Іс-шараның тақырыбы: «Қазақша сөйлей білеміз бе?» Мақсаты: оқушыларға қазақ тілін тереңірек үйретіп, сөздік қорларын байыту. Құрметті ұстаздар мен оқушылар қош келдіңіздер! Бүгін 1-4 сынып аралығында «Қазақша сөйлей білеміз бе?»



Дата08.07.2018
өлшемі17,33 Kb.
#48555
Іс-шараның тақырыбы: «Қазақша сөйлей білеміз бе?»

Мақсаты:оқушыларға қазақ тілін тереңірек үйретіп, сөздік қорларын байыту.

Құрметті ұстаздар мен оқушылар қош келдіңіздер!

Бүгін 1-4 сынып аралығында «Қазақша сөйлей білеміз бе?» атты сайыс өткізіледі



Диляра. Әр халықтың өз ана тілі болады,Орыс халқының ана тілі-орыс тілі.Қазақ халқының ана тілі қазақ тілі.Қазақ тілі –бай тіл.Ол қазақ халқының жазуы, кітабы,мектебі жоқта болған тіл.Қазақ тілі мемлекеттік мәртебеге ие болды.Біз үшін екі тілде ана тіліміз.

Темірлан. Өрнегің сендей сала алмас,

Білгенге маржан.

Білмеске арзан,

Надандар баһра ала алмас.

Толғауы тоқсан қызыл тіл,

Сөйлеймін десең,өзің біл.



Олжас. Қазақ тілі мәңгі жасап қырағы,

Қазақтардың арын қорғап тұрады.

Ана салтын білмесе,

Әрбір қазақ жылағысы кеп тұрады.



Мирас. Ана тілің- арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өзге тілді құрметте.



Бүгінгі сайысқа қатысатын топтар: Бәйтерек, Жұлдыз,Сұңқар, Қыран

Бүгінгі сайысымыздың әділқазылар алқасы:

Моор И.И, Искакова Г.М, Таранцева Н.Ю

1-айналым.Қазақстан, мемлекет, егеменді,халықтар осы сөздерден бірнеше сөз құраңдар.

2-айналым.Артық сөзді сызып таста.

Ата, әже, әке, кітап, шеше, іні

Алма,алмұрт, шие,қалам,өрік

Кітап, қалам,сызғыш, бауырсақ,дәптер

Қоян,арыстан,қасқыр, тауық, жолбарыс

Қаз,үйрек,тауық,қасқыр,күркетауық

Ойын:

Қуаласпақ

Жасырынбақ

Дойбы,дойбы

Асық, асық

Мен ойнаймын

Сен ойнайсың

Ол ойнайды



3-айналым.Ұйқасын тап

Ағаш- «жапырақ» теңіз- «кеме»

Мектеп- «оқушы» қала- «автобус, поезд»

Кесе- «киім» бақша – «көкеніс, жеміс»

Балық- «өзен» орман- «жеміс-жидектер», жабайы аңдар

Бөлме- «үй»

4-айналым. Топтай біл

Адамның дене мүшелері

Азық-түлік

Оқу құралдары

Бас, құлақ,аяқ, мойын

Нан, сүт, айран, қаймақ, май, ірімшік

Кітап, дәптер, қалам,қарындаш, өшіргіш, сызғыш

Жүргізуші: Ана тілің-ертегің,

Ана тілің- өркенің.

Ана тілің-ертеңің,

Қадірле ана тіліңді,

Сонда ашасың гүліңді.

5-айналым. Жұмбақтар сайысы

Тілі бар-үні жоқ,

Өзін адам түсінген.

Жүрегі бар да, қаны жоқ,

Сөйлеп тұрған ішінен. (книга-кітап)

Апам үшін қам жеген,

Тозаң жұтып,шаң жеген.

Жатыр үйде айдағар,

Ондай мешкей қайда екен (пылесос-шаңсорғыш)

Шелек қалпақ басында,

Сәбіз екі танауы.

Қыста қардан туатын,

Тауып көрші,сен оны. (снеговик-аққала)

Қалың киімді ұнатады,

Шешіндірсен ,жылатады. (лук-пияз)

Аяғы бар,басы бар,

Арқалаған тасы бар. (черепаха-тасбақа)

Мамықтай ұлпа,

Қанаттай ақ.

Қыста жер бетін басады,

Жазда сайға қашады. (снег-қар)

6-айналым. Тірек сызбаны толтыр.
Елтаңбасы

ту



Көлдер

өзендер



Қазақстанның несі бар?



Әнұран



Президент



Астана

Қалалары, таулары

Тауды көрсең күн көзіне таласқан,

Аспан көрсең Ай мен Күнге жол ашқан

Менің байтақ республикам таулары

Менің көгім-мөлдіреген сол аспан

Дала көрсең, көкжиекпен ұштасқан

Көлді көрсең,секілді бір түскі аспан

Менің байтақ республикам даласы

Менің көлім теңізбенен ұштасқан.

Қызыл бұлттай көрсең қырдың гүлдерін

Көрсең ашық Алатаудың үндерін,

Жерінде гүл,көгінде күн бір жүзген

Ұлан-байтақ Республикам бұл менің.

Осымен бүгінгі біздің сайысымыз аяқталды.Қош сау болыңыздар!

Солтүстік Қазақстан облысы

Есіл ауданы

Амангелді орта мектебі

Қазақша сөйлей білеміз бе?

(Сайысы)


Өткізген :

қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Кусаинова Асия Ибрагимовна



2015-2016 оқу жылы
Каталог: uploads -> konspekt -> drygie-materiali -> raznoe
konspekt -> Сабақтың тақырыбы Достық өлкесінің заңы М. Шаханов Жалпы мақсаты
raznoe -> Сабақтың тақырыбы: Сайыс сабақ (Өткенді қайталау) Сабақтың мақсаты
raznoe -> Сыныбы: 11- сынып Пәні: Қазақ әдебиеті
raznoe -> Сабақ: Театр Күні: 20. 07. 2016ж Мұғалімнің аты-жөні: Калыкова Д. А
raznoe -> Тіл дамытуға арналған мәтіндер Тауық, тышқан және құр
raznoe -> Сабақтың тақырыбы: Ақ бата Сабақтың мақсаттары
raznoe -> Сабақтың мақсаты : Ұлы ақын туралы өмірбаяндық деректер беру. «Қыс» өлеңінің мазмұны мен мәнін ұғындыру
raznoe -> А.Қ. Шайхысламова
raznoe -> Педагогикалық технологиялар


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет