Исаев оқулары (ғылыми мақалалар жинағы) 2-кітап Алматы, 2012 ббк пікір жазғандар



бет4/16
Дата15.04.2018
өлшемі3,53 Mb.
#40187
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

Әдебиеттер:

1. Алмасбек Белботаев, Жаңыл Түкебаева. Казахский язык для начинающих. 2-ші кітап. Алматы, «Қазақстан», 1993 жыл.

2. Аркен Сеитов. «Триединство языков». «Бәйтерек» журналы.

3. Ж. Қалиев, В.С. Мальцев, З.Н. Очаковская. English – Ағылшын тілі. «Мектеп» баспасы, 1981 жыл.

4. «Идея триединства языков в Казахстане правильна и будет способствовать развитию страны». Американ ғалымының пікірі, Қазинформ, 2008 жылғы 15 мамыр.

5. М.А. Колпакчи. Дружеские встречи с английским языком. Ленинград, 1978 жыл.

6. Н.М. Байғанина. Идеи профессора К. Жубанова в области теории перевода и его роль в становлении казахской терминологии.

7. Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа Әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауы. Астана, 2007 жылғы 28 сәуір.

8. С.С. Кузьмин, Н.Л. Шадрин. Русско-английский словарь пословиц и поговорок. Мәскеу, «Русский язык», 1989 жыл.

9. Татьяна Тен. «Трудности перевода». «Караван» газетінде жарияланған мақала.

10. Толқын Забирова. «О певческой фонетике казахского языка».

11. «Тiлдердi қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы № 550 Жарлығы.

12. «Чем успешнее станет страна, тем больше людей заговорит по-казахски». Мәдениет және ақпарат министрі Ермұхамет Ертісбаевтың интервьюі. «Бәйтерек» журналы.
























  1. Skip to Content

  2. Skip to Footer>

Сабақ процесінде өзіндік жұмысты ұйымдастырудың қазіргі жағдайы мен мүмкіндіктері
Л.Бегалиева, ҚазМемҚызПУ 1- курс студенті.

Ғылыми жетекшісі: А.Ж .Булекбаева


Қоғамның тез даму қарқыны және күрделі өзгеріс жағдайы білім беру саласына жаңа міндеттер жүктеуде. «Қазақстан Республикасының 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында» бүгінгі таңдағы білім мәніне айрықша назар аударылып, Қазақстандық білім беру жүйесінде жеткілікті нысана - білім, білік, дағдылар жиынтығын меңгеру ғана емес, оқитындардың өзін барынша көрсете білу және қоғам өміріне пайдалы түрде қатысу үшін ақпаратты өз бетінше табу, талдау, құрылымдау және тиімді пайдалану дағдысын бойына сіңіру екендігі көрсетілді. Бұл нысанаға жету мақсаты студенттен белсенділікті, дербестікті, танымдық қызығушылықты, шығармашылық әрекеттенуді талап етеді. Мұның өзі сабақ процесінің дұрыс ұйымдастырылуы мен оқыту әдітемесінің жетістіктерімен тікелей байланысты болып келеді.

Егер оқу үрдісін басты мақсаты жан-жақты дамыған, саналы азамат дайындау болса, оның негізінде нәтижелі іс-қимылдар арқылы жүзеге асатын шығармашылық әрекет жатады. Студенттердің шығармашылық әрекетін ұйымдастырудағы өзіндік жұмыстың мәні зор. Шығармашылық әрекетке тікелей мәселелердің бірі - біліктілік болып табылады. Студенттерді шығармашылыққа баулу, өз бетімен әрекет жасауға үйрету, бүгінде көптеген ғалымдардың көзқарасы бойынша іске асуға тиісті проблемасы болып табылады.

К.Д.Ушинский, Е.Я.Голант, П.Я.Галперин, Р.Г.Лемберг, Б.А.Ларнер, Л.В.Занков өзіндік жұмыстың маңыздылығын нақтылауда көп еңбектенді. Кейбір қазақстандық ғалымдар студенттер өзіндік жұмысын ұйымдастыруды жеке пәндер аясында Б.Е.Қожамқұлова, Р.А.Әлімқұлова, Т.В. Аренова қарастырған. Бұл еңбектерде өзіндік жұмыстың студенттердің дербестік қасиетін арттыруға, ақыл-ой қабілеттерін дамытуға, алған білімінің саналылығы мен беріктігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Өзіндік оқу іс-әрекеті оқу үрдісінің ішкі жүйесі ретінде студенттердің өзіндік шығармашылық іс-әрекетінің құрамдас бөлігі. Өзіндік оқу іс-әректінің ең басты қажеттілігі - студентті ойға жетелеп, ойланта отырып, өзіндік ойының қалыптасуы оны шығармашылық жұмысқа жетелейді. Шығармашылық жұмыстар студенттің логикалық ойлау қабілетін, өз бетімен білім алуға икемділігін, дағдыларын дамытады. Білім алуға қызығушылығын туғызады, ал мұның негізінде студенттің өзіндік талпынысы, ерік-жігері дамиды да, сол арқылы оқу үрдісінде жоғары нәтижеге жетуге болады. Студенттердің өзіндік оқу іс-әрекеті ұғымын философиялық категориялар бірлігінде қарастырсақ: іс-әрекеттің негізінде танымдық іс-әрекет дамиды. Танымдық іс-әрекет өзіндік оқу іс-әрекетіне айналып, жеке тұлғаның интерактивті білімін қамтамасыз етеді.

Ғылыми-педагогикалық зерттеулерде «өзіндік жұмыс» ұғымына бірнеше анықтамалар берген:


  • Оқыту үрдісіне енгізілген студенттердің өзіндік жұмысы оқытушының тікелей қатысуынсыз орындалатын жұмыс: бұл жағдайда студенттер саналы түрде тапсырманың мақсатына қол жеткізуге өздерінің күштерін пайдалану және танымдық іс-әрекеттерінің нәтижелері арқылы тырысады.(Б.П.Есипов).

  • Студенттердің тапсырманы еш көмексіз, оқытушының бақылауынсыз орындауы.(Р.М.Микельсон).

  • Өзіндік оқу іс-әрекеті дегеніміз - бұл дидактикалық ұғым, ғылыми-практикалық міндеттерді өз бетімен қою, оның шешімін табудың өзіндік тәсілдерін болжау және өзін-өзі бақылауы, өзін-өзі бағалауы негізінде педагогикалық үрдіске қатысушылардың өзара іс-әрекетінде қалыптасқан жеке тұлғаның интегративті білімі.(Т.В.Аренова).

Әр студенттің жас ерекшеліктеріне, тәжірибелеріне қарай өздігінен жұмыс орындаулары танымдық шығармашылықтың мәні зор. Бүгінгі таңда студент иемденген білім, білік дағдыларын байланыстырып, қарастыру негізінде студенттің қоғамдағы мәселелерді, өзгерістерді бағалау, оны өз тұрғысынан шешу қабілеттіктерін дамытуға күш салынуда.. Бұл орайда студенттің өзіндік жұмысының жаңа талаптарға сай ұйымдастырылуы өте маңызды. Өзіндік жұмыс арқылы шығармашылық қалыптасатын болса, онда өзіндік жұмыстың екі кезеңін бөліп көрсетуге болады: алғашқы және даму кезеңдері. Алғашқы кезеңінде өзіндік жұмыс арқылы пәндік білім, білік дағды қалыптасады да, дамыту кезеңінде студенттердің біліктіліктерін қалыптастырып, дамыту бағытында жұмыстар жүргізіледі.

Студенттердің өзіндік жұмысын іске асырудың құралы тапсырма болса, оны қызықты етіп берген жөн. Өз бетімен орындалатын жұмыс түрлерін ұйымдастыруда студенттердің қызығушылық қабілетін тудыратындай тапсырмалар көп болғаны дұрыс. Көптеген психологтар (З.Клычникова, И.Зимняя, С.Рубинштейн т.б.) қызығушылықты және оған тән жалпы белгілерді жан-жақты зерттеп қарастырды. Олар қызығушылықтың қажеттіліктен туындайтынын, ал қажеттілік адам санасының белсенділігі мен іс-әрекетіне әсер ететінін атап көрсетті. Шығармашылық жұмыс адамның көңіл-күйіне байланысты ой толғанысына әсер етіп, сыртқы дүниені қабылдауға, танып-білуге ұмтылдырады. Ал танымдық қызығушылық белгілі бір тақырып төңірегінде студентті ойландыра отырып, қиял әлеміне шарықтатып, өзінің ішкі жан-дүниесін жеткізе білуге жетелейді.

Сонымен қоса өткен материалды саналы қайталау, білім алу дағдысын үйрену белсенділігін қажет етеді. Студенттердің белсенділігі ауызша, жазбаша, бақылау жұмыстарын жүргізу барысында қалыптасады. Белсенділік жеке басқа тән, маңызды қасиет болып саналады. Студент белсенділігі бірқалыпты болмайды. Студенттің жас ерекшелігімен психикалық даму дәрежесіне қарай белсенділіктің бірнеше түрі қалыптасып, дамиды: қимыл және сөйлеу, ойын және оқу, өзін-өзі тәрбиелеу. Бұдан шығатын қорытынды Студенттің өзіндік жұмысы, оқыту әдісі де, оқыту принципі де емес, ол студенттің күрделі әрекеттерінің бір түрі және оқу жұмысының арнайы формасы болып табылады. Сол себепті студенттердің өзіндік жұмысы міндетті түрде мұғалімнің басшылығымен өтілуі қажет. Студенттердің өзіндік жұмыстарының негізгі ерекшелігі олардың ықыласы және өз еркімен әрекет жасауына байланысты.

Сабақ процесінде өзіндік жұмысты ұйымдастырудың атқаратын функциясымен міндеттерін атап айтуға болады. Студенттің дербестік қасиетін арттыру, алған білімінің сапалылығымен беріктігін қамтамасыз ету, оқуға қажет біліктіліктерімен дағдыларын қалыптастыру, таным ақыл-ой қабілеттерін дамыту, студенттерді оқуға ынтасын арттырып, үлгермеушілікті болдырмау қажет. Жалпы жұмысты түрлендіріп, күрделендіріп жүйелі түрде студенттердің өзіндік жұмысы етіп ұйымдастыру мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Сондай-ақ студенттің өзіндік жұмысын олардың таным, іс-әрекеттерінің ерекшеліктеріне қарай әртүрлі бағытта ұйымдастыруға болады.

Еліміздің егемендік алғалы бері елбасымыздың жастарға қойған талабы әрбір жоғарғы оқу орнында оқитын студенттер өз ана тілін, сонымен қатар ағылшын тілін жетік білуі тиіс деген ұсынысының өзі еліміздің өркендеп, өсуіне өз үлесін қосатыны анық. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа Әлемдегі Жаңа Қазақстан» атты білім саласы бойынша 28 ақпан 2007 жылғы жолдауының бесінші тармағында «мектептерге ағылшын тілінің шетелдік оқытушыларын тарту қажет. Кез келген орта санатты мектеп балаларының ең жоғарғы деңгейде шет тілін оқып, үйренуіне жағдай жасайтындай дәрежесіне қол жеткізуіміз қажет» деген жолдау жолдаған. Яғни осы жолдау шет тілі оның ішінде ағылшын тілін келешек ұрпақтың білуі, үйренуінің болашақта маңызды екенін түсіндіреді. Қазіргі таңдағы жоғарғы оқу орнындағы оқу үрдісінің кредиттік жүйемен шет тілін оқыту барысында практикалық сабақтар, СӨЖЖ, СӨЖ сабақтарында студент оқытушының нұсқауымен өз бетінше іздене алады. Осылардың ішіндегі СӨЖ сабақтарының ұйымдастырылуы туралы айтып өтсек, студенттердің өз бетінше жұмысы (СӨЖ) студенттердің оқу әрекетінің өз бетінше орындайтын дидактикалық тапсырмаларды істеу, танымдық әрекеттерге деген қызығушылығын қалыптастыру, шетел тілі саласы бойынша білімін терендету болып табылады. СӨЖ сабақтары сабақтан тыс уақытта студенттердің кітапханада, компьютерлік сыныптарда, лингофон кабинеттерінде, оқу теледидары арқылы дайындалатын оқу әрекеті.

СӨЖ студенттердің шығармашылық белсенділігін дамыту, оқу материалын меңгеруге ізденіс тұрғысынан қарауды қамтамасыз ететін практикалық мақсаттарды іске асырумен байланысты. Дегенмен СӨЖ сабақтарының дұрыс ұйымдастырылуы студенттің жеке тұлға ретінде қалыптасуына үлкен әсерін тигізеді. Студенттің мәдениеттілігіне, ақыл-ойына, біліміне сонымен қатар, жалпы мәдениетпен, жеке ойлау қабілетімен және өмірлік сұрақтарды шығармашылық жақтан ойлай алатын қабілетті болуы шарт.

Студенттердің тілге деген қызығушылығын арттыру үшін қазіргі шет тілі сабақтарында СӨЖ-ді тиімді әдістер пайдалана отырып оқыту, әрбір оқытушының алдына қойған өзекті мәселелерінің бірі болып отыр.

СӨЖ сабақтарын ұйымдастырмас бұрын біздің басшылыққа алатынымыз:



  1. Студенттің тілге деген қызығушылығын арттыру;

  2. Студенттің бос уақытын тиімді пайдалануға үйрету;

  3. Өз бетінш ізденудің жолдарын көрсету;

  4. Алған білімін өз бетінше тексерудің жолдарын ұсыну;

Жоғарыда көрсетілген ұсыныстарды тиімді жолмен ұйымдастыру үшін кейінгі кездері қолданып жүрген PORTFOLIO-ны негізге алуға болады. 90-жылдары Еуропалық Достастық елдерінде еуропалық стандарттар жасалына бастады. Ол студенттердің өздік жұмысын дұрыс ұйымдастыру жолдарын арттыруды көздеді, яғни PORTFOLIO Europeen des langues жасалынды. PORTFOLIO – СӨЖ-дің тиімділігін арттырды. PORTFOLIO- кроссворд, реферат, баяндама, суреттер, моделдерден құралған папка деген мағынаны білдіреді. Осы папка арқылы СӨЖ-де студенттердің тыңдау, оқу, жазу, сөйлеу қабілеттерін дамыта аламыз. Ағылшын тілін үйрету барысында қолданылатын English File оқулығында PORTFOLIO элементтері қамтылған. Оқулық авторлары іскерліктер қалыптасуын бақылау кезеңінде (Progress Check) студенттердің өзін-өзі бақылауы мен бағалауы қолданылады; студентке өз коммуникативтік ікерліктерін бағалау ұсынылады. (мысалы: «Мен киоскіден газет сатып аламын»), Бұл бағалауды растау үшін (V) немесе жоққа шығару үшін (F) арқылы іске асырамыз. Кері жауап болған кезде студент сол қателіктерін түзетуі керек.

Сонымен қатар PORTFOLIO элементтерін осы оқулықтың авторлары грамматикалық материалдарын қайталау кезінде де қолданады. Әр сабақтан кейін студентке өзін-өзі бағалау кестесі ұсынылады. Өзін-өзі бақылау және бағалау әрекеттері арқылы студент өзінің грамматикалық, тыңдау, оқу, сөйлеу, жазу дағдыларын қалыптастыру деңгейін бекітеді. Төменде көрсетілген кесте арқылы оқытушы әр бөлімнің соңында студенттердің жазу, оқу, тыңдау, сөйлеу, грамматикалық дағдыларын тексеріп отырады. Кестеде көрсетілген дағдылар тізімін оқи отырып студент сол тапсырманы білсе Иә, ал егер білмесе Жоқ деп белгілейді. Оқытушы студентке қосымша сұрақ қою арқылы оның өз бағалауын тексеріп, өз бағасын қояды. Ал егер студент берілген тапсырманы білмесе, онда көрсетілген оқулықтың беттерінен сол материалды тауып дайындалады. Осылайша шетел тілін меңгеруде өзіндік білімді жақсартудың осы жолдарын ұсынып отырмыз. Бұл тек кана сөздік қорды байытып қана коймай грамматикалық материалдармен студенттердің ой - өрісін кеңейтеді. Оқу барысында алған мағлұмат ары қарай шетел тілін меңгеруге деген қызығушылықты туғызады және тілдік білімін практика жүзінде іске асыруға көп септігін тигізеді.



Өзін - өзі тексеру кестесі.Кесте № 1

Дағдылар тізімі

Оқытушы бағасы

Студенттің бағасы




Егер жоқ







Иә

Жоқ

онда мына бетті қара

Speaking













Ағылшын тілінде амандаса аламын










4

Бөгде адамның назарын аударта аламын










4

Аты-жөнімді ағылшын тілінде айта аламын










4

Телефон номерлерді айта аламын










4

Listening













Сандарды тыңдай отырып, жазамын










5

Бағдарламаларды тыңдап,түсінемін










13

Reading













Ағылшын әріптерін дұрыс окимын










6

Жеке сөздерді оқып, түсінемін










13

Writing













Ағылшын әріптерін жаза аламын










6

Өз аты-жөнімді жаза аламын










9

1-100дейін сандарды жазамын










12

Grammar













«to be» етістігін септей аламын










5

«to be» етістігін болымды және сұраулы сөйлемдерде қолданамын










5

Зат есімге ережеге сай көптік жалғауын жалғай аламын













13

Әдебиеттер:

  1. Аренова Т.В. К вопросу о современном подходе в обучении инностранным языкам // Вестник КазГУМО и МЯ, 2001г.№3

  2. Шет тілін оқыту әдістемесі журналы, ЖенПИ,2007ж.

Резюме

В статье рассматривается вопросы организации СРС при изучении иностранного языка.


Ақпараттық технологияларды қазақ тілі сабағында қолдана отырып етістікті оқыту тәсілдері
А.Бердімуратова, сырттай бөлім студенті, ҚазМемҚызПУ.

Ғылыми жетекшісі: оқытушы Г. Ескермесова


Қазақ тілінің асыл мұрасы – сөз байлығын, шебер сөйлеудің озық үлгілерін игерту, тілімізді қадірлеп, қастерлеуге шақыра білу – педагогтардың басты міндеті. Қазақ тіл білімінің бастан өткізген сан ғасырлық тарихи белестерін жан-жақты айқындап, оның бүгінгі күндегі жай-күйімен сабақтастығын ашып көрсету - негізгі міндеттердің бірі болып табылады. Өткенімізді безбендеп алмай алға баса алмаймыз. Қазақ тіл біліміндегі өзекті мәселенің бірі - морфология саласы. Морфологияның ішінде етістік сөз табының да тіл білімінде өзіндік орны бар мәселе болып саналатыны анық. Бүгінгі таңда да қазақ тіл білімінде етістіктің басты критерийлерінің мәні, өзіндік маңызды сипаттары толық айқындалды деп айта алмаймыз.

Қазақ тілі пәні – оқушыларды өз тілінде еркін сөйлеуге, жазбаша сауаттылыққа үйретуді мақсат етуі шарт. Сол себептен де мектепте қазақ тілін оқытуды қолға алу, жақсарту – бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Ол үшін мұғалімдер оқыту тәсілдерін алмастырып, ұстаздық тәжірибені шыңдай түсуі қажет. Қазақ тілін оқытуда қолданылатын мынандай бірнеше әдістердің түрі бар: анализ – синтез әдісі, салыстыру әдісі, индукция – дедукциялық әдісі, баяндау әдісі, әңгімелесу әдісі, жаттығу әдісі және көрнекілік әдіс. Міне, біз енді солардың ішіндегі көрнекілік әдісіне тереңірек тоқталып көрейік. Қазақ тілі сабағының қандай түрлерін өтуде болмасын көрнекілік әдісі жиі қолданылып отырады.

Берілген тіл материалдары оқушыларға түсінікті болып, одан сапалы білім алу үшін және өтілген материалдарды тиянақты қабылдап, оның ғылыми-практикалық негізін дұрыс түсіну үшін, көрнекілік жолмен оқытудың маңызы ерекше зор. Сондықтан да көрнекілік әдісі – мектептерде қазақ тілін оқытуда көбірек қолданылып жүрген және мектеп тәжірибесіне көп тараған өнімді әдістің түрі.(№1 15-26Б)

Жалпы бағдарлама, оқулық, көрнекі құралдар қаншама жеткілікті болғанымен, оқушылардың білім деңгейі, ой-өрісі, түсіну қабілеті, ынтасы әр түрлі болуына байланысты мұғалімдер де әр түрлі жұмыс жүргізуі тиіс. Қазақ тілін оқытуда оқушылардың танымдық қабілеттерін яғни тілдің жүйесі туралы білімдерін кеңейту және практикалық мақсатта, тіл туралы алған білімдерін өмірде қолдана алу немесе іскерлік пен дағдыны қалыптастыру. Олай болса, мектепте оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға, өзін-өзі зерттеуге ынталандыру қажет. Ынталандырып қана қоймай, соған үйретіп, дағдыландыру қажет. Сабақ үстінде оқушы өзінің қаншалықты түсініп, ұғып отырғанын сезгенде және өзіне-өзі іштей есеп бергенде ғана оқыту ісі жемісті болады. Оқушыларды осындай ыждахаттылық жолына тәрбиелей алған мұғалімнің ісі де сәтті болады.

Ақпарат ұғымы (латын тілінен “іпsormation” – түсіндіру, мазмұндау)- бұл мәлімет халықтың ауызша, жазбаша немесе басқа да әдістермен (шартты белгілер көмегімен, техникалық құралдар және т.б.):”қоршаған орта әлемі туралы түсінік беру, ондағы үрдістің өтуі, адамның оны қабылдауы немесе арнайы құруы”. Ақпарат ұғымы әрқашан хабарландыру ұғымымен байланысты, “өмірдің жай тіршіліктен айырмашылығын басынан аяғына дейін қабылдау үрдісін шаршамастан көрсетеді, қоршаған ортадан қабылдаған ақпаратты өңдеп және бағалайды”

Ақпарат адам әрекетіндегі барлық жағдайды қамтиды. Академик Ю.А.Ершов атап көрсеткендей, жақында, бірінші жоспарға енетін жас ұрпақтың ақпарат ғасырына сәттілікпен өтті. Ол: ”ХІХ ғасырдағы елеулі оқиға болып, адамның салыстырмалылықтың мәнін түсініп салыстырмалы теориямен келісе отырып, адамзат үш өлшемдік кеңістік әлемде емес төрт- өлшемдік кеңістік уақыты әлемінде өмір кешуде ХХ ғасыр ақпараттың тағы бір өлшемін анықтады “ - деп атап көрсетті.

Қазіргі заманның ақпараттық технологиясын оқушыға игерту - бүгінгі басты міндет болып тұр. Мектепті ақпараттандырамыз десек, мына міндеттерді шешіп алуымыз керек:


  1. Мектепте қашықтан оқыту технологияларын әзірлеу және өмірге енгізу;

  2. Оқытудың ақпараттық және қашықтан оқыту технологиясын меңгерген мұғалім- маман даярлау;

  3. Мектептерді білім беру бағдарламаларына сәйкес электрондық оқулық басылымдарымен қамтамасыз ету;

  4. Дарынды балалардың қабілетін дамытып, олардың шығармашылықпен жұмыс жасауына педагогикалық- әлеуметтік қолдау көрсету;

Оқыту және тестілеу бағдарламаларының жаңа үлгілерін жасақтау. Оқытуды компьютерлендіруде компьютердің мүмкіншіліктері өте кең: электронды оқулықтардың көмегімен білім, жаттықтыру тапсырмаларын беру, оқушылардың білімін тексеру, тестілеу, әр түрлі ойындар, т.б. Оқыту үрдісінде компьютер оқыту нысаны және құралы болуы мүмкін. Яғни, оқытуда компьютерді қолданудың екі бағыты бар:

1. Компьютердің мүмкіндіктерін сезініп, оны әр түрлі жағдайда пайдалана білуге қажетті білім, іскерліктер мен дағдылармен қаруландыру.

2. Компьютер оқытудың тиімділігін жоғарылатып, сапасын көтеретін күшті құрал болып табылады.

Қазіргі кезде оқытушы сабақ мазмұны қызықты әрі жаңаша өтуі үшін өзінің бағалы уақытын қажетті материалды іздеу мен жүйелеуге жұмсайды. Ол үшін басты міндет – оқытуды компьютерлендірудің концептуалды аспектісін жасау. Осыған орай оқытуды ақпараттандыруда төмендегі сәттерді ескеру қажет.

- Оқыту үрдісін компьютерлендіру кезінде компьютерді белгілі бір үрдістерде, құбылыстарда, экономикалық жағдайда модельдеуге үйрету.

- Компьютерлендіру оқытушыны оқыту үрдісінен шығарып тастамай, керісінше оқушымен неғұрлым тиімді жұмыс жасауға жағдай туғызуы керек.

- Компьютерді алға қойылған педагогикалық мәселені сапалы және тез шешуге көмектесетін жағдайда ғана пайдалану қажет. Сондықтан оқытушы оқытудың жаңа әдіс- тәсілдерінің бірі – «компьютер арқылы пәндік сабақтар» өткізуі қажет.

Мектеп оқушылары Интернет жүйесі және электронды пошта арқылы әлемдегі қоры бай кітапханалардан қажетті мәліметтерді алады.



Каталог: wp-content -> uploads -> 2018
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Сабақтың мақсаты: а/ Оқушылардың сөздік қорын молайту. Білім, білік дағдыларын қалыптастыру
2018 -> Сабақтың тақырыбы: Физика-табиғат туралы ғылым
2018 -> Сабақ мақсаты Тұздар гидролизін түсіну және тұздардың суда ерігенде қандай процестер жүретінін анықтау
2018 -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: Көміртек және оның қосылыстары туралымәлімет алады
2018 -> 5В011700- Қазақ тілі мен әдебиет мамандығы бойынша 3-курс студенттердің элективті пәндер каталогы 2017-2018 оқу жылы
2018 -> Сабақтың тақырыбы Салынған циклдер. Мақсаты Қайталау операторлары туралы білімнің кеңеюі
2018 -> Сабақ тақырыбы: Теңдеулер жүйесін қолданып есептер шығару Мерзімі
2018 -> Даулетиярова Зауре Ермаханқызы А. Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тараз қаласы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет