Құқықтық білім берудің әдістемелік мәселелері Муйденова Алия Калжановна



Дата26.08.2017
өлшемі60,33 Kb.
Құқықтық білім берудің әдістемелік мәселелері
Муйденова Алия Калжановна

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемелекетік университетінің аға оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі, Қазақстан, Қызылорда қаласы
Жаркенова Гүлнар Абуқалиқызы

Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжінің оқытушысы, Қазақстан, Қызылорда қаласы
Кез-келген мемлекеттің қуаттылығы, оның әскери күшінде ғана емес, оның ұлттық рухының күштілігінде. Бұл процесс бір жағынан қазіргі заманғы құқықтық жүйенің қалыптасуымен, екінші жағынан азаматтардың, қоғамның, мемлекеттік орган қызметкерлерінің құқықтық мәдениетінің қалыптасуымен тікелей байланысты. Құқықтық мәдениеттің, құқықтық сананың және әрбір азаматтың белсенді қоғамдық қызметінің бастауы - құқықтық тәрбие мен құқықтық сауаттылығы болып табылады.

Білім - бұл толыққанды қоғам өміріне араласудың құралы ғана емес, мемлекеттің мақсаттарына сай азаматтарды тәрбиелеп шығаруының маңызды құралы.



Құқықтық білім беру - құқықтық сараптама беру үшін мемлекет, қоғамдық ұйымдар мен жеке тұлғалардың мақсатты қызметі; кейбір оң идеялар, көзқарастар, құндылықтар, көзқарастар, құқықтық нормаларды сақтау, орындалуын және пайдалануды қамтамасыз ету құру мақсатында ақыл мен адам мінез-құлқы туралы жүйелі әсерлері. Құқықтық білім беру мазмұны мемлекет және құқық білімге адамдардың қарым-қатынас, заң үстемдігі, адам құқықтары мен бостандықтары, заңға мойынсұнғыш мінез тұрақты бағдар азаматтардың дамыту болып табылады [1].

Құқықтық білім беру - күрделі және көп қырлы жұмыс жүйесі. Әрине, көптеген құқықтық құндылықтар, түрлі әлеуметтік тәжірибені барысында адамның жұтып моральдық нормаларын, негізі мен шығу тегі, басқа арқылы, заңды нысандары мен қоғамдық сананы қалыптастыру арналары болып табылады. Алайда, құқықтық білім беру жеке наным және ішкі бағдар мінез-құлық оларды айналдыру, арнайы ақыл хабарлама келтіру құралдарын және заңды құндылықтарды әрбір адамның сезім құруды көздейді. Осылайша, құқықтық білім беру нысандары, тәсілдері және әдістері құқықтық білім беру тақырыбы құқықтық принциптер мен ережелерді қабылдауға соңғы көмектесіп, әлеуметтік және жеке сана әсер ететін ұйымдастырушылық және әдістемелік механизмі болып табылады.

Құқықтық сауаттылықты іске асыруда жеке тұлғаның құқықтық санасын көтеру арқылы қоғамның құқықтық сауаттылығы мен әлеуметтік мәселелерді шешудегі жауаптылығы артып, мемлекеттің тұрақты түрде даму бағытын іске асыруға жағдай жасалады. Сондықтан құқықтық тәрбие мен құқықтық сауаттылық қоғам дамуының қорғаушы күші ретінде қабылдануы қажет. Тек құқықтық сауатты әлеуметтік топ өкілі ғана қоғамды дұрыс бағытта дамытуға және өз құқын қорғауға мүмкіндік алады.

Жоғарғы құқықтық сана мен құқықтық мәдениет азаматтарда мектеп қабырғасында және орта және жоғарғы оқу орындарында алған білімдері негізінде қалыптасады. 1995 жылы маусым айында елімізде жаппай құқықтық білім беруді жүзеге асыру туралы қаулы қабылданды [2]. Бұл қарарда құқықтық білімді мектеп қабырғасында бастауыш сыныптан бастап оқытудың маңыздылығы атап көрсетілді. Тәуелсіз Қазақстанның даму қарқыны мен алдына қойған мақсаттарына жету жолында ең негізгі басшылыққа алатыны - мемлекет болашағы жастар. Олардың заман талабына сай, әлемдік білім деңгей стандарттарына сәйкес дәрежеде оқытылуы білім беру саласында жаңа қажеттіліктерді туындатып отыр. Заманға сай, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу - мемлекетіміздің маңызды стратегиясы. Бүгінгі ғасыр – білімділер ғасыры.

Ғылым мен техниканың қарқынды дамуы, озық, жаңа технологиялар мен әдіс-тәсілдердің енуі, қоғамның әлеуметтік деңгейінің жаңа экономикалық қатынастар аясында дамуы, отандық білім беру саласында түбегейлі өзгерістер енгізіп, жаңартып, жетілдірудуі қажет етеді. Білім беру саласын қазіргі заман талабына сай ұйымдастыру үшін экономикалық, ұйымдық, құқықтық-нормативтік шараларды іске асыру қажет. Солардың ішіндегі ең маңыздысы - құқықтық сауатты азамат дайындау мәселесі. Құқықтық сауатты азамат - өркениетті қоғамның ең маңызды көрсеткіші.

Құқықтық санасы қалыптасқан адам қылмыстық іс- әрекеттерге бармайды, өмір сүрудің тиімді жолдарын іздейді, әлеуметтік - саяси жағдайлардан хабардар болып отырады, қоғамда қолайсыз жағдайлар орын алып жатса да құқықтық талаптарға сай шешім қабылдауға тырысады.

Білім беру жүйесін оңтайландыруда қоғамның даму мақсатын басты назарда ұстауымыз қажет. Құқықтық білім берудің міндеті - дүниеге жауапкершілікпен қарайтын, шығармашылық ойлауға дағдыланған, өзіндік дүниетанымдық мәдениеті жетілген, адамгершілік-ізгілік қасиеттері мол білікті маман даярлау. Осындай мақсаттарды ұстанғанда оқытудың әдістемелік деңгейі маңызды роль атқарады. Білім беру процесі бір сарынды болмауы қажет, бір сарындылық ақпаратты қабылдауды қиындатып, оқушыны қажытады. Оқушыларға білім негізінен сабақ үстінде берілетіндіктен, сол сабақ өткізудің әдіс-тәсіліне байланысты төмендегі жағдайларды атап өткім келеді.

Сабақ өткізу әдістемесіндегі басты кемшіліктер:сабақ үй тапсырмасын сұраудан басталып оған уақытының тең жартысы кетеді. Үй тапсырмасын тексеруде көбіне бір сыдырғы, жаттанды сұрақтар қойылып, оқушыны ойландыратын, бұрын алған білімдерін пайдалануға мүмкіндік беретін, салыстыру, өзіндік пікірін қалыптастыру, қорытынды жасау, ерекшелігін ұғыну қабілеттерін жетілдіретін проблемалық сұрақтар сирек пайдаланылады. Сұрақтарға жауап беруде белсенділік танытқан оқушылармен көбірек жұмыс жасалып, белсенді емес тобы құр тыңдаушы ретінде қатысады. Өткен сабақты қорытып, оны жаңа сабақпен байланыстыруға, жаңа тақырыптың маңызы мен міндетіне, ерекшеліктеріне ешқандай көңіл бөлінбестен яғни жаңа тақырыпқа қызығушылын оятып, алдын-ала дайындамастан бастап кетеді. Оқытушының жаңа материалды бір сарынды, жігерсіз әңгімелеп шығуы оқушыны қызықтырмайды. Ауызша талдап, түсіндіріп, сипаттау әдістері пайдаланылмайды. Жаңа тақырыпты өту кезеңінде оқушылар талқылауға қатыспай тыңдаушы ретінде отырады.

Сабақ сапасының нашарлығы оқушының осы пәнге деген ынтасын төмендетіп қоймай, құқық негіздері пәні бағдарламасы көлемінде тиянақты білім ала алмауына әкеліп соғады. Сабақ сапасын жақсарту үшін мына талаптар орындалуы қажет: сабақтың пәндік және саяси-идеялық дәрежесінің жоғарылығы, түбегейлі, негізді білім беру үшін оқушылардың танымдық қабілетін дамытатын әдіс-тәсілдерді үнемі қолданып отыру, танымдық қабілетті жан-жақты дамыту үшін білуге құштарлықты ояту, рухани тәрбие беруді ұмытпау.

Құқық негіздері пәнін оқыту әдістемесін жетілдіруде бірнеше әдіс-тәсілдерді атап өткім келеді. Соның бірі-пікірталас әдісі оқушының жеке тұлғасын қалыптастыруда да, топпен жұмыс жасау мен жауапкершілігін дамытуда да маңызды роль атқарады. Бұл әдіс бойынша өткізілетін сабақ оқушының өз бетінше ізденіп материал жинақтауына, өз ойын нақты, тиянақты, шеберлікпен жеткізуіне, пәнге қызығушылығының артуына да жағдай жасайды. Пікірталас әдісін қолдану оқушының танымдық ішкі белсенділігін арттыруға көмектеседі. Пікірсайыс тәсілі – азат ой қорытындысының жемісі. Мысалы: Қазақстанның қазіргі сайлау жүйесі тақырыбында «Сайлауға қатысу неліктен маңызды» деген тақырыптағы пікірталас оқушының қоғамдық-саяси көзқарасын қалыптастыруға да көп көмегін тигізеді.

Тақырыпты баяндау мен зерттеу әдісі тығыз байланыста болатын «салдардан-себепке» әдісі бар. Бұл әдіс бойынша оқушыларға оқып-үйретіліп отырған материалдың салдары болып саналатын деректер айтылады, ал оқушылар көптеген жаңа мәліметтерді талдап қорытындылау арқылы осы деректердің себептерін ашуы керек. Мысалы: мемлекеттің бүгінгі күнге дейін құқық принциптерінде жеткен жетістіктеріне талдау жасау арқылы құқықтық мемлекеттің қызметтерін анықтау.

Құқық сабағының тиімділігін арттыру және теориялық білімді өндіріспен байланыстыруда қоғамдық ресурстарды пайдаланудың маңызы зор [3]. Бұл шараны екі түрлі бағытта жүргізуге болады. Біріншісі тәжиірбиелі маман заңгерді шақырып, оның қоғамдық маңызы бар мәселелерге байланысты пікірталасқа қатысуын қамтамасыз ету. Бұл әдістің оқушыларға берері мол. Олар оқулықтан алған білімдерін маманның кәсіби тәжиірбиесімен ұштастыруға және өндірістегі өздерін толғандыратын сұрақтар бойынша ой алмасуға тамаша мүмкіндік алады. Екінші бағыты белгілі бір мекемелерге мысалы құқық қорғау органдарына оқушыларды апару. Бұл құқық пәнін тереңірек түсінуге жол ашады және оқу үрдісін түрлендіреді. Аталған бағыттар оқушының құқықтық көзқарастарын дамытуға және пәнге деген қызығушылын арттыруға оң әсер қалдырып, оқушыға тың серпіліс әкелері айқын.

Оқушылардың ізденушілік қасиеттерін шыңдауға және үнемі ақпарат кеңістігін жаңа мәліметтермен толықтыруға құқықтық нормативтік актілермен, бұқаралық ақпарат құралдармен жұмыс істеу дағдысы көмектеседі. Түрлі деректермен баспасөз материалымен жұмыс оқушылардың өздігінен жұмыс істеу арқылы қорытынды жасауға үйретеді. Қорыта келе құқықтық білім берудің әдістемесі әліде жетілдіруді қажет ететін атап көрсеткім келеді.



Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. http://okymaterialdari.com/index.php?newsid=300978&news_page=2.

  2. Ғазизова Н. Құқық негіздері қалай оқытылуда? // Қазақ тарихы, 2002, №3.

  3. Сборник научно-методических статей по правоведению. - М., 1979.

Каталог: sites -> default -> files
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
files -> ОҚу курсының каталогы 050117 қазақ тілі мен әдебиеті
files -> Өмірбаяндық деректеме
files -> Жиырма үш жыл бір ғұмыр
files -> Пәнінің мұғалімі Ищанова Эльмира Абайқызы Қазақ әдебиеті ( 6 «б» сынып ) Сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу