Исаев оқулары (ғылыми мақалалар жинағы) 2-кітап Алматы, 2012 ббк пікір жазғандар



бет1/16
Дата15.04.2018
өлшемі3,53 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті



ИСАЕВ ОҚУЛАРЫ

(ғылыми мақалалар жинағы)

2-кітап

Алматы, 2012



ББК

Пікір жазғандар:

О.Жұбаева – А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының аға ғылыми қызметкері, кафедра меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы.

Г.Қайдарова – Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты.

Жауапты редактор:

Филология ғылымдарының кандидаты, доцент

Ж.К. Отарбекова

Редакция алқасы:

А.Н.Мамиева, П.А.Байтимбетова, Н.А. Жаңабаева, С.Санақжан



Исаев оқулары (ғылыми мақалалар жинағы). Алматы, 2012. бет.

Филология ғылымдарының докторы, профессор С.М. Исаевты еске алу құрметіне жыл сайын өткізіліп тұратын бұл оқуларға студент, магистрант, жас ізденушілердің ғылыми мақалалары енгізіліп отыр.

Ғылыми мақалалар жинағын баспаға Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Қазақ тіл білімі кафедрасы ұсынған

ISBN
Алғысөз


Профессор Сейілбек Мұхамеджарұлы Исаев - тіл білімінде өзіндік мектебін қалыптастырған, ұстаздық пен ғалымдықты тең ұстаған тілші ғалым. Ғалымның қаламынан туған тіліміздің барлық дерлік салаларына қатысты еңбектері бүгінде студенттер мен ізденушілердің оқулық, оқу құралдарына, тың ізденістердің бастауына әрі жол сілтеушісіне айналып отыр.

Ғалым ғұмыры қалдырған еңбегімен өлшенсе, ұстаз еңбегі шәкірттерімен өлшенеді. Сейілбек Мұхамеджарұлы шәкірт тәрбиелеу жолында да аянбай тер төкті. Оның шәкірттері 1975-1985 жж. арасында қазақ тілі мен әдебиетінен республикалық олимпиадаларда үзбей 1-2 орындарды иеленіп отырды. Профессор С.М. Исаев жетекшілік еткен екі студенттің ғылыми жұмысы (1980-1985жж.) Қазақ ССР Ғылым Академиясының алтын медаліне және ақшалай сыйлықтарға ие болды. Қазіргі таңда еліміздің көптеген жоғары оқу орындарында, Қыздар университетінің филология факультетінде ғалымның көптеген шәкірттері еңбек етеді. Мәселен, Р.Зайкенова, Ж.Сүлейменова, Т.Ермекова, Ж.Отарбекова, Г.Абдирасилова, Б.Нұржанова, Н.Ильясова, А.Мамиева, С.Оданова т.б.

Үлкен ғалым, ұлағатты ұстаз қазақ тіл білімінің тарихы, грамматика теориясы, қазақ тілін оқыту әдістемесі салаларынан 7 ғылым кандидатын даярлап шығарды. Ғалымның жетекшілігімен қорғаған шәкірттері п.ғ.д., профессор Ж.Сүлейменова, ф.ғ.к., доцент Ж.Отарбекова университетте өз ұстазының жүргізген пәндері бойынша дәріс береді. Биылғы оқу жылынан университетте «Исаевтану» атты арнаулы курс оқытыла бастады.

Ғалым өмірден өткен жылдардың бірде бірі ұстазды еске алмай өткен емес. 2000 жылы «Тілім деп өмір сүріп ем...» атты естеліктер жинағы мен ғалымның биобиблиографиясы жарық көріп, республикалық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылып, «Тағылым» атты жинақ шықты. Жыл сайын Қыздар университеті мен Қайнар университеті «Исаев оқуларын» өткізіп тұрды.

65 жылдығы қарсаңында «Қайнар» университетінде «Қазақ әдеби тілінің өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми конференция болып өтті.

Қазақ тіл білімі кафедрасының ұйымдастыруымен 2003 жылы профессор С.М. Исаевтың 65 жылдығына арналған республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізіліп, «Профессор С.М. Исаев атындағы атаулы дәрісхана» ашылды. «Профессор С.М.Исаев және мерзімді баспасөз тілі» атты конференция материалдарының жинағы жарық көрді.

2005-2006 оқу жылынан бастап ғалымның қызы, биология ғылымдарының кандидаты, профессор Нұржауар Исаева қалалық, респубикалық пәндік олимпиада жеңімпаздарына профессор С.М. Исаев атындағы стипендия тағайындап отырды. 2006-2007 оқу жылында ғалымның туған күніне орай Алматы қаласы бірнеше ЖОО-ның студенттері арасында қазақ тілінен пәндік олимпиада өткізіліп, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының студенттері бас жүлдені жеңіп алды.

2007-2008 оқу жылында профессор С.М. Исаевтың 70 жылдығына байланысты халықаралық ғылыми-теориялық конференция мен ЖОО-ның студенттері арасында қазақ тілі пәнінен республика көлемінде пәндік олимпиада өткізілді. Сондай-ақ кафедра ұжымы, шәкірттерінің бастамасымен ғалымның 70 жылдығына орай 7 кітабы жарық көрді.

Жыл сайын кафедра оқытушыларының ұйымдастыруымен «Исаев оқулары» өткізіліп, студенттердің ғылыми мақалаларының жинақтары жарияланып тұрады. Қолдарыныңыз ұсынылып отырған бұл жинаққа қазақ тілі мен әдебиеті, оқыту әдістемесі мен тәлім-тәрбие мәселелеріне арналған студенттер мен магистранттардың, оқушылардың, жас ізденушілердің тырнақалды мақалалары енгізіліп отыр. Бұл мақалалар туған тілі мен әдебиетіне бей-жай қарамайтын жас буынның алғашқы ізденістері деп қабылдап, білім-ғылым жолында ақ жолы тілейік, ағайын!
Ұйымдастырушылардан


3-секция.
Оқытудың жаңа технологиялары: үрдістер мен тәжірибе

Қазақ тілі сабағында электрондық оқулықты қолдану арқылы оқушының шығармашылық қабілетін дамыту
Д.Т.Абдумажитова, ҚазМемҚызПУ 3-курс студенті.

Жетекшісі: п.ғ.м., оқытушы А.Т.Амиржаева

Қазіргі кезде мектепте жас ұрпақ тәрбиесі, оның жеке тұлғасының жаңаша қалыптасуы, әлеуметтік дүниеге көзқарасы, жалпы болмысы, ең алдымен мұғалімге байланысты. Қазіргі заман мұғалімінен өз пәнінің терең білгірі болуымен қатар, тарихи танымдық, педагогикалық – психологиялық, саяси экономикалық, білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу-тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана, білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады. Оқушы білімінің сапалы болуы бір жағынан мұғалімнің сабақ беру шеберлігі мен жаңа технологияны тиімді пайдалана білуіне байланысты болса, екінші жағынан мектептің техникалық материалдық базасының жабдықталуы да әсер етеді. Оқушының мектепте алған білімді тек игеріп қана қоюы жеткіліксіз, оны жетік меңгеру арқылы болашақ өмірінде өз қажеттілігіне жарата білуі керек. Бүгінгі күннің басты ерекшелігі оқу процесінде жетілдіру жолында ең озық әдістемелер іздестіріліп, оқу орындары әртүрлі оқу бағдарламамен жұмыс істеуде [1].

Бүгінгі заман талабына сай оқушыларды оқытуда электрондық оқулықтар тиімді болып отыр. Білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі талаптарының бірі – оқу үрдісіне электрондық оқулықтарды пайдаланып қана қоймай, оны жасау және пайдалану. Соның нәтижесінде оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артып, шығармашылықпен жұмыс жасауына кең мүмкіндік туғызады. Оқу материалдарын ұтымды игерудегі электрондық оқулықтардың атқаратын рөлі зор. Электрондық оқулықтарда теориялық тақырыптар кеңінен беріліп түсіндіріледі. Теориялық материалдарды графикалық иллюстрация түріндегі әр түрлі суреттер, сұлба тәсілдері арқылы толықтырып отырса, онда теориялық білімді оқып, көзбен көріп, түсініп және мида бекіту үрдістері ұтымды болады [2].



Оқушы үшін электрондық оқулықты пайдалану арқылы:

- оқу материалдары туралы оқушыларға дәл және толық ақпарат беру арқылы оқыту сапасын арттырады. Оқытудың көрнектілігін арттырып, оқу материалын саналы жеткізуге игереді;

- абстрактылы оқу материалдарын нақтылыққа жеткізіп, оқытудың тиімділігін жетілдіреді;

- оқу материалының маңызын арттырып, уақыттан ұтып, есте сақтау қабілеттерін жетілдіруге қол жеткізеді. Есте сақтаудың әсер алу, қайталау ассоциация арқылы оқу материалдарын терең игеруге жеткізеді;

- мұғалім мен оқушы еңбектерін жеңілдетіп, пікір алысып, байланыстарын арттырады.

Электрондық оқулықты қолдана отырып оқушылардың төмендегідей жұмыс жасауға мүмкіншілігі болады:

- өтілетін материалдарды дұрыс әрі жеңіл түрде түсінуге;

- оқушының өздігімен дайындалып, жұмыстың барлық кезеңдерінде өзін – өзі тексеруге;

- жұмысты тиянақты түрде орындап, мұғалімге файл түрінде тапсыруға;

- түсінбеген тақырыптарды шексіз қайталауға;

- оқулықты сабақтарда қолданып, оқушының өз деңгейінде тапсырмаларды таңдауға;

- қажетті материалдарды жылдам іздеп табуға мүмкіндік туғызады [1]. Электрондық оқулықтың мазмұны оқушының интеллектілік ойлау қабiлетiн дамытуға бағытталуы қажет және оның мына қасиеттердi қанағаттандыруы жеткiлiктi: жинақтылық, жүйелiлiк, эстетикалық көркемдiлiгi, жылдамдылығы және т.б. [3].

Осы қасиеттерді жүзеге асыру үшін оқушының шығармашылық қабілетін дамыту керек. Оқушының шығармашылық қабілетін дамытуда электронды оқулықтың маңызы зор.

Қазақ тілі сабағында оқушылардың білім деңгейлерін шығармашылық деңгейге дейін жеткізу мақсатындағы іс–әрекеттердің бірі – шығармашылық тапсырмалар болып табылады. Шығармашылық тапсырмалардың өзін балалардың қабілетіне, пәнге деген сүйіспеншілігіне байланысты диагностика талаптарын басшылыққа ала отырып, жүргізген жөн. Ол үшін оны түрлендіре әрі орындауға жеңіл етіп берген тиімді болмақ. Бір сабақтың өзінде бірнеше тапсырма ұсынып, таңдап орындауды баланың өз қалауына қалдыру керек. Өте жемісті тәсілдердің бірі – тапсырмаларды жүйеге бөліп, оқушының біліміне, қабілетіне байланысты ұсынуға болады [4].Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу, оның рухани күшін нығайтып, өмірден өз орнын табуға көмектеседі. Өйткені адам туынды ғана емес жаратушы да. Баланың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдарын, құралдарын анықтау психология мен педагогика ғылымдарында өте ертеден зерттеліп келеді. Шығармашылық әлемдік мәдениеттің барлық дәуіріндегі ойшылдардың назарында болғандығын «шығармашылық теориясын» жасауға деген көптеген ізденістердің болғандығынан байқауға болады. Бұл әрекеттер өзінің логикалық шегіне жеткен деп айтуға болмайды. Сондықтан шығармашылық педагогикасының негізгі мақсаты — бүгінгі күн талаптарынан туындаған, озық қоғамға лайықты жаңа сана, рухани сапа қалыптастыру және дамытуда тың жолдар мен соны шешімдер іздестіру болып табылады. Шығармашылық негізінен оқушыларды жақсы қалыптасуына, жақсы дамуына үлкен көмек береді. Себебі шығармашылық оқушыны сабаққа деген қызығушылығын, ынтасын арттырады [5] Оқушы шығармашылығын дамыту ісі үздіксіз жүргізіле бермек. Бұл қоғам талабынан туындайтын қажеттілік. Қоғамның әлеуметтік – экономикалық даму деңгейі сол қоғамдағы жеке адамның шығармашылық мүмкіндігіне байланысты. Оқушы шығармашылығы практикалық әрекеттер, ізденімпаздылық арқылы дамиды. Шығармашылыққа үйрететін сабақтар – жаңа технологияларды қолдану болып табылады. Мұндай сабақтарда оқушыға ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасында ынтымақтастық қатынас сақталады. Мұғалім бақылаушы емес, бағалаушы емес, танымдық іс - әрекетін ұйымдастыратын шығармашылық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана оқушы интелектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады. Оқушы шығармашылығын дамыту үшін шығармашылық пен шығармашылық қабілет әрекеттін дамытуымыз керек. Шығармашылық қабілет әрекетіне оқушының:

- қызығушылығы - мәтінмен жұмыс істеулер;

- танымдылығы - тіл дамыту жұмыстары;

- ойлауы - өзіндік жұмыстары;

- есте сақтауы - ізденімпаздық жұмыстары жатады.

Оқушы шығармашылығын дамыту – білімділік үрдіс субъектілерінің және білім мазмұны мен жүйелердің өзара әрекеттесу аймағы [6].



Электрондық оқулықты пайдалану арқылы:

  • сабақта техникалық құралдарды, дидактикалық материалдарды қолдану тиімділгі;

  • мұғалімнің ақпараттық – коммуникациялық технологияны меңгеруі;

  • оқушының пәнге қызығушылығы;

  • алынған білім, дағды деңгейі;

  • білімнің тереңдігі;

  • тексеру түрлері, бағалау;

  • практикалық дағдыларды игеру мүмкіндігі артады.

Қорыта келгенде, электрондық оқулықты қолдану барысында оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артады. Шығармашылық қабілеті дамып, өз бетінше жұмыс жасау дағдысы қалыптасады. Мұғалімдер де өздеріне қажетті әдістемелік, дидактикалық көмекші құралдарды молынан ала алады.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. www.45minut.kz

  2. Sc0021.ereymentau.aktoedu.kz/index.pxp?p=docs&s...

  3. M171.goroo-korda.kz?q=node/53

  4. www.oouk.vko.gov.kz/kz/files/conference/.../conferenke0_169.doc.

  5. www.petropavl.kz

  6. www.pushkinlibrary.ru.kz/marafon/okusu_shugar.htm


Шетел тілін белсенді оқытудың түрлері

Г.Абдуллаева



Ғылыми жетекшісі: Р.Хусаин
Әлемдік білім беру кеңістігіне ену мақсатында еліміздің білім беру жүйесіне қазіргі кезде көптеген өзгерістер жүруде. Осыған орай еліміздің мектептерінің оқу үрдісіне инновациялық педагогикалық технологияларды енгізу белсенді түрде қолға алынып жатыр. Жеке түлғаның қалыптасуын қамтамасыз ететін деңгейлеп саралап оқыту, сын тұрғысынан ойлау, ақпаратты-коммуникациялы оқыту, жобалап оқыту, коммуникативті оқыту, модульді оқыту технологияларының негізгі қағидалары- балаға ізгілік тұрғысынан қарау, оның өз бетімен білім алуына ықпал ету, қоғамдық-саяси өмірге белсене араласуға қабілетті, өзіндік пікірін анық, жүйелі жеткізе алатын жеке тұлға қалыптастыру, баланың танымдық жэне шығармашылық қабілетін дамыту болып табылады. Елімізде қолданылып жүрген технологиялар қатарында ағылшын тілін оқытуда коммуникативті оқыту технологиясы маңызы зор. Қоғам талабына сай шетел тілдерін оқытуда қойылып жүрген ортақ міндет- тілді коммуникативті бағытта үйрету. Коммуникативтік оқыту технологиясының мақсаты: шет тілінде пікір алысуды пікір алысу арқылы үйрету, оқушылардың өз ойларын еркін жеткізуі мен өзара тіл табысып, сөйлеуді дамытуы. Коммуникативті оқыту технологиясы дегеніміз пікір алысуға негізделген әдіс. Коммуникативтік – оқыту процесінің тілдік бағытын білдіреді, ол тіл дамыту жұмыстарының бір түрі. Тіл - қарым - қатынас құралы. Тіл игеру арқылы адам айналасындағы дүниені таниды, басқалармен қарым - қатынасқа түсе отырып оның ой өрісі кеңейеді. Ағылшын тілін үйретудегі негізгі әдістемелік бағыттар - оқу үрдісі оңайдан қиынға қарай бағытталған, тілдік материалдар күнделікті өмір шындығынан алынған және оқу процесінде әбден шыңдалып, өңделген. Коммуникативті оқытуда білім беру- оқушының өзін ауызша (тыңдап түсіну, сөйлеу) және коммуникацияға (оқу және жазбаша) тарту, яғни оқылып жатқан тілде бүкіл курс бойынша қарым-қатынасын қалыптастыру. Коммуникативтік әдіс ағылшын тілін оқытудағы оқу тәрбие үрдісінің барлық мақсат-міндеттерін қамтиды. Басты көңіл бөлінетін нәрсе ол сөйлеу және оқу. Оқушылар сөйлеу мен оқуды меңгергеннен кейін жазуды үйренеді. Сөйлеу мен оқу арқылы дұрыс нәтижеге жеткен оқушы өз ортасында ағылшынша еркін сөйлеп, тілді қатынас қүралы ретінде пайдаланады. Коммуникативті технологияны пайдалана отырып сабақ жүргізгенде жұптық, топтық жұмыстардың, ойынның, әннің, жобалау жұмысының маңызы зор. Жұптық жұмыс барысында рөлдік ойындардың берері көп: -басынан бастап сөйлеу ретінде жүргізілуі -тілдік серіктестің шынайы болуы -өздері ықылас білдіріп өз еркімен сөйлеуі Топтық жұмыс кезінде: оқушылар өзара пікір алысып, сөйлеу қабілеті артады - топ мүшелері арасында қарым-қатынас күшейіп, ұжым құруға септігін тигізеді - өзгенің де, өзінің де ісін обьективті бағалауды үйренеді - оқушылардың іскерлік қабілеті артады. Жоба жұмысын қорғау барысында: белгілі тақырып бойынша сұрақ-жауап түрінде пікір алысу - қосымша мәліметтерге сүйене отырып сөздік қорды молайту - монологты дамыту - мәселелерді анықтау, көтеру және шешу. Оқушының сөйлеу іскерлігін дамыту үшін: салыстыра отырып әңгімелесу, мәтін бойынша өз ойын ортаға салу, пікір алмасу, проблемалық сұрақтарды талдау, логикалық ой тұжырымын дамыта отырып сөйлеу, түйіндеу, ситуацияға байланысты сөйлеу, ойындар арқылы сөйлеу, сұраққа жауап беру, қорытындылау, өз пікірін айту сияқты сөйлеудің түрлерін қолдануға болады. Оқушының оқу іскерлігін дамыту үшін мәтін кеңінен қолданылады. Мәтін - негізгі қарым-қатынас қүралы. Мәтінді оқымас бұрын сұрақтар беріледі. Ол сұрақтар бойынша сол мәтіндегі мәселеге байланысты оқушы не біледі соны білу керек. Бұл жұмысты топ болып және жұптасып талқылауға болады. Оқушыны еркін сөйлеуге үйрету үшін сөздерді қайталату, оларды еркін қолдана білуге үйрету, грамматикалық материалдарды, сөйлем құрылымын орынды қолдануға үйрету де басты назарда болу керек. Тыңдап - айту. Сөйлеу үшін тыңдап түсінудің маңызы зор. Диалогты, әңгімелерді, мәтіндерді тыңдап, одан не түсінгенін анықтау үшін де әр түрлі әдіс - тәсілдерді қолдануға болады. Тыңдауға арналған мәтіндер оқылған тілдік материалға негізделіп құрылады. Оның ішінде 2-5% таныс емес сөздер қосуға болады. Тыңдалған әңгіме бойынша сұраққа жауап алу, сөз мағынасына назар аудару, сөз тіркестерін жазу,мәтінге ат қою, жоспар құру, ауызша қысқаша мәтіннің мазмұнын беру, әңгімеде естігенді өмірмен байланыстыру. Жазу - сөйлеуге үйренудің басты құралы болып табылады. Жазуды көбінесе грамматикалық жаттығуларды орындағанда, мәтін немесе тақырып туралы не айтқысы келгенін білдіру үшін қолдануға болады. Шетел тілін үйрену тұлғаның рухани жан дүниесін байытады, ой-өрістерін кеңейтеді, көркемдік талғамын тәрбиелейді, халықаралық достыққа, мәдениетке тәрбиелейді. Оқушының жеке тұлға ретінде дамуына жағдай жасауға бағыт алып отырған бүгінгі білім беру жүйесінде әлемдік стандарттар талабының негізгі компоненттерінің бірі деп танылған көптілдік оқытуға көңіл бөлу бүгінгі заман талабы.

Қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесінде оқыту процесін тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнмен қамтамасыз ету міндеті тұр. Орта білім берудің басты мақсаты — әлеуметтік, экономикалық, қоғамдық – саяси өмірге белсенді араласуға дайын, құрзыретті тұлғаны қалыптастыруға ықпал ету болып отыр. Осы мақсатқа жету үшін педагог алдымен білім мазмұнының даму тенденцияларымен оқу процесін ұйымдастыруда қолданылатын білім берудің жаңа технологияларын білу керек. Мемлекет келешегі мектептің қандай негізде құрылуына байланысты. Қазіргі таңда ұрпақ таңдауына шексіз мүмкіндіктер берілген. Бүгінгі білім алушы болашағына дұрыс таңдау жасай алатын, ұтымды шешім қабылдай алатын, сондай-ақ өзінің өміріндегі өзгерістер ағымына икемделе білетін қабылетіне байланысты өмір сүру тәртібі күтіп тұр. Сондықтан да, жаңа мазмұнды білім беру жүйесі алдында оқушыны ойлануға үйрету, қай жаста болмасын алдынан шығатын түрлі проблеманы шешуге қажетті әрекет тәсілдерін үйрету міндеті тұр. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында «Жоғары білімді дамытудың негізгі үрдісі мамандар даярлау сапасын арттыру, қарқынды ғылыми-зерттеу қызметімен ықпалдастырылған инновациялық білімді дамыту, жоғары оқу орындары зерттеулерінің әлеуметтік сала мен экономиканың қажеттіліктерімен тығыз байланысты, білім беру және ақпараттық  технологияларды жетілдіру болып табылады» деп атап көрсетілгені осыған орай, қазіргі білім беру саласындағы басты мәселе әлеуметтік-педагогикалық ұйымдастыру тұрғысынан білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді жаңа әдістерін іздестіру мен оларды жүзеге асыра алатын болашақ мамандарды даярлау болып отыр.



ҚР «Білім туралы» Заңында, білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық, коммуникациялық желілерге шығу деп, білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделген еді. Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдарының, әр мұғлімнің күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа қарым – қатынасқа өту қажеттігі туындайды. Бүгінгі мақсат – әрбір оқушыларға түбегейлі білім мен мәдениеттің негіздерін беру және олардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау болып отыр. Қазіргі педагогикалық зерттеулер (Г.М. Құсайынов, В. Беспалько, В. Монахов) жаңартылған әдістемелік жүйенің оқыту үрдісінде іске асуы үшін оны технологияландыру, яғни белсендіру қажет екенін дәлелдеп отыр. Шетел тілін оқыту технологиясы мынадай төрт негізгі шартты қанағаттандыруы тиіс:      оқушының танымдық, қызметінің құрылымы мен мазмұнын анықтайтын  оқу-тәрбие процесінің жобасына негізделу қажет; оқу мақсатын диагностикалық түрде анықтап,оның меңгерілу сапасын дәл тексеріп бағалау қажет;  іс жүзінде оқу үрдісінің толықтығын қамтамасыз етуі тиіс. Болашақ ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуында білім беру жүйесін ізгілендіру оны оқыту үрдісінде оны ұтымды пайдалану уақыт талабы болып отыр. Өйткені, жеке адамның рухани дамуынсыз өркениеттің дамуы да мүмкін емес (В.Беспалько).  Шетел тілін белсенді оқытудың бір ерекшелігі – баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы. Шетел тілін белсенді оқытуда педогогикалық технология – бұл оқу процесін ұйымдастыру және өткізу барысындағы білім алушылар мен мұғалімдер жайлы жағдай туғызудың біріктірілген педогогикалық  қарым-қатынастың барлық жағдайларды  ойлап қарастырған моделі (В.М.Монахов). Жаңа педогогикалық  технологиялар – бұл білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер  мен әдістемелердің оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері мұнда әр позиция  басқаларына әсер етіп, ақырында оқушының дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды. Жаңа белсенді білім беру технологиясының принциптері – оқытуды ізгілендіру, өздігінен дамитын, дұрыс шешім қабылдай алатын, өзін-өзі жетілдіріп, өсіруші, тәрбиелеуші тұлға қалыптастыру болып табылады. Сонымен қатар, білім алушылардың өз бетімен жұмыс жасауларын арттыру мен шығармашылық қабілеттерін дамутуда жаңа педогогикалық  технологияларды пайдалану және оның тиімді әдістемесін жасау өзекті мәселеге айналып отыр. Қазіргі кезде  әдебиеттерде даму бағытын қамтитын 50-ден астам оқыту технологиялары қолданып жүр. Қазақстанда Ж.А.Қараевтың, Ж.У.Кобникованың саралап деңгейлеп оқыту технологиясы, Ү.Б.Жексенбаеваның, Б.К.Игенбаеваның, Г.Б.Ниязованың Зерттеушілік  оқыту технологиясы, Тұлғаны жекелей дамытуға бағытталған оқу технологиясы М.М.Жанпейісованың модульдік оқыту технологиясы, Ә.Жүніспековтың жеделдетіп оқыту технологиясы (тілді дамыту), С.Ұзақбаевтың көркемдік тәрбие жұмысы, Н.Н.Нұрмағанбетовтың, Қ.А.Абдығалиевтың шоғырландырып-қарқындап оқыту технологиясы, Т.Т.Ғалиевтың жүйелік тұлғасынан оқыту және де тағы да басқа ғалымдардың оқыту технологиялары белсенді түрде қолдануда. Қорыта келе, қазіргі кездегі барлық белсенді оқыту технологияларының алдына қоятын мақсаты-білім алушының жеке басының дара және дербес  ерекшіліктерін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылығын қалыптастыру болып табылады. Шетел тілінде белсенді оқыту технологияларының оқыту үрдісіндегі жүйесі – мақсат, мазмұн, әдіс-тәсіл, амал — жол  екендігін ұмытпаған жөн. Себебі, жаңа педагогикалық технология ұстаз  шеберлігін жетілдіруге ықпал жасап, шәкірттің  ойлау қабілетін ұштала түсуінен әсері мол, сонымен бірге әлеуметтік рухани жан дүниесінің маңыздылығын іріктеуге, ізгілікті жағын дамытуға бағыттайды және өзінің психологиялық даралық сипатын анықтауға ниеттендіреді. Бүгінгі таңда тынымал болып отырған оқыту технологияларын белсенді түрде қолдана білсек, жаңа мазмұнды білім беру процесі нәтижелі және оның сапалық көрсеткіштерін арттыру қиынға соқпас еді. Олай болса оқытуды ізгілендіру жағдайында, өздігімен даму бағдарын анықтап, дамитын және өздігінен дұрыс шешім қабылдай алатын, өзін-өзі жетілдіріп өсіруші, өзін — өзі тәрбиелеуші тұлға қалыптастыруға болады. Адам баласы сәби кезiнен бастап айналадағы дүниенiң түрлiлiгi мен қайталанбас болмысын танып үйрене бастайды. Сәби оны көзiмен көру, сезу және ойлау қабiлеттерi арқылы танып, зейінiне тоқиды. Сондықтан да әлем, өмiрге ендi ғана араласа бастаған кiшкентай сәби көзiмен қарағанда, ол бiр үлкен, әдемi де бай әлем секiлдi. Ал кiшкентай бала оқып-үйрене бастағаннан кейiн айналадағы қоршаған ортаға жаңаша көзқараспен қарай бастайды. Кiтаптар сол жарқын да кең болашаққа апарар жол секiлдi. Осы бiлiмнiң қайнар көзi болып саналатын кiтаптар адамды қоршаған ортамен таныстырып, қайырымдылыққа, адамгершiлiкке тәрбиелеп қана қоймай, адамның iшкi рухани жан дүниесiн де байытады, ойлау қабiлетiн, сана- сезiмiн қалыптастырады.

Қазiргi кезеңде әртүрлi елдердiң арасында нарық қатынасы нығайып, адам өмiрiндегi ақпараттар алмасу өскен сайын шетел тiлiн оқып — үйренудiң де маңызы өсе бастады. Қазiргi кезеңде адам негiзiнен шетел тiлдерiндегi көркем әдебиеттер, публицистикалық, арнайы әдебиеттер және газеттер мен журналдарды оқуды үйренiп, араласа бастады.  Ал  мұның өзi сәйкестi бiлiктiлiк пен дағдыны талап етедi және бұл қасиеттер өздiгiнен қалыптаспайтыны белгiлi. Сондықтан да орта мектептерде шетел тiлiн үйретудiң негiзгi мiндеттерiнiң бiрi – белсенді оқуға үйрету болып табылады. Орта мектептi бiтiрген оқушылар шетел тiлiнде оқи бiлуi керек. Ең алдымен шетел тiлiнде оқып бiлмей тұрып, оны әрi қарай дамытып, қолдану мүмкiн емес. Белсенді оқыту мен оқу адамға жаңа бiр нәрсе үйренiп, мағлұмат алуына шектеусiз мүмкiндiк берiп қана қоймай, сонымен бiрге мәдениетке, өнерге баулиды, басқа халықтардың өмiрiмен таныстырады. Кiтаптар адамға өзiнше идеялық мазмұнымен әсер етiп, жеке тұлға ретiнде қалыптастырады.

Соңғы кездерi ұлтарқылық қатынастардың кеңеюi, радио, кино, теледидар сияқты бұқарқылық ақпарат құралдарының кең тарауыпа мүмкiндiк туғызып отырған, шетел тiлiн үйренудiң бiрден-бiр негiзгi объектiсi болып табылатын ауызекi тiлге ерекше назар аударылып жүргенiне қарамастан, қазiргi адам өмiрiнде ана тiлiнде және шетел тiлiнде белсенді оқудың алатын орны ерекше деуге болады. Бұған мынадай бiрнеше орынды дәлелдер келтiруге болады:

1. Ағылшын тілі сабағында белсенді оқыту ауызекi тiлмен салыстырғанда адамдар арасындағы кең көлемде нарық — қатынас жолын ұсынады. Әсiресе кәсiби қызмет саласында анық көрiнедi. Қазiргi кезде әлемде 100 мыңнан астам ғылыми журналдар шығарылады және оның тек шектеулi ғана бөлiгi «Экспресс – аудармаға» түседi. Дәстүрлi жолмен аударуға болатын материал баспа сатысынан өту үшiн көп уақыт керек етедi. Сондықтан, әр уақытта кәсiби маман өзiнiң кәсiби ортасында баспасөз арқылы халықарқылық стандарт деңгейiмен қолма-қол, тез арада таныса алады.

2. Көптеген адамдарда ақпаратты қабылдаудың көру аппараты есту аппаратымен салыстырғанда жақсы нәтиже бередi. Сондықтан көру презентациясындағы тiлдiк бiрлiктер, яғни баспа мәтiн түрiнде берiлген бiрлiктер өте нәтижелi қабылданады және өңделедi.

3. Физиологиялық мәлiметтер бойынша уақыт бiрлiгi арқылы адам есту аппаратына қарағанда көру аппараты арқылы он алты есе көп ақпаратты қабылдайды екен. Бұл белгiлi бiр мектептерде белсенді оқытуға қатынасты әдiл саналады. Сонымен, тиiстi 6iлiм саласында кеңiрек ауқымдағы аппарат қабылдауға кететiн оқу уакытын және күштi үнемдеуге қолайлы мүмкiндiк берiлiп тұр.

4. Жазбаша мәтiн туралы (статистикалық), ал ауызекi тiлдiң өсiңкi (динамикалық) болуы арқасында белсенді оқыту процесi ауызекi тiл үйретумен салыстырғанда жеңiлiрек болады. Мәтiнмен жұмыс жасау кезiнде оқушы өзiнiң оқу қарқынын өзi анықтап және 6iрнеше рет қайталап оқи бере алады, ал бұл ауызекi тiлде мүмкiн емес. Ауызекi тiлдiк қатынас – екi жақты процесс, ал оқу – бiржақты сыртқы процесс. Баспа мәтiнде мазмұн мен форма алдын-ала берiлiп қойылатындықтан, белсенді оқытуға үйрету жеңiлiрек болып келедi және оларды жол жөнекей құрастыра салуға болмайды.

5. Белсенді оқыту оқушыларға тек қана ақпараттарды қабылдауына ғана емес, сонымен қатар ауызекi тiлде де, жазбаша тілде де басқа да тiл дамыту түрлерiн меңгеруге мүмкiндiк бередi.

Әр адамның жеке тәжiрибесiнде белсенді оқыту сондай-ақ ауызша сөйлеу негiзiнде дамиды. Оқушы ана тiлiнде оқуға ауызша сөйлеудiң бiлiктiлiгi мен дағдысы қалыптасқан кезде кiрiседi, және белсенді оқыту арқылы оқу белгiлi ауызекi тiлдеп тiлдiк материалдар графикасында танымдық процеске айналады. Бұл жағдайда келесi нарсеге басты назар аудару керек: оқу дағдысы бiр рет ғана қалыптасады. Әрiптер мен буындарды бiрге қосып, тұтас оқуды үйренген және құралған сөздердiң мағынасын бiлген оқушы оқуды меңгере бастайды.

Шетел тiлдерiнде белсенді оқыту оқуға үйретудiң тәрбиелiк, бiлiмдiк және практикалық мiндеттерi болуы керек. Мектеп бiтiрушi әр оқушы тiл дамытудың бұл түрiн меңгермей тұрып, шетел тiлiн әрi қарай дамытып қолдануы мүмкiн емес.




Электронды оқулықтар
Пайдаланылған әдебиеттер:
Пайдаланған әдебиеттер:
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Литература:

Каталог: wp-content -> uploads -> 2018
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Сабақтың мақсаты: а/ Оқушылардың сөздік қорын молайту. Білім, білік дағдыларын қалыптастыру
2018 -> Сабақтың тақырыбы: Физика-табиғат туралы ғылым
2018 -> Сабақ мақсаты Тұздар гидролизін түсіну және тұздардың суда ерігенде қандай процестер жүретінін анықтау
2018 -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: Көміртек және оның қосылыстары туралымәлімет алады
2018 -> 5В011700- Қазақ тілі мен әдебиет мамандығы бойынша 3-курс студенттердің элективті пәндер каталогы 2017-2018 оқу жылы
2018 -> Сабақтың тақырыбы Салынған циклдер. Мақсаты Қайталау операторлары туралы білімнің кеңеюі
2018 -> Сабақ тақырыбы: Теңдеулер жүйесін қолданып есептер шығару Мерзімі
2018 -> Даулетиярова Зауре Ермаханқызы А. Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тараз қаласы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет