Исаев оқулары (ғылыми мақалалар жинағы) 2-кітап Алматы, 2012 ббк пікір жазғандар



бет5/16
Дата15.04.2018
өлшемі3,53 Mb.
#40187
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

Электронды оқулықтар – ғылыми негізде дайындалған педагогикалық ақпараттық өнім. Электронды оқулықты дайындаудың негізі – модульдік оқытудың педагогикалық теориясы болып табылады. Онда теориялық тақырыптар кеңінен беріліп түсіндіріледі, графикалық иллюстрациялар, әртүрлі суреттер арқылы теориялық білім толықтырылады.

Бүгінгі күні, әсіресе тарих сабақтарында, теледидар - негізгі бір білім беру жүйесінің ақпараттық құралы. Теледидар бағдарламаларын келесі мақсаттармен қолданамыз: теледидар бағдарламалары арқылы оқушыларға суреттелген телелекция тыңдайды; документалды кинолардан оқушылар мол қосымша мәліметтер ала алады; көркем фильмдерден балалар үлкен тәрбиелік мектептен өткен болады; ақпараттық бағдарламалар оқушыға күнделікті өз мемлекетінде, жер жүзінде болып жатқан көптеген жаңалықтар беріп отырады.

Жаңа рухани, эстетикалық және тәжірибелік құндылықтардың пайда болуын танымдық эволюция анықтайды. Ақпараттылық әлемді қоғаммен шынайы байланыс сапасын толықтыруды қолдану, әлеуетті ұштастыру жүйесін кеңейтеді, тұлға – қоғам жүйесінің дамуын көрсетеді. Бұл жоспарда Ю.А.Левада әлеуметтік ақпаратты көрсету жорығында үлкен құндылық танытқан. Оның анықтауынша, қоғамдағы жеке бастың қабылдау белгілерін 3 түрге бөлуге болады, құрылымдық ақпаратты, іргелілік ақпараты, амалды ақпарат болып бөлінеді.

Құрылымдық ақпарат. Әлеуметтендіру бастапқы сатыдағы дара (жеке) меңгеруді дәстүрлік қатынас қоғамының көмегімен (отбасындағы жеке –аралық қатынас, шағын топтарда, мектепте) өзіндік ядро құрылымдық жекелігін құрайды; сендіру, орнату, құндылықтан хабары болу, білім ақпаратының қабылданған нақты түрімен байланысы, біздің зерттеуімізде институттан тыс қаралу.

Беріктік (іргелі) ақпарат. Қоғамда адамды болашақта тұрақтылықты жарыққа шығаратын хабары болуы тиіс, мамандыққа жекелей тарту, ғылымға, өнерге, адамның артықшылығына, арнайы қатынас жолы арқылы және білімді қалыптастыру, жеке тұлғаның мінезіндегі қызығушылығының қаншалықты өзектілігін, ақпараттың осы түрінен қабылданған білім байланысын, біз институттың білімге қатысын қараймыз.

Амалды ақпарат. Амалды ақпарат - әр тұлғаның моральдық этикалық, құқықтық, идеологиялық және бүгінгі қоғамдағы басқа да ережелері: бұндай ақпараттық таратушы ерекше арна болып, бұқаралық қатынас жолы саналады.

Берілген ақпарат түрі педагогикада салыстырмалы жаңа пайда болу көзқарасы медиа білім деп аталатын ”Медиа білім” ұғымының бірнеше баяндалуы бар, атап айтқанда, педагогикаға бағыт, бұқаралық қатынас заңдылығын оқытқаны үшін алға басуы” (радио, кино, бейне және т. б.)

“Ақпарат құралдарды пайдалану дағдысын меңгеру және СМИ-дің тарихтағы дамуы туралы қажетті білімнің құны және қоғамдағы өмірде оның рөлі,” сонымен қатар кәсіби дайындық университеттер мен арнайы колледжде оқыту нәтижесінде мынадай курстар оқытылатын, компьютерлік білім, бұқаралық қатынас саласындағы немесе курстар, ақпарат мәселесіне арналған.

Қоғамдық пікірді құруда, ақпараттық бұқаралық құралдар сөзсіз шешуші рөл атқарады, солай болғандықтан, олар бұқаралық аудитория. Министрлік берген ақпарат бойынша, қазақстандықтар күнделікті теледидардан 80,1% хабар алады, мерзімдік басылымнан оқу 40,6 % Бұқаралық ақпаратты құралдардан басқа, медиа білім құралы өзекті жүйе интернет болып табылады. Интернет осы уақытта республика тұрғынының 2,9 ғана пайдаланады, ғалымдар интернетті бұқаралық ақпарат құралы деп қарайды.

Медиабілім – бұқаралық ақпарат құралдарынан және өзекті интернеттен этнокөркемдік мәдениет саласын қабылдау және шығармашылық амалдық ақпаратты өңдеу бағыты. Жеке адамдық дәлелдеу бірлігіндегі өзіне тән ұлттық өзіндік сана бөліктері бар, бүтіндік жеке адамның мазмұнды және амалдық бөліктерді жекелей алғы шарттарын қалыптастыру. Осы уақыттағы рухани дағдарыс қоғамдағы өзекті ақпараттылықты туғызады деп бақыланған, гумманитарлық кәсіптегі мамандар даярлағанда, басты көңіл бөлетін мәселе, білімдік әлеуетті ұлттық дәстүрлік мәдениетте, жас ұрпақ тәрбиесіне акпараттылық білім жағдайына қажетті тұрде пайдалану.

Модульдiк оқыту технологиясы бастапқыда кәсiптiк сатыдағы мамандарды даярлауға арналып жасалынып қолданылған. Модульдiк оқыту технологияның негiзiн қабылдауда инновациялық бағдарламаның қалыптасуында бiрнеше қиындықтар туғызады. Осылай оқушылар жұмысының сыртқы құрылымының формасын тез қабылдайды, бiрақ олар модульдiк оқытуға тән iшкi структураны көрмейдi, яғни келесi сабақтың конспектiсi мен оқу элементiнiң құралдары арасындағы айырмашылықты байқай бермейдi. Оқу элементiнiң үлгiсiн жасауға тапсырма берген кезде, оқушылардың үштен бiрi ғана жаңалық ашады, сол себептен шығармашылық ойлау үрдiсi оқу элементiн құрастыру үшiн көп уақытты қажет етедi.

Модульдiк бағдарламаларды көптеп дайындау, болашақта кәсiптiк бiлiм беретiн орта және кәсiби мектептердiң модульдiк технологияға ауысуына әкеледi. Модульдiк технология мектепке кейбiр гуманитарлық сабақтарды берген күйiнде қолданылуы мүмкiн. Бұл теоремалардың қаншалықты дұрыс екенiн болашақ көрсетедi.

Инновация (латын тілінен аударғанда) - жаңарту, жаңалық, өзгеріс деген түсінікті білдіреді. Инновация – оқу-тәрбие процесінің ағымы мен нәтижесін жақсартуда педагогикалық жүйедегі өзгеріс. Қазіргі күні инновация деп көбінесе жаңа технологияларды, әдістер мен құралдарды жасау және қолдануды айтса, сонымен бірге жаңа идеяларды, процестерді бірлікте жетілдірудің де жүйесі. Сондықтан, оқыту мен тәрбиедегі жаңа технология инновациялық идеяларды енгізу, жаңарту нысаны болып табылады. (№9 10-13)

Қазақ тіліндегі қимылды білдіретін сөздер лексикалық мағынасы жағынан әр алуан жайттарды қамтиды. Мысалы: (қимылды) кел, жүр, (іс-әрекетті) оқы, жаз. кес, (қимылдың қалпын) отыр, жатыр, т.б. мұндай күрделі ұғымды бірден түсініп кету қиын. Оқушылар көбіне не істеді? неғылды? қайтті? деген сұрақтарға тек қимылды, іс-әрекетті білдіретін сөздерді жатқызады.

Етістіктің анықтамасын айтып, терең түсіну үшін мынау сияқты мысалдар келтіру қажет: Мысалы, Сен шөп шаптың. Мен жинадым. Ол отыр. Жауын жауды. (№1 5-7Б)

Біз зерттеу жұмысымызда қарастырылған мақсат, міндеттерге байланысты «Ақпараттық технологияларды қолданып етістікті оқыту» арнайы курс бағдарламасының мазмұны құрастырылды. Осы тұрғыда оқушылардың танымдық белсенділігін дамытуды мынадай өлшемдер арқылы анықтадық:



      1. педагогикалық технологияларға қызығушылығы, сезіммен қабылдауы;

      2. ақпараттық технологияларды пайдалануда танымдық дербестігі, шығармашылық іс-әрекеті;

      3. инновациялық технологияларды тәжірибе жүзінде пайдалана білуі.

Жоғарыда көрсетілген өлшемдер негізінде оқушылардың етістікті ақпараттық технологияларды қолдануын дамытудың үш деңгейі (төменгі, орта, жоғары) анықталды.

Төменгі деңгей: педагогикалық технологияларды танып-білуге қызығушылық танытпайды; танымдық тапсырмаларды орындауға ынта-ықылас қоймайды; ақпараттық технологияларды өз бетінше ізденіп оқымайды; оқылатын материалдың ерекшелігін және оның мақсатын ескермейді; өзін-өзі бақылауға көңіл бөлмейді.

Орта деңгей: педагогикалық технологияларды танып-білуге қызығушылық танытады; білімді игеруге ынталы жұмыс істейді; оқу-танымдық іс-әрекетте қиындықты жеңуге белсенділік танытады; ең басты нәрсені ажыратады, осы негізде мақсат қояды, бірақ оны міндеттерде нақтыламайды; ақпараттық технологияларды пайдаланудың ерекшелігін әрқашанда ескере бермейді; өзін-өзі бақылауға ішінара белсенділік көрсетеді.

Жоғары деңгей: педагогикалық технологияларды танып-білуге қызғушылығы басым, оны шынайы сезіммен қабылдайды; берілген тапсырманы орындауда қиындықтарды жеңуге ұмытылысы жоғары; мақсаттар мен міндеттерді анықтай біледі; жұмыстың толық жоспарын жасайды; шығармашылық жұмыстарды жоғары дәрежеде атқарады; өз бетінше білім алады; жұмыстың мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес өзін-өзі бақылайды. (№10 47-51)



Тәжірибелік-эксперимент үш кезеңде (анықтау, қалыптастыру, бақылау) жүргізілді. Тәжірибелік жұмысқа ... мектеп алынды. Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру үшін зерттеу жұмысымызды педагогикалық тәжірибеден бастауды жөн көрдік. Зерттеудің көздеген негізгі міндеттері мынадай:

  1. педагогикалық технологияларды оқушылардың етістікті оқытудағы белсенділігінің алатын орнын, атқаратын қызметін анықтау;

  2. Қазақ тілі сабағында етістікті оқытуда ақпараттық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудағы бастапқы деңгейін байқау және анықтау;

  3. педагогикалық технологияларды пайдалану арқылы қазақ тілі сабақтары мен сабақтан тыс уақыттарда оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудағы мүмкіндіктерін анықтау.

Зерттеу барысында қол жеткен нәтижелер бізге төмендегідей қорытындылар мен ұсыныстар жасауға мүмкіндік берді:

  • қазіргі кезде қоғамның, ғылым мен техниканың дамуы оқушыларға берілетін білімнің сапасы жоғары деңгейде болуды талап етеді;

  • оқушылардың етістікті оқытудағы белсенділігін дамыту арқылы етістік туралы толық білімді игеріп білімі-біліктіліктің тірегі болатындай етіп санасына сиңіру,

  • оқушылардың етістікті оқып үйренуде өзіндік жұмыстарды жүйелі түрде ұйымдастыру, семинар және практикалық сабақтарды проблемалық сипатта жүргізу, қажетті әдіс-тәсілдердің тиімділігін арттыру міндетін жүзеге асыруды қажет етеді;

  • оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту мақсатында етістікті тереңдете оқыту ақпараттық технологияларды бағдарлама мазмұнына енгізу оқу үрдісінің тиімділігін арттырады.

Әрине, бір ғана зерттеу жұмысымен оқушылардың танымдық белсенділігін дамытудың мәселелерін толық қарастыру мүмкін емес. Оның үстіне бұл мәселенің әлі жете шешілмеген, зерттелмеген, ашылмаған жақтары аз емес. Сондықтан біз осы тақырыпты ары қарай дамытуда мынадай ұсыныстар айтамыз:

  1. Ақпараттық технологияларды қолдану негізінде қазақ тілі сабақтарында оқушылардың ойлау мәдениетін қалыптастыру.

  2. Ақпараттық технологияларды қолдану негізінде оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту.(№1 12-17,№2 45-57Б.Б )

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. «Қазақ тілін оқыту методикасы» 1965ж. Д.Әлімжанов, Ы.Мамынов.

  2. «Қазақ тілін оқыту методикасы» 1941ж. С.Жиенбаев.

  3. «Қазақ тілі» С.М.Исаев. Алматы, Университет «Қайнар» 1993ж.

  4. «Қазақ тілі» Р.Әміров, Ж.Әмірова.

  5. Исаев С. “Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар”.- Алматы, 1992жыл.

  6. Маманов И. “Қазіргі қазақ тілі”. -Алматы, 1997жыл.

  7. Исаев С. “Қазақ тілі жайындағы ойлар”. -Алматы, 1991жыл.

  8. Оралбаева Н., Мадина Ғ., Әбілқаев А. “Қазақ тілі”. -Алматы, 1993жыл.

  9. Компьютерлік оқыту программаларын қолдану. Информатика-физика-математика журналы. Алматы, 2000. –Б.10-13.

  10. Жоғары оқу орнында болашақ мұғалімдердің педагогикалық іс-әрекеттерін модельдеу. Қазақстан жоғары мектебі, 2007. –Б.47-51.


Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмысын ұйымдастырудың ерекшелігі
М.М. Давлетбаева,

№3 Жетіген қазақ орта мектебі


Бастауыш сыныпта оқушының белгілі бір көлемдегі білім, білік дағдыларын және табиғат, қоғам, айнала қоршаған дүние туралы танымын қалыптастыру, оның жеке басының қасиеттерін жан-жақты дамыту жоғары ізгілікке тәрбиелеу – бүгінгі күннің басты талабы.

Осы мақсатта оқушының өз бетімен жұмыс жасауын ұйымдастыру негізгі мәселе болып табылады. Өз бетінше жұмыс арқылы оқушы объектілер мен құбылыстардың жеке сыртқы түрін, белгілерін бақылап, көріп қана тану емес, өзін ынталандырып, шығармашылық әрекетке жетелейтін ішкі байланыстарды, өзара тәуелділікті, заңдылықтарды өздігінен ашып, түсініп, танитындай әдіс-тәсілдерді үйренеді. Өз бетімен жұмыстың жеке тұлғаны қалыптастыру және тәрбиелеуде, білім берудің приоритетін түбегейлі өзгертуде, яғни бұрынғыша оқушыны пәндік білім, біліктердің белгілі бір жиынтығымен қаруландырудан жалпы және психикалық дамуын жеткілікті деңгейде қамтамасыз етуге көшуде орны ерекше.

Оқушының өзіндік жұмысы – мұғалімнің қажетті нұсқалары бойынша жүргізілетін оқушылардың оқу жұмысының жеке-дара және ұжымдық түрі. Бастауыш сыныптарда оқытудың маңызды мақсаттарының бірі оқушыларда өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру. Оқудағы өз бетінше жұмыс, өзін-өзі оқыта білу, оқушыда оқу әрекетінің компоненттерін жоғары дәрежеде меңгеруді қалыптастырады. Бұл Ю.Н.Бабанскийдің, А.В.Усованың жеке т.б. авторлардың зерттеулерімен дәлелденген.

Оқу үрдісіндегі өз бетінше жұмыс деп белгілі уақыт ішінде алға қойған дидактикалық мақсатты орындауға бағытталған – білімді іздеу, оны ұғыну, бекіту, білім және дағдыны қалыптастыру және дамыту, білімді жүйелеу және талдап қорытуды айтамыз.

Оқушылардың өз бетінше жұмысы жайлы бір жақты пікір жоқ.

Кейбір ғалымдар оны оқыту әдісінің бірі деп қарастырса, екіншілері оны оқыту негіздерінің бірі деп есептейді. Әрине өз бетінше жұмыс туралы мұндай әртүрлі түсініктің болуы, авторлардың оны әртүрлі тұрғыдан қарастыруында болып отыр.

Көптеген ғалым-педагогтардың, тәжірибелі мұғалімдердің тәжірибесіне сүйенсек, оқу-тәрбие үрдісі негізінде дамыту мәселесінде басты рольді, ең алдымен, оқушының өз бетімен әрекеті, белсенділігі атқарады. Себебі, қанша сабақ сапалы болсын немесе мұғалімнің білімі, тәжірибесі мол болсын, бірақ бала тарапынан өзіндік белсенділік, әрекет болмаса жұмыстың нәтижесі, сапалы орындалуы мүмкін емес.

Сондықтан бүгінгі таңда оқушыны өзіндік әрекетке бағыттайтын өз бетімен жұмыс, оның түрлері, бала дамуындағы орны сияқты мәселелер ерекше көтерілуде. Өзіндік жұмыс жасауға соңғы жылдары саналы бетбұрыс жасалуда. Оған дәлел – оқушыны дамытуға бағытталып құрылған жаңа бастауыш білім мазмұны, соның негізінде жазылған жаңа оқулықтар. Себебі мұнда оқушының өз бетімен білім алып, дамуына жете мән беріле бастады. Кезінде өз бетінше жұмыстың бала дамуындағы ролін жете көре білген және ол жөнінде еңбек жазған қазақ зиялыларының бірі ағартушы ғалым А.Байтұрсынов болды. Ғалымның пікірінше бала білімді тәжірибе арқылы өз бетімен алуы керек. Ал мұндағы мұғалімнің қызметі – балаға орындалатын жұмыс түрлерін шағындап беру және қойылған мақсатқа жету үшін бағыт-бағдар беріп отыру.

Біздің пікірімізше А.Байтұрсыновтың осы көзқарасы бүгінгі білім беру міндеттеріне сәйкес келеді, сондықтан бастауыш оқытудың басты мақсаттарының бірі оқушылардың өз бетінше жұмысын ұйымдастыру проблемаларын шешуге бағытталып отыр.

Өз бетімен жұмысты ұйымдастыру мәселесін көптеген педагогтар мен психологтар өз зерттеулеріне арқау еткен Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, В.В.Давыдов, Л.В.Занков, Н.А.Менчинская, А.А.Люблинская сынды ғалымдар өз еңбектерінде оқушылардың өз бетімен ізденіп оқу бағытына басым назар аударады.

Біздің ойымызша, оқушылардың өз бетінше жұмысын ұйымдастыруда П.И.Пидкасистийдің берген анықтамасы оның мән-мағынасын толық ашады деп есептейміз. Ол төмендегідей пікір айтты.

«Ең қолайлы және практикада тексерілген сабақтың тиімділігі, сабақ үстінде оқушының белсенділігін арттырудың бірден-бір жолы өз бетінше жұмысты тиімді ұйымдастыруда болып табылады.»

Оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастырудың маңызы өте зор, өйткені сол арқылы оқушылардың дербестігі артады.

Оқушылардың өзіндік жұмыстарының мән-мағынасы, оны ұйымдастырудың тәсіл-амалдары туралы педагогикалық әдебиеттерде әртүрлі пікірлер айтылады. Профессор Р.Г. Лембергтің пікірінше, оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру мына шарттарға байланысты:



  • оқушылардың істейтін жұмысының мақсатына айқын түсінуі;

  • жұмыстың жемісті аяқталуына, оның алдағы нәтижесіне қызығуы;

  • жұмысты оқушылардың өз еркімен, қалауымен орындауын көздеу керек.

Ал, оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыруда мұғалімдер мынадай шарттарды қолдану керектігін Б.П.Есимов өзінің «Самостоятельные работы учащихся на уроке» атты еңбегінде көрсетеді.

  • өзіндік жұмыстың мазмұнын оқушы түсінуі тиіс;

  • оның орындалуы туралы оқушыға нұсқау беру керек;

  • жұмыстың орындалуын қадағалау керек;

  • оқушы жұмысын тексеру, қателерін анықтау;

  • оқушы өз жұмысына талдау жасау, байқау керек.

Бастауыш мектепте өз бетімен жұмысты ұйымдастыруға жол ашатын қолайлы жағдай – бұл оқушының жас ерекшеліктеріне сәйкес өзіндік ерекшеліктері. Өйткені бұл жастағы балалардың ойлау қабілеті жоғары және қиялдау, елестету, шығармашылық жұмысқа талпынысы басым болады. Өз бетімен жұмысты сабақтың барлық кезеңінде іске асыруға болады. Өткен материалды қайталау, бекіту, жаңа материалды түсіндіру барысында, үй тапсырмасын орындауда да оқушы өздігінен жұмыс істеуі қажет. Алайда тапсырма бала шамасына сай болуы керек. Оқушының өздігінен орындайтын жұмысының нәтижелілігі оның өтілген материалды қаншалықты меңгергендігіне, логикалық ойлау қабілетіне байланысты. Бұдан шығатын қорытынды, оқушылардың өз бетінше жұмысы - олардың өзіндік ізденуіне, дамуына, өз бетімен білім алуына қажет практикалық ойлауын дамытатын жетекші әрекет.

Оқушылардың өз бетінше жұмысының педагогикалық тиімділігі мұғалімнің жұмысқа жасаған басшылығының сапасымен тікелей байланысты. Егер мұғалім жұмысты дұрыс ұйымдастырса, оқушының алдына қойылған мақсат айқын болса, онда орындалған өзіндік жұмыстың сапасы да ойдағыдай болады. Ол үшін мұғалім оқушыларда өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру керек.

Атап айтсақ: жаңа ұғымды, заңдылықты, ережені түсініп, тұжырымдау, есепті талдау, шығара білу, жаңадан өтілген ұғым бойынша өздігінен ой қорыта білу, өзінің іс-әрекетіне бақылау жасай білу т.б. Бұл іскерлікті қалыптастыру – оқу барысында мақсатты түрде ұйымдастырылған жұмыстар мен жаттығулар жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Өз бетінше жұмыстың ерекшелігі – оқушының берілген тапсырманы мұғалімнің көмегінсіз орындауы. Тапсырманы орындауда жақсы нәтижеге жету үшін, мұғалім оқушының іскерлік дағдысын, бақылай алу қабілетін, ойлауын байқап көреді. Егер тапсырманы өз бетімен орындауда қателер жіберілсе, онда мұғалім, ол қателерді оқушының өздері жөндеуіне мүмкіндік беріп, оқушының іс-әрекетін дұрыс жолға бағыттағаны жөн. Өз бетімен жұмысты ұйымдастырудың мынадай артықшылықтарын анықтауға болады.

1.Оқушы өзінің білім алу құқын өз қажеттілігі, қабілеттері және мүмкіндігіне сәйкес жүзеге асырады.

2.Оқушы өзінің жеке сапаларын дамытады.

3.Мұғалім оқушы қызметінің табысты болуын қамтамасыз етеді.

4.Ұжым шығармашылық ізденіс режимінде жұмыс жасайды.

Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу қабілетінің қалыптасуы, жоғары шегіне жетуі оқу әрекеті барысында:



  • біріншіден, пәнаралық, пәнішілік байланыстың болуы;

  • екіншіден, өз бетімен жұмыс мұғалім нұсқауынан соң, оқушының өзіндік әрекетіне көшуі;

  • үшіншіден, алға қойған мақсатқа жетуге қажеттілік туындауы керек;

  • төртіншіден, оқушы ойы, әрекеті дайын үлгіден өзіндік әрекет арқылы шығармашылық қабілетін дамытуға көшуі;

  • бесіншіден, оқу әрекетінің құрылымын еркін меңгеруі;

  • алтыншыдан, творчестволық қабілеті, пәнге қызығушылығының артуы арқылы сипатталады.

Қорыта келе, өз бетімен жұмыс туралы педагогтардың берген бірнеше анықтамасын келтірейік.

  1. «Өзіндік жұмыс жеке өз алдына оқыту әдісі бола алмайды. Себебі, оның өзі басқа принциптерге тәуелді. Сондықтан өз бетінше жұмыс – оқу әрекетінің бір түрі ғана». Т.Сабыров.

  2. «Оқу үрдісінде өзіндік жұмыс деп мұғалімнің ұйымдастыруымен оқушылардың белсенді әрекетін белгілі бір уақыт ішінде алға қойған дидактикалық мақсатты орындауға бағытталған білімді іздеу, оны ұғыну, бекіту, білік пен дағдыны қалыптастыру және дамыту, білімді жүйелеу және талдап қорытуға бағытталады». П.И.Пидкасистый.

  3. «Өз бетінше жұмыс – оқушының берілген тапсырманы мұғалімнің көмегінсіз орындауы». О.Төлегенов.

Бұл пікірлерге сүйенсек, ортақ пікір: өзіндік жұмыстың ең басты қажеттілігі оқушыны ойға жетелеуінде, ойланта отырып, өзіндік қадам жасауында болмақ.

Оқу әрекетінде өз бетінше жұмыс дегеніміз – оның барлық компоненттерін меңгеру деген сөз. Оқу әрекетінде өз бетінше жұмыс жасау көрсеткішін анықтау үшін бір жағынан осы көрсеткіштердің оқу әрекеті компоненттерімен байланысын, екінші жағынан өз бетінше жұмыс жасаудың құрылымы мен ара қатынасын қарау керек.

Қазіргі сабақтарда ол ерекше маңызға ие болып отыр. Себебі, өз бетінше жұмыс істеу әрекеті үрдісінде ғана оқушы білімді меңгеруде жетістікке қол жеткізеді. Сабақ үстінде оқушылар өз мүмкіндіктерінше өздігінен еңбектенуі қажет, ал мұғалім оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу барысын жетекшілікке алып, оны орындауға бағытталған тапсырма беруі қажет.

Оқу үрдісіндегі өз бетінше жұмыс деп – белгілі уақыт ішінде алға қойған дидактикалық мақсатты орындауға бағытталған білімді іздеу, оны ұғыну, бекіту, білік және дағдыны қалыптастыру және дамыту, білімді жүйелеу және талдап қорытуды айтамыз.

Оқушылардың өз бетінше жұмысының маңызын толығырақ түсіну үшін, оның атқаратын негізгі міндеттерін атап өткен жөн. Олар:


  1. Оқушылардың дербестік қасиетін мейлінше арттыру.

  2. Олардың алған білімінің саналылығы мен біліктілігін қамтамасыз ету.

  3. Оқушыларда оқуға деген біліктер мен дағдыларды қалыптастыру;

  4. Оқушылардың таным, ақыл-ой қабілеттерін дамыту.

  5. Оқушыларды сыныптан тыс және мектептен тыс дербес білім алуға әзірлеу.

  6. Оқушылардың оқуға ынтасын арттырып, үлгермеушілікті болдырмауға әсер ету;

  7. Үздіксіз білім алуды қамтамасыз ету.

Сонымен қатар өз бетінше жұмысты ұйымдастырудың негізгі шарттары мыналар:

  • мұғалімнің нақты тапсырмалар (нұсқаулар) беруі;

  • жұмысты орындауының және аяқтауының уақытын белгілеуі;

  • мұғалімнің басқаруы мен оқушылардың дербестігінің өзара байланысы;

  • оқушылардың жұмысты өз еркімен істеуі, оған әсер ететін мотивтер;

  • оқушылардың өзіндік жұмыстарына мұғалімнің тапсырмасы бойынша өздері жоспар жасап, істің тәсілін анықтап, оның нәтижесін бағалауы.

Сонымен қатар, оқушылардың өз бетінше жұмысының жоғарғы формасына, олардың өз еркімен жаңа әдіс -тәсілдер қолданып жасайтын шығармашылық жұмыстары да жатады.

Оқушылардың өзіндік жұмыстарының жеке оқушының, түгел сынып болып немесе топтарға бөлініп әрекеттенуіне қарай дара және фронтальды формалары болады. Осыған орай, оның ұйымдастыру формасын жеке және фронтальды деп топтастыруға болады.

Кіші мектеп жасында өз бетімен жұмысты қалыптастыру үшін төмендегідей біліктілік түрлері қажет:


  1. Белсенділік біліктілігі (білімге деген белсенділік, сұрақ қоя білу, белгісізден белгіліні табу, басқа адамның көмегінсіз жұмысты орындау, өзін-өзі қадағалау);

  2. Ұйымдастыру біліктілігі (өзінің жұмыстарын дұрыс ұйымдастыра білу) күн тәртібі, жұмыс орнының тазалығы, өзіне қажетті құралдарды қамтамасыз ету;

  3. Саналы түрде әрекет ету біліктілігі. Жұмысты дұрыс жоспарлау, оқу мәселелерін шешу, өзінің білімі мен біліктілігін жаңа арнада қолдана білу.

  4. Ерік біліктілігі – оқу әрекетінде кездесетін қиындықтарды жеңе білу, жұмысқа тез кірісе білу және өзін ұзақ уақыт бойына белсенділік көрсетуге дағдыландыру.

Өз бетінше жұмыстың ең басты қажеттілігі – оқушыны ойға жетелеуінде, ойланта отырып өзіндік қадам жасатуында болмақ. Оқушылардың өзіндік қадамы, өзіндік ойының қалыптасуы оны шығармашылық жұмысқа жетелейді.

Оқушылардың өзіндік жұмыстарының бірінші тобына ғылым және оқыту әдістеріне байланысты іске асырылатын жұмыстардың түрлері жатады: оқулықпен, оқу құралымен жұмыс істеу, шығармашылық жаттығулар, бақылау, эксперимент т.б.

Оқушылардың дербестігінің даму дәрежесіне қарай, олардың өздігінен істейтін жұмыстары репродуктивтік және шығармашылық болып арнайы екі топқа бөлінеді. Репродуктивтік жұмыстарға оқушылардың дайын үлгіге еліктеу негізінде жасайтын жұмыстары (жай жаттығу, көшіріп жазу, мұғалімнің берген сұрақтарына кітаптан жауап беру, берілген жоспарға сәйкес оқулықтағы мәтінмен жұмыс істеу, сабақта шығарылған есеп типтес есепті үйде шығару т.б.) жатады.

Келесі топқа – мұғалімнің тапсыруынсыз міндетті түрде емес, оқушылардың өз еркімен ықыласымен жасайтын жұмыстары жатады. Қосымша кітаптар оқуы, үйірмелер мен ұйымдардың жұмысына араласып, конкурс, олимпиадаларға қатысуы т.б.

Оқушылардың өзіндік жұмыстарының, барлық топтарын мұғалім оқыту процесінде жүйелі түрде әрқайсысын өзіне тиісті жерінде қолдануға міндетті және оның бір ерекшелігі оқыту процесінің барлық кезеңдерінде (жаңа білім беру, оны бекіту, қайталау, бақылау және тексеру) қолдануға болады.

Өзіндік әрекеттің өте маңызды психологиялық ерекшелігі – ол оқушыларда алда тұрған жұмысқа жағымды мотивтер, қызығулар туғызады. Психологиялық арнайы зерттеулерге қарағанда оқушылардың оқу жұмысының сипатын арттыру үшін, оларда мынадай мотивтерді қалыптастыру қажет: жеке оқу пәндерде берілетін ең маңызды заңдылықтарға, оларды анықтау жолдарына қызығу, оқу жұмысын бірлесіп, ұжымдық түрде жасауға, жұмыстың нәтижесін қоғамдық пайдалы істерде (еңбекте, өздігінен білім алуда, басқалармен қатынаста т.б.) қолдануға қызығу. Осындай оқу мотивтеріне байланысты оқушыларда өзін-өзі бағыттау сияқты жалпы дербестік қасиет дамиды.

Мысалы: оқушылардың сабақта оқу жұмысының бір кезеңінен екіншісіне, оқу міндетін анықтаудан жұмысты орындау мен өзін-өзі бақылау тәсілдеріне өздігінен ауысуы, өз жұмыстарының тәсілдерін басқалардың жұмыс тәсілдерімен үйлестіруі, бір жұмыстың қорытындысын екінші жұмысты орындаудың құралы ретінде пайдалана білуі. Оқушыларды өздігінен жұмыс істеуге дағдыландыру оқуға қызықтырудың өте қуатты мотиві болып табылады. Мұғалім жаңа материалды өткенде ең алдымен, оқушылардың оған қызығуын (жағымды мотивін) туғызудан бастайды, содан соң материалдың мазмұнын түсінуге көмектесетін оқу жұмысының тиісті тәсілдерін үйренуге, өз жұмысын қалай орындап жатқанын өздері бақылап отыруға дағдылануы тиіс.

Жаңа материалға деген алғашқы мотивті туғызу үшін екі нәрсені іске асыру қажет:



  1. Оқушы санасына жаңа тақырыпты оқып үйренудің қажеттігі мен маңызын жеткізе білу керек. Мысалы: оның келесі тақырыптардағы теориялық материалдарды түсіну немесе нақты практикалық істерді (еңбек, басқалармен қарым-қатынас жасау, дербес білім алу т.б.) орындауда керек болатынына сендіру қажет.

  2. Оқушыларға тақырыптың мазмұнына байланысты берілетін білімнің қоғамдық мән қажеттігін көрсетумен қатар оларға алған білімдерін күнделікті өмірде практикада пайдалануға болатынын аңғартып отыру пайдалы.

Мұғалім сабақта оқушыларға өзіндік жұмыстың міндетін, оны орындау мен бақылау тәсілдерін үйрету үшін арнайы жаттығулар беріп отырғаны жөн.

Мысалы: оқушылардың математикадан бір есепті шығарудың жолдарын ойластыруы (іздестіруі) оларды бір-бірімен салыстырып, ең тәуірін таңдай алуы. Мұғалім оқушыларға: «Біз қандай мақсат көздедік?», «Бұл жұмысты орындау үшін қандай тәсілдер қолдандық?», «Жұмыстың нәтижесі қандай болмақ?» «Өз жұмысыңның сапасын қалай тексере аласың?» деген сияқты сұрақтар беріп, олардың өздігінен істеп жатқан жұмысының нәтижесін және орындау сапасын өздеріне бақылатуына болады.

Қорыта келгенде, кез келген оқушы мұғалімнің басшылығымен орындаған шығармашылық жұмысының нәтижесінде өзінің мүмкіндіктерін дамытады. Баланың қабілеті мен талантын дамытуды неғұрлым ертерек бастаса, соғұрлым оның қабілеті толық ашылуы мүмкін. Сондықтан қабілеттің дамуына түрткі бола білу керек. Осындай жұмыстарды жүргізу әр мұғалімнің шеберлігіне байланысты.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2018
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Сабақтың мақсаты: а/ Оқушылардың сөздік қорын молайту. Білім, білік дағдыларын қалыптастыру
2018 -> Сабақтың тақырыбы: Физика-табиғат туралы ғылым
2018 -> Сабақ мақсаты Тұздар гидролизін түсіну және тұздардың суда ерігенде қандай процестер жүретінін анықтау
2018 -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: Көміртек және оның қосылыстары туралымәлімет алады
2018 -> 5В011700- Қазақ тілі мен әдебиет мамандығы бойынша 3-курс студенттердің элективті пәндер каталогы 2017-2018 оқу жылы
2018 -> Сабақтың тақырыбы Салынған циклдер. Мақсаты Қайталау операторлары туралы білімнің кеңеюі
2018 -> Сабақ тақырыбы: Теңдеулер жүйесін қолданып есептер шығару Мерзімі
2018 -> Даулетиярова Зауре Ермаханқызы А. Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тараз қаласы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет