Исатай Кенжалиев



бет10/13
Дата05.11.2016
өлшемі2,59 Mb.
#571
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Жәңгір тағдыры. 1837-1838ж.ж. қанды кешуден хан тиісті қорытынды шығара қоймады. Өзінің баю саясатын жалғастыра берді. 1838 ж. елден жылу жинап, патшаға сиын даярлап астанаға барып келді. Алым-салық сонымен көлемін азайтпады. Әлеуметтік күйзеліс жалғаса берді. Хан сауда саттығын, алып-сатар - өсімқорлық (роставщичество) несиеге (сауда) беру, сатылған малдан, саудагерден кеден, баж салығын т.б. ала береді. В.А.Перовский 1837ж. 26 қарашада Ханға жазған хатында: “…что не только приверженцы Исатая, но и большая часть прочих киргизов доведены до крайности самоуправством султанов биев и старшин упротебляемых Вами по управлению ордою: не говоря здесь других предметах, которые будут исследованы своевременно упомянутая только о несоразмерных поборах производимых с киргизов под разными предлогами. Эту статью желаю я привести в ясность немедленно”, - деген (16:312). Бұл цитатта көп жәйді анықтап отыр. Бірақ хан бұғанда, бұдан кейін губернатордың ханнан алым-салық мөлшерін сұраған хатына жауапты іздеп, таппадық. Хан алым-салықты өсіре берген Ж.Қасымбаев зекет салығы әуелде малдай жиналса енді ақшалай алғанын, әуелге 250-300 мың сом орнына 1844 ж. 930185 сомға жеткенін жазады. (17:61) Соғым т.б. алым-салық көлемі де осылай көбейген. Бұл бөкейлікте шаруалардың наразылығын қайта туғызады. Орынборға шағым, арыздар жөнелтілер. Солардың бірі - Аббас (Ғаббас) Қошаев ноғай-қазақ руының азаматы губернаторға 1842ж. шағымында алым-салықтың 20 түрін жазған. (18:19) Бұлардан басқа 5 пұт жабағы, тері, киіз, жүн, жанға сыйға деп әр ауыл биінен 1 жылқы, 1839ж. т.б. жылдары патшаға барамын деп жылу жинау. 1839ж. Перовскийдің Қаразымға әскери жорығына 1000 бас түйе, ордаға келген қонақ дастарқанына деп мал, құшыр т.б. алымдар жиған. Алым-салық саясаты күрделі, үлкен мәселе. Бұл әлі де зерттеуді қажет етеді. Архив құжаттары шашыраңқы қарама-қайшы болғанмен көп жәйді ашуы мүмкін.

Хан қалтасына мол пайда түсіретін басты бұлақ – жерді қайта бөлуді жалғастырады. Ол енді біреудің жерін тілімдеп, сажынмен өлшетіп, жіппен санап сатқан. Әр сажыны 1 сомнан (19:18). Ханнан сұлтандар, билерді жәбірлігінен қалыспады. Жәңгірдің інісі Меңдігерей 1840ж. Масқар, Тана рулары ауылдарының шекарасын көрсеткені үшін 2 түйе, 1 ат, 3 шапан, 100 сом ақша алған. (20:658) Ханның балдызы Әміржан Құсайынов осы жылы Ноғай – қазақ жұртының 4 руынан ханға деп жиған салығының жартысын және 700 сом ақша алған (21:20). Бұндай фактілер баршылық. Салықты көп жинау ханның негізгі жұмысы болған. Тіпті 1836ж. ел екі тарап болып, наразылық шиеленісте зекет деп 18000 қой, 800 өгіз, 1000 жылқы, 700 түйе жиған. (22:669). Біреулер ханның елге еңбегі бар дейді. Онда оны дәлелдеу керек. Академик С.Зиманов “хан реформировал старую систему налогов, вкладывал часть общественных средств на сооружение плотин, артезианских колодцев, сохранение древесных насаждении и разведение лесных участков, …строительстве общественных зданий”, - депті. (23:112) Еш бір дерек атамайды, сілтемеде жоқ, өйткені бәрі бос сөз. Біз де дерек таппадық. А.Евринов “Нарыне был лес, к 1850г. остались пни”, - деп жазғаны белгілі. Ешқандай қоғамдық құрылыста жасалмаған, ал бөгет өз жерінде өз қажетіне ескі арнаны оңдаған. Сәкеңнің “хан проводил продуманную социальную политику, соориентируясь на ослабление родовой знати”, - дегені де құр сөз. Ру шонжары (занть) дегеніміз кім? Олар сұлтандар. Бөкей кезінде Нұралы ханның ұлы, Есімінің 3 ұлы, т.б. рубасы болған, ол Жәңгір кезінде солар және Бөкейдің 3 ұлы, Шығайдың 3 ұлы, т.б. сұлтандар ру басқарғанын айттық. Жаңсақ мәліметті популистер тексермей жазып, оқырманды шатастырып, ел ішінде жік, айтыс туғызуда. Жәңгірдің шаруашылық мәселесімен шұғылданғаны жөнінде еш құжат көрінбеді. Қоғам өз әлінше тіршілік жасап, өсіп, сақтанды. Хан халқына отырықшылық, егін салу, шөп шабу қоныстану үйретті деудің, дәлелі жоқ. Әр өз бетімен шаруа жүргізді, қоныс тепті. Жасқұс тұрағына 1827 жылдан саудагерлер жиналып, дүкен ашты, базар құрды, ол жәрмеңкеге айналды. Тұрғындар 1841ж. 41 қожалық, 1846ж. – 89 болды. Дүйсе, Теректі, Жанбай, Жақсыбай, Сарыбасты, Толыбай т.б. мекендер барын айттық. 1851ж. Жасқұста 100 дүкен болған, 346 қазақ, 193 татар, 120 орыс, 13 башқұрт, 25 армиян тұрған (24:45).

Бөкейліктің негізгі шаруашылығы мал өсіру бірде көшіп, бірде өсіп, 1814 жылғы деңгейге жетпеген. Оны төмендегі таблицадан да көресіз. (25:32)

(1945ж.)



Ру атаулары

Шаңырақ саны

Түйе

Жылқы

Мүйізді қара

Қой – ешкі

Байұлы тайпасы:
















Адай

1503

4989

842

11057

98496

Алаша

2640

4989

23585

16204

96136

Байбақты

3205

3643

34071

18545

135214

Беріш

5084

16105

40211

37564

326259

Жаппас

904

2334

6990

6544

39965

Есентемір

466

1141

1474

2483

26943

Қызылқұрт

825

1842

4195

6439

34263

Масқар

361

681

2668

2398

11030

Ысық

669

1234

2991

3682

17284

Таз

121

291

319

465

3145

Тана

1281

3544

14701

9465

71508

Шеркеш

2759

5982

14964

14367

93608

Жетіру: Кете

411

687

2016

2655

13578

Жетіру

1235

2103

11229

9946

57331

Ноғай-қазақ

1093

4953

6850

8579

113022

Сұлтандар

172

926

5154

1694

21397

Хожалар

179

956

2662

1354

1209

Төлеңгіт

665

1638

6909

4440

27844

Жәңгірхан




177

29980

122

4573

Барлығы:

23598

58903

229173

158792

1,217647 /1.664515 бас

Шаңырақ саны өскенмен мал басының өсуі болмады. 1814ж. 2 млн. бас болса 1839ж. 1,6 млн бас себебі – жер тапшылығы, жайылыс, суат жетіспеді.



Жәңгір сауда ісіне мән беріп, оның бар мүмкіндігін өзінің қара басы баюы үшін пайдаланғаны Қасымбаев Ж. кітабында оңды жазылған. Жәңгір, - дейді автор, - ақша табуды тез үйренді, кейде көлеңкелі операцияларға қатысты, - деген. (26:95) Автор ханның сауда, ақша операцияларындағы неше түрлі құйтырқы қылықтарын айта келіп, хан әрі ақшалай алым жасап, сонымен “өз халқын өзі тонады” (“обирал собственный народ”) деген. (27:93) Бұның аржағында хан қызметіне қандай баға беруге болады. Бөкейлікте сауда көлемі Ресей қажетіне байланысты өсе берді. А.Д.Кузнецов Бөкей, Шығай кезінде Бөкей ордасы тұрғындарының Ресеймен сауда жасауының 11 алаң орындарын атағанын біз жоғарыда атағанбыз. Бұған қоса Орынбор шекара комиссиясы купецтердің тілегімен сауданың үлкен орталығын ашу мақсатында Жасқұста жәрмеңке ашуды қажет деп, содан “ханско-ставочная ярмарка” пайда болған. Империя бұны ұйымдастыруға 60 мыңдай ақша бөліп, сауда нүктелерін салып, базарбашы тағайындап, шетел саудагерлеріне жол ашып салығын аз мөлшерде белгілеткен Жасқұсқа Бұқар, Қаразым, Иран саудагерлері келетін болған. Қазақ үйлерінде түрікпен, парсы кілемдері Бұқар шапандары, маталар пайда болды. Ресей губернаторларынан өнеркәсіп товарлары Орал казактары бакалея т.б. товар әкелген. Көмір, темір, керосин, қара май, ағаш, темір өңдеу құралдары т.б. сатылады. Қазақтар базарға мал, мал өнімдерін қатар ағаштан жасалған тұрмыс жабдығын арба бөлшектерін (дөңгелек, оның күпшегі, кегейі, тоғыны, белағашы, тәрте, тәжібау, доға т.б.) жегу әбзелдерін ертұман, қайыстан істелетін бұйымдар, зергерлік бұйымдары, киіз, етік, ши, алаша т.б. әкелетін болған. Әрине, негізгі сататыны мол. 1845ж. көктемгі, күзгі жәрмеңкеде 1,384.608 сомның товары әкелінген, 1269.534 сом товары сатылған. Басқа деректе 1846ж. 522203 сом сатылған тауары (28:25). Жалпы, бөкейлікте тауар айналымы өсе берген, ол Ресейдің ең жақын рыногіне айналған. Бұл жәрмеңкеде ұсақ малдың өзінен 52 мың бас сатылған. Ол сауда байлардың табыс көзінің бірі, қолөнершінің күнелтіс көзі, кедейлерді қанау тәсілі болған. Бірақ сатылатын мал саны да жылдан жылға азая берді. Жарамды жерді феодалдарға беру нәтиже әкеле қоймады, егіншілікпен олар шұғылданбады, малға шөп, қора, шеген аула дайындау аз болады. Содан 1842-1843 ж.ж. қыста мал шығыны көп болған. Егіншілік біртіндеп өсе берді, онымен орта, не кедей шаруа айналысады.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндейтін кәсіпорын ашылмады. Жұмыс орнын таппай шаруалар Ресейге жалшылыққа кетіп, арзан жұмыс қолына айналады. Елде бар тұз өндірісі орыс купецтерінің қолында онда Басқұншақ, Елтонда 500-600 жұмысшы болды. Балық аулау кәсібі де орыс байларының иелігінде дедік, олар 1844ж. 1635жүк балық әкеткен. Бұларда 2072 адам жұмыс істеген, бірақ жұмысшы саны кеміп отырған. 1849ж. 15422 пұд балық ауласа, 1850ж. 11051 пұд балықты 972 адам аулап, оны 1019 жүк арбамен әкеткен (28:56). Осылай жыл сайын балық, тұз аң терісін таси берген. Осылай екі бірдей қанау, екі бірдей тонау жалғаса береді. Патша үкіметі бұның бәрін шаруалардың шағымдарынан, өз қызметкерлері баяндауынан біле отырып еш шара қолданбаған. Ал, Жәңгір шағымдармен толқулар менің тағыма таласқан қарсыластарының арам ойларынан деп түсіндірген. 1844-1845ж.ж. тағыда шағым түседі, оған белгілі батыр, 1829ж. толқудың бір басшысы Қаратоғай Мәмбет ұлы да қол қойған. 1842ж. шағымдаған Ғ.Қошаев, Е.Манатаевты тергеп, бірталай әуреге салып, ақыры жер аударды. Мына шағымданушыларға да қатер төнеді. Бұл бөкейліктегі жағдайдың тағы шиеленіскенін көрсетеді. Шағымданушылар алым-салықтың көптігін, жайылыс жетпейтіндігін, хан, сұлтандардың озбырлығын т.б. жазып, әр рудан жиналатын зекет, соғым салығының мөлшерін көрсетеді. Мысалы, Беріш руы 65350 сом, Алаша руы 47300 сом, Ноғай – 34000 сом Зекет салығын төлесе, 14 рудың 198 старшиналары, 327650 сом төлеген (30:49). Соғымның бір жиналуы 713 бас мал немесе ақшалай 500 мың сомнан асады. Шаруалар тағы да басқа да алым-салықты тізе берген. Хан бұған зекет құдай жолындағы әркімнің өз еркімен беретін алым, ал соғым хан дастарханына ежелден өз еркімен әкелетін сыиы деп бұрынғыдай маймөңкелете жауап беріп, көлемін жазбайды. Хан елдегі жағдайды түсінбесе керек. Тарғын өзені жағалауындағы сарайында шөп науқанының басында жас тоқалы Салиха Бабажановамен болды дейді авторлар. Кеңсе бастығы Матвеев хан 6000 сомға кісі жалдап тоған салдырды, - дейді. Ол 6000 шөмелей пішен берді деп жазыпты. Бұл пікірді жергілікті қарттардан сұрап едім, ол хате, тоған ежелден бар, хан соны қайта қапеліне келтірген, - дейді. Мүмкін, Тоған 6000 сомға салынбас, Матвеевтің (кеңсе бастығы) жалақысы 7000 сом. Бұндай сомаға сонша жұмыс істелмейді ғой. Қалайда хан жеке шаруасына ұңғыт. Сөйтіп байлықтың артынан қуып жүрген де Жәңгір 1845ж. 11 тамызда дүние салады. Неден өлгені әлі жұмбақ. Қасымбаев Ж. Сарытау дәрі И.Троицкийдің актісін жазады. Бұл белгілі құжат Қасымбаев айтқандай сол уақытта хан өлімі әртүрлі әңгіме болған. Қазақ ішінде тараған аңыздықтар айтып отыратын. Соның бірі – 1845ж. ханға қарсы наразылық өрістеп тағыда, 4-ші көтеріліс шығатын қауіпін ақсақалдар біліп қойып: - Үш рет көтеріліс болды, ел одан әрі күйзелді, болар. Патшаға әлдерің жетпес, зорлық кімнен шығады, содан құтылудың шусыз тәсілін табыңдар, - депті –мыс. Ол сол кездегі белгілі тәсіл – улау екен. Содан ханнан оп-оңай құтылулы. Кім білген, аңыз ғой. Патшаның күшімен ұстап отырған басқару жүйесі одан әрі қожырайды. “Бөкейлікті басқаратын уақытша Совет” деген құралады (Б.Б.Ұ.С.) Әділгерей Бөкеев басқара алмайды, сұлтандар, билер арасында тартыс басталады. Бұны пайдаланып, патша әкімшілігі ББУС-ті 5 мүшеден, төрағасы, 2 советнигі орыстан 2-і қазақтан құрады, кейде ол өзгереді де. Жер мәселесі тағы көрінеді. Орынбор ББУС-не Жәңгірдің 1825-1845ж. қызметін тексертіп, жер реформасын хан бұрмалап өз басымен, сұлтан-билердің пайдасына жүргізгенін анықтайды. 1848 жылдан бастап Жәңгір жер иеленуге берген 1517 куәлік – актілерді жиып алады. Бұл бәрі емес, жер дауы 19 сыр аяғына дейін барған, біріндеп куәліктерді жинай берген. Енді жерді қайта, әділ бәріне бөлуді бастайды. Жәңгір тағына мұрагер болған Сақыпкерейде белгісіз жәйдә өледі. Елді хан билеу жүйесі әлдеқашан тозған қоғамның даму процесіне кесел болып келген. Бұны патша үкіметі түсініп, бірақ өз мүддесіне пайдаланып келген. Отарлау, орыстандыру саясатын жалғастыру хан басқару жүйесін қайталамай, Ресейлік территориялық - әкімшілік басқару жүйесін ендіруге жол ашады. Оның үстіне 1852ж. Жәңгірдің кім екенін В.А.Перовский мемлекеттік мүлік министріне әшкерлеп жазып, тәжірибелі үкімет чиновниктерін хан алдап келгенін көрсетеді. Орынбор губернаторы комиссия шығарып Жәңгір дүние мүлкін, малын тағы тізбелетіп еді әр қаладағыны қоспағанда қалғаны 1 млн. сомнан асыпты. Бұл тым көп, бұны білмей келген.

Хан лауазымы жойылды деген арнайы ресми мәлімет кездеспеді. Бұл да отаршының елді бөрліктірмеу үшін істелген құйтырқы саясаты. Бірқатар автор Орда да жерді жеке меншікке иелену 16 жылдан соң жойылды деген, бұл да біздіңше жаңсақ ой. Патша үкіметі жерге жеке меншік иелігін өзі бастап, Жәңгірге жүктеген. Енді оның бұрмалауын жойып, жерді қауымдық иеленуді кейде сақтай отырып, жеке меншікке беруді жалғастырды. Сөйтіп, елде өзіне әлеуметтік тірек құрады. Ел іші тыныштала келді. Бұл да 1836-37ж.ж. көтеріліс нәтижесі.

Бірақ азаттық үшін күрес жалғаса берді. Кіші жүзде бұл күресті Есет Көтібар ұлы 1847ж. жылдан белсенді жүргізіп, 10 жылдан астам арпалысты. Жоламан шығысқа бөлініп кетіп, елге оралмады. Бірлесе отырып, күш қоспағасын нәтижесі де болмады. Әйтсе де аталарымыз әлсіз, бытыраңқы күші басым жаумен аянбай алысты. Олардың ерлігі бізге өнеге.

Хан соңыма түсті деп,



Патша әмірі күшті деп

Еш уақытта налықпан”

Мақамбет
Мақамбет – күрескер
1838ж. 12 шілдеде көтеріліс басшысы қаза болғасын, ол сәтсіздік қалғандарға үлкен әсер етеді. Жазалаушы отрядтар жан-жақтан “Көкпекті” даласына қарай бет алғаны естіліп шаруалар арасында жанұясы, малы туралы қауіп ұлғайып, тарай береді. Ауылдар бытырап көшеді. Мақамбеттің бұл кезде қайда болғаны, не істегені бимәлім. Күзде Қаразымның Хиуа қаласында болып Қаразым шаһы Аллақұл мен кездеседі. 1839ж. қаңтарында сұлтан Аспандияр Сүйеугалинге қарауындағы би-старшынның біреуі опасыздық жасап Мақамбеттің Балбай, Нәдірқұл, Сали, Жармұқамбет Жамантай деген батырларға жазған хатын тапсырады. Ол хатта батыр әлі күресті жалғастырып жүргені көрінеді. 1839ж. басында көтерілісішлер әр жерде топ болып жүрген. Мақамбетті ұстау үшін Төменгі Жайық дистанциясының бастығы Әбіл Табылдин деген сұлтанды Жем, Сағыз өзендері жағына жібереді. Сол жердегі Мыңжасаров (Ноғай) бастаған көтерілісшілер 150 адам сұлтанды ұстап алады. Тек ауыл кісілерінің ара түсуінен сұлтан өлмей қалады. Бұндай қарсылықтар әр жерде болған. ( :258) 1839ж. қыркүйекте Мақамбет Шошқа көл, Ақбұлақта жүр деген мәлімет әскери линияға түседі. Ақбұлақ бекінісінің командирі баяғы Геке бұны естіп, командамен барса, Мақамбет кеше кетіп қалыпты. Іздеген мен табылмады. Қашып жүрсе де батыр шаруаларға дем беріп, рухын көтеріп, өлеңін айтып, күйін тартып жүрген.

Аллакүлден жорыққа әскер шығаратыны жазылған. Еске сала кетейік Орынборға келісімен Перовский Қаразым елін басып алуға дайындық бастап, азық-түлік, солдаттарға қазақтан жиылған жабағы жүннен бешпет, т.б. жылы киім, он бір мың түйе айдаушысымен т.б. әзірледі. Бұл сөз жоқ Қаразым мен Ресей арасындағы қарым-қатынасты ушықтырып жібереді. Империядан тепеш көргендер хиуаға қаша берген. Аллақұл отарлаушыға қарсы күш көрсетпек болды ма мүмкін барлау ретінде қимыл жасамақшы болуы. Дегенмен өзі “ұрынуға қара таба алмай жүрген” империяға Қаразым “қолына сылтау” бермеді, жорықтан бас тартты. ( :105) Ресей өзі жорыққа жиналып жатқан. ( :66) 1839ж. күзде Геке Мақамбетті іздеп ұстай алмаған. Қаразымның жалпы жағдайын білу үшін барлаушылар жібермек болды, бірақ оған ешкім бармады. Жол ауыр, әрі қауіпті еді. Орынбор Баймағанбет сұлтан арқылы көтеріліске қатысып, жасырын жүргенді шақырады. Кешірім жасалады, - депті. Иманбай Қалдыбаев, Үбі, Усин, Қасен Өтемісов т.б. Баймағанбеттен тапсырма алып, Хиуа қаласына кетіпті. Мақамбетті де шақырған екен, тіпті бір тойда ма сұлтанмен кездесіпті, бірақ бармапты. Өз бетімен Қиуаға барған. 1839ж. күзде Мақамбет Борсық құмының маңында Бұқар қаласына бара жатқан инеженр-геолог Е.П.Ковалевскийге өзі 2 жолдасымен жолым үйге барады, бірталай әңгімелеседі. Ковалевский әрі тіл маманы, Мақамбеттің орысша ділмар екенін, сол кездегі жағдайды жақсы түсінетінін, Орынбордағы чиновниктердің бірталайын танытатынын кітабында жазыпты. (4:61) Сол күні Мақамбетті жолбасшы етіп экспедицияға қосып алады. Бірақ жолай Мақамбетті алға барлауға жібереді, қайтып келсе экспедция басқа жолмен кетіпті. “Біз – дейді Ковалевский, - Борсық құмындағы бір ауылда болған кезімізде өз халқының ішінде өте тамаша киргизды (қазақты) кездестірдік, ол аз уақыттың ішінде өзінің ақылдылығында, батылдығын, шешендігінде танытты”, - деп жазған ( :81) Мақамбет экспедиция мүшелеріне өз басынан өткен жағдайдың шынын қазіргі мүшкіл хәлін, 4-5 жылдан бері үй-күйсіз, жанұясын жоғалтып алып, ел кезіп жүргенін, ішкі ордаға әзір бара алмайтынын айтады?

Жолы болмаған батыр 1839ж. желтқсан айында жасырынып ішкі тарапқа барады. Ел жағдайын біледі. Бірақ жанашыр азаматтар оған тез кет, біреу ұстап берер, ең болмаса сен тірі жүр, заман өне бойы бұлай болмас – депті –мыс дейді кәриялар. Айтқанындай Жәңгір ханға біреу Мақамбет осында жүр, - деп жеткізіпті. Хан дабыл қағып, Орынборға қабарлап, өзі Балқы Құдайбергенов пен Меңдігерей Бөкеевті т.б. тапсырма береді. Олар Жайыққа жақын ауылдарды барлап, батырды таба алмаған. Жәңгір Орынбор басшыларына елге әскери команда шығарып, батырды тауып ұстауды өтінеді. Губернатор Баймағанбет сұлтанға батырды іздестіруді жүктейді. Бұлар қанша тіміскілегенмен Мақамбет “ізін суытып” таптырмай кетеді. Бұдан кейін Мақамбет 1840ж. жазда Жем өзені жағында “Аққұм” деген қоныста деген мәлімет түседі. Осы жылы желтоқсан айында Мақамбет Ішкі тарапқа тағы келеді. Жолдастарын, туысқандарын, жанұясын іздейді. Ақын “Адыра қалған Нарында” деп аталған өлең шумағында өзінің көңіл күйін былай білдіреді.

“…Алақандай Нарында,

Ата менен ана бар.

Іні менен аға бар.

Қарындас халқым көп қалды-ау,

Қатын менен бала бар,

Жалғыз ұлым Мақмұт

Бекетай құмның ішінде



Жалғыз қалған олда бар”, - деген. Тағы да жанұясын

жолдастарын іздеген. Таба алмаған. Батырдың Нарынға жасырын келіп жүргені тағы хан, сұлтандарға белгілі болады. Сол кезде Шыбынтай ұрпағыда басқа себеппен тағы абақтыға ОКӘ-рі қамап, тергеп жатқан, ал олардың көп малы далада иесіз, бағусыз қалғаны жөнінде мәлімет бар. Батыр туыстарымен байланыса алмаған болар. Жәңгір хан Мақамбетті тірсектеуін қоймай, оны қалайда ұстатпақ болып, 1840ж. 20 желтоқсанда губернаторға арнайы хат жазып, Мақамбет Горская бекінісінен 70 шақырым жердегі “Қаракөл” деген (хате, Қаракөл Калмыков тұсында 50 км шамасы, барып көрдік. И.К.) мекенде деп мәлімдеген. Ол кезде бұл көл ұзындығы 7-8 км-дей, көбіне кедейлер (беріштер) тұрады, жылқы аз екен. Ішкі тараптан көп адам болған. Хан Мақамбетті кедейлер үшін Нарыннан жылқы ұрлайды деп, қашқындарды да осы көлдегілер паналатып, жасырады деп жазған. (6:1). Батыр Ішкі тарапқа келіп, Тана руының бір биі Жақып Құлсариннің 8 жылқысн және біреудің 25 жылқысын ұрлады – деп тағы жала жабады. Губернатор амалы жоқ шара қолдануға тиіс, әйтпесе хан патшаға шағым етуі мүмкін. Ол ОКӘ-ң атаманына, ОШК-на, Баймағанбетке, дистанция бастықтарына батырды іздеп ұстау жөнінде бұйрық береді. Әсіресе сұлтандар белсенді кіріседі. Сұлтандар А.Сүйеугалин, М.Тәукин, ОразақовТ. Жайық өзені бойын шарлап, тіміскілеп іздейді. Сұлтандар тыным таппайды. Сұлтан А.Сүйеуғалин Қаракөлде де болып, астыртын іздеу салады. Бірақ Мақамбеттіде, бейсауат кісіні де таба алмаған. Хан өтірік жазған болды. Мақамбет жылқы ұрлады дегені ханның кәдуілгі жалақорлығы, кешікпей нағыз ұрыны тауыпты. (7:10) Төменгі Жайық дистанциясының мәлімдеуінше Мақамбет осы жолы Нарын жағында бір ай болыпты да, кері оралыпты. Сонда да жергілікті патша әкімшілігі ел ішіне тыңшыларды көбейтеді де батырды тынбастан іздеген. Ақыры Жайықтағы 1-дистанцияның бастығы М.Өзбекқалиев сұлтан 1841ж. наурзыда Гурьев қамалының командиріне Мақамбеттің Сары, Тәни, Иман деген жолдастарымен “Дуан” деген қоныста жатыр деп хабарлайды. Гурьевтен 6 наурызда 1 офицер бастаған 40 солдат, сұлтан М.Өзбекқалиев 9 адамымен шығып Жем өзеніне қарай жүріп, Дуанға барса, Мақамбет болмайды, көрші ауылдадепті. Келесі ауылға барып, Даду, Тілекеш үйлерінен батырды табады. Мақамбет тек өзі екен. Үйге Ведерников, Хохлов деген казактар мылтығын кезеніп кіреді, бірақ Мақамбет қаруы жоқ болса да берілмей, беліндегі қынымен қорғанады, Хохловты жарақаттайды. Алайда сырттағы казактар келіп, батырды ұстайды. Онымен бірге Даду, Тәкіш Тілекейұлдарын қосып байлап әкетеді. Содан батырды Гурьевке апарып қамап, сосын Теке қалысының түрмесіне қамаған. Сонда абақты полицмейстірі батырдың бойын өлшеп, сақал, мұрты барын хаттаған. Жаңылмаса, жасы 37-де, мұрты, шашы сақалы, қара, қой көзді, бойы 2 аршын, 5 4/3 вершок, беті таза, қараторы – деген. (8:19). Сол күні батырды жөнелткен. Орынборда оны әкесі жатқан Ордонанс-Гаузге қамаған. Губернатор ісін әскери сотқа жолдаған. Тексеру барысында өзіне тағылған айыпты жоққа шығарады, хан Ресей заңын бұзып келгенін т.б. айтады. Бұған қоса өзі Ресей азаматтарымен дұрыс қатынаста болғанын, тіпті орыс офицерлерімен қызметкерлеріне реті келгенде барынша көмектескенін бетке ұстайды. Қайта, 1838ж. Мақамбет ОШК қызметкері М.Айтовты қырда ұстап, қинағанда ара түсіп қамаудан босатқанын, Д.Көтібаров тұтқынындағы хорунжий Шустиков бастаған 5 солдатты босатқанын, Бұқар хандығына бара жатқан инженер-геолог, майор Е.Ковалевскийдің жолдастарын, өзін қарақшылар шапқынынан құтылуына көмектескенін т.б. фактыларды көлденең тартады. Мақамбет сөз таппасын ба? Тергеуші Мақамбеттің шешендігіне, тапқырлығына, жасқанбай батыл сөйлескеніне таң қалып, әдеттегі қатыгез шешімге бара алмаған. Бұл жәй губернаторғада жетіп, қалың ойға қалыпта-мыс. ОШК-ң қызметкері М.Аитов жауабында Мақамбеттің айтқанының көбін растап, оған қоса 1839ж. Айтов қырда жүргенде аса бір қиын жағдайда батырдың оған көмектескенін қоса айтады. (9:10) Батырдың өзі 1839ж. қуғанда жасырынып жүріп басқаға жаны ашып, қол үшін беруде оның адамгершілігінің жоғары, түсінігі мол екенін көрсетсе керек. Айтовта соған тұрарлық кісі, тарихи документтерде оның қазаққа жаны ашитыны байқалады. Сол жолы башқұрт Айтовпен батыр бірталай сөйлесті деген аңыз бар. Губернатор ойы белгісіз бірақ тәжірибелі сановник Мақамбеттің қазақ ішінен шыққан 4 тілге де батыл қимылғада шебер әрі аса беделді кісі екеніне көзі жетіп, “бір керегіме жарар” – деп қатал жаза қолданбайды. 1841ж. 24-маусымда Перовский Мақамбетті “ит жеккенге”, не каторгаға жібермей, Кіші жүздің төріне, оның Орта бөлімінің сұлтан-билеушісі Жантөриннің қарамағында тұруға жер аударады. (10:11) Сөйтіп, батыр қазіргі Ақтөбе облысының оңтүстігіндегі Атай, Матай деген екі құмға барады. Қалаға келуге тиым салады. Нұралы хан тұқымы батырға қамқорлық жасай қоймаған, иесіз маң далаға апарып тастаған. Астына біреу кәрі ат берген. Батырдың “Құсалық пен өтті ғой, Мақамбеттің көп күні” дегені осы жерде жалғасады. Бұнда шығармашылық қабілеті де көрінеді. Ақын: Атайда, Матай екі құм

Шауып келсем басыңа,

Көзім түсер елім жоқ.

Елім, Күнім кәрібоз

Сөйлесетін маған тілің жоқ.

Қатқылда жатқан ақ киік,

Атып алып етін жеп,

Ішіп қандым сорпасын.

Күндердің күні болғанда,

Басымда тарлық тұрғанда,

Сары балдан тіпті кемін, - депті.

1841-1843 ж.ж. шамасы Мақамбет осы өңірде жалғыз жүреді. Бұны естіген Жұмыр, Қылыш деген Байбақты руының ауыл билері батырды іздеп келеді. Мақамбет бұлармен 1838ж. көтеріліс кезінде бірге болған, әлі сол рухынан қайтпаған екен. Ер жігіт діңіне берік болсын”, - деп Мақамбет қайтпас, қайсар жігіттерге риза болып, айтса керек. Мақамбет бұларға арнап, жұмыр, қылыш деген тамаша күйін шығарады, Атайда, Матай екі құм” деп басталатын толғауын айтады. Бұл азаматтар ақын, күйші шығармаларын елге жайып, Мақамбеттің өрен даңқы талай қырды асып, Кіші жүзге тарайды.

Мақамбет осы кезде: “…Ен қабылан жөнелтіп,

Елсізде қаңғып қалған шақ,

Кім айтады бізді мұңсыз”, - деп бұрынғы жолдастарын жоқтайды. Осы кезде “Уа, күндер-ай” деп басталатын толғауыда айтылған. Бұнда да Баймағанбет сұлтанға айтқанында көтеріліс туралы кей тарихи оқиғаларды әдемі суреттейді. Өз басының мұңын әлеуметтік жағдайды әшкерлеп, бұқара үшін істеген еңбегінің бос кеткеніне қайғырады. Заманның тым ауыр екенін айта келіп, қайғырса да, мүлде еңсесі түспейді, қайсарлығы өжеттігі ұстап, қара қазақ баласын еш уақытта налытпан”, - деп өз қарабасын емес, қазақтың мүддесін ойлайды. Мақамбеттің ұлылығы осында. Ол халық ойлаған, сол үшін күрескен батыр, ақын, күйші, әнші шығармаларының өзі –күрес. Мақамбетке ілесіп, ел мүддесі үшін зұлымдыққа қарсы күрескен ағасы Бекмағанбет көтерілістен кейін бас сауғалап қалып хан тіміскілеп 1840ж. қамауға алынып, 2 жыл Теке қаласында жатып шықты. Інілері Қожақмет, Есмайыл, Сүлеймен ұсталып, жер аударылған. Есмайыл өзінің адасы Қалдыбай ұлымен, Исәлі Шоңайұлы 1838ж. 4 кісі болып Сарытау арқылы каторгаға айдалып бара жатқанда үшеуі конвойға шабуыл жасап, олардың аттарын тартып алып, елге келеді. Исәлі 1840ж. жасырынып жүрген жерінен, “патшаның сұрқыл” иттері ұстап, тапсырады. Ол өз жауабында үшеуміз бірге қашып шықтық, өзім Жайықтан жүзіп өттім. Сосын үшеуіміз бөлініп кеттік, - деген. Есмайыл Өтемісұлы Калмыковтың қасындағы, “Шағыр шағылдағы” Шыбынтай атасының ауылына келіп еді, Саржан Жайықов деген жалшының үйінде жатып, олар Абдуллин деген молданың көмегімен молдаша киіндіріп Жайықтан өтіп кетеді. (11:57) Ал енді Сүлеймен т.б. туралы Орынбор облархивінде мынадай мәліметке кезіктік. Бұл бұрын белгісіз еді. Сімбір губернаторы 17.09.38ж. Орынборға каторгаға Киевке айдалып келе жатқан 20 адамнан 8 адам Аскөл мекенінде түнде қарауылын ұрып, қашып кеткен. (12:33) Бұлар азаматтық үшін күрес құрбандары ғой, есімдерін атайық: Сүлеймен Өтемісұлы 26 жаста, бойы 2 аршын 5,1/2 вершок, қой көзді, шашы, сақалы қоңырқай Айтмухамед Тогаев – Исатайдың немере інісі, 32 жаста, Қали, Сабалақ Қалдыбаевтар, Шудабай Адайбеков, Сағыбай Үргішбаев, Макит Бөлекбаев, 19 жаста, әйгілі батыр Тәни Түменов – қашып құтылған. Макит, Шудабай ұсталған. Төртеуі Ырғыз өзені бойында тұрғындар қудалағасын сасып суға түсіп, батып өлген. Үргішбаевты атқан. (Сонда 27 пар) Осындай қашқынды паналатып, бермей жүрген Сатыбалды Кенжеғаринді інісі Сарыбөпе “орыс үкіметіне қызмет көрсетіп, ұстап бергесін”, - деген. (14:2) Басқа да қашқан көтерілісшілер бар.

Мақамбет Атай, Матайда қасіретте жүргенмен көптің кісісі өлең, жырды, айтып күй тартып, күй шығаруды серік еткен. Елін, жерін, жолдастарын, туыстарын сағынып “Атадан туған көп едім” деген толғауын шығарады. Батыр: “…Таршылық басқан түскен соң,

Қапаланам мен-дағы

Қаумалаған қасымда



Қарындастың қамы үшін,” – деп арманын айтады. Осы жерге байбақты Сасық деген азамат келіп, қуантады. Осы кезде ақын туған жерін сағынып, қайта-қайта “Нарын” дей берген. “Нарында” деген 2 шумақ өлеңі қандай тамаша, оқығанға әсері күшті. Онымен қатар “Қайран Нарын”, “Өкініш” деген күйлерін шығарған. Бұрынғы толғаулары, өлеңдері қалың елге жайылады, шығармаларының әдемілігі, халық мұңын көксейтіні тыңдаушыны теңселітпей қоймайды, қайғыландыра отырып, күш қосып, рух беріп, еңсесін көтереді. Батыр, ақын, күйші есімі байғада, кедейге де жағады. Халық ішінде Мақамбеттің абройы жоғары екендігін Баймағанбет, Ақмет, Арыстан, Жүсіп т.б. сұлтандарда естіп, ккөріп, пайдаланғысы келеді. Кәриялар Баймағанбет сұлтан бірнеше рет батырды өз қарамағына шақыртыпты, - дейді (Ғазиз Үмбетияров т.б.) Батыр арамзаның сөзіне сенбейді де, бармайды. Бірақ Жұмыр, Сасық деген жолдастары келіп, бәленшенің асы болады, соған баралық, бір жерде қамалып отырсың ба? Біз сұлтандардан (Ақмет, Баймағанбет) ұлықсат алдық – деп қоярда – қоймай ілестіріп әкетіпті. Ас беру Қалдығайты. Бүлдірді алқабында болса керек, оған Баймағанбетте келіпті. Мақамбет үш жолдасы Жұмыр, Қылыш, Сасық пен үш батырмен барады. Батырмен сұлтанның кездесуін Аманғали Құттықадамов (Атырау), Ғ.Үмбетияров, Т.Шамшиденов т.б. қызық етіп әңгімесін айтатын еді. Мақамбетті батыр десең батыр ғой, басқалар үргелектеніп, жоламайтын Баймағанбет отырған үйге қайтпас, қайсар ер кіріп барады да, төрге отырады. Бұл ұазақ әңгіме, төрдегі Мақамбетке Баймағанбет сөйле, – депті. Сонда батыр: тілімнің ұшы екі айыр, біреуі ханға тисе екіншісі өзіме тиеді – деген. Қасындағы Сасық, не Қылыш: Тисе, тисін, сөйле Мақамбет! Ішіңнің шері тарқасын, халқың қасыңда, сыртта күтіп тұр, жасқан ба? десе керек. Сонда ерің тілінің тізгінін ағытып: “қайта-қайта шақыртып, менде не атаңның құны бар еді”, - деп бастап, өзінің күрес жолын көтеріліс себебін, барысын, жеңілісін тағыда шұбыртып, өз жәйін айтып, өзекті жанға бір өлім, алдына келіп, тұрмын деп, ар-намысты қашырман, Бай-еке сұлтан сен болсаң, сендей нар-қоспақтың баласын, Қайраңнан алған шабақтай, Қия бір соғып ас етсем, Тамағыма қылқаның кетер едемес ем”, - деген. Абыржыған сұлтан: “Бұны айтпаса Мақамбет батыр бола ма? Бұндай сөзді көтермесем мен “хан” болам ба? – деп өзінде көтеріп қойыпты. Баймағанбеттің бұлай бәлсуінің астары бар. Кәриялар Жәңгір мен Баймағанбет арасында кикілжің айтыс барын әңгімелеп отыратын, бақталастық барын келемеждеп айтатын Баймағанбет патша әкімшілігіне Жәңгірден пайдасы көп болған. Ол Жоламан, Барақ, Жылгелді, Амангелді, Есет Көтібарұлын, Исатайды алдап, қазалаған т.б. еңбектері үшін 13 наргада алған, аса “қадірлі” қызметкер. Оған қарсы талай наразылық, бас көтеру болған, бірақ қәзіргі авторлар ондайды айналып өтеді. Баймағанбеттің бишаралығы мынадан көрінеді. Көрші селодан бір үйді бұзып, аулына жеке мектеп салмақшы болып, өтініп еді. Орынбор ұлықсат бермеді. Ел оны “жалдап” деген, ол мынадан да көрінеді. 1844ж. Кіші жүзге барлау, танысу үшін қазақ ханы Кенесары Қасымұлы жақындайды. Орынбор басшылары бөрлігіп, әскер дайындап, қазақтан жасақ жинап, Бекмағанбет, Арыстан Жантөриндер, т.б. сұлтандар, билерден отряд құрады. Баймағанбет Мақамбетке өз қарамағында тұруға ұлықсат берген. Архивте Сатыбалды Кенжеғарин (Алаша руынан) Мақамбетті өз қамқорлығына алғандығы туралы мәлімет сақталған, сол үшін ол інілері Сарыбөпе, Сатаймен араз болғандығыда айталады. Жазушы Берқайыр Аманшин Мақамбет біреуінің немересі Типанға үйленгенін жазады. Көп уақыт жалғыз қалып, жанұясын таба алмаған батырға “түтін түтетуге” мүмкіндікті Сатыбалды мен оның екі баласы жасаған. Мақамбет 1843-1846ж.ж. қазіргі Қаратөбе, Жымпиты аудандарында тұрған. Баймағанбет осы жәйді пайдаланып, Мақамбетті Кенесарыға қарсы әкетті – дейді кәриялар. Бірде Кенесарины аңдып жүргенде көзге Наурызбай түседі. Баймағанбет Мақамбетке: Әне Наруызбай, ат! – деп бұйырады. Мыс: бес қаруы сай Мақамбет: Мен хан тұқымына қарсы болғанмен тасада тұрып ержүрек Наурызбай сияқты батырды аты, масқара болман” – деп айтады кәриялар. Ал Кенесарыға қарсы барғандар тізімінде Мақамбет есімі жоқ.

1845ж. мамырда Кіші жүздің батыс бөлігінің сұлтан-билеушісі Б.Айшуақов Орынбор шекара комиссиясына (ОШК) Мақамбет Кіші жүздің Орта бөлігінен ауысып, менің қарамағымдағы Алаша руының адамдары: Қаратай, Сатыбалды Кенжеғариндармен Қалдығайты өзенінің өңірінде бірге жүр-деген. Сатыбалды батыл, кәрі кісі, өзі бай болса да қайырымды болған. Ол Мақамбетке өз туысының біреуінің қызын алуына 1843-1844ж.ж. шамасы көмектескен. Бекең (Берқайыр) Типанды Сатиай Кенжеғариннің қызы дейді. Баймағанбеттің ОШК-на 12.05.45ж. жазған рапортында: Мақамбет “Қаратай, Сатыбалды Кенжеғариндермен, Бекқожа және Жирентай Сатыбалдиндермен, Өтәлі және Тоқтәлі Қаратаевтармен бірге көшіп жүреді, бұлардың біріншісі (яғни Қаратай И.К.) оған күйеу”, - деп жазған. Орыстың “зять” деген сөзін күйеу бала, не жездесі деп түсіну қиын.



Бұл өңірде Мақамбет барын елден-ел естіп, жолдастары, туыстары да қатынаса бастаған. Батыр Ішкі тараппенде байланыс жасап тұрған. Жолдастары тағыда іздеу салып әйелі Ұлтуған мен баласы Нұрсұлтанды тауып әкелген. Мақамбет Е.Ковалевскийге 5 жыл алысып, жанұядан айрылдым, үй көрмедім – деген. Кәриялар Мақамбет 2 әйел алған, - дейді. Біреуі Айғанша болар, бірақ дерек жоқ, аңыз. Мақмұт деген ұлы болғанын кәриялар қуаттайды және “аталықтарында” жазулы. Ұлтуғанның кімнің қызы екеніде белгісіз. Сірә бір әйелі жастай өлген болар. Мақмұт қағазда 1834ж., Нұрсұлтан 1835ж. туған. Қисыны келеді. 1836ж. 13-жетоқсанда би Т.Тыныштыков Мақамбет үйін шауып, мал мүлкін алған. Баласы көтеріліс кезінде, одан да кейін нағашыларында болған сияқты. Сосын, Мақамбет 1841ж. ұсталғасын ағасы Бекмағанбет Мақмұтты қолына алған – дейді. Тізімде барын айттық. Өмірде талайы болады, алақандай Нарын Жәңгір кезінде талай сапырылысқа түсті емес пе? Біз осындай күмәнді жәйді анықтау үшін Атыраудың Қызылқоға ауданына бірнеше рет барғанбыз, қолымызда 3 кісіден алған аталық. Жоғарыда аталған Біләл Бақтыгереев – Мақмұт Мақамбетұлы деген. Шыбынтайдың ұрпағы Шыңғыс Көжековте осы пікірді қолдаған. Архив құжатында Бекмағанбетұлы Мақмұд, Мәншә деп 1859ж. жазылған, ол кейінгі тізімде Мақмұт жоқ, Бекмағанбетұлдары Мәншә, Шабақ деп жазылған. Журналист Т.Боранғалиев батырдың биографиясын бірталай қазбалап, бұрмалап, Мақмұт Мақамбеттің баласы емес деген (15:5) Нақты дерек жоқ. Мақамбет секілді ұлы тұлға туралы өсек әңгімеге редакция жол бергеніне таң қаласың. Соңғы жылдар бұл газетке 5 мақала бергенбіз, біреуінде жарияламады, ал Ы.Сариеваның, Т.Боранғалиевтің дәйексіз мақаласына жол ашық, пікір алысуға мүмкіндік бермейді. Біреу білмегенді біреу біледі” дегендей сұраса берсек батырдың ұрпағы табылар еді. Мақамбеттің шөпшегі бар дегенді де естиміз, қолымыз қысқа іздей алмаймыз. Құр долбар дерек болмайды. Архивтің бір ісі бұндайда жеткіліксіз. Тарихшылар күмәнді мәселені анық-танығын дәлелдеу үшін заттай, жазбалы бірнеше құжат талап етеді. Боранғалиев туған – депті ( :5), Мақамбеттің 1845ж. ақпандағы арызында, “он жасар балам” деген ғой, енді оны бұрмалап қажеті не? Ал полковник Бизянов Орал әскерінің командирі емес, кеңсе басқарушысы, ол әрлі-берлі жүруші қазаққа билет береді. Көп автор сол кездің тарихын білмей ботастыра береді. Қазақ өз мекенінен ұзап шығуға, Ресейге баруға, не Жайықтан өтуге қақы жоқ, ақша төлеп ұлықсат – билет алу керек және көрсеткен жолмен баруы тиіс. Бодандықтың бұл көрінісі. Бизянов осындай билет беруші. Мақалада осындай түсінбеушілік көп. Тарихшы қызметінің бір қиындығы осы. 20-30 жыл талай архивтермен кітапханаларды аралап, қарасамда, көп жерде кәрияларды мазаласамда Мақамбеттің толық өмір тарихын қамти алмай жүрмін. Зерттеушінің бейнеті осылай. Әйтсе де бірлесіп халыққа қызмет істеген ұлы тұлғаның өмірі, қызметі туралы дәйекті мәлімет іздейік. Мақамбет Петерборға барды, не Фатима мен жақындасты, хан бекер араздасты дегендей өтірік пен батырды қорламайық.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет