Інің технологиялық картасы Білім беру саласы: «Коммуникация»



бет1/6
Дата22.01.2017
өлшемі0,66 Mb.
#7592
  1   2   3   4   5   6
«Драма» оқу қызметінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Драма

Тақырыбы: Театрға саяхат. Ортақ тақырып: Мен кіммін және қандаймын?

Мақсаты: Кеңістікте бағдарлау(сахнада,ойластырылып құрылған сахна алаңында),түрлі қарқынды қозғалуға үйрету. Тірі организм мен заттардың бейнелерін ым-ишара және дененің ырғақты қимылы арқылы жасауға дағдыландыру. Сюжетті-рөлдік ойындарға қатысу,заттармен,ойыншықтармен таныс іс-әрекетті жаңа ойын жағдаятына көшіру дағдысын қалыптастыру.

Ресурстар: жайлы әуен,қуыршақ,опера театры,драма театры,қуыршақ театры суреттері, театр мамандарының суреттері.

Құралдар: билеттер,көлеңке театры құралдары,әліппе-дәптер,қарындаштар.

Сөздік жұмысы: актёрлік шеберлік,театр атрибуттары,театр қызметкерлері: режиссёр,гримдеуші,сахна,әрлеуші.

Қостілділік: театр-театр, актёр-актёр, ым-ишара-жест, мимика


Жоспарланған уақыт

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

І.Дұрыс әсерлі көңіл-күй орнату 0-1 минут

Шаттық шеңберін ұйымдастырып,қонаққа Айсұлу және Қуаныш атты кішкентай балалардың келгені айтылады.

Ойын: «Танысу»

Балалармен қонақтармен танысады.

Әрбір бала қуыршақтарды қолына ұстап тұрып,»Сәлеметсіңдер ме!» -деп өздерінің атын атап,өз мінездеріне тән бір ерекшелігін айтады.(мыс: менің атым тоғжан,мен көңілді қызбын)

ІІ.Өмірлік тәжірибені маңыздандыру.

мақсатты болжам

2-5 минут

Айсұлу мен Қуаныш балалармен танысқандарына қуанышты екенін айтып,оларды керемет ғажайып әлемге саяхатқа баруға шақырады. Онда қуыршақтарға жан бітіп,жажануарлар сөйлеп,түрлі ғажайыптар болатынын айтады.Ол не деп ойлайсыңдар?(Театр)

-Саяхатқа шықпас бұрын маған айтып беріңдерші,театр туралы не білесіңдер?

Әліппе-дәптермен жұмыс.

1-тапсырма.Театр деген не екенін білесің бе? Театрға барып көрдің бе?Театрдан алған әсерің қандай?Қандай театрға бардың?

Сөздерді екі тілде айтып үйрену.

театр-театр,актёр-актёр,ым-ишара-жест,мимика

Айсұлу: Менің сендерге қосарым бар, «театр»-көне грек сөзі.Ана тілімізге аударсақ, «көретін орын»деген қарапайым мағына береді.Театрда әртүрлі көріністер қойылады.Театр жеке-дара өнер ордасы болып Ежелгі Грекияда қалыптасты.Театрдың үш түрі бар: қуыршақ театры,опера театры,драма театры.Театрда ойнайтын адамдарды «актёр» деп атаймыз.Актёр-әртіс,орындаушы дегенді білдіреді.


Балалар тыңдайды сұраққа жауап беруге тырысады.

ІІІ.Тақырып бойынша жұмыс 6-25 минут

2-тапсырма.

Суреттегі заттар не үшін керек деп ойлайсыңдар?

Сюжетті-рөлдік ойын: «Театр»

Қуаныш пен Айсұлу:

-Балалар,енді театрға барайық.

Ал театрға бару үшін не керек? (Билет)

Билетті қайдан аламыз? (Кассадан)

-Ендеше кассаға барайық.
«Түлкі мен ешкі» ертегісін қуыршақ театры арқылы көрсету.

Әңгімелесу.

Балалардың көңілін кейіпкерлердің дауыс ырғағына,көңіл-күйіне аударады.

Айсұлу: -Сендер де актёр болып ойнап көргілерің келе ме? Актёр болып ойнау үшін нені білуіміз керек?Ол үшін актёрлік шеберлікті игеруіміз керек.Қанеки әртүрлі көңіл-күйді көрсетейік.

Әліппе-дәптермен жұмыс.

3-тапсырманы орындау.

Ойын: Бетпердедегі көңіл-күйді қайталап көрсет

Айсұлу: -Жарайсыңдар,балалар,сендер әртүрлі көңіл-күйді көрсете алады екенсіңдер,демек сендер актёр бола аласыңдар.

Ойын: Актёрлер

Айсұлу: -Балалар сендер ойынды жақсы ойнадыңдар.

Енді театрдағы тәртіп ережелерімен таныстырайын.

Дәптердің 36-бетіндегі ережелерді оқып беріп, толықтыра отырып түсінік береді.

1.Қойылым болып жатқанда тыныштық сақтау – басты ереже. Сыбырлап сөйлесуге, орынсыз қозғалыстар жасуға болмайды. Онда тек көрерменге ғана емес, актерлерге де кедергі жасауың мүмкін.

2.Театрға кешігіп баруға болмайды. Ерте келіп, шешініп, айнаға қарап, өзіңді ретке келтіруің керек.

3.Театрға әдемі киініп келу керек.

Театрға бару да мереке.

4. Қойылым ұнап жатса, шапалақ ұр, ұнамаса, шулама. 1-бөлім біткеннен кейін шығып кетуге болады. Қойылым болып жатқанда орныңнан тұруға болмайды, жаныңдағы көрермендерге кедергі жасайсың.

Балалар театр қойылымдарына қажетті құралдармен танысады.

1-бала: -Салеметсізбе.кассир апай!

2-бала (кассир)-Сәлеметсіңдер ме,балалар!

1-бала: -Бізге театр қойылымына билет бересіз бе?

2-бала:- Әрине

Балалар ақша төлеп,билеттер алады.

Балалар: -Рахмет!

Кассир: -Оқасы жоқ!

Балалар ертегі мазмұнын әңгімелеп береді.

Балалар әртүрлі көңіл-күйді көрсетеді(қуану,ренжу,ашулану,таңдану)

Әліппе-дәптердегі бетперделерге қарап қайталап көрсетеді.

Балалар бір-бірден жасырын суретке қарап,дауыссыз,ым-ишарамен балаларға көрсетеді,балалар жасырын суретте не бейнеленгенін табады.


Театрдағы тәртіп ережелерімен танысады

ІV.Қорытынды.

Рефлекция

26-30 минут

(Қ) Рефлексия. Айсұлу мен Қуаныш балаларға сабақ барысындағы өздерінің жұмыстарын бағалауды ұсынады:көңілді және көңілсіз бетперделерді бояу:


Балалар: 1.Өз жұмысына көңілі толса, көңілді бетперденің суретін

бояйды.

2. Өз жұмысына көңілі толмаса, көңілсіз бетперденің суретін бояйды.

Күтілетін нәтиже:

Барлық тәрбиеленушілер: бірлесе әрекет ету тәсілдерін игереді;

кеңістікті бағдарлай білу дағдылары қалыптасады; сюжетті-рөлдік ойындарға қатысып,

белсенділік көрсетеді.

Көпшілік тәрбиеленушілер:

тірі организм мен заттардың бейнелерін ым-ишара және дененің ырғақты

қимылы арқылы жасау дағдыларын меңгереді.

Кейбір тәрбиеленушілер: ырғақ сезімі және қимыл үйлесімділігі, құралдармен жұмыс істей алу дағдылары қалыптасады; заттармен, ойыншықтармен таныс іс-әрекетті жаңа ойын жағдаятына көшіруді қолдана біледі.

Тілдік мақсат: Тәрбиеленушілер алған ақпарат бойынша толық жауап бере алады;

тірек сөздерді пайдаланып сұрақтар қоя біледі.

Алдыңғы алған білімдері: Театр туралы түсінік. Сахналық қойылым, сюжетті-рөлдік ойын және театр түрлері туралы түсініктері.

«Драма» оқу қызметінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Драма

Тақырыбы: «Дұрыс сөйлеу мәнері». Ортақ тақырып: Мен кіммін және қандаймын?

Мақсаты: Ілікпе сөз бен фразаларды айтуда тыныс алуды реттеу. Интонацияларды ажырата алу және оларды айту. Кеңістікте бағдарлау (ойластырылып құрылған сахна алаңында),

түрлі қарқында қозғалу. Өз әрекетін серігінің әрекетімен үйлестіру, оның қалай әрекет

ететінін алдын ала сезу6 Ым-ишара, дауыс ырғағы, ойын атрибуттарын қолданып таныс

әдеби шығармалар негізінде кейіпкерлердің бейнелерін жасау.

Ресурстар: Үнтаспа,табиғаттағы түрлі дыбыстар,суреттер

Құралдар: әліппе-дәптер,айна қарындаштар

Қостілділік: сөз – слово,тіл – речь ,дауыс – голос,дауыс ырғағы – интонация

Жоспарланған уақыт

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

І.Дұрыс әсерлі көңіл-күй орнату 0-1 минут

Балаларды шаттық шеңберіне шақырып, амандасу рәсімін өткізіледі.


Біздің топта ұл-қыздар

Тату-тәтті ойнаймыз.

Әлемдегі бар адамға

Тек жақсылық ойлаймыз.

ІІ.Өмірлік тәжірибені маңыздандыру.

мақсатты болжам

2-5 минут

«Дыбыстар әлеміне саяхат»

Қуаныш фонограммаға қоршаған ортадағы көптеген әртүрлі

дыбыстарды жазып алып келгенін айтады: адамдардың,

жануарлардың, музыка аспаптарының, табиғат құбылыстарының,көліктің т.б.

Проблемалық жағдаят:

Айсұлу кейбір балалардың сөздерді неге дұрыс айтпайтынын сұрайды.

Балалар тыңдайды сұраққа жауап беруге тырысады.
Балалар көздерін жұмып, үнтаспадан түрлі дыбыстарды тыңдап,алған әсерлерімен бөліседі.


ІІІ.Тақырып бойынша жұмыс 6-25 минут

Әліппе-дәптермен жұмыс.

1-тапсырма.

Сөздерді дұрыс айту үшін артикуляциялық жаттығуларды

үнемі қайталап отыру керектігін айтып түсіндіреді.

Артикуляциялық жаттығу жасау.

«Күрекше» – жалпақ тілді шығарып, астыңғы ерінге ұстап тұру

керек.

«Инеше» – ауызды кең ашып, тілді алға қарай сүйірлей шығарып, 10 – 15 секунд ұстап тұру керек.

«Төбешік» – аузыңды жартылай ашып, тілдің екі жақ шетін жоғары азу тістерге жапсырып, тілдің ұшын астыңғы тіске тіреп ұстау.

«Түтікше» – жалпақ тілді ауыз қуысына шығарып, тілдің бүйір

жақтарын көтеріп түтікшеге үрлеу.

Жаттығуды жайлап жасау керек. Жаттығу жасап болған соң

терең тыныс алып, демді қалыпқа келтіру

Әліппе-дәптермен жұмыс.

2-тапсырма.

«Тәтті сөздер» ойыны

Сөздер қайда кездеседі:

адамдар бір-бірімен сөйлескенде,

ертегіде,

өлеңде,

әңгімеде, т.б.

- Олай болса, бір-бірімізге «тәтті сөздер» сыйлайықшы.

Тәтті сөздерге қандай сөздер жатады деп ойлайсыңдар?

Кәмпит, балмұздақ, бал, т.б.

Ал сөйлем дегеніміз не?

Сөйлем сөздерден құралады.

Кәне, осы тәтті сөздерді пайдаланып сөйлем құрастырып

көрейік.

Әліппе-дәптермен жұмыс.

3-тапсырма. Суреттегілердің атын ата. Олардың дыбысын келтір. Мысалы: маса, ара, жылан, ұшақ, тамшы, краннан аққан су.

Әліппе-дәптермен жұмыс.

4-тапсырма. Біліп жүр. Пантомима (pantmimos) – оқиғаны сөзді қолданбай, ым-ишараның немесе дене қимылдарының көмегімен беретін сахналық қойылым.

Суретпен жұмыс. Сахнада актёр қандай өнер түрін көрсетіп тұр? Ойын: «Ыммен көрсет».

Сәлем, бері кел, тыныш, үндеме, күшті, жоқ, иә, сау бол, т.б.

Ойын-жаттығу: «Түзет».

Тәрбиеші ортада тұрады.

(Мітап – кітап, шөмке – сөмке, саушақ – саусақ). (ПК) Үш тілде сөздерді қайталату:

сөз – слово,тіл – речь,дауыс – голос,

дауыс ырғағы – интонация


Артикуляциялық жаттығуларды айнаға қарап

жасайды.


Тіл ұстарту жаттығуларын қайталайды.

Ыр-ыр-ыр – жаттап алдым жыр.

Ыр-ыр-ыр – айтылмайды сыр.

Ай-ай-ай – болсын көңіл жай.

Жаңылтпаш

Асқат пен Мақсат

Жамап-жасқап,

Жасапты он шақты аспап.

Соның ішіндегі

Ақ сапты аспабы

Жап-жақсы аспап.

Мен кәмпит жедім.

Мен балмұздақты жақсы көремін.

Балды аралар жинайды, т.б.




Шеңберде тұрған балаларға допты кезекпен лақтырып, бір сөзді бұзып айтады, бала сөзді түзетіп айтып, допты қайта тәрбиешіге лақтырады


ІV.Қорытынды.

Рефлекция

26-30 минут

(Қ) Айсұлу балаларға сабақ барысындағы өздерінің жұмыстарын

бағалауды ұсынады:

1. Өз жұмысына көңілі толса, көңілді бетперденің суретін бояйды.

2. Өз жұмысына көңілі толмаса, көңілсіз бетперденің суретін бояйды.

Балалар: 1.Өз жұмысына көңілі толса, көңілді бетперденің суретін

бояйды.

2. Өз жұмысына көңілі толмаса, көңілсіз бетперденің суретін

бояйды.

Күтілетін нәтиже:

Барлық тәрбиеленушілер:кеңістікте бағдарлау, түрлі қарқында қозғалу дағдылары қалыптасады;ым-ишара қимылдарын орынды жасай біледі.

Тәрбиеленушілердің көпшілігі:интонацияларды ажыратады және оларды айтады;дауыс ырғақтарын ажырата біледі.

Кейбір тәрбиеленушілер:өз әрекетін серігінің әрекетімен үйлестіреді, оның қалай әрекет ететінін алдын ала сезе біледі.

Тілдік мақсат: Тәрбиеленушілер:дыбыстарды, сөздерді дұрыс, нақты айтады; сөз тіркестерін дұрыс қолданады.

Алдыңғы алған білімдері: Сөз, сөз тіркестері, сөйлем туралы түсінік.Сөйлемнің эмоциялық бояулары туралы қарапайым түсінік.

3 Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы



Білім беру саласы: Қатынас

Білім беру көзі: Драма

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: «Мектепте не үйренемін»

Ортақ тақырып: Мектепке не үшін барамыз?

Мақсаты: түрлі эмоция мен сезімді достарының ортасында білдіреді; диалог арқылы сөйлеу қабілеттері қалыптасады.

Блингвалдық компонент: мектеп – школа – school, дәптер – тетрадь – notebook,,

кітап – книга – book

Жоспарланған уақыт

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті


І. Дұрыс әсерлі

көңіл күй орнату.

0-1 минут


Шаттық шеңбері:
Балалар бір-бірімен амандасады.


Қоңырау біздің сиқырлы,

Сыңғырлап ән салды.

Шақырды түріп ұйқыңды,

«Шеңберге тұр!» – деп баршаңды.

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды күніміз,

Жарқырайды даламыз.

Қайырлы күн, балалар!

Қайырлы күн, апай!



II. Өмірлік тәжірибені

маңыздандыру.

2-5 минут



- Балалар мектепке не үшін барады?

  • Мектеп сендерге ұнай ма?

  • Мектептен не үйрендіңдер?

  • Мектеп бізге керек пе?


Балалардың жауаптары тыңдалады.

Сабақтың ортасы
III. Тақырып

бойынша жұмыс

6-25 минут

Педагог «Сөйлеуді дамыту және көркем әдебиет» бойынша оқу іс-әрекетінен өткен А. Хамзаұлының «Оқу құралдары хикаясы» ертегісін естеріне түсіреді.

Әліппе-дәптермен жұмыс.

1-тапсырма. «Оқу құралдары хикаясы» ертегісінің

кейіпкерлерін ата.

Айсұлу тәрбиеленушілерге дайындап алып келгенкарточ- ка ларын таратады немесе таңдау жасатады.

Жарты топ ойнаушы, жарты топ ешқандай сурет бейнелен-

беген карточкалары бар көрермендер.

Бірінші топ балалары екінші топ балаларымен ауысып

ойнайды.

2-тапсырма. «Бірлік болмай, тірлік болмас». Мақалдың

мазмұнын талдай отырып ертегі мазмұнымен байланыстыру.

3-тапсырма. Дыбысты дұрыс айту жаттығулары:

Ме-ме-ме – мектеп.

Дә-дә-дә – дәптер.

Кі-кі-кі – кітап.

Бі-бі-бі – білім.

Көптілділік:

мектеп – школа – school

дәптер – тетрадь – notebook

кітап – книга – book

4-тапсырма. Қасында отырған жұбымен оқу құралдары

арасындағы диалогті құрастыруға тапсырма беріледі.

1.Өшіргіш пен Дәптер.

2.Өшіргіш пен Қаламсауыт.

3.Кітап пен Дәптер.

Ойын-жаттығу: «Менің көңіл күйім»

Педагог тәрбиеленушілерге:

- көңілсіз, жабырқаған, ойланған, ашулы;

- көңілді, күлкілі, қайырымды т.б. кейіпке еніп, адамдар -дың бейнесін келтіруді ұсынады. Көңіл күйді күлкімен көтеруге болатынын түсіндіреді.

Әліппе-дәптермен жұмыс.

«Есіңде сақта» айдары.

Нақты және дұрыс сөйлеу дегеніміз – барлық дыбыстарды,

сөздерді, сөйлемдерді қатесіз айту. Бұл талаптарды сақтау не үшін қажеттігі талданады.

Сөздік ойын: «Дарындылар мектебі».

Тәрбиеленушілер дауыс ырғағын келтіріп, әртүрлі екпінде

сөзді айтады, қалған балалар дыбыс ырғағы арқылы қандай көңіл күйде айтылғанын табады.


Балалар оқу құралдары хикаясы кейіпкерлерін атайды.

Балалар сол

карточкаларға байланысты өз рөлдерін алады.

Балалар ертегі желісі бойынша рөлдерге бөлініп,

сахналайды.

Балалар тіл ұстарту жаттығуларын қайталайды.


Үш тілде қайталайды.

Балалар көңіл-күй жаттығуларын орындайды.

Әліппе-дәптермен жұмыс



ІҮ. Сабақтың

қорытындысы.

Рефлексия

28-30 минут


Қорытынды:

  • Мектепке не үшін барады?

  • Дұрыс сөйлеу не үшін керек?

  • Кітап не үшін керек?






Сұраққа жауап береді.

Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет