Қысқа мерзімді жоспар. Пәні: Әдебиеттік оқу. Тақырыбы: Тасбақаның шөбі. Ә. Кекілбаев. Мақсаты



Дата25.08.2017
өлшемі31,96 Kb.
#27628
Қысқа мерзімді жоспар. Пәні: Әдебиеттік оқу. Тақырыбы:Тасбақаның шөбі. Ә.Кекілбаев. Мақсаты: Авторға шолу. Әңгіменің негізгі идеясын ашып түсіндіру. Оқушылардың қатесіз,шапшаң оқу технологиясын жетілдіру; Өзіндік ізденуге,талдауға ,өз көзқарастарын қорғап,ойларын еркін жеткізе білуге үйрету; Тәрбиелік мәні:Балалардың ой-өрісін,қиялын,байланыстырып сөйлеу тіл байлықтарын дамыту; Оқыту нәтижесі: а)Балала тасбақа жайлы білімдерін толықтырады. ә) кез-келген уақытта тасбақаның іс-әрекеті туралы дұрыс талдай білуге дағдыланады,білімді жете меңгереді. б) топпен жеке жұмыс түрлерін орындайды. Сабақтың әдісі: «Өрмекшінің торы », «Ыстық орындық» әдістері , сұрақ-жауап, топтастыру. Сабақтың көрнекілігі: слайд, суреттер, презентация. Сабақтың барысы: I.Ұйымдас бөлімі: а)Психологиялық ахуал(оқушылар бір-біріне сәттілік тілейді) ә)Жыл мезгілдеріне байланысты төрт топқа бөлу. II. Үй тапсырмасын тексеру: а) Өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік жайларына бейімделуі туралы тусінгендерін сұрау. ә) «Ыстық орындық» әдісі арқылы үй тапсырмасын бекіту. III.Жаңа сабақ: а)авторға шолу Әбіш Кекілбаев 1939 жылы Маңғыстау облысының Маңғыстау ауданында дүниеге келген.Қазақтың белгілі жазушысы,қоғам қайраткері. Елбасымыздың өз қолынан «Еңбек ері» жұлдызын кеудесіне таққан.Тұңғыш өлеңдер жинағы «Алтын шуақ» деп аталады. «Бір шөкім бұлт», «Үркер», «Дала балладалары» т.б.роман, повестері бар. ә)Мәтінді дауыстап оқып беру. б) Іштей оқу. в)Тізбектеп оқу. г)Сұраққа жауап алу. ғ) Мәтінді бөлімге бөліп, ат қою. I.Қарабаланың атқа қонуы. II.Қарс айырылып жатқан жырақ. III.Азапқа түсіп жатқан тасбақа. д)Бөлім бойынша әңгімелеттіру. Бабалар тәжірибесінен: «Білгенің жөн» Сәуірдің үшінші онкүндігінде екілене соққан жел «тасбақаның дауылы» деп аталған. Өйткені қыстай жер астында ұйқыда жатқан тасбақа осы тұста жер бетіне шығады екен.Егер тасбақаның үстіне жабысқан ылғалды топырақ көп болса, сол жылы ылғал мол жыл болады деп қуанған.. Сонымен бірге қазақ халқы ырым сөздерге сенім артып, жақсы нәрселерді үнемі ырымдап отырған. Тасбақа шөппен қоректенеді. Кейбір тасбақа жерге шыққанда аузына шөп тістеп шығады. Сәті түсіп, оны көріп, алған адамның жолы болады деп болжаған. Ондайда көрген адамның ойлаған ойы орындалады деп халқымыз ырымдап отырған.

е) Сурет бойынша әңгіме. Сергіту сәті: «Ақ бұлақ». Дәптермен жұмыс. Сөздік жұмысы: Көсік - далада, құмдақ жерде өсетін сәбіз тәрізді жабайы өсімдік. Кібіртік - тоқтап,сүрініп жүреді. Мимырт - жай жүреді, шабан жүріс. Топтық жұмыс: I-топ: Тасбақа суретін салу. II-топ: Тасбақаны сипаттау III-топ: Қарабала мінген атты сипаттау IV-топ: Авторды сипаттау. «Өрмекшінің торы» әдісі арқылы сабақты қорытындылау. 1.Біз қандай мәтінмен таныстық? 2.Авторы кім? 3.Жанры: 4.Негізгі идеясы? 5.Басты кейіпкерді ата? 6.Ол туралы халықта қандай ырым бар? 7.Қарабаланың орнында болсаң сен не істер едің? Сабақты қорытып,кері байланыс орнату:Сабақ ұнады? Сабақ ұнамады,қиын болды? Оқушылар өз ойларын түсті стикерлер арқылы көрсету. Үйге тапсырма: «Тасбақаның шөбі»түсініп оқу.Тасбақа туралы тың деректер жинап келу. Бағалау:Тәттілер арқылы.



Дайындаған: Есенова Ляиля Байтоллақызы. Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласы №9 жалпы орта білім беретін мектептің 1санатты, бастауыш сынып мұғалімі. Еңбек өтілі 34жыл. 3(базалық) деңгей бойынша сертификатталған мұғалім.
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет