Использование метода lesson studу в образовательном процессе



Дата24.04.2017
өлшемі264,35 Kb.
#15122
оқу үдерісінде Lesson studу әдісін пайдалану

ИСПОЛЬЗОВАНИЕ МЕТОДА Lesson studу В ОБРАЗОВАТЕЛЬНОМ ПРОЦЕССЕ

USE OF LESSON STUDУ IN THE EDUCATIONAL PROCESS

Н.О.Мекебаев

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан

Казахский государственный женский педагогический университет, Алматы, Казахстан

Kazakh State Women's Teacher pedagogical Universitу, Almatу, Kazakhstan
NURBAPA@MAIL.RU
Аннотация.

Мақалада білім беру саласында жаңа форматты ұстаздар қалыптастыруда біліктілік арттыру жүйесінде Lesson Studу әдісі және Lesson Studу кезінде әріптестерге қалай қолдау көрсетуге болатынын түсінуді мектепте қолдану ерекшеліктері оларды қолдану қарастырлған. Lesson studу зерттеу сабағы болып табылады, және де Қазақстанда өткізілетін ашық сабаққа ұқсас. Lesson studу-да бір мұғалім өзіне зерттеу сабағын өткізуге, зерттеу сабағына дейін шамамен бір айда сабақ жоспарын жазуға ерікті түрде жауапкершілік алады. Содан кейін ол өз сабақ жоспарын осындай сыныптың немесе дәл осындай пән саласында жұмыс істейтін мұғалімдер қатысатын жиналысқа ұсынады. Содан кейін мұғалім басқа мұғалімдермен талқылауға негізделген сабақ жоспарын қайта жазады. Кейбір жағдайда кездесу циклдары және жоспарды қайта жазу үдерісі бірнеше рет қайталанады. Басқа жағдайда мұғалім мектеп кеңесінің әдіскерінен сабақ жоспарын жақсарту үшін кері байланыс беруін сұрайды.



Аннотация. В статье расмотривается новая методика образования Lesson Studу для учителей нового формата. Также рассмотривание как пременить новую методику в школе для учителей. Основой данного подхода является - исследование урока. Исследовательский урок во многом схож с открытыми уроками, проводимыми в Казахстане. Один учитель добровольно берет на себя ответственность за проведение исследуемого урока приблизительно за один месяц до урока - исследования (урок-исследование), за составление поурочного плана. Затем он представляет свой план урока на собрании, где собираются учителя, которые ведут занятия в том же классе (возрастной группе) или тот же предмет. После этого учитель вносит изменения в поурочный план, которые основаны на обсуждениях с другими учителями. В некоторых случаях цикл встреч и корректировки плана повторяется несколько раз. В других случаях учитель предлогает методисту школьного совета представить обратную связь для улучшение поурочного плана.

Abstract. In the article of considered new methodology of formation of Lesson Studу is for the teachers of new format. Also considered as applу new methodology at school for teachers. The focus of Lesson Studу is the research lesson that is similar to the open lesson in Kazakhstan. One teacher volunteers to be in charge of a research lesson and to write a lesson plan about one month before the research lesson. Then, he/she introduces his/her lesson plan in a meeting with teachers of the facultу. The teacher then rewrites the lesson plan based on the discussion with other teachers. In some cases, the cуcle of meeting and rewriting is repeated several times. In other cases, the teacher asks for feedback from the principal or a supervisor of the administration office for improving the lesson plan.

Кілт сөздер: Lesson Studу, мектеп,бақылаушы, топпен(жұппен) жұмыс, тәжірибе,сабақ жоспарын жазу, әдісер.

Ключевые слова: Lesson Studу, школа, наблюдатель, группавоя работа, опыт, писать план урока, методист.

Keywords. Lesson Studу, school, observer,  group work, experience, to write plan of lesson, methodist.



«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында» деп Елбасымыз, педагогтердің мемлекет алдында қызметтерінің зор үлесін атаған. Қоғамының қазіргі экономикалық және әлеуметтік жағдайы, әлемдік білім кеңістігіне кірігуі Қазақстан Реслубликасының жалпы білім жүйесін жаңғыртуды, технологиялық-педагогикалық тұрғыдан жетілдіру қажеттігі туындатады. Білім беру саласында озық технологиялардың енуі мұғалімнің рөлін, оқытуға және үйретуге байланысты қағидаларын, оқыту әдістемесін өзгертеді. Қазіргі мұғалім оқушылардың білім алу үдерісін ұйымдастырушы ғана емес, олардың танымдық-практикалық әрекеттерін, өзара қатынасын реттеуші әрі олардың өмірлік кеңістікте кез-келген жағдайға бейімделуіне қажет негіздерді қалаушы. Аталған жаңа міндеттерді сәтті орындаудың негізгі шарттарының бірі – интерактивті әдіс – тәсілдерді педагогтердің біліктіліктерін арттыруда және өзіндік білімін жетілдіру тиімділігін дәлелдеді.

Lesson studу Жапонияда 19-ғасырда жаңа жалпы білім беретін жүйе орнатқан уақытта мектеп базасында, сонымен қатар өңірлік және ұлттық деңгейде пайда болды. Мұғалімдер жаңа оқыту әдістемесін талқылап, оны нақты сабақтарға бекіте бастады. Соңында бұл үдерістерді Lesson studу деп атады. Содан кейін Lesson studу тәжірибесі Жапониядағы барлық мектептерге берілді. Lesson studу зерттеу сабағы болып табылады, және де Қазақстанда өткізілетін ашық сабаққа ұқсас. Lesson studу-да бір мұғалім өзіне зерттеу сабағын өткізуге, зерттеу сабағына дейін шамамен бір айда сабақ жоспарын жазуға ерікті түрде жауапкершілік алады. Содан кейін ол өз сабақ жоспарын осындай сыныптың немесе дәл осындай пән саласында жұмыс істейтін мұғалімдер қатысатын жиналысқа ұсынады. Содан кейін мұғалім басқа мұғалімдермен талқылауға негізделген сабақ жоспарын қайта жазады. Кейбір жағдайда кездесу циклдары және жоспарды қайта жазу үдерісі бірнеше рет қайталанады. Басқа жағдайда мұғалім мектеп кеңесінің әдіскерінен сабақ жоспарын жақсарту үшін кері байланыс беруін сұрайды. Зерттеу сабағында мұғалім сабақ жоспарын ұстана отырып, өз сыныбында сабақ өткізеді. Барлық мектептердің мұғалімдері немесе осындай сыныптардың немесе пән саласының мұғалімдері зерттеу сабағын бақылайды. Зерттеу сабағанан кейін мұғалім мен тыңдаушылар зерттеу сабағын талқылайды. Кейде мектеп кеңесінің әдіскерлері немесе университет профессорлары сияқты шақырылған кеңесшілерді талқылауға қосылуын және кездесуге қатысқан мұғалімдерге кейбір кеңес беруін сұрайды. Бұл Lesson studу тәжірибесі айына бір рет өткізіледі.



Lesson Studу-дың жалпы мақсаты: Оқудың сапасын арттыру (оқушыларға білім алуға көмектесу және топ мүшелерінің кәсіби дамуына ықпал ету).

Lesson Studу ерекшеліктері: Жеке оқушылардың қажеттіліктеріне қарап оқыту және мұғалімдермен бірге отырып жұмыс істеу.

Lesson Studу – мұғалім тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған, сабақтағы іс-әрекеттегі зерттеудің ерекше үлгісі болып табылатын педагогикалық тәсіл. Ол ХІХ ғасырдың 70-жылдарында Жапонияда бастау алып, осылайша Батыста қолданылатын «Іс-әрекеттегі зерттеу» тәсілінен 70 жыл бұрын қолданыла бастаған. Lesson Studу-ге шараны бірлесе жоспарлап, өткізетін, қадағалайтын, оқыту мен оқуды талдай отырып, өз қорытындыларын қағаз бетіне түсіретін мұғалімдер тобы қатысады. Lesson Studу циклін өткізу кезінде мұғалімдер оқыту тәжірибесіне жаңа әдістер енгізеді немесе оны жетілдіреді, кейін ашық Lesson Studу өткізу немесе жұмыс сипатталған құжатты жариялау арқылы әріптестеріне таратады. Батыста Lesson Studу америкалық зерттеушілер жапон мұғалімдерінің жалпы педагогика саласында да, сондай-ақ АҚШ-тың оқушыларымен салыстырғанда жапон оқушыларының білім деңгейлері анағұрлым жоғары болуын қамтамасыз ететін белгілі бір пәнді оқыту саласында да білімдері жоғары екендігін дәлелдегеннен кейін осы ғасырда ғана танымал бола бастады.

Қазір уақытта Шығыс Азияда Lesson Studу Жапониямен қоса, Сингапурде, Гонконг пен Қытайда қолданылады. Бұл тәсіл сонымен қатар батыс елдерде де, соның ішінде АҚШ-та, Ұлыбританияда, Швецияда және Канадада қолданылуда.



Lesson Studу бастауыш және орта мектептерде негізгі пәндер бойынша оқушылардың білім деңгейін көтеру және оқыту әдістемесін жетілдіру мақсатында, сонымен қатар оқыту үшін бағалау сияқты тәжірибелік әдістерді әзірлеу мақсатында табысты қолданылады. Lesson Studу өткізу барысында топта (немесе жұппен) жұмыс істейтін мұғалімдер:

• Өздері күнделікті жинаған материалдары мен жүйелі бағалау деректерін оқушылардың оқу мен даму басымдықтарын белгілеу үшін қолданады.

• Алдағы уақытта әзірленетін немесе жетілдірілетін, белгіленген міндеттерге жауап беретін оқыту әдістемесін бірлесіп анықтайды (1-суретті қараңыз).

• Үш «бақылаудағы оқушыны» анықтайды, олар әрқайсысы сыныптағы белгілі бір топтың өкілі болуы қажет, мысалы, оқу үлгерімінің деңгейі жоғары, орта, төмен оқушылардан.

Lesson Studу-ді бірлесіп жоспарлап, сабақты өткізу барысында зерттелетін үш оқушыны үнемі назарға ала отырып, оқыту әдістемесін пайдаланады және оның нәтижелерін мұқият зерттейді.

• Бақылаудағы оқушылардың дамуы мен оқуына басты назар аудара отырып, Lesson Studу өткізеді және оны қадағалайды. Аталған үдерістер бірнеше сабақ бойы қайталанып, жетілдірілуі мүмкін. Бақылауды барлық Lesson Studу кезінде жүргізу міндетті емес.

• Бақылаудағы оқушылардың Lesson Studу туралы ойларын білу үшін олармен сұхбаттасады.

Lesson Studу-ді талқылайды.

• Қолданылатын әдіске бақылаудағы оқушылардың қалай қарайтынын, олардың жеткен жетістіктерін, оқуда көрсететін нәтижелері мен кездесетін қиындықтарын білу, сонымен қатар алынған тәжірибені келешекте оқыту мен оқу әдістемесін әзірлеу үшін пайдалану мақсатында Lesson Studу-ге талдау жүргізеді.

Мектеп мұғалімдеріне таныстырылым жасау немесе коучинг өткізу арқылы Lesson Studу тәсілін қолдану нәтижелерін көпшілік қауымға ұсынады. Мектеп басшыларының бұл бағытта не істей алатындығы туралы идеялар:

a. Lesson Studу өткізу уақытын жоспарлау және осы тәсілді мектеп бағдарламасына енгізу;

ә. Lesson Studу негізінде кәсіптік оқытуды дамыту мен қолдау, сонымен қатар мектеп аясында коучинг өткізуге арналған тұғыр ретінде Lesson Studу моделін қолдану үшін жетекші мұғалімдерді пайдалану.



Lesson Studу тәсілі тиімді, себебі ол мұғалімдерге:

• әдеттегіге қарағанда балалардың білім алғандығының анағұрлым анық, әртүрлі қырларынан және егжей-тегжейлі дәлелін көруге;

• мұғалімнің пікірі бойынша балаларды оқыту барысында не болуға тиіс, ал шындығында жағдай қандай екендігі арасындағы айырмашылықты көруге;

• оқытуды нәтижесінде оқушылардың қажеттіліктерін барынша қанағаттандыратындай етіп қалай жоспарлау керектігін түсінуге;

Lesson Studу-ді басты мақсаты оқушыларға білім алуға көмектесу және топ мүшелерінің кәсіби дамуына ықпал ету болып табылатын мұғалімдердің желілік қоғамдастығы аясында іске асыруға (Dudleу, P. 2011a);

Lesson Studу мүмкіндіктерін өзінің педагогикалық тәжірибесінде қолдануға көмектеседі.

Табысты мұғалімдер көбінесе сыныпта болып жатқанның біразына, кейде тіпті көпшілігіне мән бермейді. Бұл – кемшілік емес! Бұл – оларға табысты болуға көмектескен үдерістердің нәтижесі. Толығырақ тоқталайық. Сынып дегеніміз – кәсіпқойларға қызмет етуге тура келетін барынша күрделі жұмыс жағдайлары: шамамен бір сағатқа жуық уақыт ішінде сабақта жұмыс істеп отырған 30 және одан да көп оқушы үлкен көлемді ақпарат өндіреді. Бұл ақпараттың мұғалімге жетуінің жылдамдығы да үлкен, соның салдарынан сабақ, жапондықтар айтқандай, ағыны қатты өзен сияқты болып шығады (Lewis, 1999). Зерттеушілер мұғалімдердің ақпараттың осы ағынын және оның жылдамдығын қалай игеретінін бақылаған. Рэгг және басқалар (1996) анықтағандай, мұғалімдер бірінші үш жылда барлық қиындықтан өтіп, жақсы педагог болып қалыптасады, себебі өздері үшін проблема болып табылатын оқу жағдайын басқарудың жаңа тәсілін тапқанда олар бұл тәсілді осыған ұқсас жағдайларда үнемі қолдануға болатын белгілі бір оңтайлы нысанға айналдырып алады да, реті келген кезде қолданып отырады. Осындай жағдайларда тәжірибелік білім мұғалімнің саналы түрде істеп тұрғанын растай алмайды, бұл болжамды (немесе жасырын) білім болып табылады, яғни біздің велосипед тебу туралы біліміміз сияқты: ондай білімнің бар екені қажет болғанда ғана білінеді, бірақ оны сөзбен жеткізу өте қиын.

Мәселен, тәжірибелік білімдері егжей-тегжейіне дейін жазылып, басқаларға беріліп, кейіннен қайта орындалатын хирургтардан айырмашылығы, мұғалімнің тәжірибелік білімі өзінде қалады, себебі ол тәжірибе кезінде қалыптасады, оның үстіне иесі әдетте оның бар екенін біле де бермейді. Мұғалімдер өз сыныбында автономды түрде «жеке маман» ретінде жұмыс істейтіндіктен, басқа мұғалімдерде әріптесінің «болжамды» білімін тәжірибеде көруге мүмкіндік бола бермейді. Ал мұғалімнің жұмысын басқа маман бақылаған кезде оның жұмысының нәтижелілігі бағаланатын болғандықтан, ол сол баға пен пікірдің үдесінен шығуға тырысып, өзінің «жасырын» білімдерін көрсетуге ұмтылмайды, яғни тәуекелге бармауды жөн көріп, «қауіпсіз» оқытуды көрсетеді. Санасыз субъктілерге қарағанда адамдар көп көлемді ақпаратты «сүзгіден» өткізу арқылы игереді. Мысалы, нақты «еститін» дыбыстардың ішінен біз олардың аздаған бөлігіне ғана мән береміз, өзімізді сырттан келетін ақпараттан қорғаштап, тек маңыздысына немесе оқыстарына ғана көңіл аударып үйренгенбіз. Мұндай сүзгілеу тетіктері бізге өз мақсатымызға жету үшін қолдануды маңызды деп санайтын мәселелерге ғана көңіл аударуға мүмкіндік береді. Сыныпта да дәл солай: қомақты сыртқы оқиғалар мен ақпаратты елемей, белгілі бір сәтте болған маңызды нәрселерді ғана ескереміз. Біз маңызды деп санаған ақпаратты лезде меңгеріп, бірден өзімізге ыңғайлы түрде сақтап аламыз, бұл күрделі әрі жылдам сабақ жағдайында біз басымдық берген басқа да маңызды нәрселерді өңдеу үшін жұмыс жадымызды бос ұстауға мүмкіндік береді.




Тақырыбы

Мақсаты

Күтілетін нәтижелер

Табыс критерийлері

Lesson Studу тәсілі

Lesson Studу мұғалімдердің педагогикалық білімдері мен тәжірибесін дамытуға арналған тиімді құрал екендігі, оны іске асыру барысы туралы түсініктерін дамыту

Мұғалімдер Lesson Studу оқу сапасын арттыру үшін белгілі бір тәсілді қалай дамытуға болатындығын анықтау мақсатында бір топ мұғалімнің бірлесіп оқу үдерісін зерделеуі екенін ұғынуы. Демократиялық ерекшелігі-мұғалім зерттеу барысында жинақтаған білімімен педагог қауымымен кеңінен бөлісетіндігі, креативтілігі- оқытудың жаңа тәсілдерін әзірлеу мақсатында бірлесіп ынтымақтама жұмыс істейтіндігі, ғылыми дәлдігі-жаңа тәсілдің тиімділігін көрсететін оқушының оқуы туралы деректер жинауы екенін түсінуі.

1. Lesson Studу қандай ұғым екенін білу

2. Lesson Studу-дың неліктен тәжірибеге енгізілуі

3. Lesson Studу-дің түйінді сиптын білу

4 Lesson Studу тәжірибені жақсартудың қандай жолы екенін білу

5. Lesson Studу өткізу қадамдары



6. Lesson Studу-ді өткізгеннен кейін талқылау қалай жүреді?



Lesson Studу тәжірибелі мұғалімдермен қатар, еңбек жолын жаңа бастаған мамандарға да кәсіби жетілуге көмектеседі. Себебі бірлесіп жоспарлау, бірлесіп қадағалау, бірлесіп талдау арқылы біз оқыту туралы бірлескен пікір қалыптастырамыз. Бұл жағдайда біз оқыту аспектілерін өзіміздің ұстанымымыз тұрғысынан ғана емес, Lesson Studу дайындаған әріптестеріміздің көзімен де қарастырамыз, соның нәтижесінде біз Lesson Studу барысында бақылаған нақты сабақты өзіміздің жоспарлаған сабағымызбен салыстырамыз. Бұл біздерге өзіміз әдетте мән бермейтін, елемейтін, әдетте «шеттетіп тастайтын» немесе болжамды білім ретінде сақталып қалатын нәрселерді аңғаруымызға түрткі болады.

Lesson Studу тәсілін пайдаланатын көптеген адамдардың айтуынша, зерттелетін жекелеген оқушылардың оқудағы қажеттіліктері мен мінез-құлықтарына назар аударып, сол арқылы олар туралы көбірек біле отырып, біз өз оқушыларымыздың әрбіреуін анағұрлым жақсы тани бастаймыз. Демек, мықты және нашар оқушылардың аралығындағы «орташа» сыныпты оқытуға қарағанда, Lesson Studу мұғалімге өз жұмысын болмашы ақпаратпен шамадан тыс жүктемей, барлығынан хабардар болып, өмір бойғы тәжірибесінде әрбір оқушының қажеттілігін ескеріп отыруға мүмкіндік береді.

Lesson Studу тәсілі кем дегенде үш Lesson Studу-ден тұратын циклден құралады, ол сабақтарды мұғалімдер тобы бірлесіп жоспарлап, оқытып/қадағалайды және талдайды .

Lesson Studу тәсілі кәсіби дамудың тиімді тәсілі, мұғалімнің кәсіби қоғамдастығын құру болып табылады, бұл үдерісті жеделдетуге көмектеседі. Оқушының терең ойлануына, оқушыны тыңдау керектігін, не ойлағанын тыңдай білуге бағытталуы керек. Демек, бұл тәсілдің оқытуда мен оқуда ілгерлеушілік болдыра алатындай екендігіне ешқандай күмәніміз жоқ екенін растаймыз.

Аталған әдістер арқылы өскелен ұрпақта келесі өмірлік дағдыларды қалыптастыруға болады: креативтілік, белсенділік, әлеуметтілік жауапкершілік, ой-өрісінің кендігі, жоғары кәсіби деңгейлі сауаттылык, танымдық әрекетке қызығушылығының басымдығы.



ӘДЕБИЕТТЕР


  1. Dudleу, P. (2011). How Lesson Studу orchestrates keу features of teacher knowledge and teacher learning to create profound changes in professional practice [Кәсіби тәжірибеде түбегейлі өзгеріс жүргізу үшін Lesson Studу мұғалімнің білімі мен дағдыларының негізгі мазмұнын қалай анықтайды]. Presented at the World Association of Lesson Studies Annual Conference, Tokуo.

  2. http://lessonstudу.co.uk/

  3. Мұғалімге арналған нұсқаулық.

Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет