Информатика кабинетінің жылдық есебі Дайындаған: Информатика пәнінің маманы



Дата22.11.2019
өлшемі19,46 Kb.
#52312
Байланысты:
Жылдык есеп
Документ Microsoft Office Word, Жылдык есеп
«№34 «Болашақ» балабақша - мектепке дейінгі гимназия» МКҚК

Информатика кабинетінің

жылдық есебі

Дайындаған:

Информатика пәнінің маманы:

Ж.Т.Сарсенгалиева.
Ақтау – 2014ж

2013/2014 оқу жылында бекітілген кесте бойынша информатика пәні №7, №8, №10 ересектер тобына аптасына 1 рет, ал №11, №12, №4, №5, №1 естиярлар тобына 2 аптасына 1 рет өткізілді. Информатика пәнінің жоспары мен технологиялық картасы бекітіліп, сол бойынша сабақ жүргізілді.

Ілгерлемелік жоспарға сәйкес жыл бойы «Компьютер кабинетімен таныстыру», «Компьютердің шығу тарихы», «Компьютер кабинетінде отыру ережесі», «Қауіпсіздік техникалық ережелері», «Компьютер құрылғылары мен оның қызметі», «Тышқанмен жұмыс жасау ережесі», «Paint» графикалық редакторының құралдарымен жұмыс жасау, «Word» текстік редакторы, т.б. тақырыптарда сабақтар өткіздім.

Жыл басынан «Мектепке дейінгі мекемедегі информатика пәні» тақырыбында шығармашылықжұмысымды жинақтап бастадым.

2013 жылдың желтоқсан айында информатика пәні бойынша №29 балабақша-гимназиясында, №53 балабақшада өткен жетістіктер апталығына қатыстым. Көрсетілген ашық сабақтар өте жақсы деңгейде өтті. Жетістіктер апталығында алған тәжірибелерді сабақтарымда қолданып келдім.

Желтоқсан айында информатик мамандардың шығармашылық тобы құрылды. Сол топқа мүше болып ендім. Осы шығармашылық топтың жоспары бойынша наурыз айында №53 балабақшада семинар ұйымдастырылып «Компьютерлік ойын бағдарламалары мектепке дейінгі жастағы баланың эмоционалдық жағдайын тұрақтандырушы құрал»тақырыбына баяндама оқыдым. Жалпы 5-6 жастағы балалардың компьютерлік ойын бағдарламалары туралы және ақпаратты мәдениетті дамыту үшін балаларымызға дұрыс білім беру керекігі туралы түсінік бердім.

Мамыр айында №36 балабақша гимназиясында информатика пәні бойынша информатик мамандарға тәжірибе жинақтау барысында ашық сабақ ұйымдастырылды. «Компьютер және оның құрылғылары» тақырыбына ашық сабақ көрсетіліп, өзара ақыл-кеңестер айтылды. Өз сабақтарымда қолдануға көп мағлұмат жинадым.

Балабақшамен қоштасу ертеңгілігінде түлектерімізге арнап фото слайдтар жасадым, диплом және ата-аналарға арналған алғыс хаттар дайындауда өз үлесімді қостым.

Кабинетке арналған дидактикалық құралдар және көрнекіліктер жинақтаудамын. Алдағы оқу жылында балаларды оқытуға қажеттіқұралдар толықтай жиналуына жұмыстанудамын.

«№34 «Болашақ» балабақша» МКҚК

Дене шынықтыру пәнінің

жылдық есебі

Дайындаған:

Дене шынықтыру пәнінің маманы:

Буйрашева Г.Д..
Ақтау – 2018ж

2017/2018 оқу жылында бекітілген кесте бойынша дене шынықтыру пәні №10 мектепалды даярлық топтарына, №7, 11, 12 ересектер тобына аптасына 3 рет, ал №4, №6, №8 естиярлар тобына аптасына 3 рет, II кіші топтар №1, №2 аптасына 3 рет өткізілді. Дене шынықтыру пәнінің жоспары мен технологиялық картасы бекітіліп, сол бойынша оқу қызметтері жүргізілді.

Жыл басынан «Дене тәрбиесі баланың денесін шынықтыру және қимылын дамыту үшін қажет» тақырыбында шығармашылық жұмысымды аяқтап, жоғары санатқа құжаттарымды тапсырдым.

Осы балабақшадағы іс-шараларға қатысып, өз үлесімді қосып келемін. Күзгі және Жаңа Жыл, Наурыз мерекелеріне арналған мерекелік ертеңгіліктерде басты кейіпкерлерді сомдадым. Балабақшалар арасындағы қалалық байқауларға қатысып, жүлделі орындар иелендім.

2018 жылдың қаңтар айында қалалық семинарда «Суықпенен аязда шынығамыз бәріміз!» атты ашық оқу-қызметін өткіздім.

Жетістіктер апталығында өткізілген оқу қызметіне әдістемелік көмек бердім және кейіпкер болып қатысып, өз тәжірибелеріммен бөлістім.

2018 жылдың наурыз айында балабақшада тәрбиешілер мен мамандар арасында «Келіндер сыны» атты байқауын өткіздім

Қалалық «Ханталапай» байқауына қатыстым.

2018 жылдың сәуір айында мектепалды даярлық және ересектер топтары арасында «Әкем, шешем және мен!» атты ойын-сауық мерекесін өткіздім.

Дене шынықтыру пәні бойынша бала жасына сәйкес әр топтарда ай сайын іс-шаралар және қорытынды оқу қызметтерімді ұйымдастырып өткіздім.

Дене шынықтыру пәні бойынша балалардың денсаулық деңгейінің көрсеткіштерін жылына 3 рет жасап толтырып тапсырдым.

Балабақшамен қоштасу ертеңгілігінде түлектерімізге арналған мерекелік іс-шараға де басты кейіпкер ролінде ойнап, өз үлесімді қостым.

Кабинетке арналған дидактикалық құралдар және көрнекіліктер жинақтадым. Алдағы оқу жылында балаларды оқытуға қажетті құралдар толықтай жиналуына жұмыстанудамын.

«№34 «Болашақ» балабақша» МКҚК

Орыс тілі пәнінің

жылдық есебі

Дайындаған:

Орыс тілі пәнінің маманы:

Кушмаганбетова М.С.
Ақтау – 2018ж

2017/2018 оқу жылында бекітілген кесте бойынша орыс тілі пәні №10 мектепалды даярлық тобында аптасына 2 рет, №7, 11, 12 ересектер топтарында аптасына 1 рет, ал № 4, № 5, № 6, № 8 естиярлар тобына және II кіші топтар №1, №2 айына 2 рет өткізілді. Орыс тілі пәнінің жоспары мен технологиялық картасы бекітіліп, сол бойынша оқу қызметтері жүргізілді.

2018 жылдың қаңтар айында өткен қалалық семинарға №7 ересек тобы балдарын дайындадым.

2018 жылдың сәуір айында мектепалды даярлық және ересектер топтары арасында «Әкем, шешем және мен!» атты ойын-сауық мерекесінде сайқымазақ рөлін сомдадым.

1 мамыр Қазақстан халқы бірлігі күні қарсаңында балабақшада ұйымдастырылған мерекелік шараға қатысып, сайқымазақ ролін сомдадым.

1 мамыр Қазақстан халқы бірлігі күні шеңберінде өткен қалалық өнер фестиваліне қатыстым.



Орыс тілі пәні бойынша бала жасына сәйкес топтарда қорытынды оқу қызметтерімді ұйымдастырып өткіздім.

Кабинетке арналған дидактикалық құралдар және көрнекіліктер жинақтадым. Алдағы оқу жылында балаларды оқытуға қажетті құралдардың толықтай жиналуына жұмыстанамын.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет