Информатиканы оқытуда білім беру және ақпараттық-коммуникациялық технологияларын интеграциялау әдістемесі



Дата10.03.2017
өлшемі101,18 Kb.
#11331
ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ИНТЕГРАЦИЯЛАУ ӘДІСТЕМЕСІ
Альжанова М.Т., Альжанова А.К., Альжанов И.А.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті, Астана қ., Қазақстан

marzhan_alzhanova@mail.ru


Оқытуды ақпараттандыру идеяларын іске асыру көрнекілік-түсіндіру әдістері мен білімді механикалық меңгеруден оқу материалын көрсету мен алудың заманауи тәсілдерін және ақпараттық қарым-қатынас технологияларын пайдалана отырып, өз бетімен жаңа білімді меңгеруге арнайы көшулерді әзірлеуді талап етеді. Оқу үрдісінде ақпараттық-коммуникациялық технология (АКТ) құралдарының мүмкіндіктерін пайдаланудың спектрі кеңеюде, оқытудың жаңа формалары мен әдістері әзірленуде, оқытудың дәстүрлі әдістері түрлі пәндерге түрленуде.

Жаңа программалық өнімдерде АКТ-ның дидактикалық мүмкіндіктері әрдайым қолдана бермейтінін атап өту керек, сондықтан олар әрқашан педагогикалық мақсатқа лайықты бола бермейді. Сәйкесінше, әрбір оқытушыға осы саладағы жаңалықтармен үнемі танысып отыру керек, оқытуда АКТ құралдарын пайдаланудың тиімділігін көтеру жолдарын анықтау мақсатымен оқытушы-жаңашылдардың тәжірибесімен танысып отырулары қажет.

Қандай да бір сабақты өткізу кезінде АКТ құралдарын пайдаланудың әдістемелерін сипаттамас бұрын, келесілерді атап өтейік:

1. Оқытуды ақпараттандыру оқыту формалары мен әдістерінің, оқыту мазмұнының елеулі түрде өзгеруіне әкеледі;

2. Оқу үрдісіне АКТ құралдарын ендіру оқытушының орнын басуға немесе оның рөлінің төмендеуіне әкелмейді;

3. АКТ құралдары сабақтардың барлық формаларын өткізу кезінде оқытудың дәстүрлі формаларының тиімділігін көтере отырып, оған қосымша болуы мүмкін;

4. Нақты педагогикалық эффектісіне оқу үрдісінде АКТ құралдарын оқу қызметінің түрлі формаларын ұйымдастыруда кешенді пайдалану кезінде жетуге болады.

Оқу үрдісінде АКТ құралдарын педагогикалық орынды пайдалану оқу үрдісін ұйымдастырудың дәстүрлі сабақтан тыс жүйесінде жақсы көрініс табады. Бұл оқытудың әдістері мен ұйымдастырушылық формаларын жетілдіруге, оқу сапасын көтеруге, соның ішінде оқу үрдісінде АКТ-ның дидактикалық мүмкіндіктерінің көп бөлігін іске асыруға мүмкіндік беретін жаңа буынының программалық құралдарын құрау мен пайдалану есебімен көтеруге мүмкіндік береді. Ақпараттандыру және коммуникация құралдарының негізінде педагогикалық технологияларды пайдалану оқытудың принципиальді түрде жаңа жолын іске асыруға және пәндік ортада төмендегілерге бағытталған ақпараттық қарым-қатынастарды іске асыратын жастарды тәрбилеуге мүмкіндік береді:

- қазіргі қоғамды ақпараттандыру мен жаһандандыру жағдайында өз халқының тарихи дәстүрлерін, салттарын, мәдениетін көтеретін және сақтайтын адамгершілігі жоғары, үйлесімді тұлғаны түзеуге;

- жергілікті және жаһандық желілердің оқыту міндетіндегі бөлістік ақпараттық ресурстарды пайдалану жағдайында өз бетімен жұмыс істеуді іске қосуға;

- интеллектуальді және шығармашылық қабілеттерін дамытуға;

- компьютерлік модельдеу мен оқу жағдайларын имитациялау негізінде оқытылатын үрдістерді, объектілерді құруға тартуға;

- заманауи ақпараттандырылған қоғам индивидуумының көзқарасын түзеуге;

- түрлі ақпарат көздерімен, соның ішінде дүние жүзілік мультимедиалық ортада таралған көздермен жұмыс істеу қабілетін түзеуге;

- интернеттегі қарым-қатынастардың түрлі режимдерінде сөйлесуді іске асыра отырып, қоғамда жас адамның сәтті бейімделуі мен тіршілік әрекеттерін қамтамасыз ететін әлеуметтік қызметтерінің дағдыларын түзеуге;

- студентті дүниежүзілік ақпараттық ортаның қызмет етуі жағдайында, қандай да бір формада көрсетілген заманауи ақпаратты жіберуге, сақтауға, өңдеу әдістеріне қатыстыру.

Оқу материалын баяндаған кезде ақпараттық және коммуникациялық технологияның құралдарын пайдалану.

Қазіргі заманғы презентациялық жабдықтардың мүмкіндіктері, әсіресе интерактивті тақталардың, дәстүрлі лекциялық жабдықтарға қарағанда жоғарырақ болып келеді. Сондықтан соңғы кезде оқу мекемелері оқытудың заманауи құралдарына ие болады, негізінен: проекторлар, экрандар, интерактивті экрандар, бұлар педагогқа қабылдаудың барлық триадаларына иек артуға мүмкіндік береді: көремін, естимін, жазамын. Оқытушының оқу материалын баяндау кезінде аудиторияда видеобейнелерді, аудиосапарламасымен анимациялық роликтерді қалай қолдана алатынын қарастырайық.

Оқу материалын баяндағанда АКТ құралдарын пайдалану студенттердің көңілін ұзақ уақыт ұстауға мүмкіндік береді, экранда көрнекі ақпаратты көрсету есебімен оқытылатын материалды тереңірек ұғынуға мүмкіндік береді. Презентацияларды пайдаланудан көбірек тиімділік елеулі және әркелкі оқу материалын пайдалануды талап ететін тақырыптарды оқу кезінде көрінеді. Оқытушының талғамы және аудиторияның күтілетін деңгейі бойынша сабақтың тақырыбын құрастыруға болатындай мол деректер қорын жасау қажет.

Оқу материалын баяндаған кезде оқытушылар төмендегілерге мүмкіндік беретін түрлі демонстрациялардың кең ауқымын пайдалануы мүмкін:

- баяндалатын материалды видеобейнемен, аудиомен бірге жүретін анимациялық роликтермен көрнекілеу;

- лекциялар фрагменттерін немесе белгілі педагогтардың толық лекцияларын пайдалану;

- экранға немесе интерактивті тақтаға проекцияның көмегімен қызықты, көркем, есте сақталатын бейнелердің арқасында ақпаратты қабылдау үрдісін жеңілдету;

- жаңа көрнекі материалдарды сақтау, жүйелеу, дайындау.

Оқытушы оқу материалын баяндаған кезде қолданатын модельдеу программалары тәжірибелерді, кестелер мен графиктерді, формулалар мен блок-сұлбаларды көрсетуге, сабақты тек қана көрнекіліктермен ғана жүргізбей сонымен қатар, іс жүзінде көрнекі емес эксперименттермен қатар жүргізуге мүмкіндік береді. Бұл сабақты біршама қызықты қылады.

Оқу материалын баяндағанда ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың құралдарын пайдаланудың негізгі артықшылықтарын атап өтейік.

- Іс жүзінде көрсетуге келмейтін немесе нақты әдістемелік позициядан түсіндіру қажет болатын күрделі құбылыстар мен үрдістердің жүруін көрсету.

- Экранда зерттелетін объекті немесе оның құраушы бөліктерін көрсету, оны түрлі ракурстардан қарау, суретті ұлғайту (кішірейту), зерттелетін объектінің ішкі бөліктерін қарастыру, суреттің немесе мәтіннің «түбіне» үңілу.

- Графиктер, кестелер, үлгілер түріндегі еркін параметрлердің жиынтығын пайдалану кезінде есептеу нәтижелерінің динамикалық және статикалық бейнесін алу.

- Үшөлшемді графиктер, анимациялар, видеосюжеттер, дыбыстардың құралдарын біруақытты пайдалану.



Осылайша, оқу материалын баяндаған кезде АКТ құралдарын пайдалану оны жақсырақ қабылдауға мүмкіндік береді, себебі сабақтар біршама қызықты болады, олар көрнекірек болады, әсіресе практикалық сабақтарда іске қосылуға келмейтін (мысалы, жоғары немесе төмен температураларда, тым жылдам немесе баяу), тұйық жүйелер немесе жағдайларда жүретін күрделі құбылыстар мен жағдайлар зерттелетін жағдайлар кезінде. Бұл кезде зерттелетін құбылысты жан-жақты қарастыру мүмкіндігі, эксперименттің бірнеше «үзінділерін» жүргізу, дүниежүзілік ақпараттық орта жағдайындағы формада күрес кеңейеді.

Әрекеттермен (дағдылармен) білімнің үзілмес байланысы жайлы ережелер педагогика теорияларында (П.Я.Гальперин [1], Н.Ф.Талызина [2]) білімді меңгеру деңгейлері күйінде бұрыннан көрсетілген. В.П.Беспалько төрт деңгейді белгілеген [3]:

1) Білу деңгейі;

2) Тану деңгейі (елестету, алгоритмдік);

3) Эвристикалық деңгей немесе үйреншікті жағдайларда (алынған білімдерді практикада қолдану) білімдерді қолдану деңгейі;

4) Жаңа жағдайларда білімдерді пайдалану деңгейі (білімді шығармашылық қолдану).

Осы деңгейлерді белгілеу негізінде меңгерілетін білімдерді пайдалану қажет болатын қызметтер мазмұны жатыр. Жоғарыда келтірілген типтеу қандай міндеттер, сәйкесінше студенттердің қандай әрекеттері олардың білімдерін бағалауға мүмкіндік беретіні жайлы мәселеге әкеледі. Студент білімнің талап етілген деңгейіне жетті ме екендігін оқытушы адекватты түрде бағалауы тиіс. Қазіргі университеттерде әрбір оқытушыда студентке қалыптастыруы керек пәндік білімнің программалары бар, алайда студент осы білімдерді қолдана алуы тиіс болатын дағдылар, біліктіліктердің (әрекеттер түрлерінің) нақты программалары ешқандай пән бойынша жоқ.

Қорытынды бақылауы бар оқыту мақсаттарының байланыстарына қысқаша тоқталайық. Танымдық әрекеттер (танымдық біліктілік түрлері) түрлерінің нақты бағдарламасы оқыту мақсатымен анықталады. Кейде білімді меңгеруді тексеру тек осы білімдерді іске асыруға келеді, алайда қандай да бір тапсырмаларды орындау кезінде білімді пайдалану жиі талап етіледі.

Қандай да болмасын бақылауды іске асырғанда бақылау мазмұнының проблемасы шешіледі – бақыланатын сипаттамалар жиынтығының белгіленуі. Бір жағынан бұл оқыту мақсатымен анықталады, ал екінші жағынан – оқытылатын программаларды жасаған кезде негізге алынатын оқытудың психологиялық теориясымен, яғни бақылауға үрдістің негізгі тәуелсіз сипаттамалары ұшырайды, оларды біріктіріп өзгерту бір сапалық күйден басқасына көшу үрдісін тудырады.

Білімді және біліктілікті бағалау үрдісінде компьютерлерді пайдалану студент 1 қыркүйектен немесе соңғы тексерістен бері неге қол жеткізгенін тексеруге мүмкіндік береді. Студенттердің үрдісін дұрыстап саралаудың негізіне айналатын нәтижелерді басып шығаруға болады. Осындай есептердің көмегімен жүйе әрбір студенттің, аудиторияның, университеттің түрлі пәндерді оқу үрдісіндегі оқу үлгерімін бақылай алады да, оларды сандардың, кестелердің немесе графиктердің көмегімен көрсетеді.

Қазіргі кезге дейін іс жүзінде әрбір оқу мекемесінде білім бақылауын автоматтандыру үшін түрлі тестілейтін, бақылайтын программалар, сарапшы жүйелер әзірленеді және пайдаланылады. Алайда көптеген оқытушылар өздерінің тесттерін жасауды қалайды.

Жаңа тесттерді жасау үшін тесттерді жасауға арналған арнайы «қабықшаға» ие болу керек.

Көптеген оқытушылар осындай жүйелердің мүмкіндіктерімен дұрыс таныс емес, сондықтан төменде тесттерді жасауға арналған «қабықшалардың» (жүйелердің) негізгі мүмкіндіктерін келтірейік. Әрине, қазіргі кездегі қабықшалар бір-бірінен елеулі түрде ерекшеленеді, бірақ оқу мекемесі үшін осындай қабықшаға ие бола отырып, қандай да бірдей жағдайларда төменде келтірілген мүмкіндіктердің көп бөлігін іске асыратын қабықшаға өз таңдауыңызды тоқтату керек [4].

АКТ негізінде жұмыс істейтін оқу құралдарын пайдаланумен практикалық сабақтарды өткізу әдістемесі

АКТ негізінде жұмыс істейтін оқу құралдарын, негізінен интеллектуальді оқытатын жүйеде (ИОЖ) пайдаланумен практикалық сабақтарды өткізу әдістемесін қарастырайық. Таңдау дәл осы ИОЖ-ды қайталау үрдісінде де, оқу материалын бекіту үрдісінде де, практикалық дағдыларды қалыптастыру мақсатымен, нақты тақырып бойынша білімдер деңгейін бағалау барысында пайдалануға болатынын түсіндіреді.

Сабақтың басында студент өзі туралы мәліметтерін енгізуі қажет, сабақтағы жұмыс ретімен және программалар жұмысының негізгі принциптерімен, ақпараттық модуль не үшін қолданылатыны туралы танысуы керек. Содан кейін студентке сабақтың үш негізгі кезеңінен өтуі керек: сауалнама, теорияны қайталау және алынған білімдерді практикада жүргізуден алынған дағдылар (мысалы, берілген тақырып бойынша тапсырмаларды шешу әдістемесін меңгеру), білімді бақылау. Сабақ кезеңдерінің өтуін оқытушы таңдайды.

Сабақты өткізу әдістемесін жазу кезінде оқу мақсатындағы нақты электрондық құралдарды пайдаланумен қатар жүйе функциясын, сабақтың бүкіл кезеңдеріндегі оқытушы мен студент арасындағы әрекеттерді белгілеп отыруға мүмкіндік бар.

Сабақтың басында бақылаушы модульді пайдалана отырып, студенттің білім деңгейін бақылауды жүргізуге болады. Егер оқытушы бақылау сауалнамасы кезінде үлгермеген студентке жауап беруге қиналатын сұрақтарды қайталау немесе қарастыру керек деп есептесе, дұрыс жауапқа оралу режимін орнатуға болады (немесе берілген сұрақтың теориясына).

Сабақтың екінші кезеңінде, студент теорияны қайталап, берілген тақырып бойынша тапсырмаларды шешудің әдістемесімен танысқан кезде, ақпараттық модульде бар әдістемелік көрсеткіштер пайдаланылады. Жүйе студенттің теорияны қайталауға және алынған білімді практикада пайдаланудың мүмкіндіктерін зерттеуге (зерттелетін тақырып бойынша тапсырмаларды орындау әдістемесі) кетіруі мүмкін уақытын шектемейді.

Сабақтың үшінші кезеңінде студент есеп шығарып, компьютерге дұрыс жауапты енгізеді. Есеп шығару біліктілігін бақылау бақылаушы модуль арқылы жүргізіледі. Кейбір жағдайларда есептерді шығару барысында теорияларды қайталау мүмкіндігі қарастырылады. Жүйе білімді тестілеу нәтижелері мен практикалық тапсырмаларды орындау нәтижелерін қосуы мүмкін. Бұл жағдайда қорытынды баға сабақтың соңында қойылады. Барлық бағаларды жүйе оқытушының компьютеріне жібереді (ақпараттандырылған жұмыс үстелі), әрбір студенттің жұмыстарының нәтижелері бойынша аналитикалық деректерді береді [5].

Практикалық сабақтарды жүргізу әдістемесін әзірлеу бойынша ұсыныстар

Практикалық сабақтағы оқу материалының компоненттер функцияларын кестеге толтыра отырып, АКТ құралдарының негізінде жұмыс істейтін оқытудың нақты оқу құралдарының мүмкіндіктерін есепке алу қажет.

Берілген жағдайда елеулі өзгеріске негізінен оқытушы ұшырайды. Кәдімгі сабақ кезінде оқытушы студенттермен теориялық материалды қайталап бекітуі қажет, оны меңгерудің деңгейін бақылау керек, алынған білімдерді практикада қолданудың дағдыларын студенттерге дағдыландыруы тиіс. Оқытушының жаңа жағдайлардағы қызметі келесіге негізделіп жасалады: сабақ жүру жолын, сонымен қатар оның барлық кезеңдерін жоспарлау, теориялық және практикалық материалды ақпараттық модульден іріктеу, қажет болған жағдайда, презентация жасау (жаңа материалды баяндау үрдісі жоғарыда қарастырылған), студенттердің жұмысын ұйымдастыру, бақылау және түзету, жіберілген қателерді сараптау. Оқыту тиімділігін арттыратын түрлі әдістемелік тәсілдердің сабақ барысында іске асыру мәселесі оқытушыға байланысты болады (проблемалық және кәсіби маңызды тапсырмаларды қою; оқу зерттеушілік қызметтерді жүргізу үшін жағдай жасау).

Оқытушының жарты функциясын жүйе атқарады. Жүйе студентке сабақтың тақырыбын, мақсатын, өткізу тәртібін хабарлайды; білімді бақылайды және бағалайды; дұрыс жауап туралы ақпарат береді. Жүйе студентке теориялық материалды немесе тақырып бойынша есептерді шешу әдістемесін қанша рет керек болса сонша рет бере отырып, дұрыс жауап бермеген сұрақты жаттауға көмектеседі. Жүйе сауалнама нәтижелерін бекітіп, бұл мәліметтерді студентке және оқытушының ақпараттандырылған жұмыс үстеліне жібереді, яғни оқу үрдісін интерактивті қылып, кері байланысты іске асырады.

Практикалық сабақтардағы оқу үрдісінің компоненттері арасында функцияларды педагогикалық негізделген түрде қайта үлестіру оқытуды жіктейді және жекешелендіреді, оның тиімділігі мен сапасын көтерумен қамтамасыз етеді.
Әдебиет

1 Гальперин П.Я., Решетова З.А., Талызина Н.Ф. Психолого-педагогические проблемы программированного обучения на современном этапе: Материалы всесоюзной конференции по программированному обучению, 31 мая – 4 июня. – М., 1966.

2 Талызина Н.Ф. Теоретические проблемы программированного обучения. – М., 1969. – С.60.

3 Беспалько В.П. Программированное обучение (дидактические основы). -М.: Педагогика, 1970. 300 с.



4 Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологии. М.: Педагогика, 1989. - 192 с.

5 Беспалько В.П. Теория учебника. М.: Педагогика, 1988. - 160 с.
Каталог: sites -> default -> files -> conf
files -> Өмірбаяндық деректеме
files -> Жиырма үш жыл бір ғұмыр
files -> Пәнінің мұғалімі Ищанова Эльмира Абайқызы Қазақ әдебиеті ( 6 «б» сынып ) Сабақтың тақырыбы
conf -> Креативтілікті қалыптастыру шығармашылыққа жетелейтін интеллектуалдық үрдіс
conf -> Математиканы оқытуда интербелсенді әдістемесінің Қолданылуы
conf -> Білім алушылардың танымдылық белсенділігін электрондық ОҚулықтарды пайдалану арқылы арттыру
conf -> Математикалық пәндерді оқытуда компьютерлік технологияларды қолдану 1
conf -> Co-teaching alesson in chemistry-nis aktobe рсымбетова А. У., Catalina Roncancio
conf -> Электронды тірек дабылдарын оқу процесінде қолдану тиімділігі


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет