Қыркүйек аралығында «Өнер алды – қызыл тіл» тақырыбында өткізілетін тілдер апталығының іс-шара жоспары



бет1/3
Дата12.03.2018
өлшемі432.09 Kb.
  1   2   3
11- 18 қыркүйек аралығында  «Өнер алды – қызыл тіл »

тақырыбында өткізілетін тілдер апталығының іс-шара жоспары. 2017-2018 оқу жылы





Өткізілетін іс-шараның атауы.

Өткізілу формасы

Сынып  

Мерзімі

Жауаптылар.

1

«Тіл апталығының» ашылуа салтанаты

Салтантты жиын

1-4 сыныптар

11.09.17

Хамина Г.К.

2

Ребустар,сөзжұмбақтар шешу

Шығармашылық жұмыс

1-4

сыныптар


11.09.17

Хамина Г.К.

3

«Тіл қадірін біл» атты ашық тәрбие сағаты

Тәрбие сағаты

1-4 сыныптар

12.09.17

Қыдырбекова М.Е.

4

«Менің Қазақстаным»

Сурет сайысы

1-4 сыныптар

13.09.17

Екибасова А.Е.

5

«Телефонмен сөйлесу»  

Пікір алмасу

1-4 сынып

14.09.17

Қыдырбекова М.Е.

6

«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!»

Тәрбие сағаты

1-4 сынып

15.09.17

Екибасова А.Е.

8

«Білекті бірді жығады, білімді

мыңды жығады»









сайыс

1-4 сыныптар

18.09.17

Хамина Г.К.

9

«Тіл апталығының» қорытындысы, марапаттау

Салтанатты жиын

1-4 сыныптар

18.09.17

Хамина Г.К.

Мектеп меңгерушісінің қызметін атқарушы: Хамина Г.К.

Қаратал бастауыш мектебі 2017-2018  оқу жылы

Тілдер күні туралы өткізілген іс-шара туралы мәлімет.
Тілдер апталығына бастауыш сынып оқушылары мен мұғалімдері ерекше көңілмен дайындалды. Апталық кезінде өткізілетін іс-шаралардың жоспары құрылып бекітілді. Апталық қарсаңында 1 сынып тақырыпқа, мерекеге сай шарлармен, апталықтың түсті қағаз бетіне басылған атымен, түрлі әдемі суреттермен, гүлдермен безендірілді. Балалар үшін апталық қызықты өту үшін музыкамен өткізу ұйғарылды.

     Тіл апталығы 11 қыркүйек күні 2 сабақтан кейін болатын үзілісте апталықтың ашылуын өткізуден басталды. Ашылу салтанатына барлық бастауыш сынып оқушылары қатысып, өнерлерін көрсетті. 1 сынып оқушылары оқу-білім туралы жаттаған өлең жолдарын айтып, апталықты бірінші болып ашты, 2 сынып пен 3,4 сынып оқушылары ән айтты .

12 қыркүйек ребустар,сөзжұмбақтар шешіліп,оқушылар шығармашылық жұмыс жасады. Оқушылар қызығушылықпен қатысып өздерінің тапқырлығын көрсете білді. 3-сынып оқушысы Рахим Жазира 1 орын алды. 13 қыркүйек Қыдырбекова М.Е. «Тіл қадірін біл» атты ашық тәрбие сағатын өткізді. Сабақтың мақсаты: 

Оқушыларды мемлекеттік тілді құрметтеуге тәрбиелеу; қазақ тілінің мәртебесін көтеріп, тілге сүйіспеншілікті тудыру; елін, жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу. 14 қыркүйек «Менің Қазақстаным» тақырыбында сурет сайысы өтті.Мақсаты: оқушылардың шығармашылық,ойлау,есте сақтау,көру қабілеттерін дамыту. 15 қыркүйек Екибасова А.Е. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.Мақсаты: құндылықтары туралы түсініктерді кеңейту.
Міндеттері: - ана тілінің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;
- ана тіліне деген құштарлықты арттыру; ана тілін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу. 18 қыркүйек «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» мақал-мәтел сайысы өтілді және «Тіл апталығының» қорытындысы, жеңімпаз оқушылар марапатталды.

Мектеп меңгерушісінің қызметін атқарушы: Хамина Г.К.



Каратальская начальная школа 2017-2018 учебный год.

Отчет о проведении «Недели языков»
На неделю языка все учителя и ученики готовились с большим интересом.

Во время недели языка был составлен план мероприятия и утвержден ИО заведующим школы. Учителя планируя мероприятия специально оформили один кабинет шарами, разными картинками и цитатами.

Для интереса учеников была организовано музыкальное сопровождение.

Неделя языков началось 11 сентября после 2-го урока на большой перемене.

На открытие присутствовали все ученики показывали свои способности и умения.Ученики 1-ого класса рассказали стихотворение о знании 2, 3, 4 классы пели песни.12 сентября ученики решили крассворды, ребусы показывали свое творчество.Ученица 3 –ого класса Рахим Ж занила 1 место.

13 сентября Кыдырбекова М.Е. провела воспитательную работу на тему «Знай цену языка» Цель: любить и уважать государственный язык и любить родину.

14 сентября был проведен конкурс рисунок.Цель: развивать творчество детей.

Были проведены тагже и другие мероприятия.18 сентября был закрытие «Недели языка» Ученики были награждены грамотами.

ИО. Заведующая школы: Хамина Г.К.

де  «Өнерлі өрге жүзер»  атты өнерлі балғындар сайысы өтті. Өнерлілер сайысына әр сынып оқушылары ән, би, көрініс дайындаулары қажет еді. Бұл сайысқа даярлық топ оқушылары барынша жауапкершілікпен қарап, өз өнерлерін өте жақсы көрсетті. Ән де айтты, бәрі қосылып би билеп, көрініс те көрсетті. 1 сынып

 Бастауыш сынып апталығына бастауыш сынып оқушылары мен мұғалімдері ерекше көңілмен дайындалды. Апталық кезінде өткізілетін ашық сабақтар мен іс-шаралардың жоспары құрылып мектеп директорының міндетін атқарушы Ж.А.Тлебалдинамен бекітілді. Әр бастауыш сынып мұғалімі 1 ашық сабақ, 1 іс-шара өткізуге тиісті еді. Апталық қарсаңында бастауыш сынып оқушылары оқитын мектептің 1 қабаты тақырыпқа, мерекеге сай шарлармен, апталықтың түсті қағаз бетіне басылған атымен, түрлі әдемі суреттермен, қабырға  газеттерімен, гүлдермен безендірілді. Балалар үшін апталық қызықты өту үшін таңертеңгілік жаттығуды музыкамен өткізу ұйғарылды.

     Бастауыш сынып апталығы 24 қараша күні 3 сабақтан кейін болатын үзілісте апталықтың ашылуын өткізуден басталды. Ашылу салтанатына барлық бастауыш сынып оқушылары қатысып, өнерлерін көрсетті. 1 сынып оқушылары оқу-білім туралы жаттаған өлең жолдарын айтып, апталықты бірінші болып ашты, 2 сынып пен 3 сынып оқушылары ән айтты, 4 сынып оқушылары Ы.Алтынсаринның «Кел, балалар, оқылық» өлеңін мәнерлеп оқып берді.  24 қараша күні сағат 15:00-де  Ж.Е.Сейтенгазинова «Зерде» интеллектуалдық ойынын өткізді. Оқушылар екі топқа бөлініп, білік-дағдыларын сынады. Оқушылар үлкен қызығушылық танытып, ойынға белсене қатысты. Іс-шара тақырыбына сай презентация көрсетіліп, балалар тапсырманы слайдтан қарап таңдап отырды. Әділ-қазылар алқасы бағалағаннан кейін топтардың жинаған балдары бойынша жеңімпаз топ анықталды. Ойын соңында екі топ та мадақтамалармен марапатталды. Кемшіліктер: мұғалім екі топқа дайындаған сұрақтары кейбірі тым жеңіл, кейбірі  қиын болды. Екі топқа бірдей деңгейлі сұрақтар берілген жоқ. Мұғалім оқушылардың дұрыс не бұрыс жауаптарын талдаған жоқ. Дұрыс бұрысын оқушыларға айтпай әділ-қазылар алқасына бағалауға беріп отырды.

    25 қараша таңертеңгілік жаттығуды Р.К.Камалиденова өткізді. Бұл жаттығу музыкалық сергіту жатығуларын орындаудан тұрды. Балалар үлкен қызығушылықпен жаттығуларды, би қимылдарын орындады. Осы күні сағат 15:00-де  «Өнерлі өрге жүзер»  атты өнерлі балғындар сайысы өтті. Өнерлілер сайысына әр сынып оқушылары ән, би, көрініс дайындаулары қажет еді. Бұл сайысқа даярлық топ оқушылары барынша жауапкершілікпен қарап, өз өнерлерін өте жақсы көрсетті. Ән де айтты, бәрі қосылып би билеп, көрініс те көрсетті. 1 сынып оқушылары тек ән айтып, би биледі. 2 сынып оқушылары көрініс көрсетіп, екі ән айтты. 3 сынып оқушылары ән мен би дайындапты. 4 сынып оқушылары ән айтты. 1-4 сынып аралығындағы оқушылардың дайындықтары орташа болды. Сайысты қорытындылай келе әділқазы алқасы былай деп шешті: ән номинациясы бойынша І орынды даярлық топ , ІІ орынды 3 сынып, мың бұралған бишілер номинациясы бойынша І орынды 3 сынып, ІІ орынды даярлық топ,  көрініс көрсету бойынша І орынды даярлық топ, ІІ орынды 2 сынып иеленді. Оқушылар мақтау қағаздарымен және тәттілермен марапатталды.

    26 қараша күні таңертеңгілік жаттығуды А.М.Смаилова өткізді. Ол балаларға «Қара жорға» биінің қимылдарын көрсетіп, би билетті. Жаттығу қызықты өтті. 26 қараша күні А.С.Ислямова  3 сыныпта музыка пәнінен, К.К.Нурсарина даярлық топта тіл дамыту пәні бойынша ашық сабақтарын өткізді.

    А.С.Ислямованың сабағына мектеп мұғалімдерінің көбі қатысты. Сабақ әдістемелік талапқа сай құрылды. Музыка сабағында музыкалық аспап түрлері, оркестр үні қолданылды. Оқушылар сабаққа белсенді қатысты. Мұғалім оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын оята алды.

    Даярлық топта тіл дамыту пәнінен К.К.Нурсарина ашық сабақ берді. Мұғалім сабақ жоспарын оқушылардың жас ерекшелігіне сай, қызығушылығы мен білім деңгейлеріне сай құрды. Оқушылар сабаққа үлкен қызығушылық танытып, белсене қатысты. Мұғалімнің сабаққа дайындаған көрнекі құралдары эстетикалық талғамға сай болды. Мұғалім сабақты түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік әдістеріне сүйене отырып жүргізді. Сабақ кезінде ойын элементтері орынды қолданылды. Оқушылар дыбыстық талдау жасап, өз ойларын, үй жануарлары туралы білетіндерін айтумен болды. Сабақ үй жануарларының суреттерін бояумен қорытындыланды. Бағалау кезеңінде мұғалім жұлдызшаларды қолданды. Сабақ жақсы деген бағаға өтті.

     26 қараша күні сағат 15:00-де А.М.Смаилова «Ертегілер елінде»  атты іс-шара өткізді. Іс-шара қызықты суретті презентациямен, музыкамен, ертегі кейіпкерлерімен өтті. Мұғалім іс-шараны ертегі ретінде жүргізді, ертегі кейіпкерлерін бастауыш сынып мұғалімдері сомдады. Балалар үлкен қызығушылықпен іс-шараға қатысты, сұрақтарға жауап беріп, тапсырмаларды белсенділікпен орындады.

     27  қараша күні таңертеңгілік жаттығуды А.Б.Райысханова өткізді. Ол балаларға жастар биінің қимылдарын көрсетіп, билетті.

     27 қарашада күні Р.К.Камалиденова 1 сыныпта сауат ашу пәнінен ашық сабақ өткізді. Мұғалімнің сабақ жоспары әдістемелік тұрғыдан дұрыс құрылған. Сабақта түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік әдістері барынша қолданылды. Сабақтың тақырыбын ашар алдында, үй тапсырмасы  тексерілді. Кейін өткен тақырыпқа байланысты сұрақтар қойылып,сөзжұмбақ шешу, шыршаны безендіру  арқылы  жаңа тақырыпқа көшті. Оқушылар оқу, сөйлеу дағдыларын көрсетті. Бірақ өз ойларын еркін жеткізу дағдысын көрсете алмады себебі, бұл оқушылардың тілдері жаттықпаған, өз ана тілдерінде еркін сөйлей алмайды. Мұғалім оқушыларды жұлдызшалар арқылы бағалады. Кемшіліктер: сергіту сәті кеш өткізілді, балалар сабақта жинақы отырмады, мұғалім сабақ жоспарына сай кейбір ойындарды өткізуге үлгермеді, оқушылардың орындықта дұрыс отыру дағдылары мұғалімнің қадағалауынсыз қалды.

      27 қараша күні сағат 15:00-де К.К.Нурсарина «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар»  атты іс-шара өткізді. Оқушылар үш топқа бөлініп, бір-бірімен күш сынасты. Іс-шараны тек қана мұғалім емес ертегі кейіпкерлері де жүргізіп отырды. Кейіпкерлердің рөлін бастауыш сынып мұғалімдері сомдады. Іс-шара барысында келесі сайыс түрлері өткізілді: «жалауша», «шегіртке», «пингвин», «шапшаң математик», «баскет-фут», «даяшы», «үш аяқ», «сөз құрастыр», «золушка». Іс-шара кезінде оқушылардың тек спорттық икемділіктері ғана емес, сонымен қатар білімдері де сыналды. Іс-шара балалар үшін өте қызықты өтті. Ойын соңында оқушылар мадақтамалармен марапатталды.

     28 қараша күні А.Б.Райысханова мен А.М.Смаилова ашық сабақтар жүргізді. А.Б.Райысханова 2 сыныпта математика пәні бойынша бірінші болып ашық сабақ өткізді. Мұғалімнің сабағына көптеген мектеп мұғалімдері қатысты. Сабақ жоспары әдістемелік тұрғыдан дұрыс құрылмаған. Сабақ жүйесіз өтті. Интербелсенді тақта тек көрнекілік ретінде ғана қолданылды. Сабақ үшін мұғалімнің алған бағасы үш.

     А.М.Смаилова 3 сыныпта қазақ тілі пәнінен «Сөйлем мүшелерінің байланысы» тақырыбы бойынша ашық сабақ өткізді. Сабақ әдістемелік тұрғыдан дұрыс құрылған, оқушыларды қызықтыру мақсатында презентация дайындалды, презентацияға қарай отырып, оқушылар тапсырма түрлерін орындады. Оқушылар үшін сабақ қызықты жұмыс сабағы ретінде өтті. Бірақ оқушылар интерактивті тақтамен жұмыс жасаған жоқ. Мұғалім оқушылардың орындықта отыру дағдыларын аңғармай, орындықтардың бірі үлкен, бірі кіші болды.

     28 қараша күні сағат 15:00-де  А.Б.Райысханова «Ұлттық лото»  ойынын өткізді. Ойын оқушылар үшін қызықты болды. Кемшіліктер: мұғалімнің тақтаға ілген көрнекілігі эстетикалық талғамға сай емес, оқушыларға дайындаған сыйлықтары оқушылардың қызығушылығы мен жас ерекшелігіне сай емес, мұғалімнің оқушыларға дайындаған сұрақтары тым жеңіл немесе тым ауыр, жас ерекшелігіне сай емес болды. Мұғалім ойынды жүргізу барысында дұрыс жүргізу әдісін таңдамаған.

     29 қараша күні Ж.Е.Сейтенгазинова 4 сыныпта математика пәнінен «Екі айырма бойынша белгісізді табуға берілген есептер» тақырыбы бойынша ашық сабақ жүргізді. Сабақ жоспары әдістемелік тұрғыдан дұрыс құрылмаған. Оқушылардың дәптерлері сабақ үстінде тексерілмеді. Оқушыны




Бастауыш сыныптар аралығында өтетін

тіл апталығының жұмыс жоспары.




Тақырыбы


мерзімі


Қатысатын сыныптар


Жауапты мұғалім


1


Ашылу салтанаты


17.09.12


0-4


Сынып жетекшілері


2


«Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» сайыс


18.09.12


2-4


Хоршолбай С.

Сауытбаева А


3


«Тапқыр достар» сайысы


19.09.12


3-4


Халел. А

Мауит Ж.


4


Мәнерлеп оқу сайысы


20.09.12


1- 4


Калемшарив. Х


5


Қазақ тілінен ашық сабақ


20.09.12


2 «б»


Хоршолбай С.


6


«Бала тілі- бал» көңілді сайыс


20.09.12


0-1


Хавдолда Х.

Райхан. С


7


Кім көп өлең оқи алады?


21.09.12


2-4


Аділ.А

Калемшарив. Х


8


«Тіл қадірін біл» атты ашық тәрбие сағаты


21.09.12


0 «а»


Хавдолда Х.


9


Қорытынды


22.09.12


0-4


Сынып жетекшілері



Бірлестік жетекшісі: 

Е. Тохтамурат

Обсудить данную работу


Студентка купила iPhone 7, на который заработала за 24 часа!

  • Биология

  • География

  • Тарих

  • Сурет және сызу

  • Технология

  • Музыка

  • Кітапхана

  • Дене шынықтыру

  • Алғашқы әскери дайындық

  • Мектепалды дайындық

  • Бастауыш сынып

  • Өзін өзі тану

  • Бала бақша

  • Тәрбие сағаты

  • Әдістемелік көмек

  • Психология

  • Аттестаттау материалдары

  • Оқушыларға




Распродажа парфюмов. Скидка до 90% на ВСЁ!

Тақырыбы: «Тілім - менің тірегім»
Мақсаты: Оқушылардың «тіл», «Отан» құндылықтары туралы түсініктерді кеңейту

құндылықтары туралы түсініктерді кеңейту.
Міндеттері: - ана тілінің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;
- ана тіліне деген құштарлықты арттыру;
- ана тілін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу;
Көрнекі құралдар: оқулық, дәптер, қатты қағаздан жасалған «Таным», «Ғұламалар», «Қазына» атты үш үлкен қақпа.

Шаттық шеңбері
Оқушылар шеңбер құрып тұрады, бір - бірімен, мұғаліммен сәлемдеседі. Мұғалім сабақ тақырыбымен таныстырады және мына өлеңді бірге айтуды ұсынады:
Ана тілім - ұраным,
Ана тілім - құралым.
Ана тілім болмаса,
Болмас еді жыр - әнім.
Ана тілім - елдігім,
Ана тілім - ерлігім.
Ана тілім болмаса,
Бүтінделмес кемдігім...

Сахналау
Ана тілінің маңыздылығын түсіндіру мен оқушылардың туған тілін жете білуге қызығушылығын арттыру мақсатында сабақ сахналау түрінде ұйымдастырылады.
С. Тұрысбековтың «Көңіл толқыны» күйі
Ортаға патша шығады:
ПАТША: - Тілдер патшалығына саяхат жасауды көптен көңіліме түйіп жүр едім. Соның сәті бүгін түскен сияқты. Мен қазақ тілі туралы білсем деймін.
МҰҒАЛІМ: - Сонау 5 - 6 ғасырдан бастап уақыт санына төтеп беріп, бүгінгі күнге дейін жеткен Орхон - Енесей, Талас сына жазулары қазақ тілінің кезінде өркендеп, гүлденген дәуренін айғақтайды.

ҒҰЛАМАЛАР ҚАҚПАСЫ.
МҰҒАЛІМ: - Қазақ тілі - Әйтеке, Төле, Қазыбек билер сынды шешендердің, Абай, Жамбыл, Ахмет, Мағжан, Сәкен, Мұхтар сияқты алып ақын - жазушылардың, Қажымұқан, Бауыржан батырларың тілі. Қазақ тілі - қазақтың жоғын жоқтап өткен Ш. Уәлиханов пен Т. Рысқұловтай арыстың тілі.
ПАТША: - Туған тілім туралы өлең тыңдасам деймін.
Оқушылар: Туған тілім
Туған тілім - бабам тілі - өз тілім!
Туған тілім - анам тілі - өз тілім!
Туған тілім - далам тілі - өз тілім!
Туған тілім - адам тілі - өз тілім!

Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып - ақ алыңдар.

Талдау:
Неліктен тілді анамен байланыстырамыз?
Қандай адам өз тілін құрметтейді?
Неліктен өз тілінде сөйлейтін адам сыйлы болады?
ҚАЗЫНА ҚАҚПАСЫ
ПАТША: ашуланып - Менің кім екенімді білмейді - ау, шамасы, - деп қақпаны өзі итереді.
Бәрібір ашылмайды. Ол қақпа есігін қағады, сонда арғы жағынан қағаз түседі. Нөкері ашып оқиды:
Дүниеде не ащы?
Дүниеде не тәтті?
ПАТША: - Мұның мәнісі неде? - деп оқушылардан сұрайды.
МҰҒАЛІМ: - Мұның жауабын білу үшін «Данышпан атаға» хат жазған болатынбыз. Бүгін сол хатымыздың жауабы келді. Балалардың жауабын салыстырып көрейік. Хатты ашып оқиық.

Хатта:
О, хан ием!
Дұрыс сөйлей білуде өнер, жүйесін тауып сөйлеген сөз жүрекке жетіп, жүйені босатады. Сондықтанда тіл - тәтті. Жебе салған жара жазылар, балтамен оталған орман қайта өсер, бірақ тілдің жарасы жазылмас. Сондықтан да тіл - ащы.
(Сол уақытта қақпа ашылып, жасанды гүлдермен безендіріп жасаған бұлақ басынан «Ана тілім - қазынам» деген кітапты патша қолына алып, парақтай бастайды).
ПАТША: - Маған көмек қажет болды, кім көмектесер екен? Мына кітапта берілген мақал - мәтелді аяқтау керек.
1. Өз білмегеніңді кісіден сұра,
Үлкен болмаса,...
2. Өнер алды -...
3. Жіптің ұзыны, сөздің... жақсы.
4. Піл үшті,
Піл күшті емес,... күшті.
5. Отыз тістен шыққан сөз,
Отыз рулы... тарайды.
6. Жүйелі сөз - жүйесін табар,
Жүйесіз сөз -...

ПАТША: - Ойпырым - ай! Тілдің құдіреті осы де. Балалар, сіздерге үлкен рахмет. Мен барып үш ұлымды сынап көрейін.
(Мұғалім патша ұлдарын қалай сынағандығын айтып береді)
Әкесі 1 - ші ұлына қонаққа келеді. Тамақ салынып, ет асылады.
ӘКЕСІ: - Қарағым, ана етіңнен жақсы жерінен бір кесіп берші?
- Әрине, санның еті дәмді. Енді жаман жерінен кесіп берші, - деді
- Тіс өтпейтін сіңір ғой.
Әкесі 2 - ші ұлынан да осындай сый - сыяпат көреді.
Содан соң 3 - ші ұлына келгенде де:
- Балам еттің жақсы жерінен берші, - дейді. Тіл береді.
- Енді жаман жерінен берші, - дейді. Тағы да тілден кесіп береді.
ӘКЕСІ:
- Мұның қалай балам, жақсы жерінен десем де, жаман жерінен десем де тіл кесіп бердің?
БАЛАСЫ:
- Ой, әке - ай, жақсы да, жаман да ұрыс - керіс, өсек те осы тілден шығады.
- Екі елі ауызға төрт елі қақпақ дегендей, әр адам өз тіліне сақ болса, еш уақытта ұрыс - керіс болмас еді. «Басқа пәле – тілден».
ӘКЕСІ:
- Дұрыс екен, балам. Бүгін көп нәрсені ұққандаймын. Енді қайтайын. Айтарым ақылыңнан ажырама, - деген екен.

ДӘЙЕКСӨЗ:
- Сахналау арқылы және өзіміздің өмірден түйгенімізден ұққанымыздай тіл балаға ананың ақ сүтімен туылған сәтінен - ақ беріледі. Тіл адамды жақсы да, жағымсыз да көрсетеді. Тіл адамды өсіреді де, өшіреді де. Өйткені жанға жайлы жақсы сөздерді жиі айтсаң, адамдар арасында сыйлы боласың. Өз тіліңді жетік біліп, оны дамыта алсаң, сондай - ақ басқа елге барғанда туған тіліңде сөйлесең олар сондай халық бар екенін біледі. Демек халқыңды басқа ұлттарға танытасың, халқыңды өсіресің. Егер сенің ана тілің де ешкім сөйлемесе халқың өшеді - осы. Сондықтан да ақын С. Торайғыровтың:

«Сүйемін туған тілді, анам тілін,
Бесікте жатқаным да - ақ берген білім», деген өлең жолдарын ұмытпағандарың жөн.

ЖАҢА АҚПАРАТ
«ҚР мемлекеттік тілі - қаза тілі. Ана тілін сүю, құрметтеу, мақтаныш ету - әрбір азаматтың міндеті»
ТАПСЫРМА
«Ана тілің - арың бұл» деген сөзді түсіндіріп беріңдер.
ДӘПТЕРМЕН ЖҰМЫС
ТАПСЫРМА: Нақыл сөздерді оқып, мағынасын түсіндір
1. Тіл жер жерде ұлт жоқ
Ш. Айтматов
2. Әр халықтың ана тілі - білімнің кілті... Біздің жастарымыз ана тіліне жетік, білімді, мәдениетті болсын.
А. Жұбанов
3. Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту - бүкіл ата - бабамызды, тарихымызды ұмыту.
Б. Момышұлы

ЖҮРЕКТЕН ЖҮРЕККЕ
Жүрегімнің бөлшегі
Қаның, жаның - тілінде,
Арың, нәрің тіліңде.
Ұмтыл оны білуге.
Тілден алып ғибрат,
Құлшынасың білімге.

Ана тілің - ертегің,
Ана тілің - өркенің,
Ана тілің - ертеңің.
Қадірле ана тіліңді –

Жүрегінің бөлшегін

Лучшие мужские духи по скидке

Печень очистится мгновенно!

Каталог: 2094E0BBA66F0CD0
2094E0BBA66F0CD0 -> Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы құтты болсын! Наурыз – көнеден келе жатқан мейрам. Күні бүгінге дейін жер шарындағы көптеген халықтардың дәстүрлі мейрамына айналған.
2094E0BBA66F0CD0 -> Ойынның мақсаты: Жуан, жіңішке түбірлі сөздерді қайталау және ажырата білу
2094E0BBA66F0CD0 -> Тәуелсіздік тағдыры Кеше немесе біз қайдан шықтық?
2094E0BBA66F0CD0 -> Рамазан Елебаев (1910, Акмола облысы, Еңбекшілдер ауданы, Құдықағаш ауылы 4 қараша, 1943, Ресей, Ново Сокольники қаласының маңы) – композитор. Өмірбаяны


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет