Исатай аудандық білім бөлімі Ғибатолла Мәсәлімов атындағы орта мектеп



бет3/12
Дата27.12.2016
өлшемі4,46 Mb.
#5372
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Ондай адамды кім ұмытады?Боран ештеңеден тайсалмайтын өжет жігіт еді.Оның ерлігі жауынгерлерді жеңіске рухандырғанын мен өз көзіммен көрдім... Қазақ халқының мұндай батыр ұл туғанына мақтанамын оның ерлігіне бас иемін» деп жазды.

Аттанған алғы шепке жауды көріп,

Намысы туған елдің қайрат беріп.

Ерлігін бүгінгі ұрпақ етеді аңыз,

Кетсе де, ол бұл өмірден ерте сөніп.

Атойдан ұран салды қалың топқа,

Қарамай түтіндеген өрт пен оққа.

Уралап, биікке өрлеп,дзотты жарды,

Қайран ер Отан үшін ұшты оққа.

Жерлесімізге теңдесі жоқ ерлік көрсеткені үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1943 жылғы 23 қыркүйектегі Жарлығымен ерлікпен қазаға ұшыраған Боран Нысанбаевқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.Батырдың әскери билетіндегі сиямен жазылған оның ата-тегі, батыр атағына ұсыну жөніндегі құжаттарды асығыс рәсімдеу кезінде қапелімде дұрыс танылмағандықтан орыс командирі оны Нысанбаев деп жазудың орнына Исанбаев деп қате жазып жібергені анықталды. Салғырттықтың кесірінен жерлестері мен туған-туыстары оның ерлігін көпке дейін білмей келді. Тек 20 жыл өткен соң,1963 жылы Орел қаласының қызыл ізшілері мен жерлесіміз, өлкетанушы Кенжеғали Қайыптың еңбектерінің арқасында жаңсақтық түзелген екен.

Қазақ ҚСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1965 жылғы 23 сәуірдегі №324 Жарлығымен Зеленый ора мектебіне Кеңес Одағының Батыры Боран Нысанбаевтың есімі берілді.

Батырдың Атырауда тұратын інісі Оңдасын Нысанбаев ағасының ерлігін кейінгі ұрпаққа насихаттау әлі күнге дейін екінші орында қалып келетініне, өз дәрежесінде ұлығыланбай жүргеніне қынжылады.Бұл туралы Қайып Кенжеғали былай дейді: «Бұған дейін Боран Нысанбаевты А. Матросовтың ерлігін қайталады деген бұрмаланған ақпараттар тараған еді. Ақиқатында, Б.Нысанбаев ерлігін А. Матросов 17 күннен кейін қайталады. Себебі,Б.Нысанбаев 1943 жылдың 6 ақпанында Орел облысының Лески деревнясында жаудың дзотын жарып ерлікпен қаза тапты. Сол жылы 23 ақпанда А.Матросов Псков облысының Чернушки деревнясында батырдың ерлігін қайталап,мерт болды».Қалай болғанда да ерлік естен кетпейді.

Беліне гранаталар байлап, фашистер бекінісіндегі дзоттың ішіне еніп, өзінің өмірін қиып, жаудың үнін өшірген батыр Боран Нысанбаев деген кім еді, оның жақын ағайын-туыстары бар ма, олар кімдер, оны қазіргі жастардың бірі білсе, бірі білмеуі де мүмкін ғой.

Ол-Кіші жүздің, он екі ата байұлының , жеті баулы Беріш руының Құлкеш атасынан тарайтын, ел аузында «Етжемес» деп аталатын Құттыбайдың 9 баласының бірі.Дәуіттен-Күсеп туған екен. Күсептен-Жандай, одан Ермен, Ерменнен-Нұрсұлтан мен Мәстек өмірге келген.Боранның әкесі Мәстеков Нысанбай ұлының ерлікпен қаза тапқанын естіп, «Ұлым , сен текке өлмегенсің, Отан үшін жаныңды қидың. Сол үшін халқың мақтан етеді» деген екен.

Боран ауылына жазған бір хатында: «Сәлем саған, менің сү­йік­ті Отаным, Шығыстың гүлстан елі, бостандық жалауы желбіреген ел деп айқайлап жібергім келеді. Сол сүйіспеншілік балалық шақ­тың бесігінен баста­лып, менің өз үйімді, өз елімді, туған Отанымды сүюіммен ұшта­сып, біте қайнасып жататынын жасыра алмаймын!» деп ақтарыл­ған. Не деген еліне деген сүйіс­пеншілік, патриоттық сезім десеңізші!



Ұлы Отан соғысындағы Одақтағы басқа да ұлттармен бірге, қазақ халқы да батырлық пен шыдамдылықтың, тапқырлық пен еңбекқорлықтың, Отанға деген сүйіспеншіліктің шынайы көрінісін көрсетті, бұл ерлік қазіргі жас ұрпаққа үлгі, өнеге болып қалады.



1986 жылы 26 сәуірде Украинадағы Чернобыль атом электр станциясының 4 блогы жарылып, реактор істен шықты.Апат салдарынан радиоактивті заттар, соның ішінде уран изатопы, плутанин, цезий қоршаған ортаға таралды. Радиоактивті түтін аймақтан асып 10-нан аса мемлекеттің жерін ластады, кем дегенде 5 миллион халық зардап шекті. Оның зардабы қаншалықты ұзаққа баратыны әлі белгісіз.

Чернобыль апатына қатысқан ардагер ағаларымыз бүгін біздің ортамызда. Олар Алхам және Данабай ағаларымыз.

Адамзатқа орны толмас қасірет әкелген Чернобыль оқиғасына биыл 29 жыл толады. Осыдан 6 жыл бұрын Астанада Чернобыль апатын залалсыздандыруға қатысқан ардагерлерге ескерткіш ашылды. 1986 жылы сәуір айындағы Чернобыльдегі апат әлемді дүр сілкіндірді. Бұл оқиға қаншама адамның тәнін ғана емес, жүрегінде де жара қалдырды.

Чернобыль-Украинадағы шағын қалаалардың бірі.Мұндағы атом электр станциясы 1971 жылы салына бастаған. Жоспар бойынша 6 энергия блогының барлығы іске қосылған жағдайда ол Еуропадағы ең алып атом электр станциясына айналуы тиіс еді.Апатты жағдай бәрін бұзды.

1986 жылы 26 сәуір Мәскеу уақыты бойынша түнгі сағат 23 минут 58 секундта әсем де ежелгі Киев қаласынан небәрі 157 шақырым қашықтықтағы Чернобыль атом электр станциясында адам айтқысыз алапат апат болды.



Талайдың тағдырын шайқаған Чернобыль апатын залалсыздандыруға Кеңес Одағы бойынша 276 әскери бөлім қатысқан.Солардың ішінде әскерде жүргендері бар,азаматтық борышын бұрын өтегендерден қайта шақырылғандары бар, жалпы алғанда 30 мыңнан астам Қазақстандықтар бір кісідей жан аямай ат салысты7

1978 жылы Ауғаныстанда сәуір айында төңкеріс болып,оның арты аяқталмас соғысқа айналды.Бұл қайрат елдің өз ішінде ғана емес,оған сырт мемлекеттердің қатысуымен де ұзаққа созылды.Ауғандағы және оның айналасындағы шиеленісті жағдайлардың өршуіне байланысты ауғандық жетекшілер тарапынан Кеңес Одағына өтініштер түсе бастады.

1979 жылы 25 желтоқсанда Мәскеу уақыты бойынша сағат 15.00-дк КСРО қорғаныс Министрі берген бұйрығымен Ауғаныстанға Кеңес әскерін енгізу басталды.Командирлер бұл қысқа мерзімдік акция,тапсырманы орындаймыз да кетеміз деді.Ал бірақ акция тағы үш жылдан астам уақытқа созылатының олар білмеді.Кеңес әскерлерінің Ауғаныстанға енгізілгені Кеңес басшыларының өрескел қателігі болды.

Соғысты кинодан қарағанда қызық, ал өмірде бұл мүлде керісінше. Соғыс жан алып , жан беру. Соғыс халықтын басына келген қасірет жұт. Ауған елінде 1979-1989 жылдары 10 жыл бойы, 110 айға созылған ұрыс қимылдары жүрді. Осы Ауған соғысында Кеңес Одағынан 14553 жауынгер қаза тапты,Қазақстаннан 22269 жауынгер қатысты, 898 жауынгер құрбан болды, 22 жауынгер із-түзсіз жоғалды. Соғыста 417 жауынгер тұтқынға түсті, 119 жауынгер тұтқыннан босатылды. Мемлекеттік кино мен радиодан, Құрылыс Министрлігінен 20 адам, ішкі әскерден 28 адам, Ұлттық қауіпсіздік комитетінен 572 адам қаза тапты. 2238 күнге созылған Ауған соғысында Кеңес Одағынан 150051 адам оққа ұшты, 118 ұшақ , 800 танк , 11369 әскери техника қирады.

Исатай ауданы бойынша Ауған соғысына 11 жауынгер қатысты.Олар Аққыстаулық-Мұратов Есім,Мусин Болатжан,Қазыбаев Теміржан,Рысқалиев Нұрқуат,Әбуов Жомарт,Тұшықұдықтық-Садихов Дабысқали,Абдолов Айболат,Қамысқалалық-Мұхтаров Әлмұрат,Құмаров Қадіржан,Хасанов Арсылан,Жанбайлық-Тастанов Жантемір.

- Өтер жылдар, артып тағы алыстап

Тағдыр талай тауқыметін табыстар.

Өздеріңді жырлап өтер ұрпағың

Ауғандағы азап шеккен арыстар - деп ақын жырлағандай, өмір тоқтамады, ерлік өлмеді, замандарға жалғаса берді. Бұған дәлел бүгінгі ортамызда жүрген ауғандық жауынгерлеріміз, бейбіт өмірдегі жарқын істері, қоғамдық жұмыстарға белсенділіктері, түрлі кәсіпті игерудегі ерен еңбектері.



«Ерлік - жан дүниенің ұлы қасиеті» деген екен бір дана қария. Өмірінің өлшеулі бір бөлігі, жауқазын жастық шағының сүбелі үлесін оқ пен от астында өткізіп, тағдырдың жазуымен елге аман – сау оралып, туған жерімен қауышқан майдангер ағаларымызбен кездесіп, бүгінгідей сұхбат жүргізіп, естеліктерін тыңдау – біз үшін бір ғанибет. Құрметті ағалар, сол бір сұрапыл соғыстың естеліктерін ортаға салып үзінді айтып берсеңіздер.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет