Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы


Балажарма – канал. Сырдария алабында. Баланды күмбезі



бет8/14
Дата23.10.2016
өлшемі2,27 Mb.
#63
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14

Балажарма – канал. Сырдария алабында.

Баланды күмбезі – б.з.б. 4-2 ғасырлардан сақталған сәулет өнерінің ескерткіші. Баланды мекенінде. Алғаш зерттеген Хорезм экспедициясы (жетекшісі С. П. Толстов). Ғимарат құрылысы дөңгелек, диаметрі – 16 м, сақталған қабырғаларының биіктігі – 4,5 м, іргелігі пахсадан, жоғарғы жағы шикі кірпіштен қаланған. Құрылыс ғибадат етуге арналған болуы керек, өйткені ешқандай қабір табылған жоқ. Ал, жан-жағындағы шеңбер бөліктері сияқты бөлмелерде ғана қабірлер бар. 20-ғасырдың 50-жылдары қазба жұмыстарын жүргізген профессор С. П. Толстов қабырғаның жоғарғы жағында сақталып қалған кірпіштердің көлбеу қаланғанына қарап, ғимараттың күмбезді болғанын анықтады. Бұл ғимарат сол замандағы әлемдік сәулет өнеріндегі бірден-бір күмбезді құрылыс. Ескерткіш Сырдария бойын мекендеген апасиактардан (су сақтарынан) қалған.

Балшынбұлақ – артезиандық құдық. Қызылқұмның солтүстік бөлігінде, Тұран ойпатында. «Балшын есімді кісінің бұлағы» мәніндегі атау.

Барбол – құдық. Сырдария өзенінің аңғарында, Тұран ойпатының шығыс бөлігінде. Кісі есімінен қойылған атау.

Бәбіш молда – б.з.б. 4-2 ғасырлардан сақталған археологиялық ескерткіштер кешені. Сырдарияның көне арнасында орналасқан. 1950 жылы Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясы (жетекшісі С.П.Толстов) зерттеген. Ескерткіштер тобына қала-бекіністер, жерлеу құрылыстары, бірнеше қоныстар және суландыру жүйелерінің қалдықтары жатады. Бәбіш молда ескерткіштер кешеніндегі бекініс-қала қалашығы пахсалы (жасанды) биіктікте орналасқан, күйдірілмеген кірпіштен қаланған қамалмен қоршалған.

Бәйбіше – таулы жота. Арал Қарақұмы мен Бетпақдала аралығында солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 25-27 км-ге созылған, абс. биіктігі – 254 м.

Бекалы – бейіт. Сырдария өзенінің аңғарында, Тұран ойпатының шығыс бөлігінде. Ру атынан не кісі есімінен қойылған атау.

Бектібай – құдық. Арал Қарақұмының оңтүстігінде, Тұран ойпатының шығыс бөлігінде. Тереңдігі – 6 м, шығымы – 500 л/с. Кісі есімінен қойылған атау.

Белтақыр – темір жол бекеті. Байқоңыр қаласынан оңтүстікке қарай 41 км жерде. «Бел етегіндегі тақыр» мәніндегі атау.

Бестамқала – ортағасырлық қала орны. Қызылорда қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 240 км жерде, Жаңадарияның құрғап қалған арнасының бойында. 12-13 ғасырларда өркендеген қаланың ауданы – 390 х 300 м, айнала екі қатар дуалмен, терең ормен қоршалған. Қала ішінде төртбұрышты үйлердің орындары сақталған. Қорғанға сырттан солтүстік және оңтүстік қабырғалардағы дарбазалар арқылы кіретін болған. Аршылған екі үйдің орны мен ошақтың орнынан сырлы қыш ыдыстар, металдан жасалған дөңгелек қалқанның, тас ыдыстардың, көгілдір моншақтың сынықтары, жебе сабы мен ұштары, темір қорытпалары, т.б. табылған.

Борлы – құдық. Тұран ойпатында, Қызылқұмның солтүстік бөлігінде. Құдық маңының борлы боп жатуына орай қалыптасқан атау.

Бостандық – темір жол бекеті. Байқоңыр қаласынан солтүстік-батысқа қарай 20 км жерде. Кеңес дәуірінде қойылған атау.

Бірлік – елді мекен атауы. ІІІ Интернационал ауылдық округінің құрамында. Ауылдық округтен 3 шақырым қашықтықта орналасқан. Елді мекеннің Бірлік деп аталу себебі, бұл елді мекенде бірлігі, ынтымағы жарасқан 13 ұлттың өкілі еңбек етеді.

Дауылкөл – ауылдық округ атауы. Орталығы – Тұрмағамбет ауылы. Аудан орталығынан 70-75 шақырым қашықтықта орналасқан. Дауылкөл деп аталу себебі, ауылдан 4-5 шақырым жерде Дауылкөл деген көл бар, сол атауға байланысты берілген.

Диірментөбе – теміржол бекеті, Жосалы кенті әкімшілігіне қарайды, аудан орталығынан батысқа қарай 51 шақырым жерде орналасқан.

Ерте замандарда Түркісіб теміржолы салынғанға дейін сол жерде алыстан қарағанда диірменнің тасындай екі төбе болған, соған байланысты аталса керек.



Дүр Оңғар – ауыл, Жаңажол ауылдық округінің орталығы. Аудан орталығынан 35 шақырым қашықтықта орналасқан. Ауылдық округтің әкімшілік-аумақтық бірлігінде Дүр Оңғар ауылынан 15 шақырым жердегі Смайыл тамы және 12 шақырым жердегі Шалқар елді мекендері кіргізілген. Смайыл тамы деп аталу себебі, ол жерде Смайыл деген молда, оқыған кісі тұрған. Ал Шалқар елді мекені деп аталу себебі, кезінде комсомол жастардың Шалқар атты бригадасы болған.

Егізқақ – артезиандық құдық. Қызылқұмның солтүстік бөлігінде.

Елшібай – жолайрық. Байқоңыр қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 9 км жерде. Кісі есімінен қойылған атау.

Емталы – қыстау. Жосалы ауылының оңтүстік-шығысында, Сырдария өзенінің аңғарында.

Ерімбет - қыстау. Қызылқұмның солтүстік бөлігінде, Қуаңдария өзенінің бойында. Кісі есімінен қойылған атау.

Есентөбе – артезиандық құдық. Қызылқұмның солтүстік бөлігінде. «Есеннің төбесі» мәніндегі атау.

Жалпақасар – қорған (б.з.б. 3 ғ.- б.з. 3 ғ. ежелгі қала орны. Жосалы темір жол бекетінен оңтүстік-батысқа қарай 45 км жерде, Жосалы даласында орналасқан. Қорғанның абс. биіктігі – 113 м. Жалпақасарды 1946-48 жылдары Хорезм археологиялық экспедициясы (жетекшісі С. П. Толстов) зерттеген. 1949-66 жылдары Л. М. Левина зерттеу жұмысын жүргізді. Қала үйлері мен қорғандары сабан араластырып құйған күйдірілмеген кірпіштен тұрғызылған. Қазба барысында әр түрлі пішіндегі көзе, құмыралар, мал сүйектері табылды. Қоныстан табылған заттарға қарағанда, Жалпақасардың халқы мал шаруашылығымен айналысып, егін еккен. «Көсіліп жатқан кең сар дала, иен (ен) дала (жайлау)» мағынасындағы атау.

Жаманқоныс – төбе. Қызылқұмның солтүстік бөлігінде. Абс. биіктігі – 128 м.

Жаңадария – құрғақ арна. Тұран ойпатында, Қызылқұмның солтүстік бөлігінде.

Жаңажол – ауыл. Жосалы кентінен оңтүстікке қарай 30 км жерде, Сырдария өзенінің сол жағалауында орналасқан. Іргесі 1928 жылы ұсақ артельдердің бірігіп, «Энгельс» күріш өсіру ұжымшарын құруға байланысты қаланып, ұжымшар атымен аталды. Ауыл жанын жаңадан үлкен жол түскендіктен қалыптасып кеткен атау не кеңес дәуірінде қойылған әлеуметтік топоним.

Жаңақола – қыстау. Тұран ойпатында, Қызылқұмның солтүстік бөлігінде.

Жауымбайбұлақ – артезиандық құдық. Қызылқұмның солтүстік бөлігінде. «Жауымбайдың бұлағы» мәніндегі атау.

Желдібай – артезиандық құдық. Қызылқұмның солтүстік бөлігінде. Кісі есімінен қойылған атау.

Жетіасар – б.з.б. 3-1 ғасырлардағы қаңлы тайпалары қоныстарының орны. Жосалы темір жол бекетінің маңындағы бір-біріне жақын бірнеше қоныстардан тұрады. Осы қоныстың бірі көлемі жағынан үлкен, орташа қоныс болып, онда тайпа ақсүйектері тұрғанға ұқсайды. Срңғы жылдары оның орнын қазғанда, сол кезде салынған үйлердің қабырғаларынан әдемі ою-өрнекті әшекейлер табылды. Осы аймақты мекендеген қаңлылар Қаратау мен Сырдарияның орта саласында да тұрған. Ертедегі қытай деректеріне қарағанда, олардың тайпалық бірлестігі бес «кіші иеліктен» құрылған. Қоныстарда 120 мыңдай түтін болған.

Жиделі – құдық. Арал Қарақұмының оңтүстігінде, Тұран ойпатында. Тереңдігі – 4 м, шығымы – 300 л/с.

Жосалы – дала. Қызылқұм мен Сырдарияның қазіргі атырауы аралығында жатқан батпақты жазық. Дала Сырдарияның төменгі ағысының сол жағалауында, оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай 60 км-ге созылып жатыр. «Жоса көп өскен жер» мәніндегі атау.

Жосалы – ауыл, өзімен аттас ауылдық округ орталығы. Аудан орталығынан 24 шақырым қашықтықта орналасқан. Жосалы деп аталу себебі, осы ауыл орналасқан жерде жоса алынатын (қызыл түс) топырақты төбе болған.

Жуантөбе – тау. Байқоңыр қаласынан солтүстікке қарай 135 км қашықтықта, Арал Қарақұмында. Абс. биіктігі – 136 м. Жуан және төбе сөздерінен жасалған. «Бас жағы үшкір емес, доғал біткен, жалпақ үлкен төбе, тау, адырлар» мәніндегі атау.

Жусандала – көне қамал орны. Жусалы кентінен оңтүстік-батысқа қарай 12 км жерде орналасқан. 1946 жылы ғалым Н. И. Суворов қамал орнынан археологиялық заттар жинады. Ошақ орындары мен көмбелерден алынған бұйымдардың ішінде арпа, тары секілді дәнді дақылдардың барлығы анықталды. «Жусан өсімдігі өсетін жер, дала» мағынасындағы атау.

Жусанды – Қызылқұм құмы мен Сырдарияның қазіргі атырауы аралығында жатқан батпақты жазық. Сырдарияның төменгі ағысының сол жағалауында, оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай 60 км-ге созылып жатыр. Абс. биіктігі – 102 м. Жазық беті сәл ғана тілімденген, Сырдарияның ежелгі Қуаңдария және Ескідария арналарына бойлай түзілген. Жусандының біраз бөлігінде күріш өсіріледі.

Жылқаш – бейіт. Сырдария өзенінің аңғарында, Тұран ойпатының шығыс бөлігінде. Кісі есімінен қойылған атау.

Иіркөл – ауыл, өзімен аттас ауылдық округтің орталығы. Жосалы кентінен оңтүстікке қарай 17 км жерде орналасқан. Іргесі 1950 жылы «Молотов» атындағы мал және егін шаруашылығымен айналысатын ұжымшар болып құрылған. 1988 жылға дейін Байқоңыр полигонына бағынышты «Октябрь» әскери кеңшары болып келді. Ауыл 1973-96 жылдары қой өсіруге маманданған өзімен аттас кеңшардың орталығы боған.

Калинин – ауыл. Жосалы кентінен батысқа қарай 10 км жерде, Сырдарияның оң жағасында. Бұрынғы атауы – Кеңтоғай ауылы. Кеңес өкіметінің қоғам қайраткері М.И.Калининнің фамилиясынан қойылған атау.

Кәмектің сайы – құрғақ арна. Тұран ойпатында, Қызылқұмның солтүстік бөлігінде.

Кекірелі – жер, елді мекен атауы. Байқоңыр қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 196 км жерде, Қызылқұмның қиыр солтүстік бөлігінде, Көмекбаев ауылдық округінің оңтүстігінде 140 км жерде жатыр. Шағын елді мекенде 3 шақты адам ғана тұрады. Кезінде Кекірелі «Жаңақала» кеңшарының қой фермасы және жазғы жайлау, қысқы қыстау орны болған. Осы жерден солтүстік-шығысқа қарай 18 км жерде сексеуіл тоғайы орналасқан. Төңірегінде бірнеше артезиан құдықтары бар. Құмды өңірдің Кекірелі аталуы, мұнда кекіре өсімдігінің ерекше көп өсетін орны болған. Сырдарияның сол жағалық тармағы – Жаңадария өзенінің суы 20-ғасырдың орта кезінде осы Кекіреліге жететін.

Келте – құдық. Тұран ойпатында, Қызылқұмның солтүстік бөлігінде.

Келіншек – төбе. Тұран ойпатында, Байқоңыр қаласынан солтүстікке қарай 29 км жерде. Абс. биіктігі – 132 м. Атау төбенің сырт көрінісіне қарап қойылған болса керек.

Келіншек – қоныс. Тұран ойпатында, Қызылқұмның солтүстік бөлігінде.

Кемесалған – Диірмен төбе темір жол бекетінің шығысындағы жер аты. Байқоңыр қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 35,5 км жерде. Жер бетін ұлы топан су басқанда Нұһ Пайғамбардың осы жерде кеме жасап, өзінің бала-шағасымен және әрбір тіршілік иесі – мақұлықтардың бір-бір жұбын алып, кемеге отырғызып, ұлы топан су апатынан аман алып қалған мейірімді ағаш ұсташысы.

Кеуек – құдық. Арал Қарақұмының оңтүстігінде, Тұран ойпатында. «Өте кең қуыс құдық» мәніндегі атау.

Киікші – артезиандық құдық. Тұран ойпатында, Сырдария өзенінің аңғарында.

Көкұйық – төбе. Тұран ойпатының шығыс бөлігінде, Сырдария өзенінің аңғарында. Абс. биіктігі – 159 м. «Етегі мол батпақты көк төбе» мәніндегі атау.

Көкшоқы – төбе. Жосалы даласының шығыс бөлігінде. Абс. биіктігі – 106 м. «Жасыл шоқы» мәніндегі атау.

Көмекбаев – ауыл, ауылдық әкімшілік округтің орталығы. Жосалы кентінен оңтүстік-батысқа қарай 145 км қашықтықта, шөлде орналасқан. Ауыл 1964 жылы «Жаңақала» атты қаракөл шаруашылығымен айналысатын кеңшар болып құрылды. 1983 жылдан Кеңес Одағының батыры, осы жерде туып-өскен Тәйімбет Көмекбаевтың құрметіне берілген атау.

Қамысты – артезиандық құдық. Қызылқұмның солтүстік бөлігінде. «Қамыс көп, мол өсетін жер» мәніндегі атау.

Қарабаскөпірі – артезиандық құдық. Тұран ойпатында, Қызылқұмның солтүстік бөлігінде. «Қарабастың көпірі» мәніндегі атау болуы мүмкін. Кісі атына байланысты қойылған атау.

Қарайқуандық – құдық. Сырдария өзенінің аңғарында, Тұран ойпатында. Ру атынан қойылған атау.

Қаракөл – көл. Жосалы кентінен солтүстік-шығысқа қарай 18 км жерде, Сырдария алабында.

Қара асар – ежелгі қалашық орны. Жусалы темір жол бекетінен оңтүстікке қарай 45 км жерде. Қара асарды 1946 жылы Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясы (жетекшісі С. П. Толстов) ашып, жоспарын қағазға түсірген. Жинастырылған көзе, саптаяқ, құмыра, т.б. тұрмыстық және шаруашылық заттарға қарағанда, Қара асарды адамдар б.з.б. 3 және б.з. 3-ғасырларда мекен еткен.Олар егін өсірумен және мал шаруашылығымен айналысқан.

Қарақ тауы, Қарақ жалы – төбе, жер атауы, тарихи мекен. Қызылқұмның солтүстік бөлігінде, Қуаңдария өзенінің бойында, Қармақшы ауданынан 150-160 шақырым жерде орналасқан (қазіргі Т. Көмекбаев атындағы ауылдан 10-15 шақырым, Қуаңдарияның арғы бетінде) биік төбе. Басында және төмен жағында Қара ата атты әулиенің бейіті және қойтастан қалаған бейіттер бар. Үлкен Қарақ, Кіші Қарақ деп аталады. Басында 1824-50 жылдары бұлақ болған. Көне Үргеніш пен Бұхараға барар жол Қарақ арқылы өткен. Қарақта 18-19 ғасырларда бірнеше шайқастар болған. «Қара төбе» мәніндегі атау.

Қарашоқат – төбе. Тұран ойпатында, Сырдария өзенінің аңғарында. Абс. биіктігі – 146 м. «Қара төбешік» мәніндегі атау.

Қармақшы ата мазары – сәулет өнері ескерткіші. 14-15 ғасырларда күйдірілген кірпіштен тұрғызылған. Аудан орталығынан 1-2 км қашықтықта. Жалпы жобасы шаршыланып келген, төбесі күмбезді. Қабырға қалауы мен күмбезінде өрнек жоқ. Іші-сырты әктелген. Орта ғасырлық мазар салу дәстүрінің бір белгісі – ескерткіш сыртының лайына аттың қылы қосылған. Мазарға алғаш назар аударған И. Кастанье оның күйдірілген қыштан тұрғызылғанын, Қармақшы атаны әулие тұтқан жергілікті халық күмбезді ақ матамен жабулап қоятынын, осы матаға әулиенің өмірбаяны жазылғанын айтқан. Ел аузындағы аңыз әңгімелерде Қармақшы ата шаһардың қорғаушысы болған, балық аулауды кәсіп еткен.

Қаттақырда – артезиандық құдық. Қызылқұмның солтүстік бөлігінде.

Қожагелқұдық – артезиандық құдық. Тұран ойпатында, Сырдария өзенінің аңғарында. «Қожагелдінің құдығы» мәніндегі атау.

Қожатай арал – арал. Дариялық Тақыр жазығының батыс бөлігінде, Қаракөл көлінде. Қожатай деген кісінің атымен аталған арал.

Қожахмет – бейіт. Сырдария өзенінің аңғарында, Тұран ойпатында. Кісі есімінен қойылған атау.

Қойшы – құдық. Тұран ойпатының шығыс бөлігінде, Сырдария өзенінің аңғарында. Кісі есімінен қойылған атау.

Қоныс – төбе. Тұран ойпатында, Қызылқұмның солтүстік бөлігінде. Абс. биіктігі – 106 м. Малды ауыл жылда қонатын жайлы орын болғандықтан қойылған атау.

Қоныс – құдық. Қызылқұмның солтүстік бөлігінде.

Қоңыртай – артезиандық құдық. Тұран ойпатында, Қызылқұмның солтүстік бөлігінде. Кісі есімінен қойылған атау.

Қорғаншы – ортағасырлық қала орны. Т.Ізтілеуов атындағы ауылдан оңтүстік-батысқа қарай 45 км жерде орналасқан.

Қорқыт – темір жол бекеті. Жосалы кентінен солтүстік-батысқа қарай 19 км жерде.

Қорқыт ата ескерткіші - Жосалы кентінен солтүстік-батысқа қарай 16 км жерде, Сырдария өзенінің аңғарында, Қорқыт стансасының түбінде (1980). Авторлары – Б. Ыбыраев, С. Исатаев. Ескерткіш темір бетоннан жасалған биіктігі – 8 м, 4 тік стеладан тұрады. Әрбір стела әр тарапқа қаратып тұрғызылған құлпытастарға ұқсайды. Жоғары жағы кеңейе келіп, шөміш пішінінде түйісетін стелалар қобыз бейнесін де меңзейді. Түйісер түбіндегі ортаңғы тесігінде 40 металл түтік бар. Олар жел соққан кезде қобыз сарынымен үндес дыбыс шығарады. Ескерткіштің ішкі жағы мәңгілік өмір сырын іздеген Қорқыт атаның киелі желмаясының шартарапқа жол тарқан ізін ишаралайтын «түйе табан» өрнегімен безендірілген. 1997 жылы ескерткішті қалпына келтіру, жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2000 жылы кешен жанынан мұражай ашылды. Оның қорында 700-ге жуық экспонат сақталған. Қорқыт ата өмір сүрген дәуірдің тарихы мен мәдениеті жайлы мәліметтер береді.

Қорқыт ата мазары – сәулет өнерінің ескерткіші. Шамамен 9-10 ғасырларда қазіргі Қорқыт стансасынан 3 км жерде қорқыт әулиеге тұрғызылған. 1925 жылдан опырыла бастап, 1952 жылы Сырдария өзені шайып кеткен. Қазір орны белгісіз. Мазар 19-ғасырдың соңында Ә. Диваев, И. А. Кастанье, П. И. Лерх зерттеулеріне негіз болған. Диваев пен Кастаньенің жазуы бойынша, құрылымы шикі кірпіштен қаланған дөңгелек пішінді 6-8 қырлы күмбезді құрылыс. Ішкі көрінісі биік, қабырғалары кереге өрнегімен нақышталған. Исламға дейінгі түрік сәулет құрылысы үлгісімен салынған. Мазардың бұрынғы орнына қазіргі заманғы мемориалдық ескерткіш орнатылған.

Қосасар – артезиандық құдық. Жосалы даласында. «Қосқорған» мәніндегі атау.

Қосасар – Тұрмағамбет ақын ауылынан 4 шақырымдай жерде, Құрайлы және Мәдениет каналдары аралығында орналасқан. Екі белестен (асардан) тұрады. Белестердің орта тұсында өзімен аттас артезиан құдығы бар. Батысында Жосалы даласы жатыр. Б.з.б. 4 және б.з. 1-ғасырларда болған Қосқорған ұғымындағы ежелгі шағын қаланың орны сақталған.

Қосәуіт – артезиандық құдық. Қызылқұмның солтүстік бөлігінде. «Екі су жиналған жер» мағынасындағы атау.

Қоскөл – қыстау. Дариялық Тақыр жазығының батыс бөлігінде, Сырдария өзенінің аңғарында. «Бір-біріне жақын қатар жатқан екі көл» мәніндегі атау.

Қосқара – артезиандық құдық. Қызылқұмның солтүстік бөлігінде. «Екі тау, екі төбе» мағынасындағы атау.

Қосқорған, Қышқорған – 19-ғасырдың бірінші жартысында қоқандықтар салған бекініс. Қосқорған Қараөзек арнасының Сырдарияға құяр тұсында орналасқан. Ресей офицері Романовтың Орынбор басшылығына жазған сипаттамасында: Қосқорғанның саз балшықтан соғылған ұзын екі қабырғасы биік екендігі, бекіністің аумағы үлкен, төрт бұрышында қарауыл мұнаралары мен күзет төбелеріне зеңбірек қойылғандығы, қорған сырты терең канал-арықтармен қоршалып, су жіберілгендігі айтылады. Қосқорғанда тұрған Қоқан әскерлері жергілікті қазақтарға билігін жүргізіп, зорлық-зомбылық жасап, малдарын тонап отырған. 1852 жылы И. Ф. Бларамбергтің әскері шабуылдап, талқандады.

Қосқұдық – құдық. Тұран ойпатында, Қызылқұмның солтүстік бөлігінде.

Қостөбе – артезиандық құдық. Қызылқұмның солтүстік бөлігінде, Қуаңдария өзенінің аңғарында. «Арасы жақын, қатар тұрған екі төбе» мәніндегі атау.

Қосшың – артезиандық құдық. Қызылқұмның солтүстік бөлігінде. Құдық екі биіктің жанында болғандықтан берілген атау.

Қуаңдария – ауыл, ауылдық округтің орталығы. Жосалы кентінен оңтүстік-батысқа қарай 125 км жерде, Қуаңдария өзенінің бойында орналасқан. Ауыл 1963 жылы «Қаракөл» қой кеңшары болып құрылған. 1997 жылдан «Шалғасқат» АҚ, 2000 жылдан «Таңатар» ЖШС болып аталады.

Қуаңдария – құрғақ арна. Қармақшы, Қазалы аудандары жерімен өтеді. Сырдария өзенімен тікелей байланысы жоқ. 1880-1907 жылдардағы картада басын Сырдария өзенінің сол жағындағы батпақты көлдерден алғаны көрсетілген. Қуаңдарияның бойында көне заманнан қалған ирригация жүйесінің құрылыстары жиі кездеседі.

Құланкеткен – артезиандық құдық. Қызылқұмның солтүстік бөлігінде. Белгілі бір оқиғаға байланысты қойылған атау.

Құрайлы – канал. Жосалы даласында. Жағасында қалың қурай көп өскендіктен берілген атау.

Қызған – тау. Тұран ойпатындағы Дарбас құмының солтүстігінде, Қазалы және Қармақшы аудандары шекарасында. Абс. биіктігі – 142 м.

Қызылжарма – канал. Сырдария алабында, Жосалы ауылының батысында.

Қызылтам – темір жол бекеті. Жосалы кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 27 км жерде.

Қырқұдық – артезиандық құдық. Қызылқұмның солтүстік бөлігінде. «Қыр жерден қазылған құдық» мағынасындағы атау.

Қырсарыбұлақ – артезиандық құдық. Тұран ойпатында, Сырдария өзенінің аңғарында.

Қырық мешіт – Жосалы кентінің шығыс жағында 14 км жерде, Қараөзек өзені бойында. 1929-30 жылдарға дейін бұл мешіттер Марал ишан ұрпақтарының атымен жұмыс істеп тұрды. Қазір тек үйме топырақ боп біразының орны ғана жатыр.

Қыстау – қыстау. Тұран ойпатында, Сырдария өзенінің аңғарында.

Майнарқан – бейіт. Тұран ойпатында, Қызылқұмның солтүстік бөлігінде.

Макан – артезиандық құдық. Дариялық Тақыр жазығының солтүстік-батыс бөлігінде. Кісі есімінен қойылған атау.

Мұрсай – құдық. Арал Қарақұмының оңтүстігінде, Тұран ойпатының шығыс бөлігінде. Тереңдігі – 6 м, шығымы – 2500 л/с. Мұр сөзі қазақ тіліндегі мор, морлау сөздерімен бір түбірлі төркіндес болуы әбден мүмкін. Ал мор, морлау сөздерінің мағынасы: «қойдың қиын тұтатып, үстіне дымқыл көң, қи үйіп, бықсытып жаққан оты бар, қазылған шұңқыр жер». Демек, «терең қазылған шұңқыр, сай» мәніндегі атау.

Мыңарал – артезиандық құдық. Тұран ойпатында, Қызылқұмның солтүстік бөлігінде. Мың және арал сөздерінен жасалған атау. «Көп, өте көп ірілі-ұсақты аралдар» деген мағынаны білдіреді.

Моншақты асар – көне қоныс орны. Қармақшы ауданында Сырдария өзені бойында орналасқан. Жетіасар өңіріндегі қалалық қоныстардың бірі. Қаңлы мемлекеті кезеңіндегі қала мәдениеті ескерткіштеріне жатады. Екі – үш қабатты төбе. Ескерткіш қалдықтарының биіктігі – 8 м, 18 га жерді алып жатыр. Бекінісі ирек жоспарлы. Б.з.д. 7 ғ – б.з. 8 ғ. аралығын қамтиды. Бірнеше мәдени қабаттардан тұрады. Моншақты асар жан-жақты зерттелмеген.

Наурызбай – канал. Жосалы даласында. Кісі есімінен қойылған атау.

Наурызбай – канал. Сырдария өзенінен Жосалы даласына дейін созылған.

Омартамы – ауыл орны. Жосалы кентінен оңтүстікке қарай 30 км жерде, Сырдария өзенінің аңғарында. Бұл жерде Омар деген кісінің үйі болғандықтан берілген атау.

Сақтаған – артезиандық құдық. Тұран ойпатында, Қызылқұмның солтүстік бөлігінде. Кісі есімінен қойылған атау.

Сарыапан – қоныс. Сырдария өзенінің аңғарында, Тұран ойпатында. Сары және апан сөздерінен жасалған. «Аумақты, үлкен, кең шұқыр, ор» деген мағынадағы атау.

Сарытабан – құдық. Тұран ойпатында, Арал Қарақұмында.

Сарытоғай – темір жол бекеті. Байқоңыр қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 17 км жерде. «Қалың, ну тоғай» мәніндегі атау.

Сеңгіртам – төбе. Тұран ойпатында, Қызылқұмның солтүстік бөлігінде. Абс. биіктігі – 104 м. «Биік тамның жанындағы төбе» мәніндегі атау.

Смайлтамы – ауыл, Аудан орталығынан 63, Жаңажол ауылдық округінің орталығы Дүр Оңғар ауылынан 25 шақырым қашықтықта, ауылдың шығысында орналасқан. Осы жерде кезінде Смайл деген молда кісінің үйі болған, кейінен ол құлап қалса да халық ол жерді Смайлтамы деп атап кеткен.

Суық – құдық. Тұран ойпатында, Сырдария өзенінің аңғарында. Құдық суы салқын болғандықтан қойылған атау.

Суықбет – қырат. Қызылқұмның солтүстік бөлігінде. «Қыраттың (теріскей) суықтау жағы» мәніндегі атау.

Сүгретбай – бейіт. Сырдария өзенінің аңғарында, Тұран ойпатында. Кісі есімінен қойылған атау.

Сырлытам кесенесі – сәулет өнері ескерткіші. ХІІ-ХІІІ ғасырларда салынған. Тағай ауылының солтүстік-шығысынан 16 км жерде орналасқан. Зерттеу жұмыстарын 1962 жылы Хорезм археологиялық экспедициясы (жетекшісі С.П.Толстов), 1971 және 1976 жылдары Қазақ КСР Мәдениет Министрінің экспедициясы жүргізген. Сырлытам кесенесі порталды-күмбезді құрылысқа жатады. Күйдірілген кірпіштен қаланған, ауданы 10 х 11 м, бүлінгеннен кейінгі биіктігі - 9 м. 1982 жылы республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне енгізілген.

Талас – құдық. Сырдария өзенінің аңғарында, Тұран ойпатында. Тереңдігі – 2 м, шығымы – 1000 л/с.

Таң шапағы – ауыл. Жусалы кентінен батысқа қарай 45 км жерде, Сырдария өзенінің сол аңғарында.

Тапайбұлақ – артезиандық құдық. Қызылқұмның солтүстік бөлігінде. Кісі есімінен қойылған бұлақ атауы.

Каталог: sites -> default -> files -> documents -> tilder
documents -> Мазмұны беттер І. Жаңалықтар хроникасы
documents -> Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын орындау бағытында 2012 жылы атқарылған жұмыстар
documents -> Қызылорда облысы көлемінде жұмыс жасайтын бұқаралық ақпарат құралдары
documents -> Қазақстан республикасының президенті н.Ә. Назарбаевтың
tilder -> Ќызылорда облысындаєы
documents -> БАҚ Атауы Меншік иесі
documents -> «Қызылорда облысы әкімдігінің 2012 жылғы «28» желтоқсандағы №722


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет