Информатика сабағында оқушылардын шығармашылық қабілеттерін дамытудағы деңгейлік тапсырмалардын маңызы



Дата27.05.2018
өлшемі103,06 Kb.
#40984
түріСабақ
Батыс-Қазақстан облысы

Жаңақала ауылы

Жаңақала жалпы орта білім беретін мектебі

Джумагильдина Гульнар Сембайқызы

информатика пәнінің мұғалімі

Информатика сабағында оқушылардын шығармашылық қабілеттерін дамытудағы деңгейлік тапсырмалардын маңызы.
Қазіргі оқу процесін ұйымдастыру, оқушының жан-жақты дамуына, ақыл-ой мен ойлау тәсілдеріне үйрету, талдау жасау, салыстыру, байқау мүмкіндіктеріне баулу және содан қорытынды шағаруға үйретуге бағытталған. Оқушының жеке тұлғасын, оның рухани әлемін, қабілеті мен ынтасын дамыту бүгінгі таңдағы негізгі мәселенің бірі. Оның себебі оқушы өз бетімен ізденіп жұмыс істеуге, өз бетінше алған білімін тәжірибеде, өмірде пайдалануды үйренуі. Сол үшін оқушының өзіне сенімін арттыру, шығармашылығын дамыту мақсатында мұғалімнің сабағы әр түрлі, жан-жақты болуы керек.

Сабақ мазмұнының теориялық-практикалық құндылығы жоғары болған сайын оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу өте тиімді жүргізіледі. Сабақ құрылымы көп түрлі оқыту әдістерімен, мұғалімнің дайындығы, ізденісі жоғары деңгейде болуы қажет. Оқушының пәнге қызығушылығын арттыру – мұғалімнің өз еңбегін ұтымды ұйымдастыра отырып, оқушыларды шығармашылыққа іздеуін қалыптастыру, оқушыларға сұрақ қою, эксперементтік тапсырмаларды шештіру, ой таласын жасау, танымдық ойындар ұйымдастыру арқылы іске асады.

Оқушы өз бетімен жұмыс істеуін әртүрлі деңгейде ұйымдастыруға болады. Өз бетімен жұмыстың тапсырмаларын құрастырғанда оның қиындық дәрежесі оқушының оқу мүмкіншілігіне қарай әзірленеді.

Өз іс тәжірибемде сабақ беру үрдісінде мынадай факторларға сүйенемін:



  • оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге үйрету;

  • оқушылармен жекелей, жұптық, топпен жұмыстар жүргізу;

  • оқушылардың шығармашылық қызметін дамыту.

Бір сыныптағы оқушылар бір бағдарламамен және бір оқулықпен оқығанмен, олардың сол материалдарды игеруі әр түрлі деңгейде болады. Сабақ барысында оқушылардың жеке жұмыс істеуін барлық кезеңдерінде жүргізуге болады. Ол үй тапсырмасын сұраған кезде болсын, жаңа материал бойынша тапсырма берген кезде, сабақты пысықтау кезінде, қорытындылау кезінде. Оқушылардың білімдерін жетілдіру, тексеру үшін әр түрлі сабақ түрлеріне арналған деңгейлік тапсырмаларды және тест тапсырмаларын қолданамын. Деңгейлік тапсырмаларды қолданудын тиімділілігі: мұғалім оқушылардың жеке жұмысын бақылайды, оқушылар бір-біріне кедергі келтірмейді, сынып оқушылары жұмыс істеп отырғанда, үлгерімі төмен оқушылармен жеке жұмыс істеуге мүмкіндік болады және тапсырмалар орындалу барысында оқушының үй тапсырмасын орындауы, өткен тақырыпты қаншалықты меңгергені белгілі болады.

Сыныптар бойынша, әр тақырыпқа арналаған деңгейлік практикалық, тест тапсырмалары, қағаз және электрондық түрінде жинақталды, оларды үнемі сабақтарымда пайдаланамын. Мысалы, жылда 7 сынып оқушыларына, биыл 5-6 сынып оқушыларына «Қауіпсіздік және тәртіп ережелерін» өткен кезде, оқушыларға карточкаларға жазылған ережелерді беріп, оларды «Болады» және «Болмайды» деген жазулары бар екі конвертке бөліп салындар деген тапсырма берілгенде, оқушылар осы ережелерді жылдам есте сақтайды. «Paint» тақырыбын өткенде оқушыларға жобалық жұмыс беремін, оқушылар жобаларын қызықты орындайды, қорғайды. «Word», «Excel» тақырыптары бойынша кестелер салуда, суреттер кірістіруде, есептеулер жүргізуде, диаграммалар құруда деңгейлік тапсырмалар өте тиімді. Мысалы, «Word» мәтіндік редакторы бойынша тапсырмалар:


І деңгей

1. Төменде берілген мәтінді мына көрсетілген әрекеттер бойынша теріп, жаз.

а) қазақша әріпті теру қарпін таңда;

ә) қаріптің өлшемін 14-ке тең деп ал;

б) оң жағынан тегісте;

в) «7 сынып» деген файлға сақта

Адам баласының жүріп өткен жолдарына назар салсақ, көз алдымызға қоғамды басқаратын халық елестейді. Сол халықтың басты мақсаты ақылды да саналы, тәртіпті де еңбексүйгіш ұрпақ тәрбиелеу. Әрбір халық өз ұрпағының қайырымды да адал, әділ де ержүрек, үлкенді құрметтеп, кішіге қамқор, ар-ұяты мол кішіпейіл болып өскенін қалайды. Соның ішінде қазақ халқы да өз ұрпағын тәрбиелеуде талай ғасыр бойы жасап келе жатқан әдет-ғұрпына, салт-дәстүріне арқа сүйейді.
ІІ деңгей

Кестеде келтірілген әрекеттерді орындағанда пайдаланатын арнаулы белгілерді көрсет. Келтірілген әрекеттерді орындауға болатындай мәтінді ойлап тауып тер. Оны «7 сынып» деген файлға сақтап, қағаз бетіне басып шығар.




Р/с

Орындалатын әрекеттер

Мәтінді өңдегенде қолданылатын арнаулы белгілер

1

Қаріп тізімінен «Times New Roman» қарпін таңда




2

Әріптер өлшемін 19-ға тең деп ал




3

Мәтін атауын қарайтып ерекшеле және ортасына тегісте




4

Сол жақтан тегістеу батырмасын таңда




5

Мәтінді тер






ІІІ деңгей

Редактор терезесінде төмендегі жұмбақты теріп жаз. Жұмбақтың шешуін тауып, сол шешімнің бейнесін Paint графикалық редактор терезесінде бейнеле. Буфердің көмегімен оны мәтіндік редактор терезесіндегі жазылған жұмбақтың жанына орналастырып, «7 сынып» файылына сақтап қой.

Ши басында табақ,

Іші толмаған тамақ.

Ешкім пісірген жоқ,

Ешкім түсірген жоқ.


«Excel» мәтіндік редакторы бойынша тапсырмалар:
І деңгей

Кестені толтырыңдар:






A

B

C

D

E

F

1

Ведомость заработной платы

2



Фамилия,имя,отчество

январь

февраль

март

апрель

3

1

Асылбекова Алма Ернаровна

5800

5955

6500

6450

4

2

Иванов Петр Иванович

6300

6440

6500

7000

5

3

Иманов Абай Аманович

4500

4800

4950

5300

6

4

Омаров Ербол Ерикович

6700

6300

6890

7200

7

5

Сидоров Николай Сергеевич

9100

9100

10000

9600

8




итого

32400

32595

34840

35550



ІІ деңгей

Кестені толтырыңдар:



Алматы облысы халық санының өзгеруі.

Жылдары

Халық саны (мың адам)

Оның ішінде

Пайызға шаққандарда

Қала халқы

Ауыл халқы

Қала халқы

Ауыл халқы

1970

340,3

198,5

141,8







1979

373,4

222,5

150,9







1989

432,3

262,6

169,7







1999

443,7

260,8

182,9







Қала және ауыл халқының пайызға шаққандағы мөлшерін есептеп шығарыңдар.
ІІІ деңгей

Кестені толтырыңдар:



Атауы

Саны

Бағасы

Құны

Тұтыну мерзімі

Бір жылда тозуы (износ)

Бір айда тозуы

фрезер станогы

2

25000




8 жыл







бұрғылау станогы

1

14350




10 жыл







компьютер

1

120000




5 жыл







барлығы:



















Бір жылғы тозуы = құны/тұтыну мерзімі

Бір айда тозуы = бір жылда тозуы/12


9 сынып оқушыларына «Цикл операторлары» тақырыбы бойынша практикалық сабағында төмендегідейтапсырмалар беруге болады:

І деңгей

1. 0 мен 20 сандарының қосындысын есептейтін бағдарлама құру.

2. 0 мен 20 аралығында сандарды монитор бетіне шығаратын бағдарлама

құру.
ІІ деңгей

1. 1-ден 9-ға дейін сандардың көбейтіндісін есептейтін бағдарлама құру.

2. 10 мен 50 сандар аралығындағы жұп сандарды монитор бетіне шығаратын

бағдарлама құру.
ІІІ деңгей


  1. 9 санына көбейту кестесін шығаратын бағдарлама құру.

  2. Жұмысшы 1 сағатта 25 деталь жасайды, содан кейінгі 1 сағат сайын 3 детальға көбейді. 8 сағатта шығарылатын детальдар саның есептейтін бағдарлама құру.

Жоғары сынып оқушылары

«Power Point» тақырыбы бойынша зертханалық тапсырмалар:
І деңгей

1. Power Point программасын іске қосу.

2. Бос презентация опциясын таңдау.

3. Берілген тақырып бойынша презентация слайдын құру.


ІІ деңгей

  1. Құрылған презентация слайдына анимациялық эффектілер қосу.

  2. Презентация слайдын автоматты түрде жарнамалауға өзгерту.

  3. Презентация мәтінін кез-келген түске безендіру, мәтін өлшемін 16-ға өзгерту.


ІІІ деңгей

  1. Презентация слайдына жаңа фон үлгісін қолдану.

  2. Презентация слайдындағы суретке Қайта бояу (перекрасить) батырмасы арқылы оның түсін өзгертіп, құю әрекеттерін пайдалану.

  3. Презентация слайдына Слайд ауысы (переход слайда) тәсілін қолдану.

  4. Презентациялық слайдты енгізілген өзгерістерімен бірге экранға жарнамалау.

Көптеген тақырыптар бойынша оқушылар жобалар құрып, қорғайды. Жоба қорғау да жеке, жұптық, топтық болып бөлінеді және оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған жеке жұмыстын бір түрі.



Жаңадан келген оқулықтар жұмыс істеуге өте ыңғайлы, әр тақырыптан соң деңгейлік тапсырмалар, тест тапсырмалары, практикалық тапсырмалар берілген.

Қорытылай келгенде, оқушылардың жеке білімдерін анықтау және бағалау тұрғысында олармен деңгейлік тапсырмалар бойынша жұмыстар жүргізген өте ыңғайлы демекпін.
Каталог: 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Хромтау қаласы №6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековнаның
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Мәскеу,Ленинград,Сталинград шайқастарына қатысуы. Сабақтың мақсаты
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Сабақ Тақырыбы: Қазақ жеріне терме,жырлары кеңінен тараған ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының "Досқа насихат"термесі
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Жетім. М.Әуезов Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет