Исатай аудандық білім бөлімі Ғибатолла Мәсәлімов атындағы орта мектеп


ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ ЕТУ – ҰРПАҚ ПАРЫЗЫ



бет2/12
Дата27.12.2016
өлшемі4,46 Mb.
#5372
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ ЕТУ – ҰРПАҚ ПАРЫЗЫ

   Мақсаты: Оқушыларды Отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа баулу, көркем шығармалар арқылы ой -өрістерін қеңейту,  пәнге деген қызығушылығын арттыру.


Тәрбиелік мақсаты:

1. Атыраулық кеудесін оққа тосқан батыр-Боран Нысанбаевтың ерлігін үлгі тұту

2. Ауған соғысына қатысушылардың Отан алдындағы антына адал болғандығы оқушылар үшін мәңгілік патриоттық рухтың үлгі –өнегесі болып қала бермек.

3. «Қазбаттың» қайтпас ерлігі ешқашан ұмытылмайды

4.Тарихи тұлғаларды құрметтеуге шақыру. Қазахстан Республикасы Қарулы Күштер қатарына жан жақты жетілген жастарды тәрбиелеу.

    Көрнекіліктер: Мультимедиа проекторы ,кітап көрмесі, фотосуреттер, нақыл сөздер.

    Тәрбие сағатының әдісі: Шығармашылық ізденіс,көрініс, әңгіме, лекция.

    Тәрбие сағатының түрі: Кіріктірілген, семинар сабақ.

    Тәрбие сағатының құрылымы:

 1.Ұйымдастыру

2.Еске алу минуты «Мәңгі ізің өшпейді»


  1. Сахналық қойылым

  2. Батыр есімі ұмытылмайды

  3. Ерлікке ерте бастан тәрбиеле!

3.Қорытынды: Еркін микрафон жұмыс жасайды. 

І-Жүргізуші

Әр азамат туған елінің өткені мен бүгінін біле отырып, алға  қадам басады. Болашаққа рухани мәдинетімізбен қатар ұрпағының ұлттық қасиеттерін сақтауда тарихын үлгі етеді. Ендеше, бүгінгі «Ерлікке тағзым ету – ұрпақтың парызы» атты Ерлік сабағын ашық деп жариялаймыз.



ІІ-Жүргізуші

Әкелінсін туын көтеріп асқақ айбыным,

Қуантып елді, жасартып мәңгі ай,күнін,

Паш етіп жатқа қазақтың дархан байлығын

Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы әкелінсін.

Әнұран.


Жүргізуші: Қайырлы күн құрметті бүгінгі шараға қатысушылар!

Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай облыс көлемінде «Ұрпақтар ұмытпайтын Ұлы Жеңіс» тақырыбындағы ерлік айлығы өтіп жатқаны жөнінде бәрімізде хабардармыз. Осындай айтулы шара біздің мектебімізде де өз жалғасын табуда.

Әскери-париоттық тәрбие мен жастарды әскери қызметке даярлау қазіргі кездегі ең көкейкесті мәселе. Осыған орай Қазақстан Қарулы Күштерінің беделін арттыру, әскери қызметті ардагерлер ерлігін, игі істерін насихаттау, және сол арқылы жас ұрпақты ізгілікке, адамгершілікке, отаншылдыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу мақсатында ерлік айлығы аясында «Ерлікке тағызым ету-ұрпақ парызы» атты ерлік сабағына

Хош келдіңіздер, аяулы ардагер ағалар, құрметті ұстаздар және оқушылар!



I Сахналық қойылым:
Бейбіт тірліктегі ел халқы – жастары мен жасамшы көшеде қыдырыстап жүреді.

1941 жыл 21 маусым күні оқушылардың мектеп бітіру кешінен қайтып келе жатқан сәті. Кенет көшедегі радио торабынан елдің тынышын алған қара хабар беріледі.


Кенет радиодан:Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған Москва! 1941 жылы 22 - маусымда таң шапағы жаңа ғана арайланып келе жатқан кезде елімізге қауіп төнді. Халқымыз адам айтқысыз қиын - қыстау кезеңге душар болды. Фашистік Германия тұтқиылдан соғыс жариялап,елімізге опасыздықпен басып кірді. Мұны естіген жұрттың дегбірі кетіп, әбден абдырайды.
1 әйел:
«Соғыс, соғыс дейді, естідіңдер ме? Сұмдық-ай енді қайттық? Күніміз не болар екен?»
2 әйел: «Қойыңдар жамандық шақырмай. Ел шетіне жау тисе, арқа сүйер азаматтар бар емес пе?»
1 азамат:
Ат басына күн туса, 
Ауыздықпен су ішер
Ер басына күн туса, етігімен су кешер – деген бар емес пе, жыламаңдар, жастарыңды тиыңдар?

Бәрі: Отан үшін аттанайық!

Бұдан әрі сахнаға әскери киім киген қыздар көтеріліп,



Топпен ән айту «Темная ночь»

Соғыс жалмап аға - іні бауырды,
Зар жылатты тыныш жатқан ауылды.
Жалғызынан айырыпты ананы,
Әкесінен айырыпты баланы.

Жүргізуші: Иә,бұл сұм соғыстың отты шарпымаған отбасы кемде-кем шығар.

Үлкен қантөгіспен, ерік-жігермен келген жеңістің біз үшін орны бөлек.Қаншама жас жігіт пен қыз, әке мен ана туған халқының амандығы мен бостандығы, бақыты мен болашағы жолында аямай күресті. Олар тым жас еді. Сонда да өздерінен кейінгілердің өмірінің салтанат құруын армандады, сол үшін жанын қиды.


Видео:Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысында! (1)
Сол кезде жауынгерлерге рух берген Майдан әндерін тыңдайық

II. Батыр есімі ұмытылмайды


Ұлы Отан соғысы миллиондаған аданың өмірін алып кеткен, қанды шайқастарға толы күн мен түн ешқашанда ұмытылмақ емес. Еліне, туған жеріне оралмай, жат жердің топырағы бұйырған ерлерді біз әрқашан құрметпен еске аламыз.

Ендеше, барлығымыз Ұлы Отан соғысында құрбан болған жандарды 1 минут тыныштықпен еске алайық.

Рахмет,отырыңыздар!
I.Жүргізуші.

«Ұлы Отан соғысы» мен «Жарияланбаған соғыста» және «Қазбаттың» тәжік-ауған шекарасын қорғау кезінде қаза тапқан , Отан алдындағы қасиетті борышын орындауда құрбан болған боздақтарды 1 минут  үнсіздікпен еске алуларыңызды

сұраймын.Рахмет!

Жүргізуші:

Бүгінгі Ерлік сабағына арнаулы шақырылған қонақтарымызды таныстырып өтейін:

1.Ардагер ұстаз, ауылдағы ардагерлер Кеңесінің төрағасы Ниғыметжанов Сергей ағай.

2.Чернобыль ардагері Ғұбашев Алхам ағамыз.

3.ҚР ҚК ардагері,запастағы майор Бозбалиев Мұрасбек ағамыз.

4.Аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының орынбасары,жұмылдыру дайындығы және аймақтық бөлімшесінің бастығы,капитан Бекмуханов Альберт ағамыз.

5.Аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің келісім-шарт бойынша әскери қызметке іріктеу және шақыру бөлімше бастығының көмекшісі Габайдуллина Лаиля Альфредовна апайымыз.

6.Ауған соғысы ардагерлері Мұхтаров Әлмұрат пен Ғұмаров Қадыржан ағаларымыз.

7.Тәжік-ауған соғысына қатысқан жауынгер Досниязов Мәлік ағамыз.

8.Ақтау қаласындағы 2911 әскери бөлімінің келісім-шарт бойынша қызметкері ,кіші сержант Сағынтайұлы Ербол ағамыз.



9.Аудан орта мектептерінің БӘД ұйымдастырушы-оқытушылары.



БӘД ұйымдастырушы-оқытушы Қабиев Парух Ғатауұлы
Ұлы Отан соғысы кезінде мыңдаған қазақтың балауса жасы елін, туған жерін жаудан қорғауға аттанды.Олардың көпшілігі өмірдің қызығын да көрместен майдан даласында опат болды. Ерен ерлігі үшін 502 қазақстандық азамат Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды. Біздің облыста он Кеңес Одағының батыры, бір Халық Қаhарманы, төрт «Даңқ» орденінің толық иегерінің болуы-баға жетпес мақтанышымыз.

Үлы Отан соғысы кезінде тыл еңбеккерлерінің тынымсыз еңбегі, майдандағы жауынгерлерге киім-кешек, тамақ, оқ-дәрі, атты әскер полктарына жылқы және тағы басқа қажетті бұйымдарды жеткізудегі еңбектері ерекше болды.Тылда еңкейген кәрі ата мен әже, әйелдер, кәмелетке толмаған жас балалар уақытпен санаспай, таң атқанннан күн батқанға дейін жартылай аш,жеткіліксіз киім,нашар баспана жағдайында еңбек етті.Соған қарамастан, майданға қажетті нәрселердің барлығын уақытылы жеткізіп отырды.Тамаша еңбектің үлгісін көрсетті.

Ал,Новобогат ауданы (қазіргі Исатай) еңбеккерлері соғыс кезінде үш рет Қорғаныс Комитетінің «Ауыспалы Қызыл Туын» жеңіп алғаны туралы деректер бүгін облыстық тарихи-өлкетану мұражайында сақтаулы тұр.

Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында Ұлы Отан соғысы батырларының өмірі мен жанқиярлық ерліктерін насихаттау мақсатында іс-шаралар өткізілуде.Осы мақсатта қыркүйек айынан бастап Атыраулық Кеңес Одағының Батырларының өмірі мен ерлігін жастарға тереңірек таныстыру үшін іс-шаралар өткізілуде.

Өткен ғасырдың ең елеулі оқиғасына айналған Екінші дүниежүзілік соғысты қазақ халқы есінен еш шығармасы анық.Сол миллиондаған боздақ қаны төгіліп, осыншама шаңырақтар қайғы жұтты. Ұмытылмас ерліктер жасалып, қару құрсанған жаумен арыстанша алысқан азаматтардың есімі тарихқа алтын әріппен жазылып қалды. Осындай өшпес ерлік жасағандардың қатарында халқымыздың мақтанышы, жерлесіміз, Кеңес Одағының Батыры Боран Нысанбаев та бар.

Ұлы Отан соғысында жерлесіміз Боран Нысанбаев жау дзотын талқандап,теңдессіз ерлік жасағанына биыл 71 жыл, ал туғанына 96 жыл толып отыр.



Боран Нысанбаев 1918 жылы Атырау облысы, Индер ауданы, Көктоғай округіне қарасты Қаңбақты елді-мекенінде дүниеге келіп,»Бает» бастауыш мектебінен білім алады. Одан әрі бала Боран жанұясының жағдайына байланысты оқуын жалғастыра алмайды да, бұрынғы «Красный Октябрь» колхозынан бір атар қой алып, шопан болады.

Боран жас кезінен ақкөңіл, қарапайым, қамқор,мейірбан-ды.Сонымен қатар намысшыл, қызба, басынан сөз асырмайтын өжет, өткір болатын.Ашуы тез қайтып,кек сақтамайтын, ешкімге жамандық ойламайтын жан еді дейтін.Сол кездегі құрдастарының айтуына қарағанда, Боран денесі шымыр,құрдастарымен күрескенде бой бермейтін қайратты жігіт болды деседі.

-Боран 1942 жылы 6 қаңтарда Есбол ауданының әскери комиссариаты арқылы әскерге шақырылып,№137-атқыштар дивизиясының №771-ші полкінде минометші болған.

1943 жылдың 6 ақпаны күнгі қысы бет қаратпас аязды әрі боранды болыпты.Осы күні Жоғарғы қолбасшылықтан Орлов облысы,Покров ауданы,Лески деревнясын жаудан азат ету тапсырмасы берілген.Сол үшін полковник Алферовтың 137-ші дивизиясының 771-ші атқыштар полкінің 1-ші миномет ротасы кескілескен ұрыс жүргізіп жатты.Бірақ,бітеу дзоттарға мықтап бекініп алған жау жағы, біздің әскерлердің әрбір шабуылын түтеген ажал оғымен қарсы алып, бас көтертпеген.Бір сағаттай мерзімге созылған артиллерияның күшті соққысынан кейін екі рет шабуылға көтерілген біздің батальон қызыл әскерлері алға қарай жылжуына ешбір мүмкіндік болмаған. Сол кезде қатардағы жауынгер, 1-ші минометшілер ротасының минометшісі, бірінші дәрежелі Ұлы Отан соғысы орденінің иегері Боран Нысанбаев командирден оқ жаудырған ұяны бұзуға рұқсат сұрайды.Сөйтіп, беліне бірнеше гранатаны байлап алып, алға қарай еңбектей жөнеледі.

Боран ажал оғын сеуіп тұрған дзотқа жақындап барып, екі мәрте өршелене ұмтылып, дзоттың аузына қосақ-қосақ байланған гранаталарды лақтырғанымен жау пулеметтерінің үні қайтадан өшер болмады. Осы шешуші шақта біздің әскерлеріміздің қайткенде де жолын ашып,алға жылжуын қамтамасыз ету мақсатында танкіге қарсы қолданылатын ауыр гранаталардың бірнешеуін өз денесіне байлап алған ол өз өмірін құрбан етіп, жау бекінісінің ішіне қойып кетеді.Құлақты тұндырар сұрапыл гүрсілмен бірге жау дзотының астан-кестені шығып, күлі көкке ұшады. Талқандалған жау бекінісінің орнында 28 неміс-фашисті мен офицерінің өлігі қалған. Осы жерден комсомол мүшесі Боран Нысанбаевтың да денесі табылған.



Боранның майдандағы дивизиясының командирі А.Алферов «



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет