Инструкция: «Внимательно послушайте текст и выполните задания по тексту»



Дата04.07.2018
өлшемі38,1 Kb.
#46356
түріИнструкция


КАЗАХСКИЙ ЯЗЫК


Аудирование

Инструкция: «Внимательно послушайте текст и выполните задания по тексту».

1. Абайдың әжесінің әңгімелеріне қатысты нұсқа

A) Іші пысқандықтан тыңдайтын

B) Ермек қылып тыңдайтын

C) Әндетіп, мақамдап қояды

D) Тіпті, көп естіп, көп біліп алған сияқты

E) Қажымай, жалықпай, ынтыға тыңдайтын


2. Бертін келе, тәуір болып алған соң, әжесінен тағы бір әңгімелер тапты. Ол не туралы әңгімелер?

A) Ел мен елдің шабысы, таласы жайында.

B) «Құламерген» ертегісі.

C) Мамыр, Еңліктей қыздардың қайғылары туралы.

D) «Жұпар қорығы» ертегі.

E) «Еділ-Жайық» ертегісі.



3. Мәтін бойынша қай нұсқа бала Абай сипатына сай еместігін анықтаңыз.

A) Қол-аяғы ұзарған.

B) Бойы өскен.

C) Бірақ әлі сол мүсінде үлкендік жоқ.

D) Шашы қалың, қара.

E) Жастайынан ескіше оқыған.



4. Әңгіменің негізгі ойы неде?

A) Бала Абайдың портреті туралы.

B) Абайдың поэзияға қызығушылығын оятқан екі шешенің ролі.

C) Абайға Қобыланды ерлігінің әсері.

D) Шешесі Ұлжанның өлең сөздің құдыреті туралы әңгімелері.

E) Әжесі Зеренің әңгімесі туралы.



5. «Бірі – қартаң, бірі – жас қонақ» деген сөйлем кімдерге қатысты екенін табыңыз.

A) Қазан мен Қобыландыға

B) Барлас пен Байкөкшеге

C) Әжесі мен шешесіне

D) Ауыл ақсақалдарына

E) Әкесі мен ағасына



Инструкция: «Внимательно послушайте текст и выполните задания по тексту».

6. Әдеп, аманшылықтың бастауы.

A) Тамақ ішу.

B) Би билеу.

C) Амандасу.

D) Күй тыңдау.

E) Ән айту.


7. Амандасудың шарапаты мен кереметі.

A) Өнерлілікті көрсету.

B) Дарындылықты көрсету.

C) Білімділікті көрсету.

D) Достық, жақындықты көрсету.

E) Дүние, байлығын көрсету.



8. Мәтіннің тақырыбы

A) Тұрақтылық

B) Амандасу әдебі.

C) Бейбітшілік

D) Достық сезімі

E) Дүние жүзі халықтары



9. Мәтін бойынша сәлем берген келінге үлкендердің батасы

A) «Денсаулығың қалай?»

B) «Көп жаса, балам!»

C) «Қалай, сіз терлейсіз бе?»

D) «Қалай көшіп барасың?»

E) «Бала-шаға, үй іші аман ба?



10. Мәтін бойынша қазақтардан басқа иіліп сәлем беретін халық

A) Жапондықтар

B) Римдіктер

C) Француздар

D) Тибеттіктер

E) Латын Америкалықтар











Лексико-грамматический блок

Инструкция: «Вам предлагаются задания с одним правильным ответом из пяти предложенных».

1. Тіл туралы мақал-мәтелді анықтаңыз.

A) Дос көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды.

B) Тіл – тіршілік тірегі.

C) Жақсы дос үшін жан пида.

D) Әдепті бала – арлы бала, әдепсіз бала – сорлы бала.

E) Әдептілік белгісі – иіліп сәлем бергені.


2. Синонимдер қатарын белгілеңіз.

A) үлкен, алыс

B) қара, ақ

C) тарих, кітап

D) ат, есім

E) түс, қара



3. Бірыңғай езулік дауыстылары бар сөздерді белгілеңіз.

A) желтоқсан

B) заңгер

C) жұмыс


D) орман

E) мұғалім



4. Тек жіңішке дауысты дыбыстан жасалған жалқы есімді анықтаңыз.

A) 1992 жылға дейін Целиноград деп аталған.

B) Астана 1961 жылға дейін Ақмола қаласы деп аталған.

C) Астана қаласы Есіл өзенінің жағалауында орналасқан.

D) Жаңа қаланың жалпы көрінісі Қазақстанның тарихын білдіреді.

E) Біздің мемлекетіміздің бас қаласы – Астана.



5. Туынды түбірі бар мақал-мәтелді анықтаңыз.

A) Жігітке өлең де – өнер, өнер де – өнер.

B) Өлең – алтын, сөз – күміс.

C) Ән – көңілдің ажары.

D) Өлең – сөздің патшасы.

E) Ақын мен әнші – адамзаттың бұлбұлы.



6. Түбір сын есімді белгілеңіз.

A) Қысқы


B) Үлгілі

C) Жақсы


D) Ақшыл

E) Көкшіл



7. Қатаң дауыссыз дыбыстар қатар тұрған жалқы есімді анықтаңыз.

A) Алматы.

B) Үржар.

C) Ақтау.

D) Балдырған.

E) Баянауыл.



8. Сын есімнің білдіретін мағынасын белгілеңіз.

A) Заттың атын білдіреді.

B) Заттың мекенін білдіреді.

C) Заттың түрін, түсін, сапасын, сынын білдіреді.

D) Заттың қимылын білдіреді.

E) Заттың санын, мөлшерін білдіреді.



9. Құрамындағы жай сөйлемдері тең дәрежеде байланысқан құрмаластың түрін анықтаңыз.

A) Аралас.

B) Себеп бағыныңқы.

C) Мезгіл бағыныңқы.

D) Салалас.

E) Сабақтас.



10. Құрмалас сөйлемнің түрін табыңыз.

A) Жалаң.

B) Жайылма.

C) Толымсыз.

D) Толымды.

E) Салалас.



11. Ауыспалы мағыналы сөзі бар мақал-мәтелді белгілеңіз.

A) Туған жер – алтын бесік.

B) Көп біл, аз сөйле.

C) Отан – отбасынан басталады.

D) Оқусыз білім, білімсіз күнің жоқ.

E) Ер ел үшін туады, ел үшін өледі.



12. Тек жіңішке дауысты өзен атауын анықтаңыз.

A) Павлодар – Ертіс жағалауында орналасқан қала.

B) Бурабай көлінің суы мөп-мөлдір.

C) Жайық өзенінің жағалауында үлкен ауылдар орналасқан.

D) Ганга – Үндістандағы киелі өзен.

E) Павлодар қаласы 1861 жылы қала мәртебесін алды.



13. Күрделі сөзді анықтаңыз.

A) Құрылыстар.

B) Сауықтыру.

C) Алыс-жақын.

D) Мемлекеттік.

E) Ғимараттар.



14. Жалпылау есімдігі бар сөз тіркесін табыңыз.

A) Қандай тамаша.

B) Менің пәтерім.

C) Ешбір жан.

D) Дәптер менікі.

E) Бүкіл әлем.



15. Сан есімді көрсетіңіз.

A) Елуінші.

B) Шешім.

C) Ағайын.

D) Тәулік.

E) Бірнеше.



16. Белгілі бір атау мағынасын білдіретін сөйлем түрін көрсетіңіз.

A) Атаулы.

B) Жай.

C) Құрмалас.

D) Мезгіл.

E) Жайылма.



17. Жалаң сөйлемді белгілеңіз.

A) Ахмет Байтұрсынов айтқан төрт қағида бар.

B) Мәтінді оқыды.

C) Теледидар қызмет етеді.

D) Мен «Егемен Қазақстан» газетін жиі оқып тұрамын.

E) Олар жаңалықтар мен ресми хабарлардың жиынтығы болған.



18. Жыл мезгілдері ұғымындағы мақалды көрсетіңіз.

A) Ащы еңбектен – тәтті нан.

B) Жұмыстың жаманы жоқ.

C) Еңбек ширатады, өмір үйретеді.

D) Жаздың бір күні қыстың бір айын асырайды.

E) Күшіңе сенбе, ісіңе сен.



19. Сөйлемдегі жалғаулық шылаудың түрін белгілеңіз.

Үйдің үлкені де, кішісі де – осы.

A) Сұраулық.

B) Қарсылықты.

C) Себеп-салдар.

D) Ыңғайластық.

E) Шектік.



20. Қарсылықты бағыныңқы сабақтасты көрсетіңіз.

A) Одан жақсы сөз естісе де, артына қарамай кетіп қалды.

B) Жанында әкесі болғандықтан, шешіліп сөйлей алмады.

C) Не ексең, соны орасың.

D) Аспанды жапқан бұл сиреп, жұлдыздар көріне бастады.

E) Оқуды бітірген соң, мамандығымен жұмыс істеді.







Чтение

Инструкция: «Внимательно прочитайте текст и выполните задания по тексту».

Жазғы салымғы Сібір өлкесінің ұзақ жылымық күндері басталды. Сабақ ерте бітеді. Балалар далаға шығып, корпус қасындағы үлкен алаңда доп ұрып ойнайды.

Өткен күзде ғана Омбыға келіп оқуға түскен кішкене Шоқан қаланың қамау көше, тар үйіне әлі жете үйрене қоймап еді. Оның есіл-дерті кең дала, еркін жүріс, сахара ауасы. Ол көктем басталғалы сабақтан босаған сағатында Ертіс бойына келеді. Алыс қырға көз салып көп отырады. Бүгін де Шоқан ешбір баламен сөйлеспестен Ертіс бойына жөнелді.

Кешеден бері Ертіс өзенінің мұзы босап, қызыл су көтеріліп кетті. Ертіс бойындағы қала жұртшылығына жылдың екі мезгілі ерекше қызықты әңгіме болып қалады. Оның бірі – осы көктемдегі Ертістің мұзы бұзылып, сең жүрген кезі. Екіншісі – күзгі күн суып, Ертістің мұзы қатар кезі.

Шоқанның келгенде отыратын бір ғана орны бар. Ол Ертіс қабағының бір биік жарының үсті. Тағы сол жеріне келіп отырды. Өзен қабағы қаптаған көп адам. Бәрінің таңданары – асау өзеннің бұлқынып, сең дөңгелетіп аспанға атқан сағаты.

– Шоқан Уәлиханов, сен мұнда неге томсарып отырсың? – деді корпус дәрігері Василий Матвеевич.

Шоқан әдеппен сәлем алды.

– Кешірім етіңіз, сіздің келгеніңізді байқамай қалдым.

– Оқасы жоқ. Рахмет, қыран балапаны, – деді Кошелевский. – Сен еркін өскен сахара баласысың. Сонау кең далаңды, аулыңды сағынып отырсың, ә? Түсінемін. Сен мына қалада торға түскен сұңқардың балапаны тәріздісің. Сенің жаның сонау көгерген алыс қырға талпынады. Шіркін, еркіндік қиял қандай әдемі, – деп дәрігер Шоқанның өзіне түсініксіз ой толқынын қозғап жіберді.

– Иә, Василий Матвеевич, дәл айтасыз. Сонау көгеріп мұнартқан далада менің ауылым – елім бар. Қазір біздің ауыл қандай қызықты. Малы төлдеген, өмір думаны сонда ғой. Жаңа сіз сұңқар құсты айттыңыз. Осы көктемде менің әкем қаршыға салады. Ой, шіркін, қыран қаршығаның қаз ілгені қандай қызық, – деді Шоқан аса бір шаттық көңілмен.

– Иә, иә, – деді ойлана дем алып Кошелевский. – Дала баласы, түз қыраны еркіндікті, кең даланы қайда болсын көксемей тұра ма.






1. Көп нүктенің орнына тиісті қатарды белгілеңіз.

Мәтін бойынша «дала баласы, түз қыраны» ... көксейді.

A) Айтыс-тартыс сөздерді.

B) Ерте келген көктемді.

C) Ертіс бойына баруды.

D) Доп ұрып ойнауды.

E) Еркіндікті, кең даланы.



2. Мәтінде суреттелген мезгіл.

A) Түн.

B) Жаз.

C) Көктем.

D) Қыс.

E) Күз.


3. Асты сызылған жолдардағы негізгі ой.

A) Асау өзен.

B) Ертісті тамашалаған адамдар.

C) Оқудағы Шоқан.

D) Туған елге, жерге деген сағыныш.

E) Ертіс өзенінің бойы.



4. Мәтіннің тақырыбы.

A) Шоқан Уәлиханов.

B) Омбы қаласы.

C) Көктемгі Ертіс.

D) Корпус дәрігері.

E) Ертіс өзені.



5. Шоқанның Ертіс жағасына келу себебі.

A) Кошелевскиймен кездесу үшін.

B) Табиғатты тамашалауға.

C) Тыныштықты аңсағандықтан.

D) Сең көшкінін ұнатқандықтан.

E) Елін сағынғандықтан.








Инструкция: «Внимательно прочитайте текст и выполните задания по тексту».

Әміре Қашаубаев туралы

Қазақ ән өнерінің тарихында қайталанбас тұлға ретінде бағаланатын Әміре Қашаубаевтың таланты – сирек кездесетін талант. Ауызша айтылатын ол туралы әңгімелерде әншінің даусы аңызбен астасқан қиял-ғажайып ертегілерде болатын құбылыстардай әсерде бейнеленеді. Сондай бір әңгіме былайша баяндалады. Өткен ғасырдағы жиырмасыншы жылдардың аяғында Әміре бастаған әртістер Алматы облысы қазіргі Райымбек ауданындағы Қарқара жайлауында концерт қойып жүреді. Түн жарымынан ауып, концерт аяқтала бергенде бір топ атты кісі сау ете түседі. Сөйтсе, өрісте жылқы бағып жүрген жылқышылар екен. Жайлаудағы ашық далада шырқалған әнді естіп жеткен екен. Жылқышыларға жеткен асқақ дауыс Әміренікі болады. Ал жылқышылар келген жермен концерт болып жатқан жердің арасы сегіз шақырымның үстінде дейді.

Шындығында да, Әміре даусы өте биік ноталарды қиналмай алатын әрі диапазоны өте кең үнді болған. Мұны дәлелдейтін тыңдаушысын еріксіз мойындатқан тарихи фактілер аз емес. Соның бірі 1925 жылы Париж қаласында өткен бүкіл дүниежүзілік ән өнері көрмесінде екінші бәйге және күміс медаль алып қайтуы. Тіпті Әміре бірінші бәйге алғандай екен, әнші дауысының күштілігі сонша, оның табиғи дауыс екендігіне сеніміздік білдірген қазылар алқасы адамда мұндай дауыс болуы мүмкін емес деген күдікпен екінші бәйге беріпті деген әңгіме де ел ішінде айтылады. Қалай болғанда да Әміренің орындаушылық шеберлігі, даусының өте күштілігі мен диапазонының кеңдігі, үнінің аса сұлу, әуезділігі тыңдаушысын тамсандырмай қоймаған. Осындай өзінің әншілік дарыны арқасында жоғарыда Париждегі көрмеде қазақ әнін тұңғыш рет әлем кеңістігіне шығарып, Еуропа жұртшылығын таңғалдырып мойындатқан Әміре кейін, 1927 жылы Москва консерваториясында, осы жылы Германияның Майндағы Франкфурт қаласында өткен халықаралық музыкалық көрмелерде өнер көрсетіп, қазақ әндерін тағы да әлемге паш етті, асқақтата шырқады.




6. Мәтіннің негізгі идеясын көрсетіңіз.

A) Оның әншілік дарынын жұрт жоғары бағалады.

B) 1927 жылы музыкалық көрмеде өнер көрсетті.

C) 1952 жылы Парижде Әміре күміс медальға ие болды.

D) Әміре Қашаубаевтың таланты – сирек кездесетін талант.

E) Қазақ әнін тұңғыш рет әлем кеңістігіне шығарды.



7. «Әміре Қашаубаевтың таланты – сирек кездесетін талант» екенін дәлелдейтін нұсқа:

A) Жылқышылардың жайлаудағы ашық далада шырқалған әнді естіп жеткен беттері екен.

B) Әнге шөлдеп отырған халық әншілерді жібермей, концерт ұзаққа созылған.

C) 1927 жылы музыкалық көрмеде өнер көрсетті.

D) Әнші дауысының күштілігі сонша, «адамда мұндай дауыс болуы мүмкін емес» деп қазылар алқасы күдіктенген.

E) Концерт аяқтала бергенде, бір топ атты кісі сау ете түседі.



8. Әміре Қашаубаев кім?

A) Сазгер.

B) Жыршы.

C) Әнші.

D) Ақын.

E) Қаламгер.



9. Мәтін оқырманның бойында қандай сезім тудырады?

A) Сағыныш сезімін.

B) Өкініш сезімін.

C) Махаббат сезімін.

D) Қуаныш сезімін.

E) Мақтаныш сезімін.



10. Мәтінге сәйкес емес ақпаратты табыңыз.

A) Әміре даусы өте биік ноталарды қиналмай алатын әрі диапазоны өте кең аса сұлу үнді болған.

B) Әміре Қашаубаевтың таланты – сирек кездесетін талант.

C) Қазақ әнін тұнғыш рет әлем кеңістігіне шығарды.

D) 1925ж. Парижден Әміре алтын медаль алып қайтты.

E) Мұны дәлелдейтін тыңдаушысын еріксіз мойындатқан тарихи фактілер аз емес.






Каталог: upload -> iblock
iblock -> Сабақтың тақырыбы: «Әліппенің атасы»
iblock -> М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат
iblock -> Өзі де, сөзі де бөлек дара тұлға Ауызша журнал: Талғампаз өнер иесі
iblock -> №4 қалалық кітапхана Құрастырған
iblock -> Аты-жөні Марапаттау кезіндегі қызметі
iblock -> Абай Құнанбаев- қазақ жазба әдебиетінің
iblock -> Абай Құнанбаев қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы Мақсаты
iblock -> Составитель: библиограф цгб
iblock -> Сабақтың тақырыбы: Шортанбай Қанайұлы
iblock -> Сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет