Iv нұсқа 10- билет Шығай хан тұсындағы қазақ хандығы



бет1/4
Дата02.07.2018
өлшемі289,33 Kb.
#45711
  1   2   3   4
IV нұсқа

10- билет

1. Шығай хан тұсындағы қазақ хандығы.Деректерде, 1580 ж. кейін Хақназар ханның аты кездеспейді, ал, оның немере інісі Шығай (Сығай) Қазақ ханы деп аталған еді. Осы уақыт­қа дейінгі деректерде, Шы­ғай­дың аты көп атал­маса да, сұлтан деп берілетін. Шығай әйгілі Жәнібек ханның тоғызыншы ұлы Жәдік (Йадык) сұлтанның ба­ласы. Анасы Абайқан бегім еді . В.В. Вельяминов-Зернов өз еңбегінде: «Жәдіктің ұлы Шығай ұзақ ғұмыр кешкен, шамамен 80 жылдай», – дейді. Т. Сұлтанов: «Шығай тосын­нан болған хан. Оның үлкен гаремі, көп әйелдері және ол үлкен отбасының басшысы еді. Биліктің пирамидасына Шайбанилық Абдолла ханның ықпалымен келді», – дейді. Ал, тарихшы А. Миллер: «Денесі мен рухы әлсіз, кәрі, 80 жастағы Сығай Қазақ ханы болды. Жәнібек әулетіндегі ең үлкені болғандықтан да билікке келді», – дейді . Осы мәселені зерделеген, Қойшығара Салғараұлы Шығайдың хандық билікке келуінің үш себебі бар деп көрсетеді. Олар: «Біріншісі – Шығай сұлтанның өзінің жеке басының елге сыйлылығы. Оның көзсіз батырлығы жөнінде халықтың (ХІХ ғ.) әлі күнге дейін жыр қылып, тамсана айтатынын дәлел етуге болады. Екіншісі – Шығайдың ұлдарының (Тәуекел, Есім, Ондан және т.б.) хандыққа тіреніш, ханға демеу болған. Үшіншісі – Шығай Қазақ хандарының іргелі тұқымы Жәнібектің кенже ұлы Жәдіктің баласы болды. Және де Абдолланың әкесі Ескендірдің таққа отырып, ал, баласы оның атынан барлық істі тындыруы сияқты, Тәуе­кел де өз әкесін хан етіп, өзі барлық істерге белсене қатысып жүрген», – дейді.
Шығай хан мен Абдолла хан бір шешімге келмей тұрып-ақ, Бұқара ханы Қазақ ханына адам жіберді. Оларға Шығай хан: «Өзім тірі болсам ешқашанда Баба сұлтанмен достаспаймын, оны көргім де келмейді», – дейді. Абдолла ханға да керегі осы еді. Ол Ташкент пен Түркістан аймағында Баба мен Бұзағыр сұлтанмен, ал, Ферғанада Мехди, Абдол Ғаффар, Хашим сұлтан­дармен екі жақты күресті жүргізуде Шығай хан­ның қолдауына сүйенуді ойластырды.
Бұл жөнінде М.Х. Әбусеитова: «Хақна­зардың өлімінен кейін Шығай Баба сұл­танға қарсы аттанды, осы ісімен келе­шекке үміті зор Абдолла ханға адал­дығын дәлелдегісі келді», – дейді . Соны­мен қатар, XVІ ғ. 80 ж. бастап Шығай мен Тәуекел хандар Бұқара ханына қызметке кіріп, боданына айналды дейді. Бұл пікірге Қ. Салғараұлы қарсы шығады. Ол Қазақ хандығы мен Бұқара терезесі тең одақтастар, бір мақсат-мүддені көздегендер – ортақ жауы Баба сұлтанды құртуы керек еді дейді .
Шығай хан да жауы Баба сұлтанды жою мақсатында 1581 ж. маусымда ұлы Тәуекел, басқа да сұлтандармен бірге Абдолла хан­ның ордасына келеді. Хафиз Таныш: «Ұлы мәртебелі өзіне тән мейірбандылық пен қайырымдылығымен оған (Шығай ханға) сыйластығы мен құрмет көрсетті. Оны аса мейірбандылығымен құр­меттеп, ихта ретінде Ходжент жерін берді. Ол Шығай ханға көмек көрсетуге уәде беріп, оның құрметіне патшаларға лайықты той жасады», – дейді . Шындығына келгенде Шығай ханға осындай құрмет көрсетіп, оған ихта ретінде жер беруі қазақ­тардың Бұқара хандығымен терезесі тең ел екенін және де Абдолла ханның Қазақ хандығында мүддесі болғаннан көрсетеді. Ресми түрде Шығай хандық билікте отыр­ғанымен, іс жүзінде ұлы Тәуекел сұлтан қазақ әскерін басқарып отырған. Хан тағында Шығай екі-ақ жыл отырды. 1582 ж. кейін оның аты деректерде аталмайды. Қадырғали Жалайырдың айтуынша: «Шығай ханның хикаясы әрқашан оның батырлығымен мәлім, мәшһүр болды. Ақырында ол да дүниеден өтті. Бұл күнде оның қабірі Күміскентте, Әли-Атаның қасында жерленген болатын», – дейді.
Көптеген тарихшылар Шығай ханның Мауреннахрда, өз елінен тысқарыда қайтыс болғанына байланысты түрлі пікірлер айтады. Тарихшы М.П. Вяткин Шығайдың Мауреннахрға келуін, оның Бұқара хандығына өтуі деп қабылдайды да, оны қазақ ханының өз қуатының әлсірегенін сезіп, Абдолладан пана іздеуі деп түсіндіреді. Ал, А.П. Чулошников қазақтардың Талас өзені жағасында Баба сұлтанмен күресте жеңіліс табуы оларды сыртқы қатынастарда әлсіретіп тастады, өйткені, оларға бүлікші Баба сұлтанмен шағат ұрпақтарынан шыққан моғол хандары екі жақтан қауіп төндірді дейді. В.П. Юдин Шығай ханды қазақтардың өзге хандары қуып жіберген десе. Ал, М.Х. Әбусеитова Шығай ханды қазақтардан бөлініп, халқына қарғанды болып, Шайбанилер арасына кетіп, жалғыздықта өлген Тахыр хан секілді дүниеден өтті деген тұжырымдар жасайды. Осы пікірлерді Қойшығара Салғараұлы ешбір негізсіз деп тауып: «Шығай хан Абдолла сұлтаннан Ходжентті алып, мұнда нақшбанд ұйымының сопыларының қоршауында болған. Ол сырттан қаңғып өлмеген, ресми түрде қазақтың ханы атанған күйінде, өз жөнімен, өз ажалымен, өз иелігі Ходжентте жарық дүниемен қоштасқан», – дейді. Барлық жағдайды саралап қарасақ, қазақтың ханы болған, көпке сыйлы, кәрі адам, балалары да болашақ хандар Тәуекел, Есім сұлтандар өз әкелерін қаңғытып, өлімге душар ету ата салтымызда жоқ. Сондықтан да, Шығай ханды қаңғып өлді деуге негіз де жоқ секілді. Және де Шығай ханды көп зерттеушілер 1582 ж. Баба сұлтанға қарсы Абдолла ханмен біріккен Ұлытау жорығынан кейін қайтыс болған десе, ал, Қ. Салғараұлы 1582 ж. кейін 4 жыл өткеннен кейін қайтыс болды дейді. Әрине, Шығай ханның 1586 ж. қайтыс болғаны туралы әлі дерек табылған жоқ. Деректер бойынша Шығайдан көп ұрпақ қалды. Оның әйелдері де көп еді. Қадырғали Жалайыр өз еңбегінде Шығай ханның үш әйелін ерекше атап өтеді. Біріншісі – Байым бегім. Одан Сейдқұл сұлтан, Ондан сұлтан, Алтын ханым; Екіншісі – шағатайлық Яқшым бегім. Одан Тәуекел хан, Есім хан, Сұлтан-Сабырбек ханым; Үшіншісі – Бұрындықтың қызы Дадим ханым. Одан Әлі сұлтан, Сұлұм сұлтан, Ибрахим сұлтан, Шахым сұлтан. Сондай-ақ, басқа да тарихта аты қалған Абылай, Күшік деген ұлдары болған .
1582 жылы Шығай хан қайтыс болады. Одан кейін хандық билікке оның ұлы Тәуекел келді . Тәуекел (Тевеккел, Тевкел, Тауке, Тукай) . шағатайлық Яхшым бегімнен туылған Шығай ханның ұлы.

2.XX ғ басындағы Қазақстандағы өнеркәсіптің ерекшеліктері

XX ғасырдың басы Ресей империясында әлеуметпк қайшылықтардың шиеленісуімен, Қазақстанда отарлық саясаттың күшеюімен ерекшеленді. Отарлық саясат, әсіресе аграрлық салада пәрменді жүргізілді. Өйткені аграрлық мәселе қоныстандыру саясатына тығыз байланысты еді. Қазақ өлкесі бірнеше қоныстандыру аудандарына бөлінді: Торғай-Орал, Семей, Сырдария, Жетісу. Патша өкіметі «Қоныс аудару қорынна» (Переселенческий фонд) қуру үшін Қазақ өлкесіндегі «артық» жерлерді анықтайтын қоныстандыру басқармаларын құрды. Қоныстандыру басқармалары әрбір қазақ отбасы 15 десятина жер үлесін алуға құқылы деген ереже енгізіп, ал қалған жердің барлығы Мемлекеттік меншік министрлігі басқаратын қоғамдық жер қорына берілетін болды. Мұндай тәртіптер қазақ халқының дәстүрлі мал шаруашылығының күйреуіне әкеп соқтырды. Агроном А. Кауфманның есебі бойынша, мал шаруашылығының қалыпты өмір сүруі үшін, әрбір көшпелі шаруашылыққа, мысалы, Сырдария ауданында 145 десятина жер, ал Жетісуда 110 десятина жер қажет еді. «Қоныс аудару қорына» қазақтардың жайылым, суат, мал айдау жолдарын, қыстақтарын тартып ала бастады. Сонымен бірге, Қазақ өлкесінде Орынбор, Орал, Сібір, Жетісу казак әскерлері де орналасқан болатын. XX ғасыр-дың басына қарай казактардың саны 1 миллион он бір мың адамға жетті және олар 15,6 миллион гектар ең құнарлы деген жерлерге иелік етті Ресейдегі аграрлық саладағы езгерістердің жаңа кезеңі «Столыпин реформаларымен» тығыз байланысты болды. 1906 жылы Ресейдің премьер-министрі болып тағайындалған П.Столыпин елде аграрлық реформа жүргізуді қолға алды. Столыпиннің аграрлық реформасының түпкі мәні селоларда аграрлық буржуазияны, яғни орта дәулетті кулактар тобын қалыптастыру арқылы Ресейдегі аграрлық мәселені шешу болатын. Реформа бойынша шаруаларға әзіне тиесілі жер үлесімен қауым құрамынан шығып, жеке хутор құруға рұқсат етілді. П. Столыпин Ресей империясының шеткі аймақтарына, соның ішінде астық өндіру үшін өте қолайлы Қазақ өлкесіне ерекше көңіл бөлді. Қазақ жеріне Ресейден келген шаруаларды қоныстандыру мен кулак шаруашылықтарын құру үшін оларға жеңілдіктер беру жүйесі енгізілді. Әрбір хуторға 45 десятина жарамды және 15 десятина егістік жер берілетін болды. Жер бөлуші мекемелерге жергілікті көшпелі қазақтардың жерін тартып алып, олардың орнына орыс шаруалары мен кулактарды орналастыруға рұқсат берілді. Осындай шаралар арқылы Столыпин орыс шаруаларын Қазақ жеріне қоныс аудару қозғалысына күшті серпін берді. Егер 1895-1905 жылдары Қазақ өлкесінің далалық облыстарына 294296 адам қоныстанса, ал 1906-1910 жылдар арасында қоныстанушылар саны 770 мың адамға жетті. 1897 жылғы санақ бойынша Дала өлкесінде орыстардың үлесі 20% құраса, ал 1917 жылы 1 қаңтардағы есеп бойынша олардың үлесі 42%-ға жетті. Түркістан өлкесінде орыс шаруаларының үлес салмағы 3,7%- дан 7,9% -ға дейін өсті. 1893-1905 жылдары қазақтардан 4 млн. десятина жер тартып алынса, ал 1906-1912 жылдары 17 млн десятинаға, 1916 жылы 40 млн десятинаға, 1917 жылы 45 млн десятинаға жетті. Тартып алынған жерлер негізінен Семей, Ақмола, Орал, Торғай облыстарында болды. Бұл облыстардан 40,5 млн десятина, Жетісудан 4 млн десятина, Сырдария облысынан 500 мың десятина ең құнарлы жер алынды. XX ғасырдың басында Қазақ өлкесінде тау-кен өнеркәсібі даму үстінде болды. Өйткені, қазақ жерінің қазба байлығын игеруде жақсы жолға қойыла бастаған еді. 1902 жылы барлығы 18695 жұмысшы еңбек ететін 197 өндіріс орны жұмыс істеген. Тау-кен өндірісімен бірге өнім өңдейтін шағын кәсіпорындар жуйесі де қалыптаса бастады. Бұл кезеңде өлкеде 690 кәсіпорын болса, ал онда 7297 адам жұмыс істеген. XX ғасырдың ең ірі деген өндіріс орындарына Қарағанды кемір шахталары, Қазақ өлкесінің шығыс және орталық аудандарындағы түсті металлургия, Орал-Ембі мұнай өңдеу кәсіпорындары кірді. Ісжүзінде бұл өндіріс орындары шетел кәсіпкерлерінің, негізінен ағылшын, француз, американдықтардың қолында болды. «Спасск мыс кеніші» акционерлік қоғамының төрағасы ағылшын парламентінің мүшесі Артур Фелл, ал төрағаның орынбасары Франция президентінің жиені Эрнест Жан Карно болды. Орыстық-Азиялық деп аталатын Риддер мен Екібастұз кеніштерінің корпорациясы ағылшын компаниясының иелігіне беріліп, оған болашақ АҚШ президенті Герберт Гувер мен ағылшын қаржыгері Уркварт қаржы салды. Қазақ жері арқылы өтетін теміржолдарды салу нәтижесінде теміржол жұмысшыларының саны өсе бастады. Мысалы, Орынбор-Ташкент темір жолының ұзындығы 1656 км құраса, ал онда істейтін жұмысшылардың саны 30 мыңға жетті. Бұл теміржол 1901-1905 жылдары салынып, Қазақ өлкесіндегі ең негізгі магистральге айналды. Жол бойында Шалқар, Қазалы, Перовск, Түркістан сияқты ірі бекеттер жұмыс істеді. XX ғасыр басында Ресейде болсын, Қазақ өлкесінде болсын жұмысшылардың әлеуметтік жағдайы өте ауыр еді. Әсіресе қазақ жүмысшыларының әлеуметпк жағдайы ешбір сын көтермейтін дәрежеде болды. Олар жұмыстың ең ауыр түрлерін және жалақы аз төленетін бөліктерінде істеді. Өйткені қазақ жұмысшыларының кәсіби мамандықтары болмады, көпшілігі маусымдық жүмыстарға жалданды. Өндіріс басшылары мен жергілікті патша әкімшілігі қазақ жұмысшыларының орыс тілінде еркін сөйлей алмайтындықтарын пайдаланып, үнемі олардың азаматтық әрі әлеуметтік қүқықтарын бұзып отырды. Кәсілорындар техникалық қауіпсіздік талаптарын орындамады, құрал­ жабдықтармен қамтылмаған күйде жұмыс істеді. Оның үстіне еңбекші халыққа шетел мамандары да астамшылық көрсетіп отырды. Мұның бәрі жұмысшылардың өз жағдайларын жақсарту үшін күреске шығуға итермеледі.

3Смағұл Сәдуақасовтың қоғамдық-саяси қызметі

азақ даласындағы құқықтық ережелердің қолданылу тарихы тереңде жатыр және оның өзіндік қайталанбас ерекшеліктері бар. Онда туындаған әдет-ғұрып нормалары ұлттық сана-сезімнің көрінісі әрі құҚқықтық мәдениеттің іргетасы. Қазақтарға ар-ождан қашанда қымбат, «малым жанымның садағасы, жаным арымның садағасы» деген сөзге бас иген. Қазақтың әдет-ғұрып нормалары адамгершілік қасиеттерге тұнып тұруы да сондықтан. Бір сөзбен айтсақ, көшпелі қазақтардың құқықтық мәдениеті халықтың болмысы мен тұрмыс-тіршілігіне, ұлттық салт-санасына лайық еді. Яғни, әдет-ғұрып нормалары ұлттық болмыстың туындысы болды.Сан ғасырлар бойына қазақ халқының қоғамдық өмірінде әділеттілікті сақтау мен құқықтық қатынастарды дамытуда, құқықтық-саяси сана мен мәдениеттің дамуына от ауызды, орақ тілді билер белсенді ықпал етті. Шын мәніндегі би атанған кісілер – қазақ халқының тарихында қайталанбас ерекше, біртуар тарихи тұлғалар, өз заманында халық би деп танығандар – шешендігі мен әділдігі зор қоғам қайраткерлері еді.Хандықтағы билер кеңесінің беделі күшті болғаны соншалық, хандар кеңестің келісімі мен қолдауынсыз мемлекеттік маңызы бар мәселелерді шеше алмаған. Ханның қолында негізінен атқарушы билік шоғырланса, заң шығарушылық қызмет пен сот билігін билер кеңесі атқарған. Қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымын қарастырған зерттеушілердің көбісі билер институтын хандық және сұлтандық институттардан кейінгі үшінші орынға қояды.Билер кеңесі ханның қызметіндегі кейбір мәселелер бойынша таласқа түсіп, оны қайта қарауға құқылы болды. Дәстүр бойынша хандық билік мұрагерлік жолмен беріліп отырса да (оның өзінде халық ақ киізге көтеріп сайлауы тиіс), мемлекеттік маңызды мәселелер билер кеңесісіз шешілмеген. Біз бұдан қазақ даласында атам заманнан ақ билік бөлінісі принципінің болғанын көреміз.

Ұлы билер Төле, Қазыбек, Әйтеке өмір сүрген кезең – тарихымыздың тәлімі көп, ел үшін үлгі болатын ерекше кезеңі. Олар жаугершіліктің кесірінен ыдыраған халқының есін жиған, әділетті билік шешімдерінен айнымай, келешекке көз салып, үміт отын жағу арқылы көрегендік пен ұйымдастырушылық көрсете білген. Билердің оқығаны көп болмаса да, тоқығаны мол, парасатты, азаматтық тұғырлары биік қасиеттерін, рухани мол қазынасын жария ететін аңыздар мен шежірелер бүгінгі күнге де жеткен. Дегенмен, билердің атқаратын қызметі негізінен қоғамдағы әділеттілікті қамтамасыз етуге, яғни сот билігіне келіп саяды.Қазақ билерінің өзіне тән ерекшелігі мен басқа халықтарда кездеспейтін қасиеті – дау-жанжалдарды мағыналы, шешендік сөздермен шешуі. Мұны қазақ халқына тән феномен деп бағалауымыз қажет. Арнайы том-том болып жазылған кодекстерге, толып жатқан құқықтық-нормативтік актілерге сүйенбей-ақ, өз орнымен қисынды айтылған бір сөзбен дауды тоқтатуды қалыптастырған қазақ ұлты сөз мағынасына, оның шексіз мүмкіндігіне ертеден-ақ назар аударған. «Қап салмағы дәнінде, сөз салмағы мәнінде» деп білетін билер әділдікті шешендікпен ұштастырып, елдің қамын жеген. Алты алаштың да бүтіндігін, татулығы мен басының амандығын тілеп, сол үшін еңбектенді.Тарихи деректерге сүйене отырып, зерттеушілер қазақ билерінің іс қарауы қоғамдық іс-шара ретінде қаралып, қандай дау болса да билердің шешімі бүкіл жұртшылықты қанағаттандырғанын көрсетеді. Жалпытанылған пікір бойынша билер сотының мынадай қайталанбас ерекшеліктері болған:

1) қылмыстық жауапкершілікке тарту 13 жастан бастап жүзеге асқан. Қазақтардың арасында «он үште отау иесі» деген ұғым қалыптасқан.

2) билер институтының қоғамдық қызметі мен құқықтық бағыт-бағдарын айқындауда өзіндік дала конституциясы ретінде танылған «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», «Жеті жарғы» құқықтық ережелері құнды болды. Егер де даулы істерді қарау барысында шешім шығаруға қатысты мәселелер осы аталған заңдарында қаралған болса, онда соларда көрсетілген ережелерге сүйенген.

Ол туралы ұлы Абай өзінің үшінші қара сөзінде: «…Бұл билік деген біздің қазақ ішінде әрбір сайланған кісінің қолынан келмейді. Бұған бұрынғы Қасым ханның «Қасқа жолы», Есім ханның «Ескі жолын», Әз Тәуке ханның «Күл төбенің басында күнде кеңес» болғандағы «Жеті жарғысын» білмек керек. Әм, ол ескі сөздердің қайсысы заман өзгергендікпенен ескіріп, бұл жаңа заманға келіспейтұғын болса, оның орнына тартымды толық билік шығарып, төлеу саларға жарарлық кісі болса керек еді, ондай кісі аз, яки тіпті жоқ. Бұрынғы қазақ жайын білетін жақсы білген адамдар айтыпты: «Би екеу болса, дау төртеу болады» – деп. Оның мәнісі – тақ болмаса, жұп билер таласып, дау көбейте береді дегенмен айтылған сөз. Өйтіп би көбейткенше, әрбір болыс елден толымды-білімді үш-ақ кісі билікке жыл кесілмей сайланса, олар түссе, жаманшылығы әшкере болғандықтан түссе, әйтпесе түспесе» – деуі көп нәрсені аңғартады.

Қазақ қоғамын саяси басқару мен сот жүйесін модернизациялаудың жемісті болуы – саяси реформалардың бұрынғы қалыптасқан саяси дәстүрлермен, қоғамдық құндылықтармен сабақтасуына тығыз байланысты екендігін Абай тәжірибелі саясаттанушыға тән көрегендікпен ашып көрсетеді. Қазір Қазақстан Республикасы құқықтық мемлекет құру жолына түскенде осы мәселе қайтадан алдымыздан шығып отыр: сот судьяларын өмір бойына тағайындау өзекті болып отыр.

3) Сонымен қатар, билер сотының шешімі әрқашан да әділеттікке негізделіп, олардың кескен үкімдері мен шешкен даулары өзіндік құқықтық норма сипатына ие болған. Сол арқылы жаңадан туындаған дау-жанжалды, нақты бір қиын істі шешкен ереже, қағида, нақыл сөздер норма, сот прецеденті ретінде ел арасына тарап, келешекте орын алған ұқсас сот істерінде, дау-жанжалдар туындағанда қолданылған. «Кезінде осындай дауды Едіге би былай шешкен екен, мұндай дауға қатысты Төле бидің мынадай шешімі болған» деген сияқты, немесе қандай да бір рудағы ерекше әдіс-тәсіл арқылы әділ шешілген даулы прецеденттердің тәжірибесін келтіре отырып, дәстүр сабақтастығы негізінде әділетті шешімдер шығарылған. Сондықтан да, қазақ билерінің адал  қызметіне арқау болған прецедент ұғымының мәнін ашып, арнайы тоқтала кеткеніміз жөн. Бүгінгі күні прецеденттік құқық шеңберінде екі түрлі бұтақ қалыптасқан: жалпы құқық және әділет құқығы.Мінеки, көріп отырғанымыздай, қазіргі кезде құқықтық мемлекет деп танылған батыстық елдердің қолданып жүрген сот прецеденті ұғымын қазақ билері өз заманында түрлі дауларды шешуде шебер пайдалана білген.

4) Егер бидің шешіміне тек бір тарап қана разы болса, онда істің әділетсіз шешілгені, мұндай келеңсіз жағдай бидің беделін түсірген. Болашақта мұндай сыңаржақ шешімді билерге дауласқан адамдар іс қарауға өтініш бермеген. Соның нәтижесінде билердің әділ шешім шығаруға деген жауапкершілігі мен кәсіби мүдделігі артқан, оған қоса мұндай жағдайда жарыспалылық ұстанымы бойынша кәсіби тұрғыдағы әділ бәсекелестіктің орнайтыны да сөзсіз.

5) қазақ билерінің билік айтуы, іс қарауы көпшілікке ашық, жария түрде өткен. Соның арқасында әділ сот ісінің барлық оқиғалары: дауласушы тараптарыдң пікірталасы, тартқан куәгерлері мен келтірген дәлелдеулері істі талқылауға қатысушы барша халыққа құпия болмаған, яғни, кез-келген даулы істі құпия қарауға тыйым салынған. Қазіргі кезде қол жеткізуге талпынып жүрген транспраренттілік, яғни, ашықтық, мөлдірлік деген қасиеттер билер сотына тән болған. Мұның бәрі далалық демократияның, жариялылықтың, тең құқықтық пен сөз бостандығының да көрінісі. Тіптен, соңғы сөз айтуға мүмкіндік берген «дат» ұғымының да құқықтық қуаты зор болған.

6) қазақ билері дауласушы тараптардың қалауларына сай, өзара келісім бойынша сайланған. Ал егер де істі қараушы би тек бір ғана тараптың қалауымен таңдалса, оның шығарған билігі әділ деп саналмаған. Мұндай жағдайда іс қайта қаралатын болған. Өзара консенсус арқылы таңдалған би «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген ұстанымға берік болып, сол арқылы  сотта ұтылғандардың өзі шығарылған үкімнің әділдігіне ешбір күмәнсіз болған, себебі билік айтушы биді өзі қалап, оған билік айтуға құқық береді. Бұл дегеніміз қазақ қоғамында таңдау құқығының еркін қолданыста болғанын айғақтайды.

7) билер сотында апеляциялық құқық та сақталған, мысалы, дауласушы тараптар бидің айтқан билігіне риза болмаса, шағым беруге құқылы. Сонымен қатар, билер сотында ант беру рәсімі жүргізіліп, барлық қаралған істер бойынша қорғаушылар қатысқан.

Белгілі заңгер С. Зимановтың көрсетуінше, қорғаушы болуға Тәуке ханның «Жеті Жарғысының» талаптары барлық ниет білдірген адамдарды қатыстырған. Қорғаушылар барлық мүмкіндіктерді пайдалана отырып, айыпкерді қорғау құқығына ие. Егер қаралған іс бойынша куәгер болатын адамдар жоқ болса, ант, яғни жан беру рәсімі іске асырылады. Жан беруге дауласушылардың құқы жоқ. Айып тағылған адам үшін аймаққа, руға, елге танымал адамның оның кінәсіздігін көрсетіп, өз атынан ара түсуі және қорғауы. Жан беру рәсіміне беделсіз, елге танымал емес адамдар жіберілмейді. Себебі сенімсіз адамдардың жан беруі әділетсіз билік шығаруға жол ашуы әбден мүмкін.

 «Жеті Жарғыға» сай қазақ билері құқық бұзушыларға жаза белгілеуді жасаған қылмыстың ауырлығы мен қауіптілігіне байланысты жан жазасы, мал жазасы, ар жазасы деп белгілеген. Жан жазасы атынан көрініп тұрғандай, қылмыскер өлім жазасына кесіледі, бұл «қанға қан, жанға жан» ұстанымының жүзеге асу көрінісі. Сонымен қатар, көтеріліс жасап, бүлік шығарғандар, еліне опасыздық жасағандар өлім жазасына кесілген. Үкім түрлі жолдармен орындалған (ат құйрығына байлап жіберу, садақпен ату, арқанмен қылқындырып өлтіру т.б.).

Ар жазасына келсек, ол негізінен адамның абырой-намысына тиетін, немесе оғаш қылықтар жасағандарды халық алдында ұялтып, өзгелерге сабақ ретінде қолданылған. Мысалы ата-анаға, қарияларға тіл тигізіп, қол көтергендер, түрлі оспадар іс-әрекетке барғандар т.б. Ар жазасы масқаралау және елден қуу арқылы орындалған. Масқаралау үшін айыпты адамның мойнына құрым киіз ілініп, бетіне күйе жағып, есекке немесе өгізге теріс қаратып мінгізіп, ауылды айналдыра алып жүреді. Ол елге мазақ болып, қарабет атанады. Осылайша, айыптыны ел алдында ұялтып қана қоймай, одан екінші рет нашар қылыққа бармайтыны туралы уәде алынады, халық алдында кешірім сұратады. Ал елден қуылу қазақтар үшін тіптен ауыр жаза болған. Жазаның бұл түрі аз қолданылған.

Билер құн дауларын негізінен «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», Тәуке ханның «Жеті Жарғысын» басшылыққа ала отырып шешкен. Осы жерде аталған заң жинақтарында адам өліміне немесе тәнге жарақат салғаны үшін қандай жазалар белгілегеніне қысқаша тоқталғанымыз жөн сияқты. Дәстүрлі қазақ қоғамы туралы зерттеуінде А.И.Левшин «Жеті Жарғыға» сілтеме жасай отырып, «жанға жан, қанға қан» ұстанымы бойынша өлген адамның туыстары кісі өлтірушіні өлтіруге құқылы, ал қолын, аяғын, құлағын кескендердің сондай дене мүшелерін шауып тастауына құқығы бар екендігін көрсетеді. Сонымен қатар, мұндай қанды жазалар айыптаушылардың келісімі бойынша бидің шешімімен жұмсартылып, айыпты жасаған қылмысы үшін белгіленген құн төлеу арқылы жазасын өтейді.  Құн төлеу арқылы кісі өлтіруші өзінің  өмірін сақтап қалады, яғни, ер адам үшін 1000 қой, әйел үшін 500 қой төлеуі тиіс. Басқа біреуге дене жарақатын салғаны үшін немесе қандай-да бір дене мүшесін шауып тастағаны үшін белгілі бір мал санын төлеуі тиіс. Бас бармақ 100 қой тұрса, кішкене саусақ 20 қой тұрады, және сол сияқты…



11-билет

1.Билердің қазақ қоғамындағы рөлі мен қызметі

Би — дәстүрлі қазақ қоғамының саяси-әлеуметтік жүйесіндегі демократиялық биліктің иесі. Зерттеуші ғалымдардың, әсіресе, В.В. Бартольдтың пікірінше, “би” сөзі шамамен 14 — 15 ғасырларда ежелгі түркі тіліндегі “бек” атауының бір нұсқасы ретінде пайда болып, басқарушы, ел билеуші мағынасын білдірген. Кейіннен бастапқы семантикалық-тілдік реңкінен ажырап, көбінесе, дау-жанжалды шешіп, кесімді төрелік айтушы, әділ үкім шығарушы адамды бейнелеу үшін қолданылған. 17 ғасырда өмір сүрген Махмұд ибн Уәлидің“Бахр әл-асрар фи манақиб әл-ахйар” атты еңбегінде “жоғарғы мәртебелі әмірлер мен елге сыйлы, пендәуи тірліктен азат адамдардың” барлығы би аталғанын жазады. Ал қазақ халқының дәстүрлі түсінігінде бұл атау төрт түрлі мағынада:

  1. ел билеушісі, иелік етуші;

  2. сот, төреші;

  3. батагөй, шешен;

  4. бітістіруші дипломат, елші ретінде ұғынылған.

Бидің қоғамдағы рөлін жан-жақты түсіну үшін қазақ халқының тарихи-әлеуметтік даму кезеңдерінің ерекшелігін жете ескеру шарт. Өйткені, ежелгі дәуірлерден 19 ғасырдың басына дейін қазақ қоғамы саяси потестарлы билік жүйесінің негізінде дамығаны белгілі. Ең төменгі (бұқаралық) билікті ауыл-аймаққа, ру-тайпа ішіне сыйлы, өмірлік тәжірибесі мол ақсақалдар атқарса, орта буындағы, яки, потестарлы билік тізгінін ру-тайпа басылары — билер уысына ұстады. Ал мемлекеттік және мемлекетаралық деңгейдегі мәселелерді қамтитын жоғары билікті төре тұқымы —хандар мен сұлтандар иеленген. Міне, күллі қазақ қоғамының елдік тұтастығы осы соңғы екі билік жүйесінің өзара тепе-теңдігі мен бір-біріне қарама-қарсылығы принциптеріне негізделді. Әлеуметтік құрылымға арқау болған рулық-тайпалық жүйенің өзі айқын қандас туыстардың ұйымы емес, саяси-әскери және шаруашылық қауымдастық қызметін ғана атқарды. Сондықтан қоғам болмысындағы рулық негіз мемлекеттік институттардың нығайып, жеке-дара үстемдік құруына қай кезде де мүдделі болған емес. Халықтың қалың бұқарасына жақын әрі оның тікелей қолдауына арқа сүйеген потестарлы билік иелері, яки ру-тайпа басылары — билер мен батырлар хан-сұлтандардың билігін белгілі бір дәрежеде шектеп отырды. Сол арқылы олар өздерінің әлеуметтік-саяси статусын нығайтып, абырой-беделге кенелді. Әйтсе де, ерекше әлеуметтік жік ретінде билерді тарих сахнасына шығарған рулық құрылым өзіне субэтникалық-әлеуметтік топтарды тарта отырып, қоғамды ұйымдастырушылық, мемлекеттілік нышандарын нығайтушылық қызметін атқарды.

Мұрагерлік салтымен дала жұртын ғасырлар бойы билеген Шыңғыс хан ұрпақтары — төрелер тұқымы хандық биліктің бұлжымауы үшін билердің әкімшілік, әлеуметтік-саяси және мәдени рөлімен санасуға тиіс болды. Мысалы, ортағасырлық жәдігер — “Нұсратнаменің” авторы: “Әбілхайыр хан өлгеннен соң оның ұлы Шейх Хайдар хан болды. Оның заманында ұлы бек-билердің абыройы мен атағын һәм олардың мархабалы ру-ұлыстарын құрметтеу тәмамдалды да, содан ханның құдіреті күн санап кеми берді” деп жазады. Хандық билік жүйесінде бидің ерекше беделді тұлға болғандығын айғақтайтын жазба деректер де, ауыз әдебиетінің нұсқалары да жетерлік. Қазақтың алғашқы заңгерлерінің бірі Д. Сұлтанғазин “Бұрынғы замандағы қазақтардың билік қылуы” атты мақаласында: “... бағзы билер болыпты, бек білімді, атақты һәм ақылды, әділетті, көпті көрген және іс бітіргенде әдет рәсімдерін тегіс біліп, әр жұмысты қара қылды қақ жарып орнына келтіреді екен..., һәм солардың бітірген жұмыстарын ұлы хандары да әрқашан бұзбайды екен... Сондай билер турасында қазақтың мақалы да бар. Батыр мен биді салыстырғанда, биді қатты артық көретінін білдіретін сол мақалы мынау: “Батыр деген бір барақ ит, екі қатынның бірі табатын, би деген бір ақсарағат, бүтін елден біреуі ғана табатын” дейді (“Дала уәлаятының газеті”, 1888, ғ51). Билердің батыр, бай, т.б. әлеуметтік жіктерден ерекше құрметтелуінің бірнеше тарихи себептері бар.

  • Біріншіден, би мемлекет басқару жүйесінде кейбір айрықша құқылар иеленді: “Жеті Жарғы” қағидаларына сай ол өзіне бағынышты ру-тайпа шегінде сот және әкімшілік билік (ханмен қатар) жүргізді. Сот төрелігін жүзеге асыратын болғандықтан, би халықтың әдет-ғұрпын, салт-рәсімін, жол-жосығын жатқа білуге, дауласқанға әділдікпен жөн сілтеп, адасқанға даналықпен жол көрсетуге, әсіресе, “тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ” деген құқықтық-гуманистік принциптен айнымауға тиіс еді.

  • Сонымен қатар би ру-тайпаның басшысы ретінде әкімшілік қызметті де қоса атқарып, өз қауымының тұрмыс-тіршілігін қадағалап, тәртіп-талабына жауапты болды. Осылайша олар билеуші хандардың халық арасындағы сенімді тіректеріне айналып, саяси бедел иеленді, сұлтандармен тең құқылы дәрежеде мемлекеттің мәселелерді талқылауға қатысты. Ел ішіне биліктілігімен, қара қылды қақ жаратын әділдігімен, тура жолдан таймайтын адалдығымен даңқы тараған Төле би, Қаз дауысты Қазыбек би, айыр тілді Әйтеке би, т.б. саңлақтар хан жанындағы билер кеңесінің құрамына енді. Олар нақты тарихи-әлеуметтік ахуалға қатысты жол-жоба белгілеп, заңи жосындар қабылдады, мәні ескіріп, маңызы кеміген қағидаларды елдік мүдде тұрғысынан қайта қарап, жаңасын қолданысқа енгізіп отырды. Тіпті, ханның ішкі және сыртқы саясатына, әскери доктринасына тікелей ықпал етіп, өзгерістер енгізе алған. Мәселен, 1695 ж. Қазақ Ордасында болған орыс елшілеріФ. Скибин мен М. Трошин “... Тәуке хан Қазақ Ордасының таңдаулы адамдарын өзіне шақырып алды да, біздің — Федка мен Матюшкенің — көзімізше, әлгілерден мына біздерді ұстап қала ма, әлде жібере ме, Русь қалалары мен слободкаларына соғыс ашып бара ма, әлде бейбіт тұра бере ме, соны сұрап алды” деп жазады.

  • Үшіншіден, ел тағдыры сынға түскен жаугершілік замандарда билер батыр-баһадүрлермен қатар атқа қонып, қарамағындағы тайпаластарынан жасақ құрып, мемлекет тұтастығын, ұрпақтар азаттығын қорғауға ұйытқы болған, қолбасшылық қызмет атқарған.

  • Төртіншіден, би — дипломат, елші. Ел бірлігіне, ұлт тұтастығына нұқсан келтірер ағайын араздығын басып, руаралық дау-жанжалдарды бітістірумен шектелмей, қазақ ұлысының көрші мемлекеттермен қарым-қатынас жасап, әр түрлі байланыс орнату ісінде де ханға көмекші әрі кеңесші қызмет атқарғаны белгілі. Мысалы, Абылай хан 1743 ж. жоңғар басқыншыларының қолына түскен кезде Қаз дауысты Қазыбек би Ресей үкіметі жолдаған секунд-майор Миллер экспедициясының құрамында елшілікке барған. Қалдан Серен қазақ еліне қадірі асқан бидің “біз, қазақ, мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз, басымыздан құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз, достықты сақтай білген елміз, дәм-тұзды ақтай білген елміз” деп тақпақтай сөйлеп, тайсалмай талап қойғанына разы болып, хан басына азаттық берген.

  • Бесіншіден, би атағы мұрагерлік заңымен берілетін лауазым емес. Көшпелілер мәдениетінің ерекше қыры — шешендік өнерді меңгермейінше, тек әдет жосындарын жетік біліп, әділет принципін ұстану арқылы ғана би атану, ел сенімін иелену мүмкін болмаған. Халық арасында бір ауыз сөзбен құн кешіп, жалғыз уәжбен дау шешкен ділмарлардың аты ардақталып, төрелік істері үлгі-өнеге тұтылған.Абылай хан Әйтсе де, қазақ тарихында атадан балаға билік тізгінін жалғап, бірнеше ұрпағы ел ішінде би атанған әулеттер өткен. Мұндай айрықша қасиет дарып, абырой қонған әулет билігін халық шынжырқатар деп атаған. Билердің әлеуметтік-саяси статусы қазақ ұлысының тарихындағы әр қилы өтпелі кезеңдерге, алмағайып уақиғаларға байланысты өзгеріп отырған. Әсіресе, орталықтандырылған хандық биліктің пәрменін нығайтуды талап ететін әскери-жорық жылдарында плебисцитарлық, яки халықтық демократияның классикалық үлгісі ретіндегі би билігі — төрелік ету, әкімшілік басқару рөлі төмендей түскен. Мысалы, Шыңғыс ханның, сондай-ақ, хандық билікті қалпына келтіру үшін күрескен Кенесарының тұсында билер өкілеттілігін шектеп, сұлтандар мен қол бастаған батырларға басым билік берілген. Әсіресе, патшалық Ресейдің отаршылдық пиғылмен жүргізген құқықтық-әкімшілік реформалары қазақ даласындағы дәстүрлі саяси құрылымды түбірінен өзгертті.

  • 1822 жылғы реформадан кейін хандық билік жүйесі күйреді. Ал билер институты 19 ғасырдың аяғына дейін формальді түрде өмір сүрді.

  • 1854 жылдан бастап би атағын сұлтандар мен ауыл ақсақалдары қоғамдық сайлау арқылы, округ басшыларының бекітуімен алды.

  • 1868 ж. 21 қазандағы “Далалық облыстарды басқару туралы ереже” бойынша, би атағы уақытша, тек қызметтік лауазымды атқару барысында ғана берілетін болды.

Ресей патшалығының қазақ даласын отарлау саясатын түбегейлі жүзеге асырған құжат — 1891 ж. 25 наурыздағы “Ақмола, Семей, Жетісу, Орал және Торғай облыстарын басқару туралы ереже” дәстүрлі потестарлы билік жүйесін толық істен шығарып, би лауазымын жойды. Тәуелсіздік алып, дербес даму жолына түскен Қазақстан жұртшылығы замана талабына сай мемлекеттік жүйе мен саяси құрылым қалыптастыру үшін дәстүрлі құқықтық мәдениеттің демократиялық-гуманистік принциптерге құрылған билер төрелігі тәрізді жекелеген институттарын қайта жаңғырту қажеттігін жақтады. Елдің сот жүйесінде билер институты қалпына келтіріп, оған жергілікті заң бұзушылық көріністеріне, неке дауы, отбасы, ағайын-туыс араздығы тәрізді келеңсіздіктерге төрелік ету функциясын беру туралы ұсыныстар жасалды (1999)

2.1916 Жылғы жетісудағы көтерілістің ерекшеліктері мен салдары

Жетісудағы көтеріліс.


1916 жылғы шілде-тамызда Жетісу облысындағы қарулы көтеріліс бұқаралық сипат алды.

Жетісу облысының генерал-губернаторы Фольбаум ұлтаралық қақтығыстар туғызу үшін арандату шараларын қолданды:

1. қоныстанушылар ауылдарындағы орыс кулактарын қаруландырды Қапал, Лепсі, Жаркент, Пржевальск уезд бастықтарынан жергілікті халыққа ойран салуды ұйымдастыруды талап етті.
2. қырғыздардың топтасып, бас қосуын бүлік деп санап, басып – жаныштады.
3. көтеріліс басшыларын тұтқындап дала сотына беріп, дереу дарға асуды ұйымдастырды.

Ұлтаралық араздықты күшейту мақсатында Түркістан архиепископы православие халқын қазақ және қырғыз еңбекшілерін жазалауға шақырды.


Осыған қарамастан көтеріліс үдей түсіп, Шу өзені мен Ыстық көлге жақын бүкіл аймақты қамтыды. 10 мыңнан астам қырғыз және қазақ көтерілісшілері Тоқмақты қоршады. Жаркент уезінде көтерілісшілер Таврия, Владислав, Мещеры, Краснодар, Новиков қоныстарын басып алды.

Революцияның ірі ошағы-қарқара аймағы болды. 5мың көтерілісшілер Қарқара жәрмеңкесін қоршап, Кравченконың жазалау отрядтарын талқандады. 1916 жылы 11 тамызда Лепсі уезінде Масловтың жЖетісудағы көтеріліс тарихын: 1) шілде - стихиялық наразылық көріністері, 2) тамыз - оның қарулы көтеріліске ұласуы және 3) қыркүйек-қазан - көтерілістің біртіндеп бәсеңдеуі және жеңіліс табуы деген кезеңге бөлуге болады. М.Тынышбаевтың мәліметі бойынша, 25 маусымдағы патша жарлығы Жетісу қалаларында 8 шілдеде белгілі болған. Облыстың жекеленген уездерінде жұмысшыларды шақыру туралы телеграммалар одан бұрын, 2 және 3 шілде де келіп түскен. Шілде айының бас кезінде-ақ толқулар Верный уезінің батыс және оңтүстік бөліктерін қамтып, оларда көтерілісшілерге Бекболат Әшекеев, Тоқаш Бокин, Аққоз Қосанұлы және басқалар басшылық етті. Соғыс ошағы ұлғайып, халық наразылығы үдеп кетуіне орай, патша үкіметі ендігі тұста көтеріліс қимылдарын басу үшін іс-шаралар қолдануды ұйғарды. Нәтижесінде 17 шілдеде Жетісуда жәнеТүркістан өлкесінде соғыс жағдайы жарияланып, патша үкіметі мұнда ірі әскери күштер алып келді. Әскери гарнизондарды нығайтып, Жетісудағы қоныс аударушы халықтың ауқатты топтарынан қазақ және қырғыз көтерілісшілерін жазалау үшін қарулы отрядтар құрды. Жетісу облысы Жаркент уезі көтерілісшілерінің Асы жайлауында, Қарқараның таулы алабында, Самсы, Кастек, Нарынқол, Шарын, Жалаңаш, Құрам елді мекендері аудандарында, Лепсі уезінің Садыр-Матай болысында және басқа жерлерде патша жазалаушылары менірі қақтығыстар болады. Осындай жағдайда Верный уезінде Б.Әшекеев Жетісудың бытыраңқы көтерілісшілер топтарын біріктіру үшін шаралар қолданып, 1916 жылғы 13 тамызда Ошақты деген жерде әр түрлі болыстар өкілдерінің съезін шақырады. Съезде тыл жұмыстарына адамдар алу туралы жарлық шығарған үкімет орындарына қарулы қарсылық көрсетуге дейін барып, бағынбауға шешім шығарды. Өз жақтастарымен Үшқоңыр тауындағы Ошақты сайына орнығып алған Б.Әшекеев қарулы қарсылыққа дайындала бастады, сонымен бірге көтерілісшілердің қатарын жаңа күштермен толықтыру жөнінде шаралар қолданды. Алайда, бұл әрекеттер айтарлықтай жетістіктер бермей Б.Әшекеев басшылығымен орын алған Жетісудағы ұлт-азаттық көтеріліс басылып-жаншылады. 7 қыркүйекте Верный қаласында Верный әскери гарнизонының соты болып, көтеріліс басшыларының бірі Б.Әшекеевті өлім жазасына кесіп, дарға асу туралы үкім шығарды. Соттың үкімін облыстың әскери губернаторы Фольбаум нақ сол күні бекітіп, үкім бір күннен соң, яғни 1916 жылғы 9 қыркүйекте Верныйдың жанындағы Боралдай деген жерде орындалады. Сотсыз және тергеусіз атылғандарды есептемегенде, сот үкімімен Түркістан өлкесінде 1917 ж. 1 ақпанына дейін 347 адам өлім жазасына, 168 адам каторгалық жұмыстарға, 129 адам түрмеге жабылуға кесілді. Патша өкімет орындары қудалаған 300 мың қазақтар мен қырғыздар немесе Жетісудың байырғы тұрғындарының төрттен бірі Қытайға қашуға мәжбүр болды.азалаушы отрядтары 220-ға жуық көтерілісшілерді оққа ұшырды.

Жетісудағы көтеріліс басшыларының бірі Т. Бокин үгіт жұмысына басшылық етіп, соғыстың халыққа қарсы сипатын түсіндірді. Феодалдық тобының сатқындық ролін әшкерелеп, патша жарлыған орындамауға шақырды. Ол 1916 жылғы тамызда революциялық қызметі үшін қамауға алынып, түрмеде Ақпан төңкерісіне дейін отырды. Жетісудағы көтерілісті басуға патша үкіметі жазалау экспедициясын жіберді. 14 батальон, 33 жүздік, 42 зеңбірек, 97 пулемет командасы. Жетісу көтерілісшілері патша әскеріне табандылықпен қарсылық көрсетті, бірақ күш тең болмағандықтан жеңілді.

Көтеріліс жетекшілерінің бірі Бекболат Әшекеевті 1916 жылы 9 қыркүйекте жазалаушылар Боралдай асуында дарға асты. Пржевальскіде Қытай азаматтығын алған 400 адам қаза тапты.


Сөйтіп, 1916 жылғы қазан айында Жетісу көтерілісі талқандалды.
Зардаптары: 1)Жетісу губерниясы 53 мың шаруашылыққа кеміді. 2)мал азайып, 1/3 бөлігі ғана қалды.

3.1917 жылдары құрылған саяси-демократиялық партиялардың құрылған аумақтарын карта бойынша белгілеңіз

1917 жыл Қазақстанда түрлі саяси ұйымдар мен партиялардың белсенділік танытуымен сипатталады. Олардың біразы Ресейдегі революциялык қозғалыстың тікелей ықпалымен бірінші орыс революциясы жылдарында-ақ қалыптаса бастаған. 1905 жылы социал-демократиялық топтар Верный, Қостанай, Перовск, Орал, Ақтөбе және Семей қалаларында қалыптаса бастайды. Олардың құрамында темір жол, баспахана, пошта және телеграф жұмысшылары, жергілікті зиялылар өкілдері болды. Басым түрде орыс және басқа славян тұрғындар өкілдерінен құралған бұл топтардың мүшелері өздерінің жабық құпия отырыстарында марксистік әдебиеттермен танысты және оларды халық бұқарасы арасында насихаттау ісін қолға алды.

12 билет

1.Әмір Темірдің Моғолстанға жасаған жорықтары

Әмір Темір өзінің Шағатай ұрпағының бұрынғы иеліктерінде бір орталыққа бағынған қуатты мемлекет құрмақшы болған мақсаттарына кедергі жасай алатын Моғолстанды әлсіретуді міндет етіп қойды. Ол жиырма жыл бойы Шу мен Талас өңіріне және Жетісуға үздіксіз шапқыншылықтар ұйымдастырып, оны Дешті Қыпшаққа, Хорезмге, Таяу және Орта Шығыс елдеріне жасаған жорықтармен кезектестіріп отырды. 1371 – 72 ж. Әмір Темір Моғолстанға әскер аттандырды. Бұл жорық кезінде Әмір Темір әскері Ыстықкөл өңіріндегі Сегізағашқа дейін жетіп, көп тұтқын мен мол олжа түсіріп қайтты. 1375 ж. жасалған жорық кезінде Әмір Темір әскері Талас алабы арқылы жүріп, Ілеге дейін жетті. Шарын өзені шатқалында Әмір Темір әскерінің Жаhангер бастаған алдыңғы қосынының Қамар Ад-Динмен шайқасы болды. Қамар Ад-Дин әскері осы шайқаста жеңіліс тауып, қашып құтылуға мәжбүр болды.

1376 жылдың көктемінде Әмір Темір Моғолстанға Қамар Ад-Динге қарсы 30 мың әскермен әмір Сасы Бұқа ханды, Әділ-шахты және басқа әмірлерін аттандырды. Бірақ әмірлері Моғолстанға жорық жасамай, Әмір Темірдің Хорезмге кеткенін пайдаланып, бүлік шығарады. Олар Моғолстанға Қамар Ад-Динге барып, оны Әмір Темірдің Мауераннахрда жоқтығын пайдалануға, сөйтіп Әмір Темірге қарсы қимылдарында өздерін қолдау үшін әскер жіберуге шақырды. Алайда, Мауераннахрға қайтып келген Әмір Темір Қамар Ад-Динді Нарын алқабында жеңіліске ұшыратты. Әмір Темір Қамар Ад-Динді 1377 ж. екі рет: біріншісінде – Қаратау етегінде, екіншісінде Шу алқабынан Ыстықкөлге баратын жолдағы Бұғым шатқалында талқандады. Әмір Темірдің 1383 ж. жасаған жорығы кезінде де Моғолстан әскері ойсырай жеңілді. Қамар Ад-Дин болса осы кезде Жетісудың солтүстігіне кетіп үлгерген еді. Ол кейіннен Дешті Қыпшақтағы Тоқтамыс ханға барып, онымен Әмір Темірге қарсы бірлесе күресуге келіседі.

1389 ж. Әмір Темір Моғолстанға жаңа жорық ұйымдастырды. Оның бұл кезде Моғолстандағы басты қарсыластары Енге төре мен Қызыр Қожа хан еді. Әмір Темір әскері Моғолстанға Қаратауды теріскей бетінен айналып, содан соң Шу өзенін бойлай жүріп өтті. Іле өзенінен өткеннен кейін Аягөзге жетіп, онда Әмір Темір өз әскерін екі бөлікке бөлді. Әмір Темірдің өзі Тарбағатайдың батыс жағына бет алды. Омар-Шайх әскердің екінші тобымен Көбік өзеніне дейін жетіп, онда үлкен шайқаста Енге төренің әскерін талқандады. Қызыр Қожа хан Шығыс Түркістанға барып паналап, көп ұзамай ол жерден де қашуға мәжбүр болды. 1390 ж. Әмір Темір Самарқанға оралуға бет алды.


Әмір Темірдің Моғолстанға жасаған жорықтары сол тарихи кезеңде Оңт.-Шығыс Қазақстанның экон. және демогр. жағдайына теріс әсер етті. Әмір Темірдің қайтыс болуы Моғолстанды түпкілікті бағыну қатерінен сақтап қалды.



2.1916ж Торғай облысындағы көтерілістің барысы, ерекшеліктері мен маңызы\

Торғайдағы көтеріліс.


Торғай облысындағы көтеріліс ең бұқаралық, ең ұзаққа созылған, ең табанды және билік бір орталықтан жүргізіліп, ұйымдасқан көтеріліс болды. Бұл Торғайдағы көтерілісінің ерекшелігі еді. Көтеріліс барлық уездерді: Торғай, Ырғыз, Ақтөбе, Қостанай уездерін қамтыды. Облыста көтеріліс қамтымаған ауыл немесе елді мекен болмады. Көтеріліске, сондай-ақ Сырдария, Ақмола, Семей болыстарының көтерілісшілері де қатысты.

Торғай облысының әскери губернаторы М. М. Эверсманға қазақ еңбекшілерінің қару алып, жаппай көтерілгендігі туралы хабарлар күнбе-күн түсіп жатты. Көтерілісшілер поштаға шабуыл жасады, темір жол табанын бұзып, болыс басқармаларын ойрандады, болыстарды өлтірді. Көтеріліс бүкіл облысты қамтыды. 1916 жылы Торғайда болған көтеріліске жұрт арасында танымал халық батыры Аманкелді Иманов басшылық етті. Ол 1873 жылы Торғай уезінің Қайдауыл болысындағы ауылдардың бірінде кедей шаруаның отбасында туған еді. Әкесінен ерте айрылған Аманкелді байлардың есігінде жүріп, бала күнінен – ақ жоқшылық пен мұқтаждық көріп өсті.

Аманкелді Имановтың ұйымдастырушылық қабілеті халық көтерілісінің алғашқы күндерінен бастап-ақ айқын көрінді. Оған Торғай облысындағы уездерден ғана емес, сонымен бірге Сырдария, Ақмола, Семей облыстарынан көтерілісшілер ағылып келіп жатты. Егер 1916 жылы қыркүйекте көтерілісшілер саны – 20 мыңға жетсе, ал 26 қарашада – 50 мыңға жетті.

1916 жылы 22 қазанда Аманкелді басшылығымен 15 мың көтерілісші Торғай қаласын қоршады. Оған қарсы генерал А. Д. Лаврентьевтің 9 мың адамдық жазалаушы тобы жіберілді. Корпустың келе жатқаны туралы деректер алғаннан кейін көтерілісшілер Торғайды қоршауды қойып, қарашада Түнқойма почта станциясының маңында подполковник Катоминнің отрядына шабуыл жасады. Көтерілісшілердің негізгі бөлігі Амангелдінің штабына орналасқан Батыс қара жазығы мен Аққұм құмының маңына шоғырланып, партизандық күрес әдісіне көшті. 1916 жылғы қарашасы – 1917 жылғы ақпаны аралығында, Аманкелдінің серігі, атақты мерген Кейкі батыр жасағы ерекше ерлік көрсетті. Торғай даласында А. Имановпен бірге көтеріліске басшылық етіп, оның дүниетаны мен қалыптастыруға зор ықпал еткен большевик Әліби Жангелдин (1884-1953 жж. ) болды.



3.Суретке қарап отырып, оқиғаны сипаттаңыз

Бұл суретте Арал теңізінің проблемасы бейнеленген. Арал теңізі суының тартылуы тек Қазақстанға ғана емес, бүкіл Орталық Азия өңіріне үлкен экологиялық апат әкелді.


Арал теңізінің суы үш есе азайып, бұрынғы жағалаудан кей жерлерде 80 шақырымға дейін ысырылып, деңгейі 49 метрлік белгіге дейін төмендеді. Теңіздің құрғап қалған табанының өзі 30 мың шаршы шақырымға жетті. Одан ұшып жатқан тұзды боран мыңдаған шақырымға дейінгі жер бетін басып, қоршаған ортаны әбден бүлдірді, мұздықтарды ерітті, даланың шөбін, егінді тұздандырды. Оның құрамында минерал тыңайтқыштардан қалған химиялық ұлызаттарда мол болды.Арал өңірінің шаруашылығыда қатты зардап шекті. Бұрын балық шаруашылығымен айналысып келген мыңдаған адамдар жұмыстан айырылды. Елдімекендеркаңырапбосжатты. Халықтұрмысымейліншенашарлады. Соныңсалдарынанадамдардыңденсаулығынакаттызиянкелді. Өкпе, ентікпеауруларыбірденкөбейіп, балаларөлімікүртжоғарылады.

13 билет

1.ХХ ғ басындағы Қазақстанның экономикалық жағдайы

Әлеуметтік-жағдай

XX ғасыр басында қазақ өлкесі 6 облыстан тұрды:


Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет