Қыз аттаған келін боп, ақ босаға, мерейлі бақ босаға



Дата11.12.2021
өлшемі14,09 Kb.
#99324
Байланысты:
Қыз аттаған келін боп
Философия бак., 6 Теория жинақ @megamath.kz, 5 апта тіл дамыту, Лекция-4

Қыз аттаған келін боп, ақ босаға,

Ақ босаға, мерейлі бақ босаға.

Қасиетті халқымның дәстүріне,

Куә болып ғасырлар жатты-ау сірә

Қариялар батасын береді екен,

Бата деген ақ тілеу керек екен.

Жақсы дәстүр, жақсы сөз, игі тілек,

Ұрпақтарға жалғасып келеді екен.

Қайырмасы:

Пай-пай шіркін, қазақтың келіндері,

Көл-дәрия секілді пейілдері.

«Абысын тату болса, ас көп» деген,

Мақалдың айтылуы тегін бе еді.

«Абысын тату болса, ас көп» деген,

Мақалдың айтылуы тегін бе еді.

Татулықпен тамсытқан ауылымды,

Ардақ тұтқан аға, іні, бауырымды.

Ізеті мол қазақтың келіндері,

Бағалаттың баршаға қадіріңді.

Қайырмасы:

Пай-пай шіркін, қазақтың келіндері,

Көл-дәрия секілді пейілдері.

«Абысын тату болса, ас көп» деген,

Мақалдың айтылуы тегін бе еді.

«Абысын тату болса, ас көп» деген,

Мақалдың айтылуы тегін бе еді.

Пай-пай шіркін, қазақтың келіндері,

Көл-дәрия секілді пейілдері.

келіндер арқасында босағадан,

Іргесі құда-жекжат сөгілмеді.

«Абысын тату болса, ас көп» деген,

Мақалдың айтылуы тегін бе еді.

келіндер арқасында босағадан,

Іргесі құда-жекжат сөгілмеді.



«Абысын тату болса, ас көп» деген,

Мақалдың айтылуы тегін бе еді.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет