Инструкция: «Внимательно послушайте текст и выполните задания по тексту»



Дата28.01.2018
өлшемі116,36 Kb.
#34692
түріИнструкция


КАЗАХСКИЙ ЯЗЫК


Аудирование

Инструкция: «Внимательно послушайте текст и выполните задания по тексту».

1. Қонақжайлылық сөзінің мәнін ашатын нұсқа

A) Қонаққа көп бару дәстүрі.

B) Адамды жылы қабақпен күтіп алу, құрметтеп ас-су тарту дәстүрі.

C) Ұрпақты жақсылық пен ізгілікке баулу.

D) Қонақтарға бағалы сыйлықтар тарту дәстүрі.

E) Ешкімнің үйіне бармай үйде отыру дәстүрі.


2. Қонаққа ас-су тарту дәстүрінің қалай аталатындығын белгілеңіз

A) Қонақасы.

B) Қымыз.

C) Соғым.

D) Қазы-қарта.

E) Сарқыт.



3. Қарт балаларының саны.

A) 3


B) 2

C) 6


D) 4

E) 5


4. Мәтін бойынша балаларға өнеге болған

A) Әке сауалы.

B) Әке бұйрығы.

C) Әке ақылы.

D) Әке сұрағы.

E) Әке үкімі.



5. Мәтіндегі негізгі ой.

A) Малды өсіру.

B) Ажалы жеткен қарт.

C) Ұлдарына енші бөлу.

D) Баяғы заман.

E) Қазақтың қонақжайлылығы.



Инструкция: «Внимательно послушайте текст и выполните задания по тексту».

6. Сенімге сәйкес Наурызда әр отбасына келетін жақсылық кіммен байланысты?

A) Ойсылқарамен

B) Аяз атамен

C) Қамбар атамен

D) Қызыр бабамен

E) Қыдыр атамен


7. Наурыз мерекесі қандай мейрам екендігін табыңыз.

A) Мемлекеттік мейрам.

B) Отбасылық мейрам.

C) Ресми мейрам.

D) Кәсіби мереке.

E) Діни мейрам.



8. Мәтіндегі мейрам тойланатын мезгіл.

A) Жыл бойы.

B) Қыс.

C) Көктем.

D) Жаз.

E) Күз.


9. «Наурызнама» тойының қанша күн тойланғандығын белгілеңіз

A) Бір апта.

B) Алты күн.

C) Қырық күн.

D) Тоғыз күн.

E) Бір ай.



10. Наурыз мейрамының білдіретін мағынасы.

A) Табиғат пен адамның үндестігі.

B) Табиғат пен адамның теке-тіресі.

C) Табиғат пен адамның байлығы.

D) Табиғат пен адамның ерекшелігі.

E) Табиғат пен адамның әсемдігі.











Лексико-грамматический блок

Инструкция: «Вам предлагаются задания с одним правильным ответом из пяти предложенных».

1. Отбасы тақырыбындағы мақал-мәтелдерді белгілеңіз.

A) Әке – балаға сыншы.

B) Ғылыммен жақын болсаң, қолың жетер.

C) Еңбек түбі – береке, көптің түбі – мереке.

D) Татулық – табылмас бақыт.

E) Төзім мен еңбек бәрін де жеңбек.


2. Синоним болатын сөз қатарын белгілеңіз.

A) ескі, көне

B) ұзын, қысқа

C) кең, жуық

D) жаман, тартымды

E) биік, аласа



3. Қатаң дауыссыз дыбыстан басталатын қысқы спортқа қатысты қатар.

A) Акробатика, көкпар.

B) Жүзу, күрес.

C) Шаңғы, коньки.

D) Тоғызқұмалақ, хоккей.

E) Футбол, бокс.



4. Мақалдан ұяң дауыссыздан басталған сөзді табыңыз.

Адам досымен мықты, ағаш тамырымен мықты.

A) Адам.

B) Досымен.

C) Мықты.

D) Ағаш.

E) Тамырымен.



5. Барыс септік тұлғасында тұрған түбір сөзді көрсетіңіз.

A) Туысқа.

B) Білімге.

C) Өнімге.

D) Өмірге.

E) Оқушыға.



6. Түбірлес сөздер қатарына жататын зат есімдерді анықтаңыз.

A) Би, билеу.

B) Әнші, әншілік.

C) Жағу, жақын.

D) Бір, біреу.

E) Асу, асық.



7. Есімдіктің мағыналық түрін көрсетіңіз.

Сүлеймен өзінің мұрагері етіп кіші ұлын атапты.

A) Жіктеу.

B) Сілтеу.

C) Сұрау.

D) Өздік.

E) Жалпылау.



8. Болымсыз етістікті табыңыз.

A) Алып тұр.

B) Дайындалмаған.

C) Күткен.

D) Көрген.

E) Көмектескен.



9. Сұраулы сөйлемді табыңыз.

A) Сенің атыңды ұмыттым

B) Әкем қызметкер адам

C) Сен қазақша сөйлейсің

D) Бұл кім екенін білемін

E) Жиналыс қашан басталады



10. Толықтауыштың сұрағын табыңыз.

A) Не істеді?

B) Не істейді?

C) Нені?

D) Қандай?

E) Не істеп жүр?



11. Ауыспалы мағыналы сөздерді белгілеңіз.

A) табиғат суреті

B) көз салу

C) қазақ халқы

D) көгілдір аспан

E) мұзды мұхит



12. Бірыңғай қатаң дауыссыз дыбыстан құралған сөзді белгілеңіз.

A) Соқпақ.

B) Отан.

C) Ғалым.

D) Барыс.

E) Мұра.



13. «Ақылды, басшы» сөздеріне түбірлес сөздерді белгілеңіз.

A) ақылшы, бастық

B) ақыны, басының

C) ақымақ, басады

D) ақынды, басқасы

E) ақыны, басу



14. Бұйрық райдың көпше түріндегі ІІ жақ жалғауын анықтаңыз.

A) -айын, -ейін.

B) -сын, -сін.

C) -ыңыз, -іңіз.

D) -йық, -йік.

E) -ңдар, -ңдер.



15. Өткен шақ етістігін белгілеңіз.

A) Адам таза ауамен демалады.

B) 1930 жылы Қазақстан кино өнерінің негізі салынды.

C) Мектепте драма үйірмесін ұйымдастырсақ.

D) Батар күннің таңы да атар.

E) Құс жеткен жеріне қонады.



16. Сөйлем басында тұрған қыстырма сөзді анықтаңыз.

A) – Сізге көмектесейін, анашым, - деп шешесінің ауыр себетін алды.

B) – Ол көмекке келген бала шығар, мүмкін.

C) – Бәлкім, саған да жарнама ісі ұнайтын болар.

D) Әр бала өз анасына көмектесу керек, меніңше.

E) – Өнерлі бір-ақ баланы көрдім, - деді қария.



17. Жақты сөйлемді табыңыз.

A) Туған жерге туың тік.

B) Баяу ескен қоңыр жел.

C) Бірлесіп кітап оқуымыз керек.

D) Оның келмей қалуы мүмкін еді.

E) Бұл жерде суға түсуге болмайды.



18. Синонимдер бар мақал-мәтелді анықтаңыз.

A) Жақсы жұмыс – жанға тыныс.

B) Білімдіден ақыл шығар, ақылды қарттан нақыл шығар.

C) Қорыққанға қос көрінер.

D) Жақсы дос үшін жан пида.

E) Жақсы ай мен күндей, әлемге бірдей.



19. Күрделі сан есімі бар сөйлемді табыңыз.

A) Қазақстанда жеті ұлттық табиғи саябақ бар.

B) Қазақстанда екі табиғи қорық бар.

C) Қазақстанда елу жеті мемлекеттік қорық бар.

D) Қазақстанда республикалық мәндегі қорық саны – төртеу.

E) Қазақстанда тоғыз мемлекеттік қорық бар.



20. Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.

A) Ол көп уайымдап, ерте келді.

B) Мұғалім айтқанда, ол жазды.

C) Сабақ ерте басталғандықтан, ерте бітті.

D) Күз келсе де, жаңбыр жаумады.

E) Не ексең, соны орасың.








Чтение

Инструкция: «Внимательно прочитайте текст и выполните задания по тексту».

Жазғы салымғы Сібір өлкесінің ұзақ жылымық күндері басталды. Сабақ ерте бітеді. Балалар далаға шығып, корпус қасындағы үлкен алаңда доп ұрып ойнайды.

Өткен күзде ғана Омбыға келіп оқуға түскен кішкене Шоқан қаланың қамау көше, тар үйіне әлі жете үйрене қоймап еді. Оның есіл-дерті кең дала, еркін жүріс, сахара ауасы. Ол көктем басталғалы сабақтан босаған сағатында Ертіс бойына келеді. Алыс қырға көз салып көп отырады. Бүгін де Шоқан ешбір баламен сөйлеспестен Ертіс бойына жөнелді.

Кешеден бері Ертіс өзенінің мұзы босап, қызыл су көтеріліп кетті. Ертіс бойындағы қала жұртшылығына жылдың екі мезгілі ерекше қызықты әңгіме болып қалады. Оның бірі – осы көктемдегі Ертістің мұзы бұзылып, сең жүрген кезі. Екіншісі – күзгі күн суып, Ертістің мұзы қатар кезі.

Шоқанның келгенде отыратын бір ғана орны бар. Ол Ертіс қабағының бір биік жарының үсті. Тағы сол жеріне келіп отырды. Өзен қабағы қаптаған көп адам. Бәрінің таңданары – асау өзеннің бұлқынып, сең дөңгелетіп аспанға атқан сағаты.

– Шоқан Уәлиханов, сен мұнда неге томсарып отырсың? – деді корпус дәрігері Василий Матвеевич.

Шоқан әдеппен сәлем алды.

– Кешірім етіңіз, сіздің келгеніңізді байқамай қалдым.

– Оқасы жоқ. Рахмет, қыран балапаны, – деді Кошелевский. – Сен еркін өскен сахара баласысың. Сонау кең далаңды, аулыңды сағынып отырсың, ә? Түсінемін. Сен мына қалада торға түскен сұңқардың балапаны тәріздісің. Сенің жаның сонау көгерген алыс қырға талпынады. Шіркін, еркіндік қиял қандай әдемі, – деп дәрігер Шоқанның өзіне түсініксіз ой толқынын қозғап жіберді.

– Иә, Василий Матвеевич, дәл айтасыз. Сонау көгеріп мұнартқан далада менің ауылым – елім бар. Қазір біздің ауыл қандай қызықты. Малы төлдеген, өмір думаны сонда ғой. Жаңа сіз сұңқар құсты айттыңыз. Осы көктемде менің әкем қаршыға салады. Ой, шіркін, қыран қаршығаның қаз ілгені қандай қызық, – деді Шоқан аса бір шаттық көңілмен.

– Иә, иә, – деді ойлана дем алып Кошелевский. – Дала баласы, түз қыраны еркіндікті, кең даланы қайда болсын көксемей тұра ма.






1. Асты сызылған жолдардағы негізгі ой.

A) Ертіс өзенінің бойы.

B) Оқудағы Шоқан.

C) Ертісті тамашалаған адамдар.

D) Туған елге, жерге деген сағыныш.

E) Асау өзен.



2. Шоқанның Ертіс жағасына келу себебі.

A) Тыныштықты аңсағандықтан.

B) Табиғатты тамашалауға.

C) Сең көшкінін ұнатқандықтан.

D) Елін сағынғандықтан.

E) Кошелевскиймен кездесу үшін.



3. Мәтіннің тақырыбы.

A) Омбы қаласы.

B) Корпус дәрігері.

C) Шоқан Уәлиханов.

D) Көктемгі Ертіс.

E) Ертіс өзені.



4. Мәтінде суреттелген мезгіл.

A) Көктем.

B) Қыс.

C) Күз.


D) Жаз.

E) Түн.


5. Көп нүктенің орнына тиісті қатарды белгілеңіз.

Мәтін бойынша «дала баласы, түз қыраны» ... көксейді.

A) Ерте келген көктемді.

B) Ертіс бойына баруды.

C) Еркіндікті, кең даланы.

D) Айтыс-тартыс сөздерді.

E) Доп ұрып ойнауды.








Инструкция: «Внимательно прочитайте текст и выполните задания по тексту».

Автобиографиялық әңгіме (үзінді)

Алғаш оқуға барған күні арабтың жиырма харпы түгел тізілген бір жапырақ қағазды молда барлық баланың қолына түгел ұстатты. Сарғыш мұрты жаңа тебіндеп келе жатқан шақар жас молданың алдында өрімдей көк шыбық жатыр. Оны көріп отырған балалардың оқымауына да болмайды, бірақ үйренуіне де болмайды. Қорқыту ешнәрсеге үйретпейді.

Екі жыл оқытып, екі бұзаулы сиыр алып, молда еліне қайтар кезде біз ол оқудан ешнәрсе аңғармап едік.

Белгілі 16-жылғы қара жұмысқа іліккен нағашым мені шаруасына бас-көз етіп қалдыруға сұрап әкетті... Мен бұл елге егін жинау үстінде келіп едім. Егіннен кейін балық ауласып кеттім. Көрші ауылда екі сыныптық мектеп бар екен. Мені бірінші сыныпқа кіргізді.

Ұзамай мектеп Бекет Өтетілеуовке көшті. Ондай жақсы оқытушыны мен кейін де сирек кездестірдім.

Кейде сабақ біткеннен кейін оқуға, білімге шақыратын әңгімелерді айтады. Көбінесе, өзі аударған Крылов мысалдарын оқып береді. Абай, Ыбырай шығармаларын оқиды. Не түсінгенімізді сұрайды. Бекеттің өзі айтқандарынан есте қалған бір ауыз сөз:

Қандай іске кіріссең де, таза қолмен кіріс! – дегенді көбірек айтушы еді. Тақтаға барып есеп шығарғаннан кейін, болмаса жазуға отырарда біз ылғи қолымызды жуып әдеттендік. Оның айтатыны бұл ғана еместігін мен кейінірек аңғардым. Қолдың таза болуы, шынында да көп нәрсені аңғартпай ма?

...Мен Пресногорьков жоғары бастауыш мектебін жиырма бірінші жылы бітірдім. Орыс тілі, орыс әдебиетін ұғындыруға аса бір ұқыптылығы бар еді. Суффикске екі жыл бойы тілім келмей қойғанда, сол дөкер тілді еріксіз икемге келтірген, түріне тілім келмесе де, мағынасын терең ұғындыруға жанын салған оқытушыларымды алғыспен еске аламын.




6. Автор өз ұстаздарын қандай сезіммен еске алады?

A) Шаттана.

B) Сағына.

C) Өкінішпен.

D) Қуанышпен.

E) Үлкен алғыспен



7. Екі сыныптық мектепте автор кімнің шығармаларымен танысты.

A) М. Жұмабаев, Ш. Құдайбердиев.

B) Ғ. Мүсірепов, С. Мұқанов.

C) Б. Өтетілеуов, Ж. Аймауытов.

D) Ы. Сандыбайұлы, А. Қорамсаұлы.

E) Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев.



8. Бірінші абзацқа атау беріңіз.

A) Жас молда.

B) Қорқақ балалар.

C) Молда мектебі.

D) Өрімдей көк шыбық.

E) Екі бұзаулы сиыр.



9. Қолдың таза болуы дегеніміз не?

A) Істі тиянақты орындау.

B) Әр істің алдында қолды жуу.

C) Жүктелген істі уақытында орындау.

D) Істі ұқыптылықпен орындау.

E) Қандай істі болмасын адал атқару.



10. Мәтінде ауыл молдасынан алған білімнің нәтижесін көрсететін сөйлем.

A) Қорқыту еш нәрсеге үйретпейді.

B) Біз ол оқудан еш нәрсе аңғармап едік.

C) Оны көріп отырған балалардың оқымауына да болмайды, бірақ үйренуіне де болмайды.

D) Балалар төрден есікке қарай үлкендете отырғызылды.

E) Жиырма шақты баланың ең кішісі алты жасар мен едім.






Каталог: upload -> iblock
iblock -> Сабақтың тақырыбы: «Әліппенің атасы»
iblock -> М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат
iblock -> Өзі де, сөзі де бөлек дара тұлға Ауызша журнал: Талғампаз өнер иесі
iblock -> №4 қалалық кітапхана Құрастырған
iblock -> Аты-жөні Марапаттау кезіндегі қызметі
iblock -> Абай Құнанбаев- қазақ жазба әдебиетінің
iblock -> Абай Құнанбаев қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы Мақсаты
iblock -> Составитель: библиограф цгб
iblock -> Сабақтың тақырыбы: Шортанбай Қанайұлы
iblock -> Сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет