді естіген Абу Ханифа ес-түсін жоғалтты. Мен оның жанында қала бердім, ал ол өзіне келген кезде: «Уа, Абу Ханифа, мына баланың сөздері саған соншалықты әсер еткенін-ай!», - дедім. Бұған ол: «Мен бұл сөздер оған білдірілді ме деп қорқамын!», - деп жауап берді».

Әл-Мууаффақ Ибн әл-Мубарактың былай деп айтқанын жеткізген: «Бірде мен Суфйян әс-Сауриге: «Абу Ханифа өзгелерді балағаттаудан нендей аулақ! Мен оның тіпті өзінің дұшпаны туралы жаман сөз айтқанын естімеппін», - дедім. Ол бұған: «Аллаһпен ант етемін, ол өзінің игі істерінің үстінен билікті осы істерді жоятын адамға беріп қоюшы болудан ақылды», - деп жауап берді.

Әл-Мууаффақ Абд әр-Раззақтың былай деп айтқанын жеткізген: «Мен қашан Абу Ханифаға көз салғанымда, оның көздері мен беттерінде көз жастарының іздерін көретінмін».

Әл-Мууаффақ Дирар бин Сурадтың ол ең жақсы адамдардың бірі деп есептеген Йазид бин әл-Кумайттан мына сөздерді естігенін жеткізеді: “Абу Ханифа Аллаһтан өте қатты қорқатын. Бірде кешкі намазда артында Абу Ханифа тұрған бізге «Жер сілкіндірілген кезде...» («Зилзала» сүресі, 1-аят) деп айтылатын сүрені оқып берді. Біз намазды орындап болғанда және адамдар таралған кезде, мен өз орнында ой құрып және күрсініп отырған Абу Ханифаға қарадым да: «Оны мазаламай кете қояйын», - дедім. Кетіп бара жатып, мен ішінде азғантай май қалған шырақты сол жерде қалдырып қойдым, ал таңға азғантай уақыт қалғанда қайта оралғанымда оның (Абу Ханифаның) өз сақалын ұстап: «Уа, тозаңдай болған игілікке игілікпен қайыратын және тозаңдай жамандық үшін тиісті жазасын беретін (Аллаһ)! Өзіңнің құлың ән-Нуғманды Оттан және Отқа жақындататын жамандықтардан қорғай гөр және оны Өз рахымыңа бөле!», - деп айтып, сол орнында тұрғанын көрдім. Содан соң мен азан шақырдым және шырақтың жанып тұрғанын, әрі оның әлі де тұрып тұрғанын көрдім, ал мен ішке кіргенімде, ол менен: «Сен шырақты алып кеткің келіп тұр ма?», - деп сұрады. Мен: «Таң намазына шақырып қойдым», - дедім. Ол: «Көрген нәрсең туралы ешкімге айтпа», - деді де, содан соң екі ракағат сүннет (нәпіл) намазын оқып, мен парыз намаздың басталғанын жариялағаныма дейін отырды. Оны Абу Ханифа түнгі намазға алған дәретін бұзбаған күйінде бізбен бірге орындады”.



Каталог: data
data -> Шындалиева М. Б
data -> Бейсенбай Кенжебаев алаш туы астында (мақалалар мен зерттеулер)
data -> Шығыс Қазақстан облысының Семей аймағында 2013 жылы аталып өтілетін және еске алынатын
data -> Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапхана
data -> М. Б. Шындалиева Филология ғылымдарының докторы, профессор
data -> Олжабай Нұралыұлының шығармашылық мұрасы хаһында
data -> Оқулық Астана, 2012 Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
data -> Қазақ очеркі
data -> «Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапхана
data -> «Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапхана


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет