Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2013 жылғы жұмыс қорытындысы



Дата20.06.2018
өлшемі74 Kb.
#43501
Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2013 жылғы жұмыс қорытындысы

Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2013 жылға арналған жұмысы бөлімнің жұмыс жоспарына сәйкес, сонымен қатар, қоғамдық – саяси іс-шаралардың аудандық, жылдық жоспарларына сәйкес жүргізіледі, оның аясында ай сайын аудан аумағында қоғамдық-саяси, мәдени – көпшілік, спорттық іс-шаралар өткізілді.



Мемлекеттік тілді дамыту мен меңгеру

Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бойынша 2011-2013 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын орындау жөніндегі Шығыс Қазақстан облысының 2011-2013 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары Бесқарағай ауданының   әкімдігінің 2011 жылғы 27 қазандағы №431 қаулысымен бекітілді. Мемлекеттік органдардағы, мекемелер мен ұйымдардағы, ауылдық округтері әкімдерінің аппараттарындағы құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің үлес салмағы 2013 жылдың 12 айына: кіріс құжаттарының жалпы саны - 13706, оның ішінде мемлекеттік тілдегісі - 12125 -  88,4 пайыз. Шығыс құжаттарының жалпы саны -14998, оның ішінде мемлекеттік тілдегісі - 14685 - 97,9 пайыз, құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің қолданылу деңгейі – 93, 4 пайызды құрады. Мемлекеттік тіл саясатын насихаттау және түсіндіру, оның жүзеге асырылуын ақпараттық қамтамасыз ету бағытында 2013 жылы аудандық газетте 37 мақала жарыққа шықты.

2013 жылғы  14 қарашада  өткізілген «Туған тілім - сарқылмайтын қазынам» атты облыстық жазба ақындар мүшайрасына Бесқарағай ауданынан Бозтал ауылы Березовка орта мектебінің 9 сынып оқушысы Дастан Кенжебеков қатысты. Өзекті тақырыптағы көкейкесті жырлары үшін Шығыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту  жөніндегі басқармасының  дипломымен  және   ақшалай сыйлығымен марапатталды. 2013 жылғы 11 тамызда Павлодар облысы, Лебяжі ауданы, Аққу ауылында  қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың  туған күніне орай «Абай күні» мерекелік іс-шарасы  өтті. Бесқарағай ауданының атынан  «Абай оқулары» байқауына  «Тілдерді оқыту орталығы» МКҚК оқытушысы Б.С.Тасбулатова барып қайтты. Тілдерді оқыту орталығының  оқытушысы Б.С.Тасбулатова Абайдың «Ескендір» поэмасын оқып, 3-ші дәрежелі дипломмен, сондай-ақ белсене қатысқаны үшін «Алғыс хатпен» марапатталды.



Бесқарағай ауданының тілдерді оқыту орталығына 2012-2013 оқу жылының жартыжылдығында мемлекеттік тілді оқытуға 121 тыңдаушы тартылды.  Ондағы  43 тыңдаушы – мемлекеттік қызметшілер болса, 78 тыңдаушы - мемлекеттік емес қызметші  және басқа да санаттағы қызметкерлер. Ағылшын тілінен бастауыш топта-12 тыңдаушы, жалғастырушы топта - 6 тыңдаушы қамтылды. Сонымен қатар жазғы уақытта «ТІЛАШАР» 2 айлық курстар жүргізіліп, онда 42 тыңдаушы қамтылды. ШҚО лингвистикалық орталығының ұйымдастыруымен 10 күндік «Біз қазақша сөйлейміз»атты акция ұйымдастырылып, акцияға  шекара бөлімінен 33 адам қатысты.  Оқу жылында ауданның 14 орыс және аралас жалпы білім беретін мектептерінде мемлекеттік тілді оқыту бойынша үйірмелер жұмыс жасады. Ондағы ересектердің саны - 138 құрап, (бастауыш-73 тыңдаушы, жалғастырушы-65 тыңдаушы) 12 топ болды. Жалпы 2012-2013 оқу жылында қамтылған тыңдаушылардың саны - 377. Оқытуға жергілікті бюджеттен 7,920 мың теңге қаражат бөлінді.

«Бесқарағай ауданының тілдерді оқыту орталығы» МКҚК осы жылы жаңа мультимедиялық оқу құралдарымен толықтырылды. Әр тыңдаушы өз деңгейлеріне лайықты оқу-әдістемелік құралдарын және  дискілерін қолдана алады. Заман талабына сай тыңдаушыларға  интерактивті тақта арқылы электронды оқулықтарды пайдалану өте ыңғайлы болғандықтан,  оқу жылында орталық жаңа интерактивті тақтаны оқу барысында тиімді пайдалана білді.

Оқу жоспарына сәйкес аралық сынақ алынып, тілді меңгеру деңгейі  70%   болса, ал  27 мамыр мен 31 мамыр аралығында қорытынды сынақ көрсеткіші  76%  құрады. Оған ауданның барлық дербес бөлімдерінен, мекемелер мен ұйымдардан, ауылдық округтерден оқитын қызметкерлер қатысты. Сынақ тапсырмалары ҚАЗТЕСТ жүйесі негізінде құрылды. Сондай –ақ ағылшын тілі бойынша аралық емтиханның нәтижесі – 72%  болып, қорытынды емтиханда – 87% көрсетті.  Тіл саясатын жүзеге асыру мақсатында жалпы білім беретін мектеп базасындағы үйірмелердің жетекшілерімен «Мектеп базасында ҚАЗТЕСТ жүйесін жетілдіру жолдары» тақырыбында семинар-кеңес өткізіліп, мұғалімдер«Қазақ тілі» А1,А2,В1,В2 оқулықтары, «Қазақ тілінің грамматикалық анықтағышы»таныстырылып, оқулықтар таратылды. 2013 жылдың 21-25 қаңтар аралығында мемлекеттік және басқа да санаттағы қызметкерлерден аралық сынақ алынды. ҚАЗТЕСТ жүйесінің тапсырмалары 5 блоктан (Тыңдалым, лексика-грамматикалық тест, оқылым, сөйлесім, диктант) құралған. Сынаққа ауданның мекемелері мен ұйымдарынан, ауылдық округтерден қызметкерлер қатысты. Тыңдаушылар өздерінің белсенділіктерін танытып, сынақты тапсырып шықты. Сынақтың қорытындысы 71%-ды құрап, ШҚО лингвистикалық оқыту орталығына электрондық пошта арқылы жолданды. Ал 27-29 қаңтар күндері ағылшын тілінен сынақ алынып, жалпы нәтижесі 72% болды.

Шығыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау департаментінің бекітуімен аудандық Медицина бірлестігінің қызметкерлерімен ақпан-наурыз айлары аралығында 2 айлық «Тілашар» курсы өткізілді.

Жалпы оқу жылының қорытындысы аудандық Мәдениет үйінде жыл сайынғы сертификат тапсыру рәсімімен аяқталды.

 

2013 жылдың 3 тоқсанының  қорытындылары

«Бесқарағай ауданының тілдерді оқыту орталығы» МКҚК 2013 жылдың 3-тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы ақпаратты жолдайды. Жылдық, айлық жоспарға сәйкес оқыту орталығы өздеріне жүктелген міндеттерді орындауда.


2013 жылғы 22 тамызында аудандық сот қызметкерлерінің арасында «Мемлекеттік тіл – сот ісі саласында» атты интеллектуалдық сайыс өтті. Басты мақсатымыз - мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту және тілдің танымалдығын арттыру болды. Интеллектуалдық сайыс бірнеше кезеңдерден құралып, ойынға қатысушылар әр кезеңдерде өздері үшін жеке сайысқа түсті. Әр кезең «алтын теңгелермен» бағаланды. Ойын қызықты әрі тартымды өтті. Өткізілген сайыс аудандық сайтқа, «Бесқарағай тынысы» газетіне және облыстық «Семей таңы», «Дидар» газет беттеріне шықты.
3 қыркүйек күні Семей қаласында тілдерді оқыту орталығының салтанатты түрде ашылуы өтті. Ашылуға Өскемен қаласының лингвистикалық оқыту орталығының директоры және аудандардағы тілдерді оқыту орталықтарының директорлары қатысты. Бұл жиынға оқыту орталығының директоры Ү.Мирашева да барып, қайтты. Оқыту орталығының салтанатты түрде ашылу рәсімі Семей қаласының тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Б.Қонбаев мен ШҚО лингвистикалық оқыту орталығының директоры Б.Ағажаева ашып, құттықтау тілектерін білдіріп, артынша арнау айтылды. Ашылу рәсімінен кейін «Ересектерге тіл меңгертудің кейбір мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылып, оқытудағы қиыншылықтар мен жетістіктер талқыланды. Сондай-ақ Б.Ағажаева мемлекеттік қызметшілердің ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша тест тапсыру және оқыту орталықтарының аккредитациялану мәселелері туралы айтып өтті. Жалпы дөңгелек үстелге қатысушылар өз ой-пікірлерімен бөлісіп, тілектерін айтты.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі С.Ахметовтің мемлекет қаржысына оқылатын мемлекеттік қызметшілердің тілді меңгеру деңгейін ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы анықтау туралы тапсырмасы берілді. Осы тапсырмасның негізінде ағымдағы жылдың 16 қыркүйегінде сағат 12.30-да Семей қаласының  мемлекеттік медицина Академиясында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК мемлекеттік қызметшілердің қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау мақсатында тестілеуді өткізді. Тестілеуге Семей өңірі бойынша Семей, Курчатов қалалары, Бородулиха, Бесқарағай аудандарының мемлекеттік қызметшілері қатысты. Бесқарағай ауданынан жалпы 83 мемлекеттік қызметшілер қатысты. Сондай-ақ, бұл тестілеуге тілдерді оқыту орталығының директоры У.Мирашева, әдіскері А.Аменова мен оқытушы Б.Тасбулатова да қатысып, қолдау көрсетті. Тестілеуді Астана қаласының «Ұлттық тестілеу орталығының» сарапшылары Мира Ғазизқызы және Нұргүл Батырбекқызы қабылдады. Тест қорытындысы мен қатысушылардың деңгейі анықталып, тілдерді оқыту орталығына жіберілді.
Жаңа оқу жылына оқыту орталығына аудандағы мекемелер мен ұйымдардан, ауылдық округтерден мемлекеттік тілді оқытуға 120 тыңдаушы қамтылды.  Ал ағылшын тілі қараша айынан бастап жүргізілетін болады. 2013-2014 оқу жылында тіл үйренушілерге Астана қаласының Тіл комитеті құрастырған жаңа типтік бағдарламасы мен ШҚО лингвистикалық орталығының, «Сарыарқа», «Тілдік портфель» оқулықтары бойынша оқытылады. Аталған типтік бағдарлама –тыңдаушыларды ҚАЗТЕСТ жүйесіне оқытуға бағытталды.
Ал 1 қазан күні Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының ұйымдастыруымен «Тіл оқыту орталықтарын аккредиттеу мәселелері» атты тақырыпта облыстық кеңес өтті. Кеңеске облыс бойынша 9 тілдерді оқыту орталықтарының директорлары шақырылып, оған Бесқарағай ауданының тілдерді оқыту орталығының директоры Ү.Мирашева қатысты. Сондай-ақ кеңес онлайн режимінде бейнеконференция түрінде өткізіліп, барлық оқыту орталықтарының оқытушыларымен байланыс орнатылды. Кеңесте тіл оқыту орталықтарын аккредитациялау мәселесі, істер номенклатурасы және де әдіскерлік материалдардың толықтай қамтамасыз етілуі туралы айтылды. Оқыту орталықтарының директорлары қозғалған мәселелер бойынша өз ой-пікірлерін айтып, жаңа оқу жылына міндеттерді анықтады.

 

Тілдерді оқыту орталығының директоры Ү.Мирашева



 
Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет