«Информатика» пәнінен тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясы 5-сынып



бет1/13
Дата06.12.2019
өлшемі1,02 Mb.
#53079
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
ТЖБ Информатика 5



«Информатика» пәнінен тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясы
5-сынып

МАЗМҰНЫ


  1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты 3

  2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар 3

  3. Күтілетін нәтижелер 3

  4. Ойлау дағдыларының деңгейі 4

  5. Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды бөлу.. 5 6. Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері 5

7. Модерация және балл қою 5

1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 6

2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 11

3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 17

4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 25

  1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты


Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты білім алушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.

Жиынтық бағалау күтілетін нәтижелер жетістігін және тоқсанға жоспарланған оқу мақсаттарына жеткендігін тексереді.



  1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар


Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Информатика» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы.

  1. Күтілетін нәтижелер


Білу:

- қауіпсіздік техникасы ережелерін;

- процессор анықтамасын;

- қатты диск анықтамасын;

- бағдарламалық қамсыздандыру анықтамасын;

- ақпараттың анықтамасын;

- ақпараттың әр түрлі формада берілуін;

- алгоритм анықтамасын.



Түсіну:

- қауіпсіздік техникасы ережелерін бұзу зардаптары туралы;

- процессордың міндетін;

- қатты дисктің міндетін;

- бөгде жұмысты көшірудің заңсыздығы туралы;

- ақпарат пен ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдарының экономикалық, құқықтық және этикалық аспектілерін;

- пайдаланушының жүйемен жұмыс жасауы үшін бағдарламалық қамсыздандырудың қажеттілігін;

- алгоритмнің сөз түрінде ұсынылуын.



Қолдану:

- құжаттарға құпия сөз орнатуды;

- файлдарды жалпы қолданысқа рұқсат етілген етуді;

- жалпы қолданысқа рұқсат етілген файлдарды өзгертуді және жүктеп алуды;

- растрлы бейнелерді құруды және өңдеуді;

- орындаушыларға және олардың командалар жүйесіне мысалдарды;

- ойын бағдарламалау ортасында (Лого, Scratch) нысандар мен оқиғалар анимациясын;

- құжатты баспаға шығаруды тиімді ұйымдастыруды (парақ параметрін орнату, алдын ала көру және т.с.с.).


Талдау:

- ойын бағдарламалау ортасында (Лого, Scratch) тармақталу және цикл командаларын;

- бөгде жұмысты көшірудің заңсыздығын.

Жинақтау:

- өз ойларын көрсету және іске асыру үшін мәтін, графика және мультимедиа түріндегі ақпаратты.

- Бағалау:

- ақпараттың сапасын, маңыздылығын,пайдалылығын және тиімділігін;

- алгоритмнің тиімділігін және оның орындалу нәтижелерін;

- АКТ құралдарының адам денсаулығына кері әсерін.


  1. Ойлау дағдыларының деңгейі





Ойлау дағдыларының

деңгейі


Сипаттама

Ұсынылатын тапсырмалар түрлері

Білу және түсіну



- қауіпсіздік техникасы ережесін;

- қауіпсіздік техникасы ережелерін бұзудың салдарларын;

- процессор және қатты диск анықтамасын;

- бағдарламалық қамсыздандру анықтамасын және оның пайдаланушының жүйемен жұмыс жасауы үшін қажеттілігін;

- бөгде жұмысты көшіруді заңға қайшыдығын;

- алгоритм анықтамасын;

- алгоритмнің сөз түрінде ұсынылуын.


Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар және/немесе толық жауапты қажет ететін тапсырмалар


Қолдану


- құжатқа құпия сөз орнатады;

- файлдарды жалпыға қолданысқа рұқсат етілген етеді;

- жалпыға қолданысқа рұқсат етілген файлдарды өзгертеді және жүктейді;

- растрлы бейнелерді жасайды және өңдейді;

- алгоритмді сөз түрінде көрсетеді;

- орындаушылар мен олардың командалар жүйесіне мысал келтіреді;

- ойын бағдарламалау ортасында (Лого, Scratch) нысандар мен оқиғалар анимациясын жасайды:

- құжаттарды баспаға тиімді түрде ұйымдастырады (бет параметрлерін орнатады, алдын ала көруді орындайды

және т.б.).

Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар және/немесе толық жауапты қажет ететін тапсырмалар



Жоғары деңгей дағдылары



- ойын бағдарламалау ортасында (Лого, Scratch) тармақталу және цикл командаларын қолданады;

- бөгде жұмысты көшірудің заңға қайшылығын ұйғарады.



Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар және/немесе толық жауапты қажет

ететін тапсырмалар



  1. Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды бөлу




Тоқсан

Білу және түсіну

Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары

I

60%

40%

0%

II

50%

0%

50%

III

20%

60%

20%

IV

0%

60%

40%




  1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс.

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын нұсқаулық оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады.

Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе анықтамалық әдебиеттер, калькулятор (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіледі. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.

Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қою ұсынылады.

Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.

Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын хабарлап отыру қажет.

Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтіну керек.



  1. Модерация және балл қою

Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.


1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ



1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
Ұзақтығы - 40 минут

Балл саны - 20



Тапсырма түрлері:

КТБ – көп таңдауы бар тапсырмалар;

ҚЖ – Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;

ТЖ – Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.

Жиынтық бағалаудың құрылымы

Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әр түрлі тапсырмалар типтері пайдаланылды: бірнеше жауаптары бар тапсырмалар, қысқа/толық жауапты тапсырмалар.

Бұл нұсқада бірнеше жауаптан таңдауды қажет ететін, қысқа және толық жауапты қажет ететін 10 тапсырма бар.

Бірнеше жауабы бар тапсырмада оқушы берілген жауаптар нұсқасынан тек біреуін таңдайды.

Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмаларда оқушы жауапты сандық мән түрінде, сөз немесе қысқа сөйлем түрінде жазады.

Толық жауапты қажет ететін тапсырмаларда оқушы максималды балл жинау үшін тапсырмадағы тізекті әрекеттерді орындай отырып, шешімін табады. Оқушының таңдау және математикалық контекст тізбегіндегі математикалық тәсілдерді қолдана алу қабілеті бағаланады. Тапсырмаларда бірнеше құрылымдық бөлімдер/сұрақтар болуы мүмкін.


1-тоқсандағы жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы






Бөлім


Тексерілетін мақсат

Ойлау дағдыларының

деңгейі

Тапсырма саны*

Тапсырма

*



Тапсырма түрі*

Орындау уақыты мин*


Балл*

Бөлім бойынша балл

Компьютер және кауіпсіздік



5.4.1.1. қауіпсіздік техникасы ережелерін

бұзу себептерін талдау



Білу және түсіну

2

1,2

КТБ, ҚЖ

3

3


10


5.1.1.1. процессор мен қатты дискінің

қызметін қарапайым деңгейде түсіндіру


Білу және түсіну


4

3,4,5,6

ҚЖ

8

7

Интернеттегі қауіп


5.4.2.2. құжаттарға құпия сөз орнату

Қолдану

1

7

ТЖ

8

3

10


5.1.3.1 жалпы қолданысқа рұқсат етілген бумадағы файлдарды өзгерту, жүктеп алу және

орналастыру



Қолдану


3


8,9,10


ҚЖ, ТЖ


20


7


Барлығы:







10







39 минут

20

20

Ескерту: * - өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер

7



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет